Жұмыссыздық мөлшері


ЖОСПАР
Кiрiспе2
1. Еңбек нарығы3
1. Еңбекті ұйымдастыру және басқару мануфактуралық өндіріс3
2. 1. Еңбек рыногы: қызметі және жүргізу механизмі4
2. 2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық: себептері, негізгі белгілері, түрлері және салдары5
2. 3. Қазақстандағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі және таралу жолдары7
Қорытынды12
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі14
Кiрiспе
Елiмiз нарық экономикасына көшiп, нарық қатынастары аясында әлеуметтiк және экономикалық реформаларды жүзеге асырғалы он үш жылдың жүзі болды. Осы уақыт iшiнде елiмiз көптеген реформалар жүргiзiп, нарықтық экономикалы елге айналу үшін қадамдар жасау үстiнде. Сол реформалардың iшiндегi әлеуметтiк саясат және ауылдардағы еңбек нарығы сияқты мәселелер маңызды және өткiр күйiнде қалып отыр. Халықтың жұмыспен қамтамасыз ету және кедейлену мәселесi экономикалық қиындықтарға байланысты, тәуелсiздiктiң алғашқы жылдары күшейе түстi. Осы жағдайларда халықты жұмыспен қамту жүйесiнiң маңыздылығы арта түседi.
Әкімшілік-командалық социализмге бойы үйренген халық тәуелсіздіктің алғашқы жылдары әлі де «жоғарыдан» көмек күтіп жұмыспен қамтамасыз етеді деп жүріп те алды, бірақ экономикалық тұрғыдан тұралап қалған мемлекет бұл салада мардымды ештеңе істемей біраз уақыт озғызды. Тек соңғы жылдар экономика алға жылжи бастағаннан кейін қалалы жерлерде жұмыс табылатын болды. Келешекте жұмыс қолы жетпей ме деген қауіп те бар. Мысалы, біздің елден сонау Кореяға барып жұмыс істеп қайтып келіп жатқандарды естіп біліп жүрміз. Ал бізге қырғыз ағайындардың ағылып келіп жатқаны да мәлім.
Қазақстанда нарықтық экономикаға көшу аяқталып келеді. Жұмыспен қамтамасыз ету жүйесі өзгерген экономикалық қатынастарға сәйкес болуы қажет.
Жүргізілген қайта құруларға қарамастан, қазіргі кезде жұмыспен қамтамасыз ету жүйесі күрделілігімен және заңнаманың жүйелілігінің жеткіліксіздігімен, жүйеге қатысуға ынталандырудың төмен деңгейімен сипатталады.
Еңбек нарығының тұрпайы көрінісі Сейфуллин даңғылынан көріп жүргеніміз ғажап та емес. Қазір көз үйренгені соншалықты осылай болуы тиісті де секілді көрінеді. Бұл мәселе шетелдерде қалай шешіледі екен? Біздің өтпелі кезеңімізде осы салада кемшіліктер бар ма? Осындай алуан қырлы сұрақтар осы курстық жұмысымды жазар кезде біраз ой түрткі болды. Шындығында соңғы жылдарда экономикадағы қолайлы өзгерістер және тұрақты өсуді қамтамасыз ету жөнінде қабылданып жатқан шаралар еңбек нарығының кешенді жүйесін құруды қолға алуға мүмкіндік беріп отыр. Осыған байланысты Қазақстанның қазіргі және болашақтағы басымдықтары мен мүмкіндіктерін ескере отырып, халықты жұмыспен қамтамасыз етудің жетілдірілген жүйесін әзірлеу қажеттігі туындап отыр.
Қазақстанда осы мәселелер жөнінде яғни, халықтың әлеуметтік жағынан қорғалуы, кедейшілік, халықтың әл-ауқаты және жұмыспен қамтамасыз етілуі жөнінде біраз ғалымдардың, оқытушы профессорлардың еңбектері бар. Атап айтатын болсақ, Шеденов Ө. Қ., Говорухина Л. П., Кәрібжанова А. С., Қарағұсова Г., Нажимеденова Ж. Ж., Мұқтарова К. С., Нигматуллин Н. З. т. б.
Мен өз жұмысымды осы кісілердің еңбектеріне сүйене отырып жаздым.
Бұл жұмыста Қазақстандағы және әлемдегі еңбек нарығы жүйесінің қалыптасуы талқыланады. Бұл саладағы ерекшеліктер мен ұйымдастырылу мәселелері сөз болады.
1. Еңбек нарығы
1. Еңбекті ұйымдастыру және басқару мануфактуралық өндіріс
Қолөнерін басқару қол өндірісімен бейнеленеді, еңбек бөлінісінің бар болуы (мысалы арба өндірісі темір ұстасы мен ағаш ұстасын талап ететін еңбек бөлінісі және т. б. ), өз бетінше жұмысшының командаға бірігуін, бағынуын айтады.
Технократиялық басқару - қол еңбегінен машинаға өту кезеңін көрсетеді, еңбек бөлінісін тереңдету, экономиканы қатаң формаға күштеу, еңбекті басқарудың өзіндік түрін бөлу. Өзіндік материалдық базаның өзгеру жолында (техниканың толық жетілуі) басқарудың бұл түрі біраз этаптан өтті. Технократиялық басқаруға өту XIX ғ. соңында XX ғ. басында жүзеге асты және Ф. Тейлордың атымен байланысты.
Тейлоризм тәсілдері: жұмысшы орындайтын әрбір операция хронометраждалады, өлшенеді. Соның арқасында жұмысшылардың пайдасыз қозғалысын жояды және ең керекті жетілген жағын таңдайды. Жұмыстың бұл принциптері "еңбекті ғылыми ұйымдастыру" негізіне жатады.
Технократиялық басқарудың келесі кезеңі Т. Фордтың есімімен байланысты. Фордизм үздіксіз конвейер өндірісіне негізделеді, бұл жұмыс қарқынын тездетеді, шығынды төмендетеді, өндіруді көтереді және сонымен еңбек өнімділігін арттырады.
XX ғ. 30-40 жылдар. Технократиялық басқаруға психологиялық және әлеуметтік компоненттер кіреді. Әлеуметтік камту еңбек ақының минималды деңгейін бекіту, мерзімнен тыс жұмысқа ақы төлеу, техника қауіпсіздігі және басқалары енді. Бұл тап күресі және совет өкіметінің әлеуметтік жетістігі әсерінен істелді.
50-60 жылдары. Технократиялық басқаруда "адамдық қатынасты" енгізді, адамға өз бетінше және шешім қабылдауы ұнайтындығы, майда камқорлықсыз, оларға құрмет және еңбегіне сай болу керек екені дәлелденді.
Сонымен қатар жұмыс ережесін қарастыру, жұмыс нәтижесіне марапат, жұмысшының табыс бөлінісіне қатысуы және т. б, мүмкіндіктер туды.
Инновациялық басқару өндірістің жаңа технологиялық тәсілдерге өтуімен байланысты, жоғары мамандандырылған "адам ресурстарын" тартуды талап ету, өз бетінше шешім қабылдауға әрекет, жоғары өндіруді қамту және жұмыс сапасын қамтамасыздандыруды көрсетеді. Ол методтарды қолдану даму өрісін анықтау болып табылады.
2. 1. Еңбек рыногы: қызметі және жүргізу механизмі
Еңбек рыногы - бұл еңбек мөлшері және институттары, ұдайы өндірісті қамтушы жұмысшы күші және еңбекті пайдалануды көрсететін экономикалық механизмдер жүйесі. Барлық рыноктағы сияқты, еңбек рыногында да еңбекке ұсыныс және еңбектің анықталған түріне сұраныс құрылады.
Еңбек рыногы кез келген жағдай-шартта қызмет етеді. Қарапайым шарты жетілген бәсеке. Оның рыноктық сипаттамасы:
- кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау үшін өзара бәсекелеседі;
жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалданушылардың көптігі;
- еңбек рыногына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы жоқ.
Еңбекке жинақталған сұраныс жетілген бәсеке рыногында жеке фирмалардың еңбегіне сұранысты жинақтау жолымен анықталады. Ал, фирма қанша жұмысшы санын жалдау керектігі сұрағын шешеді, еңбекке сұраныс бағасын, яғни еңбек ақысын анықтайды.
Еңбекке сұраныс бағасы шектік еңбек өнімділігінен тұрады, демек өнімнің көбеюі қосымша еңбек бірлігін жалдау нәтижесінде алады. Қосымша жұмысшы жалдау нәтижесінде алынған қосымша өнімді шектелген өнім дейді. Шектік өнімнен түскен табысты анықтау үшін шектік өнімді өнім бірлігі бағасына көбейтеміз. Осы табыс шектік өнімнен түскен шектік табыс деп аталады. Шектік өнім, әрбір қосымша жұмысшыны жалдағандағы өнім шығару көлемінің өзгеруін көрсетеді.
Шектік өнімнен түскен табыс, төленетін еңбек ақыдан жоғары болғанда ғана, қосымша жұмысшы жалдауға болады. Сондықтан жетілген бәсекелестік рыногында еңбекке сұраныс екі көрсеткішпен анықталады: жалақы және шектік өнім құны.
Жалақы мөлшері мен жұмыс күшіне сұраныс мөлшері арасындағы тәуелділік еңбекке сұраныс қисығы бір қалыпты азаю сызығын береді.
Еңбекке жинақталған ұсыныс халық санымен анықталады, оңдағы халықтың еңбекке жарамды бөлігі, орта сағат санымен, бір жылдық істеген жұмысшы жұмысы, жұмысшының еңбек сапасы жақтарын қамтиды.
Еңбек ұсынысы сұраныс сияқты, жалақы мөлшеріне байланысты, бірақ байланысы басқаша. Ал жалақы түссе, еңбек ұсынысы да түседі.
Еңбек ұсынысы екі құбылыспен сипатталады: "орнын басу әсері", "табыс әсері". Бұл жеке жұмысшының жалақысын көтергенде байқалады. Еңбек ақының өсуі белгілі мезетте, еңбекке ұсынысты көбейтеді, бірақ жоғары деңгейге жеткен кезде, одан ары қарай еңбек ақы өсуімен қысқарады. Жалақы көтерілуі еңбек ұсынысын өсіруге де, кемуге де әкеледі.
Себебі: жұмысқа жалданатын адам еңбек пен бос уақыт арасын таңдайды. Жұмыс табыс табуға мүмкіндік береді, бірақ бос уақыттан айырылады. Жалақы көтерілген кезде, жоғары төлейтін жұмыс үшін, бос уақытты құрбандыққа шалып жұмысқа ден қояды. Нәтижесінде еңбек ұсынысы өседі. Мұнда "орын басу әсері" көрінеді. Болашақта жалақының өсуі "табыс әсеріне" жеткізеді, демек жоғарғы табыс еңбекті емес, бос уақытты ынталандырады, осы жағдайда ең арзан тауар ретінде қаралады. Сондықтан табыс өсуімен еңбек ұсынысы қысқарады.
Егер жалақы деңгейі төмен және тең болса, бұл жағдайда сұраныс ұсыныстан көп болғаны және кәсіпорындарда жұмысшылар жетіспейді.
Еңбек рыногында жетілмеген бәсекелестік жағдайында профсоюздар (жалақы ставкасы) мен үкімет ықпал етеді. Олардың әсер етуі.
2. 2. Жұмысбастылық және жұмыссыздық: себептері, негізгі белгілері, түрлері және салдары
Еңбек рыногының дисбалансы хроникалық сипатты белгілейді. Сондықтан жұмысбастылық мәселелері барлық экономикалық мектептерде қарастырылады.
1. Ағылшын Мальтус халық өсу заңдарын ұсынды, бұл бойынша өндіріске тән азық-түлік өнімі арифметикалық прогрессиямен (1, 2, 3, 4, 5, . . . ) өссе, халықтың өсуі -геометрикалық (2, 4, 8, 16, 32) заңдылықпен белгіленеді. Осыған байланысты мальтузиандықтар жұмыссыздықтың негізгі себептерін бұрмалады және халық санын реттеудің "табиғи" әдістерін ақтады: соғыс, эпидемия, апат т. б.
2. Классикалық саяси экономия, еңбек рыногында өзін-өзі реттеуші жүйе деп санады. Шарасыз жұмыссыздыққа орын егер жұмысшы төменгі жалақыға жұмыс істегісі келмесе өз еркі білдіреді және жоғары төлемді жұмыс тапқанша өз еркімен жұмыс істемейді деп көрсетті.
3. Марксистік теорияда капитализмге тән жұмыссыздық ішкі құбылыс деп қаралады. Капитал құрылымы "табиғи" байланыстан өседі және өндірістен жеке факторды ығыстырады, еңбектің резервтік армиясын немесе жұмыссыздықты құрайды. Осы концепцияға сәйкес жұмыссыздық ағымдық, тоқыраған және жасырын формада жүзеге асады. Маркстік экономикалық теория қорытындысы капитализмге тән қоғамдық құрылымдардағы шешілмес қайшылық көздерін көрсетеді.
4. Қазіргі кездегі жұмысбастылық теориясының негізін салушы деп Дж. Кейнсті санаймыз. Теориялық көзқарасы:
- еркін бәсеке рыногы өздігінше реттелмейді.
- рыноктың тепе-теңдігі толық жұмысбастылығына кепілдік бермейді.
5. Қазіргі кезде классикалық ойды қолданушылардың саны өсуде (неоклассикалық бағыт), "жұмыссыздықтың табиғи деңгейі" болу керек, ал одан шығу еш мүмкін емес деп санайды.
Жұмысбастылық - макроэкономиканың маңызды сипаты.
Жұмысбастылық ұғымымен еңбекке жарамды халықтан (есейген санының) жұмыспен қамтылғаны түсіндіріледі. Ал, есейген еңбекке жарамды халықтың жұмысы жоқ, бірақ іздеп жүрген бөлігі жұмыссыздықты құрайды. Жұмыс күшін немесе экономикадағы жалпы еңбек ресурстарының жұмыс істейтіндердің тұтас санымен қатынасы жұмыссыздық коэффициентін құрайды. Кейбір кезде барлық жұмысқа қабілетті халық бос болмауы табиғи құбылыс. Оған объективті себептер бар: біріншіден, адамдардың бір орыннан екінші орынға көшіп отыруы, бір қызмет орнынан екіншіге ауысуы, тиімді жұмыс іздеуі және оны күтуі және т. б. Осы себептен жұмысы жоқ адамдар фрикциондық жұмыссыздықты құрайды. Фрикциондық жұмыссыздық - бұл жұмыс күшінің объективті қажетті қозғалысымен байланысты жұмыссыздық.
Екіншіден, өндірістегі технологиялық өзгерістер жұмысшы күшінің сұранысына құрылымдық өзгерісін көрсетеді. Жаңа құрылымды жұмыс орнында жұмыс күші құрылымы сәйкес келмейді, осыдан өндірістегі жұмыскерлердің бір бөлігін жұмыстан ығыстырады, бұл құрылымдық жұмыссыздықты құрайды.
Құрылымдық жұмыссыздық - бұл жұмыс күші құрылымының жұмыс орны құрылымына сәйкес емес жұмыссыздықты айтады.
Фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық түрлері болмай қалмайтын шарасыздық, соңдықтан жұмыссыздықтың бұл түрлері елде жұмысбастылық халықты толық қамтиды деп санайды.
Толық жұмысбастылық халықты экономикадағы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздықтан шығармайды, бар болуын қамтиды. Демек, толық жұмысбастылық жұмыссыздықтың абсолютті жоқ болуын көрсетпейді.
Жұмыссыздықтың айқындалған бір түрі, рыноктық шаруашылықтағы ауытқу сипатына байланысты жұмыссыздық - циклдық жұмыссыздық. Егер циклдық жұмыссыздық жоқ болса, жұмысбастылық толық болады.
Циклдық жұмыссыздық деп экономикалық тоқырау, дағдарыста көрінетін жұмыссыздық түрін айтады.
Жұмысбастылық толық болғанда жұмыссыздық деңгейі "жұмыссыздықтың табиғи деңгейі" деп айтылады.
Әлемдік тәжірибеде Оукен заңы қолданылады: жұмыссыздықтың деңгейі ағымдық көтерілуі табиғи жұмыссыздықтан 1% үлкен болса, потенциалды ЖҰӨ салыстырғанда ЖҰӨ 2, 5 % төмендейді.
Жұмыссыздық деңгейінің мөлшері, жалпы жұмыссыз санының жұмыс күші санына процентті түрдегі қатынасын сипаттайды.
Жұмыссыздық мөлшері =
Жұмыссыздықтың экономикалық және әлеуметтік салдары:
1. Қоғамда бар болатын потенциалды мүмкіндіктер көлемімен салыстырғандағы ЖҰӨ көлемі артта қалып отырады.
2. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтарында жұмыссыздық шығыны тепе-тең бөлінбейді.
3. Жоғары дәрежелі маман жұмысшылар жоғалады. Еңбек рыногын мемлекеттік реттеу 3 бағытта жүзеге асады:
1. Бос халықты еңбекпен қамту және көмек көрсету, еңбек биржалары арқылы қайта дайындау;
2. Икемді еңбек рыногын білімге ынталандыру, әр түрлі әлеуметтік топтарын толық есептеу (әйелдер, пенсионерлер, жастар) . Еңбек қатынастарын құқықпен қамту;
3. Жұмыссыздықтан зардап шеккен адамдарды әлеуметтік қорғау.
Сонымен рыноктық жүйеде бір деңгейде "толық жұмыс бастылық" және "жұмыссыздықтың ең жоғары деңгейі" қарама-қарсы қойылған.
"Табиғи жұмыссыздық деңгейінде" толық жұмысбастылық тиімділігі туралы айтылады. Жұмыссыздық пен толық жұмысбастылық арасындағы анық қатынастарды көрсетеді.
2. 3. Қазақстандағы жұмыссыздықтың статистикалық көрінісі және таралу жолдары
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы тұрғындарды толық, бірақ тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызады, өмір сүру ресурстарын бөлуде меңгермеушілікке жол берді, ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әкімшілдік-әміршілдік басқару жүйесі жағдайында мемлекет жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтанған жоспар бойынша өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу арқылы шешіп отырды. Жаңа жұмыс - орындауын жасау еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың сапасынан асып кетіп отырады, ал ол өз кезінде жұмыс күшінің қажеттігін тудырады. Және де, бұл қажеттік экстенсивті шаруашылық механизмінен қолдау тауып отырды: кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санынан тәуелді болды. Олардың санының өзгеріп отыруы еңбек өнімдерінің төмендеуінің және жұмыскерді өндірістегі негізгі жұмыстарынан ауыл-шаруашылық және басқа жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді.
Оның есебіне жұмыскерлерге, белгілі бір жұмыс орнына ие болуға қақысы кепілдік берілетін және оны жұмыспен шығару жүзінде мүмкін болмады. Соның нәтижесінде жұмыс күшіне деген еркіндігі қатаң шектелді. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, олардың өздерінің жұмыс күшін қолдануына тек қана мемлекет белгіленген еңбек формаларының шеңберіне ғана рұқсат етіледі.
Кадрларды тұрақтандыруға «жас маман» институты белгілі бір кезеңге, мерзімдік шартқа қол қою сияқты тікелей әдістер, тиісті жұмыс уақыты өтелгеннен кейін уәде беруге уәде ету, бір кәсіпорында уәде үзіліссіз жұмыс стажын жоғалту қажет сияқты жанама әдістер де қолданылады. Өздерінің қабілетін толығырақ көрсетуге және лайықты өмір қалпын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жұмыс іздеу ұмтылысы - қалада төлқұжат тәртібі түрінде, елде керісінше колхозшыларға төлқұжат бермеу, жұмыстан шығуға кедергі жасау, пәтер алу қиындықтары сияқты әкімшілік механизмі кедергілеріне тірелетін. Бір орында ұзақ уақыт жұмыс істеу экономикалық тұрғыдан да және әлеуметтік тұрғыдан да ынталандырылды. Соның нәтижесінде, экономикалық еңбекті ауыстыру заңы бұзылды. Оның мәні - адам өзінің экономикалық жағдайын жақсарту үшін белсене жұмыс істеу керек, ал ол үнемі өзін-өзі жетілдіруді қажет етеді, соған сәйкес жұмыс істейтін өмірінің барлық кезеңі бойына еңбек ету нысанын ауыстырып отырады.
Қазір де жұмыспен қамту саласында, өндіріске қажетті жұмыс күші мен олардың жұмыстың жағдайына қоятын талабы арасында елеулі қайшылықтар бар. Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан көрінеді. Миллиондаған адамдар өздерінің экономикалық және әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жұмыс орнын ауыстырамын деп біраз уақыт жұмыссыз қалады. Ол көбінесе 2-айдан 6-айға дейін созылады. Ол көбіне сонымен бірге миллиондаған дипломы бар мамандар, ондай дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл құрылымдық, яғни салалық жұмыссыздықтың орын алып отырғанын көрсетеді.
Бұл жағдайлар қазір де нарықтық экономикаға өту кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады және бұл процесс шиеленісті жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру мен жекешелендірудің нәтижесінде көп уақытты экономика қалыптасуы ықпал етуде ал, ол өз кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған жұмыскерлердің босауын жеделдетуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен қамтуға мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық байланыстардың үзілуі, соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың қажеттілігі өндіріс қуатының толық пайдалануына, көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда, жұмыссыздық нарықты экономикаға тән құбылыс болып табылады. Бірақ оның әр елдің ішкі жағдайына байланысты белгілі бір мөлшері болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе кеміп кетсе нарықты экономикаға залалын өткізеді, ал қажетті деңгейде тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елдегі еңбек ресурстарының саны - 1995 жылы 9, 4 адамға жетіп немесе халықтың жалпы санының 55%-ін құраған еді. Халық шаруашылығы қызметінің барлық салаларында 7, 4 млн адам жұмыспен қамтылып, олардың 6 млн-ға таяуы немесе 81%-і экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істеді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни нарықтық еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасуы өте баяу жүріп жатқандығын көрсетеді.
Енді еңбек нарығына байланысты кейбір мәліметтерді қарастырып салыстырып көрейік: 1995 жылы еңбекпен қамту қызметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді, оның 75 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Сол жылы алғашқы 4 мың адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75%-і әйелдер болды. Ал 1996 жылы ресми түрде 70, 5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. Олардың 54%-і жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алады. Жұмыссыздардың 80%-не дейінгісі әйелдер, ал жартысына жуығы 29 жасқа дейінгі жастар. Әрбір жұмыссыздың бесеуі жоғары білімді, әрбір екеуі - орта кәсіпті маман, әрбір үшеуі - жалпыға бірдей орта білімді.
1996 жылдың аяғында қарай Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 2500-500 мың адам болды. Сондықтан мемлекет дүние жүзінде жинақталған тәжірибеге сүйене отырып бұл процесті реттеуді үйренуде. Жұмыссыздықтың әлеуметтік және саяси өткірлігін азайту үшін, нарық қатынастары дамыған елдердің үкіметтері соңғы 30 жыл бойына жұмыссыздарға жәрдем берудің әр түрлі жүйелерін қолдануда. Халықты еңбекпен қамтудың мемлекеттік реттеу механизмі құқықтық негізде әрекет ететін мамандандырылған мекемелердің, экономикалық тұтқалардың жүйесін қолданады. Бұндай жағдайда, мемлекет қайта мамандандыру, жаңа жұмыс орындарын құру және жұмыссыздыққа жәрдем ақы төлеу сияқты әлеуметтік саясат шараларын жүзеге асыруы қажет.
Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына сәйкес жұмыстан босап қалып жұмыс аз деп тіркелген адамдарға бұрынғы жұмыс орындағы негізгі жалақысының 50%-тен кем емес мөлшердегі, бірақ республикада қалыптасқан орташа жалақы мөлшерінен төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік беріледі.
Нарық қатынастары дамыған көп елдерде жұмыссыз жүрген әр түрлі топтағы адамдарға, әсіресе жастарға арналған арнайы шаралар қолданылады.
Ал енді Қазақстандағы жұмыссыздар көрсеткішін нағыз санға жүгінетін болсақ 14, 5 млн халықтың 2 млн-нан астамы жұмыссыздар екенін көре аламыз, бұл жақсы ма, әлде жаман ба, оны келесі таблицадан толық көре аласыздар.
1999 - 2000 жылдар бойынша әр айдың аяғындағы тіркелген жұмыссыздар саны.
1 кесте.
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
247, 9
246, 0
241, 5
238, 4
236, 9
236, 1
90, 2
90, 7
90, 4
88, 2
87, 9
87, 2
132, 6
111, 9
91, 7
67, 8
54, 3
30, 2
44, 0
37, 7
32, 5
25, 8
21, 2
9, 0
3, 9
3, 9
3, 8
3, 7
3, 7
3, 7
Қаңтар
Ақпан
Наурыз
Сәуір
Мамыр
Маусым
279, 0
292, 8
288, 1
288, 0
280, 1
267, 4
98, 6
100, 8
96, 8
98, 0
96, 7
94, 4
22, 8
13, 4
17, 3
21, 0
22, 8
24, 8
9, 6
4, 8
5, 7
6, 3
7, 2
7, 0
4, 4
4, 6
4, 5
4, 5
4, 4
4, 2
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz