Қазақстан Халықаралық Валюта Қорының, Халықаралық Даму және Қайта құру
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ.И.Сәтбаев атындағы
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Кәсіпорын экономикасы кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар
Оқытушы аға оқытушы
Бекбосынова Б.Ж.
Студент Танекенов Н.Д.
ЭТК-00-1қ.
АЛМАТЫ 2004
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 2
І Сыртқы экономикалық байланыстар жүйесіндегі қаржылар 4
1 Сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің сипаттамасы және оның даму бағыттары
4
2 Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді реттеудің формалары мен әдістері 10
3 Валюталық ресурстарды қалыптастыру және пайдалану 17
4 Мемлекеттің төлем балансы 21
ҚОРЫТЫНДЫ 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 25
КІРІСПЕ
Кәсіпорынның қаржысын басқару – кәсіпорындағы барлық қолма-қол және
қолма-қол ақшасыз операцияларды, қаржының алмасуын басқару және реттеу
үрдістерін қамтитын күрделі процесс.
Сыртқы экономикалық байланыстарға сыртқы саудадан басқа шетелдік
инвестициялау, елдің халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы, ғылым,
техника, мәдениет, туризм салаларында бірігіп жұмыс істеу салаларындағы
жұмыстар да жатады.
Осы салада қаржылардың атқаратын ролі өте маңызды болып табылады.
Олардың маңыздылығы еліміздің басқа елдермен қарым-қатынастарындағы өзінің
беделін ұстауға және оны одан ары арттыруға, көптеген мемлекеттермен сада-
саттық қарым-қатынастарды жүргізумен, т.б. байланыстармен сипатталады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы республиканың басқа елдермен
валюта-қаржылық, есептік және несие қатынастарының негізіне салынған.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты да қамтиды. Сондықтан бұл жұмыста
елдегі экспорт пен импортты жүргізуге және оны реттеуге көп көңіл бөлінеді.
І Сыртқы экономикалық байланыстар
жүйесіндегі қаржылар

Сыртқы экономикалық іс-әрекеттер өрісі саудалық, несиелік,
инвестициялық, қарыздық, есептік, трансферлік және басқа да операциялар
кезінде мемлекеттің және оның заңды және жеке тұлғаларының басқа бір
мемлекеттің заңды және жеке тұлғаларымен байланысты кең ауқымды қарым-
қатынастарды қамтиды. Басқа сөзбен айтқанда, бұл – резиденттер мен резидент
еместердің, мемлекеттің экономикалық агенттерінің дүниенің қалған
бөлігімен қатынасы. Бұл қатынастардағы маңызды рольді міндетті, мәжбүрлі,
қажетті қатынастарды жоғарыда келтірілген қатынастардағы қаржылық
ресурстарды және қорларды пайдалану және қалыптастыру арқылы үйлестіретін
категория ретінде қаржылар атқарады (2-сурет).
Сыртқы экономикалық байланыстарға келесілер жатады:
1) Сыртқы сауда;
2) Шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде
акциялар мен басқа да құнды қағаздар арқылы заңды тұлғалардың
мүлкіне үлестік қатысу; концессиялар – мемлекеттің иелігіндегі,
мемлекет территориясында шаруашылық және басқа да іс-әрекеттерді
жүзеге асыру үшін қажетті табиғи ресурстарға, әртүрлі
объектілерді пайдалануға мүліктік құқықтарды алу; мүлікті жалға
алу;
3) Елдің халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы, сыртқы
экономикалық байланыстардың бұл формасымен шетелдік несие мен
земдарды беру тығыз байланысты және әртүрлі халықаралық қаржылық
және басқа да ұйымдарға салымдар жасалынады;
4) Ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларында бірігіп жұмыс
істеу;
5) Шетелдердегі елшілікті, консульстволарды және басқа да
қызметкерлерді қамтамасыз етудің есебін жүргізу.
Дамыған мемлекеттердегі экономикада сыртқы экономикалық қатынастардың
маңызды бөлігін өз елдерінен тыс жерлерде өндірістік, азаматтық, көліктік
және басқа да объектілердің құрылысы болып табылады. Алайда Қазақстанда іс-
әрекеттердің бұл әдісі формальді түрде қабылданған қаржылық және
материалдық-техникалық ресурстардың жетіспеушілігімен түсіндіріледі.
Біруақытта экономиканың көрінбейтін секторы шетелдік активтерге (шетелдік
банктердегі депозиттер, құнды қағаздарға, жылжымалы мүлікті сатып алуға
және т.б. операциялар шетелдерге капиталдың ағып кетуін сипаттайды)
капиталды салу арқылы сыртқы инвестициялауды жүзеге асырады.
Өздігінен жеке әрекеттерді арнайы экономикалық аумақтарды құру
құрайды. Шетелдік капиталды тарту мақсатында, шетелдік технологиялар мен
басқарушылардың тәжірибесін аумақтағы әлеуметтік-экономикалық дамуын
жеделдету үшін құрылатын оларға арнайы бөлінген территориялар өзінің жеке
құқықтық және экономикалық режимі бар.
Жоғарыда аталған сыртқы экономикалық байланыстардың дамуы
республиканың басқа елдермен валюта-қаржылық, есептік және несие
қатынастарының негізіне салынған (1-сурет).
Сыртқы сауда экспорт пен импортты да қамтиды.
Қалыптасқан өндірістік құрылымына байланысты Қазақстан экспортының
біраз бөлігі 2000ж. минералды өнімдерге келеді (50%), оның ішінде мұнай мен
газдың үлесі 50%. Металлургия өндіріс өнімдері 22,4%, химия өнеркәсіп
өнімдері – 5%, азық-түлік тауарлары және оларды өндіруге қажетті шикізат –
7%. Агроөнеркәсіптік кешен экспортының негізгі баптары мақта-мата, бидай
және былғары өнімдері болып қала береді.
Қаржылық тәжірибеде экспорттың бюджеттік тиімділігі түсінігі
қолданылады. Экспорттың бюджеттік тиімділігі – валюталық түсім мен
шығындардың (өнімді өндіруге, оның ішкі бағалардағы құнына және үстеме
шығындарға – көлік, жүкті тасымалдау, порттар мен станцияларда сақтау)
қатынасы. Валюталық түсім Ұлттық банк бекіткен теңге курсымен қайта
есептеледі. Экспорттың тиімділігін жоғарлату оның құрылымын жетілдіру
арқылы іске асырылуы мүмкін, яғни машина жасау, еңбекке және ғылымға сиымды
іс-әрекеттер түрлерінің өнімдерін көбейту.
Импорттағы негізгі баптар болып келесілер саналады:
– машина, құралдар, көлік құралдары, приборлар – 40%;
– химиялық өнімдер, пластмассалар, каучук – 15%;
– минералды өнімдер – 13%;
– асыл емес металдар және олардан жасалған бұйымдар –11%;
– азық-түлік тауарлары және оларды өндіруге қажетті шикізат –9%;
– басқа да баптар – 11%.
Макроэкономикалық теорияда экспорттың импорттан үлкен болуы (таза
экспорт) таза ұлттық өнім көлеміне мультипликациялаушы эффектімен
байланыстырылатын ұлттық экономика дамуына әсер ететін фактор болып
саналады. Сонымен қатар бұл өсім мемлекттің төлемдік балансының оң
сальдосына (егер оның құрамында тауарлық баланстың жиынтық үлесі көп болса)
әкелуі мүмкін. Жалпы алғанда, валюталық қаржылардың экспорттық кіруі арқылы
елдің импорты қаржыландырылады. Импорттың экспорттан көп болуы қысқа
мерзімді жоспарда жағымсыз фактор болып саналмайды, себебі отандық
тұтынушылар қажетті тауарларды мол көлемде алады (тіпті ол тауарлардың өз
нарығындағы дефициті кезінде де). Алайда ұзақ мерзімде бұл құбылыс төлем
балансында пассивті теңестіру үшін пайдаланылатын ресми валюталық
резервтердің азаюына әкелуі мүмкін. төлем баланстарының тұрақты және ұзақ
дефициттері экономиканың күрделі өзгерулеріне, тауарлық кедергілерді және
басқа да шектеулерді қолдануға әкеледі, ұлттық
валютаның девальвациясына және елдің сыртқы қарыздарынң өсуіне әкеледі.
Республиканың экспорт-импорт операцияларын жүргізудегі негізгі
әріптестер ТМД елдерінен тыс елдер болып қала береді (2000ж. экспорт – 74%,
импорт – 45%). ТМД-нан тыс елдерге экспортталған минералды шикізаттардың
жиынтық көлемі жалпы экспорттан 56%-ды, металлургия өнімдері 35%-ды құрады.
Машина, құралдардың, көлік құралдарының, приборлар мен аппараттардың осы
елдерден импортталуы 53%-ды, азық-түлік тауарлары 9%-ды, химиялық өнімдер –
14%, металлургия өнеркәсібінің өнімдері 9%-ды құрады.
Сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің маңызды аспектісі – республикада
экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында жүргізілетін шетел
несиелерін тарту мен шетет инвесторларының қатысуы. Бұл қаржылар ұлттық
шаруашылық құрылымын жетілдіру, нарықты тұтыну тауарларымен қамтамасыз ету,
экспорттық потенциалды кеңейту жөніндегі приоритетті мәселелерді шешуде
тиімді және мақсатты қолданылуы керек. Несиелерді қамтамасыз ету үшін алтын
валюта қорлары құрылады, сонымен қатар олар ұлттық валютамен қамтамасыз ету
үшін де қолданылады. Несиелермен қамтамасыз етудің басқа формасы экспорттық
тауарлардың қоры болып табылады.
Шетелдік капитал елге түрлі жолмен келуі мүмкін: несие, дамудағы ресми
жәрдем және инвестициялар.
Инвестициялар 2 түрлі болады: тура және портфельді. Тура инвестициялар
шетел капиталының оның иесімен басқа елдің экономикасына пайда алу
мақсатымен және тәуекелмен байланысты салынуы болып табылады. Портфельді
инвестициялар – қаржыларды жалған капиталға (басқа елдің заңды және жеке
тұлғаларымен шығарылатын құнды қағаздар) салымдар жасау.
Шетел инвестицияларын тарту үшін келесі шарттар қамтамасыз етілуі
қажет:
– шетел инвесторларының іс-әрекеттерімен байланысты әкімшілік
процедураларды жеңілдету: жұмыс істеуге құқық беру рұқсат
қағазын алу, ел ішінде еркін қозғалу, кедендік және шекаралық
бақылаудан өту, визаларды алу, т.б.;
– мемлекеттің ұлттық мүдделерін қамтитын приоритетті болып
табылатын іс-әрекеттер салаларында салықтық және басқа да
жеңілдіктер ұсыну (жеңілдетілген ставкалар, инвестициялар мен
несиелерге көрсетілетін салық жеңілдіктері, жеңілдетілген
баждар, жеделдетілген амортизация, т.б.);
– жерді, жылжымайтын мүлікті пайдалану құқықтарымен қамтамасыз
ету, қызметкерлерді оқытуға субсидиялар беру;
– пайданы шығаруға және оны рекапитализациялаудағы жеңілдетілген
шарттарды Үкіметпен кепілдемелі ұсыну.
Қазақстан Халықаралық Валюта Қорының, Халықаралық Даму және Қайта құру
Банкінің, Халықаралық Даму Ассоциациясының, Инвестицияларды Кепілдеудің
көпжақты Агенттігінің, Инвестициялық сұраныстарды реттеудің Халықаралық
Орталығының мүшесі болып табылады. Сол себептен мемлекет осы ұйымдардың
мүшелеріне жүкутелетін барлық міндеттемелерді орындайды., мүшелік жарналар
бойынша, қарыздық операциялар мен мәмлелер бойынша барлық төлемдерді
жасайды. ҚР Халықаралық Валюта Қорының мүшесі болғандықтан, мемлекетіміз
валюта курсын реттеуге және егер олар берілген заемды тиімді пайдаланса
және экономикалық өсуді жүргізу жөнінде бірқатар реформалар жүргізсе,
сыртқы экономикалық есептеулер облысындағы қиыншылықтар кезінде несиелер
алады.
Заемдар мен несиелер Халықаралық банк немесе оның филиалдарымен
(Халықаралық Даму Ассоциациясы және Халықаралық Корпорация) берілуі мүмкін.
Сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің дамуы көптеген шаруашылық заңдылықтарда
негіз болып отыр. Бұл іс-әрекеттердің кеңеюі әлемдік экономикамен
байланысқан және қатарлас дамып отыратын ашық типті экономиканың
қалыптасуын талап етеді. Сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің дамуының
негізіне сыртқы нарықтағы республика кәсіпорындарының, ұйымдарының және
аумақтарының тәуелсіздігін кеңеюі коммерциялық операцияларды шаруашылық
субъектілер деңгейіне олардың іскерлік тәуелсіздігінің болуы және осы
операцияларды мемлекеттік органдармен реттеу және ынталандыру қызметтерін
шоғырландырумен байланысты мемлекетсіздендіру және орталықсыздандыру.
Сыртқы экономикалық кешенді басқару әдетте құқықтық және экономикалық
тетіктерге (кеден баждары, салықтар, валюта курсы, банктік пайыз)
түсіріледі. Сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің стратегиялық бағытталуы –
ұлттық валютаны тұрақтандыру және валюталық нарықты кезең бойынша дамытудың
шараларын дайындау және енгізу.
Валютаның нарықтық курсы экспортты кеңейту және импортты
рационализациялау бойынша сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді реттеу және
ынталандырудың негізі элементтерінің бірі болып табылады. Кәсіпорынның
валюталық тәуелсіздігін кеңейту мақсатында валютаның ішкі нарығы құрылған.
Мұнда валюта нарық курсы бойынша емін-еркін сатылады немесе сатылып
алынады. Валюталық биржадан саудаласу кезінде валюта курсы негізінде оған
деген сұраныс пен ұсыныстың қатынасы негізінде ұлттық банкпен валюта курсы
қалыптасады. Коммерциялық банктер валюталық және несиелік операцияларға
шығады, шаруашылық субъектілер өз мүлігін кепілдікке беріп, шетел
несиелерін тартуға мүмкіндік алады. Осы мақсатта компаниялардың,
фирмалардың, ұйымдар мен банктердің сыртқы экономикалық тәуекелдерін
сақтандыру жүйесі құрылған.
Даму бағдарламасымен сәйкес сыртқы экономикалық саясат сыртқы
экономикалық іс-әрекеттердің либерализациялануына бағытталады. Ұлттық
нарықтың мүдделерін әлемдік конъюктура мен шетелдік бәсекелестіктің
дамуының жағымсыз әсерінен қорғау үшін мпортталған тауарлардың кіруін
реттеу мақсатына сәйкес импорттық кеден баждары да қайта қарастырылуда.
Бірыңғай экономикалық кеңістіктегі мүдделері ортақ мемлекеттермен сыртқы
экономикалық қатынастардың негізгі сұрақтары жөнінде ұлттық заңдылық та
біркелкі түрге келтірілуде.
ТМД елдерімен сыртқы экономикалық қатынастар бөлімінде стратегиялық
бағыт болып экономикалық одақтың сақталуы мен реттелуі, осы елдердің
кәсіпорындарының арасындағы қалыптасқан кооперацияны қолдау, әскери өндіріс
конверсиясы бойынша, көлік, байланыс, энергетика, ғылыми-техникалық
прогресс, кадрлар дайындау, экологиялық мәселелерді шешу, қорғаныс бойынша
күш салуларды интеграциялау табылады.
Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді дұрыс қамтамасыз ету үшін дамыған
сыртқы экономикалық инфрақұрылым қажет. Сондықтан Үкімет құрамында,
Экономика және Даму Министрлігінде, Қаржы Министрлігінде, Мемлекеттік Табыс
Министрлігінде, ҚР Ұлттық банкінде сыртқы байланыстарды басқару органдары
құрылған.
Валюталық операцияларды жүргізуге лицензияланған коммерциялық банктер
жүйесі, арнайы тауарлық биржалар жүйесі қызмет істейді. Делдалдық
ұйымдардың дамыған жүйесі қызмет етеді, ал өз кезегінде олардың мамандары
сыртқы экономикалық конъюктура мәселелеріне қатысты білімі және тәжірибесі
бар және олар әлемдік тауар және валюта нарықтары туралы, пайыздық
ставкалардың жылжуы туралы және т.б. ақпараттары бар. Қазақстан белсенді
түрде әлемдік шаруашылық процестеріне тең дәрежелі құқықтармен қатысуда.
Сыртқы экономикалық байланыстарды басқару органдарының маңызды
функциясы болып валюталық қатынастарды реттеу табылады. Валюталық реттеу –
нормативті-құқықтық актілерді дайындау және тағайындау, ақпаратты жинау,
валюталық заңдылықтардың орындалуын бақылау, оның орындалмауы жағдайнда
жазалау шараларын қолдану. Қазақстандағы валюталық реттеу органдарына
Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы Министрлігі жатады. Сонымен қатар осы органдар
валюталық бақылауды да жүргізеді. Осы функцины валюталық бақылау агенттері
(өкілетті банктер мен өкілетті банктік емес қаржы мекемелері) де жүргізеді,
оларға валюталық заңдылықтардың олармен жүргізілетін операциялар кезінде
орындалуын бақылау міндеттелген.
2 Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді
реттеудің формалары мен әдістері
Сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеу әртүрлі формалар
мен әдістерді қамтиды. Негізгі реттеу формалары болып келесілер саналады:
1. сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді қаржыландыру;
2. салық салу;
3. инвестициялау;
4. сыртқы иемдену;
5. сыртқы берешек;
6. экспортты субсидиялау.
Реттеу әдістері аталған формаларға сәйкес болады және тура және жанама
әдістерді қамтиды.
Тура әдістерге әкімшілік реттеу формалары жатады: лицензиялар мен
квоталар, сонымен қатар сыртқы экономикалық іс-әрекеттердің монополиясы да
орнатылуы да мүмкін (сыртқы саудаға, валюталық операцияларға, т.б.).
Экспорт пен импортты лицензиялау және квоталау шикізат ресурстарының
және тауарлық қорлардың гектеулілігі жағдайында ішкі нарықты тұрақтандыру
және толтырудағы уақытша шара ретінде қолданылады.
Лицензия – өнімді, тауарды, валютаны немесе ақпаратты елден шығаруға
немесе кіргізуге уәкілетті мемлекеттік органмен берілетін рұқсат қағазы.
Квота – сыртқы сауда іс-әрекеттеріне арналған жалпы өндіріс көлемінің
бөлігі.
Мемлекеттік монополия – сыртқы экономикалық іс-әрекеттерді реттеудің
ең рационалды емес тәсілі болып табылады, алайда ол экономиканың жағымсыз
жағдайы кезінде экспорт пен импортты реттеу арқылы төлем балансын теңестіру
мәселесін шешуде қолданылуы мүмкін. бұл әдіс белгілі-бір сыртқы
экономикалық операцияларды жүргізуге немесе сыртқы экономикалық
байланыстарды қызметтеуге берілетін мемлекеттік компания құқықтарын берудің
түрінде қолданылуы мүмкін. Жалпы алғанда, мұндай шаралар тарифтік емес
реттеуге қатысты болады.
Реттеудің жанама немесе экономикалық әдістері біршама әрекетті және
жамыған сыртқы экономикалық іс-әрекеттерге сай болып келеді. Оларға
салықтар, соның ішінде кеден баждары, валюта курсы, әлемдік бағалар, сыртқы
несиелер бойынша пайыздық ставкалар, облигациялар, басқа да құнды қағаздар
мен төлем құралдарының курсы жатады.
Басқа елдің валютасымен сипатталған ұлттық ақша бірлігінің құны немесе
валюталық курсы ел ішіндегі барлық бағаларды басқа елдің бағаларымен
байланыстырады. Валюталық курстың өзгеріп отыруы отандық тұтынушылар үшін
басқа елдердің тауарларына деген бағаны өзгертеді және керісінше, басқа
елдердің тұтынушылары үшін отандық тауарлардың бағасын өзгертеді. Солайша,
бұл өзгерулер экспорт пен импорттың тартымдылығына әсер етеді; ұлттық
валюта курсының басқа елдің валютасына қатысты азаюы кезінде экспорт
дамиды, кері жағдайда импорт көбейеді. 1-ші жайғдайда отандық тауарлар
шетел тұтынушылары үшін арзандайды және оған деген сұраныс көбейеді, ал 2-
ші жағдайда импорттық тауарлар арзандайды және елдегі оларға деген сұраныс
көбейеді.
Мемлекеттің валюта курстарының жүйесі икемді (ағымдық) немесе
тұрақты валюта курстары түрінде құрылуы мүмкін.
Икемді курстар жүйесі кезінде айырбас валюталардың сұранысы мен
ұсынысы енгізінде жүргізіледі, ал тұрақты курстар жүйесінде ұлттық
валютаның алтынға немесе басқа бір тұрақты валютаға қатынасы белгілінеді.
Екінші жағдайда мемлекет бұл қатынасты реттеп отырады және сол арқылы
валюта нарығының қызметтеуне елдін төлем балансын тұрақтандыру мақсатынада
жетуге тырысады. Бұл жағдайда шетел валютасының ұлттық валютаға қарағандағы
курсын төмендету экспорт кезіндегі құнның жоғалтуына әкеледі, олар импорт
кезінде қайтарылады және керісінше шетел валютасының ұлттық валюта курсына
қарағандағы өсірілуі импорт кезіндегі жоғалтуларға әкеледі және ол
жоғалтулар қосымша экспортпен өтелуі тиіс (1-кесте, А бөлімі).
1-кесте. Валюта курстарының өзгеруінің экспорт және импорт көлемдеріне
әсері (шетел валюта бірліктерінде – ш.в.б. және ұлттық валюта бірліктерінде
– ұ.в.б.)
Көрсеткіштер Курстардың нұсқасы
қалыпты төменде- жоғарла-
тілген тылған
1 2 3 4
Курстардың қатынасы (ш.в.б.: ұ.в.б.) 1:150 1:140 1:180
Ақша қаражатының басты сомасы (мың ұ.в.б.) 10000
А.Тұрақты курстар
Экспорт
Экспорттық түсім алынды, мың ш.в.б. 100 100 100
Белгіленген курс бойынша қайта есептелген 1500 1400 1600
экспорттық түсім, мың ұ.в.б.
Валютаның қалыпты курсынан ауытқулар, – -100 100
мың ұ.в.б.
Импорт
1. Отандық импорттаушы үшін:
Шетел валютасын қайта есептелген ақша 66,67 71,4 62,5
құралдарының бастапқы сомасы (импорт құны),
мың ш.в.б.
Ішкі нарықтағы сатылу көлемі (1:150 10000 10710 93,75
нарықтық қатынасымен), мың ұ.в.б.
Валютаның қалыпты курсынан ауытқулар, – 710 -625
мың ұ.в.б.
2. Шетел импорттаушысы үшін:
Жеткізілімдердің көлемі, мың ш.в.б. 100 100 100
Өткізуден түскен табыс, мың ұ.в.б. 1500 1500 1500
Шетел валютасына қайта есептегендегі 100 107,1 93,7
өткізуден түскен табыс, мың ш.в.б.
Шетел импорттаушысы үшін ауытқулар, мың – 107,1 93,7
ш.в.б.
жалғасы
Б. Икемді курстар
Экспорт
Жеткізілімдердің көлемі, мың ұ.в.б. 10000 10000 10000
Шетел нарықтарындағы сатулар, мың ұ.в.б. 66,7 71,4 62,5
Еркін курс бойынша ұлттық валютаға қайта 10000 10000 10000
есептелген өткізуден түскен табыс, мың
ұ.в.б.
Импорт
1. Отандық импорттаушы үшін:
Сатылымдардың көлемі мен валютаға қайта 66,7 71,4 62,5
есептелген құралдардың сомасы, мың ш.в.б.
Ішкі нарықтағы сатылымдар көлемі, мың 10000 10000 10000
ұ.в.б.
2. Шетел импорттаушысы үшін: 100 100 100
Өткізуден түскен табыс, мың ұ.в.б. 1500 1400 1600
Валютаға қайта есептелген өткізуден түскен 100 100 100
табыс, мың ш.в.б.
Импорт кезінде (шетел импорттаушысы үшін) шетел валютасының ұлттық
валюта курсына қарағандағы төмендеуі жергілікті нарықтағы мүмкіндіктерінің
кеңеюін білдіреді (2-нұсқа), және керісінше, бұл курстың жоғарлауы
импорттық тауарларға деген бағалардың өсуіне байланысты нарықтың кішіреюіне
әкеледі (3-нұсқа).
Отандық импорттаушылар үшін курстың өзгеріп отыруы шетел тауарларын
сатып алу кезіндегі (өз валютасындағы қаржылардың бірдей сомалары
жағдайында) мүмкіндіктердің өзгеруін сипаттайды.
Солайша валюта курсы экспорт пен импорт көлемдеріне әсер етеді, ал
олар өз кезегінде қаржылық құралдар (экспорт пен импортқа салықтар, кеден
баждары) арқылы мемлекеттің де өнімдерінің, тауарларының және қызметтерінің
импорттық тұтынушылары мен экспорттық өндірушілерінің қаржылық жағдайына
әсер етеді.
Қауіп-қатерлі жағдайлар кезінде (өндірістің күрделі төмендеуі,
қанағаттандырылмаған сұраныстың негізінде пайда болған инфляция) сыртқы
экономикалық тепе-теңдікті анықтайтын макроэкономикалық қатынастар мен
принциптер бұзылады. Бұл кезде тұтынушылардың импортқа жалпы бағытталуы,
өсіп бара жатқан импортты өтеу үшін экспорттық валюталық түсімнің
жетіспеушілігі тұрақты валюталарға қарасты ұлттық валюта курсының күрт
төмендеуі байқалады. Орталық банк өз ақша бірлігінің курсын ұстап тұру
мақсатында валюталық қорлардан айырылып немесе халықаралық қаржылық
ұйымдардың көмегін сұрап валюталық интервенцияларды жүргізуге мәжбүр
болады. Қауіпті жағдайдың әрі қарай өріс алуы елдің өмір сүруіне қажетті
импортты да шектеуге әкеледі, себебі оны төлеу мүмкіндігі жоқ болады.
Шикізатқа бағытталған экономикалы елдерде ұсақ кризистер жалғыз ғана
экспорт құралы болып табылатын табиғи ресурстардың азаюына, экономикалық,
тіпті саяси тәуелсіздіктің жойылуына алып келеді.
Салықтар сыртқы экономикалық қатынастарды реттеудің маңызды реттеушісі
болып табылады. Мұнда қарапайым салықтар да, арнайы салықтар да (бірлескен
кәсіпорындардың табысына (пайдасына) салық, кеден баждары (экспорт пен
импортқа салық)) қарастырылады.
Көптеген елдерде экспорт пен импорттың кедендік-тарифтік реттелуі іске
асырылуда. Кедендік кодекс кедендік территорияның, кедендік баждардың және
кедендік алымдардың біртұтастығы негізінде кедендік істердің принциптерін
(яғни тауарлар мен басқа да заттардың шекара арқылы өтуі, кедендік
салымдар, салық саясатының бақылауы, құрылуы, т.б.) қалыптастырады.
Кедендік тариф ішкі нарықтағы шетелдік бәсекелестікті реттеу үшін
құрылады. Кедендік тариф – кеден баждары ставкаларының жүйеленген жиынтығы,
олар елдің территориясына әкелінетін және шығарылатын тауарлар және басқа
да заттарға салынады.
Кеден баждары – мемлекетпен ұлттық шекара арқылы өтетін тауарларға
салынатын салық (2-кесте). Отандық тәжірибеде баждардық адвалерлі, арнайы
және біріктірілген ставкалары қолданылуда. Адвалерлі ставкалар салық
салынатын тауарлардың ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz