Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау


ЖЕРГІЛІКТІ ҚАРЖЫ, БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ
АННОТАЦИЯ
На дипломную работу Сагидоллаева К. С. на тему «Экономический анализ доходов и расходов местного бюджета».
В первой главе рссмотрена сущность местных финансов, сущности и значения доходов и расходов местного бюджета, а также процесс разработки проекта местного бюджета.
Во второй главе сделан экономический анализ доходов и расходов местного бюджета.
В третьей главе дипломной работы рассмотрен дефицит бюджета, а также пути совершенствования местного бюджета.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ3
1. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАРЖЫ, БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ7
1. 1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы7
1. 2 Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары10
1. 3 Жергілікті бюджет жобасын әзірлеу19
2. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ КІРІСІ МЕН ШЫҒЫСЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ26
2. 1 Жергілікті бюджеттің кірістерін талдау26
2. 2 Жергілікті бюджеттің шығыстарын талдау33
3. ЖЕРГІЛІКТІ БЮДЖЕТТІҢ ТАПШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ48
3. 1 Бюджет балансы. Бюджет тапшылығы48
3. 2 Жергілікті бюджеттің жетілдіру жолдары54
ҚОРЫТЫНДЫ63
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ68
КІРІСПЕ
Еліміз егемендік алып, іргелі елдермен ұлы көшке ілескеніне саусақпен санарлықтай жылдар өтсе де, осы аз мерзімнің ішінде ғасырға татырлық игі өзгерістер болды. Еліміздің егемендік алу сәті нарықтық экономикаға тұспа-тұс келіп, халық арасында «нарық қарық қыла ма ?!»-деген мысқыл мәтел де пайда болды. Әйтсе де бүгінгі күні бәріміз де нарықтық экономиканы мойындап, оның өмір талабынан туындап отырғанына көзіміз жетті. Нарықтық экономика жағдайларында халықтың әлеуметтік тұрмыс жағдайы, шаруашылық көрсетуші субъектілердің әлеуметтік дамуы мемлекеттің қолында болып отыр. Осы орайда жергілікті қаржының атқаратын рөлі мен маңызы ерекше. Қазақстан Республикасында экономикалық қатнастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр. Жергілікті қаржы органы қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік-экономикалық сипаттағы проблемаларын шешуге едәуір дербестікке ие бола бастады. Жергілікті өзін-өзі басқару органына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде оларға маңызды міндеттер жүктелген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы органдары есебінен жүзеге асырылады. Жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін шешіп алуға, елдің бюджет құрлысының мемлекеттік құрлысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді. Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
Жергілікті бюджет-бұл меншікті салықтан алынған табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдардың қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатнастардың жиынтығы болып табылады. Нарықтық қатнастар, жергілікті басқару органдарын реформалау жергілікті бюджеттің кіріс көздерінің толық қалыптасуына әсер етіп отыр. Содай-ақ жергілікті бюджеттің проблемасы олардың меншігін құрайтын шаруашылық салалары бюджеттерді қалыптастыруға кіріс бермек түгіл залалды болып табылады және жергілікті бюджеттің қаражаттарын едәуір бөлігін жеп қоятындығында болып отыр. Осылайша жергілікті деңгейдегі қаражат түсімдері мен жұмсалымының құрамы мен құрылымы әкімшілік-аумақтық бірлктердің әлеуметтік-экономикалық даму дәрежесін анықтайды.
Осылайша, қазіргі таңда жергілікті бюджеттердің кірістерін толыққанды қамтамасыз ету және оларды өзекті бағыттарда жұмсау қоғамның әлеуметтік жағдайын арттырудың бірден-бір көзі болып отыр. Сонымен қатар еліміздің кең-байтақ территориясының аймақтық ерекшеліктеріне байланысты бюджет қаражаттары алуан түрлі көлемде болып келеді. Сол себепті әр аймақтың бюджеттік кірістері мен шығыстарын талдау және қажетті шаралар қолдану көкейтесті мәселелердің бірі болып табылады және осы дипломдық жұмыс бүгінгі таңдағы өзекті тақырыпқа жазғанымды анықтап береді.
Дипломдық жұмысымның басты мақсаты болып жергілікті бюджеттің теориялық білімі жазылды, жинақтау, іріктеу, экономикалық талдау және қорытынды жазба түрінде есеп беру. Осы жұмысымның барысында оның негізгі құрлымымен, функцияларымен, міндеттерін толығымен атқарылуын жаздым. Жергілікті бюджеттің жоспарлауын кірісі мен шығысын талдау толық қаралып үш жылдық нақты орындалуына талдау жасадым. Жергілікті бюджеттің мақсаты мен принципін таратуымен реттілігін тиімді пайдалану. Республикалық бюджеттің атқарылуын жергілікті бюджеттердің атқарылуына, республикалық және жергілікті бюджеттер қаражатының тиімді және мақсатты пайдаланылуын бақылау, оған заңнама мен жүктелген өзге де міндеттерді атқарады. Егер республиклық бюджеттен қаржыландыратын жергілікті бюджеттің мемлекеттік мекемелердің шығыстар сметасының дұрыс жасалуын және бекітілуін, сондай-ақ жергілікті бюджет қаражатының алынған ресми трансферттерге байланысты әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын қаржыны дұрыс пайдалану керек.
Дипломдық жұмысымның мәні-арқылы өзін-өзі басқарушы орган қоғамның өндірістік қатынастарын бір бөлігі ретінде жергілікті бюджеттік қатнастарының ерекшелігін, шаруашылық және шаруашылықтан тыс атқарылып жатқан көріністері мен орындалу механизімін айқындап көрсетеді. Жергілікті бюджет туралы ғылымның-зерттейтіні қоғамдық өнімді бөлуге және содан келіп туындайтын ақша түріндегі қорланулардың, табыстардың және қорлардың қалыптасуына, оларды ұлғаймалы ұдайы бюджетті жетілдіру кеңейту мақсаттары және әлеуметтік қамсыздандыру топтарының, сондай-ақ қажетті қаражаттарды пайдалануға байланысты.
Алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыстың басты міндеттері келесілер болып табылады:
1-бөлім. Жергілікті қаржы, бюджетінің кірістері мен шығыстарының мәні мен маңызы.
2-бөлім. Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау.
3-бөлім. Жергіліті бюджеттің тапшылығы және жетілдіру жолдары.
Талдау объектісі ретінде Алматы облысы Райымбек ауданы бойынша жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарының нақты орындалуы және ондағы кемшіліктері де қарастырылды.
Жергілікті бюджеттің объектісі-мемлекет тарапынан бөлінген қаржы ресурстар, ақшалай қаражаттың мақсатты қорлары, олардың құралуы, қоғалысы және тиімді пайдаланылуы; ал субъектісі-қоғамдық өмірді ұйымдастырушы ретінде мемлекетті қоса алғанда өндірістік және өндірістік емес салалар. Жергілікті бюджеттің кірісі мен шығысын экономикалық талдау барысында Райымбек ауданының қаржы мекемесінің үш жылдық нақты орындалуын екінші бөлімде қарастырып талдау жасап динамикалық өсу көрсеткішін талдап көрсеттім. Жергілікті бюджет «Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес» жүргізіледі. Бюджет жүйесінің құрамы, құрлымы, ұйымдастыру үрдістері мен оны қалай жетілдіру жолдары дипломдық жұмыстың мазмұнын құрайды. Қаржы экономикалық категориясы қызметінің маңызды жағы қоғамның дамуындағы әлеуметтік-экономикалық үрдістерге категорияның механизмі арқылы әсер ету деңгейімен кері байланыс орнатуы болып табылады. Оның нәтижесін қаржы ресурстарының көлемі анықтайды.
Қоғамның даму барысында өндірістік қатнастар елеулі өзгерістерге ұшырайды. Райымбек ауданының табыстары қаражат көздері бөліске салып неғұрлым ұтымды әрі тиімді пайдалану барысында қоғамдық өндіріске қатысушыладың барлығының мүдделерін үйлестіру үшін қаржы механизмін, оның қызмет атқарушы субъектілеріне ықпал ету формалары мен әдістерін түбірінен қайта құруды талап етеді. Осыған орай жергілікті бюджеттің тұрақтандыру, халықты жұмыс пен қамту тиімділігін арттыруға қаржының әсерін күшейтудің негізгі алғы шарты ретінде қоғамдық өндірістің материалдық-заттық және бюджеттің кірісі мен шығысын теңестірілуін қамтамасыз ету жолдары дипломдық жұмыстың үшінші бөлімінде жазылған. Экономикалық өмірді демократияландыру, экономиканың төменгі буындарының, аймақтардың, жергілікті басқару органдарының құқылары мен жауапкершіліктерін кеңейту үрдісі қаржы қатнастары жүйесін құруға деген мүлдем жаңа көзқарасты, шаруашылық жүргізудің әр түрлі деңгейлеріндегі қаржы ресурстарын пайдаланудың шағын принциптерінен бас тартуды, меншік қаржы базасын дамытуды, өзара қатнастарды нормативтік негіздер де реттеуді талап етеді.
Қазақстан Республикасы соңғы жылдары еліміздің экономикасының нарықтық қатнастарға өтуіне байланысты бюджеттік кодекске өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Менің осы дипломдық жаұмысым бюджет туралы болғандықтан Райымбек ауданы бюджетінің кірісі мен шығысын толығымен экономикалық талдау жасап шықтым. Қоғамда қаржылық талдау біреудің орынсыз тілегінен емес, өмірлік аса қажеттілік салдарынан туындайды: сламақ, ұзындық өлшемін және емептеу жүргізбей, жергілікті бюджеттің әлеуметтік қамсыздандыру мен әсер ететін себептерді білмей, табыс пен шығынды өзара салыстырып, біріншісінің екіншісінен артық болуына көз жетізбей қарау ойдағыдай айту мүмкін емес. Қай уақыттада болмасын жергілікті бюджеттің крісімен шығысын теңестіру қажет, яғни баланстау керек. Қазіргі қоғамның әкімшілік-әміршілдік жүйеден шығып, нарықтық қатнасқа ену кезеңінде оның мәнділігі одан әрі арта түсуде.
Қазіргі уақытта болып жатқан жіргілікті өзін-өзі басқарушы субъект ретінде құқықтық жағдайларын едәуір нығайтып, олар көптеген бюджетті әлеуметтік шығындарға бөледі. Атап айтқанда, Райымбек ауданы бюджетінің кірісі мен шығысын талдауда көбінесе шығысына аударылады. Шығыс бөлігіне аударылытын себебі тұрғын үй-коммуналды шаруашылық, денсаулық сақтау саласы, білім беру саласына басқадай шығыстары да бар.
Жергілікті бюджеттердің экономикалық мәні-билік пен басқарудың жергілігті органдарының ақша көздерін қалыптастыру. Бір сөзбен айтқанда жергілікті бюджет ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатнастардың жиынтығы. Себебі жергілікті атқарушы органдар халықты қамтамасыз ету үшін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктердің бюджетінің бірыңғай бюджеттік жоспарлау негізінде әзірлеп, дербес атқарады және меншікті салықтан кіріс көздерін табады. Сөйтіп жергілікті аймақтарда өз әл ауқатын жақсарта түседі. Жергілікті бюджет даму үшін яғнй бюджеті тапшы болмас үшін, бюджеттің крісін көбейтеді, не шығысын азайтады осы екі шараның бірін қолданылады. Ал жетілдіру үшін мемлекет тарапынан қаржы бөліп кәсіпорындар ашу керек, сонда халықты жұмыс пен қамтып меншікті салық көздері көбейеді. Ресми трансферттерге-жоғры тұрған бюджетке беру үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген қаражаттардың жұмсалынған шығыстарының үлес салмағы айтарлықтай жоғары болғандықтан, жоғры тұрған бюджетке алынған кіріс көздері берілмейді.
Қазіргі нарықтық экономикаға түбегейлі көшу кезеңінде жергілікті бюджетті басқаратын қаржы мекемесі де жүктелген міндеттер қай кезеңнен болмасын күрделі, ауқымды болып отыр. Өйткені қазіргі қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде жергілікті бюджет қаржы базасын тауып елді мекенді қамтамасыз етіп отыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті екі бағытта атқарылады: Біріншісі-республикалық бюджет, оған-кіретіндер: облыстық бюджет, облысқа бағынышты қалалардың бюджеті, аудандық бюджет. Екіншісі-жергілікті бюджет, оған кіретіндер-Астана, Алматы бюджеттері, қалалық бюджет, аудандық бюджет. Мен осы бюджеттің екіншісін таңдап алып жергілікті бюджет туралы жаздым, осы жергілікті бюджетке қарасты Райымбек ауданының қаржы мекемесінің бюджетін үш жылдық нақты бюджетінің орындалуы толығы мен қарастырылған. Дипломдық жұмыс барысында Қазақстан Республикасының заңдары, бюджет кодексі, атақты ғалымдардың оқулықтары, газет журналдардағы мерзімдік басылымдар, ғылыми диссертациялық еңбектер қолданылды.
1. ЖЕРГІЛІКТІ ҚАРЖЫ, БЮДЖЕТІНІҢ КІРІСТЕРІ МЕН ШЫҒЫСТАРЫНЫҢ МӘНІ МЕН МАҢЫЗЫ
1. 1 Жергілікті қаржының мәні мен маңызы
Жергілікті қаржы-қоғамдық өнімнің ақша нысанындағы бір бөлігін жергілікті басқару органдары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану процесіндегі қаржы қатынастарының жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті органдарының қарамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын қамтиды. Жергілікті қаржы отандық экономика үшін біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті бюджеттер елдің мемлекеттік бюджетінің бірыңғай жүйесіне кірістірілген 1938 жылдан бастап жергілікті қаржы дербес категория ретінде өзінің өмір сүруін тоқтатқан болатын.
Бүгінде, жұртқа мәлім, қоғамда экономикалық қатынастарды орталықсыздандыру мемлекеттің жалпы экономикалық саясатын жүзеге асыруда аймақтардың дербестігі мен рөлін арттырып отыр. Нарықтық қатынастардың қалыптасу жағдайында жергілікті органдар қызметінің аясы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік-экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады.
Басқарудың жергілікті органдарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру жөнінде маңызды міндеттер жүктелінген. Халыққа қызмет көрсету жөніндегі шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржы ресурстары есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның салалары халыққа қызметтер көрсетуді бюджет қаражаттарынан қалыптасатын қорлар есебінен көрсетеді. Бұл, тиісінше, жергілікті қаржының рөлі мен маңызын арттырып отыр. Оның қызметінің тиімділігі бірқатар жағдайларға-жергілікті қаржының бүкіл теориялық аспектілерін анық етіп шешіп алуға, елдің бюджет құрылысының жалпы мемлекеттік құрылысқа нақты сәйкестігіне байланысты болып келеді.
Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы-мемлекеттік қаржыға ұқсас. Мемлекеттік бюджет жүйесі ақша қаражаттарын қайта бөлуді экономикалық өсімнің сапасы мен нәтижесі арқылы анықтайды. Бюджет Қазақстанның ғалами жалпы шруашылық байланыстар жүйесіне толық кіруіне, қазіргі таңдағы өтпелі кезеңді жеңіп шығуына мүмкіндік туғызуы керек. Еліміз қайта құру кезінен бастап 2000 жылдың басына дейін толық ауқымды төңкерісті анықтайтындай кезеңдерді бастан өткерді. Төңкеріс кезіндегі ең негізгі ерекшелік: «ойын ережесін» нық ұстап тұруға шамасы келмеген және әрбір мезетте әлеуметтік күштің ығысына қарай жығылатын мемлекеттік болып табылады. Әрбір төңкеріс кезеңінің уақытша шегі болады, ал қазір Қазақстан бюджет жүйесін, содай-ақ еліміздің экономикасын жаңадан сапалы түрде реформалау арқылы төңкерістің соңына таяап қалды. Бюджет үрдісін оңтайландырудың ең негізгі мақсатының бірі-меммлекеттің қаржы ресурстарын қайта бөлу кезіндегі жергілікті биліктің тиімділігін жоғарылау. Бюджет салаын жоғарлату факторларына әртүрлі көзқарастар бар. Ең негізгісі-қаржыландыру көлемі, екіншісі-бюджет қаржысын бөлу бағыттарын болжауды негізге алу. Үшіншісі «қаржылық технологизм» тұжырымдамасының іргесін қалайтын-қаржыны бөлу процедурасы болып табылады. Жергілікті ресурстарды тиімді пайдалану олардың нақты процедураларының, бюджет үрдісінің барлық сатыларының бұрмалануына, бюджеттің қалыптасуы мен орындалуына ереулі кедергілер тудырады. «Қаржы технологизмінің» тұғырнамасы мынаған сүйенеді: бюджет үрдісін регламенттеу, бюджет саласындағы институттардың өзара іс-қимылының тәртібін анықтау үрдісі, олардың билік өкілеттілігін үйлестіруі және жауапкершілігі болып табылады. Жергілікті қаржы ресурстарын жұмсау бағыттары мен нақты «ойын шарты» негізіндегі тиімді іс-әрекетінің стартегиясына жатқызуға болады. Қазақстан Республикасының бюджет кодексі өз күшіне енгеннен бері ретке келтіру жүзеге асырылып, мемлекеттік қаржы жүйесінде оң үрдістерге қол жеткізілді.
Жергілікті қаржының рөлі, оның құрылымы мен бағыты бүтіндей билік пен басқарудың жергілікті органдарына жүктелінген функциялардың сипатымен, сондай-ақ мемлекеттің әкімшілік-аумақтық құрылысымен және оның саяси-экономикалық бағыттылығымен анықталады.
Жалпы жергілікті қаржының жай-күйі әрқашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті органдарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті органдары құзырының дәрежесіне байланысты болады.
Бұл тарауда жергілікті каржының басты буындарының бірі-жергілікті бюджеттер егжей-тегжейлі қаралады, ал басқа буындарды-жергілікті шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылары (корпорациялық қаржылар), сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар жалпы ұлттық шаруашылықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілері мен мемлекеттің бюджеттен тыс қорларына тән біркелкі белгілері мен қасиеттері бар функционалдық жағынан бір тектес ұғымдар ретінде тиісті тарауларында қаралған.
Өркениетті батыс елдеріңде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану үрдісінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді.
Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының қазіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің аймақтық деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті органдарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларға, қамсыздандыру жөніндегі іс-шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджет бөлінісі және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің көрінісін тапқан.
"Бюджеттік бөлініс" салықтар мен алымдардың әртүрлі деңгейдегі бюджеттерге түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтқанда корпорациялық табыс салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздер, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік. салық жергілікті бюджетке қалдырылды. Бұл әкімдердің жергілікті қазынаны толтыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға септігін тигізері сөзсіз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластағаны үшін төлем, табиғатты қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынатын айыппұлдар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында тепе-тең бөлінетін болды.
Нарықтық экономикаға өту және тиісті экономикалық реформаларды жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік органдар өздерінің құзыры мен дербестігін арттыруға объективті түрде ұмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Аймақтар Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті органдары өз аймағының халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс.
1994 жылға дейін Қазақстанда 3045 жергілікті бюджеттер болған еді; 1994 жылдың басынан жүргізілген бюджет жүйесін орталықтандыруға байланысты 2500 жергілікті бюджеттер-селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджет жүйесіне түсетін қаражаттарды орталықтаңдырудың дәрежесі едәуір бәсеңсіді.
Аймақтардың шаруашылық, қызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қарым-қатынастарының проблемасына, жергілікті бюджеттердің мемлекеттік қаржыландырудағы және оны жүзеге асыру нысандарындағы қажеттіліктерін дұрыс ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді.
Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы бюджеттік құқықтарды айқын шектеу және орталық пен аймақтардың бюджеттік мүдделерін теңдестіру туралы мәселе айырықша мәнділікке ие болып келеді.
Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қарым-қатынастардың жүйесі қалыптасу мен даму стадиясында тұр, оның оңтайлы механизмі іздестірілуде.
Қазақстанда басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік басқару мен бекітіліп берілген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті бюджет дербестігі арасында шығыстар бойынша жауаптылықты неғұрлым байыпты бөлуді қажет етеді. Халықтың ортақ қазынасы болып табылатын-қаржы түсіру экономика қаз тұрып келе жатқан шағынды қаншалықты қиын болса, түскен қаржыны білікті жаратып, оны ұқсата білу одан да қиын. Оның бірден-бір басты себебі-ақша жаратуды мамандыққа санамай, оны тек кәсіпке айналдырған ортада, қоғамда өскендігімізден болса, екіншісі-жалпы адам құлқының тұтыну мен байлыққа деген шексіздігі бар? «бай байға, бай құдайға жетсем» деген мәтел де осындай шексіздікті шектеуге, қанағатсыздықтан сақтандыруға бағытталған болуы керек. Жергілікті қаржының жартысына жуығы халықтың әлеуметтік мұқтаждығына жұмсалады, ал қалғаны бюджеттегі мекемелердің жалақысы, оларды ұстау шығыны-мекеменің мерейі мәшинесімен, адам санымен өлшейтіндер де жоқ емес. Қаржылық бақылау қызметін жүргізген кезде орын алған екінші қайтара бақылауды ұйымдастыруда кейбір кемшіліктерге қарамастан құрылымды әзірлеп жасау, тексеруші кадрларды жасақтау тоқтаған жоқ. Жергілікті органдарға сәйкес мекемелер арқылы пайдалануға байланысты қатынастар жиынтығы қаржылық жүйені құрайды және жергілікті органдар иелігіндегі қаржылар шаруашылық тұлғалардың қаржысы б. т.
Жергілікті қаржыда билік пен басқарудың жергілікті органдарының сан қырлы қызметінің қаржы базасы болып табылатын жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі.
1. 2 Жергілікті бюджеттердің мәні, кірістері мен шығыстары
Жергілікті бюджет-бұл ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті органдарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz