Еркін экономикалық аймақтардың түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қ.И.СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

___________________________________ __________________кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Еркін экономикалық аймақтар

Тексерген:______________________

_______________________________

Орындаған:_____________________

Мамандығы:____________________

Тобы:__________________________

Алматы 2005

Жоспар

Еркін экономикалық аймақтар және оларды құрудың себептері 3
Еркін экономикалық аймақтардың түрлері 4
Әр түрлі елдердегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің ерекшеліктері 5
Қазақстандағы еркін экономикалық аймақтар 12

Еркін экономикалық аймақтар және оларды құрудың себептері

Еркін экономикалық аймақтар дүние жүзінің көптеген елдерінде өрістеп отыр.
90 жылдардың ортасына қарай дүние жүзінде 4 мыңнан астам әр түрлі еркін
аймақтар болды. Олардың қатарына кедендік одақ аймақтары, технопарктер,
еркін сауда аймақтары, т.б. жатады. Батыс мамандардың пікірінше 2010-жылға
дейін еркін экономикалық аймақтар арқылы дүние жүзілік тауар айналымның 50
% өтетін болады. Өз қызметі үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыратын
халықаралық корпорациялар, еркін экономикалық аймақтар қолайлы құрылымдар
қатарына жатқызады. Олар өз өндірістерін еркін экономикалық аймақтарда
мейлінше кеңейтуге мүдделі болып отыр.
Еркін экономикалық аймақтар дегеніміз — ерекше жеңілдіктер мен
ынталандыру жүйелерін пайдаланатын ұлттық экономикалық кеңістіктің бір
бөлігі. Қандай бір нысанда болмасын еркін экономикалық аймақтың ерекшелігі
— ол оңашаланған географиялық территория. Еркін экономикалық аймақтар
термині халықаралық ұйымдар қабылдаған термин. Бұл термин еркін
экономикалық аймақтың мәнін толық ашып бере алмайды, себебі аталған
аймақтарда қолданылатын экономикалық тәртіп оларды мемлекеттің құқықтық
және шаруашылық жүргізу заңдарын, ережелерін орындаудан босатпайды.
Мемлекет тек қана жүріп жатқан экономикалық процестерге араласу дәрежесін
қысқартады.
Бірқатар дамушы елдер үшін еркін экономикалық аймақтар территориясының
оңашалығы, ондағы өмір сүру деңгейі мен арнайы экономикалық аймақ болып
табылады. Еркін экономикалық аймақтарды ұйымдастыру ашық экономика
принциптерін қолдауды білдіреді. Олардың шаруашылық жүргізу мүмкіндіктері
сыртқы экономикалық әрекеттердің еркіндігі мен белсенділігіне байланысты.
Еркін экономикалық аймақтардың баж, салық және инвестицияға
байланысты ахуалы шетелдік және ұлттық кәсіпкерлерге қолайлы. Басқаша
айтқанда еркін экономикалық аймақтар дүниежүзілік шарушылықтағы уақытша бос
капиталдарға құрған сияқты десек те болады.
Еркін экономикалық аймақтарды құруды, әдетте төмендегі үш мәселені
шешумен байланыстырады:
1. Өндіріс өнімдерін экспорттауға ынталандыру, сол арқылы валюталық
қаражат табу;
2. Халықты жұмыспен қамту деңгейін жоғарлату;
3. Шаруашылық жүргізудің жаңа әдістерін сынақтан өткізіп, қолдану.
Қандай бір мемлекет болмасын өз экономикасын шетел капиталына айқара
ашпайды, сондықтан қолайлы инвестициалдық ахуалды елдің бір бөлігінде ғана,
арнайы экономикалық аймақ ретінде жасауды жөн көреді.

Еркін экономикалық аймақтардың түрлері

Еркін экономикалық аймақтар халықаралық экономикалық байланыстарды
нығайтады.
Қажетті өндіріс салалары мен шаруашылық объектілерін қолдау үшін
арнаулы шаралар жүйесін жасайды. Олардың қатарына, мысалы, артта қалған
аудандарды дамыту бағытында қолайлы инвестициялық ахуал жатады. Еркін
экономикалық аймақтарды құрудың себептері мен мақсаттары әрбір нақты
жағдайға байланысты өзгеріп отырады.
Өнеркәсібі дамыған АҚШ, Ұлыбритания сияқты елдерде еркін
экономикалық аймақтар кіші және орта бизнесті жандандыру мақсатында
құрылады. Ол үшін кіші және орта кәсіпкерлерге едәуір шаруашылық жүргізу
еркіндігімен қатар, қаржы жеңілдіктері де беріледі.
Кейбір дамушы елдерде осы мақсатта құрылған еркін экономикалық
аймақтардың оңды әсері артта қалған аудандарды жедел жетілдіріп отыр.
Дегенмен, дамушы елдер еркін экономикалық аймақтар құру барысында дамыған
мемлекеттер сияқты өз қаражатына емес, шетел капиталына сүйенеді.
Еркін экономикалық аймақтардың ұйымдық-функционалдық құрылымы әр
алуан. Оларды құруда негізінен екі түрлі — аумақтық (территориялық) және
функционалдық әдістер қолданады. Бірінші әдіс бойынша барлық резидент-
кәсіпорындар елдерінің шаруашылық жүргізуі үшін белгілі аумақтарда
жеңілдіктер алады. Резидент — бір елде қызмет ететін басқа бір елдің жеке
немесе заңды тұлғасы. Екінші әдіс бойынша еркін аймақтағы іскерліктің
белгілі бір түріне жеңілдіктер береді.
Аумақтық әдіс бойынша ұйымдастырылған еркін экономикалық аймақтар
Қытайда кеңінен тараған.
Функционалдық әдісті қолданудың нәтижесінде жеңілдіктерді
пайдаланатын оңаша кәсіпорындар қалыптасады (оффшорлық фирмалар, еркін
дүкендер, т.с.с.).
Еркін экономикалық аймақтардың ең қарапайым түрлерінің бірі еркін
салықсыз баж аймақтары. Мұндай аймақтар еркін экономикалық аймақтардың
бірінші буынына жатады. Оларды әдетте еркін баж территориялары деп атайды.
Еркін баж аймақтары тауарларды келтіру мен әкетуде баждан босатылады.

Әр түрлі елдердегі еркін экономикалық аймақтар қызметінің ерекшеліктері

Еркін сауда аймақтары да дүние жүзінде кеңінен тараған. Мұндай
аймақтар АҚШ-та жақсы дамыған. Бұл аймақтар АҚШ территориясының шектеулі
бір бөлігінде заңды жеңілдіктерді пайдаланып, өз шаруашылық қызметтерін
жүргізуде. Қабылданған заң бойынша әрбір портты қалада ең кемінде бір
сыртқы сауда аймақғы құрылуы мүмкін.
АҚШ-тағы еркін сауда аймақтары жалпы міндетті және арнайы міндетті
болып екіге бөлінеді. Жалпы міндеттегі аймақтар аздаған территорияға
(бірнеше шаршы метр) орналасады да ұлттық баж салығы аумағынан бөлектенеді.
Ол жерлерде әкелінген тауарларды жинастыру және өңдеу (сорттау, белгілеу,
т.с.с.) жұмыстары атқарылады. Арнайы аймақтар жалпы міндеттегі аймақтар
шеңбірініе сыймайтын істермен шұғылданады. Оларда ірі компаниялардың
қатысуымен экспортталанатын және импорттың орынын басатын өнімдер
өндіріледі.
90-жылдардың ортасына қарай АҚШ-та 500-дей еркін сауда аймақтары
болды. Еркін сауда аймақтарының қарапайым түріне халықаралық әуежайларда
орналасатын арнайы дүкендерді де қосуға болады. Жұмыс істеу тәртібі бойынша
оларды мемлекеттік шекарадан тысқары тұрған объектілер деп санайды.
Өнеркәсіптік өндірістік аймақтар. Бұлар еркін аймақтардың екінші
буынына жатады. Олар сауда аймақтардың өрістеуі нәтижесінде тек қана тауар
емес, капиталдың да келуіне байланысты пайда болады. Капиталды келтіру тек
сауданы ғана емес, өндірістік қызметті де жандандырады.
Өнеркәсіптік-өндірістік аймақтарда баж тәртібі бар, экспортқа шығаратын
өнімдерді өндіретін территорияларға орналасады. Бұл аймақтар едәуір салық
және қаржы жеңілдіктерімен пайдаланады.
Экспорттық-өндірістік аймақтар. Еркін экономикалық аймақтардың бұл
түрі дамушы елдерде кеңінен тараған.
Экспорттық-өндірістік аймақтардың пайда болуы дамушы елдердің
обьективті экономикалық мұқтаждықтарына байланысты. 60-жылдарыдың орта
шенінде дамушы елдерде шетел капиталының көмегімен өнеркәсіп өнімдерін
экспорттау және жұмыспен қамтуды жүзеге асыру үшін экспорттық-өндірістік
аймақтар көптеп құрыла бастады.
Жаңа техника енгізу аймақтары. Бұлар еркін экономикалық аймақтардың
үшінші буынына жатады. Мұндай аймақтар мемлекеттің арнайы қолдауымен ірі
ғылыми орталықтар жанынан құрылады. Бұл аймақтарда ұлттық және шетелдік
ғылыми-зерттеу, жобалау, ғылыми-өндірістік фирмалар жұмыс істейді. Олар
салық және қаржы жеңілдіктерін бірдей пайдаланады.
Жаңа техника енгізу аймақтары кеңінен тараған елдер қатарына АҚШ,
Жапония, Қытай жатады. АҚШ-та оларды технопарктер, Жапонияда —
технополистер, Қытайда — жаңа және жоғары технологияларды дамыту аймақтары
деп атайды.
АҚШ-тағы ең ірі технопарк Силикон Вэлли (Кремний алқабы) есептеу
техникасы мен компьютерлердің дүние жүзілік өндірісінің 20% шығарады. АҚШ-
тағы технопарктердің жалпы саны 80-нен асады және оларда 20 мыңға жуық
мамандар жұмыс істейді. Жапонияда үкіметтің арнайы бағдарламасы шеңберінде,
жетекші ғылыми ұйымдардың жанынан 20-дан аса технополистер құрылған. Қытай
Халық Республикасында мұндай аймақтар ғылым және техниканы дамыту
саласындағы мемлекеттік бағдарламаға сәйкес 90-жылдарыдың орта шенінде
құрыла бастады.
Қазіргі кезде олардың саны 50-ден асты. Азиядағы Жаңа индустриялы
елдерде жаңа техниканы енгізу аймақтары инновациялық деп аталып экспорттық-
өндірістік аймақтардың жанынан ашылуда. Мұның басты себебі экспорттық-
өндірістік аймақтарда қалыптасқан ғылыми-техникалық мүмкіндіктерді
пайдалану болып отыр.
Қызмет көрсету (сервис) аймақтары. Бұлардың қатарына оффшорлық
аймақтар және салық айлақтары (налоговые гавани) жатады. Аталған аймақтар
өзінің тартымды валюталық-қаржылық және фискальдік саясатымен, банк,
коммерциялық қызметтер құпиялығының жоғары деңгейімен, мемлекеттік
реттеудің әділдігімен іскерлер үшін қолайлы болып отыр.
Оффшорлық аймаққа тіркелген және сол арқылы салық төлеу т.б
жеңілдіктерге үміткер компанияларға негізгі талап — оффшорлық орталық
орналасқан елдің резиденті (өкілі) болмау және оның территориясынан пайда
іздемеу болып отыр.
Салық айлақтарының оффшорлық аймақтардан айырмашылығы, олар салық
жеңілдіктерін қызметтің барлық түріне алады. Қазір дүние жүзінде 300-ден
астам оффшорлық орталықтар жұмыс істейді.
Офшорлық аймақтардағы өндірістік, сауда, банк, қамсыздандыру және
т.б. компанияларға ешқандай салық салынбайды немесе аз мөлшерде ғана
салынады. Мысалы, Швейцарияда оларға салықтың ең аз мөлшері белгіленген,
кейбір жағдайларда компаниялар тіпті сол аз салықтың өзінен де босатылады.
Оффшорлық аймақтарда валюта қозғалысына ешқандай шектеулер жоқ. Олардан
түскен пайданы еркін алып кетуге болады. Бұл аймақтарда жарғылық қор
деңгейі төмен және баж алынбайды.
Оффшорлық аймақтар ұйымдастырушы елдердің пайдасына шетелдік
капиталдың көптеп келуін, тіркелген компаниялардан түсетін табысты,
жергілікті мамандар үшін қосымша жұмыс орындардың ашылуын және т.б.
жатқызуға болады. Мұның барлығы ұлттық экономиканың дамуына игі әсер
тигізетін құбылыстар.
Оффшорлық бизнес, әдетте банк ісінде, қамсыздандыру және жылжымайтын
мүлікпен операцияларды, консалтинг қызметтері төңірегінде шоғырланады.
Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қазіргі уақытта дүние жүзіндегі оффшорлық
қызмет шеңберінде 500 млрд. доллар шамасындағы капитал айналымда көрінеді.
Бұл іске 2 млн. салымшылар (жеке және заңды тұлғалар) қатысып, жылдаған
сайын мыңдаған жаңа компаниялар тіркеледі екен.
Оффшорлық аймақтар туралы мамандардың көзқарасы бірдей емес. Кейбір
эксперттердің пікірінше оффшорлық аймақтар көбінесе лас ақшаларды жуып,
тазартатын және әр түрлі банктердің айналасындағы алаяқтар үшін қолайлы
орта болып отыр.
Кешенді (комплексті) аймақтар. Бұлардың қатарына жекелеген әкімшілік
құрлымдардың аумағында жеңілдіктермен қолданатын субьектілер жатады.
Мысалы, мұндай аймақтардың сипатына Қытайдың бес арнайы ауданы,
Бразилиялық Манаус аймағы, Аргентинаның Отты жер еркін іскерлік
территориясы жатады.
Халықаралық еркін экономикалық аймақтар. Арнайы экономикалық
аймақтардың бұл түрі 90-жылдары жедел қалыптаса бастады. Мысалы, Ресей,
Қытай және Солтүстік Корея шекараларының түйіскен жерінде Туманган
халықаралық еркін экономикалық аймағын құрудың жобасы бар. Бұл жоба 20
жылға есептеліп, оның бірінші кезең құны 90-110 млрд. доллар құрайды деген
болжам бар. Аталған еркін экономикалық аймақты құруға Жапония, Оңтүстік
және Солтүстік Корея, Қытай және Ресей ат салысады деп күтілуде. Бұл
аймақта Қытай және Корея жұмысшыларының күшімен ірі порт құрлысы, көптеген
өнеркәсіп орындары салынбақ.
Еркін экономикалық аймақтардың бәріне ортақ белгі — баж, қаржы, салық
жеңілдіктері мен артықшылықтарын беру арқылы кәсіпкерлерлерге мейлінше
қолайлы инвестициялықахуал жасау дер едік.
Жеңілдіктердің төрт тобын атап көрсетуге болар:
1) сырқы сауда жеңілдіктері. Бұлар ерекше баж — ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еркін экономикалық аймақтар
Еркін сауда аймақтары
Еркін экономикалық аймақтар мәні
Еркін экономикалық аймақтар түрі
Арнайы экономикалық аймағын құрудың алғыш
Арнайы экономикалық аймақ
Қазақстан Республикасында еркін экономикалық аймақты басқаруды жетілдіру
Аймақтардың әлеуметтік-экономикалық дамуын мемлекеттік басқару
Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар
Еркін экономикалық аймақты басқару барысында пайда болатын экономикалық қатынастарды зерттеу
Пәндер