Токиолық раундта



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 2
ІІ Негізгі бөлім 2
1 ДСҰ-ның пайда болу тарихы 2
1.1 СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы 2
1.2. Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд 3
1.3 Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды 5
2 Әлемдік сауда жүйесінің негіздері 6
2.1 ДСҰ жүйесінің принциптері 6
2.2 ДСҰ құрылымы және бюджеті 10
Қорытынды 12
Пайдаланылған әдебиеттер 13

Кіріспе

Әлемдік экономика мен әлемдік сауданың даму тендециялары бір ортақ
ғаламдық еркін нарық болуын талап етеді. Әрине бұл бағыттағы Дүниежүзілік
сауда ұйымының әрекеті ең маңызды болып табылады.
Ғаламдастыру жағдайында тауарлардың көпшілігіне сыртқы сауда немесе
әлемдік нарық арқылы қол жеткізілетіндіктен, кез келген ұйымның
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі, уақыт мәселесі болып, табылады.
Осындай жағдайда бұл тақырыптың Қазақстан үшін актуальдылығы өсе
түседі. ДСҰ-на кіру Қазақстан үшін несімен жағымды болады? Біріншіден,
басты Қазақстандық өндірушілердің әлемдік нарықтардың кеңеюіне байланысты
болашақтағы өсу перспективалары өсе түседі. Екіншіден, республика әлемдік
нарыққа өз кіруін жеңілдетіп, ДСҰ-ның мүшелерінің артықшылықтарын қолдану
мүмкіндігіне ие болады. Қазақстан өндірушілері Уругвай раундында
қабылданған міндеттемелер деңгейінде өз қызметтері мен тауарларын
экспорттауға мүмкіндік алады. Бірақ ДСҰ-на кіруде Қазақстандағы тауарлар
халықаралық стандарттарға сәйкес болуын қамтамасыз ету керек. Бұл мәселе
отандық тауарлардың ішкі және сыртқы нарықтарда бәсекелестігі жайындағы
мәселені өте қиын етеді.

ІІ Негізгі бөлім

1 ДСҰ-ның пайда болу тарихы

1.1 СТЖК (Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім) қысқаша тарихы

СТЖК- халықаралық экономикалық қатынастар мәселелерін шешумен
айналысатын, қазіргі кезде Бүкіләлемдік банк және Халықаралық валюталық қор
атымен танымал Бреттонвудтық ұйымдармен қатар екінші дүниежүзілік
соғыстан кейін уакытша пайда болған.
СТЖК құрамына алғаш мүше ретінде енген жиырма үш мемлекет БҰҰ- ң жаңа
арнайы ұйымы- Халықаралық сауда ұйымының (ХСҰ) уставы бойынша келісімге
келген елу елдің құрамына кірді. Бұл уставта тек халықаралық сауда
нормаларын дамыту мақсаты ғана көзделген жоқ, сонымен қатар жұмысбастылық,
шикізат тауарлары бойынша келісімдер, кәсіби тәжірибені, халықаралық
инвестициялар мен қызметтерді шектеу сияқгы мәселелер туралы ережелер
болған.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін протекционистік шаралардың әсерінен
арылып, сауданы либеризациялау мақсатында 1946 жылы СТЖК- ң негізін калаған
23 келісімге келуші мемлекеттердің арасында тарифтер бойынша келісім
сөздері басталды. Келісім сөздердің бірінші раундынын нәтижесі- 45000 тариф
бойынша 10 миллиард АҚШ доллары көлемінде, немесе әлемдік сауда көлемінің
бестен бірі бөлігіндегі кемітулер. Бұл кемітулердің соммасы ХСҰ Уставына
кейбір сауда ережелердің енгізілуімен нақтыланады делінген. Бұл тарифтік
кемітулер мен ережелердін жиынтығы Сауда мен тарифтер бойынша жалпы келісім
атына ие болып, 1948 жылдың қаңтарында күшіне енген.
ХСҰ уставы 1948 жылдың наурызында Гаванада өткен БҰҰ Конференциясында
толық негізделгеніне карамастан. оның ұлттық заң шығарушы мүшелерімен
ратификациялануы мүмкін болмай шықты. АҚШ-ң басшылығы 1950 жылы Гаванада
кабылданған уставты конгресстің ратификациясына ұсынбайтынын ресми түрде
пайымдағаннан кейін, ХСҰ өз қызметін тоқтатты. СТЖК өзінің уақытша сипатына
қарамастан. ДСҰ пайда болғанына дейін халықаралық сауданы реттеуші жалғыз
құрал болып қалды.
СТЖК-ң қүқықтық мәтіні 1948 жылдан бері 47 жыл бойы өзгермегенімен,
шектелген мүшелер санымен келісімге келу, және тарифтерді азайтуға шаралар
қолданылған. Сауда келімсім сөздері раундтарының жиынтықтары арқылы
көптеген алға басушылықтарға қол жеткізілді.Сауда келісім сөздерінің
раундтары- бумалық келісімдер арқылы алға басушылыққа жол ашу.
СТЖК бастауымен жүргізілген көпжақты сауда келісімсөздері немесе
сауда келісім сөздерінің раундтары нәтижесінде халықаралықсауданы
либеризациялауға қол жеткізілді, олардың ішінде ең ұзағы және ақырғысы
Уругвайлық раунд болды.
Сауда келісім сөздерінің раундтары ұзаққа созылганымен, сауда
келісімсөздеріне кешенді негіз қалайды. Жеке мәселелер бойынша жүргізілетін
келісімсөздерге қарағанда, раундтардың бірқатар артықшылықтары бар.
Біріншіден, раундарға қатысушылар көптеген мәселер топтарын қарастыру
мүмкіндігіне ие болады. Екіншіден, ішкі саясат тұрғысынан қарағанда
жағымсыз кемітулерді бумаларда болатын экономикалық және саяси
артықшылықтар есебінен қабылдау оңайырақ болады. Үшіншіден, дамушы
мемлекеттердің келісімсөздер раундтары шеңберінде, басты екі сауда
мемлекеттері арасында жүргізілетін келісімсөздерге қарағанда, көпжақты
жүйеге әсер ету мүмкіндігі артады. Ақырғысы, саяси тұрғыдан сезімтал
салалардың жалпы реформасы ғаламдық бума шеңберінде мүмкін болады, бұған
мысал ретінде Уругвайлық раунд нәтижесінде қол жеткізілген ауылшаруашылық
өнімдермен сауда реформасы мысал бола алады.
СТЖК бастапқы келісім сөздерінің көбісі тарифтерді кемітуге
бағытталған. Алайда 60-шы жылдардың ортасында жүргізілген Кеннеди
раундтарының нәтижесінде СТЖК-ң жаңа антидемпингтік келісіміне қол
жеткізілді. 70-ші жылдары жүргізілген Токиолық раунд жүйені жақсарту және
кеңейтуге әрекет жасалды.

1.2. Cауда жүйесін реформалаудағы Токиолық раунд

1973- 1979ж. ж. 102 мемлекет арасында жүргізілген Токиолық раундта
СТЖК тарифтерді біртіндеп кемітуге тырысты. Оның нәтижесінде негізгі
әлемдік тоғыз өнеркәсіптік нарықтардағы кедендік баждар үштен бір бөлікке
кеміді, нәтижесінде дайын өнімдерге орташы тарифтер СТЖК құрылуының алғаш
кезіндегі 40%- дан 4,7 % - ға дейін кеміді. Тарифтерді кеміту сегіз жыл
ішінде өзара келісушілік нәтижесінде жүзеге асырылды. сондықтан ең жоғары
тарифтер ең кеміне қарағанда едәуір көп азайды. (1,24) Ал калған мәселелер
бойынша Токиолык раундтың нәтижелері жақсы болған жоқ. Ауылшаруашылық
өнімдер саудасы мен қоргау шаралары (импортқа қатысты төтенше шаралар)
жайындағы мәселелер шешілген жоқ. Келісім сөздер барсында бірқатар
бейтарифтік шек қоюлар жайындағы келісімдерге қол жеткізілді. Көп
жағдайларда тек бірқатар индустриалды дамыған елдер бұл механизмдер мен
келісімдерге (нәтижесінде олар кодекстер деген атпен танымал болды)
қосылды. Бұларға келесідей келісімдер кіреді.
-Субсидиялар мен компенсациялық шаралар- Жалпы келісімнің 4,16,23
баптарын талқылау.
-Саудадағы техникалық шектеулер - кей жағдайларда стандарттар Кодесі
деп атайды.
-Импортты лицензиялау шаралары.
-Мемлекеттік сатып алулар.
-Кедендік бағалау- 7бапты талқылау.
-Антидемпинг- 6 бапты талқылау. Кеннеди раундының нәтижесінде
қабылданған Лнтидемпингтік кодексті орыибасады.
-Сиыр еті бойынша келісім.
-Сүт өнімдері бойынша халықаралық келісім.
-Азаматтық әуе ұшақтарымен сауда.
Уругвайлық раундтың нәтижесінде жоғарыда аталған кодекстердің
кейбіреулері өзгертіліп. кеңейтілді. Субсидиялар мен компенсациялык
шаралар, Саудадағы техникалық шектеулер. импортты лицензиялау. кедендік
бағалау мен антидемпинг туралы келісімдер ДСҰ шеңберіндегі келісім
шегіндегі көпжақты міндеттемелер сипатына ие. Яғни ДСҰ барлық мүшелері
оларды орындауға міндетті, ал мемлекеттік сатып алулар, сиыр еті мен
азаматтық әуе ұшақтарымен сауда келісімдерін мүшелердің белгілі саны ғана
орындайды.
СТЖК табысқа жетті ме?
СТЖК-ң қызмет ету саласының шектеулігі мен мерзімділік сипатына
байланысты Оның әлемдік сауданы либеризациялауда 47 жыл ішінде жеткен
табысы айкын. 50-60 ж.ж. тарифтерді төмендету әлемдік сауданың жылына
орташа, 8% өсуіне әкелді. Ал сауданы .либеризациялау нәтижесінде қол
жеткізілген, алға жылжу СТЖК-ң әрекет етуінің барлык уакытында, сауданың
өндіріске қарағанда көбірек өсімін көрсетті. Уругвай раунды кезіндегі жаңа
мүшелердін көптеп қосылуы СТЖК-ң көпжақты сауда жүйесі экономикалық және
сауда реформалары кезінде өзінін рөлін бекіткенін көрсетті.
Токио раундының, тарифтерді азайтуды алмағанда, шектеулі алға жылжуы
киын жағдай туындай бастағанын көрсетті. СТЖК-ң тарифтерді азайтудағы
табысы мен 70-80-жылдардағы экономикалық құлдыраулар мемлекеттерді
экономика салаларын жоғарылап келе жатқан шет елдік бәсекеден қорғау
жолдарын қарастыруға итермеледі. Жұмыссыздықтың жоғары деңгейі мен
кәсіпорындардың көп санын жабу Европа және Солтүстік Америка елдерінің
басшылығын бәсекелестермен нарықтарды бөлу жөнінде екіжақты келісімдер
жасауға және ауылшаруашылық өнімді сатудағы өз деңгейін сақтап қалу үшін
субсидияларға басты мүддесін коюға ынталандырды. Бұның барлығы СТЖК-ң
беделі мен тиімділігін төмендетті.
Саудадағы жалпы жағдайдың нашарлауымен қатар, 80 ж. басына карай Жалпы
келісім 40-ж. қарағанда. әлемдік сауданың нақты жағдайларын сәйкес емес
екендігін көрсетті. Біріншіден, әлемдік сауда 40-ж. салыстырғанда анағұрлым
кешенді болып келді, әлемдік экономиканың ғаламдастыру процесі жүргізілді,
халықаралық инвестициялар кеңейді, ал СТЖК-ң ережелері тарамайтын қызмет
көрсетулер әлем елдерінің қызығушылығын туғызып, әлемдік тауарларды сатумен
тығыз байланысты болды. Басқа жақтарда СТЖК тиімсіз болып шықты: мысалы.
ауылшаруашылығындағы тауарларды сатуды либеризациялау еш нәтижеге әкелген
жоқ, ал көпжақты жүйенің кемшіліктері кең түрде пайдаланды: жеңіл және киім
өнеркәсібінде СТЖК-ң қалыпты ережелерінен тыс талшықтың әртүрлі түрлері
бойынша келісім жасау қаралды. Тіпті СТЖК-ң ұйымдық кұрылымы мен
мәселелерді шешу жолдары тиімді болған жок.
Осы және тағы да басқа факторлар СТЖК мүшелерін көпжақты жүйені
кеңейтудің және тұғырландырудың жолдарын іздестіруге ынталандырды.

1.3 Жаңа жүйені жасаудағы Уругвай раунды

Уругвай раундын жүргізу туралы ой 1982 жылы Женевада өткен СТЖК
мүшелері-елдер министрлерінің кездесуінде туған. Мәселерді шешу және
келесімге келу үшін төрт жыл мұқият жұмыс жасалды да, 1986 ж. қыркүйекте
Пунта- дель- Эстеде министрлер қайта жиналды. Олар келісім сөз кеңістігіне
барлық сауда саясатының шешілмеген мәселелерін алды, мысалы интеллектуалды
меншік пен қызметтер саудасы. Бұл сауда келісім сөздері үшін жасалған ең
ірі мандаттардың бірі еді және оны орындау үшін төрт жыл жұмсалды. (1.45)
1998 ж. қарай келісім сөздер орта мерзімді шолу деңгейіне жетті. Ол
министрлер кездесуі ретінде Монреаль, Канадада өтті. Нәтижесінде раундтың
екінші деңгейінде келісім сөздерді жүргізу мандатының жасап шығарылуына
әкелді. Министрлер алдын- ала нәтижелер бумасы жөнінде келісімге келді.
Оларға дамушы елдерге көмек ретінде тропикалық жемістер нарығына кіру
рұқсаты берілді және СТЖК мүшелерінің ұлттық сауда саясаты мен тәжірибесін
бақылауға мүмкіндік беретін сауда саясатын бақылау механизмдері жөніндегі
мәселелерді реттейтін жүйе жасауға алғашқы қадамдар жасалды.
1990 ж. желтоқсанында Брюссельде өткен министрлер кездесуінде ауыл
шаруашылық өнімдер саудасы жөнінде келісімге келе алмауына байланысты
раундты жалғастыру шешімі кабылданды. 1991ж. Женевада Пунта-дель-Эстеде
қабылған мандаттың әр элементі (нарыққа енуден басқа) бойынша құқықтық
құжаттары бар қортынды акті мәтінінің проектісі дайындалды. Келесі екі
жыл бойы келісім сөздер нәтижесі белгісіз болды. 1993 ж. 15 желтоқсанында
барлық мәселелер шешіліп, тауарлар мен қызметтердің нарыққа енуі туралы
келісім сөздер шешілді. 1994 ж. 15 сәуірде Марракеште, Марокко өткен
кездесу кезінде 125 елдің министрлері келісімге қол қойды.

2 Әлемдік сауда жүйесінің негіздері

2.1 ДСҰ жүйесінің принциптері

Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)-көпжақты сауда жүйесінің құқықтық және
институционалды негізі болып табылады. Ол үкімет саудаға қатысты ішкі
заңнаманы қалай жүзеге асыруға міндетті екендігін көрсететін негізгі
келісім міндеттемелерін қамтамасыз етеді. Осы негізде дауларды басу.
келісім сөздер мен жалпы талдау арқасында елдер арасындағы сауда қарым-
қатынастары дамиды.
ДСҰ 1995 ж. 1 қаңтарда құрылған. Үкіметтер 1993 ж. 15 желтоқсанында
Уругвай раундының шеңберінде келісім сөздерді аяқтады да, саяси
мүдделілігін 1994 ж. Сәуірде Қорытынды актіге қол қою арқылы білдірді.
Марракеш декларациясы Уругвай раундының нәіижелері әлемдік экономиканы
тұғырландырып, бүкіл әлемдегі табыстар, жұмысбастылық, капитал салымдарының
өсуі мен сауданың кеңеюіне әкелгендігін дәлелдеді.
Потенциалды ұйым мүшелері- 152 елдер мен территориялардың ішінен 76-
лары ДСҰ-ң мүшесі болып бірінші күні жарияланды. Қалған 50 шақты елдер
өздерінің ішкі ратификация шараларын жүргізіп жатыр, ал баска елдер өзінің
енуі жөнінде келісім сөздер жүргізіп келеді.
ДСҰ СТЖК-қа қарағанда мүшелер саны жағынан ғана емес, сауда қызметі
мен саясатының әрекет ету кеңістігі жөнінен де асады. СТЖК тек коммерциялық
тауарлар саудасына ғана қолданылды, ал ДСҰ тауарлар, қызметтер, идеялар
саудасын немесе интеллектуалды мүлікті қамтиды.(2,45)
ДСҰ Женева. Швейцарияда орналасқан. Оның негізгі қызметтері:
- бірігіп ДСҰ құрайтын көпжақты және шектеулі мүшелер саны бар
сауда келісімдерін жүзеге асыру және реттеу;
- көпжақты сауда келісім сөздері үшін форумдар қызметін жүзеге
асыру;
- сауда дауларын реттеу жолдарын іздестіру;
- ұлттық сауда саясатын бакылау;
- ғаламдық экономикалық саясатты жүзеге асыруға қатысатын басқа
халықаралық ұйымдармен қатынасу;
Сауда жүйесінің принциптері
ДСҰ келісіміне 29 бөлек құқықтық мәтіндер кіреді. Бұл қосымша
министрлер деңгейінде қабылданған. ДСҰ мүшелерінің міндеттемелерін
түсіндіретін 25 қосымша шешімдер және келісімдермен тұғырландырады. Осы
келісімдерді біріктіріп, көпжақты сауда жүйесіне айналдыратын нақты
принциптері бар.(1,16)
Дискриминациясыз сауда
50 жыл бойы СТЖК-ң негізгі ережелері мүшелер мен импортталатын және ел
ішінде өндірілетін тауарлар дискриминациясына рұқсат берген жоқ. 1 бапта
аталған ең жағымды ел ұғымына сәйкес, барлық мүшелер басқа кез-келген
елдің өніміне жасайтын сауда жағдайларына мүше елдер өніміне де жасауға
міндетті. Яғни еш ел басқа елге қарсы дискриминациялық немесе ерекше
жағымды жағдай жасамауы тиіс: барлығы бірдей жағдайда тұрып, сауда
шектеулерін азайтумен байланысты артықшылықтарға бірдей дәрежеде ие болуы
тиіс.
1 бапта бірқатар салдары бар, мысалы кеден одактары мен еркін сауда
зоналарына байланыстылары. Алайда ең жағымды ел режимі дамушы және т. б.
экономикалық әсері аз елдер, елдер жағымдырақ сауда жағдайларын қолдана
алады.
Ұлттық режим деген атпен белгілі дискриминацияламаудың екінші нысаны
нарыққа сырттан енген тауарлар ішкі өндірісте өндірілген эквивалентгі
тауарлармен бірдей сауда жағдайларына ие болуы тиіс. Бұл СТЖК-ң 3 бабында
қарастырылған.
Қайта қаралған СТЖК мәтінімен қатар, ең жағымды ел мен ұлттық режимге
байланысты ДСҰ-ң бірқатар келісімдері бар. Интеллектуалды мүлік
құқықтарының сауда аспекгілері келісіміне сәйкес, интеллектуалды мүлікті
қорғауға байланысты ЕЖЕ және ұлттық режим міндеттемелеріне кірмейтін
жағдайлар қарастырылған. Қызметтер саудасының жалпы келісіміне (ҚСЖК)
сәйкес қызметтерді тасымалдаушы мүше елдерге ЕЖЕ режимін ұсыну. Алайда ол
белгілі жағдайда, ДСҰ мүшелері бастапқыдан осындай режимді ұсына алмайтын
жағдайларда орындалмайды. Осындай босату туралы шешім қабылданған кезде, ол
5 жыл өткеннен кейін қайта қаралуы тиіс және қызмет ету мерзімі 10 жылдан
аспайды.
Басқа дескриминацияламауға байланысты келісімдерге шығу тегі туралы
ережелер келісімі; жүктегенге дейінгі қарау бойынша келісімдер; капитал
салымдары саласындағы саудамен байланысты келісім; санитарлық және
фитосанитарлық шараларды қолдану туралы келісімдер кіреді.
Нарықтарға болжалынатын және өспелі кіруге рұқсат.
Көпжақты сауда жүйесі арқылы үкімет инвесторларға, кәсіпкерлерге,
қызметкерлерге, тұтынушыларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сауда келісім сөздерінің раундтары - бумалық келісімдер арқылы алға басушылыққа жол ашу
Әлемдік сауда жүйесінің негіздері
БСҰ - халықаралық жүйенің негізі
Бақтияр Артаев
Жапония бағалы қағаздар нарығы
Халықаралық экономикалық ұйымдар
Лондон Олимпиадасы
Токио қор биржасы
Бекзат Саттарханов
Қазақстанның ДСҰ-ға ( Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ) енуінің проблемалары мен перспкетивалары
Пәндер