Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі - аралас экономика



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе 2
Негізгі бөлім 3
1 Нарықты мемлекеттік бақылаудың қажеттілігі 3
2 Аралас экономиканың мәні 4
3 Әлеуметтiк бағыттағы нарықтық экономика — аралас экономика қалыптасуының
кезеңi 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 12

Кіріспе

Экономика - әрбір қоғамдық құрылыстың негізгі іргетасы, ол материалдық
өндірістердің даму дәрежесін сипаттайды, қоғамдағы аса маңызды барлық
үрдістерді белгілейді.
Қазақстан Республикасында нарықтық қатынасқа көшу барысында тиянақты,
қатаң бақылау, тексеру ерекше орын алатыны шетел үлгісінен белгілі. Себебі,
нарықтық қатынас принципімен, дамуды қамтамасыз ету үшін, ол елде -
бәсекелестік шешуші роль болып атқарылады. Бәсекелестікті қамтамасыз ету
үшін, өте қатал бақылауды тексеру қажет. Соның нәтижесінде ғана, нарықтық
қатынас жолымен дамудың тиімділігі іске асырылады.
Осыған байланысты бұл курстық жұмысым аралас экономика төңірегінде
өрбімекші. Қазіргі таңда бұл тақырып бүгінгі күннің талабын
қанағаттандыратын ең негізгі тақырыптардың бірі болып отыр.
Аралас экономика термині бір тектес пайымдауға келмейді. Оның
алғашқы және ең кең таралған пайымдауы экономиканың әр түрлі секторларының
(жеке меншік және мемлекеттік) үйлесуіне және меншік формаларының әр
түрлілігіне негізделеді. Екінші позиция кейнсиандықтан бастау алып, алғашқы
кезекке нарық (нарық механизмі) пен мемлекеттік реттеудің үйлестірілу
мәселесін қояды. Үшінші позиция әр түрлі әлеуметтік ағымдардан туындап,
капитал (жеке кәсіпкерлік) мен жұмыстанудың (қоғамдық, әлеуметтік
кепілдіктердің) үйлесуіне негізделді. Және тағы бір өркениеттік бағыттан
туындайтын позиция қазіргі қоғам құрылымдағы экономикалық және экономикалық
емес бастаулар ара қатынасы мәселесіне бағытталады.
Аралас экономиканың аталған пайымдалуы қазіргі жағдайда бір-біріне
қайшы келмейді: олар тек қазіргі дамыған экономика типінің формалық
қалыптасуындағы бірнеше жолдарды және олардың бірлігін сипаттайды. Аралас
экономиканың параметрлері салыстырмалы дербестігімен ерекшеленеді. Алайда
әр түрлі елдер жағдайында қандай да бір параметрдің немесе параметрлердің
қандай да бір таптарының басымдылығы көрініс табуы мүмкін.

Негізгі бөлім

1 Нарықты мемлекеттік бақылаудың қажеттілігі

Қазіргі кезең экономикасындағы мемлекеттің рөлін жаңаша ойластыру
қажет. Бұл кезде мемлекеттің экономикалық сфераларға тікелей араласуы
кеміп, бірте-бірте жанама реттеумен алмастырылатыны айқын. Расында, әрбір
кәсіпорынға жоспар белгілеп берудің қажеттігі жоқ. Мекемелер мен кәсіпорын
ұжымдарының өкілдіктерін кеңейтіп, оларға дербестік берген, мемлекет өзіне
тән іс — дамудың стратегиясын анықтаумен шұғылдануға мол мүмкіндік алатыны
тәжірибеден белгілі.
Қысқаша айтқанда, аралас экономика жағдайындағы мемлекеттің рөлі
әкімшілдік-әміршілдік жүйедегі жағдайдан мүлдем басқаша. Азаматтар, жеке
кәсіпкерлер немесе еңбек ұжымдары шешім қабылдау процесінде дербестік пен
жауапкершілікті өз мойнына алып, "бәрін" мемлекет органдарына мойынсынудан
арылуда. Мемлекет рөлінің күшеюі оның жаңа заңдар жасап барлық азаматтарды
бірдей, тең жағдайлы мүмкіндіктердің алдына қоюынан көрінеді. Мұның өзі
демократиялық мемлекеттің дамуы мен кемелденуінің кепілі.
Осы негізде, мемлекет қоғамға пайдалы, іс-әрекеттерді жүргізу үшін
өзінің әр түрлі функцияларын пайдаланады. Олардың ішінен заң шығару,
кәсіпкерлік пен халықаралық байланыстарды нығайту функцияларын атап айтуға
болады.
Мемлекеттің макроэкономикалық процеске қатысуы осы процестің,
бөлінбейтін элементіне айналды. Бүгінгі таңда мұндай қатынасу барлық
экономика көлемінде жүргізіледі және ол белсенді түрде жүзеге асырылуда.
Әлбетте, мемлекет белсенділігінің артуына қарамастан бүгінгі таңда
өркениетті елдердің экономикасы өзінің нарықтық негізін сақтауда.
Осыған байланысты экономика — мемлекет қарым-қатынастары қарама-
қайшылықты мазмұнда қалыптасуда. Heгe? Себебі аталған қарым-қатынастардың
екі жағы да қарама-қарсылықта бейнеленеді.
Шын мәнінде, нарықты экономика — таңдау және еркін кәсіпкерлікке
негізделген. Мемлекет — еркін таңдаушылықты шектейтін күш. Еркін таңдау
қашанда және барлық субьектілермен жоғары бағалылықпен таңдау ретінде
танылады, ал күштеу ықтиярсыз көндіру — осы бағалылықты теріске шығару
деп түсіндіріледі.
Мемлекеттің экономикалық өмірге белсенді араласуының мынадай үш
себебін бөліп көрсетуге болады.
Біріншіден, мұның қажеттілігі нарық қатынастары механизмінің өзегі —
бәсекелестік күрес болып табылатындығы. Монополияның дамуы — нарықты
экономиканың бәсекелестік бастамасын бұзады. Бұл макроэкономикалық
проблемаларды шешуге теріс әрекетін тигізеді, қоғамдық өндірістің
тиімділігін төмендетеді. Мұндай қатынасты тек мемлекеттің монополияға қарсы
әрекеті ғана жеңе алады. Яғни мұны бізде монополияға қарсы комитет шешіп
отыр.
Екіншіден, нарық механизміне "пайдасы жоқ" өндіріс түрлері аз емес. Ең
алдымен олар капиталдың орнын ұзақ, мерзімде толтыратын өндірістер. Оларды
меңгеру жекеменшік кәсіпорындарға біршама қиындықтар туғызады.
Үшіншіден, нарықтың өзін-өзі реттеу мүмкіндігінің шектелуінен
туындайтын себептер бар. Мемлекет өз күшін экономикалық жүйенің тепе-
теңдігін қамтамасыз етуге, жұмыспен қамтуды қажетті деңгейде сақтауға, ақша
айналымын бақылауға және т. б, макроэкономикалық проблемаларды шешуге
бағыттайды.
Демек, мемлекет міндетті түрде нарықты бақылап отыруы тиіс, өйткені
нарық өзін-өзі реттей бермейді. Бұл салада мемлекет тікелей араласпай
заңдар арқылы, сол экономика саласын реттеу арқылы әрекет етеді.

2 Аралас экономиканың мәні

Ірі өнеркәсіпті бір сатысынан басқасына ауыстырған өндіргіш күштердің
өсуі адамзат қоғамының әлеуметтік-экономикалық дамуының қатпарларында да
терең өзгерістер туғызады.
Екінші жағынан, болып жатқан өзгерістерді айтқанда қоғамдық өндіріс
түріндегі өзгерістерді көшіруге болмайды. Олар, жай ғана модификация емес,
басқа мазмұнға, жағдайға өту. Бұл өзгерістер машиналарды енгізу, ірі
өнеркәсіптің нәтижесі, содан кейін қоғамдық өндірістің индустриялануы
капитализм шеңберінде ұжымдық өндірістің өмірге объективті келуін
қамтамасыз етті. Нәтижесінде қоғамдық өндіріс машинаға сүйеніп өз бойында
қарама-қарсы екі тенденцияны қосады, кәсіпорындар мен өндіріс салаларының
оқшаулануы және өзара байланыстылығы. Тауарлы өндірістегі ұжымдық
қатынастарды немесе ұжымдық өндірістегі тауарлы қатынастардың қоғамдық
өндірістің бір түрінен екіншісіне ауысып өтпелі жағдайын білдіреді.
Қоғамдық өндірістің бұл өтпелі жағдайы нарықтық қатынас дамуының жаңа
сатысын — аралас экономиканы туғызады.
Тауарлы өндіріс — аралас экономика, өйткені мұнда ұжымдық өндіріс
қалыптасады, біреуінің заңдылықтары басқасына айналады. Аралас экономика
қызметінің ерекшелігі, тауарлы өндіріс заңдылықтарына негізделген ұжымдық
өндірістің заңдылықтарының әрекеті сипатымен байланысты. Экономикалық
қатынастар дамуының табиғи тарихи процесі меншіктің түрлі формаларының
басын қосады. Шаруашылықты жүргізудің бір тәсілі табиғи жолмен басқа
тәсіліне ауысып отырады.
Аралас экономиканы түрлі өндіріс әдістері арасындағы кедергі, ол
мемлекеттік жеке кәсіпкерлер ісіне араласуынан болады деп қарамау керек.
Аралас экономиканы көп укладтылықпен теңестіру де қате көзқарас. Әр түрлі
укладтар түрлі дамыған өндіріс әдістерінде болды. Айталық, дамыған
капитализмде феодалдық жер пайдалану, ұсақ тауарлық шаруашылықтың
қалдықтары болды; бірақ осының себебінен капиталистік өндірістік
қатынастардың негізіне аралас экономиканы кіргізу тауарлы өндірістің
капитализмді туғызғанымен бірдей, керісінше емес. Аралас экономиканы
формациялық емес деп қарау да күмәнді.
Қазіргі қоғам дамуының объективтік процестерін талдау мынаны
білдіреді: қазіргі экономикалық құрылыс аралас экономиканы сипаттайды, ол
бұрынғының қойнауында туған қоғамдық шаруашылықты жүргізудің жаңа түрі.
Қоғамдық шаруашылықты жүргізудің екі түрі аралас экономиканың тарихи
алғы шарттары еді. Сондықтан аралас экономика шын өмірдегі қатынастардың
бер жағын емес, ең тереңдегі шын нақты қатынастарды айқындайды. Аралас
экономика өзінің бойына мемлекет пен кәсіпкерлердің арасындағы қатынастарды
емес, экономикалық укладтар арасындағы қатынастарды емес, тіпті формациялар
мен өндіріс әдістері арасындағы қатынастарды емес, ол бір қоғамдық өндіріс
түрінің екіншісімен ауысу қатынастарын жинақтайды. Аралас экономикада
ешкімді, ештеңені ешқандай қыстау, қинау шыңдау жоқ. Мұнда эволюция табиғи
жолмен, біреулері жаңадан, бұрынғылары қоғамдық өндіріс элементтерінің
"ескертуімен" өзгеріп жүріп отырады. Оның өтпелілігі мұндағы жаңа өндіріс
әдісінің пісіп жетілуінде, бірақ бұл бір өндіріс әдісінің екіншісіне өту
кезеңі емес. Мұндағы процестер өте күрделі, өйткені жаңа заңдылықтарды
қалыптастыру бұрынғылардың модификациялануы мен жаңаруы, мәндік
қатынастардың өзгерген түрлері туралы сөз болып отыр. Бұлар жөнінде өтпелі
кезеңде айтуға болмайды, өйткені ол бұрынғы түрдегі процестерді өзіне
қабылдамайды және адекватты материалдық-техникалық база жасалған кезеңге
дейінгіні қамтымайды.
Шаруашылықты жүргізудің жаңа түрінің қалыптасуын айтқанда мынаны атап
өту керек; жаңаның бәрі емес, жаңаның жоғары дәрежелі, қоғамдық өндіріс
түрінің біреуін басқасының ауыстыруы бұл тауарлы өндірістің заңы.
Өндірістің жаңа ұжымдық түрінің ену процесі — аралас экономика. Аралас
экономиканың өтпелі экономикадан айырмашылығы мынада: өтпелі экономика
формациялық даму деңгейін және қайта өзгерісті ұйымдастыруды көрсетеді.
Әр түрлі елдердің қазіргі экономикасын аралас экономика деп сипаттауға
болады, бірақ АҚШ-тың немесе ГФР-ның экономикасын өтпелі деп айтуға
келмейді. АҚШ-тың, ГФР-ның экономикасы өз бойына тауарлы және ұжымдық
қатынастардың заңдылықтарын жинақтағанымен, оларда туып келе жатқан
қоғамдық-экономикалық құрылыстың экономикалық укладтары жоқ. Сондықтан біз
АҚШ-тың немесе ГФР-ның қазіргі экономикасын өтпелі экономика дей алмаймыз.
Жаңа экономикалық жүйенің алғы шарттары және жаңа жүйе бір-бірінсіз өз
бетімен дамитын ерекше эмбрион сияқты. Зерделеп отырған құбылыстың
белгілерін атау қиын емес, өйткені оларды бұрынғы ғалым-экономистер өз
түсінігі бойынша айқындады. Ғылыми әдебиетте олар монополистік
капитализмнің немесе индустриалды қоғамның, болмаса басқа бір концепцияның
белгілі сипаттары ретінде көрінеді. Осы алғышарттар аралас экономика ұғымын
анықтайды және оның мынадай белгілерін атап өтуге болады. Алдымен аралас
экономика қоғамдық өндірістегі тауарлы және ұжымдық өндірістің барлығын,
оларға тән заңдар, заңдылықтар мен қатынастарды сипаттайды. Аралас
экономика нақтылы экономикалық шындықтың құн заңы мен жоспарлылық заңының
әрекетін білдіреді. Олар туралы Дж. Гэлбрейт "Нарықтық қатынастар кейбір
жоспарлау жолымен модификацияланып отыруы тиіс" деп жазды.
Аралас экономиканың алғашқы көрінісі — экономиканы реттеуге
мeмлeкeттің apaласуы. Бұл ең алдымен мемлекеттің экономикалық қызметінің
күшеюінен көрінеді, бұған сұранысты ынталандыру, салықты реттеу арқылы
инвестицияны ынталандыру, амортизацияны жылдамдату және т.б. шаралар
кіреді. Аралас экономикаға тән белгінің бірі — мемлекет пен бизнестің өзара
байланысы. Бірақ мұнда басқа да көптеген аралық буындар мен элементтер бар,
ол әр түрлі өнеркәсіп, сауда, саяси топтардың мүддесін білдіріп, қоғамдық
өндірісті біртұтас өзара байланыстың түрлері мен саяси лоббизм жолымен
реттеуге қатысады.
Аралас экономиканың басты белгісі — мемлекеттік меншік. Айталық, жеке
сектордың қолынан бәрі келе бермейді, бұл әсіресе темір жол транспортында,
атом энергетикасында, космостық техниканы игеруде ерекше білінеді. Қазіргі
өндірістің бұл салалары тек үлкен көлемде ақша қаржыларын талап етіп қана
қоймай, сонымен қатар қоғамның барлық күш-жігерін қажет етеді. Олар өз
кезегінде шаруашылықтың басқа салаларына айтарлықтай тікелей ықпал жасайды.
Мемлекеттік меншіктің пайда болуы — тауар қатынастарында жаңа лептің,
ұжымдық өндірістің үстемдігін сипаттайды. Аралас экономикаға меншіктің
көптүрлілігі тән, мұнда жеке-дара және ұжымдық меншіктің түрі олардың
негізі болып, басқа түрлерінің пайда болуына әсер етеді. Аралас
экономиканың маңызды бір белгісі құндық және жоспарлылық тұтқалар арқылы
реттеу. Оларды қолдану басқарудың мемлекеттік және де басқа органдарда
жүреді, бұлар кеңестік және консультация немесе зерттеу сипатында болады.
Аралас экономиканың мәнді бір сипаты — микро- макро деңгейіндегі
экономикалық процестерді ұйымдастырудың, басқарудың ролінің артуы.
Ұйымдастыру қатынастары ролінің артуы тек қана техникалық себептерден емес,
алдымен экономикалық процестердің салдарынан болады.
Қарастырып отырған аралас экономиканың белгілерінің тағы бір жағы
жекеленген кәсіпорындардың трест, концернге, диверсификацияланған
фирмаларға ауысуы. Олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аралас экономика жүйесі
Аралас экономика жүйесі және оның басты ерекшеліктері
Аралас экономиканың мазмұны мен белгілері
Дамыған елдердегi аралас экономика және сол туралы ғалымдарының iлiмдерi
Аралас экономика, оның мәні және ерекшеліктері
Экономикалық жүйенің дамуы үшін қажетті алғы шарттар мен жағдайлар
Аралас экономиканың моделдері
Қоғамдық шаруашылық формалары
Экономикалық жүйелер
Аралас экономиканың мәні
Пәндер