Валюталық нарық және валюта жүйесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
1. Валюталық нарық және валюта жүйесі 3
1.1. Валюталық нарықтың мәні 3
1.2. Валюта жүйесі және оның түрлері 4
2. Халықаралық валюталық қатынастар 8
2.1. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат 8
2.2. Дүниежүзілік валюта жүйесінің даму кезеңдері (эволюциясы) 12
Қорытынды 16
Пайдаланған әдебиеттер 17

"... Біздің ұрпақтың келер ұрпақтар алдында
орасан зор жауапкершілік жүгін арқалайтынын...
күнделікті есте ұстауға тиіспіз"
Н.Ә. Назарбаев

Кіріспе

Ақша, несие, банктер - қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз
белгілері. Олардың қызметі қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды
және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды
пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез келген адам
үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша
қолданылмаған ақша қаражатын жинақтап, оларды салалар мен аймақтар,
кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша
капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге
негіз қалайды.
Ақша, несие, банктер - ұзақ қоғамдық дамудың өнімі.
валюта қатынастары, валюта жүйесі туралы ұғымдарға арналып,
халықаралық валюта-несие қатынастарының қалыптасуы мен даму кезеңдері,
ұлттық валюталардың айырбасталымдығы, халықаралық eсeп айырысу баланстары,
валюта бағамы жэне оның ұлттық экономикаға әсері, сонымен қатар халықаралық
және аймақтық валюта-несие, қаржы ұйымдары туралы кеңінен баяндалады.
Ақша, несие және банктер мемлекеттің экономикалық жүйесінің бір бөлігі
ретінде қоғамдық дамудың проблемалары мен заңдылықтарын көрсетеді.
Сондықтан оларды жалпы экономиканың жағдайынан бөліп қарастыруға болмайды.
Бұндай өзара байланыс әсіресе өтпелі кезеңде, өндірістің тиімділігінің
төмендеуі инфляцияның жоғарғы қарқынымен қабаттас келгенде, банктік
белсенділіктің төмендеуі мен кейбір несие мекемелерінің күйреуі кезінде
белгілі болады.

1. Валюталық нарық және валюта жүйесі

1.1. Валюталық нарықтың мәні

Валюталық нарық қаржы нарығының құрамдас бөлігі болып табылады.
Валюталық нарық - бұл шетел валюталары мен шетел валютасындағы бағалы
қағаздарды сату және сатып алу операциялары жүзеге асырылатын арнайы
орталық болып табылады.
Валюталық операциялардың көлемі, сипатына және пайдаланатын санына
қарай байланысты валюталық нарықтар үшке бөлінеді:
• халықаралық;
• аумақтық;
• ұлттық (жергілікті).
Халықаралық валюталық нарықтар ірі дүниежүзілік қаржы орталықтарында
орналасқан. Оның ішінде Нью-Йорктегі, Франкфурт-Майндағы, Париждегі,
Цюрихтегі, Токиодағы, Сингапурдағы, Гонгконгтағы ірі валюталық нарықтарда
халықаралық төлем айналымында кеңінен пайдаланылатын валюталар ұлттық
валюталық нарықтарда белгілі бір еркін аумастырылады, мысалы: Сингапур -
доллары, Сауд - риалы, Кувейт - динары т.б. орналасқан банктер өз
клиенттеріне валюталық қызметін түсіндіреді.
Валюталық нарықтағы операцияларға банктер функциональдық көзқараспен
қарасақ, валюталық нарық - халықаралық есеп айырысу, валюталық
интервенциялау, пайда табуды қамтамасыз ететін валюталық операциялардың
жиынтығын білдіреді.
Институтционалдық жағынан қарасақ, валюталық нарық -Үкіметтің,
банктердің, инвестициялық, компаниялардың биржалардың брокерлік
конторалардың және шетелдік банктердің жиынтығы.
Ұйымдастырылу-техникалық жағынан алсақ, валюталық нарық - банктерді
халықаралық есеп айырысу және валюталық операцияларды жүзеге асыру
барысында өзара байланыстыратын басқа да коммуникациялық жүйелер жиынтығын
білдіреді.
Валюталық нарық белгілеріне қарай келесідей түрде жіктеледі:
1.) Орналасу аумағына қарай:
• халықаралық;
• ішкі;
• аумақтық.
2.)Валюталық шектеуге қатысты:
• еркін нарық;
• еркін емес.
Валюталық шектеу қойылған валюталық нарықты - еркін емес нарық деп, ал
валюталық шектеу қойылмаған жағдайда оларды еркін валюталық нарық деп
атауға болады.
3.) Валюталық бағамның қолданылу түріне қарай:
• бір ғана режимді;
• қос режимді.
Бір ғана режимді валюталық нарық - бұл еркін валюталық бағамға
негізделген, яғни валюталардың өзгермелі бағамы биржадағы саудада
белгіленеді. Қазақстан Республикасында теңгенің арнайы валюталық бағамы
фиксинг көмегімен белгіленеді. Фиксинг (француз сөзінде fixer латында Fixus-
белгілі бір жағдайда бекіту) - Қазақстанның қор биржасында жүзеге
асырылатын және АҚШ долларының теңгеге қатысты бағамын анықтауды біддіреді.
Фиксинг бағамы - Қазақстан Ұлттық банкінің біртұтас бағамы болып табылады.
Валюталық фиксинг аптасына екі рет болады. Фиксинг арқылы Рейтер (Reuter)
агенттігінің кросс-бағамдары туралы валюталарға қатысты бағамы анықталады.
Шетел валютасына қатысты теңгенің кросс-бағамын есептеуде төмендегідей
формула пайдаланылады.
Кросс-бағам (теңге) = ;

1.2. Валюта жүйесі және оның түрлері

Валюта (итальян сөзі, сөзбе-сөз - құн) - елдің ақша бірлігі, оның
шартты түрі, халықаралық төлем-есеп айырысу айналымының каналдары арқылы
ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін интенсивтендіру (күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші
болды. Өндіріс күштерінің дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салалардың
өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетілдіру - міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының
кеңеюіне әсер етті. Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау,
ауыл шаруашылығы, тамақ өнеркәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғаюына
байланысты болды.
Халықаралық экономикалық қатынастарда өндіріс пен капиталды
интернационалдандыру ішкі сауда айналымындағы шектеуді азайтуды, оның
жолындағы кедергілерді жоюды, яғни ішкі сауда-саттықты босаңдатуды талап
етті. Өз тауарларының сыртқы нарықта кедергісіз қозғалыста жүруіне
транскорпорациялардың қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы
мемлекеттердің тауарларын нарыққа түсуін жеңілдетуі, сондай-ақ
интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы ішкі корпорациялық тауар
айналымының ұлғаюы - ресурстарды толық және тұрақты қолдануға қол
жеткізгендіктің айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің
өзара қарым-қатынастарының тереңдеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық
жағдайын анықтайтын барлық факторлардың - өндіріс пен әлемдік айырбастың,
жалақы мен бағаның өсу қарқынына зор әсер етті. Әлемдегі елдердің
шаруашылық қарым-қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі
жылдан-жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде
қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де
әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы
саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы
қолданылады. Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті
деп танылған халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялануы (экономикалық одаққа
кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және
керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта, есеп айырысу және
несие-қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан
қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы, олар ұлттық шаруашылықтардың
нәтижесінің (тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді.
Валюта қатынастарының кейбір элементтері көне дәуірде (ежелгі Египетте,
Римде) вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта
қатынастарының туындауы ұдайы өндіріске байланысты болғанымен оған, өз
кезегінде, өндірістің тұрақтылығы дәрежесіне қарай керісінше де әсер
(жағымды немесе жағымсыз) етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен
және ережелермен реттеледі.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүйесі пайда
болды. Валюта жүйесі - ол экономикалық көзқарас тұрғысынан - шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатын валюта-
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық-заңдылық тұрғысынан - ол
белгілі бір қоғамдық-экономикалық формация шегінде мемлекеттік-құқықтық
түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық, дүниежүзілік жане мемлекетаралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас
бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға
және халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта
ресурстарын пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта
жүйесі ұлттық валютаға негізделіп құрылады. Ұлттық валюта - елдің ақша
бірлігі. Ол қолма-қол формада (банкнота, монета) және қолма-қол емес
формада (банктік шоттардағы ақша қалдығы) болады. Оның эмитенттері ұлттық
орталық банк және коммерциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі
элементтері төмендегілер:
• ұлттық валюта;
• ұлттық валютаның шетел валютасына айырбасталу жағдайлары, яғни
айырбасталудың екі түрлі болуы: а) шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халықаралық валюта қорының (ХВҚ)
Жарғысында "еркін қолданылатын валюта" деген ұғым енгізілген. Оған
американдық доллар, евро, жапон иені; ә) жарым-жартылай айырбасталатын
валюта, мысалы, ресейлік рубль; б) айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
• валюталық паритеттің бірдейлік ережесі - валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген ондағы
алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО-да 1991
жылдан). ХВҚ-ның Жарғысы бойынша валюта паритеті тек СДР - арнаулы ақша
өлшемімен немесе басқа халықаралық валютамен, бірақ алтынмен емес,
анықталуы мүмкін. 70-жылдардың орта шенінен бастап паритеттер валюта
қоржыны (корзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше
валюталарды белгілі бір бөліктерінің сомасын сол валюталардың нарықтық
бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатын бір валютаның
орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны жоғарыда
көрсетілген бұрын еркін қолданылатын валюталардан құралады, қазір ондағы
американдық доллардың үлесі шамамен 39%, жапон иені - 18%-тен болады.
Еуропа қауымдастығының еуропалық валюта өлшемі (Еуро) он бес елдің
валютасынан тұратын валюта қоржынынан құрылған;
• валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта
өзгермелі), Мысалы, Еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында он бес
валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15% шамасында бекітілген; 1995 жылдың
екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300-4900 руб.
аралығында, ал 1997 ж. 5750-6350 руб. болды. 1998 ж. валюта коридорының
жоғары шегі 9500 рубльге дейін көтерілді. Валюта-қаржы дағдарысы кезінде,
1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға шаққандағы бағамы бұл шектен
шығып, деноминацияланған 15-25 рубльге дейін көтерілді. Көптеген елдерде
валюта бағамының өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
• валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел
экономикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лимит белгілеу, белгілі
бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым салу
енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер бірте-бірте
валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ Жарғысының VIII
бабына қосылып, саудалық және саудалық емес операцияларға валюталық
шектеулерді жойды.
• төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері,
СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ-дың орнына), ХВҚ резервтік позициясы
(бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін білдіретін
мемлекеттің халықаралық валюта өтімділігін реттеу;
• халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
• валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
• валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық
банк, Қаржы министрлігі, арнаулы органдар, мысалы, Қазақстанда Ұлттық банк,
Ресейде - валюталық және экспорттық бақылаудың федералдық қызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байланысты әр елдің ұлттық
валюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта жүйелері
қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық келісіммен
заңды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол - халықаралық несие-қаржы институттарымен
халықаралық шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже-шарттардың негізгі міндеті - халықаралық сауда-саттық
процестерін жеңілдету, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты - кейбір мемлекет пен үкіметтер жағынан болып
тұратын әр түрлі валюталық шектеуді және тамыр-таныстық (протекционизм)
әрекеттерді түп-тамырымен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланыстарда дербес роль атқарады.
Ол өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбастың көлеміне, баға саясаты
мен жалақыға әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша-
есептесу қатынастарын, сондай-ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша
айналымын қамтиды. "Дүниежүзілік валюта жүйесі" деген ұғымға кіретін ішкі
және сыртқы жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін
біріктіретін түйін - әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден-бір түрі болып алтын, кейін құйма
формасындағы алтын есептелді. Алтын монетаны халықаралық есептесуде қолдану
үшін алдымен құйма жасау, содан соң басқа елдің монетасын соғу қажет болды.
Біртіндеп айналыс шығындарын азайту мақсатында халықаралық есеп айырысуда
ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.
Ұзақ тарихи дамудың нәтижесінде дүниежүзілік валюта жүйесінің негізгі
элементтері қалыптасты. Олар:
• әлемдік ақшаның міндетті формасы (алтын, резервтік валюта,
халықаралық валюталық өлшем);
• валюталардың айырбасталу шарттарын белгілеу;
• валюталық паритет пен валюта бағамы тәртібін үйлестіру;
• валюталық шектеу көлемін тәртіптеу;
• халықаралық валюта өтімділігінің құрамдас бөліктерін белгілеу
(мысалы, ХВҚ 1970 жылдан айналымға жаңа халықаралық валюта өлшемі СДР-ды,
ЕВҚҚ - 1979 жылдан еуропалық валюта өлшемі ЭКЮ-ді, ал 1999 ж. қаңтардан
еуроны енгізді);
• халықаралық несиелік айналым құралдарын қолдану тәртібін үйлестіру;
• әлемдік валюта нарығы мен алтын нарығының ережесі;
• мемлекетаралық реттеу институтының статусы - 1944 жылдан Халықаралық
валюта қоры бекітілді.
Аймақтық валюта жүйесі (ЕВЖ) - дүниежүзілік валюта жүйесінің
шеңберінде батыс Еуропаның өнеркәсібі дамыған, мемлекеттерін біріктіретін
ұйым. Ол 1957 жылы Рим шарты бойынша құрылған "Жалпы нарық" одағындағы
мемлекеттердің экономикалық және валюталық ынтымағының дамуынан бастау
алып, 1979 жылы құрылды. Оның мақсаты — ынтымақтастық процесін ынталандыру,
еуропалық саяси, экономикалық және валюта одағын - Еуропалық одақ (ЕО)
құру, Батыс Еуропаның позициясын күшейту. Еуропа валюта жүйесінің
элементтері дүниежүзілік валюта жүйесінің элементтеріне дәл келеді.
Дүниежүзілік валюта жүйесінің ерекшеліктері мен тұрақтылығы оның
құрылымдық принциптерінің әлемдік шаруашылықтың құрылымы принциптеріне,
әлемдік тұрғыда күштердің орналасуына және басшы елдердің мүддесіне
сәйкестік деңгейіне байланысты өзгереді. Бұл принциптер сәйкес келмесе
дүниежүзілік валюта жүйесі әлсін-әлі дағдарысқа ұшырап, оның ыдырауымен
және жаңа валюта жүйесінің құрылуымен ұштасады.

2. Халықаралық валюталық қатынастар

2.1. Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында
халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:
• нарықтық реттеу;
• мемлекет тарапынан реттеу;
Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ
олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына
бағынады. Мұндай заңдардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында
жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты эквивалентін, тауарлар,
көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік
шаруашылықтың қажеттілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін
қамтамасыз етеді. Баға механизмі және нарықтағы валюталық бағам
динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенттер валюталарды сатып
алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады.
Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар
көздері болып табылады.
Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген,
бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы
маңыздылығын ескере отырьш, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғ.
алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш
ретінде алтын механизмі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті қатынастардың аяқ
асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс
әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.
Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады.
Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал
екіншісі, валюталық қатынастарды нарықтық реттеудегі теріс салдарларды
жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы
тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы
шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын
жағдайларда қатаң мемлекеттік валюталық реттеудің маңыздылығы артады.
Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық
операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақ
та мемлекет, бұл жағдайда да, валюталық қатынастарды қалыпқа келтіру және
қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

Валюталық саясат.

Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын
алады.
Валюталық саясат - бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына
сәйкес, халықаралық валюталық және басқадай экономикалық қатынастар
аумағында жүзеге асырылатын шаралар жиынтығын білдіреді.
Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты
экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін
тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-теңдікті ұстап отыруға бағытталады.
Валюталық саясаттың басты бағыттары мен формалары елдердің валюталық-
экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік
аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.
Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және
одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың
жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығы мен, сондай-ақ екі
жақты көп жақты валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасындағы
жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді.
Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы -валюталық реттеу
болып табылады.
Тікелей валюталық реттеу — заңды актілер және атқарушы өкіметтің
әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу - нарықтың
экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, валюталық және
несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.
Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы - Халықаралық Валюталық қор
(ХВҚ) болып табылады.
Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және формаларына байланысты екіге
бөлінеді:
1.) Құрылымдық валюталық саясат;
2.) Ағымдық валюталық саясат;
Құрылымдық валюталық саясат — дүниежүзілік валюталық жүйедегі
құрылымдық өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталатын ұзақ мерзімді шаралар
жиынтығын білдіреді. Ол, валюталық саясат реформа формасында іске
асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер
етеді.
Ағымдық валюталық саясат - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Валюталық нарық және валюта жүйесі туралы
Валюта жүйесі туралы
Валюталық қатынас және валюта жүйесі
Валюталық нарықтағы сұраныс пен ұсыныстың өзара әсері
Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу
Қазіргі таңдағы валюталық нарық дамуының негізгі тенденциялары
Валюталық нарықтың мәні
Валюталық жүйе және валюталық қатынастар туралы
Пәндер