Кәсіпорынның тәуекелділігін болжау



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны


Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 5
1 Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
... ... .. 9
1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні
1.2 1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің 16
пайда болу
себептері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .22
... ...
1.3. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық 33
Ж жағдайды болжаудың 33
тәсілдері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... . 35
2 Шығыс АҚ экономиқалық қызметі мен банкроттық мүмкіндігін
талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .44
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...
2.1 кәсіпорынның технико-экономикалық 44
мінездемесі ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Шығыс АҚ –ның банкроттыққа ұшырау қаупі және қаржылық жағдайын 50
талдау
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 57
... ... ... ... ... ... 67

3 Кәсіпорындарды қаржылай және экономиқалық сауықтырудың негізгі 71
бағыттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

3.1 ҚР казіргі кезеңдегі банкроттық және дағдарыс саласындағы іс
шаралары
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..

3.2 Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау ... ... ... ... ...

3.3 Кәсіпорынның тәуекелділігін болжау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Қорытынды ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .


Кіріспе

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің
экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгерістер
орын алуда. Нарықтық экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәсіпорынның
банкроттығы ұғымының пайда болуына әкелді. Банкроттық, банкроттық жағдай
және оны жою үшін қаржылық басқарудың арнайы әдістері қажет.
Қазіргі уақытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде
құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және
қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап
айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті,
өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған
байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың
көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзақ
мерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.
Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру
мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы
басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің
бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың
сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы
нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Жоғары денгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты
төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар
сот шешімі бойынша төлемқабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.
Банкроттық - кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық
механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық
саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің
негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
және қаржылық банкроттығы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын
жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Банкроттық – нарықтық экономика жағдайында объективті экономикалық құбылыс
болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын және Үкіметтің 2007-
2009 жылдарға арналған бағдарламасын орындау үшін Қаржы министрлігінің
Дәрменсіз борышкерлермен жұмыс комитеті әзірлеген “Қазақстан
Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Заңның 2008 жылғы 5 шілдеде
қабылданғаны белгілі.
Заңды қабылдаудың мақсаты төлемге қабілетсіз ұйымдарды оңалту
рәсімдеріне тарту арқылы оларды қаржылық-экономикалық тұрғыда жақсарту,
банкроттық саласындағы бірыңғай уәкілетті органды анықтау, конкурстық,
оңалту басқарушыларының, сырттай байқау әкімшілерінің әкімшілік
жауапкершілігін белгілеу, сондай-ақ “Банкроттық туралы” қолданыстағы заң
нормаларын жетілдіру болды. Осы заң негізінде Азаматтық және Қылмыстық
кодекстеріне, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске, Салық, Кеден және
Бюджет кодекстеріне, “Банкроттық туралы”, “Астық туралы”, “Жеке кәсіпкерлік
туралы” және “Мемлекеттік сатып алу туралы” заңдарға өзгерістер мен
толықтырулар енгізілді.
Банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-әрекеттер, қасақана банкроттық,
жалған банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттерді қылмыстық заңмен ауырлығы
орташа дәрежедегі қылмыстарға жатқызу кінәлі адамдарды жауапқа тарту
жұмысының тиімсіздігінің бір себебі болып табылатындықтан да аталмыш
өзгерістер енгізілді. Көп жағдайда бұл қылмыстар рақымшылыққа (амнистия)
түседі де, сотқа жетпейді, ал банкротқа ұшыраған ұйымдар басшыларының
әрекеттерімен келтірілген зиян бизнес саласына ғана емес, сонымен бірге
тұтастай экономикаға да әсерін тигізеді.
Бұған қоса, банкроттық рәсімдерде төлем қабілеті жоқ борышкерлердің
мүлкі мен істерін басқару функцияларын жүзеге асыратын тұлғалардың да
(конкурстық, оңалту басқарушыларының) аталған құқық бұзушылықтарды жасауы
мүмкін. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 215-бабының 2-бөлігіне де
банкроттық кезіндегі заңсыз әрекеттер үшін қылмыс субъектілерінің аясын
кеңейтетін тиісті өзгерістер енгізілді.
Қабылданған жаңа өзгерістер конкурстық, оңалту басқарушыларының, сырттай
байқау әкімшілерінің және басқа да субъектілердің банкроттық саласында
құқық бұзушылықтары үшін жауапкершіліктерін арттыруға мүмкіндік береді.
Соңғы кездері ғаламдық экономикалық дағдарыс ұлттық экономикамызға
айтарлықтай әсерін тигізді. Тоқыраудың екінші толқынының қатты соққысы
экономикамыздың “жүрегі” – қаржы жүйесіне әсер етпей қалған жоқ. Дегенмен,
Қазақстан Үкіметі дағдарыстың ауыр соққыларын қабылдайтын негізгі салаларға
қорған дайындауда. Сол қорған – 25 қарашада бекіткен экономиканы
тұрақтандыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары. Бұл
жоспардың мақсаты – ғаламдық дағдарыстың Қазақстандағы әлеуметтік-
экономикалық ахуалға тигізетін жағымсыз әсерлерін жеңілдету және
болашақтағы экономикалық өсімге қажетті негізді қамтамасыз ету. Бұған дейін
Мемлекет басшысы елдегі экономиканың ахуалын тұрақтандыруға Ұлттық қордан
10 млрд. АҚШ доллары бөлінетінін жария етті. Сонымен қатар, дағдарысқа
қарсы бағдарламаны дайындауда Үкіметке тапсырма беріп, Астанадағы ұлттық
инвесторлар кеңесінің жиынында осы қаржының қандай салаларға бағытталатынын
жеке-жеке таратып айтып берді.
Бұл қаржылар 2009-2011-інші жылдарға арналған үш жылдық бюджет аясында
жоспарланған шығыстарға қосымша ретінде бөлініп отыр. Президент анықтап
бергеніндей, ол бес бағытқа бағытталатын болады. Атап айтқанда, қаржы
секторының орнықтылығын қамтамасыз етуге – 4 млрд. доллар (480 млрд.
теңге), жылжымайтын мүлік нарығын тұрақтандыруға – 3 млрд. доллар (360
млрд. теңге), шағын және орта бизнесті қолдауға – 1 млрд. доллар (120 млрд.
теңге), агроөнеркәсіп кешенін дамытуға – 1 млрд. доллар (120 млрд. теңге),
серпінді инфрақұрылымдық және индустриялық жобаларды жүзеге асыруға – 1
млрд. доллар (120 млрд. теңге) бағытталатын болады
Осы жоспарда атқарылатын іс-қимылдардың барлығы айқындалып, нақты
жеткізілгенін, ең бастысы, осы ресурстарды пайдаланудың ашықтығы мен оны
бақылау және қабылданатын шешімдер қоғамға түсінікті болуы өте маңызды .
Бұл қаржылардың көзделген мақсатқа жұмсалуын Үкімет, Ұлттық банк, Қаржы
қадағалау агенттігі, “Самұрық-Қазына” ұлттық әл-ауқат қоры және “ҚазАгро”
ұлттық холдингі қатаң қадағалайды. Жоспардың орындалуына Үкімет тарапынан
“Самұрық-Қазына” қоры жауапты. Бұл мақсатқа Үкімет аталған қорды қосымша
қаржыландыруға 607,5 млрд. теңге бөлді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы,
төлемқабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын
анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып
табылады.
Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай
міндеттері:
-банкроттық ұғымының әлеуметтік-экономикалық, экономикалық-құқықтық
мазмұнын ашу;
-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен
белгілерін анықтау;
-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;
-банкроттыққа қарсы басқарудың кәсіпорында дамуын жетілдіру;
Зерттеу объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға
болады.
Зерттеу пәні банкроттықтың алдын алу шаралары бойынша теориялық және
практикалық мәселелер жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарда оны шешудің
жаңа бағыттарын талап ететін мәселелер.
Зерттеу дипломдық жұмысының әдістемесі мен әдістеріне негізінен отандық
және шетелдік ғалымдардың осы мәселе бойынша еңбектері мен ғылыми
мақалалары, сонымен бірге ғылыми семинарлар мен конференциялар
материалдары, баспа жариялымдары, т.б. жатады.
Дипломық жұмыстың зерттелу барысындағы ақпараттық негізі Қазақстанның
заңшығарушылық актілері мен нормативтік құжаттары, банкроттық кәсіпорынның
қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру сұрақтары бойынша мәліметтер, сонымен
қатар әсіресе орыс ғалымдарының кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау мен
банкроттыққа жол бермеу шаралары бойынша ғылыми еңбектері мен оқу
құралдары.
Сонымен бірге дипломдық жұмыстың жазылу барысында зерттеу тақырыбы
бойынша негізгі көрсеткіштер кестелер, сызбалар, суреттер мен графиктермен
сипатталған, сонымен қатар соңғы деректерге сәйкес статистикалық
мәліметтермен толықтырылған.

Ι. Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық
негіздері.

1.1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні.

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі оның қаржы-
экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бірақ бірқатар отандық
кәсіпорындардың қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс
таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда.
Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы ретінде соттың шешімі
мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс ресми түрде жарияланады.
Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы 07.04.1997 жылғы № 2173
Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын
қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен
бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмай жатады.
Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы
операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттемелердің
өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе
борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар
кіреді. [1].
Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен
міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың
алдында мүлік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында
орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің
жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара
тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық –
кәсіпорынның жойылуына негіз болатын төлемқабілетсіздігінің құқықтық
танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян
сөзі Banco – банк және gotto – құлдырау) – дәрменсіз, кәсіпорынның немесе
азаматтың қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз
болуы [2].
Рональд Коуз жазған еңбектерінде фирмалардың экономикалық
қатынастарын анықтаушы механизмдер және фирмалардың сыртқы дүниемен
экономика қатынасы қарастырылған. Фирмалардың теориясы тұрғысынан
банкроттық – дағдарыстың түрі ретінде қарастырылады. Кәсіпорындар әр түрлі
дағдарыстарға душар болады (экономикалық, қаржылық, басқару) және
банкроттық солардың біреуі ғана. Бұндай жағдайда банкроттықты – қаржылық
дағдарыс деп түсінуге болады, яғни фирмалардың өз ағындағы міндеттемелерін
орындауға қабілетсіздігі. Бұл айтылғандардан басқа фирма экономикасын
дағдарысқа ұшырауы мүліктік (фирмасын материалдық ресурстары тиімсіз
пайдаланылады) Басқару дағдарысы – адам ресурстары тиімсіз пайдаланылады –
басшылардың компетентсіздігін көрсетеді. [3].
Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша –
борышкердің төлемқабілетсіздігінің сотпен анықталуы немесе баланс
құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы. [4].
Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық – шаруашылық
субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның қарыз міндеттемелері бойынша
төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы [5].
Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша – нарықтық экономиканың қалыпты
құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес
нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.
Банкроттық - кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық
механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық
саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық қызметтің
негізгі көрсеткіштерінің өсу денгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін
және қаржылық банкроттықы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын
жақсартуға бағыттылған бағдарлама жасау керек.
Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды
сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық –
ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы
міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толық қанағаттандыруға
дәрменсіздігі. Банкроттық – кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның
төлемқабілетсіздігінің құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың
негізі соттың дәрменсіз деп тануы. Сонымен бірге қазақстандық зеттеушілер
төлемқабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты жауап берген:
төлемқабілетсіз – деп борышкердің өтеу мерзімі бойынша қаржы міндеттемелері
мен басқа да қарсы сипатындағы талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз –
деп кәсіпорынды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі
бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы [6].
Жалпы әрбір кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру
мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы
басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің
бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың
сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы
нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.
Экономика-құқықтық тұрғыда банкроттықты қарастыруда оны таза
экономикалық, немесе таза құқықтық деп бөлуге болмайды.
Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық
субъектісінің дәрменсіз болуының себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен
бірге, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни
бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, екінші
– фирмалар теориясына негізделеді.
Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын
экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттығы ретінде қарастырады,
ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға
душар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы.
Ұйымдастырушылық – құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан
туындайды, яғни ол макроэкономикалық, микроэкономикалық және қоғамдық
аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс
ретіндегі банкроттық.
Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы
соңғылардың төлемқабілетсіздігі мен міндеттемелері бойынша уақытылы қарызын
төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып
табылады (сурет 1).

Сурет 1. Банкрот жүйесіне қатысушылар
Мәлімет:Жунусов К.Х., Байтокаев К.Ш., Жанкубаев Б.А. Настольная книга
конкурсного управляющего. - Алматы, из-во “ Серпин”, 2003

Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмнің нормативті-
құқықтық базасы ретінде заңдар мен қабылданған заңдылық құжаттар
пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Банкроттық туралы Заңына сәйкес,
кәсіпорынның банкроттығы туралы шешімі ерікті немесе еріксіз түрде
қабылданады.
Банкроттық борышкердің сотқа жазған өтініші бойынша ерікті түрде
немесе оның өзінің банкроттығы жайында соттан тыс түрде кредиторлармен
келісімге келе отырып, ресми түрде хабарлауы жолымен жасалады. Ал еріксіз
түрде кредиторлардың немесе Банкроттық туралы Заңына сәйкес берілген
тұлғалардың өтінші негізінде жасалады.
Банкроттық жайында кредитордың өтінішімен сотқы баруына негіз болып
борышкердің төлеу қабілетінің болмауы болып табылады. Егер борышкер өзінің
міндеттемелерін үш ай ішінде орындай алмаса, оның төлем қабілеті жоқ деп
саналады. Ал егер де кредитордың борышкерге қойған талаптарының сомасы 150
айлық есепті көрсеткіштерден жоғары болса ғана, банкроттық жайында іс
сотпен қаралады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей
алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы,
міндеттемелелердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу
қабілетсіздігіне байланысты жағдайда болады. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы
құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі
мүмкін.
Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады.
Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерінің
қабылдау күрдешілікті және олардың нәтижесін болжау күрделілігімен
сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда
заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай
жағдай үшін мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: теріс
(жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс).
Кәсіпкерлік және тәуекел екі ажырамас түсінік. Банкроттық жағдайында
кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдығы жоғары болады.
Кәсіпкерлік процестің қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел К.Р.
мен Брю бойынша жеке қызығушылық: әрбір экономикалық бірлік өзіне тиімді
іске ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты кәсіпорынның пайдасын
максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады.
Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр [7].
Кәсіпкерліктің соңғы нәтежиесі-өндірілген өнім мен қызмет болып
табылады. Жалпы кәсіпорынның табысты дамуын қарастыруға болады, ол 4
сатыдан тұрады :
1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.
Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерліктің ең қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер
өзіне тиімді өзгерістер,яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-
пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі
бір уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Міне осы қабілет
әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және іске шығармашылықпен қарау
іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.
2) Бизнес-жоспарды құру.
Бизнес-жоспарды құру - күрделі мәселелердің бірі, яғни өзіне нарық
сегменттерін қосатын, оның қөлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг
жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып
табылады.
3) Қажетті ресурстарды табу.
Бұл ең бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы
деңгейден қаталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен
байланысты теріс зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
4) Құрылған кәсіпорынды басқару.
Әрбір кәсіпорынды басқару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің
басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың
шешуші тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім
қабылдаудан тұрады.
Ал жалпы жаңа кәсіпорын құру процесі 3 негізгі кезеңнен тұрады:
1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің қызмет түрін
және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық- құқықтық формасын таңдайды;
2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау
процестері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын енгізу
мәселелері шешіледі,
3-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағын кәсіпорынның ұйымдастырушылық
құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын,
басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.
Шаруашылық тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен
нәтежиелердің ара-қатынасы жатады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да
бар және олар келесідей:
1) Мақсатты анықтау.Ол пайдалылықтың негізін енгізуде маңызды болады.
Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мүдде деп атап көрсеткен екен. Ал
Аристотельде мүдде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап
етеді Біріншісі - қандай қызмет болмасын ең соңғы мүддені дұрыс табу.
Екіншісі - сол түпкі мүддені іске асыру үшін керекті құралдарды табу [9].
2) Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету құралдарын,
әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару сапасының өзара
үйлесуінің қамтылуы қажет.
3) Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда
шығармашалақ ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау-
ықыластың жоқтығы үшін мәселені қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа
мәселелерді іздеп қояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда
ғылыми тәсіл қолданылады.
4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төленетін қауіп-қатер де, адамдарды
жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да жатады.
5) Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз
болады, яғни оның негізгі объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым
өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы
тиіс.
6) Кәсіпкерлік кәсіпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар,
сандық сипаттары бар: жұмыскерлер саны, капиталдың жылдық айналымы,
кәсіпорындардың шамалары.
7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттері - ол қызмет
еркіндігі, субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет
өрісінде тәуелсіздік.
8) Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс
бағдарламасын қарастыруда көрінеді, мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.
9) Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік
түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.
Енді кәсіпкерге тән сипаттарды анықтайтын болсақ ол келесідей болады:
1) қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
2) өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы білімі мен
тәжірибесі болу;
3) өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды
ескеру, қаржы құралдарын тарта білу;
4) экономикалық ойлау қабілеттілігі, құдыретті болу, іскерлік
мәдениетті, тәжірибелі болу;
5) өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге
бару;
6) талдай білу және рыноктің мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар
болуы.
Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен қызметіне байланысты
жіктелінеді:
-біріншіден, көлемі бойынша:-шағын,орта,ірі;
-екіншіден, меншік түріне қарай:-жеке, мемлекеттік және аралас;
-үшіншіден, аумағы бойынша:-жергілікті, аймақтық, республикалық,
халықаралық;
-төртіншіден, салалық бағыты бойынша:-өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс,
көліктік, саудалық, инфрақұрылымдық;
-бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты:-өндірістік,
коммерциялық, қаржылық, кеңестік;
-алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:
-индивидуалды кәсіпкерлік, өндірістік кооперациялар;
-толық серіктестіктер; -сенім серіктестіктері;
-жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер;
-біріккен кәсіпорындар формалары;,
-акционерлік қоғамдар.
Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш
негізгі нысанын кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік,
корпорациялар.
1) Жеке шаруашылық дегеніміз әрбір меншік иесі жеке өзі ғана шешім
қабылдап, шаруашылықтың барлық ісіне жеке жауапкершілікті алатын, өндірісті
ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында АҚШ-та 7 миллионға
таяу жекеше шаруашылықтар болған. [10].
Артықшылығы: барлық істің жүруіне меншік иесі -қожайынның толық
бақылауы.
Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары
үшін жеке жауапкершілік.
2) Серіктестік дегеніміз-екі немесе бірнеше кәсіпкерлер кәсіпорын үшін
бірге шешім қабылдап, бірге жауап беретін өндірісті ұйымдастыру түрі болып
саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1 миллионнан астам
серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.
Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлық серіктестіктер бірдей иелік
етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.
Бұл кәсіпкерлік түрі көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет
көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске
байланыссыз болады.
3)Корпорациялар акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылады.
Айырмашылығы: кәсіпкер жеке меншік пен жеке меншік иесінен бөлінген, оның
қаржылық қызметі шектелген.
Артықшылығы: акцияларды сату арқылы едәуір капиталды іске қатыстыру
мүмкіншілігі, корпорацияның иелері ешқандай материалдыжауапкершілікке
тартылмайды.
Кемшіліктері: акция иелерінің барлығы бірдей корпорацияны басқару
ісіне қатыса алмайды, салық жалпы табысқа салынуымен қатар әрбір акция
иелерінің дивидендіне де салынады.

Қазіргі уақытта көптеген отандық кәсіпорындардың қаржылық қиындықтары
бар, ол сыртқы жалпы мемлекеттік мәселелермен (заң шығарушылық базаның
жетілмегендігі, саяси жағдайдың тұрақсыздығы, өндірістің құлдырауы) және
ішкі мәселелермен (тиімсіз маркетинг, құралдарды тиімсіз пайдалану, тиімсіз
өндірістік менеджмент, қаржы ағымдарының тепе-теңсіздігі) байланысты.
Жоғарыдағы факторлар жиынтығы кәсіпорынның қаржы жағдайының диагностикасын
үнемі жүзеге асырылуын қажет етеді, ол кәсіпорынның банкроттыққа қарсы
басқару механизмін жүзеге асыру мақсатында болады.

1.2 Кәсіпорын банкроттығы мен төлемқабілетсіздігінің пайда болу себептері

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің
балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының
тиімсіз болуынан туындайды.
Жалпы абсолютті төлемқабілетті кәсіпорын деп міндеттемелері жоқ және
капиталының құрамы толық өзіндік капитал болып табылатын төлемқабілетті
кәсіпорындар жатады. Кәсіпорынның төлемқабілетсіздігі міндеттемелердің
мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кері пропорционалды
болады. Сондықтан кәсіпорынның төлемқабілетсіздігінің негізгі себептеріне,
1-ден, пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар, 2-ден,
міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады .
Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады,
егер:
-тауар бастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз,
бағасы жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, рынокта ол өніміне
деген сұраныс азаяды;
-жіберілген өнімге төлемнің қайтарылмауының өсуі, яғни кәсіпорын
сенімсіз сатып алушылармен байланыста болып немесе сатып алушыларды еріксіз
таңдағанда орын алады;
-тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т.б. шектеулер орнату арқылы
рынокты шектеу;
Ал міндеттемелердің озып өсуі келесі жағдайларда орын алады:
-кәсіпорынның тиімсіз ұзақмерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асыруы;
-кәсіпорынның өндіріс көлемі мен табысының өсуіне әкелмейтін, жұмыс
істемейтін қорлармен жүктеуі;
-кәсіпорын құралдары пайдаға қатысы жоқ есеп айырысулармен жүзеге
асырылуы;
-кәсіпорынның зиян шегуі;
Жоғарыдағы аталған төлемқабілетсіздіктің жалпы себептерінің жиыны
мемлекет өндірісі мен нарыққа тәуелсіз өз міндеттемелері бойынша уақытылы
есептесу қиындықтарына душар болған барлық кәсіпорындарға тән.
Сонымен бірге, ақшалай ағымдарды жоспарлау мен басқарудың болмауынан
жағдай қиындайды.
Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан
артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы
айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы,
яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне
ұшырайды.
Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті
себептері бар.
1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті себептері:
-экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын базаларының,
қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі;
-инфляцияның аса жоғары деңгейі;
-фирманың құнды қағаздарының нарықтық құнының төмендеуі;
-бәсекелестіктің жоғары деңгейі және соның нәтижесінде пайда болған
сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі
және сәйкесінше өндіріс шығынының төменемеуі;
2. Шаруашылық жүргізуіне тікелей қатысты субъективті себептер:
-банкроттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;
-жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық
зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;
-өндіріс көлемінің төмендеуі;
-ұқсас бірақ сапасы жоғары өнімдерінің бағасына кейбір түрлердің
бағаларының жақындауы;
-ақталмаған жоғары шығындар;
-өнімнің төменгі рентабельдігі;
-өндіріс циклының өте көлемді болуы;
-үлкен қарыздар мен өзара төлей алмаулар;
-ескі басқарма басшыларының нарықты құруға бейімделе алмауы, сұранысы
жоғары өнімдерді шығаруда іскерлік танытпауы, инвестициялық, бағалық,
қаржылық саясаттың тиімділік таңдай алмауы;
Кәсіпорындардың жаппай банкроттыққа ұшырауы жағымсыз әлеуметтік
қиындықтарға соқтыруы мүмкін, сондықтан нарықтық экономикасы дамыған
елдерде, оларды толық күйреуден қорғау мен алдын алудың белгілі механизмі
қалыптасқан. Осы механизмнің негізгі элементтері мыналар:
-банкроттықты құқықтық реттеу;
-кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім
қабылдау процестерінің нормативтік - әдістемелік, экономикалық, ұйымдық
қамтамасыз етілуі;
-келешегі бар (перспективалы) тауар өндірушілерді қолдау мақсатында
төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
-банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
-кең ауқымды қоғам үшін банкрот жайында ақпараттар жариялылығын
қамтамасыз ету [11].
Ресейлік зерттеулер жоғарыдағы аталған факторлар жиынынан, яғни
кәсіпорын дамуына кедергі келтіретін факторларды екі топқа бөледі: сандық
және сапалық [12].
Сандық, тәжірибеде сандық индикатор қолданылады, ол банкроттықты
болжауға мүмкіндік беретін – z-есебің, оның негізінде қаржылық
көрсеткіштердің қатынасы өлшенген салмада болады:
“Z есебі” = айналым капиталыактивтер * 1,2 + бөлінбеген
пайдаактивтер *1,4 + өндірістік пайдаактивтер * 3,3 + акцияның нарықтық
құныактивтер * 0,6 + сату көлеміактивтер * 1; (1)
Банкроттықтың ықтималдығы:

“Z есебі” = 1,80 немесе аз жағдайда - өте жоғары;

“Z есебі” = 1,81-2,7 жағдайында жоғары;

“Z есебі” = 2,8 – 2,9 – мүмкін,

“Z есебі” = 3,0 және одан жоғары болса – ықтималдығы аз.

Z1,81 – банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы;
Z3,0 – банкроттықтың төмен ықтималдық аймағы;
1) Банкроттықты болжайтын сапалық факторларға:
-қаржы есебінің нашарлығы және шығындарды қадағалау қабілетсіздігі;
-өнеркәсіптің құлдырауы;
-компания басшылығының тәжірибемсіздігі;
-ұзартылған міндеттемелерді өтей алмауы;
-кәсіпорынды қосымша қаржыландыруға қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәукелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-коммерциялық тәуекелдің жоғары деңгейі;
-нарықтық өзгерістерге жылдам бейімделуге қабілетсіздігі;
-жеткіліксіз сападағы бухгалтерлік және қаржы есебі жүйесі;
-тұтынушылардың талап-тілектерінің өзгеруіне сәйкес өндірісті
бейімдеуге қабілетсіздігі;
Кәсіпорынның банкроттық ықтималдығын болжау үшін нарықтық экономикасы
дамыған шет елдерде жай және айрықша акциялардың нарықтық құны, қаржылық
шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын балансының
негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен
қолданылады. [13].
Бұл модель 1968 жылы болжаудың бас факторлы моделі ретінде пайда болған.
Осы модельді жасау барысында Э. Альтман 66 өнеркәсіп орындарын зерттеген,
оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы табысты болған. Ол мүмкін болатын
банкроттықты болжау үшін ұжымды болып келетін 22 талдау коэффициентін
зерттеген.
Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық жағдайын, гүлденіп оөсіп
келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра отырып, олардың
банкроттық ықтималыдығына байланысты дәрежесін және салмақтық
коэффициентісін анықтап, бас негізгі көрсеткішті шығарған. Э. Альтманның
жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттілік индексі) мынадай:

Z = 1,2 + К1 + 1,4К2 + 3,3К3 + 0,6К4 + 1,0К5 (2)

Мұндағы; К1 = меншікті айналым қаражаттарактивтер;
К2 = бөлінбеген табысактивтер;
К3 = пайыз бен салық төлуге дейінгі табысактивтер;
К4 = акцияның нарықтық құныактивтер;
К5 = өткізуден түскен табысактивтер;

Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша Э.
Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіподақ үшін
есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады.
Бұл кәсіпорындар арасында шек коюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің
банкроттыққа ұшырап (z 2,675 болғанда) және (z2,675 болғанда)
басқалардың қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік
береді.
Сонымен қатар 1977 жылы Э. Альтман 7 факторлы моделін ұсынды, ол
модельдің дәлдігі 70% дейін болды және банкроттықты бос жылға жоспарлауға
мүмкіндік береді. Бұл жеті факторлы модель келесі көрсеткіштерді қамтиды.
-активтердің рентабельбілігі;
-пайданың динамикасы;
-несие бойынша пайызды өтеу коэффициенті;
-ағымдағы өтімділік коэффициенті;
-автономия коэффициенті;
-жиынтық активтер;
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына ақпараттық
жетіспеушілігі қиындық туғызады (талдау есебінің мәліметтері қажет, ал ол
сыртқы пайдаланушыларда жоқ).
Сонымен бірге банкроттыққа сыртқы және ішкі факторлар әсер етеді.
Сыртқы факторларға халықаралық, ұлттық, рыногтық, ал ішкі факторларға
фирманың бәсекелестік ортасы, қызмет принципі, ресурстар мен оларды
пайдалану, маркетингтік стратегиялар мен саясаты және қаржы менеджменті
жатады. Сыртқы факторлар:
1.Халықаралық факторлар.
1.1.Жалпы экономикалық: экономикалық даму циклдылығы;
-дүниежүзілік қаржы жүйесінің жағдайы;-транұлттық банктердің қаржы
саясаты;
1.2.Халықаралық саясаттың тұрақтылығы: -халықаралық келісім-шарт жасасу;
-еркін экономикалық аймақтар құру; -тарифтік келісімдер;
-халықаралық маркетингі.
1.3.Халықаралық бәсеке: -бірлескен кәсіпорындар құру; -лицензиялық сауда;
-фирмлық бәсекенің нарықтығы үлесін арттыру;
2.Ұлттық факторлар.
2.1.Саяси:-қаржы жүйесінің жағдайы;-меншікке деген қатынас;-мемлекеттік
жер саясатының принциптері;-мемлекеттің кәсіпкерлікке қарым-қатынасы;-
салық саясаты;-монополизмді шектеу;-бәсекені қолдау;-тұтынушылар мен
кәсіпкерлерді құқын қорғау шаралары;
2.2.Экономико-демографиялық факторлар:-халықтың табысының деңгейі;-сатып
алушылардың қабілеттілік денгейі;-несие алу мүмкіндігі;-кәсіпкерлік
белсенділігі;
3.Рыногтық факторлар.
3.1.Психологиялық: -тұтынушылардың таңдауы, талғамы, әдеттері мен
дәстүрлері, тұтынушы нормасы;
3.2.Ғылыми-технологиялық:-технологи ялық жаңалықтар;-өнімнің бәсекелік
қабілеттілігі; (денгенмен банкроттықтың ең күшті сыртқы факторы
технологиялық өзгерулер-ірі ғылыми-технологиялық қозғалыстар болып
саналады). Ішкі факторлар:
1.Фирманың бәсекелік ортасы:-саланың қызметінің мақсаты;-дәстүрлер,
репутация және имидж;-персоналдың біліктілік құрамы;-нарықтағы үлесі және
циклдық кезеңдері.
2.Қызметтің принциптері:-меншік формасы;-басқарудың ұйымдастырушылық
формасы;-инновациялық қызмет;-өндірісті басқару жүйесін ұйымдастыру;-
өндірістің диверсификациясы.
3.Ресурстар мен оларды пайдалану:-өндірісітің әдістері мен құрылымын
жетілдіру;-өндірістік циклдың ұзақтылығы;-өндірістік қорладың денгейі;-
қаражаттар айналымы.
4.Маркетингтік стратегиялар мен саясаты:-нарықты сегменттеу;-тауар
саясаты;-баға саясаты;-өткізу, сату саясаты;-стратегиялық мақсаттар мен
сатуды болжау.
5.Қаржы менеджменті:-баланстың құрылымы;-төлемқабілеттілік;-өтімді лік;-
капиталдың құны.
Жалпы төлемқабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан
артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т.б. туралы
айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы,
яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдайда қаржылық басқару дертіне
ұшырайды 5.
Кәсіпорынның дәрменсіз, төлемқабілетсіз қызмет атқаруы келесі факторларға
байланысты:
1. Акция қаражаттырының қозғалысының жалпы міндеттемелерге қатынасын
көрсететін көрсеткіштің айтарлықтай шамасы;
2. Төмен рентабельдік;
3. Тұрақсыз табыс;
4. Акционерлік қоғамдық акциясының бағасы бірден төмендеуі;
5. Дивиденд төлемдерінің азаюы;
6. Тұрақты шығындардың жалпы шығындарға қатынасының жоғарғы көрсеткіші;
7. Акцияның нарықтық құны мен оның баланстық құны арасындағы айырмшылықтың
орны алуы;
8. Айналымнан тыс активтердің қажетті деңгейін қолдауда қабілетсіздік
таныту;
9. Қарыз міндеттемелерінің жоғарғы мөлшері;
Ал сапалық факторларына:
1.Қаржы есебі жүйесінің нашарлығы және шығындарды бақылауға қабілетсіздігі;
2. Басшылық тәжірибесіздігі;
3. Міндеттемелерін уақытылы өтей алмау;
4. Заңсыз іс-әрекеттердің орын алуы;
5. Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту;
6. Қосымша қаржылану көздерін алуға кәсіпорынның қабілетсіздігі;
7. Басшылықтың сыртқы ортадағы өзгерістерге тез бейімделе алмауы;
8. Бухгалтерлік және қаржы есебінің жеткіліксіз сапалы жүйесі;
9. Қарыз келісім-шарттарын жиі қарау;
10. Жалға беру мен жалға алу келісім-шарттарын жиі құрастыру;
Америка Құрама Штатында кәсіпкерлікті тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға
ие. Әр түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға
негізделген. Солардың бірі “шағын бизнес туралы заң”. Америка Құрама
Штатының когрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады
[14]
Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет атқарады.
Әкімшіліктің басты функциясы - шағын бизнесті жан-жақты қолдау.Әрбір штатта
әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық бөлімшелер шағын
бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге
көмектеседі.
Сонымен қатар, Америка Құрама Штатының кәсіпкерлік саясатының негізгі
бағыттарының бірі - ол қаржы түсімдерін реттеу болып табылады. Ол екі
бағытта жүзеге асырылады:
1) бюджеттен мақсатты бағытталған субсидиялар;
2) қаржыландыру үшін жеке капиталдарды тарту;
Бұл бағытты іске асыруда АҚШ-та Шағын Бизнестің Әкімшілігі құрылған және ол
шағын кәсіпкерлікке қаржылық, кеңестік, материалдық көмектеседі,
кәсіпкерлерді оқыту мен дайындауды жүзеге асырады. Шағын Бизнес Әкімшілігі
шеңберінде келесі бағдарламалар жүзеге асырылады:
1) халықаралық саудада көмек;
2) ғылыми-техникалық зерттеулер;
3) әйел-кәсіпкерлерге көмектер;
4) ардагер-кәсіпкерлерге көмек көрсету жұмыстары;
5) ұлттық кәскерлікті дамыту және т.б.
1.3. Кәсіпорынның банкрот болу мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды
болжаудың тәсілдері

Қазіргі экономика ғылымының өз қарауында қаржылық көрсеткіштерді
болжаудың әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар. Кәсіпорынның банкрот болу
мүмкіндігінің тұрғысынан қаржылық жағдайды болжаудың 4 негізгі тәсілін
қарастырамыз:
А) несие беру қабілеттілігі индексінің есебі;
Ә) формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
Б) төлем қабілеттілігі көрсеткіштерін болжау;
В) қаржылық ағымның құйылуын талдау.
А. Несие беру қабілеттілігі индексінің есебі.
Қаржылық болжауда бағалардың эксперттік бағалау әдісі мен экономика-
математикалық модельдеу қолданылуы мүмкін. Экономика-математикалық
модельдеу көрсеткіштер динамикасын келешекте қаржылық процестердің дамуына
тигізетін факторлар әсеріне байланысты белгілі дәрежеде дәл анықтауға
мүмкіндік береді. Экономика-математикалық модельдеудің қаржылық болжамының
ең тиімдісін алу үшін, ол эксперттік бағалау тәсілімен толықтырылады,
нәтижесінде қаржылық процестердің сандық мәндеріне түзетулер жасауға
мүмкіндік туады. Жалпы әлемдік практикада кәсіпорынның тұрақтылығын болжау,
оның қаржылық стратегиясын таңдау, сонымен қатар, оның тәуекелділігін
анықтау және банкроттығын болжау үшін экономика-математикалық модельдер
қолданылады.
Банкроттықтың ықтималдығын бағалаудың ең жиі қолданылатын әдісі
белгілі американ экономисі Э. Альтман ұсынған Z модельдері.
Осы модельдердің ішіндегі ең қарапайым екі факторлы модель болып
табылады. Ол негізгі екі көрсеткішке негізделеді. Э. Альтманның пікірі
бойынша банкроттықтың ықтималдығы: кәсіпорынның жалпы жабу коэффициенті
немесе ағымдағы өтімділік , яғни кәсіпорынның активтерінің
өтімділігін сипаттайтын коэффициентке және кәсіпорынның қаржылық
тұрақтылығын сипаттайтын қаржылық тәуелділік коэффициентіне байланысты
болып табылады. Эмпирикалық жолмен табылған бұл көрсеткіштер
коэффициенттердің салмақтық мағынасына көбейтіліп, нәтижелері белгілі бір
тұрақты өлшеммен қосылады, ол да тәжірибелік-статистикалық тәсілмен
табылады. Егер нәтиже (Z) теріс болса, банкроттық ықтималдық үлкен емес. Ал
егер Z мәні оң болатын болса, ол банкроттық ықтималдылығының жоғары екенін
көрсетеді.
Америка тәжірибесінде мынандай коэффициенттердің салмақтық мәндері
қолданылады.
• жабу немесе ағымдағы өтімділік көрсеткіші үшін:

• баланстың пассивіндегі заемдық қаражаттың үлес салмағының
көрсеткіші үшін:

• тұрақты шама –(-0,3877).
Бұдан Z есебінің формуласы мынандай болады:
Z=-0,3877+К ∙(-1,0736)+К∙ 0,0579.
Мұнда:
Ағымдағы өтімділік коэффициенті = Ағымдағы активтер Ағымдағы
міндеттемелер
Қаржылық тәуелділік коэффициенті = Заемдық қаражаттар
Көздердің жалпы көлемі (баланс валютасы)

Z=0 болғанда кәсіпорындар үшін банкроттық ықтималдығы 50%-ға тең.
Егер Z0 болса, онда банкроттық ықтималдығы 50%-дан кем болады, және Z
төмендеген сайын пайыз да төмендей береді. Егер Z0 болса, онда банкроттық
ықтималдығы 50%-дан асып, Z өскен сайын ұлғая береді.
Осы модельдердің ерекшелігі оның қарапайымдылығы, оның кәсіпорын
жайында ақпарат көлемі шектелген жағдайда қолданылу мүмкіндігі болып
табылады.
Бірақ берілген модель банкроттықты болжауда жоғары дәлдікті
қамтамасыз етпейді, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайына басқа маңызды
көрсеткіштердің (табыстылық активтердің берілуі, кәсіпорынның іскерлік
белсенділігі) әсерін есепке алмайды. Болжаудың қатесі екі факторлы
модельдің көмегімен мына аралықта бағаланады.
∆Z=+-0.65(9).
Отандық кәсіпорындар басқа жағдайларда жұмыс істейді, біздің
елімізде инфляция қарқыны макро- және микроэкономика циклдері, сонымен
қатар өндірістің энергия, қаржы және еңбек сыйымдылығы, еңбек өнімділігі
деңгейі, салық ауырпалығы басқаша болып келеді. Осыған байланысты бұл
жоғарыда көрсетілген коэффициенттер мәнін біздің жағдайда ойламай бірден
пайдалану мүмкін емес. Бірақ модельдің өзін, басқа еліміздің нарығына
сәйкес келетін көрсеткіштермен алмастырып, отандық есеп және есеп беруде
банкрот кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы ақпараттар толық болған
жағдайда қолдануға болар еді.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін көрсеткіш
болғандықтан, толығырақ болжау алу үшін, американдық тәжірибе сатылған
өнімнің рентабельділігінің өзгеру тенденциясын және деңгейін ескеруді
ұсынған. Бұл бакнкроттық тәуекелдік көрсеткішін (Z) және өнім сатудың
рентабельділік деңгейін қатар салыстыруға мүмкіндік береді. Егер бірінші
көрсеткіш қауіпсіз шекте болса және өнім рентабельділігінің деңгейі жоғары
болса, онда банкроттық ықтималдылығы өте аз болады.
Нарықтық экономикасы дамыған шет елдерде кәсіпорынның банкроттық
ықтималдылығын болжау үшін жай және айрықша акциялардың нарықтық құны,
қаржылық шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп және кәсіпорын
балансының негізінде есептелетін Э. Альтманның көп факторлы моделі кеңінен
қолданылады. [15]
1968 жылы ол болжаудың бес факторлы моделін ұсынған. Осы
модельдерді жасаған кезде Э. Альтман өнеркәсіптің 66 кәсіпорынын қарап
тексерген. Оның жартысы банкроттыққа ұшырап, жартысы жақсы жұмыс істеген.
Ол мүмкін болатын банкроттықты болжау үшін ұтымды болып келетін 22 талдау
коэффициентін зерттеген. Банкрот болған америка фирмаларының қаржылық
жағдайын, гүлденіп өсіп келе жатқан кәсіпорындар көрсеткіштерімен салыстыра
отырып, олардың банкроттық ықтималдылығына байланысты дәрежесін және
салмақтық коэффициентін анықтап, бес негізгі көрсеткішті шығарған Э.
Альтманның жалпы түрдегі моделі (несие қабілеттік индексі) мына түрде
көрсетіледі:

Z=1,2+К1+1,4хК2+3,3хК3+0,6хК4+1,0хК 5.

Мұндағы: К1 - К5 келесі түрде есептелінеді:

Меншікті айналым қаражаттары Барлық активтер

Бөлінбеген табыс Барлық активтер

Пайыз бен салық төлеуге дейінгі табыс Барлық активтер

Меншікті (акционерлік) капиталдың нарықтық бағасы (жай және
айырықша акциялар) Қатыстырылған капитал (баланс бойынша заем
қаражаттарының сомасы)

Өткізуден түскен табыс Барлық активтер

Z индексінің шекті мәні статистикалық сұрыптау мәліметтері бойынша
Э. Альтманның есептеуінше 2,675 болды. Осы өлшеммен нақты кәсіпорын үшін
есептелген несие қабілеттілік индексінің мәні салыстырылады. Бұл
кәсіпорындар арасында шек қоюға және болашақта (2-3 жыл) біреулерінің
банкроттыққа ұшырап (Z2,675 болғанда) және (Z2,675 болғанда) басқалардың
қаржылық жағдайы тұрақтануы жөнінде пікір айтуға мүмкіндік береді.
Кестеде Z-шотының мәні мен банкроттық ықтималдығы көрсетілген.
Статистикалық амал қауіпті аймақтың шекарасын анықтауға мүмкіндік береді.
Z1,81 – банкроттықтың жоғарғы ықтималдық аймағы, Z3,0 - банкроттықтың
төмен ықтималдығының аймағы және осыған сәйкес компанияның топтастыруын
жүргізу керек.
Бір жылға нақты болжау дәлдігі 95% құрайды, ал екі жылға 83%-ға дейін,
бұл модельдің үлкен құндылығын көрсетеді. Бір кемшілігі сол, оны өзінің
акцияларын биржаларда бағалайтын ірі компанияларда ғана қолдануға болады.
Басқа да белгілер мәлім болды, мысалы, Британ ғалымдары Тофлер мен Тншоу
1977 жылы төрт факторды болжамдық модельді ұсынды. Сол жылы Э. Альтман
банкроттық ықтималдылығын 5 жыл бойы қадағалауға мүмкіндік беретін жеті
факторлы модельді жасады, оның дәлдігі 70%-ға дейін болады (1 кесте).
Кесте 1
Банкроттықтың ықтималдық дәрежесі
Z-шоттың мәні Банкроттықтың ықтималдығы
1,81 және одан төмен өте жоғары
1,81-ден 2,70 дейін жоғары
2,71-ден 2,90 дейін мүмкіндік бар
3,0 және жоғары өте төмен

Мәлімет:Грязнова А.Г. Антикризисный менеджмент 24 б. М., “ЭКМОС”, 2005

Бұл модель келесі көрсеткіштерді қамтиды:
1) активтердің рентабельділігі;
2) пайданың динамикасы;
3) несие бойынша пайыздарды жабу коэффициенті;
4) комулятивті түсімділік;
5) ағымдағы өтімділік коэффициенті;
6) автономия коэффициенті;
7) жиынтық активтер.
Бұл модельдің құндылығы өте дәлдігінде, бірақ қолданылуына
ақпараттың жетіспеушілігі қиындық туғызады (сыртқы пайдаланушыларда жоқ
аналитикалық есептің мәліметтері қажет).
Ә. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану.
Жоғарыда көрсетілген көп факторлы модельдер, қор биржасында
өздерінің акцияларына баға кесетін компаниялар үшін ғана мүмкін болады.
Сонымен қатар белгінің тек біреуіне бағытталу теория жағынан өте жағымды,
ал іс жүзінде ақталмаған. Сондықтан аналитикалық шолумен, болжаумен және
кеңес берумен айналысатын көптеген аудиторлық фирмалар мен басқа
компаниялар өздерінің аналитикалық бағалауында белгілер жүйесін қолданады.
Мысал ретінде аудит практикасын талдап қорыту (Ұлыбритания) бойынша
комитеттің ұсынысын келтіруге болады. Бұл көрсеткіштерді екі топқа бөлуге
болады:
Бірінші топқа динамикасының өзгеруі немесе жағымсыз ағымдағы мәндері
келешекте банкроттық және қаржылық қиыншылықтардың болуы мүмкіндігін
көрсететін динамикасының өзгеруі немесе белгілер мен көрсеткіштер жатады.
Оған жататындар:
• негізгі өндіріс қызметіндегі қайталанатын елеулі шығындар;
• ұзақ мерзімді салымдардың көзі ретінде қысқа мерзімді
заемдарды шамадан тыс қолдану;
• мерзімі өткен кредиторлық борыштың кейбір қауіпті деңгейінің
өсуі;
• өтімділік коэффициентінің тұрақты төмен мәндері;
• айналым қаражаттарының аса тапшылығы;
• қаражаттар көзінің жалпы сомасындағы қарыздар үлесінің қауіпті
шектеріне дейін тұрақты өсуі;
• дұрыс емес қайта инвестициялау саясаты;
• инвесторлар, кредиторлар және акционерлер алдында
міндеттемелерді үнемі орындамау;
• дебиторлық борыштың жоғары үлес салмағы;
• нормадан тыс, жатып қалған тауарлар мен өндіріс қорларының
болуы;
• банктік жүйедегі мекемелермен қатынасының нашарлауы;
• тиімсіз шарт бойынша жаңа қаржылық ресуртар көзін пайдалану
(мәжбүрлі);
• пайдалану мерзімі өтіп кеткен жабдықтарды өндіріс процесінде
қолдану;
• ұзақ мерзімді келісімдерді потенциалды жоғалту;
• тапсырыстар портфеліндегі жағымсыз өзгерулер.
Екінші топқа жағымсыз мәндері ағымдағы қаржылық жағдайды шекті
жағдай түрінде қарастыруға негізделмейтін белгілер мен көрсеткіштер кіреді.
Оған жататындар:
• басқару аппараттарының белді қызметкерлерінен айырылу;
• мәжбүрлі тежеулер, сонымен қатар өндірістік техникалық
процестердің ырғақтылығының бұзылуы;
• кәсіпорынның активті түрі, жабдықтың типі, нақты бір жобадан
тәуелді болуы;
• жаңа жобаның табыстылығы мен сәттілігіне орынсыз сену;
• кәсіпорынның немен аяқталатыны белгісіз сот ісіне араласуы;
• тиімді ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық тәуекелділікті басқарудың теориялық негіздері
Несие тәуекелділігі жайлы
Тәуекелділік туралы
Корпорацияның жүйелік тәуекелділігін талдау
Қарыз алушының несие
Қазіргі жағдайда толық есепке ала отырып, банкрот проблемасын толық түсіндіру
Кәсіпкерлік тәуекелділік: түрлері мен типтері және оның зардаптарын жеңілдету жолдары
Бизнес-жоспарды құру негіздері: кәсіпорын, өнім, маркетинг
Ағымдағы міндеттемелер
Несиелік тәуекелді бағалау әдістері
Пәндер