Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығы
ЖОСПАР
Кіріспе 3
І-бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету 4
1.1 Қазақстан Республикасының 1997 жылғы зейнетақы реформасы, оның
қатысушылары 4
1.2 Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері 5
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
зейнетақы қорлары 6
2.1 Зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы
атқаратын қызметтері мен құқықтық негіздері 6
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер 13
Кіріспе
Әлемнің көптеген елдерінде зейнетақы қорларының жұмысы қайтадан
түрлендірілуде. Бұл әсіресе ТМД елдерінде кеңінен етек алды.
1998 жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып өзінің
зейнетақы қоры жүйесін реформалауға кірісіп кетті. Зейнетақы реформасына
еркіндік беріп, даңғыл жол ашқан (Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен
қамсыздандыру туралы 1997 жыл 20 маусым) Қазақстан Республикасының заңы
болған. Осы негізде бүгінгі күні жаңа зейнетақы жүйесі аяғынан тік тұрды
деп айтуға болады.
Қазақстандық зейнетақы қорларының жүйесінің негізіне Чилидегі зейнетақы
қорларының жүйесі жатқандығын баса айта кетуге болады. Өйткені бұл
жөніндегі Чилидегі 20 жылдық тәжірибе біршама ден қоюға тұрарлықтай. Чили
мемлекетінде зейнетақы активтерін зейнентақы қорлары басқарады, олар
зейнетақы қорларының салымшыларына зейнетақымен қамтамасыз етудің түрлі
схемаларын ұсынады. Ондағы халықтың зейнетақы жинақтары ЖҰӨ-нің 55%-ын
құрайды. Зейнетақы қорларының инвестицияларының есебінен елдің тұрғын үй
қорының 60% тұрғызылған. Бұл зейнетақы жүйесінің қазіргі кезеңде
мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық өмірінде қаншалықты маңызды роль
атқаратынын байқауға болады.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік – экономикалық дамуындағы маңызды
рөлді Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығы алады. Бұл бүгінгі таңда
тұрақты түрде дамып келе жатқан нарықтардың бірі. Қазірдің өзінде-ақ
зейнетақы қорларын реформалау оң нәтижеге беріп отырғанын нық айтуымызға
болады.
Халықты зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесі әр кезде әр елде өте
маңызды болған. Бұл жүйенің дамуы елдің ерекшелігіне, әлеуметтік –
экономикалық дамуына қарай қалыптасқан деуге болады. Соның ішінде Қазақстан
Республикасында таңдалған зейнетақы мен қамтамасыз ету жүйесі өзінің
ерекшелігіне ие. Бұл жүйенің ары қарай дамуы бүгінгі таңда актуалды
мәселелерінің бірі. Ол көп аспектілі және де талдау, талғау, зерттеуді
қажет ететін жүйе деп санаймын. Ол неғұрлым түсінікті, жеткілікті, жан-
жақты тармақталған жүйеге айналса соғұрлым оның дамуы, тұрақтылығы нығая
түседі.
І-бөлім. Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету

қатысушылары
Қазақстанның зейнетақы қызмет көрсету нарығында, бүгінгі күні, басқа
қаржы нарығының сегменттерінен айырмашылығы, тұрақты түрде дамуы.
1997 жылғы 20 маусымда Қазақстанда еліміздегі алғашқы жинақтаушы
зейнетақы жүйесін қалыптастырудың негізі болған "Қазақстан Республикасының
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" заңы қабылданды. Қазақстан ТМД
елдерінің ішінде бірінші болып ескіден қалған азаматтарды зейнетақымен
қамтамасыз ету жүйесін жинақтаушы жүйемен қайта қалыптастырды. Жинақтаушы
зейнетақы жүйесін реформалаудың қаншалықты артықшылықтары мен оңтайлы
жақтары болғанымен әлі күнге дейін көптеген мәселелері шешімін тапқан жоқ.
Жалпы мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қоры – салымшылардың
міндетті және ерікті зейнетақы жарналарын, сандарға сәйкес түсетін өзге де
қаражатты жинауды және алушыларға зейнетақы төлеуді, осындай-ақ зейнетақы
активтерін қалыптастыру жөніндегі қызметті және осы Заңда белгіленген
тәртіппен оларды зейнетақы активтері жөніндегі компания арқылы
инвестициялауды жүзеге асыратын заңды тұлға.1,б.30
Жинақтаушы зейнетақы қорының салымшысы болып зейнетақы төлемін алушының
пайдасына зейнетақы жарналарын төлеуді жүзеге асыратын жеке немесе заңды
тұлға болып табылады.
Мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының негізгі көрсеткіштерінің
(салымшылары мен зейнетақы жарналары, зейнетақы активтері мен жинақтары),
зейнетақы жүйесі бойынша көрсеткіштердің жалпы көлеміндегі үлесінің тұрақты
өсуі, тұтастай алғанда мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларына
халықтың сенімінің өсуін куәландырады.
Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу бойынша комитет
нормативтік құқықтық актілер жасап және де өзгертулер мен толықтырулар
енгізе алады.
1998 жылдың қаңтарынан бастап жинақтаушы зейнетақы жүйесінің елде
қызмет еткеніне 7 жыл асып отыр. 2004 жылдың 1 тоқсанына Қазақстанның
зейнетақы қызмет көрсету нарығы зейнетақы активтерінің өсуімен де, сонымен
қатар нарықтық қатысушыларының сандық құрамы мен жинақтаушы зейнетақы
қорларының инвестициялық портфелінің тұрақты дамуымен сипатталады.
Бұл күнде ҚР зейнетақы қызметін көрсету нарығы мына төменде көрсетілген
суреттегідей болып отыр. 16 зейнетақы қоры, оның ішінде 13 ашық типтегі, 2-
корпоративтік типтегі және 1- мемлекеттік зейнетақы қоры болып отыр.
Қазақстан Республикасының зейнетақы нарығы.
1.2 Зейнетақы қорларының мәні, мақсаты және міндеттері
Қазақстанда зейнетақы реформасының басталғанынан бері 7 жыл асып
барады. Оны жүргізу объективтілік қажеттілік негізінде болады. Бірақ
реформаның нәтижелері мен жүзеге асу әдістері біркелкі бағалануы мүмкін
емес. Елдегі болған зейнетақы реформасын бағаламас бұрын зейнетақы жүйесін
қайта құрудың әйгілі варианттарына және кейбір аспектілеріне тоқталып
өтейін. Көптеген әрекет етуші зейнетақы жүйесін үлестіру принципіне
негізделеді, яғни зейнетақы зейнеткерлердің өздерінің жинақтары есебінен
емес, жұмысшылардың жарналары есебінен төленеді. Зейнеткерлер санының
жұмысшылардың санына қатынасының ұлғаюымен байланысты үлестіруші зейнетақы
жүйесі кезіндегі жалпы экономикаға және халыққа деген ауыртпашылық өсті.
бұдан бірқатар әлеуметтік – экономикалық саяси мәселелер туындайды, оны
тек зейнетақы берушідің негізі болып табылатын принциптерді түбегейлі
өзгерту негізінде шешуге болады. Бұл жүйе бойынша зейнетақы
қамсыздандырудың деңгейі тікелей зейнетақы аударымдарының тарифімен,
зейнеткерлермен жұмысшы халықтың саны және оның еңбекақы деңгейімен
қатынасы байланысты.
Альтернативті үлестіруші жүйе жинақтаушы зейнетақы жүйесі болып
табылады. Мұнда әрбір жұмысшы жұмыс істеу барысында зейнетақы қорларына
жарналарын аударады, қаражаттар ұзақ уақыт бойы экономиканы инвестициялауға
қолданылады, ал жұмыс істеу мерзімі аяқталғаннан кейін олар өзінің жеке
зейнетақы мен қамтамасыз етуіне кетеді.
Жинақтаушы зейнетақы қорлары бір миллиардтан аса АҚШ долларын
шоғырландырған, ал оларға болса біздің елде қолдану мүмкіншілігі мүлдем жоқ
деуге болады. Реформаның мақсаты, айта кетсек, болашақтағы зейнеткерлерге
дивиденд алуды кепілдендіретін тек салымдарды зейнетақылық жинақтау ғана
емес, сонымен қатар дұрыс инвестициялауда да болған. Жинақтаушы
зейнетақылық қордың мәні - бұл нақты өндіріске деген инвестициялар. Ол
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің немесе Ұлттық банкісінің
бағалы қағаздарына ғана емес, тіптен банктік депозиттерге де емес, өзінің
құны жоғалмайтын және де тіптен жаңа құн қосатын материалды обьектілерге
инвестициялар. Мысалға айтсақ, зейнетақы қоры салымшыларынан бүгін
аударымдарды алып, оны газ немесе мұнай құбыры құрылысына салсақ, олар 20
жылдан кейін де рентабельді болып қала береді. Әзірше жинақтардың 67%
мемлекеттік бағалы қағаздарға салынуда. Яғни ол дегеніміз мемлекеттік
қарызға салынған, және де мемлекеттің өзі жинақтаушы зейнетақы қорларының
инвестициялық табыстылығына кедергі етеді. Ал мұндай "жиналымдар" болса
ерте де кеш қирайды.
Енді мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының міндеттеріне
тоқталсақ, олар:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің белгілеуі бойынша зейнетақы
активтерінің төлемдерін жүзеге асыруға;
2. жеке зейнетақы активтерінің қорының есебін жүргізуге;
3. зейнетақы алушы мен салымшылардың қорлары туралы өздеріне мәлімет
беруге;
4. зейнетақықорының жағдайының мәліметтерін құпияда сақтауға;
5. зейнетақы қоры заңға сәйкес жүргізілуіне;
6. зейнетақы алушының өтініші бойынша оның зейнетақы қорын басқа қорға
аударуға;
7. зейнетақы активтерін инвестициялық бақылау үшін зейнетақы активтерін
басқаратын компаниялармен келісімге тұру (мемлекеттік жинақтаушы
қорынан басқа);
8. мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорымен келісімге тұрған
азаматтарға бірдей қызмет көрсетуге және т.б. міндетті.2,б.28

зейнетақы қорлары
2.1 Зейнетақы қорларының елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы атқаратын
қызметтері мен құқықтық негіздері
Кәрілік алдындағы қорқыныш бұл әр адамға табиғатпен берілген деп
айтылады. Кез келген адам жылдар өткен сайын ең алдымен материалдық
мәселелердің болуынан қашады. Қазіргі таңдағы шындық бұл әрбір қазақстандық
азамат өзінің болашақтағы кедейшілік күн кешпеуіне жағдай жасап және өзіне
жеткілікті кәрілікті қамтамасыз етуі қажет. Себебі әлеуметтік бағдарламалар
үшін бюджет қаражатының жетіспеушілігі және халықтың тұрақты қартаюы
мемлекет тарапынан мәңгілік көмектің болуына үміттенуге сендірмейді. Осыған
орай біздің қоғамдағы өте маңызды әлеуметтік мәні бар зейнетақымен
қамтамасыз ету туралы заңға кез келген өзгертулер Қазақстанның әрбір
азаматын толғандырмай және қызығушылығын тудырмайтыны болмайды.
2002 жылдың соңында Қазақстандық азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз
етудің құқықтық және әлеуметтік негізін анықтаушы және де осы жүйенің
қызмет етуінің барлық құқықтық аспектілері мен зейнетақылық қызмет көрсету
нарығының барлық қатысушыларының өзара қарым-қатынасын реттеуші зейнетақы
заңдылығы маңызды өзгертуге ұшырады. Алғаш рет өзгертулер мен толықтырулар
1998 жылы 22 желтоқсанда (№328-1 заң), яғни жаңа зейнетақы жүйесінің қызмет
етуіне 1 жыл өтпей жасалды. Екінші рет елдің зейнетақы заңдылығы 1999 жылы
5 сәуірде (№364-1 заң), өзгерту енгізілді. Осыдан кейін жаңартылған
"Қазақстан Республикасындағы зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы" заңы 4
жылдай мерзімде қызмет етті және 2002 жылдың соңында оған тағыда өзгерістер
мен толықтырулар енгізілді. Бұл түзетулер №369-11 реттік номеріне ие, заң
формасында қабылданып, "Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз
ету туралы" заңына өзгертулер мен толықтырулар туралы Қазақстан
Республикасы заңы деп аталды. Бұл жерде ескеретін жағдай, егер бірінші
жасалған екі өзгертулер мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорымен
мемлекеттік реттеуші органдардың енгізуге байланысты туындаса, ал зейнетақы
заңдылығына енгізілген соңғы түзетулер (2002 жылдың 29 желтоқсаны) өзінің
негізгі бөлігінде кейбір мемлекеттік емес субъектілерге оның ішінде
мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорына бағыттылған және дайындалған.
Себебі, бұл өзгертулер тұжырымдық және барлық зейнетақылық қызмет көрсету
нарығы үшін өміршеңділік сипатқа ие болды, олардың заңдылық сүзгіден өтуі
оңай болмай 1 жылға дейін созылды.
2002 жылғы 29 желтоқсандағы № 369-11 заң екі ғана баптан тұрады, бірақ
көптеген маңызды өзгертулерден тұрады.3,б.22
Зейнетақы заңдылығындағы басты жаңалық бұл жеке ерекше институт ретінде
бөлініп келген мемлекеттік жинақтаушы зейнет ақы қоры мәртебесінің алынып
тасталынуы. Зейнетақы мен қамтамасыз ету туралы заңдағы жаңа түзетуге
байланысты жинақтаушы зейнетақы қоры мемлекеттік және мемлекеттік емес деп
бөлінбейді. 2003 жылдың 1 қаңтарынан бастап заң алдында мемлекеттік
жинақтаушы зейнетақы қорында және мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы
қорында бірдей құқыққа ие. Бірақ бұл зейнетақы қорының мемлекеттік
қатысуымен болмайды дегенді білдірмейді. Егер бұрын мемлекеттік жинақтаушы
зейнетақы қорының бірден бір құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Үкіметі
болса, заңға сәйкес ашық жинақтаушы зейнетақы қоры құрылтайшылары мен
акционерлері ретінде Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды және
жеке тұлғалар және де Қазақстан Республикасының заңында бекітілген (№369-11
заңының 1-ші бабы 28-ші тармағында) талаптарды ескере отырып Қазақстан
Республикасы Үкіметі бола алады. Осыған орай мемлекет Үкімет тарапынан тек
бір ғана жинақтаушы зейнетақы қорының ғана емес сонымен қатар бірнеше
зейнетақы қорының жарғылық капиталындағы акция пакеттерінің жеке үлесінің
немесе толығымен иесі бола алды. Бұл мемлекеттік зейнетақы нарығын
бақылауды күшейту мақсатында жасалуы мүмкін. №369-11 заңының 1-ші бабы 30-
ші тармағына сәйкес жинақтаушы зейнетақы қоры атауында "мемлекеттік " сөзі
егер жарғылық капиталының 100%-ы Қазақстан Республикасы Үкіметіне тиесілі
болғанда ғана қолданылуына болады. Енді мемлекет (егер қажет етсе) бірнеше
жинақтаушы зейнетақы қорын өзінің 100% қатысуымен құра алады және оның бәрі
мемлекеттік деп атауға құқығы болады. Біздің еліміздегі қаржы нарығының
даму тәжірибесі мемлекеттік нарықтың кез келген сегментін жекешелендіре
отырып, оған қайта баруына болатындығын көрсетеді. Егер жақын арада
мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры толығымен жекешелендірілсе де, бұл
мемлекеттің зейнетақылық қызмет көрсету нарығы мәңгілікке тастады дегенді
білдірмейді. Ол жаңа мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қорын қалыптастыру
арқылы қайта орала алады.
Жаңартылған зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы зейнетақы
активтерін басқару түсінігіне бірнеше өзгертулер енгізді. Егер оның ескі
баспасында мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы активтер сөз тіркесі толық
емес түрде берілсе, қазіргі кезде ол бұдан да толығырақ зейнетақы активтері
инвестициялық басқару сөз тіркесімен ауыстырылды. Жаңа өзгерістерге сәйкес
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компания (ЗАБК) "зейнетақы
активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйым" деп аталатын
болады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz