Кәсіпорынды басқаруда бөліксіздік таныту


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 5

I-ТАРАУ. КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ
ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 7

  1. Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні 7
  2. Кәсіпорын банкроттығы мен пайда болу себептері 11
  3. Кәсіпорынның қаржылық және экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етудің мүмкіндігі және объективті қажеттілігі . . .

П-ТАРАУ. «АЛТЫН ЖІП» АК, -НЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ КЫЗМЕТІ МЕН
БАНКРОТТЫҚ МҮМКІНДІГІНЕ АНАЛИЗ 21

  1. Кәсіпорынның технико-экономикалық мінездемесі 21
  2. «Алтын жіп» АК - ның банкроттыққа ұшырау каупі және қаржылық жағдайын талдау 24

Ш-ТАРАУ. КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛАЙ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ
САУЫҚТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ 39

  1. Банкроттың алдын алу 39
  2. Банкроттыққа қарсы стратегиялық жоспарлау 43

ҚОРЫТЫНДЫ 49

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 51

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы кәсіпорындарында соңғы жылдары еліміздің экономикалық нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты түбегейлі өзгepicтep орын алуда. Нарықтык экономикаға өту біздің қаржы саясаты үшін кәспорынның банкроттығы ұғымының пайда болуына әкелді. Тұрақсыз экономикалық даму, жоғарғы инфляция, салық, саясатының тұрақсыздығы, саяси тұрақсыздық, кәсіпорын менеджерлері біліктілігінің жeткiлiкciздiгi жағдайында банкроттықтың мәні артады. Банкроттық банкроттық жағдай және оны жою үшін қаржылық баскарудың арнайы әдістері кажет.

Kaзipгi уакытта кез келген кәсіпорынның шаруашылық субъектісі ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы рынокта билікті серіктерін таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен ic-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болды. Дегенмен, шаруашылық субъектілер мен кәсіпорындардың көпшілігі төлемқабілетсіз және дәрменсіз болуы экономиканың дамуының ұзакмерзімді перспективасы жолында күрделі кедергі болды.

Жалпы әp6ip кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жаткан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың, рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әрі нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткіштер жағынан ерекшеленетін өнім турлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын ныхайтуға ұмтылады.

Жоғары деңгейдегі бәсеке жағдайында әрбір кәсіпорын мақсаты төлемқабілетті және қаржылай тұрақты болу. Дегенмен, кейбір кәсіпорындар сот шешімі бойынша төлемкабілетсіз деп танылып, банкротқа ұшырайды.

Банкроттык-кәсіпорынның ұдайы өндіpiс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның, қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық кызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттығы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жаксартуға бағытталған бағдарлама жасау керек.

Банкроттық - нарыктық экономика жағдайында объективті экономикалык құбылыс болғандықтан Қазақстанда ол оны сауықтырудың құралына айналмады.

Сондықтан бұл жұмыстың максаты кәсіпорындардың банкротқа

ұшырауы, төлемқабілетсіз болу ce6eптepi, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын аныктау, банкроттыққа қарсы басқарудың ролі мен маңызын зерттеу болып табылады.

Қойылған мақсатқа сәйкес және мәселенің зерттелу маңыздылығына қарай міндеттері:

-«банкроттық; » ұғымының әлеуметтік-эконмикалық, экономикалық-құқықтың мазмұнын ашу;

-кәсіпорындағы банкроттықтық жағдайлардың пайда болу себептері мен белгілерін анықтау;

-кәсіпорын дәрменсіздігінің даму кезеңдерін сипаттау;

-банкроттыққа қарсы баскарудың ксіпорында дамуын жeтiлдipy;

Зерттеу объектісі ретінде банкроттыққа ұшыраған кәсіпорындарды атауға болады.

Зерттеу пәні банкроттықтьң алдын алу шаралары бойынша теориялық және практикалық мәселелер жиынтығы және Қазақстан кәсіпорындарда оны шешудің жаңа бағыттарын талап ететін мәселелер.

Зерттеу жұмысының әдістемесі мен әдістеріне негізінен отандык және шетелдік ғалымдардың осы мәселе бойынша еңбектері мен ғылыми мақалалары, сонымен 6ipre ғылыми семинарлар мен конференциялар материалдары, баспа жариялымдары, т. б. жатады.

Зерттеу әдістемесі жүйeлiлiк, салыстырмалық, болжау, талдау, т. б. әдістерге непзделген.

Жұмыстың зерттелу барысындағы ақпараттык негізгі Қазақстанның заңшығарушылык актілері мен нормативтік құжаттары, банкроттық кәсіпорынның қаржы-экономикалық жағдайын сауықтыру сұрақтары бойынша мәліметтер, сонымен қатар әcipece орыс ғалымдарыньң кәсіпорынның қаржы жағдайын талдау мен банкроттыққа жол бермеу шаралары бойынша ғылыми еңбектері мен оқу құралдары.

Жұмыстың ғылыми жаңашылдығы. Зерттеу барысында жаңа қорытынды деп танылған ұсыныстар көрініс тапты, атап айтсақ:

-отандық және шетелдік ғалымдардың көзқарастарын талдау мен жүйелеу негізінде «банкроттық» ұғымының нарықтық экономиканын объективті экономикалық феномені ретінде мәні анықталды;

-кәсіпорынның «банкроттық» алдындағы жағдайының пайда болуын негіздейтін факторлары мен белгілері сипатталды;

-кәсіпорындағы банкроттыққа дейінгі кезеңнің тұрақтылығын сақтау мен банкроттыққа қарсы баскаруды жетілдіру бойынша ұсыныстардың жүзеге асуы;

Сонымен 6ipre жұмыстың жазылу барысында зерттеу тақырыбы бойынша негізгі көрсеткіштер кестелер, сызбалар, суреттер мен графиктермен сипатталған, сонымен қатар соңғы деректерге сәйкес статистикалық мәліметтермен толықтырылған.

1-ТАРАУ. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТТЫҒЫ МЕН ТӨЛЕМ

ҚАБІЛЕТСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1 Кәсіпорын банкроттығының экономикалық табиғаты мен мәні

Нарық жағдайында кәсіпорыннын өміршендігінің кепілі оның қаржы-экономикалық тұрақтылығы болып табылады. Бipaқ 6іpқaтap отандық кәсіпорындардың қаржылық, нәтижесі мен экономикалық дамуы ойдағыдай қолданыс таба алмай, дәрменсіз немесе банкроттық жағдайға душар болуда. Банкроттық нарық шаруашылығының 6ip категориясы ретінде соттың шешімі мен немесе кредитордьң келісімі бойынша соттан тыс ресми турде жарияланады 1997 жылғы 21 каңтардағы №67-1 Қазақстан Республикасыньң «Банкроттық туралы» (Банкроттық туралы зандар Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік кқұқықтық актілерінен тұрады) .

Заңына сәйкес, ол қарызын төлей алмайтын, ақшалай міндеттемелер талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады. Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттемелерінің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанарлықсыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.

Баланстың қанағаттанарлықсыз құрылымы борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетіспеуіне байланысты кредитордың алдында мулік есебінен міндеттемелерін дәл уақытысында төленбеуі жағдайында орын алады. Мұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып Keтyi мумкін.

«Банкроттық» ұғымы экономикалық және құқықтық қатынастардың өзара тығыз байланысқан кең саласын қамтиды. Құқықтық тұрғыдан, банкроттық -кәсіпорынның жойылуына (ликвидация) негіз болатын құқықтық танылуы болып саналады. Совет энциклопедиялық сөздікте банкроттық (итальян сөзі Banco - банк және gotto - құлдырау) - дәрменсіз, кәсіпорынның немесе азаматтық қаржысыз болуы, осыған орай өз міндеттемелерін төлеуге дәрменсіз болуы.

«Банкроттық туралы» Заңда 1 тараудың 1-бабында 2) «банкрот дәрменсіздігі сот белгіленген борышкер»; 3) «банкроттық борышкердің сот шешіммен танылған оны таратуға негіз болатын дәрменсіздігі» - деп белгіленген.

Дәрменсіздік (банкроттық) орыс ғалымдарының көзқарастары бойынша -борышкердің сотпен анықталуы немесе баланс құрылымының қанағаттанарлықсыз болуы.

Ал қазақстандық ғалымдар өз анықтамасын ұсынды: банкроттық шаруашылық субъектісінің экономикалық дәрменсіздігі, оның карыз

міндеттемелері бойынша төлемқабілетсіздігі, шаруашылық соттың шешімімен жариялануы.

Жалпы банкроттық өзінің мәні бойынша - нарықтық экономиканың қалыпты құбылысы, бәсекелік күрестің табиғи процесі. Банкроттық бәсекелік күрес нәтижесі ретінде өндірістің дамуын, іскерлікті ынталандырады.

Банкроттық-кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды. Сондықтан шаруашылық кызметтің негізгі көрсеткіштерінің өсу деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін және қаржылық банкроттығы жағдайынан шығу үшін кәсіпорынның жағдайын жаксартуға бағытталған бағдарлама жасау керек.

Дегенмен көптеген ғалымдар банкроттықты құқықтық қатынастарды сипаттайтын категория ретінде қарастырады. Құқықтық тұрғысынан банкроттық - ол сот шешімімен немесе борышкердің жариялауы бойынша борышкердің қаржы міндеттемелері бойынша кредиторлардың талабын толык қанағаттандыруға дәрменсіздігі. Банкроттық - кәсіпорынның жойылуына негіз болатын оның құқықтық танылуы болып табылады. Құқықтық бағыттың негізгі соттың дәрменсіз деп тануы.

Сонымен 6ipre қазақстандық зерттеушілер төлемкабілетсіз және дәрменсіз түсініктеріне нақты жауап берген: төлемқабілетсіз - деп борышкердің өтеу мерзімі қаржы міндеттемелері мен басқа да қарсы сипатындағы талаптарын орындай алмауы, ал дәрменсіз - деп кәсіпорынды банкрот деп тану мақсатында тауарлар (жұмыс, қызмет) төлемі бойынша кредиторлар талабын қанағаттандыра алмауы.

Жалпы әp6ip кәсіпорын үшін кәсіпорынның бәсекеқабілеттілігін арттыру мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың маңыздылығы банкроттыққа қарсы басқарудың рөлін атқарады. Осыған сәйкес кәсіпорындар өндірген өнімдердің бағасын төмендету, өткізу көлемін көбейту, әpi нарықтағы тауарлардың сапалық көрсеткішштер жағынан ерекшеленетін өнім түрлерін өндіру арқылы нарықтағы жағдайын нығайтуға ұмтылады.

Экономика-құқықтық тұрғыда банкроттықты қарастыруда оны таза экономикалық, немесе таза құқықтық деп бөлуге болмайды.

Банкроттықты экономикалық тұрғысынан қарастырғанда негізінен шаруашылық cубъектісінің дәрменсіз болуынын себептерін зерттеуге бағытталады. Сонымен 6ipгe, банкроттық макро-, микроэконмикалық түрде қарастырылады, яғни бірінші бағыт бойынша нарық теориясының қорытындыларына негізделсе, eкiншi - фирмалар теориясына негізделеді.

Басқаша айтқанда, экономикалық бағыт кәсіпорынның банкроттығын экономикалық механизмдерін, яғни оны қаржы банкроттығы ретінде қарастырады, ал құқықтық бағыт-кәсіпорынның төлемқабілетсіз, яғни банкроттық жағдайға дұшар болғанын мойындағаннан кейінгі кәсіпорындардың жоюлуы. Ұйымдастырушылық құқықтық механизмі, банкроттықтың күрделі табиғатынан туындайды, яғни ол макроэкономикалық.

микроэкономикалық және қогамдық аспектіге ие: экономика тұрғысынан банкроттық және ликвидациялық процесс ретіндегі банкроттық.

Сонымен, банкроттық деп кредиторлар мен борышкерлер арасындағы сонғылардың төлeмкaбiлeтciздiгi мен міндеттемелері бойынша уакытылы қарызын төлей алмауы бойынша қатынастарын сипаттайтын экономикалық категория болып табылады.

Кез келген басқару қызметі өз деңгейінде тәуекел сипатына ие болады. Қазақстандағы нарықтық қатынастардың қалыптасуы басқару шешімдерің қабылдау күрдешілікті мен олардың нәтижесін болжау күрделілігімен сипатталады. Коммерциялық ұйымдар пайданы максимализациялауға ұмтылуда заңдылыққа сүйенеді: пайда көп болған сайын, тәуекел де көп болады. Мұндай жағдай үш мүмкін болатын экономикалық нәтижесінен сипатталады: Tepic (жеңілу, жоғалту, банкроттық, зиян), нөлдік, оң (жеңіс, пайда, табыс) .

Кәсіпкерлік және тәуекел екі ажырамас түсінік. Банкроттық жағдайында кәсіпорынның банкроттыққа ұшырау ықтималдылығы жоғары болады.

Кәсіпкерлік процестін қозғаушы күші (тәуекелге бару тілегі) Макконел Қ. Р. мен Брю бойынша жеке қызығушылық: «әp6ip экономикалық бірлік өзіне тиімді icкe ұмтылады. Сондықтан кәсіпкерлер мақсаты кәсіпорынның пайдасын максимализациялау немесе жоғалтуларды максимализациялау болып саналады. Осыған байланысты кәсіпкер пайда табу үмітіне қарай баруға мәжбүр.

Kәciпкepлiктiң соңғы нәтижесі-өндірген өнім мен қызмет болып табылады. Жалпы кәсіпорынның табысты дамуын қарастыруға болады, ол 4 сатыдан тұрады :

1) Жаңа идеяларды іздеу мен бағалау.

Барынша көп табыс келтіру-кәсіпкерліктің ен қозғаушы факторы. Кәсіпкерлер өзіне тиімді өзгерістер, яғни жұмыстарына жаңалықтарды енгізеді, мақсаты-пайда табу. Нарыққа жаңа тауар ұсынған алғашқы фирма оларды белгілі 6ip уақытқа дейін баламалы құннан жоғары бағамен сатады. Miнe осы қабілет әдеттегіден ерекше шешім қабылдау қабілетін және icкe шығармашылыкпен қарау іскерлік әлемінде жоғары бағаланады.

2) Бизнес-жоспарды құру.

Бизнес-жоспарды құру -күрделі мәселелердің 6ipi, ягни өзіне нарық сегменттерін қосатын, оның көлемін және негізгі сипаттамаларын, маркетинг жоспарын, өндірістік және қаржылық жоспарларды қамтамасыз ету болып табылады.

3) Қажетті ресурстарды табу.

Бұл ен бастысы қандай ресурстар қажеттігін нақты бағалау; бастапқы деңгейден қаталама деңгейді ажырата білу; ресурстар жетіспеушілігімен байланысты тepic зардаптарды бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.

4) Құрылған кәсіпорынды басқару.

Әp6ip кәсіпорынды баскару мәселесі - нақтыланған өнім стилінің басқарушысынан тұрады, ұйымдық құрылым құруды ұйымдастыру, табыстың

шешушi тетіктерін және де әлсіз жақтарын табу арқылы шешім қабылдаудан тұрады.

Ал жалпы жаңа кәсіпорын құру пpoцeci 3 нeгiзгi кезеңнен тұрады: 1-ші кезеңді дайындық кезеңі деп аталады, мұнда кәсіпкердің кызмет түрін және көлемін анықтау және ұйымдастырушылық-құқықтық формасын таңдайды;

2-ші кезең, яғни құрылтайшылық кезеңде құрылтайшы құжаттарды дайындау процестері мен мемлекеттік тіркелу және кәсіпорынның атрибуттарын енгізу мәселелері шешшеді,

З-ші ұйымдастырушылық кезеңінде жаңа шағыш кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын құру мәселесі қарастырылады, яғни негізгі өндірістік құрылымын, басқару құрылымы, персоналдық құрылым және өндірістік инфрақұрылым.

Оған нұскалармен салыстырғанда табыс ала алмау немесе зиян шегудің ықтималдығы, шаруашылық тәуекелдің негізінде мүмкін болатын және шығындар мен нәтежиелердің ара-қатынасы жатады.

Сонымен қатар, кәсіпкерлікті тиімді ұйымдастырудың мәнді сипаттамалары да бар және олар келсідей:

1) Мақсатты анықтау. Ол пайдалылықтың негізін eнгiзyдe маңызды болады.
Кезінде Барух Спиноза әлемді билейтін мудде деп атап көрсеткен екен. Ал
Аристотельде мудде туралы: игілік барлық жерде екі шартты сақтауды талап
eтеді. Біріншісі-қандай қызмет болмасын ең соңғы муддені дұрыс табу.
Eкіншісі-сол түпкі муддені icкe асыру үшін керектi құралдарды табу.

  1. Мақсатқа жету жолдары. Мақсатқа жету жолында кәсіпкер жету құралдарын, әдістерін анықтауы қажет. Бұл тұрғыда пайда алу мен басқару сапасының өзара үйлесуінің қамтылуы қажет.
  2. Мадақтау мен жазалау жүйесінің болуы. Мұнда жұмысты ұйымдастыруда шығармашылык ықылас көрсеткені үшін марапаттау туралы айтылады. Жазалау-ықыластың жоқтығы үшін мәселеің қою жөнінде болады. Кәсіпкер алдына жаңа мәселелерді іздеп кояды және оларды шешудің жолдарын іздейді. Бұл жағдайда ғылыми тәсіл қолданылады.

4) Басқару стилі. Мұнда кәсіпкерге төнетін қауіп-қатер де, адамдарды
жұмысқа жұмылдыру, оларды марапаттау және тағы басқа факторлар да
жатады.

  1. Ұйымдастырушылық құрылым. Бұл жерде оның икемділігі туралы сөз болады, яғни оның негізгi объектісі-өндіріс болып табылады. Құрылым өндіріске қарағанда екінші болып, рынок жағдайына байланысты бағытталуы тиіс.
  2. Кәсіпкерлік кәсәпорындардың айырмашылығы, яғни сонымен қатар, сандық сипаттары бары: жұмыскерлер саны, капиталдың, жылдық айналымы, кәсіпорындардың шамалары.

7) Кәсіпкерлікті сипаттайтын негізгі қасиеттерi - ол қызмет еркіндігі.
субъектілердің тәуелсіздігі, сонымен қатар, кәсіпкерлік қызмет өрісінде
тәуелсіздік.

  1. Қандай басқару тәсілін таңдау қажеттілігі. Еркіндік өндіріс бағдарламасын қарастыруда көрінеді, мысалы бағдарлама, өндіріс жоспары.
  2. Тәуекелдікке қатынасы. Жасағыштық тәуекел және тәуекелдік түрлерінің жиынтығының тепе-теңдігі болып саналады.

Енді кәсіпкерге тән сипаттарды аныктайтын болсақ ол келесідей болады:

  1. қызмет өрісін кәсіпшілік біліммен басқару;
  2. өндірістік-маркетингтік қызметті басқару үшін басқарушы 6ілімi мен тәжірибесі болу;
  3. өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай білу және рыноктағы жағдайды ескеру, қаржы құралдарын тарта білу,
  4. экономикалық ойлау қабілеттілігі, құзыретті болу, іскерлік мәдениетті, тәжірибелі болу,
  5. өндірісті ұйымдастыруды білу, қойған мақсатқа жету үшін тәуекелге бару,
  6. талдай білу және рыноктың мүмкіндіктерін пайдалану, жаңашыл ойлар болуы.

Сонымен қатар кәсіпкерлік бірнеше белгілер мен кызметіне байланысты жіктелінеді.

біріншіден, көлeмi бойынша:-шағын, орта, ipi;

екіншіден, меншік түріне қарай: -жеке, мемлекеттік және аралас;

үшіншіден, аумағы бойынша: -жергілікті, аймақтық, республикалық, халықаралық;

төртіншіден, салалық бағыты бойынша: -өнеркәсіптік, аграрлық, құрылыс. көлiктiк, саудалық, инфрақұрылымдық;

бесіншіден, атқаратын қызметтеріне байланысты: -өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңестік;

алтыншыдан, ұйымдастырушылық-құқықтық формасы бойынша:

индивидуалды кәсіпкерлік, өндipicтiк кооперациялар;

толық серіктестіктер; - сенім серіктестіктері

жауапкершілігі шектеулі cepiктестіктер;

6ipiккен кәсіпорындар формалары;

акционерлік қоғамдар.

Ал жалпы экономикасы дамыған елдерде кәсіпкерлікті ұйымдастырудың үш негізгі нысанан кездестіруге болады: жеке шаруашылық, серіктестік, корпорациялар.

1) Жеке шаруашылык дегеніміз әрбір меншік иeci жеке өзi ғана шешім
қабылдап, шаруашылықтың барлық iciнe жеке жауапкершілікті алатын.
өндірістіi ұйымдастыру болып табылады. Мысалы, 80-жылдар ортасында
АҚШ-та 7 миллионға таяу жекеше шаруашылыктар болған.

Артықшылығы: барлық icтің журуіне меншік иeci - қожайынның толық бақылауы.

Кемшілігі: капитал мөлшерінің аздығы, шығын, зиян және тағы басқалары үшін жеке жауапкершілік.

2) Серіктестік дегеніміз-екі немесе бipнешe кәсіпкерлер кәсіпорын үшін
6ipre шешім қабылдап, 6ipre жауап беретін өндірісті ұйымдастыру түpi болып

саналады. Мысалы, АҚШ-та 80-жылдардың ортасында 1 миллионнан астам серіктестік түрінде кәсіпкерлік болған.

Артықшылығы: капитал мөлшері жоғары, барлык серіктестіктер бірдей иелік етеді және шығын үшін де, зиян үшін де бірдей жауап береді.

Бұл кәсіпкерлік түpi көбінесе сауда, делдалдық қызметтерде, қызмет көрсету салаларында көбірек тараған, немесе көпшілік жағдайда ол өндіріске байланыссыз болады.

3) Корпорациялар акционерлік меншік негізінде ұйымдастырылады. Айырмашылығы: кәсіпкер жеке меншік пен жеке меншік иесінен бөлінген, оның қаржылық қызметі шектелген.

Артықшылығы: акцияларды сату арқылы едәуір капиталды icкe қатыстыру мүмкіншілігі корпорацияның иелері ешқандай материалды жауапкершілікке тартылмайды

Кемшіліктері акция иелерінің барлығы бірдей корпорацияны басқару ісіне қатыса алмайды, салық жалпы табысқа салынуымен қатар әp6ip акция иелерінің дивидендіне де салынады.

1. 2 Кәсіпорын банкроттығы мен пайда болу

cебeптeрі

Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизмінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялык саясатының тиімсіз болуынан туындайды.

Жалпы абсолютті төлемқабілетті кәсіпорын деп міндеттемелері жок және капиталының құрамы толык өзіндік капитал болып табылатын төлемкабілетті кәсіпорындар жатады. Кәсіпорынның төлемкабілетсіздігі міндеттемелердің мөлшеріне тура пропорционалды және пайда көлеміне кepi пропорционалды болады. Сондықтан кәсіпорынның негізгі себептеріне, 1-ден, пайда көлемінің төмендеуіне әсер ететін факторлар, 2-ден, міндеттемелердің өсуіне әсер ететін факторлар жатады.

Пайданың өсу деңгейінің бәсеңдеуі немесе оның абсолютты азаюы орын алады, егер:

-тауарбастылық жағдайда, яғни өнімнің сапасы қанағаттанарлықсыз, бағасы жоғары және оған қажеттілік деңгейі төмен болса, рынокта ол өніміне деген сұраныс азаяды;

-жіберілген өнімге төлемнің қайтарылмауының (невозврат) өcyi, яғни кәсіпорын сенімсіз сатып алушылармен байланыста болып немесе сатып алушыларды epiксіз таңдағанда орын алады;

-тыйым салу, квота, кедендік кедергілер, т. б. шектеулер орнату арқылы рынокты шектеу;

Ал мiндeттeмeлepдiң озып өcyi келесі жағдайларда орын алады:

-кәсіпорынның тиімсіз ұзақмерзімді қаржылық салымдарды жүзеге асыруы; кәсіпорынның өндіріс көлемі мен табысының өсуіне әкелмейтін, жұмыс істемейтін қорлармен жүктеуі; кәсіпорын құралдары пайдаға қатысы жоқ есеп айырысулармен жүзеге асырылуы; -кәсіпорынның зиян шегуі;

Жоғарыдағы аталған төлемқабілетсіздіктің жалпы себептерінің жиыны мемлекет өндірісі мен нарыққа тәуелсіз өз міндеттемелері бойынша уақытылы есептесу кыиндыктарына душар болған барлық кәсіпорындарға тән.

Сонымен 6ipгe, ақшалай ағымдарды жоспарлау мен басқарудың болмауынан жағдай қиындайды.

Жалпы төлемкабілетсіздіктің ерекше себептеріне 1-ден, нарық тапсырысынан артта қалушылық, яғни ұсынылатын ассортимент, сапа, баға, т. б. туралы айтуға болады; 2-ден, кәсіпорынның қанағаттанарлықсыз қаржылық басқарылуы, яғни оның міндеттемеге жүктелуі. Бұл жағдай да қаржылық басқару дертіне ұшырайды.

Сонымен қатар, банкроттықтың пайда болуының объективті және субъектвті ce6eптеpi бар.

1. Шаруашылық жүргізу жағдайын жасаудың объективті ceбептеpi:
-экономиканы реформалаудың нормативті және заң шығаратын

базаларының, қаржылық, ақша, несие, салық жүйелерінің жетілмегендігі; -инфляцияның аса жоғары деңгейі;

-фирманың, құнды қағаздарының нарықтың құнының төмендеуі;

- бәсекелестің жоғары денгейі және соның нәтижесінде пайда болған

сәйкес келмейтін өндіріс шығындары төмендемей, өнім бағасының төмендеуі

және сәйкесінше өндіріс шығынының төменемеуі;

2. Шаруашылық жүргізуше тікелей қатысты субъективті себептер:
-банкротттықты уақытында болжап және келешекте сақтану;

-жарнама, өтімділік жүйесінің болмауы сұранысты толық зерттемегендіктен сату көлемінің төмендеуі;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КӘСІПОРЫНДЫ ДАҒДАРЫС ЖАҒДАЙДАН ШЫҒАРУ ӘДІСІ
Кәсіпорынның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері
Кәсіпорынның тәуекелділігін болжау
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
Компанияның банкроттығы мен төлем қабілетсіздігінің теориялық негіздері. Жалған банкроттық қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
Кәсіпорынның банкроттығын диагностикалау мәні және мазмұны
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырауы, төлем қабілетсіз болу себептері, оның салдары және оның алдын алу бағыттарын анықтау, банкроттыққа қарсы басқарудың рөлі мен кәсіпорын үшін маңызын зерттеу
Құрылған кәсіпорынды басқару
Кәсіпорынның қаржылық дәрменсіздігінің мәні
Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz