Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары


МАЗМҰНЫ
«Ка-Биско» ЖШС сипаттамасы және экономикалық
қызметін бағалау
Кәсіпорынның табыстылығының абсолютті
көрсеткіштерін талдау
КӘСІПОРЫН РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ
НЕГІЗГІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Бәсекелестік ортада кәсіпорынның қаржы менеджменті оның нарықтық және өндірістік стратегиясын анықтайтын басқару қызметінің басты буыны болып табылады. Осы жағдайға байланысты қаржы менеджменті кәсіпорынның өндірістік барысы қаржы ресурстарымен қажетті көлемде қамтамасыз етілуін, тартылған қаржы ресурстарын өндіріске тиімді орналастырылуын, өндірілген өнімнің шығындарын барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен табыс алуды қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді атқарады.
Табыс кәсіпорын қызметіндегі атқаратын ролі үлкен, ол кәсіпорынның мүлкінің ұлғаюының, қарыз қаражаттар тартудың, жалпы әлеуметтік-экономикалық дамуының алғы шарты болып табылады. Табыс таппай кәсіпорын кредиторлар мен инвесторлар тарапынан қосымша қаражаттар тарту мүмкіндігіне үміт арта алмайды. Сонымен қатар, табыс кәсіпорынның ішкі қаржылық мұқтаждықтарының негізгі көзі болып қоюмен шектеліп қана қоймайды, ол қоғам өмірінде, мемлекеттік бюджет ресурстарының, бюджеттен тыс қорлардың және қайырымдылық қорларының қаражаттарының қалыптасуында да үлкен роль атқарады.
Кәсіпорынның өндіріске салынған активтерінің рентабельділік (табыстылық) деңгейі инвестициялық шешімдер қабылдау барысында, қаржылық жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді нақты көрсеткіштермен салыстыру және үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық қызметі мен оның нәтижесін бақылау мен бағалауда маңызды роль атқарады. Үлгілі басқарылатын кәсіпорындар табыстың қалыптасуын, оның әрбір орталықтары бойынша қатаң түрде бақыланып отырады және сәйкесінше, осы нәтижелер негізінде құрылымдық басшыларға сыйақылар беріледі, бұл өз кезегінде олардың өз қызметіне деген ынтасын арттыруға септігін тигізеді. Өндірістік активтерге немесе инвестициялық жобаларға жаңа қаржы салымдарын салу қажеттілігін бағалаған кезде, олардан алынатын табыс есептеледі және бұл есептер қаржылық сипаттағы шешімдер қабылдауда негіз болып табылады.
Тек табыс қана бірімен бірі тығыз байланысты үш мәселені шешуге қабілеті жетеді: не өндіру қажет, кім үшін және қалай өндіру керек? Табыс табу және оны арттыру кез келген шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет етуінің мақсатына айналды, нарықтық экономикалық қатынастар жағдайларында ол оның өндірістік және әлеуметтік дамуының негізгі көзі болып табылады. Осылайша, табыс пен рентабельділік кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалау үшін аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Ол оның іскерлік белсенділігінің және қаржылық тұрақтылығының деңгейін сипаттайды.
Алайда, қажетті шығындарды шығармай, бәріміз білеміз, мақсат еткен нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Өз кезегінде табыс алмай, кәсіпорынның дамуын және әлеуметтік мәселелерді шешуді жүзеге асыру мүмкін емес.
Жұмыстың мақсаты және міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты кәсіпорындардың рентабельділігін талдаудың және бағалаудың теориялық және әдістемелік негіздеріне сүйене отырып, осы көрсеткішті арттырудың жолдарын іздестіру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін жұмыс өзінің алдына келесідей сұрақтарға жауап беруді көздейді:
- кәсіпорын табысы мен рентабельділігінің экономикалық негіздерін қарастыру;
- кәсіпорын өнімінің және өндірістік құралдарының рентабельділігін талдау әдістемелерін игеру;
- кәсіпорындардың рентабельділігін арттыру жолдарын қарастыру.
Жұмыс үш тараудан тұрады. Тараулардың тақырыптары мен мазмұны жұмыстың мақсаты мен міндеттеріне сәйкес келеді. Бірінші тарауда кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайларындағы қызметінің мәні мен мақсаттары, оның табысы мен рентебельділігін басқару негіздері қарастырылады. Екінші тарау барысында кәсіпорын өнімі мен активтерінің рентабельділік көрсеткіштері талдауға алынады. Үшінші тарауда қазіргі таңдағы кәсіпорындардың табысына әсер етуші негізгі факторлар мен кәсіпорынның рентабельділігін арттыру жолдары қарастырылады.
Мұнда логикалық кезекпен келесідей сұрақтар қарастырылатын болады:
- нарықтық экономикалық қатынастар жүйесіндегі шаруашылық субъектілерінң қызметінің мазмұны және мақсаты;
- кәсіпорын табысының мазмұны, оның кәсіпорын экономикасын дамытудағы ролі, кәсіпорын рентабельділігінің негізгі көрсеткіштері;
- кәсіпорын шеңберінде рентабельділікті басқарудың және реттеудің негізгі принциптері;
- кәсіпорынның табыстылығының абсолютті көрсеткіштеріне талдау жүргізу;
- кәсіпорын қызметінің рентабельділігін талдау және бағалау;
- нарық жағдайларындағы кәсіпорынның рентабельділігіне әсер етуші негізгі факторларды анықтау;
- кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың жолдары мен резервтерін қарастыру.
Зерттеу объектісі ретінде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметтен алатын табысы мен оның өнімі мен активтерінің рентабельділігі қарастырылады. Зерттеу жұмыстары Қазақстан Республикасының кондитерлік өнімдер өндіру саласында қызмет етіп жатқан «Ка-Биско» кәсіпорнының материалдары негізінде жүргізілген.
Жұмысты орындау барысында кәсіпорындардың қаржылық-шаруашылық жағдайын талдау, кәсіпорын қаржысы, қаржы менеджменті жөніндегі отандық және шет елдік экономист ғалымдардың еңбектері қолданылды. Зерттеу жұмыстары аталған еңбектерде келтірілген талдаудың теориялық және әдістемелік негіздерінде жүргізілген.
Жұмыстың ақпараттық негізін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері, сондай-ақ «Ка-Биско» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржылық есебінің мәліметтері құрайды.
Зерттеу жұмыстары қаржылық, экономикалық математикалық, статистикалық және логикалық талдау әдістемелері арқылы жүргізілген. Талдау жұмыстары кестелер мен сызбалар келтіру арқылы өрнектеледі.
І. КӘСІПОРЫН ТАБЫСЫНЫҢ ЖӘНЕ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІНІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Кәсіпорын қызметінің маңызы және мақсаты
Нарықтық экономикаға көшу және нарықтық қатынастардың дамуы елімізде кәсіпкерліктің белсенді қарқынмен дамуына алып келді. Елімізде жүргізілген жекешелендіру жұмыстарының нәтижесінде кәсіпорындардың алуан түрлі ұйымдық-құқықтық нысандары қалыптасып, өздеріне тән қызметтер көрсетуде. Кәсіпорындардың нысандары мен саны артқан сайын бәсекелестік күрес бел алып барады. Аталған құбылыстар еліміздің экономикасының дамуына, халықтың игілік жағдайларының артуына өзінің оң әсерін тигізіп отыр. Осыдан шығатын қорытынды - кәсіпкерлік қызмет нарықтық экономиканың негізгі элементі, ажырамас атрибуты болып табылады. Кәсіпкерлік дамымайынша ұлттық экономиканың дамуы әсте мүмкін емес. /1/
Кәсіпорын - бұл белгілі бір өнім өндіретін немесе қоғамға қызмет көрсететін заңды тұлға. Кәсіпорын экономикасы - бұл оның өндірістік және өндірістен тыс қатынастардың жиынтығы болып табылады: айналым қорлары, дайын өнім, кәсіпорынның банктердегі есеп-шоттары, ақша қаражаттары, құнды қағаздары, меншіктің материалдық емес активтері (патенттер, лицензиялар, тауар белгілері, авторлық құқықтар, «ноу-хау» және т. б. ), өнімді өткізуден алған табыстар. Олардың құндық бағасы - кәсіпорынның экономикалық даму деңгейі мен көлеміне байланысты болады.
Кәсіпорынның шаруашылық қызметінің нәтижелері - өнімді шығару мен көрсетілген қызметтерден түскен табыстан ғана емес, сонымен қатар өндірістік қорлардың көлемінен (негізгі және өндірістік айналым қаражаттары), басқа да тұтыну қорларының жиынтығынан, жиналған қаражаттардан және тағы да басқалардан көрінеді.
Кәсіпорындардың өндірістік активтерінің (негізгі және айналым құралдары) құны бірнеше себептерге байланысты қалыптасады, атап айтқанда:
- өндірісті негізгі және айналым қаражаттарымен қамтамасыз етуде ең оңтайлы үйлесімділікті табу;
- өндірілген өнімнің саны мен сапасы;
- өндірілген өнімнің сатылым көлемі;
- өнімді сатудан түскен кіріс пен табыс. /2/
Осы факторлар негізінде қол жеткізілген тиімділіктің деңгейі мен сипатын кәсіпорынның дамуына әсер ететін ішкі және сыртқы жағдайлар айқындайды. Ішкі жағдайлар үш топқа бөлінеді:
- өндірістік қорлармен қамтамасыз ету, яғни жер бөлігімен, өндірістік ғимараттармен, құрылыстармен, құрал-жабдықтармен, аспаптармен, шикізат көздерімен және материалдармен, отын-энергия ресурстарымен, жұмыс күшімен, сондай-ақ қажетті ақпарат көздерімен қамтамасыз ету;
- кәсіпорынның техникалық-экономикалық және әлеуметтік дамуының қажетті деңгейін қамтамасыз ету, яғни ғылыми-техникалық процеске, өндіріс пен еңбек ресурстарын тиімді ұйымдастыруға, қызметкерлердің біліктілігін жетілдіруге және инновациялық және инвестициялық қызметтердің тиімділігіне қол жеткізу;
- кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметтерінің коммерциялық саласын қалыптастыру факторлары, яғни кәсіпорынның коммерциялық және өндірісті жабдықтау қызметтерінің тиімділігіне қол жеткізу.
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары:
- Жер - бұл белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық, күнделікті пайдаланылады.
- Еңбек күші - ой және дене еңбегі, еңбекке қатысушылардың тәжірибелік және интелектуалдық құрамы. Еңбек ресурстары кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын шешуші фактор болып табылады. Басқарушы құрылымдардың біліктілігі мен жауапкершілігі, нарықтық өзгерістерге икемділігі, қажетті қаржылық шешімдер қабылдай білуі кәсіпорын экономикасының дамуындағы ең басты фактор болып табылады.
- Еңбек заты және еңбек құралдары. Еңбек заты және еңбек құралдары арқылы өнім өндіріледі, қызметтер көрсетіледі, жұмыстар орындалады, яғни кәсіпкерлік қызмет нақты жүзеге асады. Олардың өндіріс барысында қолданылу деңгейі кәсіпорын өнімінің өзіндік құнын тікелей анықтайтын фактор болып табылады.
- Капитал - өндірістік тұтыну қажеттіліктеріне сай қалыптасатын ақша қаражаттары. Кәсіпорын өзінің өндірістік айналымында капиталдың алуан түрлерін қолданады - негізгі құралдар, айналым қаражаттары, материалдық емес активтер, ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді қаржылық және тікелей инвестициялар және т. с. с. Капитал көздерінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру, оларды өндірістік процеске тиімді орналастыру, осы процесс барысындағы қозғалысын қадағалау, талдау, жоспарлау, қаржылық есепке алу секілді шаралар кәсіпорын қызметінің тиімділігін анықтайтын тағы бір шешуші фактор болып табылады.
Кәсіпорындардың қазіргі нарық жағдайларындағы маңызы мен олардың дамуының негізгі факторларына көз жеткіздік. Ал енді осы кәсіпкерлік қызметтің мәні неде, оның негізгі көздеген мақсаты қандай деген сұрақ туындайды. /3/
Баршаға мәлім, кәсіпорындар бірінші кезекте қоғам мүдделерін емес, өз мүдделерін қамтамасыз етуді көздейді. Олардың қоғамға қызмет етуінің себебі де осы мүдделерден туындайды. Кәсіпорын мүдделері мен қоғам мүдделері арасындағы өзара байланысты Адам Смит «көрінбейтін қол» принципімен түсіндіріп кеткен болатын. Кәсіпорындар өз өнімдерінің нарықта үлкен сұраныстарға ие болуын қамтамасыз ету үшін тұтынушылар үшін мейлінше жоғары сапалы, төмен бағалы тауарларды ұсынады. Нәтижесінде, кәсіпорындар өз өнімінің үлкен көлемде сатылуын көздей отырып, сонымен қатар қоғам, мүдделері үшін де қызмет етеді.
Қалыптасқан тәжірибеге және Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес, кәсіпорындағы барлық қаржы жөніндегі жұмыстар бойынша осы кәсіпорынның директоры (немесе президенті), ал материалдық шығындар үшін - кәсіпорынның иесі жауап береді. Қаржыны басқару жөніндегі сұрақтар бойынша қаржы директоры (менеджері) немесе бас бухгалтер жауап береді.
Ірі кәсіпорындарда арнайы бөлімшелері құрылады: оперативтік, ағымды және стратегиялық қаржы мәселелері бойынша арнайы мамандармен қамтамасыз етілген қызмет орталықтары. /4/
Қаржы қызметінің міндеттері мынадай:
- қаржы ресурстарын басқару жөнінде қабылданған шешімдерді бақылау;
- өткен уақыттың тәжірибелерін ескеру және талдау, сондай-ақ оларды кәсіпорын келешегі үшін қолдану;
- шаруашылықтың сыртқы ортасындағы өзгерістердегі мүмкін болатын бағыттарды және даму тенденцияларын ескеру;
- стратегиялық мақсаттарды және перспективаларды есепке алу;
- қабылданатын шешімдердің және жүргізілетін өзгерістердің төтенше сипатына икемделу;
- кейбір сыртқы факторлардың ықпалының анықталмағандығын негіздеу және мойындау.
Қаржы менеджментінің негізгі міндеті: кәсіпорындағы ақша ағындарын басқару және материалдық-техникалық және ақша ресурстарын басқарудың теңгерімділігін қамтамасыз ету және сол арқылы кәсіпорынның түпкі мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ету. Аталған міндетті орындау үшін қаржы менеджменті кәсіпорындағы қаржыны ұйымдастырудың мынадай принциптерін жетекшілікке алады.
Шаруашылық қызметті өзін-өзі реттеу принципі - белгілі бір кездегі жағдайларды және қолда бар қаржы ресурстарын ескере отырып кәсіпорынның даму бағыттары туралы мәселелерді шешу бойынша кәсіпорынға толық дербестілік берудің алғы шарттарын анықтайды.
Өзін-өзі өтеу принципі - дамудың қандай да бір бағытына салынған қаражаттар табыстың есебінен немесе кәсіпорынның басқа да меншікті капиталы есебінен өтелуін қарастырады.
Өзін-өзі қаржыландыру принципі - кәсіпорынның тек рентабельді жұмысын ғана емес, сонымен қатар қарапайым және кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз етуге жеткілікті ақша қорларының құрылымын қалыптастыруды қарастырады. /5/
Кәсіпорын тек меншікті қорларды емес, сонымен қатар бюджеттен тыс қорларды қалыптастыруға құқығы бар.
Өзін-өзі қаржыландырудың негізгі көздеріне мыналар жатады:
- қаржылық және қызмет нәтижесінде алынған табыс;
- өндірістік активтерді жөндеу қорындағы қаражаттар;
- ішкі қаржы резервтері;
- құрылтайшылардың үлестік жарнамалары (салымдары) ;
- бағалы қағаздар шығару және т. с. с.
Қаражаттарды меншікті және қарыз деп бөлу техникалық процеспен анықталады, ал ол өз кезегінде өнімді өндірумен және таза табыстың қалыптасуымен байланысты.
Қаржы резервтерін қалыптастыру принципі - кәсіпорынның дербестілігінің белгісі болып табылады. Бұл резервтер таза табыстың есебінен қалыптасады және мыналарды қамтиды: кепілдік резервтер және негізгі құралдарды толықтыруға арналған резервтер. /4/
Кез-келген кәсіпорынды басқарудың басты мақсаты - “ақша жасау” немесе кәсіпорын құнын арттыру болып табылады. Бұл мақсат нақты түсінікті болмауы мүмкін, сол себепті тура анықтама алу үшін оны түсіндірудің түрлі жолдарын қарастыру керек.
Егер де мүмкін болатын қаржылық міндеттерді қарастыратын болсақ, онда қаржы менеджерінің пікірлері мынадай болуы мүмкін:
- нарықтық экономиканың атрибуты болып табылатын бәсекелестік ортада өміршеңдік көрсету;
- қаржылық және шаруашылық қызмет барысында қаржылық қиындықтарды және банкроттылықты болдырмау;
- бәскелестермен күресте жеңіске жету;
- нарық секторын және ондағы сатылым көлемі мен үлесін барынша арттыру;
- ақшалай түсімдердің тұрақты түрде ұлғайып отыруын қолдау және жағдай жасау;
- өндірістік шығындарды барынша азайту арқылы табысты арттыру.
Бұл кәсіпорындардың алға қойған мақсаттарының бірнешесі ғана, оларды одан әрі қарай тізбектей беруге де болады. Демек осы мүмкіндіктердің әрқайсысы қаржы менеджерінің міндеті болып табылатын мәселелерді туындатады.
Мысалға, нарық секторын немесе сатылым көлемін арттыру оңай - бағаларды төмендетсе немесе несиелік жағдайларды жеңілдетсе жетіп жатыр. Осындай жолмен, зерттеулер мен жаңалықтар іздеу секілді жұмыстардан бас тартып, шығындарды да қысқартуға болады. Ақша қаражаттарын қарызға алмай немесе ешқашан тәуекелге де бармай банкроттылықтан да қашып құтылуға болады. Мұндай әрекеттерді де әрі қарай тізбектей беруге болады. Алайда, аталған әрекеттердің қайсысы акционерлердің мүдделеріне сәйкес келетіні түсініксіз.
Табысты арттыру, сөз жоқ, алға қойған міндеттердің ең кеңінен қолданылатыны болып табылады, алайда, бұл да өте дұрыс анықтама бола бермейді. Біз тек осы жылдың табысы туралы ғана айтып отырмыз ба? Егер солай болса, онда техникалық қызмет көрсетудің болашағына қаражаттар қалдыру, біртіндеп тауарлық-материалдық запастарды қысқартуға араласпау секілді шаралар және шығындарды қысқарту бойынша қысқа мерзімді шаралар қазіргі кездегі табыстың артуына алып келеді.
Табысты арттыру мақсаты “түпкі” табысты қарастыруы да мүмкін, алайда әлі де болса бұл нені білдіретіні белгісіз. Біріншіден, бұл жерде алынатын таза табыс туралы ма, әлде акцияға келетін табыс туралы сөз болып отыр ма? Бұлар, әрине, кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық жағдайына түрліше әсер етеді. Екіншіден, “түпкі” деген сөздің астарында не жатыр? Бұл мақсат ағымды және болашақ табыстардың арасындағы компромисті білдірмейді.
Жоғарыда аталған мақсаттар түрлі, алайда екі класқа жату тенденциясына ие. Біріншісі табыстылыққа жатады. Бұл мақсат сатылым көлемін, нарық секторын және шығындарды бақылауды қамтиды, демек, табыс табудың немесе оның арттырудың жолдарын қарастырады. Екінші топ банкроттылықты болдырмауды, тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтиды және тәуекелді бақылауға бағытталады. Мақсаттардың бұл екі типі бір-біріне қарама-қайшы келеді. Табыс табуға деген ұмтылыс әдетте қандай да бір тәуекелмен байланысты болады, сол себепті табыстылықты да, қауіпсіздікті де бір уақытта арттыру мүмкін емес. Сол себепті екі факторды да қамтитын мақсатты алға қою керек. /6/
Кәсіпорын мүддесі, сонымен, өндіріс көлемін ұлғайту нәтижесінде үлкен табысқа қол жеткізуді көздейді. Табыс кәсіпорынның дамуының алғы шарты болып табылады. Осы жерде кәсіпорын табысының ынталандырушы қызметі орын алады. Табыс кәсіпорынды өндірісті ұлғайтуға, қоғамға қажетті нарықта жоқ жаңа тауарларды іздестіруге, оларды нарыққа енгізуге, осылайша және табыстарға ұмтылуға итермелейді. Демек, табыс кәсіпорынның шаруашылық-қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіші болып табылады.
1. 2. Кәсіпорынның табысы және рентабельділігі
Табыс нарықтық экономиканың аса маңызды категорияларының бірі болып табылады. Табысты ұғымының бірнеше анықтамасы бар. Мысалға, К. Маркс табысты қосылған құнның модификацияланған, көрінбейтін мәні ретінде қарастырады. «Капитал» еңбегінің авторы қосылған құнның көзі ретінде қолданылған, бірақ төленбеген жалдамалы жұмысшылардың еңбек күшін қарастырады. Қазіргі таңдағы экономикалық тұжырымдар табысты, яғни еңбекті, жерді және капиталды қолданудан түскен табыс ретінде қарастырады.
Табысты қолданылған және төленбеген жалдамалы еңбек күшінің нәтижесі деген көзқарастан бас тарта отырып, оған мынадай анықтамалар беруге болады. Біріншіден, табыс - бұл экономикалық жаңалықтар үшін, фирманы басқара білу дарыны үшін төлем. Екіншіден - кәсіпкерлік қызмет үшін төлем болып табылады. Үшіншіден - тәуекел үшін, кәсіпкерлік қызметтің нәтижелерінің анықталмағандығы үшін төлем болып табылады. Тәуекел қандай-да бір басқарушылық, ғылыми-техникалық немесе әлеуметтік шешімдерді таңдаумен, табиғи-климаттық жағдайлардың қандай да бір нұсқаларымен байланысты болуы мүмкін. Тәуекел адам көріп білмейтін оқиғалармен - табиғи апаттармен, ұлтаралық және мемлекетаралық қақтығыстармен және басқалармен байланысты болуы мүмкін.
Микроэкономикада табыс өндірілген өнімді өткізуден түскен қаражаттар мен жалпы шығындардың айырмасы, табыстар мен шығындардың айырмасы ретінде анықталады. /7/
Табыс қолайлы, бухгалтерлік, экономикалық (таза) болуы мүмкін. Қолайлы табыс (нольдік экономикалық табыс) - кәсіпкерлік қабілетті қолданудың альтернативті құны болып табылады. Фирма тек қана қолайлы табыс алған жағдайда, оның барлық кірістері кәсіпорынның барлық шығындарын жабуға ғана жұмсалатын болады. Бухгалтерлік табыс кәсіпорынның сыртқы шығындарын шегеріп тастағандағы табысы болып табылады. Экономикалық табыс - бұл барлық шығындарды шегеріп тастағанда қалатын таза табыс болып табылады.
Маңызды категория және кез-келген коммерциялық ұйымның негізгі мақсаты бола отырып, табыс материалдық өндіріс саласында құрылған таза табысты көрсетеді және бірқатар функцияларды орындайды.
Біріншіден, табыс кәсіпорынның шаруашылық қызметі нәтижесінде алынған экономикалық әсерді сипаттайды. Кәсіпорын деңгейінде табыс табу кәсіпорынның барлық кірістері оның қызметімен байланысты барлық шығындардан жоғары болады дегенді білдіреді.
Екіншіден, табыс ынталандырушы функцияны атқарады. Бұл табыстың тек қаржылық нәтиже ғана емес, сонымен қатар кәсіпорынның қаржы ресурстарының негізгі элементі болып табылатынымен байланысты. Сол себепті кәсіпорын әрқашан да барынша жоғары табыс алуға ынталанады, өйткені ол өндірістік қызметті кеңейтудің, кәсіпорынның ғылыми-техникалық және әлеуметтік дамуының негізі болып табылады.
Үшіншіден, табыс түрлі деңгейдегі бюджеттердің кірістерін қалыптастырудың маңызды көздерінің бірі болып табылады.
Кәсіпорында табыс өндірілген өнімді өткізудің нәтижесінде қалыптасады. Оның мөлшері өндірілген өнімді сатудан түскен табыс пен оны өндіруге және өткізуге кеткен барлық шығындардың айырмасы ретінде анықталады. Алынатын табыстың жалпы массасы, біріншіден, сатылым көлемінен және өнімнің бағаларының деңгейінен, екіншіден - өндірістік шығындардың қоғамдық қажетті шығындарға қаншалықты сәйкес келуіне байланысты тәуелді болып келеді. /8/
Табыстың экономикалық мәні бүгінгі экономикалық теорияның ең бір күрделі және әрқилы ұғымдарының бірі болып табылады. Экономикалық көзқарас бойынша табыс дегеніміз - бұл ақша шығыстары мен кірістерінің айырмасы болып табылады. Шаруашылық тұрғыдан қарастыратын болсақ, табыс - бұл кәсіпорынның есепті кезеңнің басындағы және соңындағы мүліктік жағдайының айырмасы болып табылады. Бұл жерде табыс ұғымы кәсіпорынның өзінің қаржылық-шаруашылық қызметінен алатын алуан түрлі табыстарының шығындар көлемінен басым болатын жағдайын білдіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz