Баға белгілеу әдістері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті

Реферат
Тақырыбы:Фирманың баға саясаты: баға белгілеу кезеңдері, әдістері,
стратегиялары.

Орындаған: Қаржы мамандығының Э-216 топ студенті
Карабалин Б.

Тексерген:
Құрмашева С.

Атырау-2006

Жоспар:
1. Баға белгілеудің мақсаттары.
2. Баға белгілеу әдістері.
3. Баға стратегиялары мен кезеңдері.

1. Баға белгілеудің мақсаттары.

1. Өмірде баға белгілеудің мынадай мақсаттары қойылады:
• Нарықта қалуды қамтамасыз ету;
• Пайданы мейлінше молайту;
• Нарық үлесін жаулап алу;
• Тауар сапасы бойынша берілген нарықта жетекші орынды алу.
Көтерме саудамен айналысатын ірі саудагерлерді, фирманың өндірістік
мүмкіндіктерін пайдалану, тауар имиджін жасауда баға белгілеудің мақсаттары
болуы мүмкін.
Қазақстанның нарықтық қатынастарға өткен бастапқы кезеңінде көптеген
фирмалардың баға белгілеудегі басты мақсаты – нарықта сақталып қалуды
қамтамасыз ету болса, қазіргі жағдайда күнделікті ағымдағы пайданы мейлінше
молайту мен нарық үлесін жаулап алу алға шықты.
Кәсіпорындардың экономикалық жағдайы жақсарса, баға белгілеудің де
мақсаттары өзгереді. Ағымдағы пайданы молайту жаңа, беделді, стандартты
емес тауарлар өткізілген кезде ғана баға белгілеудің мақсаты бола алады.
Егер нарықта бәсеке деңгейі едәуір жоғары болса, көбіне баға белгілеудің
мақсатын арық үлесін жаулап алу деп қабылданады. Мұндай жағдайда
бәсекелестік бағаларға ерекше көңіл бөлінеді. Бірақ, нарық жағдайларына
үнемі бейімделіп отыру баға дифференциясының болмауына әкеледі.
Фирма белгілі бір көрсеткіштері бойынша нарық лидері болғысы келеді, бұл
оның шығындарын азайтып, пайда алуға көмектеседі. Өнім сапасын жоғарылату
көптеген шығындарды талап етеді, әйтсе де бұл шығынның орны тұтынушы
сапалы, озық тауарды жоғары бағамен сатып алуға әзір болғандықтан, тез
толады.

2. Фирма басшылары бағаны есептеудің әдістерін таңдап, ең жоғары және
төмен бағаның ықтималды деңгейін бекітеді. Бағалық стратегия шығынға,
сұранысқа, бәсекеге, тауардың өмірлік цикл кезеңіне негізделіп, айқындалуы
мүмкін.
Нарық түрін бағалау фирма стратегиясын жасаудағы нақты бір әдісті
таңдауының маңызды шарты болып табылады. нағыз бәсеке нарығы (полиполия)
белгілі бір өнімді сатып алатын және сататын көптеген сатып алушылар мен
сатушылардан тұрады. Мұндай нарықта ешбір сатушы, не болмаса сатып алушы
күнделікті ағымдағы бағалар деңгейіне көп әсер ете алмайды. Сатушы нарықтық
бағадан жоғары баға қоя алмайды, өйткені сатып алушы бұл тауарды төмендеу
бағамен басқа бір сатушыдан сатып алуы мүмкін. Мұндай нарықта бәсекелестік
баға белгілеу стратегиясын қолданған дұрыс болады.
Қазіргі экономикалық теорияда қарастырылатын бағаның формуласы жетілген
бәсеке жағдайында бір жағынан шекті пайдалылық, екінші жағынан шекті
шығындарға сәйкес келіп, сұраныс пенұсыныс қисықтарының қиылысу нүктесінде
орналасады.
Олигополиялық нарық бір-біріне өте сезімтал бірнеше сатушылардан тұрады.
Тауарлар ұқсас біртектес болуы мүмкін. Мұндай нарыққа жаңа сатушылардың
енуі қиын. олигополист өз бағасын түсірсе де, оны осы деңгейде ұстап қала
алатынына сенімсіз болады. Алайда бағаның өсуі бәсекелестерге әсер етпеуі
мүмкін, тек мұндай жағдайда фирма тұтынушылары бәсекелестерге кетіп қалуы
мүмкін. Мұндай нарықта көбіне бағалық жетекшіге қарап, баға белгілейтін
бейімделу стратегиясы қолданылады.
Монополистік бәсеке нарығы тауардың әр түрлі нұсқаларын ұсынуға
байланысты кең диапазонды бағалар туралы мәмілелер жасайтын көптеген
сатушылар мен сатып алушылардан тұрады. Мұнда дияяеренциалды және
бәсекелестік баға белгілеу стратегиясын қолдануға болады.
Нағыз монополия жағдайында нарықта тек бір сатушы ғана болады. Ол өз
саясатын нарықты кеңірек жаулап алу мақсатымен жүзеге асырады. Мұндай
нарықтағы баға монополист бағасына байланысты болады. Егер монополист
әлеуметтік және қайырымдылық мәселелерін шешіп жатса, баға шығындар
деңгейінен төмен де болуы мүмкін. Егер ол пайданың өсуін көздесе, баға
шығындардан артып, көп жоғарылайды. Әрине, монополистер пайданы ең көп
шамаға ұлғайтуға ұмтылады, бірақ оған бағаны монополияға қарсы реттеу
тосқауыл бола алады.

3. Баға стратегиясын жасаған кезде микро және макроортаны талдап, ондағы
факторлар өзгерістерінің тенденциясын анықтау керек.
Жалпыға баға үш тәсіл арқылы анықталады:
1. Баға тауар өндіру және қызмет көрсетуге байланысты шығындарды жабуы
қажет;
2. Кәсіпорын тек шығындарды ғана жаппай, сонымен қатар белгілі бір пайда
алуы тиіс, ол өз кезегінде тауарға деген сұранысқа байланысты;
3. Нарықта бәсекелестер әрекет етеді. Сондықтан тұтынушы төлеуге әзір
баға бәсекелестер ұсынысына байланысты.
Көптеген отандық кәсіпорындар бағаны тікелей есептеу арқылы шығарады,
оның мөлшері барлық шығындарға пайда мөлшерін қосу негізінде анықталады.
Бұл тәсілдің мынадай түрлері болады:
1. Шығынға үстеме қосу әдісі.
Бұл жағдайда өнімнің өзіндік құнына стандартты үстеме қосылады.
Бұл әдісті қолдану белгіленген баға қажетті сату көлемін қамтамасыз
еткен жағдайда ғана қонымды. Өндірістік шығындарға негізделген мұндай әдіс
делдал үшін де, тұтынушы үшін де әділ болып саналады. Осы әдіс күні бүгінге
дейін ең танымал, себебі, шығындарды анықтау сұранысты анықтаумен
салыстырғанда әлдеқайда жеңілдеу.
2. Пайда луға негізделген баға белгілеу.
Мұндай әдіс шығынсыздықты болдырмау қағидасына негізделген. Бұл жағдайда
фирманы шығынға ұшыратпайтындай және белгілі бір пайда мөлшерін алатындай
баға анықталады. Осы әдісті General Motors компаниясы қолданады, ол
инвестицияға 15-20 % пайда деңгейін белгілейді.
Осы әдісті қолдану әр түрлі сату көлемі кезіндегі жалпы шығындар мен
пайданы бейнелейтін шығынсыздық графигін құруды көздейді. Бұл жағдайда
шығынсыздық шегі жиынтық шығындар мен жиынтық табыс қисықтарының қиылысу
нүктесінде анықталады.
Тәжірибеде сұранысқа негізделген баға тағайындау стратегияларының
мынадай түрлері қолданылады:
1. Қаймақ қалқып алу стратегиясы. Жаңа тауарларды жоғары бағамен сатуды
көздейді. Тауар жаңа болғандықтан, оған деген сұраныс икемді емес.
Баға икемділігі нарықты әр түрлі сегменттерге бөлуге көмектеседі.
Қаймақ қалқып алу стратегиясының артықшылықтары:
• бұл стратегия бағаны нарықтағы өзгерістер мен бәсекелестердің іс-
қимылын есепке ала отырып, өзгертуге мүмкіндік береді.
• Жаңа тауарды өндіру шығындары әрқашан жоғары болады, ал бұл
стратегия оларды жабуға жәрдемдеседі.
• Тауардың жоғары бағасы оның сапалылығына байланысты деп
есептелінеді. Сондықтан, бұл стратегия фирманың және оның
тауарының беделін көтеруге мүмкіндік береді.
Қаймақ қалқып алу стратегиясының кемшіліктері:
• Бұл стратегия бәсекелестерді тез қызықтырады, олар нарыққа дәл осындай
өнім шығаруға тырысады.
• Бастапқы баға деңгейінің сәтсіздігі ТӨЦ-тің ұзақтылығына әсер етіп,
тауардың бәсекеге қабілеттілігін жоғалтуына әкелуі мүмкін.
2. Престижді бағалар стратегиясы тауарларды жоғары бағамен сатуды
көздейді, ол тауардың сапасына, ерекшелігіне, маркасына және беделіне көңіл
аударатын нарық сегменттеріне арналған. Бұл стратегияны бизнес әлемінде
жоғары беделге ие фирмалар қолданады. Беделді тауарлар үшін тұтынушылар
бағаны асыра төлеуге әзір.
3. Психологиялық тұрғыда баға тағайындау бағаны психологиялық тұрғыдан
қабылдауға негізделген. Бұл стратегия көбіне тұтынушы тауарлар нарығында
қолданылады. Психологиялық баға дөңгелектенген бағадан сәл төмен бағамен
белгіленеді.
4. Ассортименттік баға белгілеу стратегиясы. Бұл стратегия көбінесе
сұранысы бірқалыпты емес, бірін-бірі толықтыратын және ауыстыратын
тауарларға қолданылады.
А)бағалардың номиналдан жоғары стратегиясында негізгі тауарға өте жоғары
баға және бірін-бірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Баға нарық категориясы ретінде
Баға жүйесі әдістері параметрлік шығындар
Фирманың баға саясаты: баға белгілеу кезеңдері, әдістері, стратегиялары
Нарықтық экономика жағдайында бағаны реттеу
Басқару ғылымының мазмұны мен әдістері
Маркетинг жүйесіндегі баға
Экспортық баға саясаты
Көлік шығындарымен қоса баға белгілеу
Трансферттік баға
Трансферттік бағаны қалыптастыру әдістері
Пәндер