Нарықтық экономиканың кемшіліктері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
Нарықтың даму тарихы және теориясы 4
Нарық қатынастарының даму кезеңдері 4
Қазақстандағы нарықтың даму тарихы 5
Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері 9
Қазақстандағы нарық: кәсіпкерлік-нарықты дамытудың 9
алғышарты 9
Нарықтық экономиканың кемшіліктері 10
Қорытынды 15
Пайдаланған әдебиеттер: 17

Кіріспе

Рыноктық экономиканың басымдықтары мен кемшіліктері деген жұмысымда
мен нарықтың мәні мен ерекшеліктерін, нарықты ұйымдастырудың мәні мен оның
өзекті мәселелерін, нарықтың даму тарихы мен теориясын, оның ішінде
Қазақстан нарығының тарихын, оның артықшылықтары мен кемшіліктері туралы
қарастырдым.
Әлі күнге дейін нарық экономикасындағы еркіншілдік, халық санасында
оған тән қанаудың қатал жүйесімен, жаппай жұмыссыздықпен, еңбекшілердің
әлеуметтік қорғансыздығымен сипатталатын ұғым ретінде орныққан. Алайда,
Батыс елдерінің тәжірибесі, нарыққа өту халықтың әл-ауқатының көтерілуіне
экономиканың тиімділігі мен бірқалыптылығын сақтауға ғылымның, білімнің,
мәдениеттің көркеюіне жағдай жасайтынын дәлелдеп отыр. Нарық ынталылық пен
кәсіпкерліктің еркіндік алуына, тауар өндірушілердің экономикалық
дербестігін қамтамасыз етуге, өндірісті тұтынушылардың сұранымдарына
бағыттауға жағдай жасайды. Нарық өзінің мәнісі жағынан тек ұқыпсыздар мен
жалқауларға, қолынан іс келмейтіндерге тиімсіз.
Курстық жұмысымда нарықтың әлеуметтік-экономикалық табиғаты, оның
пайда болу тарихы туралы сөз еттім. Нарық дегеніміз не екендігін айта
отырып, оның түрлерін, құрылымын, атқаратын қызметтері мен өмір сүру
шарттарын айттым.
Нарықтың Қазақстанда дамуын әңгімелеп, Қазақстанда нарықтың қандай
артықшылықтары мен кемшіліктері бар екендігін жаздым.
Нарықтың бағаға еркіндік әкелгендігін, еркін бәсекелестік орнағанын,
еңбек өнімділігі артып, тұтынушы мен өндіруші арасында байланыс орнағанын,
Қазақстан рыногінде тауар молайғанын айта келіп, нарықтың кемшіліктері де
бар екендігін де айттым. Оның қандай кемшіліктер екендігін атап өтіп, сол
кемшіліктерді жою жолында жасалынатын жұмыстар қандай болу керектігін
көрсеттім. Менің ойымша Қазақстанда нарықты дамыту жолы орта және шағын
бизнесті дамыту. Ол үшін мемлекеттің рөлі өте үлкен.
Нарық пен мемлекеттің екеуі де маңызды. Экономиканы осының немесе
басқасының жоқ жағдайында басқару - бір қолмен шапалақтағанмен тең, - деп
бекер айтылмаған.
Нарық жағдайы өте қатал. Соған байланысты мемлекет шағын және орта
бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдай жасап, проценттік ставканы азайту,
арендалық төлемді, салықты азайту секілді жұмыстар жасауы керек деп
ойлаймын.
Нарық жағдайында жұмыс жасауды біздің жаңа дамып келе жатқан жас
республикамыздың нарықпен айналысатын адамдарының көбі түсінбейді. Осыған
байланысты консалтингтік қызмет туралы да айтып кеттім.

Нарықтың даму тарихы және теориясы

Нарық қатынастарының даму кезеңдері

Нарықты стихиялы түрде дамушы немесе еркін нарық, монополиялы нарық,
реттелмелі нарық деп бөледі. Стихиялы нарық капитализмнің алғашқы кезеңінде
болды,оған еркін тауар өндірушілермен сатып алушылар, еркін бәсеке мен
еркін бағалар тән болады. Стихиялы нарықтың идеологы, әлемдік экономикалық
теорияның негізін қалаушы Адам Смит 1723 -1790 өзінің халықтар
байлығының табиғаты мен себептері туралы зерттеу деген басты еңбегінде -
жеке меншік иелерінің байлықты көбейтудегі мүддесі өндірісті дамытудың және
оны қоғамдық қажеттіліктерге лайықтаудың қозғаушы күші болып табылады деп
жазған болатын. Сонымен бірге А.Смит, екі кәсіпкер немесе саудагердің
арасындағы әңгіме әрқашанда бағаны өсіру ниетіндегі дамумен аяқталады деп
көрсетті. Оның пікірінше, мемлекет мұндай даулы мәселелерді шешуге
араласпау керек, ол тек қана жалпы тәртіпті қамтамасыз ететін түнгі
күзетшінің ролін атқару қажет. Мемлекет "Laisser faire" саясатын жүргізіп
бәсекені шектеуден аулақ болуы керек. Бірақ А.Смит осы екі дәлел негізінде
жаппай анархияны қорғаған жоқ. Керісінше, ол жеке капиталдың
монополиялармен картельдер арқылы бәсеке күресіне шек қоятын жаман
әдеттеріне мейлінше күдікпен қарады. Тек бәсеке ғана бағаны төмендету және
өндіріс көлемін арттыруға ынталандырады. Сөйтіп, А.Смит нарықты
экономиканың өзін өзі реттеу механизмін ашты. Еркін бәсеке мен нарықтың
көрінбейтін қолының пайғамбардың пікірінше - жеке мүддені қоғамдық
игіліктің пайдасына жарату мүмкін болады. Кейіннен, қоғамдық өндірістің
күрделіленуіне байланысты нарықта анархия орын ала бастады. Мұндай
жағдайда, оны реттеуді монополиялар өз қолынан ала бастады. Осы кезден
бастап монополиялық нарық қалыптасады.
Монополиялық нарық 19 ғасырдың аяғында 20 ғасырдың алғашқы кезеңінде
өмір сүреді. Нарықтың бұл түрінде еркін бәсеке шектеледі, ал ол
экономикадағы сапалық және сандық өзгерістердің динамикасына кері эсер
етеді. Өндірістегі монополиялық үстемдік ғылыми-техникалық прогрестің
баяулауына, бағаның өсуіне, тауар тапшылығына, ал түптеп келгенде, қоғамның
барлық қайшылықтарының шиеленісуіне әкеліп соқтырады. Бұған, мемлекеттік
меншіктен ірі кәсіпорындар жатады. Нәтижесінде, сұраным мен ұсыным
сұрақтары әкімшілік-әміршілдік тәсілмен шешілетін, тұтынушылардың мүддесіне
бағдарланбаған өндірушілер нарығының типі қалыптасады.
Қазіргі заманғы өркениетті елдерге реттелмелі нарық тән болып отыр.
Оны тек қана еркін бәсеке мен бағалар ғана емес, сонымен бірге - өнім
өндірушіге мемлекеттік тапсырыстарды орналастыру, шаруашылық субьектілеріне
қаржы-несие тұтқалары арқылы әсер ету, белгілі бір тауар түрлері мен
топтарына мемлекеттік баға белгілеу, нарық коньюнктурасын зерттейтін
маркетингтік қызметті енгізу, өндірістің көлемін тікелей шарт жасау
негізінде реттеп отыру, әр түрлі кәсіпорын ассоциацияларын, жарнама-
ақпараттық жүйелерді құру арқылы реттеуде мемлекеттің шешуші ролін атап
көрсету керек.
Біздің жас тәуелсіз Қазақ мемлекетінде де толыққанды жүйелі,
әлеуметтік бағдарланған нарыққа көшу экономиканы дағдарыстан шығарудың
баламасыз құралы деп танып отыр. Қазақстан Республикасының нарықты
экономикаға көшу бағдарламасын көрсетуден бұрын оның тарихына тоқталып
өтейік.

Қазақстандағы нарықтың даму тарихы

Нарықтық қатынастар Қазақстан жерінде қашан пайда болды, оның
ерекшеліктері неде деген сұрақтарға жауап берелік. Бұл сұрақтарға жауап
беру оңай шаруа емес. Себебі, біздер әлі күнге дейін өз халқымыздың,
жеріміздің тарихын білмейміз.
Мысалы, Қазақстанда құл иеленушілік құрылыс болмастан-ақ патриархалдық-
феодалдық қатынастар қалыптасты деген пікір берік орныққан. Бұны
қазақтардың көшпелі мал шаруашылығымен айналысуымен байланыстырады. Осы
пікірдің негізінде Қазақстанда өндіргіш күштердің даму дәрежесі өте-мөте
төмен болды, тауарлы-ақша, нарықтық қатынастардың қалыптасуына жағдай
болған жоқ дейді. Біздің бұл пікірге үлкен күмәніміз бар, тарихшы ғалымдар
болашақта өз пікірлерін айта жатар.
Нарық қатынастарының пайда болуының ең басты шарты - өндіріс құрал-
жабдықтарына жекеменшік. Ал Қазақстандағы өндірістік қатынастардың негізі
жерге феодалдық меншік болды. Ірі-ірі мал иелері жердің де аса ірі
меншіктенушілері болды. Көшпелі мал шаруашылығы жағдайында жер өндірістің
шарты ғана емес, сонымен бірге оның негізгі құралы да болды.
Жерге феодалдық меншіктің күшеюі қауымдық (рулық) жерлерді тартып алу
ісімен тығыз байланысты. Оған Ресей империясының өте-мөте қатал жүргізген
Қазақстанды отарлау саясаты мықтап әсер етті. Мысалы, 1914 жылға дейін
қазақтардан 43 миллион десятина аса құнарлы, мәйекті жерлер жер ауып келген
орыс шаруаларының, патша үкіметінің әскери чиновниктерінің меншігіне тартып
алынған болатын. Осының нәтижесінде қазақ ауылдарында жер үшін талас-тартыс
күшейді, меншіктік бөлінісу тереңдей түсті, қауымдық-рулық қатынастар
ыдырай бастады, патша үкіметінің әскери басшыларына сүйенген ірі байлардың
жерді тартып алуы барған сайын ауқымды бала түсті. Бұл процестер қазақ
халқында бұрын-соңды болып көрмеген таптық қатынастардың қалыптасуына, оның
қайшылықтарының шиеленісуіне қатты әсер етті.
Тереңдей түскен меншіктік бөлінісу Қазақстанда тауарлы ақша
қатынастардың белгілі бір дәрежеде өріс алуына, өркендеуіне жағдай жасайды.
Шындығында айырбас, сауда қатынастары қазақ даласында ерте кезде пайда
болды. Айырбас ісінде негізгі бұйым мал болды. Академик С. Бәкішевтің
мәліметтері бойынша, шетке шығарып өткізу үшін өндіріліп отырған.
Қазақтардың күн көрісінің арқауы тек қана мал шаруашылығы болды,
егіншілікпен айналыспаған деген жалаң тұжырым жасалып келді. Қазіргі тарихи
зерттеулер бұл тұжырымның негізсіздігін көрсетеді. Егіншілік кәсіппен
қазақтар өте ертеден айналысқан, олар негізінен оңтүстік, оңтүстік-шығыс
аудандарда орналасқан болатын. Егіншілік өнімдері шаруашылықтың өз ішінде
тұтыну үшін ғана емес, басқа аудандарға шығарып сату үшін де өндірілетін
болған. Өкінішке қарай, кейіннен тауарлы егін шаруашылығының одан әрі дамып
қанат жаюына патша үкіметінің отарлау саясаты мықты кедергі болды.
Жергілікті қазақтарды шөл-шөлейтті аймақтарға күшпен көшірудің кесірінен
бұрыннан қалыптасқан отырықшылық ұялары бұзылды. Қазақ әдебиеті газетінде
жарияланған экономика ғылымдарының докторы, профессор Толған Әбдіразақтың
Қазақстан және қазақтар деген үлкен мақаласында мынадай деректер
келтіріледі. XIX ғасырлардың орта тұсында қазақтар арқылы отарлау өлкенің
дамуына және өндіргіш күшіне айрықша кері әсер етті. Қазақтар алған байтақ
жер бөліктері, көп ұзамай тақырға айналды, олар көп ретте жеке еңбекпен
егін шаруашалығымен шұғылданудың орнына түрлі формада қырғыздарды қанаумен
айналысты. 1848 жылы жүз десятина бөлік түрінде 22376 десятина жыртылатын
жер алған Қапал станциясының қазақтары 1855 жылы, яғни сегіз жыл өткеннен
кейін тек 1826 десятина жерге егін еккен, бұл қырғыздардың бұрынғы егіннің
7 проценттейі ғана (Россия, 10 том, С-Петербург, 1913, 321 бет). Осындай
процестердің нәтижесінде қазақтардың тауарлы егін шаруашылығы құлдырап
кеткен. Осы бір ғана мысал нені көрсетеді? Ол патшалық Россияның шаруалар
арқылы отарлау саясаты қазақтың егін шаруашылығын өркендетуге жемісті ықпал
етті деген пікірдің дәйексіз екендігін көрсетеді. Оны Т. Әбдіразақов
көрсеткен мынадай мәліметтер де дәлелдей түседі. XIX ғасырдың аяғында
Ақтөбе, Қостанай уездерінде егістің 80 проценті қазақтардың иелігінде
болған., Орал уезінің қазақ диқандары 1913 жылы 5,4 миллион пұт астық
жинап,оның 4 миллион пұтын астық нарықтарына сатқан. Ал 1893 жылдың өзінде
ғана Ақтөбе уезінде қазақ шаруашылықтарының астық сатудан түсірген кірісі
мал шаруашылығы өнімдерін сатудан түскен кірісі жарты еседей артық
болған.Кезінде патша үкіметі дала өлкесінде өндірілген арзан астық
Россиядағы помещик нанының бағасын кемітеді деп қауіптеніп тиісті
протекционистік (ұлттық нарықты үкімет тарапынан қорғау) нарық саясатын
жүргізеді. Бұдан біз нарықты экономиканың негізгі белгілерінің бірі -
бәсеке күресі Қазақстанда да болғанын көреміз.
Сонымен бірге нарықтық қатынастардың қалыптасуына белгілі бір дәрежеде
дамыған қолөнер кәсібі де, өнеркәсіп те әсер етті. Қазақтар үй бастырды,
жүннен мата тоқыды, теріден былғары иледі, металдан ыдыс-аяқтар жасай
білді, киім тікті, киіз басып кілем тоқыды. Бұл салалардың бұйымдары
айырбас үшін, тауар ретінде де шығарылатын болды.
Қорыта айтқанда, шаруашылық салаларының әр алуандылығы, сауданың дамуы
патриархалдық-феодалдық шаруашылықтың ыдырауына, капиталистік элементтердің
пайда болуына қолайлы жағдайлар жасады, бірақ, оны түгелдей іріте алмады.
Оның негізгі себептерінің бірі - Қазақстанда өнеркәсіп дамуының артта
қалғандығы еді. Бұл да патшалы Россияның отарлау саясатымен байланысты
болды. Өнеркәсіп ресейлік және шетел капиталының күшімен өріс алды, ал
жергілікті капиталдың бүл саламен айналысуына бөгет жасалды. Капитал
негізінен шикізат өндіретін салаларға пайданылады, кең байлықтарын алу
қасақана теріс тәсілдермен жүргізіледі, олардың тек қана аса бай, қол
күшімен ғана алынатын орындары пайданылады. Сайып келгенде осының бәрі
ұлттық өнеркәсіптің пайда болуын мейлінше қиындатып қана қойған жоқ,
сонымен бірге, қазақ елінің экономикалық артта қалуын өте ұзақ уақытқа
созды.
Осындай жағдайлардың салдарынан Қазақстан революцияға дейінгі дәуірдің
өн бойында (содан кейінгі 70 жылдан аса уақыт бойына да) аграрлы-шикізатты
кіріптар ел күйінде қала берді. Жерді зор көлемде тартып алу, отырықшылық
ошақтарын талқандау, қоғамдық өмірдің барлық саласындағы ұлттық алалау,
қисапсыз алым-салық қазақ халқының экономикалық жағдайының құлдырауына,
еңбекшілердің қайыршылыққа ұшырауына апарып соқтырды. Осының бәрі
Қазақстандағы қоғамдық прогреске бөгет болып, оның өндіргіш күштерінің
дамуын тежеді.
Қазірде тәуелсіз Қазақстан Республикасының алдында жоғарыда
көрсетілген тарихи әділетсіздіктерді жою міндеті тұр. Негізгі стратегиялық
мақсат - демократияны дамыту, меншіктік қатынастарды реформалау, нарықтық
экономиканы өндіру болып табылады. Қазақстанда нарықты экономикаға көшу
шартты түрде үш кезеңге бөлініп отыр.
Бірінші кезең 1992-1995 жылдарды қамтиды. Ол микроэкономикалық
тұрақтандырудың екі негізгі процесімен сипатталады: олар меншікті мемлекет
иелігінен белсенді түрде алу, оны жекешелендіру және тұтыну нарығын
тауарларымен толтыру. 1992 жылғы наурыздың 5-ші жұлдызында Қазақстан
Республикасы президентінің жарлығымен қабылданған. Қазақстан
Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің 1993-1995
жылдарға арналған ұлттық бағдарламасында былай деп жазылған:
Жекешелендірудің негізгі мақсаты - мемлекетке қарасты өндірістік
объектілерді, басқа да материалдық және материалдық емес активтерді
мемлекеттің өтеусіз және өтеумен беру арқылы республика халқына ұлттық
мүлікті қайтару барысында меншік құқығын дербестендіру негізінде
орталықтандырылған-жоспарлы экономикаға көшу үшін қажетті жағдайлар жасау.
Екінші негізінде (1996-2005 жылдар) экономиканың шикізаттық бағытын
біртіндеп жою жалғасады, бірақ оның басты мазмұны көлік жүйесі мен
телекомуникацияны жедел дамыту, сондай-ақ дамыған тауар және валюта,
капитал, жүмыс күші, бағалы қағаздар, интеллектілік меншік нарығын құру
болмақ.
Үшінші кезең 5-7 жыл мерзімге созылып, ашық үлгідегі экономиканың
шапшаң қарқын алып дамуымен сипатталады, соның негізінде өтпелі кезеңнің
стратегиялық мақсатына жетумен, Қазақстанның әлемдік саудадағы
айқындамасының нығаюымен және дүниежүзіндегі жаңа индустриалды елдер
қатарына кіруімен сипатталатын болады.

Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері

Қазақстандағы нарық: кәсіпкерлік-нарықты дамытудың

алғышарты

Басты экономикалық мәселелерді шешуде нарықтық экономикаға тең келетін
экономика жоқ.
Біріншіден, нарық өнеркәсіп пен тұтынушы арасындағы мәселені шешіп
отыр. Бұны шешу үшін сұраныстың төлем төлеу қабілеті мен өнім өндіру
арасындағы сәйкестілік пайдаланылады. Екіншіден, нарық еңбек өнімділігін
арттыруға жағдай жасайды. Бұл үшін артта қалғандарды ілгері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы мәлімет
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы ақпарат
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері жайлы мәлімет
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері жайлы мәлімет
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары мен кемшіліктері
Нарық және нарықтық экономика
Нарықтық шаруашылықтың артықшылықтары және кемшіліктері туралы
Нарық шаруашылығының артықшылықтары және кемшіліктері
Пәндер