ҚБТУ тарапынан өндірістік тәжірибе жетекшісі



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАЗАҚСТАН БРИТАН ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП КАФЕДРАСЫ

Өндірістік тәжірибе бағдарламасының орындалу туралы ЕСЕБІ

Тәжірибе өткен орын: АҚ АТФ Банк

Жеке және заңды тұлғаларға қызмет көрсету бөлімшесі

Банктік қызмет көрсету орталығы №6

Студент: Алибекова Лаура Сакенқызы

ҚЭФ, 4-курс

ҚБТУ тарапынан өндірістік тәжірибе жетекшісі:

Омарбаева А.К.

АТФ Банк АҚ тарапынан өндірістік тәжірибе жетекшісі:

Қасымов А.Н. (басты эксперт)

Алматы 2010

Мазмұны:

Кіріспе

1-бөлім: АТФ Банк АҚ даму тарихы

1. Банктің даму тарихы. Банктің қазіргі жағдайы

2. UniCredit Group артықшылығы

2-бөлім: АТФ Банк АҚ шығаратын жеке және заңды тұлғаларға арналған төлем
карточкаларының шығарылу және қызмет көрсетілу тәртібі

2.1 Төлем карточкасының негізгі түсініктемесі мен артықшылықтары

2.2 Төлем карточкаларының түрлері

2.3 Төлем карточкаларының қызмет көрсету тарифтері

2.4 Төлем карточкаларын шығару үшін керекті құжаттарды қабылдау және
толтыру

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Мен, Алибекова Лаура Сакенқызы, Қазақстан Британ техникалық
университетінің Қаржы және экономика факультетінің 4-курс студенті, оқу
жоспары бойынша өндірістік тәжірибиені 24.05.10 – 20.06.10 аралығында
Алматы қаласында АТФ Банк АҚ заңды және жеке тұлғаларға қызмет көрсету
бөлімшесінде тәжірибе алмастым өттім.

Өндірістік тәжірибе объектісі болып АТФ Банк АҚ негізгі қызмет
көрсету аясы табылады – өз клиенттеріне банктік қызмет көрсету мен пайда
табу мақсатында банктік қызмет көрсету орталығы болып саналады.

Өндірістік тәжірибе өту кезінде менің алдыма келесі мақсат қойылды:
банк жүйесі мен құрылымымен танысу, банктік қызметке байланысты тауарды
тереңдетіп үйрену, сондай-ақ үш жыл ішінде алған білімді тәжірибе жүзінде
сынап көру. Өндірістік тәжірибе мақсаты өндірістік кәсіпорын жұмысымен
танысу және тәжірибелік есеп беру үшін материалдар жинау.

Өндірістік практика – менің осы оқып шыққан жылдарымның жемісін
көруге және жоғары сапалы манан иесі болып шығума үлкен үлесін қосады деп
сенемін.

Осы жұмыстың негізгі мақсаты келесі мәселелерді қарастыру болып
табылады:

➢ Менеджмент, маркетинг, банк ісі, қаржы тағы басқа пәндерден алған
теориялық білімімді тәжірибие жүзінде шыңдау;

➢ Банктегі ұжыммен бірге өндірістік-экономикалық сұрақтардың шешімен
табу, клиенттермен жұмыс жасауды үйрену;

➢ Тәжірибе өткен банктік мекеменің даму тарихын зерттеу;

➢ Банктің дәрежесін бағалау, клиенттермен танысу, басқару жүйесімен
танысу;

➢ Банк ұсынатын қызмет түрлерін, оның ішінде дәстүрлі және жаңа
перспективті қызмет түрлерін қолдану;

➢ Жаңашыл информациялық технологиялар мен олардың негізгі банктік
қызметте қолдану тәртібін бақылау;

➢ Банкте алған тәжірибем және жинақтаған материалдарым бойынша есеп
тапсыру.

Осы жұмысты жазу барысында қолданылған АТФ Банк АҚ негізгі қызметі
жайлы мәліметтердің негізгі көлемі банк клиенттеріне ұсынылатын тауарлар
мен қызмет түрлеріне сүйеніп жазылған.

1-бөлім: АТФ Банк АҚ даму тарихы

1. Банктің даму тарихы. Банктің қазіргі жағдайы

1995 жылы құрылған АТФ Банк Акционерлік қоғамы Қазақстан
Республикасының банк жүйесіндегі алдыңғы қатарлы банктердің бірі. АТФ
Банк АҚ өз клиенттеріне қызметтердің кең түрін ұсынатын, оның ішінде
Отан зейнетақы қоры ұсынатын зейнетақымен қамсыздандыру да кіретін
универсалды қаржы институты болып табылады. АТФ Банк жеке және заңды
тұлғаларға депозиттер, несиелендіру, төлем карталары, чектер, аудару
операциялары, операциялық қызмет көрсету, кастодиалдық қызмет көрсету
сияқты қызмет түрлерін ұсынады. Сонымен қатар заңды тұлғаларға
документарлық операциялар ұсынылады. Банктің Қазақстан территориясы мен
елімізден тыс жерлерде кең еншілес бөлімшелер жүйесі қалыптасқан. Қосымша
офистер санын арттыру Банктің 2008 жылға қойылған негізгі мақсаттарының
бірі болды.

2007 жылы маусым айында Қазақстан Республикасындағы АТФБанк
акцияларының Австрия банкі- Bank Austria - Creditanstalt AG банкіне Орталық
және Шығыс Еуропада коммерциялық банктік операциялар жүргізу мақсатымен
сату келісіміне қол қойылды. Осы келісім нәтижесінде АТФБанк 22 елде 9
мыңнан астам еншілес компаниялары (филиал) бар, клиенттік базасы 40
миллионнан астам дүниежүзілік ең ірі қаржы топтарының біріне енді.

15 жыл ішінде АТФБанк барлық банктік қызмет көрсету аясында маңызды
нәтижелерге қол жеткізіп, әмбебап қаржы институтына айналды. АТФБанктің
еуропадағы ең ірі банк топтарының біріне - UniCredit Group мүшесі болуы
оның сәтті нәтижелерінің дәлелі болып табылады.

Қазіргі кезде АТФБанк жағдайы қандай?

АТФБанк өз беделі мен имиджін 15 жылдан астам уақыттан бері шығарып
келеді. Өзінің өмір сүрген уақыты аралығында ірі корпоративті клиенттерге
арналған жабық формадағы қаржы мекемесінен отандық қаржы нарығының
көшбасшы банктері арасында нық орын тапқан әмбебаб коммерциялық банкке
айналды (АТФБанк Қазақстандағы активтерінің көлемі жағынан ең ірі бес қаржы
институттарының бірі және ТМД елдері арасында және ТМД елдері арасында ең
ірі 30 біріне кіреді).

АТФБанк орта және шағын бизнес субъектілерімен белсенді қарым
қатынасын жалғастыруды, Қазақстан мен көршілес елдер нарығында еншілес
компаниялар жүйесі мен қызмет көрсету нүктелерін кеңейтуді көздеп отыр.
АТФБанктің негізгі мақсаттарының бірі-клиенттердің сапалы банктік
қызметтерге деген қажеттілігін барынша қанағаттандыру, өндірістік-қаржылық
қызметін оптималдау мен дамыту, өзара пайдалы және ұзақ уақыттық келісімді
нығайту.

АТФ Банк АҚ банктік қызметтің барлық түрлерін дамытатын әмбебаб
банк. Ол экспортты-импорттық операцияларға ерекше назар аударады. Банк
сауда компаниялары мен өндірістік кәсіпорындар арасындағы ірі корпоративті
клиенттерге қызмет көрсетуге негізделген.

АТФБанктің еншілес компаниялары тек қана Қазақстанда емес, сонымен
қатар Қырғызстанда, Ресей Федерациясында, Тәжікстан Республикасында бар.

Сондай-ақ АТФБанк өзінің серіктес компаниялары атынан сақтандыру
қызметін, лизинг және зейнетақы қоры ретіндегі қызмет түрлерін ұсынады.

АТФБанктің Қазақстанда және көршілес елдерде кең филиалды жүйесі бар.

Басқа ірі он банк аткивтерінің көрсеткіштерінің ішінде алдыңғы қатарда
орын алғандығын көру оңай.

Ірі он банк активтерінің көрсеткіші, млрд.теңге

Банк жүйесі

Қазақстан бойынша:

Алматы, Астана, Ақсай, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Жетіқара, Қаскелен,
Қарағанды, Қапшагай, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавловск, Рудный,
Семей, Тараз, Теміртау, Талдықорған, Өскемен, Орал, Шымкент, Щучинск.

Еншілес компаниялары мен UniCreditGroup елшілігі:

Германия, Аргентина, Австрия, Австралия, Бразилия, Китай, Чех
Республикасы, Франция, Ұлыбритания, Греция, Гонк-Конг, Индия, Иран, Италия,
Япония, Латвия, Люксембург, Мексика, Нидерланды, Норвегия, Ресей, Сингапур,
ЮАР, Оңтүстік Корея, Испания, Швейцария, Турция, США, ОАЭ, Вьетнам.

Еншілес компаниялары мен банкке бағынышты организациялар:

• АҚ АТФ Финанс
• ЖШС АТФ Инкассация
• АҚ Отан Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры
• ЖАҚ Банк Сибирь
• АҚ "АТФБанк - Кыргызстан"
АҚ Отан Ашық жинақтаушы зейнетақы қоры
Қазақстан ТМД елдері арасынан алғашқы болып халықты әлеуметтік
қамсыздандыру реформасын іске асырған.
Қазіргі кезде 1998 жылдан бастау алған ҚР Қазақстан Республикасында
зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңы пайда болуымен дами бастаған
зейнетақы реформасы өзінің сенімділігі мен қажеттілігін көрсетіп, жақсы
нәтижелерге жетті. Даму кезеңінде кейбір қиыншылықтарға кездессе де,
қазіргі жинақтаушы зейнетақы жүйесі ең алдымен салымшылары мүдделеріне
қызмет ететін жүйелі механизм.
Зейнетақы реформасының басты стратегиялық бағыты болып әлеуметтік
қамсыздандырудың бөлу жүйесінен зейнетақы қорларында жеке зейнетақы
жинағына негізделген жинақтаушы зейнетақы жүйесіне ауысу болды.
Отан АЖЗҚ АҚ еліміздің зейнетақы нарығында жетінші жыл сәтті жұмыс
жасап келеді. Осы уақыт ішінде ол өзін сенімді және тұрақты қор ретінде
көрсете білді. Қордың негізгі принциптері оның қызметінің ашықтығы, және
профессионалдығы.
Стратегия мен позициялау
• Қазақстанның ең ірі төрттік банктің бірі ретінде өз позициясын нығайту
және 2007 жылдың аяғына дейін басқа банктерді сатып алу мен
органикалық өсу негізінде өзінің нарықтағы үлесін банк секторының 10-
15%-на дейін ұлғайту.
• Банк үшін маңызды үш клиенттік сегментке негізделу:
✓ Жылдық айналым мөлшері 15 млн. доллардан астам корпорациялар;
✓ Жылдық айналым мөлшері 15 млн. долларға дейінгі орта және кіші
кәсіпорындар;
✓ Бөлшек клиенттердің жоғарғы және орта сегменттері.
• Клиенттерге ұсынылатын банктік, сақтандыру және басқа қаржы
тауарлары мен қызметтерін дамыту мен кеңейту, жаңа технологиялық
шешімдерді енгізу арқылы оларды қолдау.
• Банктің Қазақстанның барлық экономикалық дамыған аймақтарында
болуы және көршілес ТМД елдерінде де банк операцияларының
географиялық аймағының кеңейтілуі.
Директорлар кеңесі
Директорлар кеңесі банктің толық жалпы басқаруын жүргізеді және ол
алты адамнан құралған.
Директорлар кеңесінің төрағасы:
• Эрик Хэмпел;
Директорлар кеңесінің мүшелері:
• Томас Гросс;
• Марко Ианнакконе;
• Хуберт А. Пандза;
• Роберто Тимо.
Басқарма
АТФ Банк АҚ Басқармасы оперативті басқаруды іске асырады және
АТФБанктің стратегиялық жоспарын іске асырады, бес адамнан құралған:
✓ Пикер Александр Алоизович - АҚ АТФБанк басқарма төрағасы 2007
жылдың қараша айынан бастап;
✓ Фон Гляйх Кристоф Александер Ханс-Юрген - Басқарушы директор, 2008
жылдың тамыз айынан бастап Басқарма мүшесі;
✓ Сеитова Мухаббат Болатовна - Басқарушы директор, 2007 жылдың наурыз
айынан бастап Басқарма мүшесі.
✓ Армин Хубер - Басқарушы директор, 2008 жылдан бастап Басқарма
мүшесі;
✓ Якупбаев Рустам Куатович - Басқарушы директор, 2008 жылдың қараша
айынан бастап Басқарма мүшесі.

2. UniCredit Group артықшылықтары
UniCredit – Еуропадағы үлкендігі жағынан екінші қаржылық институт
(HSBCдан кейін). Осы топ 20 елде қызмет жасап жатыр, 2006 жылдың аяғында
оның барлық активтері € 823 млрд. құрады, ал бөлімшелерінің саны 7200
болса, клиенттік базасы 35 млн. болды. Ресейде осы топ Халықаралық Мәскеу
банкінің және Атон брокер компаниясының 100% акциясын иеленген.
UniCredit Group көрсеткіштері
• 23 тен астам елде жүргізіліп жатқан банк операциялары;
• 50-ден астам елде халықаралық жүйе;
• Клиенттер саны – 40 млн. астам;
• Филиалдар саны – 9700-ден астам;
• Қызметкерлер саны -170 000 нан астам.

UniCredit Group құндылықтары
• Әділдігі;
• Ашықтығы;
• Сыйлылығы;
• Бостандығы;
• Сенімділігі.

UniCredit Group мүшесі болып, клиент келесі артықшылықтарды иелене алады:
• UniCredit Group мүше банктерге тән жоғары қызмет көрсету деңгейі;
• Барлық топта болатын банк қызметтерінің спектрі;
• Бір банк қабырғасында бірнеше қызмет түрлерін алу мүмкіндігі;
• Халықаралық қызметті нәтижелі басқару арқасында шығындарды азайту;
• Еуропаның өсіп келе жатқан нарықтарында жұмыс жасау мүмкіндігі;
• Клиенттермен жұмыс жасайтын жоғары квалификациялы менеджерлер
командасы.

АТФБанктің ресми түрде көрінуі оның ұзақ мерзімді кредиттік рейтингінің
өсуі:
• Standart & Poor’s халықаралық рейтингтік агенттігі бағалауы бойынша
В+ дан ВВ+дейін;

• Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі бағалауы бойынша ВВ-
тан ВВВ+ дейін.

Неліктен АТФБанк пен UniCredit арасындағы келісім Қазақстан
экономикасымен қатар банк клиенттері үшін де жағымды өзгерістерге алып
келеді және кейбір артықшылықтар береді.

АТФБанктің Қазақстандағы жақсы коммерциялық позициясы мен UniCredit
тобының мүмкіндіктері қосылып банктің дамуына үлкен ықпал жасайды,
клиенттер үшін өте маңызды банктің тұрақтылық рейтингінің өсуіне әсер
етеді.

UniCredit тобының зор ресурстары, менеджменттің жоғары стандарттары
АТФБанктің Қазақстандағы және шет елдегі позициясының нығаюына және
кеңеюіне ықпал етеді.

UniCredit тобының Еуропалық банк жүйесіндегі көшбасшылық тәжірибесі
АТФБанктің дамуында тек сандық қана емес, сапалық жағынан да маңызды,
қызмет көрсету сапасының артуына себепші болады.

2-бөлім: АТФ Банк АҚ шығаратын жеке және заңды тұлғаларға арналған төлем
карточкаларының шығарылу және қызмет көрсетілу тәртібі

2.1 Төлем карточкасының негізгі түсініктемесі мен артықшылықтары

Төлем карточкасы – әмбебап төлем құралы, сіздің банктік карточка
есебіңізді басқаруға мүмкіндік беретін құрал. Төлем карточкасы көмегімен
сіз тауарлар мен қызметтерді төлей аласыз, сондай ақ қолма қол ақша алуға
мүмкіндігіңіз бар. Карточка белгілі бір уақытқа дейін қолданылады, ол
мерзім карточкада көрсетіледі. Қолданылу мерзімі біткен жағдайда клиент
сұранысымен оның қолданылу мерзімі ұзартылады, яғни жаңа пластикалық карта
беріледі. Төлем карточкасы банктің жеке меншігі болып табылады.

Негізгі карточка – Банкпен келісімге отырған клиентке берілетін
төлем карточкасы.

Қосымша карточка – негізгі карточканы ұстаушының сенімді адамына
берілетін карт счет бойынша ашылатын төлем карточкасы. Негізгі карточканы
ұстаушы қосымша карточка үшін белгілі бір мерзімге кейбір операцияларға шек
қоюы мүмкін және максималды соманы белгілей алады.

Дебеттік карточканың кредит карточкасынан айырмашылығы

Дебеттік карточка – клиентке карточка есебіндегі сома мөлшерінде
карточкалық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін төлем
карточкасы. Кредиттік лимит тағайындалған жағдайда дебеттік карта сол
тағайындалған кредит сомасы мөлшерінде операцияларды жүзеге асыруға да
мүмкіндік береді. Бұл жағдайда карточка дебетті-кредитті болады.

Кредиттік карточка – ұстаушысына тек Банк есебінен операциялар
атқаруға мүмкіндік беретін төлем карточкасы. Кредиттік картамен электронды
түрде де, жай режимде де пайдалануға болады (импринтер көмегімен).

АТФБанк төлем карточкаларының артықшылықтары:
• Қолма-қол ақшаға тәулік бойы қол жеткізуге болады;
• Тауарлар мен қызметтерді әлемдік ғаламшар арқылы да төлеуге болады;
• Карточка жоғалған немесе ұрланған жағдайда ақша сақталады: алдын- ала
ескертілген жағдайда карточка жұмыстан шығып қалады;
• Шетел мемлекетінте төлем жүргізген уақытта, ақша автоматты түрде сол
мемлекеттің валютасына ауысады;
• Карточкалар келесі валюталарда ашылады: тенге, АҚШ доллары, евро;
• Шет мемлекеттің шекарасын өту барысында карт-шоттағы ақшаны тіркеу қажет
емес;
• Қосымша карточка ашу мүмкіндігі достарына, отбасына;
• Карточка жоғалған уақытта жаһандық көмек көрсету қызметі VISA Classic,
VISA Gold, MasterCard Standard, MasterCard Gold шетелде;
• Карточка ашқан уақытта сақтандыру депозитіне сияқы алу мүмкіндігі VISA
Classic, VISA Gold, MasterCard Standard, MasterCard Gold;
• Шығындарды жоспарлаудың тиімділігі;
• Әлемнің барлық нүктесінен карт-шоттың қорын білу мүмкіндігі, банкомат
көмегімен;
• Кредиттік лимитті білу мүмкіндігі;
• Зейнетақы қоры "Отан" және сақтандыру компаниясы "АТФ Полис"
клиенттеріне әр-түрлі жеңілдіктер;
• Карточканы тегін ашу Visa Virtuon ұстаушыларға VISA Classic, VISA Gold;
• Денсаулық сақтау "Интертич" Корпорациясы клиенттеріне жеңілдіктер;
• Alma-TV, Digital TV тәулік бойы мобильді түрде төлем жүргізу мүмкіндігі;
• Кедендік төлемдерді ҚР кеден аумағында жүргізу қолайлығы;
• (IAPA) Халықаралық Жолаушыларды Тасымалдау Бірлестігіне қатысу;
• SMS-хабары арқылы карточкалық шот туралы ақпарат беру қызметі қолға
тиімді;
• Қазақстан және тыс елдерде карточкадан карточкаға ақша ауыстыру
мүмкіндігі, бұл қызмет тәулік бойы жұмыс атқарады;
• UniCredit жүйесіндегі банкоматтардан қолма-қол ақша тегін алынады
(Әлемнің 18 елінде 15 000 банкомат қызмет атқарады ).
Visa және MasterCard International Халықаралық төлем жүйелері

Visa International- бұл көшбасшы халықаралық төлем жүйесі. Visa
карталарының қызмет көрсету ауқымы өте жоғары болып табылады 24 млн. қызмет
көрсету нүктелері, бір миллион банкоматтары бар. Visa карталары әлемнің 150
елінде қабылданады. Visa 21 мың. қаржы ұйымдарында жаңа технология енгізуші
құрал ретінде танымал.

MasterCard International- халықаралық төлем жүйесі, әлемнің 210
мемлекетінде 22 мың қаржы ұйымдарын біріктіріп отыр. MasterCardCirrus
банкоматтар жүйесі әлемдегі ең көп тараған 1098000 қызмет көрсету орындары,
әлем бойынша 32 млн сауда орталықтары бар.

Халықаралық төлем жүйесінің картасын иелік еткен клиент келесі
мүмкіндіктерге ие болады:

• Шетел мемлекетіне шыққан уақытта ақша тасымалына бас ауырмайды, ақшаны
сол ел валютасына ауыстырудың қажеті жоқ, кедендік тіркелімді де қажет
етпейді;
• Тәулік бойы және демалыссыз қызмет ететін банкоматтардың көптігі;
• Қалаған соммадағы қолма-қол ақшаны қалаған валютада алу мүмкіндігі;
• Әлем бойынша телефон шалу арқылы ақпарат алу қызметі;
• Карта жоғалған немесе ұрланған болса картаны жедел жабу мүмкіндігі;
• Картада қалған ақша көлемі туралы ақпарат алу мүмкіндігі;
• Internet арқылы қызмет және сауда көрсету мүмкіндігі.
2.2 Төлем карточкаларының түрлері

АТФБанк төлем карточкалары нарығында көшбасшы орын алып отырғаны
бәріне мәлім. 1999 жылдан бастап АТФБанк келесі төлем карточкаларын
шығаруға көшкен VISA Electron, VISA Classic, VISA Gold және VISA Business,
ал 2001 жылдан VISA Virtuon карточкасы, Интернет арқылы есеп-шоттарды
жүргізеді. 2007 жылдан бастап АТФБанк MasterCard халықаралық төлем жүйесі
карталарын шығара бастады.

➢ VISA Electron және Maestro – ең қарапайым және кең тараған
карточкалардың бірі. Қолма-қол ақшаны банкоматтардан және арнайы
электронды терминалдардан тауар, қызметтерді төлеуге мүмкіндік
береді.

Карточкалардың жұмыс істеу мерзімі: VISA Electron және Maestro 3 жыл.

VISA Electron Maestro карточкаларының артықшылықтары:

• Қазақстан және тыс елдерде қолма-қолсыз төлем, тауар және қызметтерді
осы күйде алу мүмкіндігін беретін құрал;
• Карта ашу үшін сақтандыру депозиті қажет емес;
• VISA Electron Maestro карталарына сауда орындарында жеңілдіктер
көрсетіледі.
➢ VISA Classic және MasterCard Standard – бұл классикалық
халықаралық банктік карта, барлық сауда орындарында және
Интернет арқылы жұмыс істеуге арналған. Бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш арыстаны - Абылай хан
«HSBC Қазақстан» АҚ ЕБ
Инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру
Сбербанк Казахстан
Қазақ тіліндегі ресми іс-қағаздары
Қазақ тілі – мемлекеттік тіл
Халықаралық экономикалық қатынастар
Норвегия
Норвегияға әлеуметтік – экономикалық жағдайы
Технологиялық карта туралы ақпарат
Пәндер