АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. ЖАЛПЫ
БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1. АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
шаруашылық қызметімен
танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .5
2. Есеп саясаты, бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарымен
құжаттары, сонымен бірге кәсіпорында есеп жұмыстарын ұйымдастыру
бойынша сапалық талаптарымен
танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 6
3. АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
қаржы-шаруашылық қызметін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ..9
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...11
1. Меншікті капитал
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... 11
2. Негізгі құралдар, материалдық емес активтер
есебі ... ... ... ... ... ... ..14
3. Инвестициялар

... ... ... ... ..20
4. Тауарлы материалдық қорлар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .22
5. Ақша қаражаттарының

...24
6. Дебиторлық қарыздар

... 26
7. Міндеттемелер

... ... ... ... ... 28
8. Еңбекақы бойынша есеп айырысу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..32
9. Кірістер мен шығыстар туралы
есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..34
3. БАСҚАРУШЫЛЫҚ
ЕСЕБІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..36
1. Өндірістік шығындар

... ...36
2. Өнімді өндіру және өткізу

39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТЕР ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 43
КІРІСПЕ
Өндірістік кәсіпорындар мен ұйымдар қаржылық есепті және ең маңыздысы
бухгалтерлік есепті қолданудың негізгі учаскелері болып табылады. Онда
оның көмегімен барлық шаруашылық қызметінің үстінен қадағалау және бақылау
жасау қамтамасыз етіледі. Кәсіпорындар құрылған кезде қатысушылардың
салымдары есебінен қорлар жасалады. Олар өндіріс процесіне, бөлініске,
айналым мен тұтынуға қызмет етеді.
Бухгалтерлік есептің бұрынғы анықтамасында, шоттар жүргізуге
байланысты, көңіл бухгалтерлердің дәстүрлі функциясына негізделген. 1941
жылы Американың бухгалтерлер институтында бухгалтерлік есепке былайша
анықтама берген: Есеп дегеніміз шоттарда операцияларды ақшалай өлшем
бірлігінде тіркеу арқылы жіктеу және жалпылама көрсету мәдениеті, яғни кем
дегенде оның бір бөлігі қаржылық сипат алатын, сонымен қатар алынған
нәтижені көрсететін жазу.
1970 жылы Американың бухгалтерлер институты, есептің атқаратын
функциясы – кәсіпорынның қаржы жағдайы туралы сандық ақпараттармен
қамтамасыз ету және бұл ақпараттарды басқарушы шешім қабылдау мақсатында
пайдалану деген.
Демек, қазіргі бухгалтерлер тек шот жүргізумен ғана емес, сонымен
қатар жоспарлау және шешім қабылдау, бақылау, бағалау, шаруашылық қызметке
баға беріп, аудиторлаық тексеру жұмыстарымен де айналысады.Қазір
бухгалтерлік есеп ақпараттарын пайдаланушыларды, олардың ішкі немесе сыртқы
пайдаланушы еместігіне қарамастан, қажетті ақпараттармен қамтамасыз етуі
тиіс. Сонымен, бухгалтерлік есеп дегеніміз – белгілі кәсіпорын жайлы
ақпараттарды өлшеп, өңдеуден өткізіп пайдаланушыларға беріп отыратын жүйе.
Бұл ақпарат пайдаланушылардың кәсіпорын қызметін басқаруда дұрыс шешім
қабылдауына мүмкіндік туғызады.
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорын шаруашылық қызметі мен адамдар арасында,
тиісті шешім қабылдауға мүмкіндік туғызатын байланыстырушы буын. Ол
біріншіден, шаруашылқ қызметті тіркеу арқылы , яғни ол мәліметтерді әрі
қарай пайдалану үшін өлшеуден өткізеді; екіншіден, ақпараттарды өңдеуден
өткізіп, белгілі мерзімге дейін оларды сақтап, тиімді етеді; үшіншіден,
қаржы есептіліктері негізінде ол ақпараттарды тиісті шешім қабылдау үшін,
пайдаланушыларға береді.
Адамдар көбінесе бухгалтерлік есеп пен шот жүргізу арасындағы
айырмашылықты түсіне бермейді. Шот жүргізу – бұл шаруашылық операцияларын
тіркеуден өткізу арқылы бухгалтерлік есеп жүргізіп, есеп құжаттарын сақтау.
Бұл көп рет қайталанатын, пайдаланушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын
механикалық бухгалтерлік есептің бір бөлігі. Оның негізгі мақсаты –
талдау, ақпараттарды қажеттілігіне пайдалану. Бухгалтерлерді қызықтыратын
өңделген ақпараттар негізінде ішкі резервтерлі ашып, әр түрлі оның
тиімділігін анықтау.
Сонымен, қалыптастыру көздерімен байланыстағы шаруашылық құралдары
және шаруашылық қызметі процесіндегі олардың айналымы бухгалтерлік есептің
пәні және жабдықтаушыларды қанағаттандыратын қаржылық есеп болып табылады.
Пәніне сипаттама бере келіп, бухгалтерлік есептің обьектілерін айырып алу
керек. Олардың құрамы халық шаруашылығының алуан түрлі салаларындағы
кәсіпорындардың меншік нысандарына, ерекшеліктеріне және функцияларына
байланысты.
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
бухгалтерлік есебінің маңызды обьектілеріне: материалдық емес активтер,
негізгі құралдар, тауарлы-материалдақ қорлар, еңбекақы бойынша есеп
айырысу, жабдықтау, өндірістік шығындар, өнім өндіру және сату
процесіндегі шығындар, ақша қаражаттары мен есеп айырысулар, қаржы
нәтижелері және т.с.с. жатады.
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестік сонымен
қатар қаржылық емес ақпараттарды қолданады. Әр түрлі өз ақпараттық
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін басқарушы ақпараттық жүйе құрады. Бұл
жүйе әр түрлі бір-бірімен байланысты қосымша жүйелерден құралып, кәсіпорын
қызметін басқаруға байланысты ақпараттар беретін негізгі бухгалтерлік
қосымша жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп – бұл басқарушылық
ақпараттар жүйесінің қаржы орталығы. Ол басқарушы аппарат пен сыртқы
пайдаланушылардың кәсіпорынның шаруашылық қызметі туралы толық мәлімет
алуына мүмкіндік тудырады.
1. ЖАЛПЫ БӨЛІМ

шаруашылық қызметімен танысу
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Қазақстан Республикасының 22.04.1998 жылғы Жауапкершілігі шектеулі
және қосымша жауапкершілігі бар серіктестер туралы Заңы негізінде
заңды тұлға болып саналады.
Серіктестік құрылтайшысы әрі қарай қатысушысы болып табылады.
Ихсан Пазарлама Санийи ве Дыш Тижарет А.Ш. Түрік фирмасы-№4678
23.02.1994 жылы берілген Өндірістік және Айдыс облысының сауда реестрінде
тіркелген, банктік шоты Назили қаласының Иапы ве Креди Банк филиалында
орналасқан, мекен-жайы: Түрік Республикасы, Назили қаласы, Узыншашы мөлтек
ауданы.
Серіктестіктің атауы:
- мемлекеттік тілде:
АКНИЕТ түрік кәсіпорны жауапкершіліг шектеулі серіктестігі
Серіктестіктің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Қызылорда
қаласы, Тоқмағанбетов көшесі 3. индекс 120014
Серіктестік қызметінің мерзімі: шектеусіз
Серіктестіктің кызмет түрлері:
- сүт және нан өнімдерін өндіру
- халық тұтынатын тауарларды сатып алу, сату бойынша делдалдық
қызмет;
- бөлшектік сауда кәсіпорындарды ұйымдастыру
экспорт және импортты ұйымдастыру, және де әр түрлі тағам өнімдерін,
сусындарды , ұн өнімдерін сату;
экспорт және импортты ұйымдастыру, және де дайын және мұздаған
өнімдерді,кепкен дақылдарды, әр түрлі қақтарды сату;
экспорт және импортты ұйымдастыру, және де дайын киім, галатнериялық,
былғары,тоқымалы және косметикалық өнімдерді өндіру;
барлық өндіру салаларында өндірістік қызмет;
тұрмыстық, жөндеу- құрылыс және халықтарға басқа қызмет көрсету;
жабдықтыру, өтімдік, коммерциялық сауда-делдалдық және сауда- сатып
алу қызметтерді ұйымдастыру;
мал-шаруашылық, бидай, өсімдік және өндірістік өнімдерді сату;
сондай-ақ коммерциялық сауданы сату үшін фирмалық дүкендердің
жүйелерін жасау;
қоғамдық тамақтанатын орындарын ашу;
сыртқы экономикалық қызмет;
медициналық қызмет көрсету, дәрі-дәрмек заттарын сатып алу және сату;
дәріхана орындарының жүйелерін жасау;
құрылыс материалдарды өндіру, жеткізу және сату;
- құрылыс монтаж жұмыстары;
- коммерциялық және делдалдық қызмет;
- күрделі құрылыс;
- жүк тасымалдау;
- халыққа қызмет көрсету;
- сыртқы экономикалық қызмет;
- халыққа көліктік қызмет көрсету;
- әлсіз қырмандық жұмыстар;
- ҚР заңдарының актілеріне тыйым салынбаған кез-келген қызмет
түрлері;
Егер кейбір қызметтерді атқару үшін тиісті органдардың арнайы
рұқсаты қажет болса (лицензия, сертификат) серіктестік тиісті органға
арнайы рұқсатын (лицензия, сертификат) алғаннан кейін қызметтерін атқара
алады.Серіктестіктің ойын және шоу-бизнес саласында қызмет атқару құқығы
жоқ.
1.2 АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің есеп саясаты, бухгалтерлік есеп шоттарының
құжаттары, сонымен қатар кәсіпорында есеп жұмыстарын ұйымдастыру
бойынша сапалық талаптармен танысу

қабылдаған есеп саясаты сол ұйымдағы бухгалтерлік есептің маңызды
мәселелерінің бірі.
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
есеп саясатын таңдауы мен негіздеуіне келесі негізгі факторлар әсер етеді:
- меншік нысаны мен құқықтық – ұйымдастырушылық нысаны (жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, ашық акционерлік қоғам, жабық акционерлік қоғам,
өндірістік кооператв және тағы басқа);
- салалық қызметінің түрі (өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік, ауыл
шаруашылығы және тағы басқалар);
- қызметінің көлемі, жұмысшылары мен қызметкерлерінің орташа тізімдік
саны және тағы басқалар;
- салық салу жүйесі мен ара-қатынасы (әртүрлі салық түрлері бойынша
жеңілдіктер немесе салық төлеуден босату, салық мөлшері және тағы
басқа);
- қаржы – шаруашылық қызметін дамыту стратегиясы (ұйымның экономикалық
дамуының ұзақ мерзімдік перспективасының мақсаттары мен міндеттері,
инвестициялардың жұмсалу бағыты, келешектегі (перспеквалы) мәселелерді
шешудің тактикалық тәсілдері);
- ұйымның ақпараттық қамсыздандыру жүйесі (оның тиімді әрекетіне қажетті
барлық бағыттары бойынша);
- материалдық базасының болуы (компьтерлік техника мен басқа да
оргтехника жабдықтармен қамсыздандылылуы, бағдарламалық - әдістемелік
қамсыздандыру және тағы басқалар);
- кәсіпорындағы бухгалтер мамандарының (қаржы бөлімі қызметкерлерінің)
біліктілігі және басшылардың экономикалық батылдылығы, ынталылығы мен
тапқырлық деңгейі;
Кез-келген ұйымның өзінің қызметін іске асыру үшін таңдап бекіткен
есеп саясаты толықтылық, уақыттылық, сақтық, қарама-қайшылықсыздығы мен
орындылық талаптарына сай болуы қажет.

Бухгалтерлік есепті жүргізу әдістеріне шаруашылық қызмет фактілерін топтау
мен бағалау әдістері, активтердің құнын есептеу, құжат айналымын
қабылдауды ұйымдастыру, түгендеу (инвентаризациялау), бухгалтерлік есеп
шоттарын қолдану әдістері, бухгалтерлік есептің тіркелім жүйесі, мәліметті
өңдеу мен басқа да сәйкес әдістер мен амалдар кіреді.

өзінің есеп саясатын өңдеу мүмкіндігі мен қажеттілігі бухгалтерлік есеп
пен басқа екінші деңгейлі нормативтік құжаттар бойынша баптарда
(стандарттарда) қарастырылған бухгалтерлік есептің кез-келген мәселелерін
шешудің көп түрлілігімен анықталады. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
беру туралы Қазақстан Респуликасының заңы мен Бухгалтерлік есеп
принциптерінде кәсіпорын өзінің есеп саясатын құруы барысында бұйрық
немесе жарлық бойынша қажетті құжаттар тізімін бекітуі керек екендігі
көрсетілген. Бұл бекітілген құжаттар қатарына мыналар жатады:
Касса - ақша қаражаттарының қозғалысы, ҚР төлемдер және ақша
аударымдары туралы №21 Валюталық бағам өзгерістерінің әсері,
журнал мен ведомост айналымдар негізінде нәтижелер ай сайын бас
кітапқа жазылып отырады. Ағымдағы банктік шоттағы ақша қаражаттары
№2 журнал-ордерге жазылады.
Дебиторлық қарыздар №39 қаржылық құралдарды тану мен бағалау
ХҚЕС-пен реттеледі. Қаржылық актив бастапқы және нақты шығындар
бойынша анықталады, яғни берілген құралдардың тең әділ құнымен
бағаланады. Дебиторлық қарыздар - өнім өткізгенде, қызмет көрсеткенде,
немесе жұмыс орындағанда пайда болатын және сатып алушылардан
алынатын ақшалай қаражат өлшемінде көрсетіледі.Тауарлы – материалдық
қорлар есебін ұйым тауарлы- материалдық қорларды есепке алғанда және
бағалағанда №2 қорлар атты қаржылық есептіліктің халықаралық
стандартына негізделеді. Аталған стандартарда стандарттың әрекет
ететін саласы тауарлы-материалдық қорларды өлшеу және бағалау,
олардың өзіндік құнын анықтау тәртібі, шығыстарды тану есептілікте
ашып көрсету мәселелері қарастырылған.
Қорлар есепте 2 шаманың төменгісімен алынады: өзіндік құн және
таза өткізу құны бойынша кәсіпорында тауарлы – материалдық қорлардың
өзіндік құны орташа әдіспен анықталады.
Ұйымда тауарлы-материалдық қорлар бойынша келесідей құжаттар
құрылады: кіріс, шығыс және ішкі қозғалыс наклоднойлары, лимитттік-
заборлық карталары, қабылдау-өткізу, шығару, қайта өңдеу актілері. Сатып
алушылармен жеткізушілерден алынған материалдар мен көрсетілген
қызметтер үшін есеп айырысқаннан кейін, №6 журнал толтырылады. Ай
сайын материалды жауапты тұлғалар тауарлы-материалдық қорлар
қозғалысы бойынша есеп құрады, есеп нәтижелері қосынды түрде
бухгалетрлік жазбалар үшін негіз болып табылады. Тауарлы-материалдық
қорлар өткізілімі бойынша №6 ведомость толтырылады. Тауарлы-материалдық
қорлар бойынша айналымды №10 Материалды жауапты тұлғалар бойынша
тауарлы-материалдық қорлар қозғалысы ведомосінде жазылады. №10
ведомосінің есеп айрысу парағында №16, №6 журналында жиналатын
бухгалтерлік жазба сомалары №10 журналға көшіріледі, соңғысының
мәліметтері Бас кітапта көрсетіледі.
Негізгі құралдар есебін №16 жылжымайтын мүлік, үйлер мен
жабдықтар қаржылық есептіліктің халықаралық стандарты реттейді.
Негізгі құралдардың қзоғалысы бойынша АКНИЕТ түрік кәсіпорны
жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бухгалтерлік есебінде №13
журнал қолданылады. Журналда бастапқы құжаттар бойынша шаруашылық
операциялары кескінделеді.Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша
компьютерлік ведомость нәтижесі құрылады немесе кейінірек №10
өндірістік шығындар журналына апарылады. Стандарт бойынша
амортизация есептеудің 2 тәсілі ұсынылған: кемімелі қалдық әдісі және
амортизацияны орындалған жұмыстың көлеміне қарай пропорционал түрде
есептеу әдісі.
АКНИЕТ түрік кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
материалдық емес активтер есебінде, яғни материалдық емес активтерге
өнім өндіру, тауарларды тасымалдау немесе қызмет көрсету үшін басқа
кәсіпорынға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақасатта пайдаланатын
табиғи болмысы жоқ бірегейлендірілген монетарлық емес активтер жатады.
Материалдық емес активтер есебі №38 халықаралық қаржылық есептілік
стандартына сәйкес есепке алынады.
Ұйымда еңбекақы бойынша жұмысшыларға еңбекақы мерзімді негізде,
яғни жұмыс уақыт табелінде белгіленген нақты атқарған жұмыс уақытына
сәйкес еңбекақы, сыйақылар да ҚР-ның еңбек кодексіндегі заңдарға
сәйкес төленеді. Еңбекақы бойынша есеп айырысу ведомосі негізінде
еңбекақы есептеліп, қорларға сәйкесінше аударымдарға бухгалтерлік
жазбалар беріліп, №10 журналға көшіріледі. Кәсіпорында еңбекақыдан
аударымдарына бухгалтерлік жазбалар №8 ордерде жазылып көрсетіледі.
Меншікті капитал есебі ұйымның меншік иелерінің қаржыларынан
құралады. Жарғылық капитал сомасы кәсіпорынның жарғысымен анықталған
бастапқы капиталы. Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен
немесе құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Меншікті капиталға
байланысты АКНИЕТ түрік кәсіпорны жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
№32 халықаралық қаржылық есептілікке сәйкес жүргізеді. Меншікті
капиталға байланысты ұйым келесідей №32 қаржы құраладары –
ақпараттарды ашу және беру қаржылық есептіліктің халықаралық
стандартына сәйкес қолданады.
1.3 АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің қаржы-шаруашылық қызметін талдау
Талдаудың негізгі мақсаты нарықтық экономика жағдайында

экономикалық жағдайының белсенділігін, атқарған қызметінің
нәтижелерін, бәсекелес ортадағы іскерлігін, экономикалық процестер
мен құбылыстарда тұрақтылық жағдайын сипаттайтын техника-экономикалық
көрсеткіштерін талдау болып табылады.
Мақсатты айқындай келе төменде АКНИЕТ түрік кәсіпорыны
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 2006-2007-2008 жжж техника-
экономикалық көрсеткіштерін талдаймыз.
Нарықтық экономика жағдайында қаржылық нәтижені қалыптастыру
шаруашылықты жүргізудің нарықтық механизімінің негізгі құрамын
қамтиды да кәсіпорын тұрақтылығының экономикалық негізін құрайды.
2009 жылды 2008 жылмен салыстырғанда өнімді өткізуден түскен табыс
көлемі 353784524 тг төмендеген. Себебі, өнімді өндіру көлемі есепті
жылы біршама азайған, сонымен бірге өткізілген өнімнің өзіндік құны
2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 56,4% кеміген. Яғни,
кәсіпорынның шығыны көп болуы әсерінен, техника-технологияның
жетіспеушілігінен өнім өндіру көлемі және сатудан түскен табыс
азайып отыр. Осыған байланысты жалпы табыс сомасы 17720246,35 тг-ге
төмендеген. Кәсіпорынның қызмет көрсету барысында атқарған
жұмыстарының сапалық жағынан жоғары болуынан, есепті жылы кәсіпорын
65238662,43 тг-ге пайдамен шығып отыр. Шаруашылық субъектісінің
дебиторлық қарызы 411724,72 тг-ге азайғанымен кредиторлық қарыз
сомасы 1683308,84 тг-ге ұлғайды. Кәсіпорынның жања техника –
технологиялар алу үшін өз қызметінің қуаттылығын жетілдіру
мақсатында 2-деңгейлі банктер мен қаржы ұйымдарынан ресурстар
тартты. Еңбекақы қоры кәсіпорын қызметкерлерінің шығынын қамтамасыз
етеді. Еңбекақы қорының көбеюі кәсіпорынның шығынды үнемдеу процесін
жетілдіруі негізделеді. өйткені, инвестициялық процестердің және
материалдарға бағаның тұрақсыздығы салдарынан жұмысшылардың орташа
айлық мөлшері өзгеріске ұшырайды. Сонымен кәсіпорын еңбек
ресурстарының еңбекке қабілеттілігін арттыруды талап етуі тиіс жєне
білікті мамандарды қабылдап, жаңа техника – технология көмегімен
шетелдік дамыған елдердің тәжірибелерінен өз еліміздің менталитетіне
сай әдістерін қолдану керек. Кәсіпорынның өндірістік қызметін
дамытатын және оның нәтижелі болуын жүзеге асыратын негізгі
құралдар саны нақты жылы өткен жылмен салыстырғанда 10287965,71 тг-
ге төмендеген. Кәсіпорынның экономикалық даму жағдайын сипаттайтын
маңызды көрсеткіштердің бірі қор қайтарымдылығы есепті жылы
базистік жылмен салыстырғанда 4,3 тг-ге азайған, ал қор
сыйымдылығы 0,01 тг-ге немесе 120 %-ға көбейгенін көріп отырмыз.
1-кесте АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің техника-экономикалық көрсеткішін талдау
№ Көрсеткіштер 2007 ж 2008 ж 2009 ж өзгерісі
(2009-2008)
+; - %
2. ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП 2
2.1 Меншікті капитал есебі
Меншікті капитал АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің меншік иелерінің қаржыларынан
құралады.Оның шамасы кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижелеріне
байланысты өзгеріп тұрады және кәсіпорынның барлық мүлкі мен
міндеттемелерінің айырмасы ретінде анықталады.
Меншікті капитал келесі көздерден қалыптасып, толықтырылып
тұрады:
- АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
құрылуы кезінде меншік иелерінің салған салымдары;
-құрылтайшыларға төленген табыс пен дивиденттерді шегергеннен
кейін қалған өткен жылдар мен есепті кезеңнің таза табысы.
Корпорациялық табыс салығын төлегеннен кейін кәсіпорынның
қарамағында қалатын табыс таза табыс болып табылады;
-құрылтайшылардың, басқа жеке және заңды тұлғалардың қайтарымсыз
салымдары.
АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
меншікті капиталының құрамына мыналар кіреді:
-жарғылық капитал;
-төленбеген капитал;
-жарияланған капитал;
-эмиссиялық кіріс;
-резервтік капитал;
-бөлінбеген табыс.
Жарғылық капитал – сомасы АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің жарғысымен анықталған бастапқы капиталы.
Ол негізінен акцияларды сатудан түскен түсімнен немесе
құрылтайшылардың салымдарынан құралады. Жарғылық капиталға бағытталған
қаржы жаңа құрылған кәсіпорын қызметінің басталуын қамтамасыз етуі
тиіс. АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің
мемлекеттік тіркелу кезінде оның жарғылық капиталы құрылтайшы
құжаттарында тіркеледі.
Жарғылық капиталдың мөлшері АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің құрылтайшыларымен анықталады және тиісті
мемлекеттік органдарда тіркеледі. Егер де АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қатысушылары бұрын жариялаған
жарғылық капиталға қосатын үлесін әлі толық төлемеген болса, онда
жарғылық капиталды ұлғайту туралы шешімді тіркеуге алмауы тиіс.

жарғылық капиталы құрылтайшылардың үлесінен тұрады.
Резервтік капитал – келешекте болуы мүмкін зияндар мен
шығындардың орнын толтыруға арналып кәсіпорынның өзінің таза
пайдасынан бөлінген меншіктік капиталының бір бөлігі. Резервтік
капиталдың мөлшері мен құрылу тәртібі Қазақстан Республикасының
заңдары мен ұйымының жарғысында қаралады.
АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
өздерінің тапқан таза пайдасының есебінен әр түрлі бағыттарға
байланысты қорлар құруына болады. Бұндай бағытта АҚНИЕТ түрік
кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылған қор сомаларын
керекті уақытында жұмсағаннан кейін қайта қалыптастыру үшін
міндетті болып саналмайды.
Бөлінбеген табыс – кәсіпорынның жалпы кірісінен барлық жұмсалған
шығындарды салық сомаларын, кірістен басқадай бағыттарға
пайдаланған сомаларын шегеріп тастағандағы қалған бөлігі болып
табылады.
Тартылған капиталға мыналар жатады:
-ұзақ және қысқа мерзімді банк несиесі;
-салықтық міндеттемелер;
-қысқа және ұзақ мерзімді кредиторлық берешек;
-бағалау міндеттемелері;
-жабдықтаушыларға кредиторлық берешек;
-басқа да қысқа және ұзақ мерзімді міндеттемелер.
Кәсіпорындар банк мекемесінен несие сұрамастан бұрын несие
алудың қажеттілігін, оны уақытында қайтарудың мүмкіншілігін, өтеу,
өсім пайызы мөлшерімен және басқа талаптармен танысып, алдын-ала
шешіп алуы қажет. Бюджеттің қаржысы экономиканы дамытуға, халықтың
материалдық әл-ауқатын, мәдени деңгейін көтеру мақсатында
пайдаланады. Еңбекақы жүйесі – АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінде қызмет атқарып жүрген жұмысшыларға көрсеткен
қызметтеріне байланысты берілетін қаржы сомасы. Кез-келген
АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үзіліссіз
және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақытылы керекті
материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады.
Жабдықтармен қамтамасыз ететін кәсіпорындармен есеп айырысуының
есебі Жабдықтаушы мен мердігерлермен есеп айырысу деп аталатын
шот бөлімінде жүргізіледі.

тиімді құрылымын анықтау.
Кәсіпорын қызметінің нәтижелілігі пайдаланылатын капитал
құрылымына айтарлықтай дәрежеде тәуелді. Капитал құрылымы дегеніміз
АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өз
қызметінде пайдаланатын меншікті және қарыз қаржы құралдарының
арақатынасы. Меншікті және қарыз қаржы құралдарының арақатынасы
кәсіпорынның нарықтық құнын барынша арттыруға мүмкіндік беретін
басты факторлардың бірі болып табылады.
Сөйтіп, тек өз меншікті капиталын ғана пайдаланатын болса,
АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қаржылық
жағынан ең тұрақты болады, бірақ өзінің даму қарқынын шектейді
және салынған капиталға пайданың өсуі қаржылық мүмкіндігін
пайдаланбайды. Қарыз капиталдың төмендегідей жақсы ерекшеліктері
бар:
- Кәсіпорынның әсіресе жоғары несиелік рейтингі, кепілзаты
немесе кепілдемесі бар кезінде мүмкіндіктері барынша мол;
- оның активтерін айтарлықтай кеңейту және оның шаруашылық
қызметі көлемінің өсу қарқынын арттыру қажет болғанда
кәсіпорынның қаржылық қуатының өсуін қамтамасыз етеді;
- қаржылық пайдалылықтың өсімін жинақтау қабілеттілігі.
өз кезегінде қарыз капиталын пайдаланудың мынандай кемшіліктері
бар:
- бұл капиталды пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінде
неғұрлым қауіпті қаржылық тәуекелдерді – қаржылық тұрақтылықты
азайту және төлемқабілеттілігін жоғалту тәуекелдерін
жинақтайды;
- қарыз капиталының қаржы нарығы жағдайының құбылысына барынша
тәуелді.
Қ.Р-ң заңдарына сәйкес кәсіпорындар өздерінің құрылуы барысында яғни
шаруашылық қызметпен айналысу үшін белгілі бір мөлшерде мүліктерге ақшалай
өлшемге айналдырғандағы жиынтығы АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі
шектеулі серіктестігінің меншікті капиталы болып табылады.

капиталы оның қызметі барысында тапқан таза табысымен тегін түскен
мүліктермен ақшалай қаржылар есебінен өсіп отырады.

2009 жылдың желтоқсан айында болған операциялары алғашқы құжаттардың бірі
карточка шоты 5600 арқылы төмендегідей көрініс табады.(Қосымша )
1. кесте- АКНИЕТ түрік кәсіпорыны ЖШС-нің 5600 карточка шоты
№ Операция мазмұны Дебет Кредит
Шоты сомасы Шоты сомасы
1 өндірісте өндірілген өнім 6010 5610 23424109,34
өткізілді
2 өнімдерді өткізу мен қызметтер6010 5610 499734325,84
көрсетуден түсім есептелді
3 Негізгі емес қызметтен кіріс 6210 5610 1651785,72
есептелді
2кесте жалғасы
4 Жарнамалық жерді жалға 6280 5610
бергеннен кіріс есептелді 516521,44
5 өткізілген өнім мен 5610 7010
көрсетілген қызметтердің 25559619,64
өзіндік құны есептелді
6 Автотранспортты жалға беруден 5610 696000 7110
кіріс есептелді
7 Складты жалға беруден түсім 5610 147096,867110
есептелді
Ақпарат көзі: АКНИЕТ түрік кәсіпорыны ЖШС-нің карточка шоты 5600
2.2 Негізгі құралдар, материалдық емес активтер есебі
Негізгі құралдар есебі 16 Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар
халықаралық қаржылық есебі стандартына сәйкес жүргізіледі. Аталған
стандартқа сәйкес негізгі құрал деп АКНИЕТ түрік кәсіпорыны
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі өнім өндіру, тауарларды тасымалдау
немесе қызмет көрсету үшін басқа кәсіпорынға жалға беру үшін немесе
әкімшілік мақсатта пайдаланылатын және бір операциялық циклдан немесе
кезеңнен (1 жылдан) артық мерзім ішінде пайдаланады деп болжанатын
материалдық активтерді айтады. Негізгі құралға қозғалмайтын мүлік, жер
үйлер мен ғимараттар, өткізгіш тетік, машина мен жабдықтар, өлшеу және
реттеу аспаптары мен қондырғылары, есептеу машиналары, көлік құралдары,
аспаптар, шаруашылық құрал-саймандар, және т.б. жатады.
Негізгі құралдар төмендегі шартқа сай келсе актив ретінде
танылуы тиісті:
а) Егер АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің активпен байланысты болашақ экономикалық пайда
алатынын аса үлкен ықтималдықпен сендіру мүмкін болса; ә) Егер АКНИЕТ
түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігі үшін оларды сатып
алуға кеткен нақты шығындарды сенімді түрде бағалау мүмкін болса.
Негізгі құралдарды пайдалану мақсаты және қызметіне қарай мынадай
топтарға бөлінеді:
1 Жер (кәсіпорында пайдаланатын барлық жер).
2 Өндірістік ғимараттар мен құрылғылар.
3 Машина мен жабдықтар, өткізгіш тетіктер.
4 Көлік құралдары.
5 Басқадай негізгі құралдар.
Негізгі құрал кімнің меншігінде, иелігінде екендігіне қарай
меншікті яғни АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінің өзіне тиісті және уақытша жалға алынған болып екіге
бөлінеді.
Халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес негізгі құралдарды
бағалаудың түрлері:
1 Өзіндік (бастапқы ) құны
2 Жойылу құны
3 Амортизациялық (тозу) құны
4 Әділетті (сатып өткізу) құны
5 Баланстық құны
6 Өтелмелі құны
Өзіндік құн (бастапқы)- бұл төленген ақша қаражаттарының немесе
баламаларының сомасы, не болмаса активті сатып алу немесе құрылысын
салу кезінде берілген басқадай төлемдердің әділетті құны.
Актив ретінде танылуға жататын жылжымайтын мүлік, үйлер мен
жабдықтар обьектісі алдымен өзіндік құн бойынша өлшенуге тиіс.
Өзіндік құнның компоненттері:
- Жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар обьектісінің өзіндік құны
оның сатып алу бағасы, оның ішінде импорттық баждарды және сатып алуға
салынатын өтелмейтін салықтарды, сондай-ақ нысаналы пайдалану үшін
активті жұмыс күйіне келтіру жөнінде соған жатқызылатын барлық тікелей
шығындарды қамтиды;
- Сауда және басқа жеңілдіктердің барлығы сатып алу бағасын анықтаған
кезде шегеріледі. Кәсіпорынға есепке алынған негізгі құралдардың өзіндік
бастапқы құны тек мына жағдайларда ғана өзгереді:
1. негізі құралдардың пайдалы қызмет ету мерзімін ұзартпай немесе
қысқартпай, оның жалпы жағдайына әсер ететіін қосымша күрделі қаржы
жұмсағанда (кеңейткен, жаңартқанда т.б.) немесе ішінара бұзғанда,
жойғанда және бөлшектегенде;
2. негізі құралдарды қайта бағалағанда;
Незігі құралдар кәсіпорынға мынадай тәсілдер мен жолдармен алынуы
мүмкін:
1 нақты ақшаға сатылып алынады.
2 несиеге алынады.
3 кәсіпорынның жарғылық капиталына салынған салым ретінде
(акцияларына айырбастау жолымен алынады).
4 басқа кәсіпорынның, мемлекеттік органдардың берген сыйы ретінде
тегін алынады.
5 салу, құру, жасау арқылы алынады.
6 басқа активтерге айырбастау арқылы алынады.
Кәсіпорынға қабылданған негізгі құралдар № НҚ-1 нысанындағы незігі
құралдарды қабылдау, тапсыру актісін толтыру арқылы алынады. Қабылданған
обьектінің әрқайсысына жеке инвертарлық нөмір беріліп бекітіледі. Олар
тұрақты түрде беріледі. Кәсіпорынның бухгалтериясында негізгі құралдардың
инвертарлық обьектісі бойынша есебі мүліктік инвертарлық картошкаларда
жүргізіледі.
Негізгі құралдардың АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінде шығуының есебі. Негізгі құралдар АКНИЕТ түрік
кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде келесі жағдайларда
шығады:
- басқа жеке және заңды тұлғаларға сатылғанда;
- моральдық және физикалық тозу нәтижесінде;
- обьектілерді жарғылық капиталға салым ретінде салуға бергенде;
- табиғи апат, авария және басқа төтенше жағдайлар нәтижесінде;
- басқа субьектілерге айырбастау, сыйға беру келісімі бойынша
тапсыру;
- бұрын жалға сатып алу құқығымен обьектілер бойынша меншік
құқығының жалға алушыға көшуі кезінде;
- негізгі құралдардың жоғалуы немесе зақымдануы анықталса;
Негізі құралдар АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестігінен қандай себептермен есептен шықса да, есептен шыққан
күнге дейін олар бойынша амортизация, тозу есептелінеді. Содан кейін
бастапқы құны мен тозу соасы есептен шығарылады. Негізгі құралдардың
есебі жұмыс шоттар тізбегінің екінші бөліміндегі 2400 Негізгі
құралдар бөлімшесінің активті 2410 Негізі құралдар шотында
жүргізіледі. Бұл шоттың дебетінде негізгі құралдардың айдың басындағы
және ай соңындағы жай-күйі, келіп түскен негізгі құралдар
көрсетілсе, кредитінде құралдар АКНИЕТ түрік кәсіпорыны
жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен шыққан негізгі құралдар құны
көрсетіледі.
Бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес амортизация дегеніміз
активтердің амортизацияланатын құнын олардың пайдалану мерзімі
ішінде тұрақты таратып отыру және де тозудың ақшалай көрінісі
болып табылады. Негізгі құралдар обьектісінің жалпы өзіндік құнымен
салыстырғанда бастапқы құны басым болатын әрбір компонентті жеке
амортизациялануы тиіс.Негізі құралдардың амортизациялық құны жүйелі
түрде обьектінің пайдалы қызмет ету мерзімі ішінде есептен шығарылып
отыруы керек.
16 ХҚЕС-қа сәйкес, амортизация есептеудің 3 әдісі бар:
1. құнын бірқалыпты жолмен есептен шығару;
2. құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды (немесе пара-
пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс)
3. жеделдетіп есептен шығару;
а) қалдығын азайту жолымен есептен шығару;
б) құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен
шығару.
Төменде АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктің алғашқы құжаттарының бірі карточка шоты 2400 бойынша
шаруашылық операциялары мазмұндалады.(Қосымша )
3кесте-АКНИЕТ түрік кәсіпорыны ЖШС-нің 2400 карточка шоты
№ Операция мазмұны Дебет Кредит
Шоты Шоты
сомасы сомасы
1 Авттомашина Газ-330700-1012 7110 2420
ос.№8108 D бойынша шығыс 13523,39
шығысталды
2 Автомашина Газ-330700-1012 2420 2410
ос.№8108 D көлігіне 432748,48 432748,48
амортизация есептелді
3 Автомашина Газель гос №N 178 2420 2410
AP 494392.73 494392.73
4 2009 ж Желтоқсан айына 7211 2420
активтерге амортизация 100,72
есептелді
5 Автомашина Дамас груз. Куз. 7110 2420
№094004 гос.№037 ВВ 5818,84
амортизация есептелді
6 Гамбургерге арналған №062 8416 2420
аппаратына амортизация 262,07
есептелді
Гамбургерге арналған №060 8416 2420
7 аппаратына амортизация 242,61
есептелді
Ақпарат көзі: АКНИЕТ түрік кәсіпорыны ЖШС-нің 2400 карточка шоты
Материалдық емес активтердің есебі
Ұзақ мерзімді активтердің келесі бір негізгі түрі – материалдық емес
активтер (МЕА) болып табылады.
МЕА деп табиғи болмысы жоқ өндіріске немесе тауарларды сатып өткізу
операцияларына, өкімшілік мақсаттарға ұзақ уақыт пайдаланылатын және
басқа субьектіге жалға беруге арналғандығын айқындауға болатын, ұйым
бақылау жүргізе алатын, сондай-ақ пайдаланған ұйым келешекте табыс
күтетін ақшалай емес активтерді айтады.
Бухгалтерлік есептің 38-ші МЕА-дің есебі стандартына сәйкес МЕА осы
анықтамаға және төмендегі талаптарға сай келгенде ғана актив ретінде
танылады, яғни есепке алынады:
1.Егер ұйымның келешекте тікелей осы обьектіге байланысты экономилық
пайда табуының ықтималдығы жоғары болса.
2.Егер актив құны дұрыс анықталса.
МЕА-дің түрлері:
• Авторлық құқық-ғылыми туындыны, әдеби музыкалық шығарманы басуға,
шығаруға, орындауға, пайдалануға құқық береді.
• Патент- оны иеленушіге заңмен белгіленген мерзім ішінде өнім
өндіруге немесе сатып өткізуге құқық береді.
• Өндірістік үлгілерге беретін құқық-өнімнің сыртқы түрін анықтайтын
көркемдік және консультациялық шешімдерді қолдануға ерекше құқық
береді.
• Тауар белгілері-белгілі бір ұйымның өндірістік өнімдерін немесе
көрсететін қызметтерін басқа ұйымдардағы біртекті тауар мен
қызметтерден айыру үшін қолдданылатын белгілер.
• Лицензиялық келісім-патент иесі өзінің лицензиятымен қандай да бір
өнімді сатып өткізуге ерекше құқығы үшін лицензия беруіне байланысты
жасалынатын келісім-шарт.
• Гудвилл-фирма бағасы. Фирманың іскерлік репутациясы. Ол жұмыс істеп
тұрған кәсіпорынды тұтас немесе оның құрылымдық бөлімшелерін сатып
алғанда пайда болады. Әдетте мұндай кәсіпорындар активтердің
баланстық құнымен емес нарықтық құнымен сатылып алынады.
• Ұйымдастыру шығындары- субьектінің құрылуына байланысты
(мемлекеттік тіркеуден өткенге дейінгі) шығындар. Ұйымдастыру
шығындарын тіркеуден өту үшін қажетті құжаттарды дайындауға
шығындар, құжаттарды дайындау және тіркеуден өткізу кезіндегі
кеңесші қызметшінің шығындары, мемлекеттік тіркеуден өту үшін
шығындар жатады. Бухгалтерлік есептің 38 стандартына сәйкес МЕА-ді
бағалау түрлері белгіленген және негізгі құралдарды бағалау
түрлеріне ұқсас болып келеді.
Материалдық емес активтер есебі Типтік Шоттар тізбегінің 2700
материалдық емес активтер бөлімшесінде:
2710-Гудвилл
2720-Гудвиллдің құнсыздануы
2730-Басқа материалдық емес активтер
2740-Басқа да материалдық емес активтердің амортизациясы мен
құнсыздануы шоттарында жүргізіледі.
Материалдық емес активтер шаруашылық субьектісінің балансында
бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің
бастапқы құны бойынша анықталады:
• Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың шаруашылық субьектісі жарғылық
қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынатын материалдық
емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.
• Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін сый ретінде алынған
материалдық емес активтер сл уақыттағы нарықтық баға бойынша
бағаланады.
• Басқа шаруашылық субьектілерінде заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке
адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол
обьектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін дайындауға
кеткен шығындар бағасы сомаларының қосындысы бойынша бағаланады.
Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы
әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің құнын
анықтаудың ерекшеліктері бар. Бірақ мысал ретінде соңғы акционерлік
қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субьектілерінде және басқа да
ұйымдарда қолданылып жүрген Ноу-хау деген ұғымды келтіруге болады.
(2730)-шотта. Лицензиялық келісімдер-дегеніміз белгілі бір субьектінің
немесе заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші
субьектіге немесе заңды тұлғаға беруі болып табылады.
(2730)-шотта материалдық емес активтердің лицензиялық келісімдер-деп
аталатын түрі есептелінеді.
(2730)-шотта материалдық емес активтердің бағдарламамен жабдықтау-
деп аталатын түрі есептеледі. Шаруашылық субьектісінің Программамен
жабдықтау- деп субьектінің алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарына қатысты
табыс әкелетін ақпараттар мен мәліметтерді айтады.
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде
материалдық емес активтердің Патент- дегеніміз жеке адамның немесе
топтың, сондай-ақ заңды тұлғаның ашқан адамға, топқа немесе заңды тұлғаға
жаңалығын өз пайдасына қолдануына рұқсат беру болып табылады.

бухгалтерлік есеп шоттары бас жоспарының (2710)-шотында материалдық емес
активтердің Гудвилл немесе деп аталатын түрі есептеледі. Материалдық
емес активтердің бұл түрін кейде фирма бағасы-деп атайды. Фирма бағасы
немесе Гудвилл материалдық емес актвитер шотында және сонымен қатар
бір шаруашылықь субьектісі екінші бір шаруашылық субьектісін толығымен,
түгелдей сатып алған кезде ғана пайда болады.
МЕА-дің амортизациясын есептеу есебі.

материалдық емес активтер өздерінің пайдалануы барысында біртіндеп
сапалық жағынан тоза бастайды. Осы активтер тозғанға дейін, яғни
субьектіде пайдаланылған уақыт аралығында пайда әкелуі қажет. Егер бұл
материалдық емес активтерді пайдалануға шаруашылық субьектісі табыс
таппайтын болса, оларды актив қатарына есептеудің қажеті болмайды және
бұндай жағдайда оларды сатып алуға кеткен немесе басқадай шығындар
жиынтығы субьектінің зияны болып табылады.

материалдық емес активтерді пайдалану барысында олардың құнының бір
бөлігі ай сайын, яғни оның пайдалану мерзімінде өндіріс шығындарына
қосылып отырады. Яғни материалдық емес активтердің құнына амотизациялық
аударым есептеліп отырады. Амортизациялық аударым мөлщері материалдық емес
активтердің бастапқы құнымен олардың пайдалану мерзіміне қарай
анықталады. Материалдық емес активтер пайдалану мерзімі субьектінің қызмет
атқаратын уақытынан аспайы керек. Егер материалдық емес активтердің
пайдалану мерзімін анықтауға мүмкіндік болмаған жағдайда амортизациялық
аударым он жылға есептелінеді. Бірақ ол шаруашылық субьектінің қызмет
атқару уақытынан аспауы керек.
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде 2009
жылдың желтоқсан айында материалдық емес активтерге байланысты шауруашылық
операцияларының коорреспонденциясы жүргізілмеген.
2.3 Инвестициялар есебі
Инвестициялар деп - өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына және
өндірістің басқа да салаларындағы субьектісіне мүліктей, заттай, сондай-
ақ ақша қаражатты түрінде, яғни капитал түрінде салынып ол шаруашылықты
әрі қарай өркендетіп дамыту үшін жұмсалынатын шығындардың жиынтығын
айтады.
Жалпылай алғанда, инвестиция дегеніміз – бүгінгі күні қолда бар
ақшаны, мүлікті, басқа да заттарды, яғни капиталды қандай да бір өндірісті
дамыту үшін жұмсап, сол арқылы келешекте, яғни алдағы уақытта пайыз
түрінде немесе басқадай үлкен кәсіпкерлік табыс табу болып табылады.
Бұл жоғарыда айтылған процеспен екі фактор байланысты болып келеді.
Оның біріншісі – уақыт, ал екіншісі – тәуекелдік. Сонымен қатар инвестиция
экономикалық өсудің негізі болып, елдің әлеуметтік дамуына жағдай
жасайды. Осы айтылғандармен қатар инвестиция экономикалық өсудің жоғарғы
және тұрақты қарқынын қалыптастырудың, ғылыми-техникалық прогресс
жетістіктерін өсірудің, инфррақұрылымды дамытудың маңызды факторы болып
саналады.
Инвестицияның көзі болып жаңадан жасалған қосымша құнның, яғни таза
табыстың пайдаланылмай сақталған бір бөлігі болып саналады. Басқаша
айтатын болсақ, инвестиция көзі – жаңадан жасалынған құн немесе таза
табыстың сақталатын бөлігі болып саналады. Шаруашылық субьектілері немесе
кәсіпкерлер инвестицияны өзінің таза табысының есебінен, өзін-өзі
қаржыландыру немесе ол үшін сырттан несие алу арқылы жасайды. Тағайындау
түрлері бойынша инвестициялар нақтылық және қаржылық инвестиция болып екі
түрге бөлінеді.
Нақтылық инвестиция дегеніміз – шаруашылық субьектісіндегі белгілі
бір материалдық өндірістік қорлардың, яғни активтердің өсуіне, дамуына
жұмсалыну үшін салынатын салымдар болып табылады.
Қаржылық инвестиция дегеніміз – акционерлік қоғамдар немесе мемлекет
шығарған акцияларға, облигацияларға және басқадай құнды қағаздарға
банктердің депозиттеріне салынған салымдар болып табылады.
Инвестицияның бұл жоғарыда айтылған екі түрін бірімен-бірі
бәсекелесуші емес, керісінше оларды бірін-бірі толықтыратындар деп
түсінген дұрыс. Бұған яғни бұл айтқанымызды нақтылай түсу үшін мынадай
мысалды қарастырайық.
Қандай да бір кәсіпкер құрылысты салу үшін қаржы керек етеді. Мұндай
жағдайда құрылыс инвестицияның нақты обьектісі болып табылады. Кәсіпкер
бұл құрылысты қаржыландыру үшін өзінің акцияларын шығарып, басқа
біреулерге сатуы мүмкін. Сөйтіп бұл мысалда кәсіпкердің құрылысқа салған
салымы нақты инвестиция болып, ал қатысушының акцияны сатып алуға жұмсаған
шығыны қаржылық инвестиция болып табылады. Жоғарыда талған инвестицияның
қай түрі болмасын, алдына қойған мақсаты салым салған саланы, өндірісті
дамыту, ондағы өндірілетін өнімдердің, дайындалатын бұйымдардың сапасын
барынша жақсарту, яғни оларды халықаралық стандартқа сай етіп сыртқы
рынокта сата алатын дәрежеге жеткізу, өндіріске жаңа техникалар мен
технологияларды қолдану арқылы табыс табу болып табылады.
Қаржылық инвестициялар иелену мерзіміне байланысты мынадай
категорияларға жіктеледі:
А) қысқа мерзімдік- иелену мерзімі бір жылға дейін,
Ә) ұзақ мерзімдік- иелену мерзімі бір жылдан артық.
Жылжымайтын мүліктерге салынған инвестицияларды иеленуші субьектілер
ұзақ мерзімдік ретінде есептейді.
Тәуелсіздік алғаннан кейінгі уақыттары барысында экономикалық
дағдарыстан шығуға бет бұрған нарықтық экономика жолымен даму үшін
күресіп жатқан біздің еліміз үшін шетелдік инвесторлардың ролі мен
маңызы өте ерекше. Шетел капиталының біздің еліміздің экономикасын көтеру
үшін салым ретінде салынуын, яғни шетел инвесторларын тартудың
артықшылығы мен пайдалылығын былайша жіктеп көрсетуге болады:
1. Шетел капиталының біздің елімізге жұмсалынуы еліміздің бюджетіне
түсетін түсімдерді көбейтеді;
2. Жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары пайда болады және ол
халқымыздың әлеуметтік жағдайын жақсартып, сатып алу қабілетін арттырады;
3. Жаңа алдыңғы қатарлы халықаралық дәрежеге сай техника мен
технологияны елдің шаруашылық субьектілерінде қолдануды жылдамдатады;
4. Сырттан келген капитал – елде экспорттың көбеюіне, бәсекелестіктің
қабілетінің жоғарылауына әсерін тигізеді.

инвестициялар есебіне байланысты шаруашылық операциялары
коорреспонденциясы алғашқы құжаттарда көрсетілмегендіктен баланста да
көрсетілмеген.
2.4 Тауарлы-материалдық қорлар есебі
Тауарлы материалдық қорлар - өндіріс циклында қолданылатын әр түрлі
еңбек заттары. Олар өндіріс процесінде тұтынудың өзінің құнын өндірілген
өнімге толықтай аударады.
Материалдық қорлар АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершлігі шектеулі
серіктестігінде былайша жіктеледі:
Негізгі материалдар; шығарылатын өнімге заттық негіз жасап, оның
материалдық негізін құрайды.
Көмекші материалдар; өндірілетін өнімге белгілі бір қасиеттерді
дарытады. Материалдар синтетикалық шоттар бойынша.
Өндіріске босатылған материалдардың құнын анықтаған кезде
төмендегідей бағалау әдістері қолданылады.
1. Орташа өлшемді құн бойынша бағалау әдісі.
Материалдардың есепті кезеңнің соңында қолданылмаған
материалдардың өндіріске босатылғандардың бірлік орташа құнын,
есептеумен анықтауларды қолдануға негізделген.
2. Фифо әдісі. Есепті кезең соңында есепте тұрған
материалдардың құнын ескеріп есепті кезеңде алғашқы сатып алудың
өзіндік құны бойынша материалдарды есептен шығаруды көрсетеді. Яғни
алдымен есепті кезең соңында пайдаланылмаған өзіндік құн
анықталады.
3. Лифо әдісі. Кейінгі сатып алушылардың өзіндік құны бойынша
материалдарды есептен шығару ағымдағы кірістер мен шығыстардың
сәйкестігін қамтамасыз етеді.
4. Ерекше теңестіру немесе ұқсастыру әдісі кезінде өзара бірін-
бірі ауыстырмайтын арнайы жобалармен тапсырыстарға арналған тауарлы
материалдық қорлар бірілігінің өзіндік құны есептеледі.
АКНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапекршілігі шектеулі серіктестігінде
әртүрлі тәсілдерді таңдау және қорларды бағалау мүмкіндігі бар.
Бірақ тәсіл таңдалғаннан кейін дәйекті түрде бір есепті кезеңнен
соң екіншісінде қолданылуы тиіс.

қоймадағы тауарлы материалдық қорлар есебі материалдарды есептеу
корточкаларында есептеледі. Карточка наменглатуралық номер бойынша
материалдардың әрбір түріне жеке ашылады. Оларға жазу кіріс немесе
шығыс құжаттары негізінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау қоймада
құжаттарды тапсыру рейстрі арқылы іске асырылады. Ай соңында
қоймаға материалдардың қалдығы кітабы өткізіледі. Оған карточкадан
материалдардың қалдығы көшіріледі. Осылайша қоймадағы есеп заттай
ал бухгалтерияда қорлардың сақталған орны бойынша ақшалай түрде
көрсетіледі. Тауарлы материалдық қорлардлы түгендеу олардың орын
орындарында және барлық қозғалыс кезеңдерінде сақталуын тексеруге,
оларды өндіріске қолдануды бақылауға және артық материалдарды
уақытында анықтауға мүмкіндік береді. Түгендеу материалдарды жауапты
тұлғаның қатысуымен міндетті түрде қайта есептеу, қайта өлшеу
жолымен жүргізіледі.
АҚНИЕТ түрік кәсіпорыны жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде
кәсіпорын құжаттарының бірі айналым ведомосінде (оборотная сальдовая
ведомость) желтоқсан айында болған тауарлы-материалдық қорлардың
шаруашылық операциялары орын алған. Болған шаруашылық операцияларының
мазмұны 1300 карточка шоты арқылы көрсетіледі.
4кесте-АКНИЕТ түрік кәсіпорыны ЖШС-нің 1300 карточка шоты
№ Операция мазмұны Дебет Кредит
Шоты сомасы Шоты сомасы
1 941 Той-той сағызы басты қоймадан 7010 1330 403,2
өзіндік құны бойынша есептен
шығарылды.
2 773 ванильді креммен соло рулеті 7010 1330 456,53
өзіндік құны бойынша басты қоймадан
есептен шығарылды.
3 1004 Броуни шиелі джеммен кексі 7010 1330 16,07
есептен шығарылды.
4 700-1 Соната кексі де есептен 7010 1330 912,86
шығарылды.
5 710 Соната рулеті есептен шығарылды.7010 1330 2376,5
6 КФ ТОО Ай ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz