СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ 2
СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС 2
СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ (ЭЛАСТИКАЛЫҒЫ) 6
СҰРАНЫС МЕН ҰСЫНЫСТЫҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕРІ. 9
ҚОРЫТЫНДЫ. 11
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ: 12

КІРІСПЕ

Рыноктық экономика – бұл сұраныс пен ұсыныстың үздіксіз арақатынасы.
Мұндай қарым - қатынасты қарапайым моделінің тууы, экономикалық ғылым
тарихында үлкен маңызды дәуір болып саналады. Сол мезеттен бері екі
ғасырдан астам уақыт өтсе де, рыноктық экономикамен теориялық танысу осыдан
басталады. Өйткені осы модель арқылы барлық экономикалық процестер ашылып
көрсетіледі.
Расында-ақ кез-келген сатып алу – сату актісіне екі феномен қатысады –
“сұраныс” және “ұсыныс”, олардың шамасының үлкендігі рыноктағы мәмілесінің
көлемі мен баға деңгейі арқылы анықталады. Ал рыноктық экономика бағалардың
динамикасы мен мәмілелердің көлемі болып табылатындықтан, тек сұраныс
шамасы (тұтынушының табысына әсер ете отырып) пен ұсыныс шамасын
(өндірушінің пайдасына әсер ете отырып) реттеу арқылы оларды өзгертуге
болады. Бұл макро және микро экономика үшін әділді болып саналады.
Жоғарыда айтылғанмен рыноктық теорияның сұраныс пен ұсыныс анализіне
көңіл бөлінетіні түсіндіріледі. Мұндай анализ макро мен микро экономиканы
байланыстыратын жіп болып табылады.
Экономикалық ғылымда сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынасты
бөлшектеп қарастырғандай басқа сұрақ талданбаған шығар.
Неге бір ғасыр уақыт бойы политикалық экономиканың ядросын құрайтын,
негізінде бағалар қаланатын сұраныс пен ұсыныс моделін атақты бір автор
былай деп түсіндірді: “мұндай ұзақ өмір сүрудің себебі модельдің нақты
шындықты көрсетуінде емес, анық және бір мәнді тұжырымға әкелуіне. Мұндай
тұжырымдарды әртүрлі экономикалық проблемалардың анализіне қолдануға
болады. Берілген модель жалпы шындық суретінен алыс, бірақ ол қарапайым
формада кейбір шаруашылықта істеп тұрған күштерді суреттейді және шынайы
өмірдің маңызды аспектілерін көрсетеді.

СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС

Тауардың бәсекелік рыногында сұраныс пен ұсыныстың әрекет ету
механизмі қалай жұмыс істейтінін және сұраныс пен ұсыныс тең болған
деңгейде рыноктық баға қалай орнайтынын байқайық.
Рыноктық баға мен оның сұранысқа ие санының арасында барлық уақытта
белгілі бір арақатынас болады, баға жоғары болған сайын, оны сатып
алушылардың саны азаяды, яғни сұраныс деңгейі төмен болады (табыстардың сол
деңгейінде) және, керісінше, баға төмен болған сайын сатып алушылардың саны
мен сатылып алынған тауарлардың саны көп болады.
Бұл баға мен сұраныс көлемінің арасындағы байланысты график түрінде
көрсетейік. Егер абцисса рынокта сатып алынған тауар саны, ал ординатада
баға қозғалысын белгілесек, онда мынадай нәтиже болады. (8-сурет).
Q — қисығы экономикалық әдебиетте сұраныс қисығы деп атайды. Бүған
бағаны түсірсек, онда баға өзгергенде сұраныс көлемінің қалай өзгергенін
көруге болады. Егер Р\ бағада сұраныс көлемі Q\ болса, баға Рг дейін
төмендегенде сұраныс көлемі Qі дейін өседі және с. с. у
Пайда болған қисық сұраныстың біртівдеп азаю заңын бейнелеп көрсетеді,
ал ол заңды былай деп тұжырымдауға болады, егер қайсыбір тауардың бағасы
өссе (ал басқа шарттары тұрақты болса), онда осы тауардың аз санына сұраныс
болады. Бұл тәуелділікті басқаша да тұжырымдауға болады, егер рынокқа
қайсыбір тауардың үлкен тобы түссе, онда, тең шарттық жағдайда, ол онша
жоғары емес бағамен өткізілуі мүмкін.
Сұраныстың біртіндеп азаюы заңының барлық тауарларға қатысы бар. Оның
себептерін анықтау қиын емес: олар бәрінен бүрын сатып алушылардың
табыстарының шектеулілігіне байланысты. Егер жоғары бағалы тауарды тек бай
адамдар ғана сатып алса, бағаның төмендеуі, біріншіден, рынокқа жаңа сатып
алушыларды әкеледі. Екіншіден, бағаның әрбір төмендеуі тауарды тұтынушыны
қосымша сатып алуға итермелейді. Сонымен бірге мынаны да атап өту керек,
осы тұтынушының сұранысының өсуі тоқтағаннан кейін де, бағаның одан әрі
төмендеуінде төмен деңгейдегі табысты адамдардың өз қажеттерін өтей бастауы
себепті рыноктағы сатып алу сомасы ұлғая береді. Егер рыноктық жағдайды
сатушылар немесе ұсыныс жағынан қарасақ, онда кері көрініс орын алады.
Барлық сатушылар рынокта ең жоғары баға алуға ұмтылады. Сондықтан баға
жоғары болған сайын, олар белсенді түрде көп тауар сатуға тырысады, яғни
ұсынысты үлғайтады.
Басқаша айтқанда, әрбір сатушының ұсыныс көлемі бағаға байланысты
өзгеріп отырады, баға жоғары болған сайын басқалар тең жағдайда, осы
тауардың рыногындағы ұсыныстың көлемі жоғары болады. Бұл тәуелділік графика
түрінде (абциссада рынокқа жеткізілген тауарлар саны Q; ординатада бағаның
қозғалысы Р).
Жоғары бағалы өндірістің ұлғаю тенденциясының болуы, бір жағынан,
бағаның өсуі бұл салаға жаңа өндірушілерді тартуына байланысты. Екінші
жағынан, баға өскенде кәсіпкер қосымша пайда алады және көп жұмысшылар
жалдауға, көп шикізат пен машиналар сатып алуға, өндірісті ұлғайтуға
мүмкіндік алады. Сонымен бірге, әңгіме тек ұсынысты көбейту тенденциясы
туралы ғана екенін есте ұстау керек. Белгілі бір шекке дейін бағаның өсуі
ұсыныстың өсуін қамтамасыз етеді. Алайда, бағаның өсуі жалғаса берсе, онда
өндірушінің өндіріс көлемін азайтуы мүмкін. Бұл бір жағынан, табыстың
жоғарғы деңгейі белгілі дәрежеде қарқынды жұмысты жалғастыруға деген ынтаны
төмендетеді. Екіншіден, өндіруші өндіріс көлемін арттырудан сескенеді,
өйткені тауарлар өтпей қалып, бағалары төмевдейді. Әрбір тауардың өз
сұраныс пен ұсыныс қисығы бар. Бірақ.оларға бір рет және мәңгілікке
берілген деп қарау дүрыс емес. Кейбір факторлардың әсерімен сұраныс пен
ұсыныс қисығының жылжуы мүмкін.

Осыған байланысты сұраныс көлемін сұраныстың өзінен ажырата білудің
маңызы зор. Баға төмендегенде сұраныс көлемі өседі, ал сұраныстың өзі сол
тауарға қажеттіліктің көрініс ретіңде өзгермейді. Егер, әрбір бағада
(жоғары, төмен) сатып алушылар осы тауарды көптеп сатып алатын болса,
сұраныстың ұлғаюы туралы айтуға болады. Мысалы жаздың ыстық күндерінде
сусындар мен балмұздаққа сұраныс көбейеді. Бұл жағдайда dі, қисығымен
қозғалмаймыз, өйткені қисық қозғалып жаңа қалыпта болады dz (1-сурет).
Одан басқа атап өтетін нәрсе, сұраныс көлеміне бағадан басқа табыстар
деңгейі, рынок мөлшері, басқа тауарлардың бағасы мен пайдалылығы өз әсерін
тигізеді. Мысалы: сатып алушылардың орта табыстары өссе, онда басқа тең
жағдайларда сұраныс қисығы d,, оңға жоғары ойысады бағаның сол деңгейіне Р\
сұраныстың өскен деңгейі сәйкес келеді.
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор — өндіріс шығындары. Сондықтан, егер
техникалық прогрестің жетістіктерін пайдалану нәтижесінде немесе ауыл
шаруашылығына қатысты болса, қолайлы ауа райы жағдайында өндіріс шығындарын
азайту ұсыныс қисығы оңға төмен ауысады
Ұсыныстың көлемі түрақты Р\ бағадан qі ден Q2 дейін өседі. Қаралған
қисықтар, (өздерін ғана алсақ) баға өзгергенде сатып алу және сатумен не
болатынын көрсетеді. Бірақ баға қай деңгейде орнығу керек деген сұрақ
туады. Бұл сұраққа жауап беру үшін сұраныс пен ұсыныс қисықтарын бірге алып
салыстыру керек. Егер жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысты белгілейтін екі
графикті бір-біріне беттестірсек, онда бізді қызықтыратын тауардың сұраныс
пен ұсыныс тәртібін көрсететін график аламыз. Бір нүктеде екі қисық
қиылысады. Қиылысу нүктесінде сұраныс сандық жағынан ұсыныспен тең, ал
бағасы тепе-теңдік бағаны көрсетеді. Аса жоғары бағада ұсыныстың сұраныстан
артығы пайда болады. Бұл артық ұсыныс са-тушылардың арасындағы бәсекенің
нәтижесінде бағаның төмендеуіне әсер етеді. Теңдестірілетін бағадан төмен
бағада сұраныс ұсыныстан артық болады. Бұл жағдайда сұраныстың артығы мен
бәсеке бағаны жоғары көтереді. Тепе-теңдік бағада тұтынушылар сатып алатын
өнімдердің саны өндірушілердің рынокқа шығаратын өнімдерінің санына сәйкес
келеді. Тек осывдай бағада ғана бағаның өсу және кему тенденциялары жоқ
болады.
Сонымен, бәсеке және сұраныс пен ұсыныстың тербелуі рынокта тепе-
теңдік орнықтыруға алып келеді. Қоғамдағы осы тауардың шектелген саны оны
тұтынуы мүмкін деген тұтынушылардың арасында бөлінеді. Бірақ, бұл
жалпы рыноктағы жекелеген тепе-теңдік. Рыноктағы бағалардың тауарларға
сұраныс пен ұсыныстың өзгеріп отыруына байланысты ылғи қозғалыста болатынын
есте ұстау керек. Бұл өзгерістер бір-біріне тәуелсіз бола алмайды,
керісінше, бәрі өзара байланысты. Тауар бағасының әрбір өзгеруі басқа
тауарлардың бағаларының өзгеруіне әкеледі. Белгілі бір мезгілде және бір
уақытта жинақтап қарағанда тепе-теңдікте болуы мүмкін, бағаның бүтін бір
жүйесі болады. Бұл жағдай рыноктың жалпы тепе-теңдігін көрсетеді. Кіші
экономикалық зерттеудегі талдаудың тепе-теңдік әдісі экономикалық жүйе
идеалды тыныштық күйде болатын жағдайды іздеуді қажет етеді. Тепе-теңдік
жағдайында сұраныс пен ұсыныс сәйкес келеді. Сондықтан, экономикалық тепе-
теңдік жағдайында шаруашылық жүргізуші субъект жеке өндіруші, фирма
немесе сатып алушы — өздерінің экономикалық тәртібін өзгертуге ынтасы
болмайды. Тепе-теңдік нүктесінде экономикалық қозғалыс тоқтайды.
Ол қайта басталу үшін сыртқы жағдайлар: бағалар деңгейі, технология,
өндірушілер мен тұтынушылардың күткендері мен таңдағандары өзгеруі керек.
Әрине, сұраныс пен ұсыныстың теңдігі теориялық абстракция, өйткені нақты
шаруашылық тәжірибеде мүндай сәйкестік өте сирек кездеседі. Алайда нақ осы
абстракция рыноктық механизмнің қызмет істеуінің аса маңызды заңдылықтарын
анықтауға мүмкіндік береді. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру және тепе-теңдік
бағасының құрылу механизмінің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін
рыноктық механизмнің заңдылықтарын талдау, экономикалық еркін рыноктық
механизмнің қарапайым қызмет етуін жалпы

тепе-теңдікке жетудің аса маңызды шарт екенін сипаттайды. Экономикалық
еркіндік деңгейі біріншіден, кәсіпкерлік еркіңдігі, екіншіден, сатушылар
мен сатып алушылардың таңдау еркіндігі, яғни сауда еркіндігі, үшіншіден,
ресурстарды әр түрлі қолдану сфераларына ауыстыру еркіндігі, төртіншіден,
баға құру еркіндігінен тұрады. Нақ осы экономикалық еркіндік рынокқа
өзгермелі жағдайларға икемді бейімделуге және жекелей де жалпы да тепе-
теңдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

СҰРАНЫС ПЕН ҰСЫНЫС ИКЕМДІЛІГІ (ЭЛАСТИКАЛЫҒЫ)

Сұраныс пен ұсыныс көлемдерінің тауардың рыноктағы бағасына
тәуелділігі нақты қарауды керек етеді. Әр түрлі тауарлар бір-бірінен
сұраныс пен ұсыныстың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұсыныс және сұраныс заңы
Ұсыныс қисық сызығының пішіні
Ұсыныс және оның факторлары
Сұраныс және ұсыныс икемділігі
Сұраныс пен ұсыныстың теориялық негіздері
Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері жайында
Сұраныс пен ұсыныс теориялары
Сұраныс пен ұсыныс
Ұсыныс қисық сызығы
Сұраныс пен ұсыныс туралы
Пәндер