Халықаралық кредит


Жоспар:
- Кіріспе
- Негізгі бөлімХалықаралық кредитХалықаралық кредиттің нысандарыКредитті өтеу қабілетін бағалау үшін аспектілерМемлекеттік кредит
- Қорытынды
- Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік кредиттерді де тартады. Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік кредиттің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ, әр түрлі елдердің мемлекеттік органдары кредит мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.
Халықаралық мемлекеттiк кредит
Халықаралық мемлекеттік кредит - халықаралық экономикалық қатынастар сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады. Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Халықаралық кредит - бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктерінің, сондай-ақ басқа заңи және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне, банктеріне және өзге де заңи және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары. Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық кредит сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр: Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі және оның ұйымдары - Дамудың Халықарылық Асоциациясы, Инвестициялар Кепілдігінің Көпжақты Агенттігі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы, Европа Қайта Құру және Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары. Халықаралық Валюта Қоры валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды сақтауға бақылау жасау, қатысушы-елдер арасында валюталық шектеулерді жою, оларға төлем баланыстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.
Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік кредит ұлғаймалы ұдайы өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып саналады.
Халықаралық кредиттің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл жиынтығымен айқындалады.
Халықаралық кредиттің дамуы мына факторларға байланысты болады:
1) еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу;
2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;
3) елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі қамтамасыз етілуі;
4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп шығудың қажеттігі;
- дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттігі;
- дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.
Халықаралық кредитке берілетін мемлекеттің кредит ресурстары:
- қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;
- ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары) ;
- мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.
Ақша нысанындағы халықаралық кредит ұлттық валюталарда және еркін айырбасталымды валюталарда беріледі.
Халықаралық кредиттің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі процесінде мерзімділік, ақылық және қайтарымдылық жағдайында тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.
Халықаралық кредитті пайдалану экономиканың дамуын тездетуге, экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне, экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.
Халықаралық кредиттің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады. Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен импортқа жәрдемдесу - сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады. Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік береді.
Халықаралық кредит нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек ерекшеленеді. Көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады, яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары өздерінің пайдасын барынша көбейтуге ұмтылмайды, керісінше құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, Халықаралық валюта қорының кредиттері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу шарттарының бірі болып табылады.
Экспорттық кредиттерді пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал бұл сауда балансының тапшылығын тудырады немесе көбейтуі мүмкін. Бұдан басқа, экспорттық кредиттер реципиент-елдегі экономикалық өсуге ықпал жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттарды өндірістік сфераға салуға мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік қанағаттандырудың орнына табыс әкелер еді, екіншіден, импортталатын тауарлар неғұрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды ығыстырады немесе оларды өндіруді жаншиды.
Қазіргі жағдайда жабдықты, материалдарды, азық-түлікті сатып алу кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда ұйымдары мен сыртқы экономикалық банк контрактар мен келісімдер, соның ішінде өтемдік келісімдер негізінде бұл елдердің банктері мен фирмаларынан алатын банк және коммерциялық кредиттерді пайдаланады. Өтемдік келісімдер - бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл келісімдер кезінде тауарды сатып алушы оның құнын басқа тауарлар жеткізілімімен төлейді. Өтемдік келісімдер, әдеттегідей, шетел банктерінен ұзақ мерзімді кредиттер алуды қарастырады, бұл кредиттердің есебінен шетелдік фирмаларға белгілі бір объектіні салу үшін олардан сатып алынатын тауарлар төленеді. Жеткізілімнің құны салынған объектілер өнімінің экспорты есебінен өтеледі.
Кредитті өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударылады:
- Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс; мұны демократиялық саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы, экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды практикалық жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
- Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер. Олар өзіне мыналарды кiрiктiредi: фискалдық және монетарлық саясаттың тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталымдығы кезінде инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру.
- Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы жеке меншік сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту, корпорациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы өзгерістер және төлем тәртібі, экономикалық қызметті ырықтандыру (баға белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін рыноктардың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ашықтық), қаржы секторының ахуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы делдалдырының дамуы, қор рыногының және банктiк емес қаржы мекемелерiнiң дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиiмдi инфрақұрылымы мен заңнаманың болуы) .
- Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпiнi мен құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың көзi ретiндегi шетелдiк тура инвестициялардың рөлi, менеджменттiң деңгейi, технологияларды беру арқылы бағаланады.
Сонғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуiр кредиттер алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемдi жұмсаудың маңызы арта түсуде. Олар бiрiншi кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын кәсiпорындарды құру және жаңғырту және басым өндiрiстердi, яғни экономиканы сауықтыру үшiн белгiленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшiн пайдаланылуы тиiс.
Мемлекеттік кредиттің мәні
Мемлекеттік кредит - жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі және кредит қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алушы үшін мемлекеттің кепілгерлігін білдіреді) рөлінде көрінуі мүмкін.
Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер ретінде де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы - күрделі жұмсалымдар: басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру; экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады. Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.
Мемлекеттік кредиттің нысандары мен әдістері
Мемлекеттік кредиттің негізгі нысаны кредит қатынастары болып көрінетін мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар - нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет пен заңи және жеке тұлғалар арасындағы әарыз қатынастары.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті iшкi қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік ішкі ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын 25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қазақстан Республикасында резидент және бейрезидент-заңи және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364 күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратылды. Ұлттық жинақ облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын төленіп тұрады.
«Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш туралы» Қазақстан Республикасының заңына, бюджет кодексіне сәйкес қарыз алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет кепілдік берген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан Респудликасының Үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі жүргізіліп отырған ақша-кредит саясатымен айқындалатын басқа да мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті ақтарушы органдардың мемлекеттік қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қарыжландыруға байланысты жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынадай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша :
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Жергілікті атқарушы органдарының қарыздары болып бөлінеді.
- Несие капиталының рыноктары бойынша:
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz