Тауар теориясы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Алматы Бизнес КолледжіРЕФЕРАТТақырыбы: Тауар теориясыОрындаған: Кожебаева М.1 эконом "А"тобының студентіТексерген: Төлеубаева М.Алматы-2004:

Алматы Бизнес Колледжі

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Тауар теориясы

Орындаған: Кожебаева М.

1 эконом "А"

тобының студенті

Тексерген: Төлеубаева М.

Алматы-2004

ЖОСПАР

КІРІСПЕ3

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ4

2. 1 Тауарлы шаруашылығының негізгі типтері және белгілері4

2. 2. Тауар және оның қасиеттері6

ҚОРЫТЫНДЫ9

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР10

КІРІСПЕ

Егер адамдардың экономикалық әрекетіне ретроспективада қарайтын болсақ, шаруашылық жүргізу формаларының қалай өзгеретінін байқауға болады.

Өндірісті экономикалық ұйымдастырудың тарихи бірінші типі - натуралды шаруашылық.

Натуралды деп адамдар өнімді айырбасқа, рынокқа жеткізуге ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндіретін шаруашылықты айтамыз. Ол универсалды қол еңбегіне негізделуі анағұрлым таза түрінде қоғамдық еңбек бөлінісінен хабары жоқ және өнімдерін өзара айырбастамаған алғашқы қауымдық халықтарда болды. Өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайымдығымен сипатталады; өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен, жылдан жылға бірдей көлемде өндіріледі. Натуралды шаруашылықта қалыптасқан әдет-ғұрып пен көсемнің еркі үлкен роль атқарды.

Басым форма ретінде натуралды шарушылық оған тарихтың өлшеп берген жолын әлдеқашан жүріп өтті. Алайда "өндірдік-тұтындық" принципі бойынша байланыс (айырбассыз және қоғамдық бөлусіз) аса тұрақтылығын көрсетті, оның элементтерін қазіргі заманғы қоғамның микро-макродеңгейлерінен көрінеді. Микродеңгейдегі натуралды шаруашылыққа экономикалық күйзеліс кезіндегі мемлекет аса қолдау көрсететін бау-бақша жерлеріндегі жұмыс мысал бола алады. Ал, макродеңгейде бір ғана елдің шегінде, өзін-өзі қамтамасыз етуге бағытталған автархия саясатын келтіруге болады. Мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық дамуының артта қалуына әкеледі шаруашылықты тәуелсіздікке жеткізбейтіндіктен реакциялық болып табылады.

Натуралды шаруашылыққа қарағанда тауарлы шаруашылық анағұрлым күрделі.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2. 1 Тауарлы шаруашылығының негізгі типтері және белгілері

Тауарлы деп өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтұнушылар арасындағы байланыс рыноктың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.

Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты - нақты бір өнім шығаруға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі.

Қоғамдық еңбек болінісі тарихы 3 кезеңнен тұрады. Біріншісінде, мал шаруашылығы егіншіліктен бөлініп шығып, тайпалар арасындағы ұдайы айырбастың болуына жағдай жасады. Екіншісінде - қолөнер егіншіліктен бөлініп шықты да, нәтижесінде тауарлы шаруашылық пайда болды. Үшінші кезеңде сауда өндірістен оқшауланды және көпестік капитал бөлініп шықты. Осы кезеңде рыноктық байланыстар ұдайы қалыптасты.

Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен рыноктың дамуына байланысты.

Рыноктың мынадай үлгілері белгілі: дамымаған, еркін, реттелетін, деформацияланған. Әр рынок үлгісіне тауарлы өндірістің ерекше моделі сәйкес келеді:

  1. дамымаған рыноктың тауарлы өндірісі;
  2. еркін рыноктың тауарлы өндірісі;
  3. реттелетін рыноктың тауарлы өндірісі;

4) деформацияланған рыноктың тауарлы өндірісі.

  1. Дамымаған рыноктың тауар өндірісі (жай тауар өндірісі) қоғамдық еңбек бөлінісіне, өндіріс құралдарына жеке меншіктің болуына, тауар өндірушілердің өз еңбектеріне негізделген. Жай тауарлы өндіріс кезінде шығарылған өнімнің тек белгілі бір бөлігі ғанарынокқа шығарылады. Сондықтан, ол бүкіл экономиканы қамти алмағандықтан жалпыға ортақ емес.
  2. Еркін рыноктың тауарлы өндірісі(рыноктық экономика) түбегейлі жаңа белгіге ие болды, ол жалпы ортақ сипат алды, яғни ол келесі құбылыстарды білдіреді:

а) адамның жұмыс күші тауарға айналды және өндірушінің өз еңбегінің орнына жалдамалы еңбек келді;

б) қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, рынок арқылы сатуға арналды.

Бұл кезеңдері тауарлы өндіріс еркін бәсекенің болуымен сипатталынатындықтан, оны әлі күнге дейін еркін бәсеке дәуірінің капитализмі немесе"еркін экономика" деп атайды. Мемлекеттің шаруашылық өміріне тіпті толық араласпауы оны "таза"-, яғни "қалай жүрсе, солай жүрсін" дегенді білдіретін капитализм деп атауға мүмкіндік береді.

Іс-әрекетті үйлестіру мақсатында барлық жерде рынок пен баға жүйелерін қолдану бұл тауарлы өндірісті рыноктық экономика деп атауға негіз болды.

Рыноктық экономика машиналы өндіріс сатысында қалыптасты.

3. Реттелетін рыноктың тауарлы өндіріс экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталынады.

Бұл екуінің елдегі барлық ресурстар мен тұтынудағы үлестері жоғары. Мемлекет белсенді түрде рыноктық экономикаға араласқанымен, рыноктық реттеуші ролі - "көрінбейтін қолды" жоққа шығармайды. Реттелетін рынок экономиканың монополияндыру, яғни үкімет алдында монополияны шектеу мәселесі пайда болатын кезде қалыптасады. Мемлекеттік реттеудің басты формаларына заң шығару, салықтық және қаржылық формалар жатады.

Реттелетін рыноктық тауарлы шаруашылықтың бірнеше модельдері бар:

а) әлеуметтік рыноктық шаруашылық;

б) аралас экономика;

в) корпоративтік экономика.

Олар, ең алдымен мемлекеттік бағдарламалардың мақсатты бағытталуымен ерекшеленеді. Әлеуметтік шаруашылықтағы басты мақсат - азаматтар мүдделерін қорғау; аралас экономикада кәсіпкерліктің дамуына жағдай жасау; корпоративтік экономикада - ірі бизнес мүдделерін қорғау. Біріншісі, көбінесе Германияға, екіншісі -АҚШ-қа, үшінші модель- Жапония мен Швецияға тән.

4. Деформацияланған рыноктың тауар өндірісі әміршіл-әкімшілік экономикаға тән және дамыған қоғамдық еңбек бөлінісін, дамыған машиналы өндірісті, ұлттық экономиканы ұдайы реттеуді, еркін нарықтық қатынастарды басып тастауды білдіреді.

Бұл экономиканың екі моделі бар: жоспарлы-директивалық және нормативті.

Жоспарлы-директивалық жүйе шаруашылық қызметін ресурстарды таратуда қалай болса, баға тағайындауда да сондай орталықтандыру негізделген. Нормативті модель тауар өндірушілердің дербестігіне рұқсат береді: әр кәсіпорынның орындауы міндетті жоспар-директива, нормативтер, бағдарламалар және анағұрлым бәсең жоспарлаумен алмастырылады.

Рыноктық экономика моделін таңдау - бұл ұлттық экономикаға мемлекеттің ықпал етуінің әдістер жүйесін таңдау.

Либералды экономикаға (АҚШ) рынокқа ықпал етудің қаржы жүйесінің монетарлық құралдары тән. Әлеуметтік бағдарланған рыноктық экономикада белсенді салықтық-бюджеттік саясат жүргізумен байланысты әдістер басым.

Мемлекет тарапынан ұлттық экономикаға үлкен қолдау жасайтын және тиімді қайта бөлу процестерін жүргізетін әлеуметтік бағдарланған экономиканың анағұрлым ұнамдырақ екені айқын. Тауарлы өндірістің даму кезеңдеріне жасалған қысқаша шолу тауарлы өндіріс пен рыноктық экономика арасында абсолютті теңдіктің жоқ екендігі жөнінде қорытынды жасауға мүмкіндік береді.

Рыноктық экономиканың негізгі тауарлы шаруашылық екені даусыз.

Алайда, тауарлы шаруашылық рыноктық (капиталистік) шаруашылықтан бұрын пайда болды және оның орнығуына дейін бірнеше жүзжылдықтар бойы әрекет етіп келді. Мұнан өзге тауар-ақша қатынастары әкімшіл-әміршілдік жүйеде де орын алған. Сондықтан "тауарлы өндіріс" ұғымының "рыноктық экономикаға" қарағанда нағұрлым кең екендігін мойындау қажет.

2. 2. Тауар және оның қасиеттері

Тауарлы өндірісте шешуші категория тауар болып табылады. Оның мәнін әркім әртүрлі түсінеді. Олардың жоқ дегенде екеуін қарастырайық

1. Маркстік теорияда тауар сатуға арналған, адамға пайдалы еңбек өнімі ретінде қарастырылады. Бұдан

а) тауар тек адамның қандай да бір қажеттілігін қанағаттандыратын зат болып, табылады.

б) тауар еңбек жұмсалған зат, мысалы ормандағы жидектер оларды теруші үшін тауар емес, бірақ олардың теруге еңбек жұмсалғаннан кейін тауар бола алады.

в) тауар сатуға арналған.

2. Австриялық экономикалық мектебінде (оның көрнекті өкілі К. Менгер) тауар айырбас үшін өндірілген ерекше экономикалық игілік ретінде анықталады. Экономикалық игіліктерге К. Менгер экономикалық қызмет нысаны немесе нәтижесі болып табылатын және қажеттіліктермен салыстырғанда шектеулі мөлшерде алуға болатындарды жатқызады.

Бұл екі анықтамалардың ұқсастығы сонда, екеуінде де тауар еңбек нәтижесі ретінде қарастырылады. Айырмашылығы -екінші анықтама игілікке деген қажеттілік пен осы игіліктің қол жетерлігі ара қатынасын ескереді, ол біріншісінде ескерілмейді

Әр түрлі көзқарастардың болуына қарамастан, барлық мектептер еңбек арқылы өндірілген пайлалы өнімдерде, еңбек жұмсалған табиғат сыйларымен әр түрлі қызметтердің де тауар бола алатынын мойындайды

Қызметтің ерекшелігі сонда, оның заттай формасы болғанмен, пайдалы мәні бар, іс-әрекетінің нәтижесі болып табылады.

Тауарлар материалдық және материалдық емес сипатта болуы мүмкін.

Тауардың екі қасиеті бар:

  • қандай да бір адам қажеттілігін қанағаттандыру

қасиеті, мән-мазмұн ерекшелігі;

  • басқа тауарларға айырбасталу қасиеті.
  • Тауардың қандай да адам қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады.

Ол тек оны өндірушінің ғана емес, басқа да адамдардың қажеттілігін өтей алады, яғни қоғамдық тұтыну құны болып табылады. Ал, өндірушінің өзін ол басқа тауарларға айырбастала алатындығы үшін ғана қызықтырады.

Тауардың белгілі бір сандық пропорцияда басқа тауарларға айырбасталу алу қасиеті айырбас құны деп аталады.

Айырбас негізінде не жатыр және бір тауардың басқа тауарға айырбасталуының сандық пропорциясын не анықтайды деген сұрақты алғаш Аристотель қойды.

Еңбек-құн теориясының жақтаушылар пікірлерінше айырбасталынатын тауарлардың құнын анықтайтын еңбек шығындары түріндегі ортақ негіздері болады.

Шекті пайдалылық теориясын қолдаушылар пікірінше, айырбас негізінде пайдалылық жатыр. Шығындар концепциясының өкілдері құнды шығындарға теңестіреді.

Осы концепцияларды қарастырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаның қызметі және қажеттілігі
Маркстың экономикалық теориясы, қосымша құн және қанау теориясы
АҚШАНЫҢ НОМИНАЛИСТІК ТЕОРИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАҒАЗ АҚШАНЫҢ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Ақшаның сандық теориясы
И. Фишердің сандық теориясы
Экономикадағы құн формасы
Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні
Микроэкономика пәні, методологиясы, әдістері
Ақша жүйесі туралы
Халықаралық сауда теориялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz