Исландия энергетика саласы жағынан озық


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімНорвегия (Норвегия корольдігі) КанадаИсландия Республикасы
  3. Қорытынды

4. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе

Дамыған елдердің санына келетін болсақ, ең алдыңғы қатарлы сегіз ел бар. Бұл АҚШ, Германия, Жапония елдері бар тізім. Бұл елдердің экономикасы өте жоғары дамыған және жалпы ұлттық өнім жан басына шаққанда ең көп дәрежеде. Өзі дүниежүзінің экономикалық дамуына қарай бірінші, екінші және үшінші ел болып бөлінеді. Үшінші елдер - ең артта қалған елдер. Екіншінің қатарындағылар орта дәрежедегі елдер. Ал бірінші елдерге жоғарыда айтқан дамыған сегіз ел жатады. Экономикасының өсу деңгейіне қарай бұлардың қатары өзгеріп отырады. Үшінші елдердің қатарында артта қалған, әсіресе отаршылдық езгіде болған Африка, Оңтүстік Азия, Шығыс Азия елдері бар. Олардың экономикасының артта қалуына отаршылдық және өздерінің мемлекет болып бірігуі, бытыраңқылығы, толып жатқан тарихи басқа да себептер болған.

Норвегия (Норвегия корольдігі)

Байрағы Елтаңбасы

Солтүстiк Еуропаның Скандинавия түбегiнде батыс жағалауды барынша иемденiп жатқан iрi елдердiң бiрi - Норвегия болып табылады. Атлант мұхитынан соғатын суық желдiң әсерi бар, батыстағы таулы қыраттың қытымыр аязы үстемдiк құратын өлке қатарынан үш елмен қоңсылас орналасқан: Ресеймен - 196, Финляндиямен - 727 km, ал Швециямен - 1619 km шекарасы шектесiп жатыр.

Корольдiктiң жер аумағы - 386 960 km2 құрайды. Бұл жағынан келгенде Норвегия Скандинавия елдерi iшiнде екiншi орында.

Әкімшілік бөлінісуі

Норвегия жерi 19 облысқа бөлiнген (жергiлiктi тiлде облысты фүлке атайды) . Әр облыс қалалар мен ауылдық округтерден (коммуна) құралады. Оның әрбiрi төрт жылда бiр сайланатын кеңеске ие.

Жұрты

Халық саны жер аумағына қарай шаққанда аз және қоныстануы да әркелкi. Айталық соңғы жасалған халық санағы бойынша елде 4 миллион 574 мың халық тұрады. Ал осы аз халықтың үштен бiрi - бiр Осло-Фьорд аймағына ғана шоғырланған. Ал өзге iрi қалалардағы халықтың қоныстануы төмендегiдей: Берген (224 мың), Тронхейм (145 мың), Ставангер (106 мың), Берум (98 мың) . Ал елдiң қалған бөлiгi халық өте сирек қоныстанған аймақ болып саналады.

Елдегi бала туу - 11, 89 % құраса, адам өлiмi - 9, 51 %. Елдегi балалар өлiмi ең төменгi деңгейде. Және статистикалық мәлiметтерге сүйенсек, әрбiр төртiншi норвег ауылдық жердi мекен етедi екен.

Норвегияның негiзгi халқы - германиялық бiртектi ұлт. Ал елдiң солтүстiгiнде жалпы саны 20 мыңға жуық саам халқы мекен етедi. Елде норвег тiлiнiң екi түрi кездеседi - букмол және нүношк.

Саясат жайғасы

Норвегия - демократиялы конституциялық монархия болып табылатын мемлекет. 1991 жылдың 17 қаңтарынан берi мемлекет королi - Харалд V.

1814 жылы қабылданып, көптеген рет өзгерiстер мен толықтыруларды бастан кешiрген ел конституциясына сай, корольдiң уысына елдiң үш билiгi бiрдей берiлген.

Министрлер кабинетi Премьер-министр мен 16 министрден құралады. Үкiметбасыға елдiң атқарушы билiгi табысталған.

Стортинг аталатын ел парламентiне 169 депутат мүше бола алады.

Корольдiкте көппартиялық жүйе мықтап қалыптасқан. Норвегияның белдi партиялары қатарына - «Норвегия жұмысшылар партиясы», «Социалистiк солшылдар партиясы» және «Орталық партия» жатады.

Экономикасы

Норвегияның экономикасы айтарлықтай кең көлемде. Бұған себеп - үлкен мұнай қорына иелiк ете тұра, корольдiктiң сыртқы саяси ойында аса белсендiлiк танытпауында жатыр. Дегенмен, қазiргi таңда IЖӨ индексi бойынша Норвегия әлемнiң ең бай мемлекеттерiнiң қатарында. 1970 жж. басталған Солтүстiк теңiз кенiшiндегi мұнай мен газ өндiрiсi елдi Батыс Еуропа нарығындағы ең iрi мұнай шығарушы мемлекет қатарына шығарып, әлемдiк саудаға мұнай шығарудан 2-шi (Сауд Арабстаннан кейiнгi) орынға көтерiп тастады. 2005 ж. IЖӨ 194, 7 млрд. АҚШ долларын немесе жан басына шаққанда 42, 4 мың АҚШ долларын құрап, Норвегияны үздiктер тiзбегiндегi 17 орынға шығарса, 2006 жылы корольдiк тағы да бес сатыға жоғарылап, 12-ші орынға көтерiлдi.

Ел экономикасындағы негiзгi сала - мұнай мен газ өндiрiсi. Алайда елдегi энергия көзi осы мұнайдан алынып отыр деу - жаңсақ. Өйткенi Норвегия мұнайы түгелiмен экспортқа шығарылады. Ал энергияны олар су көзiнен алады. Алдағы уақытта оған «этанол» аталатын химиялық қосалқы энергия көзiн қосу - жоспарда. Бұл дегенiңiз - қалдықтарды қайта өңдеу арқылы оны бензинге араластырып, таза экологиялық энергия шығару деген сөз. Норвегия үкiметi химия технологиясына қатты мән береді.

Дегенмен бұл жерасты байлығын иемденем дегенге дейiн Норвегия экономикалық тұрғыда үлкен қиындықтарды бастан кешiргенi белгiлi. Өйткенi 19 ғ. мен 20 ғ. орта шенiне дейiн елдiң негiзгi экономикалық саласы - ауыл, орман және балық шаруашылығы болғаны белгiлi.

Корольдiк ежелден теңiзшiлер елi саналады. Соған орай халықтың үлкен бөлiгi жағалауға қарай қоныстанған. Ертеректе, дәлiрек айтқанда бiздiң дәуiрдiң 1000 жж. викингтер аталатын тәжiрибелi теңiзшiлер тобы Атлант мұхитын кесiп өтiп, Жаңа әлемнiң есiгiнен енген. Бұл ерте дәуiрден-ақ Норвегия жерiнде теңiз шаруашылығының кең өрiс алғанынан хабар берсе керек. Бұған елде сақталып қалған зәулiм сауда флоты мен жоғары дамыған балық шаруашылығы да дәлел бола алады. Айта кетерлiгi аталмыш флот тасымалға шығаратын тауар көлемi жағынан 1997 ж. 6-шы орынды иеленген.

Балық шаруашылығы елде ертеден-ақ жақсы дамыған. 1975 жылы аталмыш шаруашылықты дамыту жөнiнен Норвегия дүниежүзi бойынша 5-орынды иеленсе, 1995 жылы 10-орынға тұрақтаған. Корольдiкте балық шаруашылығы саласының ең негiзгiсi - майшабақ. Бұл жағынан 1996 жылғы есеп бойынша Норвегия ең негiзгi бәсекелесi - Ұлыбританиядан үш есе көп, 330 мың тонна балық аулап, экспортқа шығарған.

Орман шаруашылығында да айтарлықтай жетiстiктер бар. Өйткенi Норвегия жерi географиялық жағынан орман шаруашылығына қолайлы. Ел территориясының төрттен бiр бөлiгi орманды алқап. Алайда ағаш өсiмiнiң өте баяу екенiн ескеретiн болсақ, бұл саланың ел экономикасының екпiндi тiрегiне айналмағанына көз жеткiзу қиынға соқпайды.

Ауыл шаруашылығы Норвегия халқы үшiн тиiмсiз сала. Егiн егуге корольдiктiң таулы, қыратты, құнарсыз топырақты географиясы мен жазы салқын, аса мол жауын-шашынды ауа райы да қолайсыз. 1996 жылы ауыл және орман шаруашылығында еңбекке жарамды халықтың бар болғаны 5, 2 пайызы ғана қызмет еткен. Ал ауыл шаруашылығына бөлiнген жердiң 3 пайызы ғана өңделiп, пайдаланылған. Мұнай өндiрiсi ашылғанға дейiн ел экономикасының негiзгi салаларының бiрi болғанымен, бүгiнде Норвегияда ауыл шаруашылығына аса көңiл бөлiнбейдi.

Норвегияның өңдеу өнеркәсiбiнде алға қойылған салалар - электрометаллургия, радиоэлектроника мен кеме жасау және жөндеу өнеркәсiптерi. Бұл салаларға жалпы еңбекке жарамды халықтың 25 пайызы тартылған. Норвегия сыртқы саудада Германия, Швеция, ұлыбритания, Дания, Нидерланды және АҚШ мемлекеттерiмен тығыз байланыс орнатқан. Экспортқа шығаратын негiзгi өнiмдерi - мұнай мен газ (55 пайыз) және дайын өнiмдер (36 пайыз) . Сондай-ақ, импорттайтын тауарлары - дайын өнiмдер (81, 6 пайыз) және ауыл шаруашылығы өнiмдерi (9, 1 пайыз) .

Елдiң қорғаныс саласында жаяу әскер, әскери-теңiз және әскери-әуе флоттары бар. Ел заңы бойынша, 19 және 45 жас аралығындағы азаматтар мiндеттi түрде 6 айдан 1 жылға дейiнгi уақыт аралығында әскери қызметте болуы шарт. Запастағы әскер саны - 230 мың. Ал Норвегияның қорғаныс саласына жұмсаған соңғы жылдағы қаржысы IЖӨ-нiң 1, 9 % құраған.

Елордасы Осло

Ең ірі қаласы Осло

Ресми тілдері Норвегше (Букмол, Нүношк)

Ел басқаруы Конституциялық монархия

- Король Харалд V

- Премьер-министр Йенс Столтенберг

Жұрт саны

- 2006 шілденің 1 сарап. 4. 667. 410 (114-ші)

- Тығыздығы 12/km² (202-ші)

Ұлттық ақшасы крон

Канада

Канада атауы Лаврентия өзенінің жағалауында тұратын ирокездер тілінен шыққан. Ол «ауыл» немесе «қоңыс» деген мағынаны білдіреді. 1535 жылы Квебек қаласында тұрған аймақ тұрғындары зерттеуші Жак Картьені Стадакон ауылына жол сілтеу үшін бұл сөзді қолданған. Ал Картье болса «Канада» сөзін тек қана сол ауылды ғана емес, Стадоконе ауылының билеушісі Доннаконге бағынған барлық аудандарды білдіру үшін қолданған.

1545ж тамам еуропалық кітаптар мен карта беттерінде бұл аймақ «Канада» сөзімен аталады.

Канада- әлемнің бай мемлекеттерінің бірі, экономикалық қатынастар және даму ұйымының және Үлкен сегіздік мүшесі. Канада- бұл жай ғана мемлекеттің араласуымен туындаған нарықтық экономика. Экономикалық қайта құру кезенінен кейін, соңғы он жыл ішінде Канада экономикасы жұмыссыздықтың ең төменгі деңгейі мен федералды бюджеттің жоғары профицитімен тез арада өседі. Қазір Канада экономика жүйесіндегі нарықтық бағыттарымен, өндірістік күштерімен және оның өмірде жоғары деңгейімен АҚШ-қа өте ұқсайды.

Өндірістік, тау өндіру секторлары және қызмет көрсету салаларының айтарлықтай өсуі аграрлы мемлекетті қала тұрғындарымен қоса, индустриалды мемлекетке айналдырады. Қазіргі таңғы өндірістік-дамыған елдер секілді Канада да қызмет көрсету

саласы жұмыс жасайды, ол канадалылықтардың ¾ бөлігін құрайды. Бірақта Канада басқа өндірістік дамыған мемлекеттерге қарағанда мұнай және орман саласында өнім шығарумен ерекшеленеді.

Канада энергияны жылдам тасымалдаушылардың бірі болып табылады. Канаданың шығыс жағалауларында газды кен орындары және мұна мен газдың қорлары бар. Атабаска ауданындағы битумды топырақтың кең таралуымен Канада мұнай өндіруші мемлекеттердің арасында екінші орынға ие. Британдық Колумбия, Манитобе, Онтарио, Квебеке және Ньюфаундленде-Лабрадореде қайта өндірмелі арзан гидроэнергияның көздері орналасқан. Ал уран өндіруден Канада әлемдік көшбасшысы болып табылады.

Канада алмаз шығарудан әлемде екінші орынға ие, цинкті дайындауда ірі өндірушілерінің бірі және басқа да табиғи ресурстарды (алтын, никель, алюминий) алуда көсбасшысы болып табылады. Ауыл шаруашылығымен айналысу қолайсыз және тиімді емес солтүстік аймақтың барлық қалалары жақын орналасқан жер қойнауындағы байлықтарымен өмір сүруде. Онтарионың оңтүстігінде американың автомобиль гиганттарына сұранысын дайындайтын автожинау өндірісінің қатары шоғырланған, Квебек өзінің аэрокосмостық комплексімен атақты.

Дамыған шығарушы өндірісіне сай, Канада бр жағынан халықаралық саудаға тәуелді болып келеді, әсіресе АҚШ саудасына. 1989 жылғы еркін сауда туралы келісім және 1994 жылғы еркін сауда туралы Солтүстік - америка келісімінің қорытындысы Канада мен АҚШ арасында сауда және экономикалық интеграциясында айтарлықтай өсуді байқауға болады. 2001жылы жарты жылға созылған экономиканың ақырындап дамуына қарамастан (тоқырау емес), Канада 1991 жылдан бастап ең жақсы көрсеткіштерімен тек алда көрінуде.

Канаданың валютасы болып канадалық доллар табылады.

2006жылғы Канада статистикалық көрсеткішке сай, Тамыз айына халақ саны 32 610 000 адамды құрайды. Мұнда халықтың көптігіне имиграция зор септігін тигізуде.

Канада - этникалық жағынан әр түрлігімен ерекшеленеді. 2001жылғы тіркеу бойынша Канадада 34 этникалық топ тұрады, олардың өзі 1 адамды құрайды. Ең үлкен этникалық топ өздерін «канадалылықтар» деп атайды (39, 4%) . Содан кейін ағылшындар (20, 2 %), француздар (15, 8 %), шотландтар (14 %), ирландықтар (12, 9 %), немістер (9, 3 %), итальяндықтар (4, 3 %), қытайлар(3, 7 %), украиндер (3, 6 %), евлелер (1, 5 %) және т. б.

Елордасы Оттава

Ең ірі қаласы Торонто

Ресми тілдері ағылшын, француз

Ел басқаруы Конституциялы монархия

Ел басшысы Королева Елизавета II

Генерал-губернатор Мишаель Жан

Премьер-министр Стивен Харпер

Аумағы

- Бүкіл 9 984 670 km²

- Су (%) 8. 92 (891, 163 km²), әлемде екінші

ЖІӨ 2005 сарап.

- Бүкіл $1. 318 млрд.

- Тұлға басына $34, 273 әлемде 11-ші орында

Ұлттық ақшасы канадалық доллар ($)

Исландия Республикасы

Байрағы Елтаңбасы

Исландия (Исландия Республикасы) - Eуропада орналасқан аралды ел. Гренландия аралының шығысында және Норуегия мен Норуег теңізінің батысында жайғасқан. Елордасы Рейкиявик аралдың оңтүстік-батысында орналасады.

Аралдың атауының аудармасы - мұзды жер.

Солтүстiк Америка мен Еуропа арасындағы ұлы мұхитта орналасқан аралдық қос елдiң бiрi - Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда әлемдегi ең жас елдердiң бiрi. Ғалымдардың пiкiрiнше, Исландия Жер тарихының төрттiк дәуiрiнде су асты (Атлант мұхиты) жанартауларының атқылауынан пайда болып, жаһандық мұз басу кезеңiнде қатып, аралға айналған мемлекет.

Исландияның жағалау шекарасы 5 мың km жуықтайды. Елдiң солтүстiк және солтүстiк-батыс аудандары таулы болып келсе, оңтүстiк бөлiгiн құмды алқаптар алып жатыр. Исландияның бүкiл жерін дерлiк мұз жамылғысы басып жатыр. Ел бойынша жердiң 11 900 km² аумағы мұз жамылғысымен жастанған. Мұндай мұзтаулар елдiң солтүстiк бөлiгiнде орасан көп. Оның iрiлерi - Ватнайекүдл, Хофсиекүдл және Лаунгиекүдл. Ал елдiң биiк нүктесi - Хваннадалсхнукүр (2119 m) .

Исландия өзiнiң аралдық көршiсi - Британ аралдары секiлдi жауын-шашынның көптiгiмен ерекшеленедi.

Исландия геологиялық тұрғыдан алғанда өте жас елдердiң бiрi. Алайда өзге еуропалық мемлекеттер секiлдi тәуелсiздiкке ерте қол жеткiзген. Тарихтан Исландияның 1387-1390 жж. Данияға бағынышты болғаны белгiлi.

Исландия - республикалық мемлекет. Конституциясы 1944 ж. қабылданған. Ел басшысы - президент әр төрт жыл сайын бүкiлхалықтық ашық және жабық сайлау нәтижесiнде сайланып отырады. Дегенмен президенттiң уысына атқарушы билiк түгелдей берiле қоймаған. Заң бойынша атқарушы билiк үкiмет пен оның басшысы - Премьер-министрдiң қолында.

Парламент (жергiлiктi тiлде алтинг аталады) депутаттары да (жалпы саны - 63) бүкiлхалықтық сайлау нәтижесiнде 4 жылға сайланады.

Ал елдегi ең екпiндi партия - «Тәуелсiздiк партиясы». 2003 ж. соңғы алтинг депутаттары сайлауында аталмыш партия атынан «бәйгеге» түскен үмiткерлер 22 орынды (33, 7 %) жеңiп алған болатын. Исландиядағы өзге партиялар қатарында Прогрессивтiк партия және социалистiк-демократиялық альянс бар

Исландия экономикасы соңғы жылдары ауытқымалы күй кештi. Айталық 1996-2001 жылдар аралығында елдiң жылдық экономикалық өсiмi 3-5 % құраса, 2002 ж. бұл сан күрт төмендеп, 0, 2 % әрең iлiктi. Ал IЖӨ 0, 6 % аспай қалды. Алайда араға жыл салып, яғни 2003 ж. экономикалық өсiм қайта көтерiлiп, елдегi инфляция 5 %-дан 2 %-ға дейiн қысқарды. Исландия озық елдер тiзбегiнде 2005 ж. 16 орында тұрса, 2006 ж. мәлiмет бойынша оның тағы екi саты жоғарылағаны анықталды. Осы өрлеу нәтижесiнде ғана Исландия алып алтылық қатарынан табылды.

Өнеркәсібі

Елде аздаған сұр тас көмiр өндiрiсiн есепке алмағанда, тау-кен өндiрiсi мүлдем жоқтың қасы. Оның есесiне 2-ші дүниежүзiлiк соғыстан соң өңдеушi өнеркәсiп саласы қолға алына бастады. 1960 жж. бастап, импортталған шикi алюминий өңделiп, құрылысқа қажеттi дайын алюминий өнiмi экспорттала бастады. Исландияда жеңiл өнеркәсiп саласы да соңғы жылдары алға қойылып келедi. Аяқ киiм, металл өнiмдерi, құрылыс материалдары, электр құралдары және түрлi тұтыну тауарлары шығарыла бастады.

Энергетикасы

Исландия энергетика саласы жағынан озық. Республикаға энергияның су көзi тән. Мемлекеттiң гидроэнергетикалық мүмкiндiгi жылына 80 млрд kW-сағ. бағаланады. Қазiргi таңда республикада 6 энергия өндiретiн су көзi бар.

Тасымалдау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның мұнай өнеркәсібі және оның экологиясы
Альтернативті энергия көздерін пайдалану
Жаңартылған энергия
Баламалы энергия көздері
Қазақстандағы энергия көздері және олардың таралу ерекшеліктері
Геотермальды энергетика
Қазақстан Республикасы мен Норвегия корольдігінің экономикалық қарым – қатынастары
Биоотын көздерін жіктеу
Халықаралық экономикалық байланыс - дүниежүзілік экономикалық байланыстардың көрінісі
«Жасыл» экономика
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz