Клиент қолма - қол ақша қаражатын касса бақылаушысының қатысуымен қайта есептеуге құқылы


БАҒДАРЛАМА МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
- Жалпы бөлім
Тақырып 1. Мекеменің жалпы сипаттамасы . . . 2
Тақырып 2. Мекеменің есеп-аналитикалық қызметі………. . 6
- Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Тақырып 1. Ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері…. 11
Тақырып 2. Дебиторлық операциялардың
бухгалтерлік есебін ұйымдастыру . . . 27
Тақырып 3. Инвестиция есебі, негізгі құралдар және материалды емес активтер есебі28
Тақырып 4. Міндеттемелер есебі. 33
Тақырып 5. Еңбекақы және оның төлемінің есебі. 34
Тақырып 6. Капитал және резервтер есебі. -
Тақырып 7. Шығындарының есебі-
Тақырып 8. Қаржылық есептілікті ұсыну. . 36
- Жылдық түгендеу жүргізу
- Аналитикалық жұмыс
- Салық салу
- Аудит
КІРІСПЕ
Өндірістік тәжірибені өту орны АҚ Халық Банк Қазақстан валюталық операцияларды тексеру бөлімі.
Өндірістік (диплом алды) практика- шығарушы кафедраның оқытушысының жетекшілігімен, мамандар мен мекеменің тиісті бөлімшелерінің жетекшілерімен орындалатын студенттің өзіндік жұмысы.
Практика ұзақтығы, оқу процесінің кестесі бойынша күндізгі оқу бөлімінің студенттері үшін 20 апта 100 күн құрайды.
Т. Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық университетінің «Аудит және талдау» кафедрасының жеке тапсырмасына сәйкес өндірістік тәжірибенің негізгі мақсаттары:
- жоғары оқу орнында мамандық бойынша алған теориялық білімді экономикалық қызметті ұйымдастыру саласында бекіту;
- кәсіпорында немесе ұйымда, фирмада бар есептік және оперативтік деректерді талдау әдісіндегі практикалық тұрғыда дағдылану;
- қаржы қатынастары мәселелеріне қатысты статистикалық материалдарды жинау мен зерттеу әдістемесін үйрену болып табылады.
Көзделген мақсатқа сәйкес аталған тәжірибенің міндеті:
- Ұйымды немесе кәсіпорынды және оның бөлімдерінің қызметін бағалай алуды, сол ұйымның немесе кәсіпорынның құжаттарын орындауды үйрену;
- Жоғары оқу орнында алған теория, методология және экономикалық әрекеттерді фирма, кәсіпорын, ведомства деңгейінде теориялық білімді бекіту;
- Есепті дайындауға қажетті материалдарды жинау, өңдеу және дайындау.
Сондай-ақ өндірістік тәжірибе студенттер үшін жоғары білікті мамандарды дайындаудың негізгі бөлігі болып табылады.
Жалпы бөлім
Биыл Қазақстан Халық Банкінің құрылғанына 86 жыл. Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы
«Қазақстан Халық Банкі» акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322, 7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1, 8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44, 1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, «Незаменимые услуги», Алматы, 1986 ж. ) .
60-жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен, көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ «Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы» деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - «Қазақстан Халық Банкі» болып ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды. Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын «Қазақстан Халық жинақ банкі» ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.
Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 «Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы» деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33, 33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес. Бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған «сатылас біріктірілген» банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
( 1 тіркеме)
Басшылық
Директорлар кеңесінің Төрағасы
Павлов Александр Сергеевич
Директорлар кеңесінің мүшелері
Шаяхметова ҮHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/2"мHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/2"іт Болатханқызы
"http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/3" HYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/3"КамиляHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/3" Валерьевна
Сатылғанов Қайрат Алпамысұлы
ЕлемесовHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/5" Асқар Раушанұлы
Кристоф Рель
Фрэнк HYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/7"Кайларс
Басқарма Төрайымы
Шаяхметова ҮHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/8"мHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/8"іт Болатханқызы
Басқарма мүшелері
Абдулина Нәйла Құрманбекқызы
ҚарабаевHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/10" ДHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/10"әурен Сапаралыұлы
КішкімбаеваHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/11" СHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/11"әуле Бахыткерейқызы
СатыбалдинHYPERLINK "http://www. halykbank. kz/kaz/managers/view/13" Марат Сағындықұлы
Смағұлов Асқар Сағидоллаұлы
Өскімбаев Қожамұрат Беиісұлы
Рейтингтер
Халық Банкінің 2009 жылдың 25 мамырындағы жағдайға сәйкес рейтингтері
Мемлекеттің республикамыздағы ең ірі 4 банктің акционерлерінің құрамына кіруі туралы келісімге қол жеткізілді. Үкімет отырысында осындай мәлімдеме жасаған Премьер-Министр Кәрім Мәсімов, 4 банктің менеджментімен тиісті уағдаластыққа қол жеткізіліп, өзара түсіністік туралы меморандум дайындалғанын атап айтты.
Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мемлекеттің республикамыздағы ең ірі 4 банктің акционерлерінің құрамына кіруі туралы келісімге қол жеткізілгендігін хабарлады
Мемлекеттің республикамыздағы ең ірі 4 банктің акционерлерінің құрамына кіруі туралы келісімге қол жеткізілді. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Кәрім Мәсімов мәлім етті.
«Қазанның 28-інде Үкімет отырысында біз Ұлттық банкпен, Қаржы нарығын қадағалау агенттігімен бірлесіп еліміздегі жүйе құрушы 4 банкке, атап айтқанда, «Қазақстан халық банкі», «Қазкоммерцбанк», «Альянс банк», «ТұранӘлемБанкі» қаржыларын ұлғайту туралы ұсыныс жасаған болатынбыз. Соңғы екі аптаның ішінде келіссөздер жүргізуші команда - «Самұрық-Қазына» қоры, Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Қаржы нарығын қадағалау агенттігі осы 4 банкпен келіссөздер жүргізді. Кеше банктердің акционерлері, менеджменті, Үкімет, Қаржы нарығын қадағалау агенттігі, «Самұрық-Қазына» қоры арасында түбегейлі қол жеткізді. Яғни, барлық 4 тарап өзара келісімге келді», деді Премьер-Министр.
Оның айтуынша, тиісті келісімге Үкімет тарапынан Қаржы министрлігі қол қоятын болады. Осы орайда К. Мәсімов Үкімет тарапынан келіссөз жүргізуші командаға алғысын жеткізе келе, қазіргі жағдайда экономиканы дамыту үшін мұның аса маңызды қадам болғандығын атап көрсетті.
Еліміздің банк секторын тұрақтандыру шарасы аясында мемлекеттің республикамыздағы ең ірі 4 банктің капиталын ұлғайтуға қажетті қаражат мөлшері анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов мәлім етті.
«Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің тапсырмаларына сәйкес «Самұрық-Қазына» қоры «Қазкоммерцбанк», «Халық банкі», «Альянс банк» және ТұранӘлемБанкімен» келіссөздер жүргізді. Осы 4 банктің менеджментімен тиісті уағадаластыққа қол жеткізілді. Өзара түсіністік туралы меморандум дайындалды. Бұл құжатқа банктер тарапынан қол қойылды. Банктермен келіссөздердің негізгі шарты мынадай: қарапайым және артықшылықты акцияларды сатып алу және субординарлық заемдарды ұсыну арқылы капиталды қаржыландыру сомасы анықталды. Оған сәйкес мемлекет тарапынан банктердің капиталын қаржыландыру көлемі «Халық банкі» бойынша - 500 млн. доллардан, «Альянс банк» бойынша - 370 млн. доллардан, «Қазкоммерцбанк» бойынша - 300 млн. доллардан кем емес, ал «ТұранӘлемБанкі» бойынша - 2, 3 млрд. доллар қаржыны құрайды», деді Үкімет отырысында Қ. Келімбетов.
Оның айтуынша, сатып алынатын акциялардың құны олардың нарықтық құны бойынша анықталады. Ал орналастырудың түпкілікті бағасы банктердің директорлар кеңесінің шешіміне сәйкес белгіленеді.
«Көрсетілген сомаларға қарапайым және артықшылықты акциялар, сондай-ақ ұсынылатын субординарлық заемдар сатып алынатын болады. Ғаламдық депозиттерді ұстаушы қазіргі акционерлерге банктер шығаратын қарапайым акцияларды конвертациялауға құқық беріледі. Бұл ретте ірі акционерлермен жаңа эмиссиялардың акцияларын сатып алуға арналған өздерінің құқықтарын жүзеге асырудан бас тартуды «Самұрық-Қазына» қорының пайдасына беру туралы уағадаластыққа қол жеткізді. Өз тарапынан «Самұрық-Қазына» қоры аталмыш акционерлерге банктердің сатып алынатын акцияларын алуға артықшылықтық құқық ұсынатын болады. «Самұрық-Қазына» қоры банктердің операциялық қызметіне араласпайды», - дедіҚ. Келімбетов.
Оның айтуынша, 4 банктің ірі акционерлерімен, менеджментімен барынша егжей-тегжейлі келісімге қол қою бұл бағыттың келесі кезеңі болып табылады. Онда мемлекеттің банктердің капиталына кіруі мен шығуы, экономиканы қолдау аясындағы бірлескен ынтымақтастықтың әлеуетті бағыты, «Самұрық-Қазына» қорымен банктердің өзара қарым-қатынасы туралы түбегейлі мәселелер реттелмек.
Осы отырыста Үкімет мемлекет пен жоғарыдағы 4 банк арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қоюды мақұлдады.
1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Банктің атқарымдық бөлімшелерін фронт-офиске және бэк-офиске бөлу тұжырымдамасы. Бухгалтерлік есеп жүйесі дегеніміз, банктің ұйымдастырылуына бақылау жасауға және жоспарлау үшін басшыларға қажетті қаржылық және экономикалық ақпараттарды дайындау мақсатында мәліметтерді жинау мен өңдеу жүзеге асырылатын, басшыларға арналған ақпараттық жүйені білдіреді.
Бухгалтерлік есеп жүйесінің негізгі сапалық сипаттарына келесілер жатады:
- тиімді өнделген ақпарат;
- өз уақытында алынған есептік құжаттамалар;
- дәлдіктің жоғары деңгейлі болуы;
- алаяқтық мүмкіндіктерін барынша азайту.
Бұл сипаттарға ие болу үшін, олар тәуелсіз болу керек, яғни жекелеген бөлімше немесе департамент түрінде құрылған бухгалтерлік есеп қызметін ұйымдастыруды талап етеді.
Бухгалтерлік есеп бөлімшелерінің мінсіз құрылымы жоқ, дегенмен де оның барлық банктерге тән жалпы сипаттамалары болады:
- банктің барлық ресми шоттарын жүргізу;
- тиісті ережелерді жасау және қабылдау;
- тиісті рәсімдердің көмегімен есеп мәліметтерін құрастырушы барлық бөлімшелерге нұсқаулар беру;
- бухгалтерлік есеп ережелері мен рәсімдерінің сақталуына
бақылау жасауға механизмдерді іске қосу және олардың орындалуын қамтамасыз ету.
Бухгалтерлік есеп және есептілік үдерісі операциялардың қаржылық нәтижелерін көруге және операцияларды жоспарлау үшін, олардың барысын қадағалап отыру үшін қажетті қаржыларды басқару бойынша ақпараттарды алуға сол сияқты осы операцияларды ары қарай жетілдіру барысында өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді.
Бухгалтерлік есеп жүйесі банктің ұйымдастырылуының негізгі тірегі болып табылады. Бухгалтерлік есептің дамыған жүйесі банк үшін өте маңызды, өйткені ағымдағы шешімдерді қабылдау сәтінде, ол айтарлықтай шамада қаржылық ұйымдастыруға сүйенеді.
Есеп жүйесі дегеніміз, есеп мәліметтерін қаржылық ақпаратқа қайта өңдейтін, өзара байланысты элементтердің жиыны.
Есеп жүйесіне келесідей элементтер кіруі мүмкін:
- бухгалтерлік есеп бөлімшесі;
- жұмыс бөлімшелеріндегі есеп бөлімшелері;
- филиалдардағы есеп бөлімшелері;
- есеп мәліметтерін өңдеуші орталық;
- ішкі аудит бөлімшесі.
Банктердегі бэк-офистің құрамында бухгалтерлік есеп және есептілік Департаменті құрылады. Департаменттің негізгі міндеті -Банктегі бухгалтерлік есеп пен есептілік саласындағы бірыңғай әдістемелік саясатты қамтамасыз ету, банктің қызметі жөніндегі қаржылық және ішкі есептілікті құрастыру және оны банк басшыларына, Ұлттық банк пен басқа да мемлекеттік органдарға ұсыну.
Департамент өз қызметін, Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің нормативті актілерін басшылыққа ала отырып, Банк жарғысының ережелеріне, Банк басқармасының шешімдеріне, Банк басқармасы төрағасының бұйрықтары мен өкімдеріне сәйкес жүзеге асырады.
Оның құзырына кіретін мәселелер бойынша департаментінің барлық жарлықтарын банктің құрылымдық бөлімшелері мен барлық департаменттер міндетті түрде орындауы керек.
Бухгалтерлік есеп пен есептілік департаменті, операцияларды аналитикалық есепте бейнелеу мен жүзеге асыру бойынша өкіметтілік пен жауапкершілік-құқықтарын тікелей оның жүзеге асыратын банк бөлімшелеріне бере отырып, шоттар жоспары бойынша операциялардың синтетикалық есебіне жауапкершілікте болады.
2. 1. Қысқа мерзімді активтер: ақша қаражаттары және олардың эквиваленттері.
БАНК КАССАСЫНАН ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАЛАРДЫ ҚАБЫЛДАУ ЖӘНЕ БЕРУ ЕСЕБІ
АҚ Халық банк үшін қолма-қол ақшаларды басқару қаржы нарығының күрделілігіне байланысты маңызды жағдай болып табылады және оның атқарымдық міндеттеріне кіреді. Сенімділікті қамтамасыз ету (қолма-қол ақшаларды қабылдау, жалған ақшаларды тану), сондай-ақ иелік ету, нақты валютаны айырбастау және сату қызметтері несие мекемелерінің міндеттеріне кіреді. Сөйтіп банкте көптеген төлем тәртіптері жүзеге асырылады. Клиенттер, заңды тұлғалар, кәсіпкерлер қолма-қол ақшаларды өздерінің есеп айырысу шотына төлемдерді жүргізу мақсатында салады, ал мысалы, жеке тұлғалар қолма-қол ақшаларды депозиттік шотқа олар бойынша пайыз (сыйақы) алу үшін салады.
Кассалық операциялар - бұл банк клиенттерінің ақшалары мен құндылықтарын қабылдап-өткізу бойынша банктік операциялар. Басқаша айтқанда, барлық кәсіпорындар мен мекемелер, олардың меншік түріне байланыссыз өз ақшаларын банкте сақтайды және банктің клиентке қолма-қол ақшалай есеп айырысуын жүргізу бойынша қызмет көрсетуі - бұл кассадан ақшаны беру, қабылдау және сақтау.
Екінші деңгейдегі банктердің кассалық операцияларды жетілдіру тәртібі 1999 жылғы 15 қарашадағы №394 «Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің кассалық операцияларын жүргізу» ережелеріне сәйкес жүргізіледі. Олар бойынша келесілер қарастырылған:
- кассалық операцияларды жүргізудің жалпы тәртібі;
- ақшаны жеткізу және сақтау тәртібі;
- ақшаның төлем қабілеттілігін анықтау тәртібі;
- зақымданған банкноттар мен ақаулы тиындарды айырбастау және жою тәртібі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz