Ақша массасы, ақшаға сұраныс және ұсыныс ақша нарығы



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
І АҚША НАРЫҒЫ, ОНЫҢ ТЕПЕ–ТЕҢДІК САҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ 3
1.1 Ақша жүйесінің мәні 3
1.2 Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы 3
ІІ АҚША НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ 7
2.1 Ақша массасы, ақшаға сұраныс және ұсыныс ақша нарығы 7
Қорытынды 12
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 13

КІРІСПЕ

Дүние жүзінде әр түрлі ақша айналымының жүйелері бар, ол тарихи даму
кезеңдерінен өткен және әр мемлекеттің заңымен бекітілген. Ақша айналымының
басты компоненттері мыналар:
1. Ұлттық ақша өлшемі (доллар, теңге, сом, франк, марка, йена, крона
және т. б.) олар арқылы тауарлар мен қызмет көрсету бағалары белгіленеді.
2. Несие және қағаз ақшалар, монеталар жүйесі, олар қолма-қол
айналымдағы заңды төлем құралдары болып саналады.
3. Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңды түрде
бекітілген тәртібі.
4. Ақша айналымын реттеп отыратьш мемлекеттік органдар.
Ақша айналымы жүйесінің негізгі екі түрі бар:
1. Металл ақшалар айналымы жүйесі. Мұнда толыққанды алтын немесе күміс
монеталар айналымда болады, олар ақшаның барлық қызметтерін атқарады.
2. Несие және қағаз ақша айналымы жүйесі. Бұлардың ерекшелігі алтынға
айырбастала алмайды, алтьнның өзін айналымнан ығыстырады.
Тарихи металл ақша айналымының (жүйесінің) биметаллизм және
монометаллизм деген түрлері қалыптасты. Биметаллизм алтын мен күмісті
пайдалану негізінде XVI— XIX ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде пайда болды.
XIX ғасырдың соңында күміс өндірісі жағдайларының өзгеруіне сәйкес ол
құнсызданып, алтынмен арасалмағы өзгерді. Күміс монеталардың көбеюі оларды
шығаруды тоқтатты. Сөйтіп биметаллизмді монометаллизм ауыстырды, мұнда ақша
материалы болып, бір ғана металл — алтын есептелетін болды. Қағаз және
несие ақшалары осы металға еркін айырбасталады.

І АҚША НАРЫҒЫ, ОНЫҢ ТЕПЕ–ТЕҢДІК САҚТАУ ПРОБЛЕМАСЫ

1.1 Ақша жүйесінің мәні

Монометаллизмнің үш түрі белгілі: біріншісі — алтын монеталы стандарт.
Ол бірінші дүниежүзілік согысқа дейін қолданылып, қағаз және несие
ақшалардың алтынға еркін айырбасталуымен сипатталды. Екіншісі — алтын кесек
стандарты. Ол Англия мен Францияда бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде
енгізілді. Мұның ерекшелігі құн өлшемінің алтынға айырбасталуы, тек ол
өлшем алтын кесегі стандартының бағасына сәйкес келуі тиіс. Үшіншісі —
алтын девиздер стандарты, ол 20-жылдарда көптеген елдерде енгізілді, мұнда
банкноттарды алтынға шағылған шетелдік валютаға (девиздерге) айырбастады.
1929—1933 жылдардағы дүниежүзілік экономикалық дағдарыс монометаллизм
дәуірін тоқтатты.
XX ғасырдың 30-жылдарынан бастап батыс елдерінде бірте-бірте несие
ақша жүйесі қалыптаса бастады. Оның айрықша белгілеріне мыналар жатады:
несие ақшалардың үстемдік жағдайы, алтынның айырбастан кетуі, банкнотты
алтынға айырбастауды жою және оның алтындық мазмұнын жоққа шығару; жеке
кәсіпкерлерге, мемлекетке несие беру мақсатында ақша эмиссиясын күшейту;
қолма-қол емес айналымды айтарлықтай кеңейту; ақша айналымын мемлекеттік
реттеу.
Қазіргі кезде қағаз және несие ақшаларды шығаруды мемлекет тікелей өз
билігіне алды.

1.2 Ақшаның өндіріс көлеміне ықпалы

Ақша массасы дегеніміз не?
Ақша массасы — халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын
қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Олар жеке адамдарда,
кәсіпорындарда, бірлестіктер мен ұйымдарда және мемлекетте болады.
Ақша массасы құрылымының белсенді-активті бөлігіне шаруашылыққа нақты
қызмет көрсететін ақша құралдары, ал пассивті бөлігіне ақша қорларының есеп
шоттағы қалғандары жатады, соңғысы есеп айырысу құралдары ролін атқарады.
Жинақтап айтқанда, ақша массасының құрылымы едәуір күрделі және ол
қатардағы тұтынушының ойлағанындай тек қолдағы қағаз ақша мен айырбас
монетасы емес. Шындығында қағаз ақшаның ақша массасындағы үлесі ете төмен
(25%-тей), ал басқа бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында дамыған
рыноктық экономикада бөлшек сауданың өзі де банктік есепшот арқылы жүреді.
Қазіргі рыноктық экономикада банктік ақша дәуірі басталады. Банктік
ақшаға чектер, несие карточкалары және т. б. жатады. Аталған есеп айырысу
құралдары банктік депозиттерді де билейді. Тауар мен қызметті төлеуде сатып
алушы чек пен несие карточкасы арқылы банктерге өз депозитінен қажетті
соманы сатушының есепшотына аудартады немесе қолма қол беруді бұйырады.
Ақша массасының құрамына тікелей сатып алу немесе төлем құралы ретінде
пайдаланылмайтын компоненттер де кіреді. Әңгіме коммерциялық банктердегі
мерзімді есепшоттағы жинақ салымдары, басқа да несие-қаржы ұйымдарының
қаржылары, депозиттік сертификаттар, инвестициялық қорлардағы акциялар
туралы болып отыр. Ақша айналымының аталған компоненттері "квази-ақша" деп
аталады. Ақша айналымы құрылымындағы ең қомақтысы да және ең тез есетін
белігі де осы квази-ақшалар.
Профессор П. Самуэльсон квази-ақшаларды өтімді активтер деп атады.
Өтімді (ликвидный) түсінігі ақша категориясын анықтау үшін маңызды. Қандай
болмасын мүліктің немесе активтің етімділігі дегенде оның оңай сатылуы және
құнын жоғалтпай ақша түріне айналуы мүмкіндігін айтады. Демек, активтердің
ең өтімді түрі — ақша. Жоғары өтімді мүліктерге алтын, бағалы металдар мен
тастар, мұнай, өнер шығармалары жатады. Өтімі төмендеу болатындарға —
үйлер, құрал-жабдықтар (бизнесмендер оларды "мұздатылған" құралдар деп
атайды) жатады.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып ақша айналымы құрылымында мынадай
компоненттерді беліп көрсетеді, оларды ақша агрегаттары М1 және М2 деп
атайды. Мі— мағынасындағы ақшаны басқаша "іскерлік ақша" деп те атайды. Бұл
қолма-қол ақша мен монеталарды, яғни банктен тыс айналатын ақшаларды және
банктің ағымдағы есепшотындағы ақшаларды қамтиды. Олар ағымдағы есепшоттағы
депозиттер қызметтерін түгел атқарады және қолма-қол ақшаға жеңіл айналады.
М2— кең мағынадағы ақша, ол барлық компоненттерін қамтиды және коммерциялық
банктердің жедел жинақ есепшоттарындағы ақшаны, маманданған финанс
институттарындағы депозиттерді де қосып алады. Мерзімдік салымдардың иелері
ағымдағы салымдармен салыстырғанда жоғары проценттік табыс табады, бірақ
олар салымдарын көрсетілген мерзімнен бұрын ала алмайды. Сондықтан
мерзімдік жинақ есепшоттардағы ақшаларды сатып алу және төлем қаржылары
ретінде пайдалана алмайды, бірақ олар өз потенциалы тұрғысынан есеп
айырысуға жарамды, М1 және Мг-лердің айырмашылығы Мг-де квази-ақшалар бар,
оларды іс үшін пайдалану қиын, қолма-қол аудару да оңай шаруа емес.
Біздің елімізде соңғы уақытқа дейін ақша агрегаттары есептелмеді және
пайдаланылмады. Теориялық жағынан ол маркстік экономикалық теорияның квази-
ақша мен қолма-қол ақшаны біріктіруге болмайды, өйткені олар әр түрлі
категориялы ақша, бағалы қағаздар мен несиелер деген қағидасына негізделді.
Алайда ақша, инвестиция рыногы (орта және ұзақ мерзімді қарыз капиталы) мен
бағалы қағаздар рыногының арасында тығыз байланыс бар. Мерзімдік
есепшоттағы қалған ақшалары мен бағалы қағаздары есеп айырысуға жеткілікті
салымшылар оларды өз қажеттеріне жарата алады. Бағалы қағазды сатудан
түскен табыстар тауар, сатудан түскен ақша қаржылары сияқты ағымдағы
есепшоттарда сақталады. Ақша агрегаттары күнделікті өмірде мемлекеттің ақша
саясатының нысанасы ретіңде оң қызмет атқарады.
Ақша массасы көлемінің тез ұлғаюы себебі неде?
Бұл процесс қалай жүреді? Бұл сұрақтардың жауабы мынада: мемлекеттік
банктің эмиссиялық қызметінен тыс ақша массасының өсуі коммерциялық
банктердің несие беруін кеңейтуі есебінен жүреді. Банктер жаңа ақшалар
шығарады, ол қарыз беру деңгейінен көрінеді және, керісінше, ақша массасы
қысқарады, ол банкке бұрын алған ақшаларын қайтару кезінде байқалады.
Банктің жаңа ақша жасау процесін кеңірек мына мысалдан көруге болады. Нью-
Йорктегі "Нэшнлсити банктің" 100 мың дана активі бар делік. Мұның жартысын
банк қор ретінде сақтауы тиіс, оны ағымдағы шығындары үшін пайдалануына
болады, бірақ ол төленбеген сұраныс қаупін азайту үшін керек. Резерв
қорының ең аз мөлшері АҚШ-та заң бойынша тағайындалады және ол шешуші —
реттеуші рөл атқарады (активтегі резерв үлесі 3 тен 20 процентке дейін
болады). Егер резерв дәрежесі 10 процент болса, "Нэшнл-сити банк"
клиенттерге қарызды 90 мың долл. көлемінде береді, ал 10 мың доллар резерв
қирана қалады. Қарыз бергеңде банк соманы ағымдағы есепке аударады, оны
клиент кез келген уақытта пайдаланады немесе қолма-қол төлейді. Банк
әрекетінің нәтижесі 90 мың доллар көлеміндегі жаңа ақшалардың пайда
болуынан көрінеді. Банктен ағымдағы есепке аудару немесе қолма-қол беру
арқылы 90 мың доллар алынып клиентке беріледі. Резервтік ереженің мүлтіксіз
орындалуын орталық банк (АҚШ-тың федералдық резервтік жүйесі) қадағалап
отырады. Сонымен қатар қарыз мерзімі бітіп, 90 мың долларды клиент банкке
қайтарғанда, айналымдағы ақша саны сонша көлемде кемитінін де ескеру керек.
Банк жүйесінен тыс ақшалар ғана ақша массасын көбейтуге қатыса алады.
Алайда жаңа ақша жасау процесі мұнымен аяқталмайды. Осы бағытта "Нэшнлсити
банкісі" депозитіндегі алғашқы ақшаның сомасы ең соңында мультипликациондық
нәтиже арқылы жаңа ақша қорының жасалуына әкеледі. Айталық "Нэшнлсити
банктің" 90 мың доллар алған клиенттері бұл ақшаларды тауар және қызмет
көрсеткен әр түрлі нақты адамдарға төлейді, ал олар түскен ақшаларды "Ферст
трест банкінің" депозитінде қалдырды делік. Банктегі депозиттердің есуі
оған жаңа қарыздар беруіне жағдай жасайды. Сонымен қатар резервке депозит
сомасының 10%-ін жіберу керек (9 мың долл.). Демек 81 мың доллар көлемінде
жаңа қарыз берілген, ал жалпы ақша массасының өсуі (екі банк операциясын
қоса есептегенде) 171 мың долларға тең болады.
Келесі кезеңде төлем ретінде 81 мың доллар алған кісілер тағы да
оларды "Сити-трест" банк депозитіне салады, ал енді берілетін қарыздың
көлемін 72,9 мың долларға ұлғайтады (81 мың доллар резерв қорында қалады
деп есептегенде). Ал бұл банктер жасаған жаңа ақша сомасын 243,9 мың
долларға көбейтеді. Әңгіменің қисыны мынадай қорытындыға әкеледі:
банктердің жаңа ақша жасау процесі жалғаса береді, бірақ белгілі шамаға
дейін бұл процесс банктің депозиттер ұлғаюының мультипликациондық әсерін
сипаттайды және оны резервтік талапты ескере отырып есептейді.
Банктік депозиттердің ұлғаю шегі:
100 мың долл. + 90 мың долл. + 81 мың долл. + ... - 100 мың долл.
(1+0,9 +0,92 + 0,93+ ...) - (100 мың долл.П - 0,9) - 1 млн. долл.
Сонымен, резерв ережесінің 10% деңгейіндегі 100 мың долл. алғашқы
депозит ақша массасының ұлғаюы мультипликациондық тиімділікті 1 млн.
долларға жеткізеді.
Ақша массасы көлемінің банктің жаңа ақшаларымен ұлғаюы нақты бақылау
мен ақша ұсыну мультипликаторлары немесе банктік мультипликатор (т) арқылы
жүреді.
Ол мына формуламен есептеледі т = - • 100 мұндағы г —
түріндегі міндетті резервтік норма % немесе т = ү
мұндағы М — депозиттердің есуі, R — резервтердің есуі.
Біздің мысалымызда т = 10, резервтегі әрбір доллар депозиттің 10
долларға өсуіне әкеледі.

ІІ АҚША НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ

2.1 Ақша массасы, ақшаға сұраныс және ұсыныс ақша нарығы

Макроэкономикалық тепе-теңдік ақша рыногыңда белгілі бір
пропорциялардың болуын қалайды. Олардың ішіндегі ең бастысы ақшаға деген
сұраныс пен ұсыныстың тепе-теңдігі.
Ақшаға сұраныс шаруашылық агенттерінің сақтап жүрген ақша қаржыларының
мөлшерімен анықталады. Шын мәнінде ол ақша қорына немесе қалған номиналды
ақшаға деген сұраныс. Ақшаға сұранысты теориялық Tan-flay мен рыноктағы
теңдік жағдайларын зерделеу бұл мәселелерде екі негізгі экономикалық
мектептің "монетарлық және кейнстік макроэкономикалық үлгілердің пайда
болғанын көрсетеді.
Ақшаға деген сұраныстың монетарлық теориясы неоклассикалық дәстүрлерге
сүйеніп, XVIII ғасырда пайда болды. Бұл теория экономика ғылымында
үстіміздегі ғасырдың 30—40-жылдарына дейін үстемдік жүргізген ақшаның
сандық теориясының ұсыныстарын басшылыққа алды. Бұл мектептің негізгі
идеяларын ұсынғандар ағылшын ғалымдары Д. Юм, Дж. Милль, А. Маршалл, А.
Пигу, К. Виксель, Д. Патинкин, американ ғалымы И. Фишер, шведтік Г. Кассель
мен Б. Хансен. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақшаға сұраныстың түсінігі және сандық теория
Лекциялардың қысқаша конспектілер
Ақша нарығы, оның тепе - теңдік сақтау проблемасы
Қ.Р. қаржы нарығын талдау
Ақша нарығындағы тепе-теңдік
Ақша функциясы және ақша агрегаттары
Ақша - несие саясатын жүзеге асырудың құралдары
Ақша - несие саяасатының теориялық негізі
Баға белгілеу және қаржы айналымы
Ақша нарығы жүйесі
Пәндер