Компания зейнетақы активтерінің тек қана белгілі бір бағалы қағаздар мен банк депозиттеріне салуға құқылы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті

"Қаржы және банк ісі"кафедрасы

Тақырыбы: Зейнетақы қорлары

Орындаған: Дулятов Р. П.

УА 304 топ

Тексерген : Малаева Р. А.

Алматы 2007ж

Жоспар

Кіріспе

1. Зейнетақы қорлары

2. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары

Қорытынды

- Пайдаланылған ақпараттар көзі

- Пайдаланылған ақпараттар көзі

1. Оразбекұлы Бахыт

Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп /Оқу құралы. - Алматы: Экономика, 2002. - 225 бет.

2. Құлпыбаев С., Баязитова Ш., Баязитова А.

Қаржы теориясы: Оқу құралы. - Алматы, "Мерей", 176 бет, 2001.

3. Құлпыбаев С. Және басқалары. Қаржы теориясы. Оқу құралы. - Алматы: Мерей, 2001. - 176 бет.

Кіріспе

Қазақстан Республикасы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінің қызмет етуінің құқықтық негізі болып Конститутция және «зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңдар болып табылады. Осы заңға сәйкес толығымен өзін - өзі қаржыландыратын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға және дамытуға қолайлы жағдай жасау үшін, жаңа зейнетақы жүйесінің қатысушыларының іс - әрекетін бақылау мен реттеуді жүргізуден басқа, зейнетақының бара - бар көлемімен қамтамасыз ету және салымдардың жоғалуы мен зейнетақы қорының құнсыздану тәуекелін алдын алу мақсатында мемлекет қызметкерлердің жинақтау жүйесіне міндетті зейнетақылық жарналарын бектеді.

Зейнетақы жүйесінің айрықша ерекшелігі болып, жинақтаушы зейнетақы қорын толтыру салымшылардың жарналары есебінен ғана емес, сонымен қатар оларды әр түрлі қаржы институттарына инвестициялау нәтижесінде алынатын инвестициялық табыс есебінен толтыру. Бұл әрекет мемлекеттің бақылауында болады.

Зейнетақы жүйесінің реформасы мемлекеттің зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін барынша мемлекеттік емес жүйеге өтуі процесін көрсетеді. Бұл процестің қысқа уақыт емрзімінде іске асырылуының мүмкін есемтігін ескере отырып, оның сәтті орындалуын қамтамасыз ету үшін едәуір күш - жігер жұмсау керек.

Оның қаржылық өмір сүру қабілетін қамтамасыз ету үшін сәйкесінше жағдай жасау және ең бастысы қоғамдық сенімді қалыптастыру керек.

1. Зейнетақы қорлары

Өтпелі кезең уақытында зейнетақы жүйесі бұрынғы жүйесінің элементтерін сақтай отырып, жаңа өзін - өзі қаржыландыратын жүйеге өту болып табылады.

Жаңа жүйеге халықтың сенімін көтеру үшін оның жинақтау бөлігінде мемлекеттік және қарастырылған. Қойылған мәселені орындау мақсатында зейнетақы жүйесінің қызметін қамтамасыз ететін бір - қатар мемлекеттік құрылымдар аанықталған. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің ұйымдастырушылық құрылымының жалпы көрінісі келесі келтірілетін сызбада бейнеленген. Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесінің субъектілері болып мыналар табылады:

  • Зейнетақы қорының жинақтаушы зейнетақы қоры (ЖЗҚ) зейнетақы активтерін - қызметкерлердің міндетті зейнетақылық салымдары, әр адамды арнайы есепке алу қағидасы бойынша қалыптастыру және инвестициялық қызметті орындау;
  • Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ұлттық зейнетақы агенттігі (ҚР үкіметінің 1999ж. 26 сәуірдегі №471 қаулысы бойынша «ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау минисрлігінің ЖЗҚ - ның қызметін реттеу комитеті» болып қайта құрылады) - ЖЗҚ - ның қызметін реттеуді және бақылауды іске асырады;
  • Ұлттық Банк - кастодиан банктердің қызметін реттейді;
  • Ұлттық Банктің бағалы қағаздарды реттеу департаменті - зейнетақы активтерін басқару компаниясының қызметін лизензиялайды, реттейді және бақылайды.

Зейнетақы жүйесінің субъектілерінің қарым - қатынас жүйесі

Ынтымақтастық жүйе бойынша зейнетақыларды төлеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығына маңызды роль жүктелген. Ынтымақтастық жүйе бойынша зейнетақы төлеу 1998ж. 1 қаңтарына дейін 6 айдан кем емес стажы бар азаматтар зейнетке шыққанынша іске асырылады.

Бұдан бөлек мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы өзінің транзиттік шоты арқылы зейнетақы салымдарын жинақтау жүйесіне аударған кезде ақпараттарды сақтап қалады және салық органына мәлеметтерді береді. Олар өз кезегінде зейнетақы салымдарын уақытылы есепке алынуын бақылайды.

Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қатысушылары болып ЖЗҚ - лар зейнетақы активтерін басқарушы компания (ЗАБК) мен кастодиан

Банктер болып табылады.

Қазақстан Республикасының «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңында ЖЗҚ - ның келесідей түрлері анықталған:

  • Мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен жабық акционерлік қоғам формасында құрылған МЖЗҚ - ның оның жеке қорлардан айырмашылығы - ол зейнетақы активтерін мемлекеттік бағалы қағаздарға, мемлекеттік банктер депозитіне, халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздарына салады, одан жеке қорлармен салыстырғанда шамалы инвестициялық табыс алады, ал есесіне тәуекел деңгейі минималды болады;
  • Мемлекеттік емес ашық ЖЗҚ. Ол 4 - тен кем емес ҚР - дың резиденті болып табылатын заңды және жеке тұлғалармен құрылуы керек. Ол кез келген салушының салымдарын, оның жұмыс орны мен мекен - жайына қарамастан қабылдайды;
  • Мемлекеттік емес корпоративтік ЖЗҚ. Ол ҚР - дың резиденті болып табылатын бір немесе бірнеше заңды тұлғалармен құрылады. Ол салымдарды тек қана өзін құрған заңды тұлғалардан ғана қабылдайды.

Жинақталған зейнетақы - қордың меншігі емес, оның салымшыларының меншігі.

Компания зейнетақы активтерінің тек қана белгілі бір бағалы қағаздар мен банк депозиттеріне салуға құқылы. Сонымен қатар, оларды орналастыру сәтінде зейнетақы активтерінің жалпы көлемінен қатаң түрде келесі мөлшерлерде ғана салады:

  • Мемлекеттік қысқа мерзімді бағалы қағаздар - 25 пайыздан көп емес;
  • Мемлекеттік орта және ұзақ мерзімді бағалы қағаздар - 25 пайыздан көп емес;
  • Халықаралық қаржылық ұйымдардың Орталық Банктеріне - 10 пайыздан көп емес.

Олар:

  • Халықаралық қайта құру және даму банкі (ХҚҚДБ) ;
  • Еуропалық қайта құру және даму банкі (ЕҚҚДБ) ;
  • Американдық даму банкі (АДБ) ;
  • Халықаралық есеп - айырысу банкі (ХЕАБ) ;
  • Азия даму банкі (АзДБ) ;
  • Африка даму банкі (АФДБ) ;
  • Ислам даму банкі (ИДБ) ;
  • Халықаралық қаржы корпорациясы (ХҚК) ;
  • Қазақстан қор нарығының «А» листингіне енгізілген эмитенттер акциялар - 10 пайыздан көп емес;
  • Банктік депозиттік сертификаттар және ҚР ҰБ бекіткен түрі бойынша 2 - деңгейлі банктер депозиттеріне - 40 пайыздан көп емес.

Зейнетақы активтерін қандай бағалы қағаздарға немесе қандай мөлшерде инвестициялауын компания өзі шешеді, зейнетақы қорының инвестициялық процеске қандай болмасын әсер етуіне құқығы жоқ, өйткені инвестициялаудың соңғы нәтижесі үшін жауапкершілік тек компанияға жүктеледі.

2. Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары

Зейнетақымен қамтамасыз ету реформасы мемлекеттің экономикалық жандануының бірінші кезектегі міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасындағы «Зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы бойынша мемлекеттік емес зейнетақымен қамтамасыз етілу - зейнетақы жүйесінде мемлекеттік зейнетақыға қосымша ретінде қарастырылады.

Жекелеген ұйымдардың, экономика саласындағы немесе аумақтық қосымша зейнеткерлік бағдарлама нысанында, сондай - ақ өзінің зейнетақымен қамтамасыз етілуін қосымша қаражаттар жинақтау үшін сақтандыру компанияларында немесе зейнетақы қорларында жеке азаматтар зейнеткерлік сақтандыру нысанында жүзеге асырады. Екі нысанның да дамуы болжануда.

Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары зейнетақы активтерін басқару компаниясының арнайы тағайындалған басқарушысы арқылы басқаратын бағалы қағаздар нарығының кәсіпқой қатысушысы болып табылатын және бекітілген заң тәртібімен құрылған жабық акционерлік қоғам жүзеге асырады. Бұндай компанияларүшін мемлекеттік өкілетті орган:

  • Қызметті лицензиялау тәртібін;
  • Жарғылық және меншікті капитал көлемі мен олардың қалыптастыру тәртібін;
  • Зейнетақы қорларынан төлейтін сыйақылардың шекті мөлшерін;
  • Міндетті пруденциалық нормативтердің сақталуын анықтайды.

Басқару компаниясының басқарушы тұлғаларына заңдылықпен

бірқатар шектеулер қойылады:

  • Басшы тұлғалардың кандидатурасы бағалы қағаздардың ұлттық комитетімен келіседі;
  • Міндетті түрде жоғары білімді болуын;
  • Бұрын сотталмаған болуын;
  • Бұрын басшылық еткен кезде банкрот деп танылған немесе консервацияға, санкцияға, мәжбүрлеп таратуға ұшыраған қызметкер болмағанын.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің теориялық негізі
Қазақстан Републикасының зейнетақы нарығына экономикалық талдау
Жинақтаушы зейнетақы қорлары
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Жинақтаушы зейнетақы қорлары - мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры мен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары
Жинақтаушы зейнетақы қорын мемлекеттік реттеу
Қазақстандағы зейнетақы ісінің жағдайының талдауы
Зейнетақы жүйесін реформалаудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасында зейнеткерлердің әлеуметтік мәселелерін реформалаудың теориялық негіздері
Мемлекеттің ұлттық экономикасын модернизациялау барысында зейнетақы жүйесін қалыптасу деңгейін бағалау және зейнетақы активтерін экономикалық нақты секторларына инвестициялау механизмдерін жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz