Ақша жүйесінің негізгі элементтері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе2

І тарау. Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері4

1. 1. Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы4

1. 2. Ақша жүйесінің негізгі элементтері5

2-тарау. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны нығайту жөнінде жүргізілетін ақша-кредит саясаты9

2. 1. Ақша айналысын басқару9

2. 2. Валютаның тұрақтылығын сақтау және нығайтуға бағытталған саясаттың құралдары12

Қорытынды15

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі16

Кіріспе

Қазақстанда ақша бірлігі теңге деп аталады. 1991 жылы тамыз айында Ресей, Украин, Белорус мемлекеттері өзара келісімдеріне байланысты (Беловежск келісімі) Кеңес Одағы ыдырай бастады. Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде егемендігін жариялады. Дегенмен ақша ресурстары ортақ жүйеде қолдана берілді. Өтпелі экономиканың ауыр кезеңінде 1992 жылы Ресей қаржы саясатына байланысты жаңа ақша бірлігін шығаруы Қазақстанда экономикалық жағдайын қиындата түсті. Себебі, ақша айналымында кеңес ақшасының көлемі шегінен тыс көбейіп құнсызданды. Міне, осы бірқатар себептерге байланысты Қазақстан өз ұлттық ақша бірлігін 1993 жылы қараша айында шығара бастады. Оны енгізу жылдам әрі бар болғаны бес күн ішінде жүрді. Сөйтіп Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы. Ал ұлттық валютамыз енгізілген күн қаржыгерлер мерекесі ретінде аталып жүр.

Қазақстан жерінің тарихына көз салатын болсақ, белгілі Жібек жолының бойында біздің ғасырымыздан бұрын ірі орталық сауда орындары бар болғаны белгілі. Әрине ақша қызметін атқаратын құнды заттар мен мал-мүліктердің болғанына даусыз дәлелдемелер жеткілікті. Сол ғасырлардың өзінде монета-теңгелер жасалды: алтын теңге (алтыннан жасалған), күміс теңге (күмістен жасалған) құндарына сәйкес балама ролін атқарған. Сауда-саттық қарым-қатынасында жеңіл, тиімді жақтарын қолдана білген.

Теңге алғашында Ұлыбританиялық «Харрисон және оның ұлдары» атты банкноттар шығаратын фабрикада басылып шықты.

Ендігі кезекте ұлттық валютаның құнын ұстап тұру, құнсызданудың алдын алу, оны нығайту мәселелері күн тәртібінде тұр. «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны шығару, оның бағамын белгілеу, тұрақтылығын қамтамасыз ету, ақша-кредит саясатын жүргізу міндеттерін атқару Ұлттық Банкке жүктелген. Ұлттық Банк бұрынғы мемлекеттік банк негізінде құрылғаннан бері ұлттық валютаны нығайту саласында өнімді іс-әрекеттер жасап келеді.

Осы жұмыста ұлттық валютаны нығайту барысында елімізде атқарылып жатқан істерге тоқталғанды жөн көрдік.

І тарау. Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері

1. 1. Ақша жүйесінің сипаттамасы және оның даму тарихы

Қазіргі жағдайда қандай мемлекеттің де экономикалық құрылымын зерделеу оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Әр елдің тарихы қалыптасқан және тиісті заңмен бекітілген ақша айналымын ұйымдастыру нысанын ақша жүйесі деп түсіну керек.

Ақша жүйесі - бұл әрбір елде тарихи қалыптасқан және мемлекетпен заң бойынша белгіленген ақша айналысын ұйымдастырудың формасы.

Негізінде ақша жүйесі көпшілік елдерде 16-17 ғасырларда қалыптасты, ал қайсыбір елдерде, ақша кейбір элементтері бұрынырақ кездескен. Металл ақша айналатын ақша металын, оның бірлігін анықтау, монета соғу және эмиссия тәртіптері ақша жүйесінің элементтері болып табылған. Осы кезеңде әр елде, жалпыға балама ретінде және ақша айналымның базасы болып, қандай металл қолдануына байланысты, ақша жүйесінің екі түрі қалыптасты:

Биметалды ақша жүйесі. Бұл жүйеде валюталық метал болып екі метал: алтын және күміс қолданылған. Бірақ, неғұрлым жоғары құндылығының салдарынан және тасымалдауға қолайлылығына байланысты алтын ақша атқарымдарын орындауға көбірек бейімделген болғандықтан ол бара-бара күміс монеталарды ығыстырып, ІХ-ғасырдың аяғына қарай ең басым валюталық метал болып қалды.

Монометалдық ақша жүйесі . Бұл жүйеде валюталық металл ретінде бірақ металл шықты (алтын) . Сонымен қатар айналымда алтынға айырбастала алатын басқа да құнның өкілдері жүре алатын болды. Бұлар: банкноттар, қазына билеттері, ұсақ монеталар.

Алтын монометалдық ақша жүйесінің үш түрі болды:

алтын - монеталық стандарт. Бұл стандартта алтың ақшаның барлық атқарымдарын орындайды. Алтын монеталармен қатар айналымда көрсетулі құнымен алтынға айырбастала алатын алтынның белгілері жүретін болды;

алтын - құйма стандарты. Бұл стандарт бойынша банкноттар (ақша билеттері) алтын кұймаға айырбастала алады;

алтын - девиздік стандарт. Бұл стандартта жеке елдердің банкноттарын (ақша билеттерін) басқа елдің алтынға айырбастала алатын валютасына ауыстыруға болатын.

Бұл жерде айта кететін маңызды нәрсе - алтын монометалдық ақша жүйесінің дәл осы түрі кейің 1922 ж. құрылған халықаралық валюталық жүйесінің негізі болды. Бұл жүйе 1976 жылға дейін СДР1 мен ауыстырылғанға дейін жұмыс істеді. Оның үстіне алтын-девиздік стандарт экономика жағынан әлсіз елдердің, неғұрлым экономикасы күшті елдерден тәуелділігін баянды етті.

Өткен ХХ-ғасырдың отызыншы жылдарының басында дүние жүзінде айырбасталмайтын несие ақша жүйесі қалыптасты. Бұл жүйенің табиғаты қағаз ақшаға жақын және жалпыға бірдей экономикалық заңның, еңбекті және айналым шығындарын үнемдеу талаптарына дәлдеу келетін.

Кейінгі кезеңдерде, несиелік ақша белгілерінің айналымы негізінде, екі түрлі ақша жүйесі қалыптасты. Оның біреуі шаруашылық жүргізудің әкімшілік-тарату жүйесіне сәйкес болса, екіншісі нарық экономикасына сәйкес келеді.

1 СДР - арнаулы өзара қарыз құқықтары 1969 жылы ұйымдастырылған ұжымдық валюта. Осы екі жүйе арасындағы ерекшеліктер төмендегі кестеде көрсетілген.

Тек, әшейін көзбен салыстырғанның өзінде, келтірілген айырмашылықтар, осы екі жүйенің арасының қаншылықты алыс екендігін, тіпті кей жағдайда, қарама-қарсы екендігінін байқатады.

1. 2. Ақша жүйесінің негізгі элементтері

Қазіргі жағдайда ақша жүйесі бірнеше элементтерден құралады. Оның ішінде:

Елдің ақша бірлігінің аты. Бұл элемент, әр елдің өмір сүре бастаған кезінде пайда болатын мемлекеттік атрибут, және оның сыртқы түрі, не ішкі мазмұны өзгерсе де аты өзгермейді. Мысалы, кезінде күміс те, алтын да доллар болды. Енді қағаз доллар да бар. Бірақ, ол американың америка болғанынан бері Ұлттық ақша бірлігі болып келеді.

Ресейде ХVIII-ғасырда, кейбір княздықтарда қолданылған күмісқұймалар "рубль" деп аталған. Кейінірек, Петр І-дің тұсында, ол Ресей мемлекетінің Ұлттық ақша бірлігі болып жарияланған. Содан бері талай ақша реформалары болып жатса да, оның сыртқы түрі де, Ішкі мазмұны да өзгергенмен аты өзгерген жоқ.

Қазақстанда, егемендік алғаннан кейін 1993 жылдың 15-қазанында шығарылған ақша "Теңге" Ұлттық ақша бірлігі болып, сол жылдың 13-желтоқсанда қабылданған "Қазақстан Республикасының, ақша жүйесі" деген заңмен бекітілді. Енді ол, еліміздегі жалғыз ғана төлем құралы.

- Ақша белгілерін қамтамасыз етудің тәртібі. Қазақстанда жоғарыда айтылған заңның 9-шы бабында көрсетілгендей банкноттар мен монеттер Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып табылады. Сондықтан олар, осы банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі.

- Эмиссия тетігі. Ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алудың тәртібі эмиссия тетігі деп аталады. Қазақстанда ол тәртіп мынандай:

а) қолма-қол емес ақшаның айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу, екінші дәрежелі банктерге жүктелген. Олар несие берген кезде айналымда қолма-қол емес ақша пайда болады да, ал несиені қайтарып алғанда ақша айналымынан шығарылған болып есептеледі;

б) қолма-қол ақшаны айналымға шығару және оны айналымнан шығарып алу Ұлттық банкке және оның бөлімшелеріне жүктелген (облыстық бөлімшелер мен есеп кассалық орталықтары - РКЦ) .

- Айналымдағы ақша жинағының құрылысы. Бұл ұғым екі түсініктен тұрады. Бір жағынан, қолма-қол ақша мен қолма-қол емес ақшаның ара қатынасы қаралады. Дүние жүзілік экономикада бұл көрсеткіш 1/3 болып, қолма-қол емес ақшаның, пайдасына шешілген. Екінші жағынан, банктік билеттер мен қазына билеттерінің ара қатынасы қаралады. Бұл көрсеткіш Кеңес Одағынын тұсында 1/2 болатын, яғни, егер айналымға 100 мың сом шығарылса, оның жартысы банкілік (10, 25, 50, 100 сомдық) билеттер, жартысы қазына билеттерінен тұратын (1, 3, 5, сомдық) . Қазіргі жағдайда бұл ара қатынасқа ешкім көңіл аударып жатқан жоқ. Металл монеттері айналымда тіпті жоқтың қасында, ал қазына билеттері қиқым-сиқымға айналып барады.

- Ақша мен несиені реттеу тетігі. Бұл ақша-несие мәселелерін реттеудің әдісі. Қандай орган мұнымен шұғылданады, оның міндеттері, құқықтары қандай және оның алдына қандай мақсат қойылады. т. с. с.

- Ақшаның құнын белгілеу тәртібі. Бұл, осы елдің ақшасының, басқа елдердің ақшаларымен ара қатынасын анықтау жүйесі, яғни, Ұлттық ақшаның (валютаның) бағамын белгілеу. Қазіргі жағдайда Ұлттық валютаның бағамын анықтайтын екі режим (тәртіптеме) қолданылады: валюталық бағамды бекіту және еркін жүзетін бағам. Валюталық бағамды бекіту режимінде ертеректе (1976 жылға дейін), оның бағамы алтынмен салыстырғандағы құнымен тең болатын. КСРО да бұл тәртіп соңғы жылдарға дейін сақталды. Оны тек, 1992 жылы Ресей Үкіметі жойды. Осыдан кейінгі жылдарда, Ұлттық валютаның бағамын, оның сатып алуға жарамдылығы мен баска елдердің валюталарына ұсыным мен сұранымға байланысты анықталатын болды. Бір ескеретін жағдай, бұл режимде Орталық банк (Ұлттық банк) басқыншылық әдістерін пайдаланып, өз валютасының бағамын толтырады. Қазақстан 1999 жылдың 5 көкегінен бастап осы режимнен бастап валюта бағамының еркін жүзу режимін енгізді. Бұл режимде валютаның (теңгенің) бағамы ұсыным мен сұранымға байланысты валюта нарығында анықталады.

- Касса тәртібін ретке келтіру. Кассалық операцияларды жүргізу тәртіптерін Қазақстан Ұлттық банкісі 1992 жылдың Ақпан айының 27 жұлдызындағы қаулысымен бекіткен.

Орталық банктер елдің барлық кредит жүйесінің бас үйлестіруші және реттеуші органының ролін орындай отырып ерекше орын алады және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болады. Олардың басты ролі мемлекет берген кең өкілеттіктермен негізделген.

Орталық банк елдік эмиссиялық, резервтік, кассалық орталығы болып табылады, нормаларды шығару, бақылау құқығына ие болады, “банктердің бас банкі” ролін атқарады, ақша-кредит және валюта саясатын айқындайды; оның қызметінің негізгі мақсаты - пайда табу емес, елдің ақша-кредит саясатын және кредиттік жүйеге басқаруды жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекет берген эмиссиялық құқыққа ие Орталық банк экономиканы тұрақтандырудың, тауар-ақша қатынасын тұрақтандырудың жалпы мемлекеттік саясатты жүргізеді.

“Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы” ҚР Заңы бойынша ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және республиканың банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді. КСРО Мемлекеттік банкінің бұрынғы Республикалық кеңсесі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып қайта құрылды. Ол күнделікті клиенттерге қызмет көрсететін әдеттегі мемлекеттік банкіден орталық эмиссиялық банкіге айналып, “банктердің бас банкі” болды.

Іс жүзінде барлық кассалық резервтер Ұлттық Банкіде шоғырланатынын және олардың шаруашылық айналымға түсімдері Ұлттық Банктің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассасын толықтыру арқылы болатынын білдіреді.

Ұлттық Банк - өзінің алтынвалюта резервтерін, басқа да материалдық құндылықтарды қоса алғанда, ақша резервтерін құрайтын оқшауланған мүлікке ие заңды тұлға. Мүліктің қалыптасуының көздері банк қызметінен алынған кірістер мен шығыстар, бағалы қағаздардан түскен кірістер, тиісті бюджеттерден алынған дотациялар болып табылады.

2-тарау. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаны нығайту жөнінде жүргізілетін ақша-кредит саясаты

2. 1. Ақша айналысын басқару

Ұлттық Банк - борышты төлеуге қабылдауға міндетті елдегі жалғыз заңды төлем құралы банкноттарды шығарудың эмиссиялық құқығына ие жалғыз мемлекеттік орган. Олар қолма-қол ақшасыз баламасын алумен банктерге сату нысанында Ұлттық Банк эмиссиясында орындалады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі теңге болып табылады.

Ұлттық Банк банкноттар мен металл ақшаның қажетті санын белгілейді, олардың шығарылуын қамтамасыз етеді, оларды сақтау, жою және қолма-қол ақша қаражатын инкассациялау тәртібін белгілейді.

Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен металл ақша номиналдық құрамына, нысанына және әшекейленген графикаға ие болуы тиіс. Валютаны айырбастау құқығына ҚР Жоғары кеңесі ие. Ұлттық валютаның қызмет ету тәртібін, мерзімін және талаптарын белгілеу құқығы ҚР Президентіне тиесілі.

Ұлттық Банк ҚР ұлттық валютасының шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбас бағамын айқындау тәртібін белгілейді.

Қолма-қол ақшаның айналымы банктердің кассаларына тұрақты қайтару арқылы жүреді. Ұлттық Банкке қолма-қол ақша айналысын ұйымдастыру жүктелген.

ҚР ақша банкноттарын шығару бойынша өз қуаттарын енгізуге және коммерциялық банктерге ақшаны инкассациялауға лицензияны беруге байланысты қолма-қол ақшамен жағдай 1996 жылға дейінгі кезеңмен салыстырғанда күрт өзгерді. Екінші деңгейдегі банктер корреспонденттік шоттардағы қаражат қалдығы шегінде қосымша қолма-қол ақшаны алады, мұндайда операциялық кассадағы қолма-қол ақша қалдығының шектеуі белгіленбейді.

Эмиссия - мемлекеттің банкноттарды, металл ақшаны, бағалы қағаздарды шығаруы. Ол қолма-қол ақшамен, сондай-ақ қолма-қол ақшасыз да болуы мүмкін.

Қолма-қол ақша нысанындағы эмиссия айналысқа қосымша банкноттар мен металл ақшаны шығаруды білдіреді.

Қазақстандағы қолма-қол теңге эмиссиясының елеулі көлемінің ең басты себебі кәсіпорындар арасында әдеттегі қолма-қол ақшасыз есеп айырысудың қолма-қол ақшаға ішінара ауысуы болып табылады, бұны теріс құбылыс деп санауға болады.

Бірақ 1995 жылдың өзінде-ақ жағдай өзгере бастады, кассалық түсімдердің кассалық шығыстармен салыстырғанда өсуі нәтижесінде банктер кассаларында берілетін қолма-қол ақша эмиссиясының үлес салмағы қысқарды.

Депозиттік банктердің эмиссиясы депозиттік-несиелік операциялар процесінде жүзеге асырылады. Банктердегі депозиттер сомасы кредиттік ақшаны құру үшін олардың потенциалын құрады. Соңғылары банк салымдарды чектердің эмиссиясы немесе заемдарды ұсыну арқылы шоғырландырған кезде құрылады. Осы операцияның нобайы мынадай: 100 ақша бірлігі депозитіне міндетті резерв 15 ақша бірлігі құрады; қалған 85 ақша бірлігін банк заемдарға айналдыруы мүмкін. Сонда айналыстағы ақша массасы мынадай болады: 100 + 85 = 185 ақша бірлігі, бұл 85 ақша бірлігі сомасына жаңа ақша құруды білдіреді. Осылайша құрылған ақша өз кезегінде басқа депозиттердің пайда болуына әкелп соғады, олар өздері ақша эмиссиясының себебі болуы мүмкін. Ақшаның мультипликативті кеңеюі болады.

Депозиттік банктердің эмиссиясын Ұлттық Банк ақша базасы сияқты ақша агрегатына және ақша мультипликациясына бақылау жасау арқылы жүзеге асырады.

Ақша базасы - Ұлттық Банк құратын ақша. Оған айналыстағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер кіреді. Міндетті резервтер, өз кезегінде, банктер депозитивтерінің бір бөлігін білдіреді, оларды белгіленген нормативтерге сәйкес Ұлттық Банктің арнайы шотында немесе өзінің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотында (Ұлттық Банктің рұқсаты бойынша тек қаржылай тұрақты банктер қолданатын резервтеудің альтернативті тәсілі) сақтауы тиіс. Артық резервтер - Ұлттық Банктегі корреспонденттік шотындағы өзге қалдықтар.

Айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі банктердегі корреспонденттік шоттардағы қаражаттың болуына байланысты болғандықтан, Ұлттық Банк ақша базасының көлемін екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі корреспонденттік шоттарындағы қаражат көлемін реттеу арқылы, яғни банктердің өтімділігін реттеу арқылы реттейді.

Бұл ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Осы құралдар ақша мультипликаторының көлеміне әсер етеді, ол массаның ақша базасына кеңею шегін көрсетеді.

Ақша мультипликаторының көлемі міндетті резервтеу нормасына тәуелді болады, өйткені міндетті резервтерді банктер кредит ресурстарының көзі ретінде пайдаланбайды, сондай-ақ айналыстағы қолма-ұол ақшаның үлес алмағына тәуелді болады. Бұл айналыстағы қолма-қол ақша банктерден тыс бола отырып, байланысты. Ақша мультипликациясының қарқыны оның айналыс жылдамдығына әсер етеді.

Ақшаның экономикадағы айналыс жылдамдығын (бұл жағдайда төлемдердің банк жүйесі арқылы өту жылдамдығы назарға алынбайды) Ұлттық Банк тікелей реттемейді, бірақ оның көлемі инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-кредит саясаты үшін маңызы бар. Ақшаның экономикадағы айналыс жылдамдығының төмендеуі ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялық кредиттік салымдардың өсуі туралы айтады, бұл экономиканың жалпы алғанда тұрақтануы, халықтың ұлттық валютаға сенімінің артуы кезінде мүмкін болады. Керісінше, ақша айналысының жоғары жылдамдығы ұлттық валютаға сенімсіздік көрсеткіші болады және ақша массасындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жинақақшаның төмен үлес салмағымен, шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютадан тезірек құтылуымен және оны сенімді активтерге аударумен ілесе жүреді.

Ақша айналысы жылдамдығының көлемінен экономиканың монетаризация деңгейіне тәуелді болады, ол ақша массасының ІЖӨ қатынасын белгілейді. Айналыс жылдамдығы неғұрлым төмен болса, соғұрлым монетаризация деңгейі де жоғары болады.

1989 ж. Франциядағы монетаризация деңгейі 68, 5%, Германияда - 64, 5%, Ұлыбританияда - 89, 1%, АҚШ-та - 77, 5% және Жапонияда - 116, 7% болды. 1995 ж. Қазақстанда монетаризация деңгейі шамамен 12% болды, бұл жеткіліксіз еді.

2. 2. Валютаның тұрақтылығын сақтау және нығайтуға бағытталған саясаттың құралдары

Проценттік саясат ақша-кредит саясатының бірден-бір құралы болып табылады. Ұлттық Банк қайта қаржыландырудың бірыңғай ставкасын белгілейді, ол ақша рыногының жалпы жағдайына, кредиттер бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялық күтілімдерге тәуелді болады. Ұлттық Банк өзінің проценттік саясатын мемлекеттік ақша-кредит саясатын іске асыру мақсатында нарықтық проценттік ставкаларға әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру ставкасын белгілеген кезде Ұлттық Банк проценттік ставкаларды оң ұстауға сүйенеді.

Теңгені айналысқа енгізгеннен кейін проценттік саясаттың негізгі мақсаты оны кредитке деген сұраныстың төмендеуін қамтамасыз ететін деңгейге көтеру болды, ал соның артынан ақша массасының өсімін, тиісінше инфляцияны төмендету болды. Жоғары проценттік ставкалар, нақты айтқанда проценттер бойынша төлемдер - шығыстың бірден-бір құрамдас бөлігі. Яғни, жаңа проценттік саясат өз нәтижелерін қандай да бір болашақта емес, қысқа уақыт аралығында беруші еді.

Қазақстанда инфляциямен күресте жоғары проценттік ставкаларды пайдалануды мәжбүр еткен маңызды факторларының бірі шетел валютасына артық сұранысты (сыртқы экономикалық қызметтің қажеттілігімен негізделмеген) төмендету қажеттілігі болды. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валюталардың бағамдық айырмасы есебінен спекулятивті кіріс алу мүмкіндігі банктердің қысқа мерзімді капиталдарының елдің валюталық рынокка ағымын болжады. Теңгенің айырбас бағаммен айқындалатын оның сыртқы құнының көрсеткіші және несиелер бойынша проценттік ставкалар деңгейлерінің және бағалы қағаздар бойынша кірістіліктің инфляциясынан басқа айқындалатын ішкі құнының көрсеткіштері арасындағы ара қатынасты бұзу ұлттық валюта тұрақтылығы үшін теріс әсері болуы мүмкін.

Ұлттық Банктің қайта қаржыландыру ставкаларының өзгеру серпінділігі мынадай. 1994 ж. қаңтары-ақпанында қайта қаржыландыру ставкасы 270% деңгейінде болды, наурыз-тамызында 300% болды. 1994 ж. орта шенінен бастап инфляцияның төмендеуіне және теңгенің айырбас бағамының тұрақтануына байланысты ставка қыркүйек айында 280% дейін төмендеді және ай сайын төмендеп отырды. 1994ж. аяғына ол 230%, 1995ж. - 52% және 1996ж. қыркүйегінде 30%, 1997ж. - 24% болды.

Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер, банкаралық кредиттер, Ұлттық Банктің ноттары бойынша проценттік ставкалар сауда-саттықта белгіленеді және олардың нарықтық мағыналарына сәйкес келеді. 1994 ж. тамыз айынан бастап барлық нақты нарықтық проценттік ставкалар оң сипатта болды (тек Ұлттық Банктің ноттарынан басқа, олар 1995 ж. қазаны мен 1996 ж. қаңтары кезеңінде нақты мағынада теріс болды, бұл Үкіметтің бағалы қағаздарымен бәсекелестікті болдырмау тұрғысынан ақталды) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ақша саясаты
Ақша белгілерінің түрлері мен типтері
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері, Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
Алтын ақшаның айналыстан шығуы
Ақшаның қажеттілігі,пайда болуы және мәні
Ақша жүйесінің элементтері
Ақша жүйесі,оның элементтері және түрлері
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Ақша жүйесі және оның негізгі элементтері
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz