Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі - потрфель инвестициялары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университеті

Тақырыбы: Инвестиция және оның түрлері. Отандық экономикаға
шетелдік инвестицияларды алып келудің жолдары

Дайындаған:
Тексерген:

Астана – 2008

Жоспар

1.Кіріспе

2.Негізгі бөлім: Инвестиция деген не? Оның түрлері

Қазақстан экономикасындағы шетелдік
инвестицияның

тиімділігі

Отандық экономикаға шетелдік инвестицияларды алып келудің
жолдары

3.Қорытынды

1998ж.бастап Қазақстан экономикасында қалыпты экономикалық өсу көрініс
алып отыр. Бұндай жағдайдың көрініс табуына жоспарлық - әкімшілдік
жүйенінің түрленуі, реформалануы, қор нарығының пайда болуы және
инвестициялық әрекеттің жоғарылауы күшті әсерін тигізді.
Енді инвестиция ұғымына анықтама беріп кетейік.Экономикалық
әдебиеттерде жеткілікті дәрежеде көптеген анықтамалар берілген, бірақ
әртүрлі авторлар ұсынған ол анықтамалардың барлығы құбылысты күрделі және
көп аспектілікке әкеліп соқтырады. Инвестицияның кең тараған анықтамасы –
бұл инвесторлардың өз кәсіпкерлік әрекетінің объектісіне салған мүліктік
және интеллектуалды құндылықтарының барлық түрлері. Экономикалық мәнінде
инвестиция “өндірістік күшті қалыптастыруда өндіріс процесінде жеке
еңбектің тұтынуға қарағанда жоғары құнды қалыптастыруы арқасында болатын
жеке еңбек пен қоғамдық еңбекті салу процесі” ретінде анықталады.
Экономикалық әдебиеттердің анализі көрсеткендей, “капитал салымдары”
термині – ол негізгі қорлар өндірісіне кеткен қаржылық шығындар. Мысалы,
Г.И.Хачатуров капитал салымдары астарында негізгі қорлар өндірісіне кеткен
шығындарды, олардың көбеюі мен жүзеге асырылуын түсінуді ұсынады.
М.И.Кулагин экономикалық мәнде инвестицияны өндіріске, көлік, ауыл
шаруашылығы және табысқа ие болу мақсатындағы ұлттық экономиканың өзге де
салаларына құралдардың ұзақ мерзімді салымын түсінуді ұсынады(58).
Бұдан да кең анықтамаларды шетелдік экономистер береді. Соның ішінде,
Кейнс инвестиция болып “белгілі бір кезеңдегі өндірістік әрекет нәтижесінде
капитал мүлігі құндылығының аралық өсімі” немесе “сол кезең ішінде иелікке
алынуда қолданылмаған табыстың бөлігі” табылады деп санайды. Сонымен,
инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы шаруашылық субъектісіне мүліктей, заттай
сондай-ақ ақша қаражаты түрінде , яғни капитал түрінде салынып ол
шаруашылықты әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың
жиынтығын айтады.
Инвестиция дегеніміз- бүгінгі күні қолда бар ақшаны, мүлікті және басқа
да заттарды , яғни капиталды қандай да бір өндірісті дамыту үшін жұмсап,
сол арқылы келешекте , яғни алдағы уақытта пайыз түрінде немесе басқадай
үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік . Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі бола отырып , елдің әлеуметтік дамуына жағдай
жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық дамудың жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың , ғылыми- техникалық прогресс
жетістіктерін өсірудің , инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Тағайындалу түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық
инвестиция болып екі түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субъектісіндегі белгілі бір
материалдық, өндірістік қорлардың, яғни активтердің (жер, жабдық , құрылыс)
өсуіне , дамуы жұмсалану үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға , облигациялар және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттерін салынған салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне қарай мынадай категорияларға
жіктеледі:
а) қысқа мерзімдік иелену- иелену мерзімі бір жылға дейін;
ә) ұзақ мерзімдік – иелену мерзімі бір жылдан артық;
Инвестор – қор нарығында құнды қағаздарды сатып алушылар болып
табылады.
Ұлттық инвестор дегеніміз- Қазақстан Республикасында инвестицияны
жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Заңды тұлғасы.
Инвестиция дегеніміз – табыс табу және капиталды ұлғайту мақсатымен
өндірістік және басқа да қызметтерге қаржы жұмсау болып табылады , яғни
қаржы үнемі жұмыс істеуге басқаша айтқанда, қандай да бір табыс түсетін
жұмысқа немесе іске жұмсалынуы тиіс. Инвестор өз алдына дербес екі топқа
бөлінеді:
- жеке инвесторлар (жеке адамдар).
- институттандырылған инвесторлар (банктер , инвестициялық қорлар,
зейнетақы қорлары , тағы басқалары).
Инвестициялық саясат дегеніміз – халық шаруашылығының әр түрлі
салаларында пайда табу мақсатымен ұзақ мерзімді капитал жұмсау саясаты.
Күрделі қаржыны тиімді пайдаланудың , оларды шешуші бағыттарға
шоғырландырудың , қоғамдық өндірісте тепе- теңдікті қамтамасыз етудің
жолдарын көрсететін шаруашылық шешімдерінің жиынтығы. Егер инвестициялық
саясат дұрыс шешілсе, әрбір шығындалған теңгеге келетін ұлттық табыстың
мөлшері өседі, өнім молаяды. Инвестициялық саясат күрделі қаржыны, қорларды
өндіретін , өндейтін және ол өнімдерді пайдаланатын салалар арасында дұрыс
пайдалануды қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде күрделі қаржыны жаңа
өндіріс орындарын тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан қайта
жарақтандыруға, қайта құруға бағытталып, одан әрі өндіріске жұмсалған
күрделі қаржының ара салмағын өсіре беру көзделіп отыр. Нарықты экономикаға
көшу кезінде инвестициялық саясат сұранысты қанағаттандыруға бағытталуға
тиіс.
Тікелей инвестиция дегеніміз- капиталды экспорттаушының қабылдаушы ел
территориясында өндірісті ұйымдастыруын айтады. Тікелей инвестициялар
арқылы халықаралық корпорациялар дүниежүзілік нарықта өз бөліктерін
жүргізеді.
Ал , капитал дегеніміз - тауар өндірісінің жұмыс күші тауарға айнала
бастаған кезінде пайда болады. Капиталдың алғашқы қорлануы процесінде
тікелей өндірушілер өндіріс құрал- жабдықтары капиталистік кәсіпкерлердің
қолына жинақтала бастады. Өндіріс құрал жабдығынан айырылған жұмысшы өз
жұмыс күшін капиталистерге сатуға мәжбүр болды. Бұл процесс тауар
өндірісінің капиталистік өндіріске айналуын көрсетеді.
Капиталды әлем елдерінде пайдаланудың негізгісі мыналар :
1. Инвестициялаушы елдегі капиталдың мол қорлануы;
2. Дүниежүзілік шаруашылықтың әр түрлі бөліктеріндегі капиталға
сұраныс пен ұсыныс арасындағы тепе-теңдіктің бұзылуы;
3. Жергілікті рынокты монополизациялау мүмкіндігі;
4. Капитал экспортталатын елде арзан шикізат пен жұмысшы күшінің
болуы;
5. Саяси тұрақтылықтың және қолайлы инвестициялық ахуал;
Капиталды шетке шығару мына нысандарда жүргізіледі:
- өнеркәсіп, сауда т.б. кәсіпорындарына тікелей инвестициялар ;
- портфельдік инвестициялар (шетелдік облигацияларды, акцияларды
және басқа да құнды қағаздарға алу үшін);
Ішкі инвестициялық ресурстар өте тапшы бүгінгі экономикалық жағдайда
экономиканы тұрақтандыруға , реформаларды тереңдету және құрылымдық
өзгерістерді жүзеге асыру шетел капиталын тартпайынша мүмкін емес.
Шетел инвесторы - шетелдік заңды тұлғалар, шетел азаматтары , шетел
мемлекеттері , халықаралық ұйымдар , шетелде тұрақты тұрғылықты мекені бар
Қазақстан Республикасының азаматтары , егер олар шаруашылық қызметін
жүргізу үшін азаматтығын алған немесе тұрақты тұрғылықты мекені бар елде
тіркелген жағдайда.
Шетелдік инвестиция дегеніміз-қабылдаушы елдегі компанияның қызметін
бақылап, басқарып отыру үшін капиталдың мақсатты түрде ауысуы болып келеді.
Шетелдік инвестициялардың елдер мен өнеркәсіп салалары арасында бөлінуі
кәңіргі халықаралық экономиканың құрамына айтарлықтай әсер етеді.
Шетелдік инвестицияларын тарту саясаты 1991 жылдан басталып, оң
нәтижелер беруде. Шетел капиталын басқаратын Қазақстан Эксимбанкі, сырттан
қарыз алу жөніндегі комитет және инвестициялар жөніндегі комитет тәрізді
органдар құрылды. Сөйтіп Қазақстанда шетел капиталы үшін қолайлы ахуал
қалыптасты.
Шетел инвестицияларын тартудың басты бағыттарына тіршілікті қамтамасыз
ету салалары мен экспорт бағдарындағы өндірістер – мұнай-газ және мұнай –
химия салалары, электр энергетикасы, металлургия, коммуникация және де
Қазақстан дәнді-дақылдар, жүн, мақта т.б. ірі өндіруші болу себепті,
агроөнеркәсіп кешені жатады. Мұнай-газ саласында күш-қуат мұнай мен газ
өндіріп , экспорттқа шығаруды арттыруға сыртқы мұнай құбырлары мен ішкі газ
құбырларын салуға жұмсалады.
1995 жылдың шетелдік инвестициялардың көлемі 235 млрд. $-ға артып, 2.6
трлн $ деңгейін жетті. Шетелдік инвестицияларды тартудың маңызды көзі-
потрфель инвестициялары .
Инвестициялық қызмет дегеніміз – шаруашылық жүргізуші субъектілер
жүзеге асыратын табыс алу және меншікті капиталын өсіру мақсатындағы
қаражат жұмсалымы.
Тікелей шетелдік инвестициялар (foriegn direct investment) – бір елдің
кәсіпорын-резидентінде (тікелей инвестицияларға ие кәсіпорындар) өзге елдің
резиденттік қызығушылығына ұзақ мерзімді ие болуы (тікелей инвестор
ретінде).
Қоржынды инвестициялар кәсіпорынды басқаруға тікелей қатысуды
көздемейді, шетелдік инвесторлар арқылы акция мен құнды қағаздарға, яғни
бұл кәсіпорындарға ақшалай салынған капиталға девидендтер алуды болжайды.
Қоржынды инвестициялар – бұл шетелдік кәсіпорын әрекетіне тікелей бақылау
мүмкіндігін бермейтін капитал салымының акция, облигация сияқты өзге
формалары. Инвесторлар тек құнды қағаздар жөніндегі бекітілген ережелерге
сәйкес табыс ала алады.
Қоржынды инвестициялар – ірі корпорациялар, орталық (мемлекеттік) және
жеке меншік банктер шығаратын облигациялық заемдарды қаржыландыруға
арналған шетелдік капиталды тартудың маңызды көзі. Шетелдік қоржынды
инвестицияның жүзеге асырылуында делдал ретінде, әдеттегідей, ірі
инвестициялық банктер бой көрсетеді.
Қоржынды инвестициялардың қозғалысына жекелеген елдерде төленетін
пайыздық мөлшерлеме нормасындағы айырмашылық мәнді әсерін тигізеді.
Тікелей инвестициялаудың қоржынды инвестициялаудан фундаменталды
айырмашылығы қоржынды инвестордың өзі инвестициялайтын кәсіпорын
басқармасына ие болуға ұмтылмауында жатыр. Халықаралық компаниялардың
бірқатар жарғылары бойынша, оларға көбінесе басқаруға қатысуға және
құралдары салынған компаниялар кеңесінде таңдалынуға да тиым салынады. Бұл
инвестицияланған компаниялар басшылығы мен басқаруына қатысу мамандардың
жаңа штатын қажет ететіндігімен түсіндіріледі, ерекше көңіл аударушылық
бас компанияның инвестициялық саясатының жүзеге асырылуындағы икемділікті
де азайтар еді.
Инвестициялаудың жаңа формалары:
- бірлескен кәсіпорындар құру;
- кәсіпорындарды “кілт астарында” қамту;
- шетелдік фирманың қамтылатын объектіге жергілікті мамандарды
дайындауды қарастыратын “өнім - қолға” типіндегі шарты кәсіпорындарды
“кілт астарында” қамтудан айырмашылығы болып табылады;
- өнім бөлу туралы келісім;
- мұнай табысы әзірлемесі аясына тән “қатерлі жобалар” туралы шарттар;
- лицензиялы келісімдер, оның ішінде сатып алушыға басқару аясында
қосымша қызметтерде “жеткізіп беруші компанияның кейбір ережелерін
құрметтеу” міндетіне айырбаста лицензиямен қамтамасыз ететін
франчайзинг.
Жаңа формалар дәстүрлі тікелей инвестицияларды алмастыра алмағанымен
кеңірек даму жолына ие болады. Олар экспортта жұмыс істейтін салаларда ғана
емес, қабылдаушы озық емес, жетілген технологияларды қолданушы елдердің
ішкі нарығына таралады. Қазақстан экономикасына шетелдік капиталды тартудың
мемлекеттік шараларын жасауда позитивті әсер ететіндігін есепке ала отырып,
біржақты әдіске сүйенеді. Алайда әлемдік тәжрибе қабылдаушы елдің
экономикасына капитал импортының позитивті әсері тек импортер мемлекет
белсенді саясат жүргізгенде ғана қол жеткізілетіндігін көрсетіп отыр. Яғни
атап айтқанда, шетелдік инвесторларды қадағалаусыз енгізу ел егемендігі
мен тәуелсіздігіне қаупін тигізетіндігін ескере отырып, ұлттық шаруашылық
және саяси мақсаттарды шешу үшін шетелдік капиталдан түсетін нақты пайданы
есептеу саясатын ұстану жөн. Ашық және ырықтандырылған, айқын, тиімді және
қатаң ұсталатын заңдармен жүргізілетін инвестициялық саясат, шетел
инвестицияларын тарту үшін күшті ынталандырушы фактор болып табылады.
-
Инвестиция ағымын ынталандыру бойынша шаралар жүйесі өз құрамына
мыналарды қамтуы қажет:
- Қазақстан облыстарының әкімшілігі дайындаған барынша маңызды және
әлеуметтік мәндегі жобалардың бөлінісімен отандық және шетелдік
инвестицияларды тартуға бағыттылған аймақтық бағдарламалар;
- инвестициялық жобалар әзірлемесінің деңгейін халықаралық талаптарға
жеткізу, бағдарламалардың орындалуы үшін тұрақты маниторингпен
қамтамасыз ету;
- бағдарламалармен және олардың жергілікті іскери орталарда, сонымен
бірге шетелдік банктер мен бизнесмендерде позитивті бағыттарының
күшеюі бойынша қабылданған қолданыстағы шаралар бойынша орындалуымен
кең танысу;
- шетелдік және отандық инвестицияларды ынталандыру мақсатындағы жыл
сайынғы аймақтық конференциялардың өткізілуі;
- сыртқы нарыққа, ұйымдарға инвестициялық жобаларды жылжытуда әкімшілік
облыстар мен республикалық органдар күшінің бірігуі, халықаралық
инвестициялық көрмелер мен форумдарда жобалардың ұсынылуы;
- өкіметтің жергілікті атқарушы органдарының өнеркәсіптің қалыптасушы
салаларына ТШИ белсенді тарту мақсатындағы шаралар жоспарының
әзірленуі, бұл жоспарлардың орындалуы бойынша оларды маниторингпен
қамтамасыз ету;
- инвестициялық несиелер ұсынуға, шетелдік банктердің несиелік
ресурстарын тарту арқасында несиелеу мен экспортты-импорттық
операцияларға қызмет көрсетуге қабілетті қаржы институттарын дамыту;
- облыстық әкімшіліктердің ұсынған тікелей кепілдіктері формасында
инвестицияны сақтандыру жүйесінің құрылуы;
- өндірістік сияқты өндірістік емес мақсаттағы жаңа объектілер
құрылысындағы қайта инвестициялау барысындағы сәйкес келетін соманың
көлеміне салық салынатын табыс өлшемінің азайтылуы;
- инвестициялық көмек көрсетілетін аймақтық орталықтардың құрылуы
барысындағы аймақтық әкімшіліктерге әдістемелік көмек көрсету, оның
ішінде шетелдік инвесторлар мен отандық шаруашылық субъектілерін
ақпараттық-кеңестік қамтамасыз ету.
Қазақстандағы шетелдік инвесторлар үшін жағымды факторлар қатарына
мыналар жатады:
Біріншіден, табиғи ресурстардың болуы. Бұл әсіресе, жер қойнауында
пайдаға молынан кенелтетін мұнай мен газ, түрлі- түсті және сирек
кездесетін металдардың ұшырасуымен құнды. Шетелдік сарапшылар бұл байлықты
әзірше 9 трлн. АҚШ долларына бағалап отыр. Мамандардың болжауынша,
Қазақстанның мұнай қоры Ирак пен Иранның қара алтын қорынан да асып
түседі екен. Алдағы жүзжылдықта Қазақстан жылына 100 млн. тонна мұнай
экспорттайтын алып мұнай державасына айналуына мүмкіндігі мол.
Екіншіден, Орталық Азия көліктік құрылымындағы ұтымды геостратегиялық
құрлықта орналасуы және 2 миллиардтан астам халқы бар елдердің нарығына
шыға алуы. Бұл-мұнай экспортынан мұрты майланғалы тұрған Қазақстан үшін
табыстың алғышарты болып табылады.
Үшіншіден, қоғамның дамуы мен экономикалық гүлденуі жөнінен Қазақстан
достастық елдері арасында көшбасшылық тізгінге ие.
Еліміздің инвестициялық ахуал анықтайтын жайттар :
- инвестиция жұмылдыру процесі;
- инвестиция үшін жағымды жағдай;
- инвестицияландырудағы тәуекелшілдік .
Қазақстанның инвестициялық тәуекелшілдікке бас тігетін кәсіпкерлік
климаты ел ішіндегі саяси- экономикалық, әлеуметтік жағдайларға тығыз
байланысты. Инвесторларға жүргізілген сауалнама нәтижесі көрсеткендей,
шетелдік инвестиция ағымын азайтатын ең басты фактор- шенеуніктердің
коррупциялық қысымы (51.3 пайыз) мен билік жүйесіндегі саяси сананың
жабайлылығы, яғни бюрократизм (44.9 пайыз) екен.

Тәуелсіздіктің бірінші кезеңінен бастап шетелдік инвестицияларды
тартуға қолайлы жағдайлар туғызылады. Дегемен, шетел инвестицияларын
экономикаға тарту мәселесі әлі де өзекті. Бұған себепші келесі факторлар:
Біріншіден, экономикалық жүйені реформалау кезеңінде ішкі қаржылық
ресурстар азайып кетіп, экономика салалары өзінің өндірістік аппаратын
жаңарта алмады. Екіншіден, өңдеуші саладағы инвестиция көлемі әлемдік
нарықта бәсекеге қабілетті өнім шығаруға жеткіліксіз.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, экономикалық өсу шетел капиталының
әсерінен болады. Бірақ, шетел инвесторлары үшін шикізат өндіруші салалар,
әсіресе, мұнай-газ салалары басымды болып отыр. Осындай жағдайда
экономиканың қалыпты және қарқынды дамуы қолайлы инвестициялық саясатқа
тәуелді.
Сондықтан мемлекет шетел инвестицияларын тартудың бағыттарының
басымдылығын белгілеу керек. Шетел инвестициялары Қазақстан экономикасының
бәсеке қабілеттілігін жоғарылататын факторға айналуы қажет. Шетелдік
инвестицияларды мемлекеттік реттеу күшейген сайын Қазақстан шын мәнінде
әлемдегі ең бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіреді. Оған дәлел 2005
жылдың 18-ақпандағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.
Онда еліміздің 1990- жылдардың басындағы экономикалық ахуалынан неден
басталғаны туралы айтылады. Қазақстанның ішкі өнімінің екі есе ұлғаюына,
нарықтық экономиканың құрылуына инвестицияның тигізген әсері мол болды.
Жолдауда Экономикаға 30 миллиард АҚШ долларындай тікелей шетел
инвестициясы тартылды. Бұл бүгінгі Қазақстанның тұрақты, тиімді әрі сенімді
әріптес екенін барша инвесторларға көрсетеді деп айтылуы инвесторлармен
қатар еліміздің экономикасының даму жолына түскендігін, әлем Қазақстанға өз
қаржысын салғысы келетінін көрсетеді.
Инвестицияны молайту және қорғау туралы Қазақстан Республикасының екі
жақты келісіміндегі халықаралық-құқықтық дәрежеде құқықтық реттеудің
жүзеге асырылуында “инвестиция” ұғымы:
- жылжымалы мүлік пен жылжымайтын мүлік түріндегі иелік;
- үлесті қатысымға және компаниялардағы қатысудың өзге де формаларына
құқығы;
- экономикалық құндылықты немесе инвестициялармен байланысты және
экономикалық құндылықтарға ие қызметтерді құруда қолданылатын ақша
құралдары бойынша талап ету құқықтары;
- технология, өндірістік үлгілер мен тауар белгілерін ойлап табу сияқты
интеллектуалды иеліктерге құқығы;
- өзі жүзеге асырылатын территориядағы елдің заңдылықтарына сәйкес
инвестиция деп танылған мүліктік құндылықтар мен өзге де құқықтар.
Инвестициялық климат туғызудағы ең басты назар аударатын жайттың бірі –
елімізде шетелдік инвесторларға салынатын салық пен берілетін
жеңілдіктердің заңдық тұрғыдан өзара үйлесімді болуында. Ел президентінің
Жарлығымен Бюджетке түсетін салықтар мен өзге де міндетті төлемдер
туралы заңға өзгерістер мен толықтырулардың енгізілуі инвестициялық
климаттың құқықтық базасын жетілдіруге жәрдемдесті. 1997 жылы Нарықтағы
құнды қағаздар туралы заңның шығуы қор биржасының белсенділігін арттырды.
Қазақстанда шетелдік инвестицияны тарту механизмі жоғары либералдық режим
бойынша былайша жүргізіледі:
Жер және мүлік, сондай-ақ , кіріс салығынан толықтай босату;
Сыртқа шығарылатын тауардан алынатын мемлекеттік баж салығынан жартылай
немесе толықтай босату;
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру барысындағы қаржылық немесе
қауіпсіздік шараларына кепілдік беру.
Алайда, әлемдік тәжірибе көрсеткендей, көптеген елдер шетелдік
инвесторларды тұрақты және өзара тиімді инвестициялық режимдерден, сондай-
ақ, әр түрлі салымдар мен төлемдерден босату арқылы қызықтырудың
қауіптілігін ескертеді. Әсіресе, Африка елдерінің инвестиция саласындағы
жоғары либералдық режим қалыптастыру саясаты салық және сауда –
валюталық жеңілдік жасаудың тұрақты шетелдік инвестициялық ағымға мүмкіндік
туғызбайтынын көрсетті. Қайта керісінше, қуатты инвесторлардан сақтануға
шақырады.
Инвесторлар капиталын пайдаланушы, яғни реципиент мемлекет ретінде
Қазақстан мен шетелдің қаржы алпауытттарының мүддесі бір жерден шығуы
қиындау . Мәселен, жеке компаниялар өздерінің жұмысына мемлекеттің дем
беруін қалайды. Алайда, шешуші фактор инвестицияландырудың жалпы шартының
табиғатына сай болып қалады. Қазақстан өз кезегінде шетелдік инвесторларды
басқару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР экономикалық өсу себептері,факторлары. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары.Инфляцияға қарсы саясат. Инфляцияның мәні,түрлері. ҚР-ның инфляциялық саясаты
Инвестицияны стратегилық жоспарлау және шетел инвестициясы
Мемлекеттің инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз ету жолдары
Инвестицияның мәні мен қызметі
Инвестиция, бизнеске инвестиция тартуды жүзеге асыру және жетілдіру жолдары
Инвестициялық қызметті ұйымдастыру
Шетел инвестициялары мен олардың Қазақстанда алатын орны
Мемлекеттік мекемелердегі қаржы инвестициялары
Қазақстан Республикасындағы инвестициялық саясатты талдау
Инвестиция және оның теориялары
Пәндер