АЕК заңды тұлғаға


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы

Білім және Ғылым Министрлігі

Басқару институты

«Қаржы»каферасы

Өндірістік практика өтуі туралы

Орындаған:Нурбаева Н. Т.

Институттан жетекші: Жаныбаева З.

Кәсіпорыннан жетекші:Медведева Н. Д.

Астана 2008 жыл

Мазмұны.

Кіріспе . . . 3

Негізгі бөлім . . . 4

1. 1. «АСКО» сақтандыру компаниясының тарихыхы, қызметі және құрлымы4

1. 2. Автотранспорт иесінін азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру… . . . 8

1. 3. Жұмыс берушілерінің жұмысшылардың денсаулығына, өміріне жұмыс орындау кезінде пайда болатын зиянды азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру . . . 9

1. 4. Экологиялық сақтандыру. . …. 10

1. 5. Қауіп - қатермен байланысты объект иелері азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру . . . 11

1. 6. Тасымалдаушылар жолаушы алдында азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру… . . . 12

1. 7мүлікті сақтандыру . . . 14

1. 8. Көлік құралдарын сақтандыру . . . 15

1. 9. Бақытсыз жағдайдан сақтану . . . 16

1. 10. Жүкті сақтандыру . . . 19

1. 11. Қаржылық шығындарды сақтандыру . . . 20

1. 12. Азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың Қазақстан Республикасының «сақтандыру қызметі туралы»заңында көрсетілген 9, 11 пункінің 3 бабынан басқасы . . . 21

2. « АСКО» сақтандыру компаниясының меншікті, жарғылық капиталына активіне талдау жасау . . . 23

3. Сақтандыру сыйақысы мен төлеу динамикасына талдау . . . 24

4. Компанияның балансына талдау жасау . . . 25

Қорытынды . . . 28

Кіріспе

Сақтандыду - қоғамның экономикалық қатынастарының айрықша сферасын бейнелейтін көне категорияларының бірі. Сақтандыру сферасы адам өмірін, өндірістік және әлеуметтік - экономикалық қызметтің барлық жағын қамтиды. сақтандыруға түрткі болатын басты себеп - бұл өндіріс және адам өмірінің қауіп- қатерлі сипаты. Сондықтан өндіріс процестерін жалғастыру, азаматтардың жекелеген санатттарының өмір тіршілігі мен әл - ауқатын қолдап отыру мақсатында оларды сатып алу үшін қоғамның, жеке өндірушілердің, олардың топтарының (салалық және аумақтық аспектілерде) натуралдық - заттай босалқы қорларын да немесе резервтерін де, сондай - ақ ақша ресурстарын да кіріктіретін қажетті қаражат болуы тиіс. Мұндай ақша қаражаттары әдетте резерв және сақтық қорлары түрінде қалыптасады.

Сақтандырудың мақсаты қоғамдық ұдайы өндірістің үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін азаматтардың, мүліктерді, өндіріс процестерін қоғамдық және ұжымдық қорғау болып табылады.

Адам өзінің өмір сүру жолында еңбек қабілетіне, денсаулығына зиян келтіретін жағдайлармен жиі ұшырысады, соның нәтижесінде өмір сүруге қажетті құралдардың бірі болып табылатын еңбек ақысынан, кәсіпкерлік және заңда тиым салынбаған басқа да қызмет түлерін атқаруына байланысты табылатын табыстарынан айырылуы мүмкін. Көбінесе адам жоғарыда аталған жағдайларды өзі шеше алмайды, олар айтарлықтай дәрежеде біріншіден, қоғам өмірінің әлеуметтік - экономикалық жағдайларына, екіншіден, адамның еркінен тыс, өндірістік қызмет сипатында анықталады.

Нарықтық және әлеуметтік бағыттарда экономика жағынан дамыған мемлекеттердің әлеуметтік саясаты өзінің маңызды атрибуты ретенде сақтандыру жүйесін енгізді. Сақтандырудың экономикалық және әлеуметтік функциялары жұмыс істеушілердің және отбасы мүшелерінің қаржылық ресурстарын әділетті және тиімді жинақтауға және бөлуге, тәуекел туған жағдайда оларға әлеуметтік көмек көрсетуге мүмкіндік береді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ.

1. 1. «АСКО» сақтандыру компаниясының тарихы,

қызметі және құрлымы.

АҚ «АСКО сақтандыру компаниясы» 1988 жылдың 7қыркүйекте құрылған Кеңес Одақ терреториясындағы бірінші мемлекеттік емес сақтандыру компаниясы. 1991жылы

АҚ «АСКО сақтандыру компаниясы» заңды тұлға ретінде құрылып егемен Қазақстан Республика территориясында өз қызметін жүргізе бастады.

2000жылдың 23 желтоқсаныңда Қазақстан Республикасының «Сақтандыру қызметі туралы»заң қабылданды . Осыған сәйкес жүргізілген рейтингте 19 сақтандыру компаниялардың ішінен алдынғы орынды алдық, сондай - ақ рейтингте негізгі көрсеткіш сақтандыру оқиғасына төлем бойынша бірінші болды. Осы көрсеткіш бойынша бізге «Отбасыны бақытсыз жағдайдан сақтандыру» жаңа сақтандыру бағдарламасын ұсынды және осы бағдарлама потенттелді. Бұл қызмет түрі бойынша сақтандыру компаниялары ішінде «АСКО сақтандыру компаниясы» монополис болып табылады.

Осы жылдар ішінде «АСКО сақтандыру компаниясы» ірі сақтандыру компаниясы ретінде танылды. Бас кеңсе Қарағанды қаласында орналасқан (5) Қазақстан қалалары мен облыс орталықтарында 11 филиалдары мен 5үкілдіктері(7) бар. Қазіргі уақытта компанияның активы 500 млн. тенге, оның ішінде 180 млн тенге сақтандыру қорын құрады .

Компанияның қызметі нәтижесінде клиент пен партнерларының сенімі мен дұрыс таңдалған негізгі тарифтік саясатты жүргізумен байланысты болды .

Сақтандыру заңына сәйкес әрбір сақтандыру компаниясы лицензия нігізінде қызметін жүргізуі тиіс. Компанияның заңды статусы Әділет органдарында тіркелуі және лицензиясының болуы негізгі атрибутты болып табылады. «АСКО сақтандыру компаниясы» 2007 жылдың 11 наурызында Қазақстан Республиканың Әділет Министерлігінде тіркелді. Бұл компанияның қызметін Қазақстан Республиканың тереториясында заңға сәйкес іске асыруға(1), сондай -ақ заңды және жеке тұлғалармен жұмыс істеуіге мүмкіндік береді. Бұл лицензия бойынша біз сақтандырудың 11 классымен жұмыс істейміз. Оныңішінде 5 сыныбы міндетті сақтандыру (2) және 6 сыныбы ерікті сақтандыру (3) . Мүлікті, жеке, заңды тұлғаны және тағы басқаларды сақтандыруға болады.

Ұлттық банк компанияның қызметін қадағалап отырады. Жыл сайын аудиторлық тексерістер жүргізіліп отырады. (8)

Компанияның нәтижелері марапаттармен, соның ішінде халықаралық марапатттармен көруге болады. 1998жылы Догомыс қаласында болған ТМД және Балти мемлекеттері қатысқан бесінші халықаралық сақтандырушылар коеференциясында « АСКО» сақтандыру компаниясы диплом мен медельға ие болды. 15 -17 желтоқсанда Брюселде(Бельгия) болған Евромаркет - Форум 99 компания жаңа сақтандыру өнімін шығарған үшін Евромаркет - 99 сыйлығына иеленді. Сыйды Е. M. R. C. халықаралық нарықты зерттеу институты мен ірі шетелдік сақтандыру ұйымдарымен (АО «Рига РЕ»Рига қаласы, Индустриальная перестраховочная компания) қолдауымен берелді. 2004жылдың желтоқсаныңда «АСКО» сақтандыру компаниясы іскерлік тәжірибеде жоғары сапа үшін Халықаралық қордың (Швейцария) сертификаты мен алтын медалімен марапатталды. 2005 жылы ISO - 9001:2000 Халықаралық са стандартының сертификатын иеленді, ал 2006 жылы Ұлттық экономиканың көшбасшысы дипломы мен Құрмет белгісімен марапатталды(4) .

«АСКО» сақтандыру компаниясы міндетті және ерікті сақтандыру түрі бойынша қызмет көрсетеді.

Міндетті сақтандыруда сақтандыру қоры ресурстарының құруға және пайдалануға байланысты азаматтық - құқықтық қатынастар заң жүзінде қалыптасады. заң шығару арқылы мемлекет сақтандырудың міндентті нысаның қалыптастырады.

Сақтандырудың міндетті нысанына келесі белгілер тән:

  1. Мінденті сақтандыру шарттары заңмен немесе үкіметтік нормативттік актілерімен бекітіледі. Оған сәйкес сақтанушылар сәйкес объектілерді сақтандыруға, ал тиісті лицензиясы бар сақтандырушылар міндетті заң немесе нормативті акт объектілерді сақтандыру үшін келесіден тұрады:

а. сақтандыруға жататын объектілер тізімі;

в. сақтандыру жауапкершілік көлемі;

с. сақтандыруды қамтамасыз ету деңдейі;

d. орындауға тарифтердің орташа деңгейі;

e. сақтандыру жарналарын төлеу тәртібі;

f. сақтандырулың және сақтанушылардың негізгі құқықтары мен міндеттері;

  1. міндетті сақтандырудың қамтамасыз етудің нормаларының;
  2. міндетті сақтандырудың тәртіппен көрсетілген объектілері;
  3. сақтандыру жарналарын төлеуіне тәуелсіз қамтамасыз ету;

Ерікті сақтандырудың азаматтық - құқықтық қатынастар сақтандырушы мен сақтанушының ерікті әрекеттер барысында туындайды. Олар сақтандыру келісім - шарт арқылы бекітіледі.

Сақтандырудың ерікті нысанына келесі белгілер тән:

  1. сақтандыру шарттары сақтандырушы ережелерімен реттеліп сақтанушымен келіседі;
  2. сақтандыруда сақтандырушыда, сақтанушыда ерікті түрде қатысады;
  3. сақтандыру объектілерін таңдамалы қамту;
  4. келісімшартта көрсетілген мерзім шектеледі:
  5. көрсетілген мөлшердегі сақтандыру жарнасы төленгеннен кейін күшіне енеді;
  6. сақтандырудың қамтамасыз етудің мөлшері сақтанушы тілегіне байланысты және екіжақтың келісімімен бекітіледі;

«АСКО» сақтандыру компаниясы келесі қызметтер түрін көрсетеді:

Міндеті сақтандыру( 2) :

  1. автотранспорт иесінін азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  2. жұмыс берушілерінің жұмысшылардың денсаулығына, өміріне жұмыс орындау кезінде пайда болатын зиянды азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  3. тасымалдаушылар жолаушы алдында азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;
  4. экологиялық сақтандыру;
  5. қауіп - қатермен байланысты объект иелері азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру;

Ерікті сақтандыру(3 ) :

  1. бақытсыз жағдайдан сақтану;
  2. көлік құралдарын сақтандыру;
  3. жүкті сақтандыру;
  4. мүлікті сақтандыру;
  5. қаржылық шығындарды сақтандыру;
  6. азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың Қазақстан Республикасының «сақтандыру қызметі туралы»заңында көрсетілген 9, 11 пункінің 3 бабынан басқасы;

Компанияның басқарушылық құрамы (5) :

  • Директорлар кеңесінің төрағасы: Сембеков Амир Катеевия(5а) .
  • Қаржы басқару бойынша төрағаның орынбасары: Юркина Наталья Анатольевна.
  • Сақтандыру бизнесін басқару бойынша төраға орынбасары:

Пилипчук Светлана Юрьевна.

  • Сақтандыру бизнесін дамыту Департаментінің Овчаренко Валентина Павловна

директоры: .

  • Заң және кадр Департаментінің Еделбекова Ахлима Баяшов

директоры:

  • Қаржы және қаржылық есеп беру Департаментінің Алексеева светлана Викторовна

директоры:.

  • Шығындарды реттеу Департаментінің

Черникова Галина Оттовна.

Директоры:

  • Қарағанды аймағы бойынша сақтандыру директоры: Сыздыков Қадыралы Тілегенович
  • Сызықтық сақтандыру басшысы:

Герасименко Людмила Ивановна.

«АСКО» сақтандыру компаниясының кадрлар потенциалы(6) :

  1. Методология сақтандыру қызметі бәріне бірдей методология және нормативтік саясатын жүргізілуін қамтамасыз етеді.
  2. Сызықтық сату қызмет жүйесінде жаңа ақпараттық технологиялар каналында сатуды бақылайды.
  3. Басқарманың орталық бугалтериясықазіргі заманға сай бухалтериялық есепті жүргізу және есеп беру.
  4. Корпоративті сату клиенттерге сақтандыру қызметін сату көлемін өсіру және басқару.
  5. Маркетинг Департаментіжаңа маркетинтік технологияны енгізу және сату көлемін өсіру және басқару.
  6. Андеррайтертәуекелді бағалау және анализ жасау.
  7. Заң заң сәкес жұмыс істеуін қадағалап отырады.
  8. Инфамационды технология жүйе негізінде жұмысты ұйымдастыру және информационды қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  9. Ішкі аудит Департаментікомпания қызметінің қаржылық тұрақтылығын және төлем қабілетін бағалау және анализ жасау.
  10. оперативті қызметсақтандыру келісімшарттарын мәліметтер базасына енгізу.

1. 2. Автотранспорт иесінін азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Міндетті автотранспорт иесінін азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру 2003 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген Қазақстан Республикасының «Міндетті автотранспорт иесінін азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру туралы» заңымен (07. 05. 2007 өзгертіліп мен толықтырылды ) реттеліп отырады.

Сақтандыру объектісі . Көлік құралын колданған кезде сақтанушының мүліктік интересі, сондай - ақ үшінші тұлғаның денсаулығына, өміріне немесе мүлкіне келтірілген зиандарды жабу.

Сақтандыру тәуекелі . Көлік құралының иесінің ДТП - ға қатысу ықтималдығы, үшінші тұлғаның мүлкіне зиян келтіру ықтималдығы.

Сақтандыру келісімшарты арқылы бақытсыз жағдай болғанда келтірілген зиянды жабуға болады(12) . Оларға:

  1. жеке тұлғаның қаза болуы, еңбекке қабілетін жоғалту;
  2. жеке немесе заңды тұлғаның мүлкіне зиян келтіру немесе жою;

Заңда сақтандыру сыйақысы Айлық есептік көрсеткішімен (АЕК) белгіленген, сондай - ақ сыйақы коэффиценті қолданылады. Коэфицент көліктің тіркелген жеріне, қолдану мерзіміне, жасына және жүргізушінің стажына байланысты(14) .

Сақтандыру төлемі бір пайда болған сақтандыру оқиғасының жауапкершілігіне байланысты(12) . Оларға (АЕК- пен) :

  1. өміріне, денсаулығына келтірілген зиян:қаза болған жағдайда 1000 АЕКмүгедектік ортанғанда:

1 - топ 800 АЕК

2 - топ 600 АЕК

3 -топ 500 АЕК

  1. трамва немесе басқа да денсаулығына келтірілген зиян көлемін, оның амбулаторлық немесе стационарлық емдеуінің шығындары 300 АЕК - тен аспауы керек . Стационарлы емдеу шығындары әр кү ні 2 АЕК аспауы керек:

3. егер мүлкіне зиян келсе, шығын көлемі 600 АЕК -тен астауы керек . Егер жәбірленушілер бірнешеу болса,

онда әрбір жәбірленушіге төлеу көлемі 2000 АЕК.

Сақтандыру мерзімі . Он екі ай(13)

Сақтандыру келісімшарт негізінде бекітіледі, сақтандыру полисі толтырылыды(12) .

Бұл сақтандыру түрі компания үшін тиімсіз . Өйткені жыл сайын автотранспорт құралдарының жол аптана ұшырауы ұлғайып келеді.

1. 3. Жұмыс берушілерінің жұмысшылардың денсаулығына, өміріне жұмыс орындау кезінде пайда болатын зиянды азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Міндетті жұмыс берушілерінің жұмысшылардың денсаулығына, өміріне жұмыс орындау кезінде пайда болатын зиянды азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру 2005жылдың 7 ақпаныңда(07. 05. 2005ж. өзгерту мен толықтырылды) күшіне енген Қазақстан Республикасының №30- «Міндеті жұмыс берушілерінің жұмысшылардың денсаулығына, өміріне жұмыс орындау кезінде пайда болатын зиянды азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру»Заңымен реттеліп отырады.

Міндетті сақтандырудың мақсаты. Жұмыс берушілерінің жұмысшылардың денсаулығына, өміріне жұмыс орындау кезінде пайда болатын зияннан қорғану(21) .

Сақтандыру оқиғасы. Жұмыс берушілерінің жұмысшылардың денсаулығына, өміріне жұмыс орындау кезінде келеңсіз оқиғалар болады. Өндірістік факторларға байланысты жұмысшының трамва, еңбекке қабілетін жоғалту, қызметтік ауруға шалдығу немесе қаза болуына жұмыс беруші жауапты болады. Сондықтан оны жұмыс беруші алдын алу керек.

Сақтандыру соммасы. Келісім шартта көрсетіледі(23) . Сақтандыру соммасы жылдық еңбекақы қорынан аспауы (16) және штат кестесіне сәйкес болуы (17) керек . Сақтандыру жылдың ішінде жылдық еңбекақы қор соммасы кемуі немесе көбеуі мүмкін. Екіжақтың келісуімен келісім шартқа өзгертулер енгізіледі.

Сақтандыру сыйақсы. Сақтандыру тарифымен, теуелділік категориясына, сыныпқа(өндірістік, басқарушылық, көмекші) баланысты(19) .

Сақтандыру төлемі зардап шеккен зиян көлемінде төленеді.

Төлем мына жағдайларда беріледі:

  1. еңбек қабілетін жоғалту;
  2. сақтандырушы зардап шеккен жұмысшыға бір жыл ішінде төленеді;
  3. сақтандырушы аннуеттік компания арқылы зардап шеккен жұмысшыға бір жыл ішінде төленеді;
  4. қаза болған жағдайда зиянды жабу үшін аннуеттік компания арқылы;
  5. қаза болған жағдайда жерлеуді ұйымдастырылған тұлғаға;

Өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар уақытша еңбекке қабілетін жоғалту тәуекелі өте жоғары. Сондықтан тәүекелдерді келесі категорияларға бөлеміз(22) :

1-Категория . Сақтандыру оқиғасы пайда болу ықтималы төмен тұлғалар:

  • кеңсе қызметкері;
  • мұғалімдер құрамы;
  • ЭВМ операторлары;
  • Әміршілік- басқарушылық басқарма және тағы басқалар.

2- Категория . Сақтандыру оқиғасы пайда болу ықтималы орташа тұлғалар:

  • Көлік құралын жүргізушілері(әуе транспорттан басқасы) ;
  • Қызмет көрсетумен байланысты және т. б.

3- Категория. Сақтандыру оқиғасы пайда болу ықтималы жоғары тұлғалар:

  • Жеңіл өнеркәсіпте жұмыс істейтін тұлғалар;
  • Ағаш өндірісінмен байланысты және т. б.

4-Категория. Сақтандыру оқиғасы пайда болу ықтималы өте жоғары тұлғалар:

  • Құрлысшылар;
  • Химия өндірісінде істейтін тұлғалар;
  • Жеке күзет (телехранили) инкассиция;
  • Жалпы қоғамдық күзет;
  • Қауіп - қатермен байланысты жұмысшылар (жоғары кернеумен жұмыс істеутін электриктер, өрт сөндірушілер және т. б. )

Келісім шарт (23) негізінде полис толтырылады (20) .

1. 4. Экологиялық сақтандыру.

Міндетті экологиялық сақтандыру Қазақстан Республикасының 2005 жылдың 13желтоқсанныңда күшіне енген №93 - 3 «Міндетті экологиялық сақтандыру»заңымен реттеліп отырады.

Сақтандыру объектісі. Сақтандырушының өміріне, денсаулығына, үшінші тұлғаның мүлкіне зиян келтіру және қоршаған ортаны ластауға байланысты. Оған мыналар жатады(57) :

  • жердің техникалық бұзылуы, радиоактивті және тағы басқа қауіпті заттармен ластануы;
  • атмосфераға зиянды заттарды шығару;
  • озанды бұзатын заттар, сондай - ақ жөндеу, монтаж құрал - жағдықтармен қызмет көрсету, өндіру;
  • Қ. Р. озанды бұзатын заттарды кіршізу және шығару;
  • химиялық заттарды жағу;
  • өндірістік қауіпті қалдықты сақтау;
  • қоршаған ортаға зиян келтіретін техногенді, минералды заттарды сақтау;
  • қауіпті биологиялық заттарды құру және қайта құру;

Сақтандыру соммасы(24) . Келісім шартта келісед(24) і. Ол мынадан аспауы керек(25) :

1. 5000 АЕК жеке тұлғаға (жеке кесіпкер) ;

2. 65000 АЕК заңды тұлғаға;

  1. 17000 АЕК, егер келісім шарт қоршаған ортаға зиян келтіруді азаматтық - құқықтық жауапкершілігіне жауапты болады

1. 5. Қауіп - қатермен байланысты объект иелері азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру

Міндетті қауіп - қатермен байланысты объект иелері азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Қ. Р. 20004 жылдың 7 -шілдесінде қабылданған №580 - 2 «Міндетті қауіп - қатермен байланысты объект иелері азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру » заңымен реттеліп отырады.

Сақтандыру объектісі . үшінші тұлғағаның өміріне, денсаулығына зиян келтіру немесе қауіп - қатермен байланысты қызмет көрсететін объек иелерінің мүліктік интересі.

Сақтандыру соммасы. келесі шектермен есептелінеді (АЕК) (56) :

  • токсикалық және жоғары токсикалық заттар, сондай - ақ отом энергиясын қолданатын объектілері - 7;
  • жарылатын заттар - 7;
  • биологиялық қауіпті заттар - 21000;
  • технологиялық процессте қолданылатын және магистралды құбырда тасымалданатын жанармай, тез жаңатын, қышқылданатын заттар -5;
  • басқа да объектелер үшін -28000;

Сақтандыру тарифы. Болашақта пайда болатын зиян көлемі және пайда болу ықтималдығына байланысты 0, 72 -ден 2, 02 пайызке дейін.

Сақтандыру төлемі. Келесі лимиттерге байланысты:

1. Әрбір үшінші тұлғаның өміріне денсаулығына келтірілген зиян (АЕК) үшін:

  • қаза болған жағдайда 600 АЕК
  • мүгедектік ортанғанда:

1 - топ 500 АЕК

2 - топ 400 АЕК

3 -топ 300 АЕК

2. уақытша еңбек қабілетін жоғалтқанда, амбуаторлық және стационарлы емдеуге кеткен шығын көлемінде 200 АЕК кем емес( әр күні үшін 1, 5 АЕК ) ;

3. егер мүліктік жоуылу немнсе зиян келсе, оның жөндеуге кеткен шығын, мүліктің тозу құны есепке алынады.

Сақтандыру мерзімі. Он екі ай.

Сақтандыру терреториясы . Қазақстан Республикасы.

Сақтандыру келісім шарты сақтанушының өтініші негізінде жасалады. Өтініш сақтандыруобектісі туралы толық мәліметберуі тиіс.

1. 6. тасымалдаушылар жолаушы алдында азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру.

Міндетті тасымалдаушылар жолаушы алдында азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру Қ. Р. 2003 жылдың 1 шілдесінде күшіне енген № 444 - 2 (07. 05. 2007 ж өзгерту мен толдықтыру) «Міндетті тасымалдаушылар жолаушы алдында азаматтық - құқықтық жауапкершілігін сақтандыру» заңымен реттеліп отырады.

Сақтандыру объектісі. Тасымалшының жолаушының өміріне, денсаулығына тасымалдау кезінде келетін зиянан сақтану.

Сақтандыру сыйақы тасымалдау орындары мен АЕК байланысты(27)

Сақтандыру оқиғасы. Тасымалдау кезінде жолаушының өміріне, денсаулығына немесе мүлкіне келетін зиян(27а) .

Жолаушының өміріне, денсаулығына, уақытша немесе толық еңбеккеқабілетін жоғалту немесе қаза болған жағдайда материалды көмек көрсетіледі.

Сақтандырушы мүліктік және өміріне, денсаулығына келген зиянды жабады. (27а)

Тасымалдау кезінде мүлікке келтірілген зиян келесі белгілері бойынша бөлінеді(27а) :

1. багаждың жетеспеуі немесе жоғалтуы, сондай - ақ жолаушының өзінде болған заттың жоғалтуы, Жоғалған заттың толық құны төленеді

2. багаждың немесе жолаушының өзінде болған заттың бүлінуі. Бүлінген заттың жөндеуге кеткен шығынды жабады.

3. тасымалдау кезінде багаждың жоғалуы. Жоғалған заттың толық құны өтелінеді.

Өмірге және денсаулығына келтерілген зиян былай жабады:

1. қаза болған жағдайда 1000 АЕК;

2. мүгедектік ортанғанда:

1 - топ 800 АЕК;

2 - топ 600 АЕК;

3 -топ 400 АЕК;

3. трамва немесе басқа да денсаулығына келтірілген зиян көлемін, оның амбулаторлық немесе стационарлық емдеуінің шығындары 200 АЕК - тен аспауы керек . Стационарлы емдеу шығындары әр күні 1, 5 АЕК аспауы керек;

4. жолаушының мүлкіне зиян көлемі 250 АЕК аспауы керек.

Сақтандыру териториясы Қазақстан Республикасы.

Сақтандыру мерзімі он екі ай және жолаушыны тасымалдау лиценциясына аяқталғанға дейін.

Сақтандыру келісімшарты сақтанушының өтініші негізінде жасалады (26)

1. 7. Мүлікті сақтандыру.

Кәсіпорынның өндірістік қызметінде әртүрлі тәуекелдермен байланысты. Мысалы машинаның, құрал - жабдықтың жұмыстан шығуы.

Мұндай тәуекелділік кәсіпорынның қызметіне зиян тигізіп, оның банкроттыққа ұшырауына дейін әкелкді.

Мүлікті сақтандыру мүлікке келетін зиянды қалпына келтіру және жөндеуге кеткен шығындарды жабады.

Сақтандыру объектісі. Сақтандырушының келісімшартында көрсетілген мүлікке келетін зияннан(жалға беру, лизинг, кепілдікке беру және тағы басқа ) сақтану(29) .

АСКО сақтандыру компаниясы мүлікті сақтандыру бойынша мына қызмет түрін көрсетеді(28) :

  1. қозғалмайтын мүлік;
  2. өндірістік құрал - жабдық;
  3. электро құралдармен, жабдықтар;
  4. жићаз;
  5. қоймадағы тауарлы - материалды құндылықтар;

АСКО сақтандыру компаниясы мүлікті сақтандыру мына тәуекелділік түрлеріне кепілдік береді(32) :

  • өрт;
  • бүліну;
  • су тосуы (залив)
  • үшінші тұлғаның қарсылық әрекеті;

Сақтандыру соммасы. Негізгі құжат негзінде сол кездегі мүлік құны бойынша екіжақтын келісімімен анықталады.

Сақтандыру тарифы(31) . Мүліктің түріне, мүліктің категориясына, тәуекеліне байланысты.

АСКО сақтандыру компаниясы мүліктік сақтандырудың келесі бағдарламаларын ұсынады:

  1. Заңды тұлғаның мүлкін сақтандыру бағдарламасы(32) ;
  2. Жеке тұлғаның мүлкін сақтандыру бағдарламасы(33) ;
  3. Кепілдікке берген тұлғаның мүлкін сақтандыру бағдарламасы

Франшизамен(34)

Франшизасыз(35)

Сақтандыру зиян көлемін жүргізілген экспертиза анықтайды:

  • ұрланған мүліктін толық құны төленеді;
  • мүліктің жойылғанда, оның құнынан қалдық құны алынып төленеді;
  • Мүліктің бүлінугенде оның жөндейге кеткен шығының жабады;

1. 8. Көлік құралдарын сақтандыру.

Сақтандыру объектісі . Автокөлікті ұрлаукдан, жоюдан, зақым келуден, оның қосалқы бөлшектерін, жүргізушілері мен жолаушыларын сақтандыру.

Сақтандыру тәуекелі. Ұрлау, зақым келу, жою, угон,

Сақтандыру соммасы. Келісім шарт жасалған кездегі автомобиль құнының шегінде. (36)

Сақтандыру тарифы. Таңдап алған сақтандыру бағдарламасына байланысты.

АСКО сақтандыру компаниясы көлік құралдарын сақтандырудың келесі бағдарламаларын ұсынады:

  1. «MINIMUM» бағдарламасы(37) ;
  2. «CLASSIC» бағдарламасы(38) ;
  3. «ELIT» бағдарламасы(39) ;

«MINIMUM» бағдарламасы (37) ТМД - да өндіпілген 1990 жылы шыққан және шетелде өндірілген 1985 жылы шыққан және нарықтық құны 5000 АҚШ доллары автокөліктері сақтандырылады.

Сақтандыру жабу территориясы - Қазақстан Республикасы.

Бірінші тәуекел жүйесі бойынша келісімшарт 12 айға жасалады:

А - нұсқасы. ДТП -да зиян келу тәуекелі.

Б - нұсқасы. Зиян келу тәуекелі.

Қызмет көрсету:

  • ДТП болған жерге апаттық коммисарларының келуі;
  • Зиянды бағалау;

«CLASSIC» бағдарламасы (38) ТМД - да өндіпілген 1990 жылы шыққан және шетелде өндірілген 1985 жылы шыққан және нарықтық құны 5000 АҚШ доллары автокөліктері сақтандырылады.

Сақтандыру жабу территориясы - Қазақстан Республикасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әкімшілік айыппұлдар
Әкімшілік айыппұл түсінігі
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру
Сақтандыруды ұйымдастырудың түрлері
Мүлікке салық салудың экономикалық мазмұны
Шаруашылық жүргізу құқығы туралы
Қазіргі кездегі заңды тұлғалардың мәні мен ерекшеліктерін анықтау
Қазақстан Республикасында салықтық әкімшілік ету механизімін жетілдіру туралы
Қылмыстық құқықтағы айыппұл
Азаматтық құқық субъектісі коммерциялық емес тұлғасы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz