Қаржылық шаруашылық қызметтен түскен табыстар


Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі

Халел Досмухамедұлы атындағы Атырау Мемлекеттік Университеті

«Экономика, қаржы және басқару» факультеті

«Қаржы, несие және бухгалтерлік есеп» кафедрасы

“Қорғауға жіберілді”

“ “ 200 ж

(Кафедра меңгерушісінің аты-жөні)

Өндірістік тәжірибенің

ЕСЕБІ

мамандығының курс студенті

(студенттің аты-жөні)

Тәжірибеден өту орны

(кәсіпорынның, ұйымның атауы)

Кәсіпорыннан бекітілген тәжірибе жетекшісі

Тәжірибеден өту кезеңі:

200 ж -

Барлығы: күн

Жұмыс істегені:

Жұмыс істемегені:

Атырау-2008

Жоспары:

Кіріспе . . . 3

I. Жалпы бөлім . . . 4-16

1. 1«Нефтегаз-СервисЦентр»ЖШС-тің сипаттамасы . . . 4-6

1. 2«Нефтегаз-СервисЦентр»ЖШС қызметінің негізгі міндеттері мен

түрлері . . . 7-12

1. 3 «Нефтегаз-СервисЦентр» ЖШС басқару және бақылаушы

органы . . . 13-16

ІІ. «Нефтегаз-СервисЦентр»ЖШС-тің есептеу саясаты . . . 17-31

2. 1 Меншікті капитал есебі . . . 18-19

2. 2 Негізгі құралдар есебі . . . 20

2. 3 Материалдық емес активтер . . . 21-22

2. 4 Тауар материалдық қорлар есебі . . . 23-24

2. 5 Ақша қаражаттар есебі . . . 25

2. 6 Дебиторлық борыштар есебі . . . 26-27

2. 7 Еңбекақы есебі . . . 28-29

2. 8 Табыстар мен шығыстар есебі . . . 30-31

ІІІ. Кәсіпорын қызметінің техникалық-экономикалық анализі . . . 32-35

3. 1 Өнім сапасының, ассортименті мен көлемінің анализі . . . 32-34

3. 2 Еңбек ресурстары мен еңбекақы қорын қолдану анализі . . . 35

IV. Кәсіпорындағы маркетинг және менеджмент ұйымы . . . 36-38

4. 1 Кәсіпорындағы басқару құрылымы . . . 36

4. 2 Жұмысшылар мотивациясы . . . 37-38

Қорытынды . . . 39

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Мен, Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау мемлекеттік

университетінің «Экономика, қаржы және басқару» факультетінің

«Қаржы» мамандығының 4-курс студенті Қапашева Эльза

Молдағалиқызы өндірістік іс-тәжірибеден Атырау облысы

жауапкершілігі шектеулі серіктестігі «Нефтегаз-СервисЦентр»

кәсіпорнында, бас бухгалтерлер бөлімшесінде өттім.

Менің өндірістік іс-тәжірибеден өтудегі мақсатым:

-Оқу процесінде алған барлық теориялық мағлұматтарды кәсіпшілік

негізде бекіту;

-Мекеменің техникалық экономикалық көрсеткіштерін талдау;

-Кәсіпорынның есептеу саясатын меңгеру.

Өндірістік іс-тәжірибеден өткен уақытта еңбекақы есебін жүргізу

ережелерімен таныстым және жұмысшылардың осы мерзімде алған

еңбекақы сомасын бақыладым. Өндірістік іс-тәжірибеде, сонымен қатар

тәжірибе есебіне қажетті материалдар, мағлұматтар алдым және қажетті

құжаттарды жинақтадым.

3

I. Тәжірибеден өту орнының қысқаша мінездемесі

1. 1. « Нефтегаз-СервисЦентр » ЖШС-тің сипаттамасы

«НефтегазСервис-Центр» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

(ЖШС) Қазақстан Республикасының әділет министрлігімен 2005

жылдың 04 қазан айында тіркелді. Заңды тұлға мемлекеттік тіркеу

туралы куәлігі №. 3362-1915-ЖШС.

«Нефтегаз-СервисЦентр»ЖШС тұрған жері және мекен-жайы:

Қазақстан Республикасы, Атырау қаласы, Гайдар көшесі, 9

«Нефтегаз-СервисЦентр»ЖШС Жарғылық капиталының

құрылтайшысының ақшалай салымдарынан құралады және 1000 000

(бір миллион) теңгені құрайды. Әрбір қатысушының салымының

жарғылық капиталдың жалпы сомасына қатысты қатысушының үлесі

болып табылады және келесі арақатынасқа ақша бірліктерімен және

пайыздарымен көрсетіледі:

Хасанов Ж. . Т 100% 1000 000 теңге

ЖШС жарғылық капиталын қатысушы ЖШС мемлекеттік қайта

тіркелген кезінде толық соманы құрайды.

Шаруашылық қызмет нәтижесіне сәйкес және таза табыстың есебінен

ЖШС Жарғылық капиталдың кемінде 25%-і мөлшерінде резервтік

капитал құрайды. Қажет болған жағдайларда ЖШС-гінде басқа да

қорлар құрылуы мүмкін. Мұндай қорларды белгілеу, қалыптастыру

мөлшері мен көздерін және пайдалану тәртібін ЖШС құрылтайшылары

4

анықтайды.

5

Нефтегаз-СервисЦентр ЖШС-тің бухгалтерлік аппараты

Бас бухгалтер: Бас бухгалтер
Бас бухгалтердің орынбасары: Бас бухгалтердің орынбасары
Материалдық бөлім бухгалтері: Материалдық бөлім бухгалтері
:
Еңбекақы есептейтін бухгалтер: Еңбекақы есептейтін бухгалтер
:
Салық есебі бойынша бухгалтер: Салық есебі бойынша бухгалтер
Кассир: Кассир
:
Экономист: Экономист

6

1. 2. «НефтегазСервисЦентр»ЖШС қызметінің негізгі міндеттері мен

түрлері.

1. ЖШС негізгі мақсаты- табыс табу.

2. ЖШС қызметінің мәні:

  • Кәсіпорынның өндірістік құрылымы, өнеркәсіп өндірісінің үлгісін,
  • өндіріс кезеңін ұйымдастыру;
  • өндірісті басқару процесін ұйымдастыру;
  • шаруашылық стратегиясын таңдау, өнімді өндіруді жоспарлау және

өнімді сатуды әзірлеу;

  • өндірісті қалыптастыру, капиталды пайдалану және кәсіпорынның

табысын қорландыру;

  • өндірістің техникалық жағдайы және қажетті өндірістік
  • инфрақұрылымды құру;
  • өндірістік шығындарды қалыптастыру, өнімнің өзіндік құн

калькуляциясы, өндірістің баға саясаты;

  • өндірістің қаржы ресурстары, шаруашылық қызметінің

тиімділігі, кәсіпкерліктегі тәуекелдік баға;

кәсіпорынынң жаңартпашылық қызметі, өнімнің

сапасы, кәсіпорынынң жаңартпашылық саясаты, экономикалық

проблемалар;

  • кадрларды іріктеу, оларды жұмысқа қабылдау, еңбекті

ұйымдастыру, еңбекке ақы төлеу жүйесі және еңбек өнімділігін

7

арттыруды ынталандыру;

  • Консалтингтік қызметтер;
  • Полиграфиялық қызметтер;
  • Брокерлік маклерлер және диллерлік қызметтер
  • Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарымен тиым

салынбаған өзге де қызмет көрсету түрлері;

  • ҚР заңдарына сәйкес белгіленген тәртіппен тиісті лицензияны

алғанан кейін ғана жүзеге асырылатын қызмет түрлерін ЖШС осы

лицензияны алған соң жүзеге асырылады.

«НефтегазСервисЦентр»ЖШС қатысушыларының құқықтары

ЖШС қатысушылары:

1. ҚР заңдарымен және ЖШС жарғысымен көзделген тәртіпте ЖШС

істерін басқаруға қатысты;

2. ЖШС қызметі туралы ақпарат алуға және оның бухгалтерлік және

өзге құжаттармен танысуға;

3. ЖШС құрылтай құжаттарына және оның жалпы жиналысының

шешіміне сейкес ЖШС қызметінен табыс алуға;

4. ЖШС таратылған жағдайда несие берушілермен есеп айырысқанын,

қалған мүлік бөлігінің құнын немесе ЖШС барлық қатысушылардың

келісімі бойынша осы мүліктің түріндегі бөлігін алуға;

5. Жарғыға көзделген тәртіппен өзінің үлесін басқаға беру жолымен

ЖШС-ке қатысуды тоқтатуға құқылы.

8

«НефтегазСервисЦентр»ЖШС қатысушыларының міндеттер і

ЖШС міндеттері мынандай:

1. Құрылтай шартының талаптарын сақтау;

2. ЖШС Жарғылық капиталына құрылтай құжаттарында көзделген

тәртіпте, мөлшерде және мерзімде салымдар салу;

3. Коммерциялық құпия деп жарияланған мәліметтерді жария етпеу;

4. ЖШС-ке немесе оның қатысушыларына зиян келтірген қатысушы

құрылтай шартымен белгіленген өзінің ЖШС алдындағы міндеттерін

бұзған кезде олар кіналы адамнан зардапты өтеуін талап етуге құқылы.

Үлесі еріксіз төлемі сот тәртібінде жүргізіледі.

«НефтегазСервисЦентр»ЖШС қызметінің принциптері

1. ЖШС қызметі тапсырма берушілермен және орындаушылармен

бекітілетін шарттардың негізінде, белгіленген, дербес белгіленетін

бағалар бойынша өзінің қызметінің нәтижелерін сатумен жүзеге

асырылады.

2. ЖШС өзінің құрылымын, штаттық кестесін қалыптастырады, еңбек

ақы төлеу нысанын, жүйесін, мөлшерін, сондай-ақ ҚР қолданыстағы

заңдарын ескере отырып, қызметкерлердің, басқа табыстарының

түрлерін анықтайды.

3. ЖШС еңбек және демалыс режимі, олардың әлеуметтік

сақтандырылуы және қамтамасыз етілуі, еңбек ақы мәселелерін және

өзге де еңбек мәселелері ҚР қолданыстағы заңмен және ішкі еңбек

9

тәртібі ережелерімен реттеледі. ЖШС өзінің қызметкерлерінің

әлеуметтік қорғалуы деңгейін жақсарту және көтеру жөніндігі

шаралар қабылдайды, нақтылап айтқанда, ресми әрекет ететін

шараларға қарағанда оларды жақсарту жөніндегі бірқатар мәселелерді

(еңбек демалысының, жұмыс күні мен аптасының

ұзақтығы, іссапарлық шығыстарды төлеу және т. с. с. шешеді.

«НефтегазСервисЦентр»ЖШС мүлкі мен қаражаттары

1. ЖШС мүлкін негізгі және айналым қаражаттары, сондай-ақ өзге

құндылықтарды құрайды, олардың құны ЖШС балансында

көрсетіледі.

2. ЖШС мүлкі мен қаражаттары:

  • Құрылтайшылардың ақшалай салымдары;
  • Қаржылық шаруашылық қызметтен түскен табыстар;
  • Банктік және өзге несиелер;
  • ҚР қолданыстағы заңдарымен тиым салынбаған басқа

табыстар мен түсімдер есебінен қалыптасады.

3. қажет жағдайларда қатысушылардың жалпы жиналысы қатысушы-

лардың ЖШС мүлкіне қосымша салымдар енгізу туралы шешім қа-

былдауға құқылы. Шешім бір ауыздан қабылданады. Мұндай шешімге

дауыс бермеген (соның ішінде жиналыста болмаған, дауыс беруге

қатыспаған немесе одан бас тартқан) қатысушылар қосымша

жарналарды салу үшін дауыс берген қатысушылардың, олардың

10

үлестерін сатып алуын талап етуге құқылы.

4. Қосымша жарналарды салуға дауыс берген қатысушылар бұл

үлестерді талаптардың келісімімен анықталған баға бойынша ЖШС

жарғылық капиталының және қатысушылардың үлестерінің мөлшерін

өзгертпейді және қатысушылардың үлестерін сатып алу туралы талап

қойған қатысушылармен есеп айырысқаннан кейін енгізіледі.

5. ЖШС мүлкіне қатысушылардың қосымша жарналарын енгізу

тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ енгізу мерзімін өткізіп алған үшін

«жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар

серіктестер туралы» ҚР заңының 24-бабының ережелері бойынша

анықталады.

6. ЖШС таза табысы мен шығындарын бөлу:

ЖШС бір жыл ішіндегі шаруашылық қызметінің нәтижесінде алынған

табысы ЖШС- тің бір жыл ішіндегі қызметінің нәтижелерін бекітуге

арналған ЖШС кезекті жалпы жиналысының шешіміне сәйкес

бөлінеді. Жалпы жиналыс сондай-ақ таза табыста және оның бөлік-

терін ЖШС қатысушыларының арасында бөлуден шығару жөнінде

шешім қабылдауға құқылы.

7. ЖШС жалпы жиналысының қатысушыларының арасында таза

табысты бөлу туралы шешім қабылдаған жағдайда әрбір қатысушы

оның жарғылық капиталдағы үлесіне сәйкес келетін бөлінетін

табыстың бөлігін алуға құқылы. Жалпы жиналыстың таза табысты

11

бөлу туралы шешімді қабылдаған күннен бастап ЖШС бір ай ішінде

ақшалай түрде төлем жасауы тиіс.

8. ЖШС бүкіл жарғылық капиталын толық төлегенге дейін

қатысушылардың арасында таза табысты бөлуге ЖШС-ң құқығы жоқ:

ЖШС қызметінің барысында туындауы мүмкін шығындар резервтік

капитал, басқа қорлар есебінен толтырылмаған бөлігінде

қатысушылардың мақсатты жарналары есебінен толтырылады.

9. ЖШС қандай да бір қатысушыларын таза табысты бөлуге

қатысуынан шеттететін келісімдер жарамсыз болып табылады.

12

1. 3. «Нефтегаз-СервисЦентр» ЖШС басқару және бақылаушы

органы

1. ЖШС жоғары басқару органы оның қатысушыларының жалпы

жиналысы болып табылады, оны әрбір календарлық жылдың соңғы

айында(кезекті жалпы жиналыс), немесе мұндай жиналыстың

шақырылуын ЖШС-гінің мүдделері талап еткен кез-келген өзге

жағдайларда (кезектен тыс жалпы жиналыс) ЖШС-тің атқарушы

органы шақырады.

2. ЖШС жылдық қаржылық есептерін бекітуге арналған жиналыс

есепті қаржылық жыл аяқталғаннан кейін 3 айдан кешіктірілмей

өткізіледі.

3. Жалпы жиналыстың айрықша құзіретіне мыналар жатады:

А) Жарғыны өзгерту, қоса алғанда жарғылық капиталдың

мөлшерін, тұрған жерін және атауын өзгерту немесе жарғының жаңа

редакциясын (нұсқасын) бекіту;

Б) ЖШС атқарушы органын құру және оның өкілеттіктерін мерзімінен

бұрын тоқтату, сондай-ақ ЖШС немесе оның мүлкін сенімді басқаруға

беру туралы шешім қабылдау және мұндай берудің жағдайларын

анықтау;

В) Тексеру комиссиясын (тексерушіні) сайлау және оның

өкілеттіліктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сонымен қатар ЖШС

тексеру, комиссиясының(тексерушісінің) есептері мен

13

қорытындыларын бекіту;

Г) Жылдық қаржылық есептеулерді бекіту;

Д) Ішкі ережелерді, оларды қолданылу процедураларын және ЖШС

тексеру, комиссиясының (тексерушінің) есептері мен қорытындыларын

бекіту;

Е) ЖШС қайта құру немесе тарату жөніндегі шешім;

Ж) ЖШС- тің өзге шаруашылық серіктестіктерде, сондай-ақ

коммерциялық емес ұйымдарда қатысуы туралы шешім;

З) Тарату комиссиясын құру және тарату балансын бекіту;

И) «Шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер

туралы» ҚР заңының 34- бабына сәйкес ЖШС Қатысушының үлесін

еріксіз сатып алу туралы шешім қабылдау;

К) ЖШС бүкіл мүлкін кепілге салу туралы бірауыздан шешім

қабылдау;

4. ЖШС қатысушылардың жалпы жиналысы, ЖШС-тің қызметімен

байланысты кез-келген мәселені қарауға, қабылдауға құқылы

5. Шешім қабылдаған кезде үлесі еріксіз тәртіппен сатып алынатын

сатушы дауыс беруге қатыспайды және тиесілі дауыстар саны дауысты

санаған кезде есепке алынбайды.

ЖШС қатысушыларының жалпы жиналысында ұсынылған басқа

мәселелер бойынша шешімдер жай көпшілікпен қабылданады.

6. ЖШС атқарушы органы, оның ағымдағы басшылық қызметін

14

жүзеге асыратын және ісін жүргізетін директорлар кеңесі оның

құрамына:

  • атқарушы директор;
  • өндіріс директорлары кіреді.

7. Жалпы жиналыстың құзіретінде жатқызылмаған, ЖШС- тің

қызметін қамтамасыз етудің барлық мәселелері ЖШС атқарушы

органның құзіретіне жатады.

8. ЖШС директорлары :

  • ЖШС атынан сенімхатсыз әрекет етеді;
  • ЖШС мүддесін көрсетуге құқық беретін, соның ішінде сенімнің

ауысуы құқығын беретін сенімхатты береді;

  • ЖШС қызметкерлеріне қатысты оларды лауазымға тағайындау тура-

лы, олардың ауыстырылуы және босатылуы туралы бұйрықтар

шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйесін анықтайды, лауазымдық

жалақылар мен жеке үстеме ақылардың мөлшерін белгілейді,

сыйлықақы беру мәселелерін шешеді, ынталандыру шараларын

қабылдайды және тәртіптік шараларды салады;

  • ЖШС ағымдық және болашақтағы жоспарлардың орындалуын

қамтамасыз етеді;

  • Жалпы жиналыстың шешімдерін ұйымдастыру, әзірлеу және

орындау, олардың орындалуы жөнінде есеп беру;

9. ЖШС бақылаушы органы- тексеру комиссиясы, ол ЖШС атқарушы

15

органының қаржылық- шаруашылық қызметін бақылауды жүзеге

асырады. Тексеру комиссиясы ЖШС- тің қатысушыларының соңынан

үш жылдық мерзімге құрылады. Тексеру комиссиясының қызметтерін

орындау ЖШС- тің атқарушы органы болып табылмайтын, ЖШС

қатысушыларының берілуіне жеке-дара тексеруші ретінде

тапсырылуы мүмкін.

10. Тексеру комиссиясы (тексерушінің ) ЖШС атқарушы

органының қаржылық- шаруашылық қызметіне кез- келген уақытта

тексеру жүргізуге құқылы.

Тексеру комиссиясының ( тексерушінің ) талап ету бойынша

атқарушы орган ауызша немесе жазбаша нысанда қажетті түсініктер

беруге міндетті.

11. Тексеру комиссиясын ( тексеруші ) ЖШС жылдық қаржылық

есебіне оларды қатысушылардың жалпы жиналысы бекіткенге дейін

міндетті тәртіпке тексеру жүргізіледі. Жалпы жиналыс тексеру

комиссиясының ( тексерушінің ) қорытындысынсыз немесе егер ЖШС

кез- келген қатысушы ЖШС қаржылық есебіне аудитордың тексеру

жүргізуін талап етсе және аудитордың көрсеткен қызметтеріне өз

есебіне ақы төлесе, онда аудитордың қорытындысынсыз жылдық

қаржылық есепті бекітуге құқы жоқ.

16

II. «Нефтегаз-СервисЦентр» ЖШС- тің есептеу саясаты

Осы есеп саясатының негізгі мақсаты- капиталды, активтерді,

міндеттемелерді, кірістер мен шығыстарды- тиімді қаржы менеджменті

үшін дер мезгілінде және дұрыс салықтық есптеулер үшін ақпараттық

жүйені құру.

«Нефтегаз-СервисЦентр» ЖШС қызметінің барлық есеп жүйесі

шартты түрде келесі түрлерге бөлінеді:

а) Қаржылық есеп- бас жоспардың 10- 80 кіші бөлімдерінің

синтетикалық шоттарында жүргізіледі, мұнда серіктестіктік қаржылық-

шаруашылық қызметі үрдісіндегі барлық шығындары мен табыстары

қалыптасады.

Қаржылық есеп сыртқы пайдаланушылар үшін ашық және мемлекеттік

органдармен өз құзырлары шегінде және меншік иесінің тапсырысы

бойынша тәуелсіз аудиторлармен бақыланады.

б) Өндірістік есеп- бас жоспардың 90-95 кіші бөлімдерінің

синтетикалық шоттарында көрсетіледі және өнімнің, жұмыстардың,

қызметтердің өзіндік құнының фирма ішілік калькулясиясын

қалыптастырады, фирманың барлық тікелей және басқа да

шығындарды есепке алады.

17

2. 1. Меншікті капитал есебі

ЖШС «Нефтегаз-СервисЦентр» құрылыспен айналысатын

шаруашылық субъекті болғандықтан, шаруашылық қызметпен

айналысқанда, олардың белгілі- бір материалдық құндылықтары,

ақшалай қаражаттары, қаржылық салымдары мен алдағы уақытта

табыс табу мақсатында жұмсаған шығындарды және алажақтары

болады. Осы аталған ақшалай жиынтықтың барлығы шаруашылық

субъектінің капиталы болып табылады.

Жалпы шаруашылық субъектінің есебін жүргізу барысында жұмыс

істеп тұрған, қызмет атқарушы яғни қолданыстағы капиталы және

оның құрамы мен құрылымы бухгалтерлік баланстың активінде

көрсетілсе, ал капиталдың қаржыландыру көздері баланстың

пассивінде көрсетіледі.

Субъектінің барлық мүлкі айналыстан тыс және айналыстағы

активтер болып бөлінеді. Мүліктердің қызмет атқару мерзіміне қарай

«негізгі активтер» және «айналымдағы активтер»- деп екіге бөлінеді.

Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес

активтерден, қаржылық инвистициялардан, аяқталмаған құрылыстан

құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер шаруашылық субъектінің

материалдық- техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер шаруашылық субъектінің атқаратын

қызметінен пайда табу үшін пайдаланылады. Олардың қатарына

18

ақшалай қаржылар, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы

материалдық қорлар, дебиторлық алажақтар және басқадай активтер

жатады.

Субъекті мүліктерінің құралу көздері. Субъектінің мүлкі оның

негізгі құралдары мен айналымдағы қаржыларының құнынан құралады.

Шаруашылық субъектісі меншікті капиталының көздері болып

мыналар саналады:

  • Жарғылық капитал
  • Резервтік капитал
  • Бөлінбеген табыс

Шаруашылық субъектілері өздерінің меншікті қаржыларынан

басқа қарыз қаражаттарын да пайдаланады. Ал олардың қатарына

қысқа және ұзақ мерзімді несиелер, қарыздар, аванстар және

кредиторлық борыштар жатқызылады.

19

2. 2. Негізгі құралдар есебі

Негізгі құралдар материалдық өндіріс өрісінде де, өндірістік емес

өрісте де ұзақ уақыт кезеңі (1 жылдан астам ) ағымына әрекет ететін

материалдық активтер.

Негізгі құралдар есеп жүргізуде бастапқы құн құралдары, сатып алу

бойынша нақты шығарылған шығындар құны, оған төленген орны

толмайтын салықтар мен алымдар, сонымен қатар активті мақсаты

бойынша пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен байланысты

және негізгі құралдарды жеткізу, жөндеу, орнату, пайдалануға

жіберу бойынша шығындар кірістіріледі.

Белгіленген активтер бойынша амортизацияларды есептеу ҚР салық

кодексінің нормаларына сәйкес амортизациялық кіші топтар бойынша

жүргізіледі.

БЕС «Негізгі құралдар есебі» сәйкес оның қызмет ету өрісін өсіретін

Негізгі құралдарды жөндеуге шығындар бухгалтерлік есепке осы

объектінің құнына өсіруге жатқызылады. Жөндеуге жұмсалатын басқа

шығындардың барлығы олар жүргізілген кезең шығындары ретінде

танылады.

Салықтық есепте ҚР Салық кодексі баптарына сәйкес әрбір топ

бойынша негізгі құралдарды жөндеуге нақты шығындар сомасы

салықтық кезең соңына топтың құндық балансының 15% шегінде

шегерімге жатқызылады.

20

2. 3. Материалдық емес активтер есебі

Материалдық емес активтер ұзақ мерзімді, амортизацияланатын,

тұрақты активтерге жатады. Материалдық емес активтер дегеніміз -

физикалық заттық сипаты, мәні жоқ, бірақ «Сезілмейтін құндылық»

қабілетіне ие, шаруашылыққа ұзақ уақыт (1жылдан жоғары) ішінде

өндірісте тауар сату, қызмет көрсету, жалға беру т. б. үшін

пайдаланатын, сондай-ақ:

  • анықтауға, бағалауға, есептеуге болатын

- бақыланатын, басқарылатын, пайдаланылатын

- пайдаланудан қазір немесе болашақта табыс немесе

экономикалық пайда күтілетін активтер.

Сонымен қатар субъектінің активтерінің бөліктерін «Айналымнан тыс

активтер»топтарындағы дербестігін қамтамасыз ету үшін

қолданылатын жалпы ұғым.

Шаруашылықтың мүліктерінің құрамында соңғы кезде отандық

бухгалтерлік есептің жаңа нысандарының қатарына жататын

материалдық емес активтердің үлесі арта түсуде. Бұрын онша етене

таныс емес жаңа нысандардың есебін жүргізуде түсініксіздіктердің

кездесіп отыратыны заңды құбылыс. Бұл бір кәсіпорындардың басқа

кәсіпорындармен жұтылу әрекетіне технологиялық өзгерістер

жылдамдығына және ауқымдарына, ақпараттық технологиялардың

таралуына, Қазақстан Республикасы қаржы нарығының күрделенуімен

21

және интеграциялануымен байланысты. Мүліктің осы түрінің

есебін ұйымдастыру және оның әдістемесі, мәселелері бар әлемде

белсенді түрде талқылануда. Материалдық емес активтер бухгалтерлік

есеп әдістемесінің кеңінен тараған мәселелерінің бірі.

22

2. 4. Тауар материалдық қорлар есебі

Өндіріс процесінде өнім және қызмет көрсету үшін керекті

жағдайлардың бірі - еңбек заттары. Олардың өндіріс құралдарынан

өзгешелігі, өніріс құралы өндіріс процесінде ұзақ уақыт қатысып,

өздерінің табиғи пішінін сақтай отырып, өндірілетін өнімге өз құнының

бір бөлігін қойып отыратын болса, еңбек заттары өндіріске

пайдаланылған кезде өздерінің бастапқы құнын түгелдей өндірілетін

өнімге ауыстырады.

Шығарылатын өнімнің, атқарылатын жұмыстың өзіндік құнының

жартысынан артығы еңбек заттарының құнынан тұрады. Еңбек заттары

өндірістік қор болып табылады.

Материалдық құндылықтардың есебі Қазақстан Республикасы

бухгалтерлік есесбінің №7 стандартына сәйкес жүргізіледі.

Материалдардың бухгалтериядағы аналитикалық есебі сандық және

ақшалай өлшемде жүргізіледі. Мұндай есепті ұйымдастырудың көп

қиындығына байланысты бухгалтерияда талдамалы есепті

ұйымдастыру жұмысы үздіксіз жетілдіріліп келеді.

Жабдықтаушылар мен жеткізушілерден келген материалдар есеп

айырысу құжатының келгеніне қарамастан кіріске алынады. Құны

төленіп ай соңында жолда қалған немесе жабдықтаушы қоймасынан әлі

алынбаған материалдар ай аяғында қоймаға кіріске алынбай

көрсетіледі. Келесі айдың соңында бұл сома сторно етіледі. Төленген

23

сома материалдық құндылықтарды алғанға дейін алажақ борыш болып

саналады.

Дт 20 бас шот Кт 671

Есепке беруге тиісті тұлғалар арқылы сатылып алынған материалдық

құндылықтардың құны

Дт 201- 206 Кт 333

24

2. 5. Ақша қаражаттар есебі

Кәсіпорындар мен фирмалар өздерінің ақшалай қаржыларын

сақтауға банк мекемесінен арнаулы шот ашуына болады. Бұл шотта

ашылған акредетивтердегі ақшалай қаржылар, чек кітапшаларындағы

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын табысының қалыптасуы мен бөліну жүйесі
Ұйымның табыстарының есебі мен аудиті
Қаржылық қызметтен болған ақша қаражаттарының қозғалысы
Пайда мен залалдар туралы есептілікті құрудың теориялық негіздері
Қаржыландырудан алынатын табыстар
Инвестициялық қызметтен табыс
Кірістер мен шығыстардың есептілігі
Кәсіпорынның табыстар мен шығыстарды талдау
Кәсіпорынның табыстары мен шығындарын жіктеу және табыстар аудитінің әдістемелік тәсілдері
Кәсіпорын қаржылық нәтижесінің қалыптасуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz