Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің мәселелері


Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент ЖК Илебаева мысалында Диплом жұмысы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ7
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ МАҢЫЗЫ
1. 1 Кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің ұйымдастыру түсінігі мен құрылымы . . . 8
1. 2 Нарықтық экономика жағдайындағы қаржы менеджменттің мақсаты және міндеттері . . . 13
1. 3 Қаржы менеджментінің ұйымдастыру саясатының мәні және маңызы . . . 17
2. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ (ЖК «ИЛЕБАЕВА»)
2. 1 Кәсіпорынның техникалық-экономикалық сипаттамасы . . . 27
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау . . . 33
- Кәсіпорын қызметін қаржыландыру көздерін басқару . . . 42
3. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІН ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1 Кәсіпорынның қаржылық менеджментінің мәселелері . . . 46
3. 2 Қаржылық менеджмент ұйымдастырудың ерекшеліктері . . . 48
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 57
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 59
ҚОСЫМШАЛАР . . . 61
КІРІСПЕ
Кәсіпорындағы қаржылық менеджментті ұйымдастыру - дегеніміз белгілі жетістіктерге жету үшін объектіге мақсатты түрде әсер ету әдістерінің жиынтығы.
Қаржылық менеджмент ұғымы - тиімді пайдалану мақсатымен кәсіпорынның ақша ағынын, оның бүкіл қаражаттарының қозғалыс механизмін басқару жүйесі болып табылады. Жалпы қаржы ресурстары ұғымы экономикалық теорияда да, практикада да кеңінен қолданылады. Кәсіпорын капиталы - бұл пайда түсіретін кәсіпорын мүлкінің қаржылары. Капитал - кәсіпорынды құру және дамытудың басты экономикалық базасы. Қаржы жүйесінің бұл буынында нарық жағдайындағы басқару ісі қаржы менеджменті деп аталды. Қаржы менеджменті - әлеуметтік-экономикалық процестерді басқарудың негізгі құралы. Мен дипломдық жұмысымды ЖК «Илебаева»-ның қаржылық жағдайын талдаумен толықтырдым.
Жеке кәсіпкер «Илебаева» кәсіпкерлік формасында коммерциялық ұйым болып құрылған. Оның құрылу мақсаты және жұмыс істеуі бизнес жоспарда толығымен қарастырылған. Оның негізгі мақсаты - пайда табу. ЖК «Илебаева» арақ-шарап, сусын, тәтті тағам, шаруашылық заттарын таратушы болып қалада және жақын аудандарда өз тұтынушыларын тапты.
Кәсіпорын стратегиясы болып келесілер табылады: тұтынушыларға толық кешенді қызмет көрсетуді ұсыну, ассортиментті кеңейту, тарату нарығын зерттеу, өнім бәсекелестік қабілетін арттыру, жеке тапсырыстарды орындау, сауда желілерінің жұмысын бақылау.
ЖК «Илебаева» саясаты өндірілетін өнім және айналысқа түсетін өнімдердің шығындарын төмендетуге негізделген. Бұл өз кезегінде нарықтың максималды бөлігін жаулап алуға және баға бәсекелестігін қолдануға мүмкіндік береді.
1. КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТІНІҢ МӘНІ
1. 1 Кәсіпорындағы қаржылық менеджменттің түсінігі мен құрылымы
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент дегеніміз - ол кәсіпорынның қаржылық ресурстармен капитал айналымымен және қаржылық қатынастармен басқару жүйесі. Қаржылық менеджмент әртүрлі көзқараста болады:
- функционалды көзқарас бойынша; қаржылық менеджмент ол басқару жүйесі;
- институционалды көзқарас бойынша; қаржылық менеджмент ол басқару органы; - ұйымдастырушылық- құқықтық қөзқарас бойынша ол кәсіпкерлікті реттеуші экономикалық категория ретінде қарастырылады;
Қаржылық менеджменттік субъектілеріне жататындар қаржы қызметін жүзеге асырушы мамандар тобын, және қаржылық менеджментдегі жерлер, ал қаржылық менеджмент объектілеріне ақша қаражаттары, қаржылық ресурстар, капитал айналымы және қаржылар жатады.
Нарықтық экономиканың қалыптасуы ауылшаруашылық өнімдерін өңдейтін кәсіпорындардан ғылыми-техникалық прогресстің, кәсіпкерлік белсенділіктің негізінде өндіріс тиімділігін арттыруды талап етеді.
Негізінде «қаржы» түсінігі ақша түсінігімен тығыз байланысты. Бірақ, қаржы мен ақша ұғымдарының мағыналары тамырлас болса да, бұл екеуінің анықтамасы екі түрлі.
«Қаржы» термині XIII-XV ғасырларда, ең ірі сауда орталықтарының бірі болған Италия жерінде пайда болған. Ұғым “ақшалай төлем” деген мағынаны берген еді. Бүгінгі таңда бұл термин субъектілердің қарым-қатынасын білдіреді, дәлірек айтсақ, “ақшалай қатынас” түсінігімен дәлме-дәл келеді. Осы мағынасына байланысты қаржының келесідей белгілері пайда болды:
1) ақшалай қатынастардың болуы, яғни ақша ғана қаржылық қызметтің негізін құрайтындығы (ақша жоқ жерде, қаржы да болмайды) ;
2) екі субъектінің болуы, әрі екеуінің біреуінде ерекше міндеттердің болуы (бұл субъектілердің біреуі - мемлекет) ;
3) ақшалай қатынас негізінде жалпымемлекеттік қорлардың ақшалай қаржыларының қолданылуы;
4) бюджетке түскен қаражаттардың салықтар және өзге де төлемдердің қалыптасуынсыз болмауы.
Берілген белгілер бойынша қаржыны ақшалай қатынастар жиынтығынан мүлтіксіз бөліп қарастыруға болады. Мысалы, азаматтармен бөлшек саудада болатын ақшалай қатынастарды қаржыға жатқызуға болмайды, себебі мұнда мемлекет ақшалай қатынастарды азаматтық-заңдылық әдіс бойынша реттеп отырады, яғни бұнда субъектілердің тең құқықтары негізгі белгісі болып табылады.
Басқа да ақшалай қатынастардың тобына жеке тұлғалардың салық төлеуін жатқызуға болады. Мұнда қаржының белгілерінің барлық түрлері қатысады: салықтарды төлеу ақшалай формада жүреді; екі тең емес субъект қатысады (жеке тұлға және мемлекет) ; берілген қатынастардың барлық элементтерін мемлекет анықтайды, яғни оларды заң бойынша бекітеді, бақылау жасайды.
Қаржылық менеджмент - елдегі әлеуметтік, экономикалық және саяси мәселелерді шешуге жалпы мемлекеттік қорлардың ақшалай қаражатын құрайтын және қолданатын ақшалай қатынастардың жиынтығы.
Қаржының пайда болуының қандай алғышарттары бар? Адамзат бұған дейін ақшаны, тауарлы-ақшалай қатынастарды пайдаланған жоқ па? Неге тек ғасырдың ортасында оған әсер ететін терминдер пайда болды?
Бірінші (алғашқы) алғышарт. Тек Орталық Еуропада монархиялық режим сақтамаса да алғашқы буржуазиялық көтеріліс қорытындысы бойынша монархтардың билігі қысқарды және мұнда ең маңыздысы мемлекет басшысы қазынадан бас тартты. Мемлекет басшысы біркелкі ұстана алмаған ақшалай қаражаттардың жалпымемлекеттік қоры - бюджет орнады.
Екінші алғы шарт. Бюджетті құру және қолдану - жүйелік түрді ұстанды, яғни құрамымен, құрылысымен және заңдылық бекітумен мемлекеттің кірістері мен шығыстарының жүйелері қалыптасты. Көптеген жылдар бойында бюджеттің шығыс бөлігі мүлдем өзгерген жоқ. Тіпті сол кезде шығындардың жұмсалуының бағыты көрсетілген болатын: әскери мақсатқа, басқаруға, экономикаға, әлеуметтік қажеттілікке.
Үшінші алғышарт. Ақшалай формадағы салықтар мүліктік деңгейді ұстанды. Бұл мақсатта тек мемлекеттік және ақшалай қатынастың даму кезеңінде шығарылған өнімді бағасына байланысты тарату мүмкін болды. Бөлініс қатынастары - қоғамдағы экономикадағы қатынастарының бөлігі: қаржы да экономикалық категория болып табылады.
Кез-келген мемлекеттің қорлары мен ақшалай табыстың негізгі материалдық көзі болып жалпы ұлттық өнім және оның негізгі бөлігі - ұлттық табыс табылады. Қаржының көмегімен оны тарату және қайта тарату орындалады және сонымен қатар өндіріске тікелей қатысы, тарату және пайдалану.
Мұнымен қоса, қаржы өндірістік қатынастың белгілі бір сферасын түсіндіреді және ол базалық категорияға жатады.
Кейде экономистер қаржылық қатынастардың заң бойынша белгілі бір актілермен бекітілетіндігіне қарамастан берілген қатынасты құрудағы мемлекеттің орнын анықтайды және қаржыны категорияға жатқызады. Бірақ та қаржыны біріншіден, экономикалық категория және содан кейін құқықтық категория екендігін дәлелдей отырып құқықтық акт тек экономикалық қатынастардың объективті мазмұнын тіркейді, яғни мемлекет, құқықтық формаға қаржылық қатынастарды еліктіреді де олардың экономикалық объективті түрін сақтай отырып оларға сәйкес мемлекеттік- биліктік форма береді.
Менеджмент дегеніміз белгілі жетістіктерге жету үшін объектіге мақсатты түрде әсер етудің әдістерінің жиынтығы. Менеджмент адамның қызметінің барлық сфераларына оның ішінде қаржылық сфераға да тән. Басқа басқарушылық жүйедегі сияқты басқаруда оның объектілері, субьектілері анықталады. Обьектілеріне қаржылық қатынастардың әртүрлі түрлері, субьектілеріне басқаруды іске асыратын ұйымдастырушылық құрылымдар жатады. Сфералары бойынша қаржылық қатынастар жіктеледі.
Қаржылық менеджмент кәсіпкерлік қызмет болып қарастырылады, яғни қаржылық менеджердің мамандануына байланысты кәсіпорынның қаржылық қызметі дамиды. Басқару жүйе ретінде қаржылық менеджментте басқаратын ішкі жүйе, яғни субъект және басқарылатын ішкі жүйе, яғни басқару объекті қарастырылады.
Кәсіпорындағы қаржылық менеджмент сферасында келесі функциялар атқарылады:
- Болжау;
- Жоспарлау;
- Ұйымдастыру;
- Қайта өңдеу;
- Тарату;
- Бақылау.
Болжау функциясы деп мүмкін болатын көрсеткіштерге негізделе отырып болашақтың көрінісін айқындауды айтады.
Жоспарлау функциясы - болжауға негізделе отырып болашаққа мақсат анықтау. Жоспарлаудың келесі функциялары бар:
- Стратегиалық;
- Жалпы;
- Оперативті.
Стратегиялық жоспарлау - қаржы ресурстарын болашаққа ұзақ мерзімге жоспарлау арқылы мақсатты қаржы ресурстар көлемін белгілеуді жоспарлау. Жоспарлау материалдық еңбек және қаржы ресурстарын қаржылық көрсеткіштердің өзара байланысын қамтамасыз етуі керек.
Оперативтік жоспарлау - қаржылық ресурстарды қайта тарату көмегімен шығындарды минималды тиімділікке жету мақсатында және қалыптасқан қаржы жағдайын жедел жоспарлау.
Ұйымдастыру функциясы - ол қаржылық қызметпен айналысатын мамандардың және бөлімдердің бірыңғай әдістерге, принциптерге және мақсаттарға бағындыру болып табылады. Ұйымдастыру басқарудың барлық бөлімдерінің нақтылығын, қаржылық ақпараттың жұмысшыларының жауапкершілігін білдіреді.
Қайта өңдеу функциясы - өндірістік процестің барлық этаптарын керекті материалдық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету болып табылады.
Тарату функциясы - ол ақшалай қаражаттарды рационалды түрде объектіге салу және қаржылық ресурстардың оптималды құрылымын қамтамасыз етуді білдіреді.
Бақылау функциясы - жоспардың орындалуын қамтамасыз етеді, яғни жоспарлау кезеңінде, сонымен қатар ақшалай қаржыларды қалыптастыру және пайдалану процесінде шаруашылықты жүргізудегі қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді.
Қаржылық менеджменттің принциптері:
қаржылық ресурстармен қамтамасыз ету принципі - ұйымдастыру функциясына байланысты болады.
- Стратегиялық бағытталу принципі - ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді, яғни ағындағы қызметті бір бағытта жүзеге асырылуы қажет
- Жоспарлық принципі - болжау және жоспарлау функцияларынан шығатын принцип.
- Әртараптандыру принципі - кәсіпорынның қаржылық тәуекелін басқарумен байланысты болады. Әртараптандыру ол ақшалай қаражаттың бір-бірімен байланысты емес объектілерге салу арқылы тәуекелдің дәрежесін төмендету болады. Ол екі түрде жүзеге асрылуы мүмкін:
- Көп бағытты қызметті жүзеге асыру, яғни кәсіпорын бір ғана қызметпен айналыспай бірнеше қызметпен айналысады.
- Портфелді стратегияны жүзеге асырған кезде өз қаржаттарын әртүрлі эмитенттердің әртүрлі бағалы қағаздарына салу немесе өз қаржыларын әртүрлі бағытқа жүзеге асырады.
Қаржылық менеджмент алдына қоятын негізгі бағыттары:
- қаржы мәселелеріне саяси тәлімдеме;
- басқарудың ғылымдылығы;
- басқарудағы демократия;
- басқарудағы экономикалық және әкімшілік әдістердің оңтайлы өзгеруі;
- басқарудағы жауапкершілік.
Нарықтық экономиканың қалыптасып дамуы жағдайындағы қаржыны басқару шешімдерін негіздеуі, бүгінгі нашар пайдаланып жүрген әдістерді іске асыруды, басқару функцияларын реттеудің, қаржы нарығын қалыптастыру әдістерінің бір элементі ретіндегі қаржы ресурстарының есебін тауып пайдалануды күшейтуді талап етеді.
1. 2 Қаржылық стратегияның және тактиканың түсінігі
Кәсіпорынның нарықтағы жағдайы өзгеріссіз қалып отыр. Ерте ме, кеш пе бәсекелестер пайда болады. Сондықтан да кәсіпорынның үнемі дамып отыруы оның экономикалық өмір сүруінің қажетті шарты болып табылады. Даму жоспары тек аз уақытқа ғана емес, ұзақ мерзімді перспективаға да жасалады. Сондықтан да қаржылық менеджмент кәсіпорынның қаржылық стратегиясын жасай отырып, бірқатар сұрақтарға жауап беруі керек.
Бұл сұрақтардың ең біріншісі келесідей: «Кәсіпорынның перспективті дамуы үшін қанша қаржы қажет?» Бұл соманы және уақытты анықтау үшін қосымша қаржылық салымдарға қажеттілік пен фирманың шаруашылық қызметінің маңызды көрсеткіші арасындағы байланысты мақсатты түрде анықтау керек. Мысалы, дамуға қажет қаржылар өткізу көлеміне байланысты деп сеніммен айтуға болады. Бірақ бұлай үнемі бола бермейді. Егер де кәсіпорын бәсекелеспен күресу үшін шығарылатын өнім немесе көрсетілетін қызмет сапасын жоғарылату стратегиясын таңдаса, онда инвестицияға қажеттілікпен өткізу көлемі арасындағы байланыс сақталады, өйткені сапаның жоғарлауы үнемі бағаның жоғарлауына әкеледі. Ал бірақ бәсекелеспен күресу үшін өнім бағасын төмендету немесе тұрақтандыру (инфляция кезінде) стратегиясы таңдап алынса, өткізілген аса үлкен түсімді күтудің қажеті жоқ. Әртүрлі шараларды енгізу шығарылатын өнімнің өзіндік құнын төмендетумен байланысты шығындар қажет болады. Бұл кезде қаржыларды қажетсіну осы шығындар шамасымен анықталады.
Стратегиялық қаржылық жоспардың екінші сұрағы инвестициялау көздеріне қатысты. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының жалпы бағыты осы жобаны қай көздер арқылы қаржыландыру керек екенін шешуге арналуы керек. Мұндай қайнар көздердің үшеуін бөліп көрсетуге болады: меншікті, тартылған және займ қаржылары.
Меншікті қаржылар кәсіпорын үшін неғұрлым қызықты, өйткені оның тәуелсіздігі мен дербестігі деңгейін арттырады, қандай да бір тәуекелге ұшырамайды, контрагенттер алдында кәсіпорын беделін арттырады. Бірақ меншікті қаржылардың қалыптасуы екі шартпен анықталады: табыстардың болуы және оларды капитализациялау үшін уақытты болуы. Негізінде коммерциялық жобаны жүзеге асырудың екі шартының бірі үнемі бола бермейді. Әдетте коммерциялық жобаны жасап, жүзеге асырғысы келгеннің меншікті қаржысы болмайды, ал қаржысы бар адам оны өз бетінше жасағысы келмейді. Инвестициялау үшін меншікті қаржыларды пайдалану тек ірі компаниялардың ғана қолынан келеді. Бірақ олар үшін бизнес-жоспар мен оның қаржылық бөлімі өз тартымдылығын жоғалтады.
Тартылған қайнар көздердің қаржысы бірінші орынды алады. Фирма басшылығының акцияны қосымша шығаруы немесе бақылау пакеті арасында сатып отыруы бірқатар инвесторлардың қаржыларын тартудың дәстүрлі тәсілі болып табылады. Бірақ бұл кезде фирма басшылығы саналы түрде бірқатар қауіпке барады. Олардың алғашқысы фирмаға билік етудің біршама бөлігін жоғалтып алудан тұрады. Сонымен бірге бұқара арсында акцияна табысты тарату күрделі міндет болып табылады. Ұсақ инвесторды жақсы жасалған бизнес-жоспармен қарата алмайсыз, ол ірі инвесторлар өте ірі күшті қажет етеді. Сондықтан да кәсіпорыннан акционерлік капиталды тарту үшін тағыды екі шартты ұстану керек. Ұсақ инвесторларды оларға дивиденттер үнемі төленіп, осы кәсіпорынның акциясының нарықтық бағалары төмендемейді деп сендіру керек, өйткені тек осы факторлар ғана акцияларды ұсақ инвесторлар үшін тартымды етеді. Ал ірі акционерлерді тарту үшін кәсіпорын оларға барынша ашық болу керек. Көріп отырғанмыздай, акционерлік капиталды тартудың стратегиясын таңдай отырып, кәсіпорын өзінің қаржылық менеджментін қайта ұйымдастыруда оңай емес қадамдарға баруға мәжбүр болады.
Тартылған қаржылар ішкі көздерден де болуы мүмкін. Олардың ішінде дәстүрлісі болып еңбек ақыға арналған қаржылар табылады. Өз жұмысшыларының еңбек ақысы бойынша қарыздың оңтайлы деңгейін тауып, бекіткеннен кейін кәсіпорын еңбекақы қорын жоғарылатқанда ол автоматты түрде инвестициялау көзі ретінде пайдалануға болатын қарызды да ұлғайтады. Бұл кезде қаржылардың барлығы айналым капиталына салымдар ретінде бағытталды, өйткені оларсыз бірде-бір коммерциялық жоба өмір сүре алмайды.
Займдарды банкирлер мен облигацияшылардан алуға болады. Банкирлер ссуда мен оның құнын қайтару туралы көп ойлайды. Несиені ұзақ мерзімге инвестициялауда не қамтамасыз ете алады? Тәжірибелі әрі сақ банктерге несиені уақытында қайтаруға кепілдік беру үшін кәсіпорын мүлкінен нені салуға болады? Осы сияқты үлкен сұрақтарға олар банктерге ссуда алуға бармастан бұрын кәсіпорын менеджерлері жауап берулері керек. Эмиссия кезінде корпоративті облигациялар акцияларға ұқсас болады.
Жобаны қаржыландыру тәсілін таңдауға оның бағыттылығы әсер етуі мүмкін. Әрекет ететін кәсіпорындарда өндірісті кеңейтумен байланысты жобалар үшін несиелердің көмегімен қаржыландыру тиімді деп саналады. Банкирлердің ойынша, бұл жердегі тәуекел үлкен емес, сәйкесінше несие құнын төмендетуге болады. Сонымен бірге мұндай кәсіпорындарда оның сенімді материалдық қамтамасыз етілуі болып табылатын активтер жетіп артылады. Ал керісінше, жаңа кәсіпорындарды жасау, ірі техникалық жаңалықтарды жүзеге асыру жобалар үшін пайлық немесе акционерлік капиталды тарту керек. Несиені жабу үшін пайыз төлеу арқылы оны жабу қатаң жүргізіледі, ал бұл көптеген кәсіпорындардың қолынан келмейді.
Қаржылық стратегия дегеніміз ол кәсіпорынның қаржылық ресурстарын басқарумен байланысты ұзақ мерзімді қызмет. Кәсіпорынның стратегиясы жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Қаржылық стратегия жеке этаптарға, яғни ішкі стратегияларға бөлінуі мүмкін. Стратегияның мақсаттары жүзеге асырылғаннан кейін, кәсіпорынның стратегиясын қайтадан қарастырады. Яғни оны өзгерту, жалғастыру, жақсартуы мүмкін. Қаржылық стратегия ішкі және сыртқы болып бөлінеді.
Ішкі стратегия - кәсіпорынның қызмет ететін қуатын үлкейтуге, негізгі капиталын кеңейтуге бағытталады.
Сыртқы стратегия - ол қаражаттарды кәсіпорындармен байланысты емес объектілерге салу арқылы капиталын кеңейту. Ішкі стратегия ол мерзімді қаржыландыру арқылы жүзеге асырылады, ал сыртқы стратегия бір уақытта қаржыландыру арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
Қаржылық тактика - бұл стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыру үшін арналған қысқа мерзімді қызмет. Стратегия мен тактика арасында қарама - қайшылықтар және бірлік бар. Қарама- қайшылығы: бір жағынан стратегияның мақсатта бос ақшалай қаржыландыруда инвестициялық қызметке жіберу арқылы кәсіпорынның ұзақ мерзімді рентабельдігін жоғарлату.
Тактиканың мақсаты - кәсіпорынның өтімділігін қамтамасыз етіп, тактикамен бір бағытта қызмет ету. Қаржылық тактиканың негізгі мақсаты - ағымдағы активтер мен пассивтерді тарту болып табылады.
1. 3 Қаржы менеджментінің ұйымдастыру саясатының мәні және маңызы
Қаржылық саясат жалпы мемлекеттің экономикалық әлеуметтік саясаты болып табылады және қаржы мен несие аймағында мемлекеттік қызметтің концепциясы, қаржы-несие механизмі, сонымен қатар елдің қаржы-несие саясатымен басқару.
Мемлекеттік қаржылық саясаттың негізін стратегиялық бағыттар құрайды. Олар қаржының ұзақ мерзімді және орта мерзімді қолдану перспективасын және негізгі мақсаттарға жетуді қарастырады. Қаржының функциясынан іс жүзінде пайда болатын және елдің экономикалық әлеуметтік дамуының сипатты белгісі болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық саясаттың басты мақсаттары:
- экономикалық өсудің тұрақтануы жүз жылдықтың соңына қарай жылына 5 пайыздан кем болмау керек;
- Экономикалық нарықты тиімді функциоландыруы үшін институционалдық өзгерістердің комплексінің пайда болуы;
- Экспорт пен өндірістің прогрессивті структуралық қозғалысының қамтамасыз етілуі;
- Табыстың өсуі және халықтың ұсынуы. Мемлекетпен белгіленген стратегиялық бағыттар экономикалық ситуацияның тұрақты факторларды бағалау және міндеттің тұрақты өсімге ауысуы негізделеді. Экономикалық және әлеуметтік реформаның комплексті өткізуіне бағытталған, мемлекеттік саясаттың позитивті процестері сату арқылы тіркеледі деп күтілуде. Қаржылық саясат, қаржылық тұрақтандыру ұлттық валютаның тұрақтылығын сақтауға, инвестициялық климаттың экономикада өзгеруіне бағытталады.
Салық саясатының эффективті өткізілуі ұлттық экономиканың өсуіне қажетті шарт. Салық реформасы салық жинауды жоғарлатуды және міндетті төлемдерді барлық алымдардың жүйесін оңайлатуға бағытталған.
Қаржылық саясаттың маңызды мақсаттарына - қаржылық және төлемдік тәртіпті күшейту, бюджеттік дағдарыстан шығу, инфляция деңгейінің әрі қарай төмендеуі, кәсіпорындардың қайта құрылу реформалануын өткізуі жатады.
Қаржы функциясынан және нақты жағдайдан шыға отырып, мемлекет қаржылық саясатты өткізу процесінде қаржы-несие механизмінің қалыптастастыруын іске асырады.
Қаржы-несие механизмі - басқару жүйесін және оның өндірісін басқару теориясы категорияларының қолданылуы мен тиімді функциялануы тікелей байланысты. Бірақ қаржы - несие механизмінің нақтылығын ашу күрделі, өйткені заң бойынша қаржымен басқару толық зерттелген жоқ. Негізгі жетістіктерді басқару - өндірістің жеткіліксіз бағалануында. Мұндай жағдайлардың себептері өндіріске қаржы және несиенің бүкіл халық шаруашылығына ықпал етудің күшейтетін актуалді мәселелердің шешіміне әдістемелік жағынан нұсқау береді.
Ұйымдастырудың нақтылығы функцияларда ашылады. Ұйымдастыру функциясы - бұл басқарудың белгілі бір қызметінің түрі, басқарушылық еңбекті мамандандыру процесінде біріктірілген.
Оларға жататындар: жоспарлау, координация, ынталандыру және бақылау . Қаржымен басқару сферасында басқару функциялары өзінің спецификалық мазмұнын иеленеді.
Жоспарлау. Жоспарлау - бұл дамудың ғылыми көзқарасы және кеңейтілген өндірістің жолдарын анықтау болып табылады. Қаржылық жоспарлау мемлекеттің экономикалық жоспарлауының құрамдас бөлігі болып табылады. Ол бөлек элементтердің өзара келісімін қамтамасыз етеді. Шығуы және шоғырландыру болған шаруашылықтың ішкі резервтерінде әрекеттеседі. Қаржымен басқару кезінде қаржылық жоспарлау жеткші және бағыттаушы рөлін атқарады және қаржы - несие жүйесінің бөлек звеноларында қаржылық және несиелік ресурстардың формаларын және тарату әдістерін бейнелейтін жоспардың негізінде пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz