Айналым қаражаттарының тиімділігін талдау


МАЗМҰНЫ
1. 1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржылық
тұрақтылығының мазмұны
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасында нарықтық экономика кең құлаш жаюда. Оған қоса, шаруашылық процесінің реттеуші механизмінің негізі болып табылатын бәсекелестік те дами түсуде. Қазіргі экономикалық жағдайда әрбір шаруашылық субъектісінің қызметі, оның қызмет ету нәтижелеріне қызығушылық танытатын нарықтық қатынастарға қатысушылардың кең шеңберінің назарын аударып отыр. Ал оны, нарықтық қатынастарға қатысушылар мекемелердің шаруашылық қызметіне талдау жасай отырып және қаржылық талдау көмегімен бағалайды.
Талдау (“analisis” грек сөзінен) - зерттеліп отырған субъектіні, оларды зерттеу және түрлі факторлар ықпалынан өзгеру тенденцияларын айқындау мақсатымен, бөлшекті түрде мүшелендіру, берілген объектіге тән субъектіні элементтерге, бөліктерге бөлу.
Нарықтық экономикада алға қойылған міндеттер қатарын шешуге мүмкіндігін беретін өздігінен бағыт бұрыннан қалыптасқан, ол бізге “Нарықтық талдау” деп белгілі. Кәсіпорындардың қаржылық есеп беретін қолданушылардың бәрі өз мүдделерін оптимизациялау бойынша шешім қабылдау үшін, қаржылық есеп берулерді меншік капиталының табыстылығын жоғарылату үшін, фирма жағдайының тұрақтылығын қамсыздандыру үшін талдайды.
Бухгалтерлік есептің жаңа шоттар жоспарын жүргізу, халықаралық стандарт талаптарына көп мөлшерде сай келетін бухгалтерлік есеп беру фомасын келтіру қаржылық талдаудың жаңа әдістемелерін, нарықтық экономика шарттарына сәйкестендірілуінің қажеттілігін туғызады. Мұндай әдістемелер серіктесті таңусыз кезінде, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық дәрежесін анықтауда, іскерлік белсенділікті бағалау және кәсіпкерлік қызмет тиімділігіне керек.
Негізгі (ал жағдайлар қатарында жалғыз да болып) серіктестің қаржылық қызметі туралы, ақпарат көзі болып бухгалтерлік есеп табылады, ол баршаға мәлім болуы керек. Кәсіпорын есеп беруі нарықтық экономикада қаржылық есеп берілгендерін жалпылауда негізделеді және кәсіпорынды қоғаммен және серіктестермен байланыстыратын - кәсіпорын қызметі туралы ақпаратты пайдаланушылар - ақпараттың буыны болып табылыды.
Талдау субъектісіне кәсіпорын қызметіне қызығушылық білдіретін ақпаратты қолданушылар жатады. Қолданушылардың бірінші тобына кәсіпорын құралдарының меншік иелері, банктер мен басқа да несие мекемелері, жеткізіп берушілер, клиенттер (сатып алушылар), салық органдары, кәсіпорын персоналы және басқарма.
Қолданушылардың екінші тобына- анализ субъектілері, яғни қолданушылардың бірінші тобының мүдделерін келісім шарт бойынша қорғауға міндеттілер. Оларға аудиторлық фирмалар, кеңес берушілер, биржалар, заңгерлер, баспасөз, ассоциациялар, профсоюздар жатады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау үшін негізгі ақпарат көзі кәсіпорынның бухгалтерлік балансы болып табылады. Оның арналуы үлкенділігі соншалықты, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды жиі баланс талдауы деп атайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауда қосымша ақпарат көздеріне мыналар жатады:
- Қаржылық- шаруашылық қызмет нәтижелері туралы есеп беру;
- Ақша құралдарының ағымдары туралы есеп беру.
- Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның бұрынғы жағдайына қатысты оның болашақтағы өмір сүру қабілеттілігін болжамдау мақсатында дұрыс қорытындылар алу үшін ақпаратттарды жүйелі түрде қарастыру және бағалау. Мұндай талдау маңызды сипаттамаларды - өндірістік және қаржылық, яғни фирманың сәттілік және банкроттық ықтималдығын анықтаушы сипаттамаларды нақты бекітуге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Заңнамасының 5 тарау 20 бабына сәйкес 1- қаңтар 2008 жылдан бастап Қаржылық Есеп Берудің Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС) енгізілді. Қаржылық Есеп Берудің Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС) екі бөлімнен тұрады (ҚЕБҰС №1 және ҚЕБҰС №2) .
Қаржылық Есеп Берудің №1 Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС №1 ) - Қазақстан Республика заңына сәйкес, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есепті шағын кәсіпорындарға жүргізу тәртібін ұйымдастыру үшін енгізілген.
Қаржылық Есеп Берудің №2 Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС №2) - «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы № 124 Заңына сәйкес айқындалатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, жария мүдде ұйымына, мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының секьюритизация туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарына және арнайы қаржы компанияларына бухгалтерлік есепті жүзеге асырады және қаржылық есептілікті жасайды.
«Барлық сарапшылар мақұл көрсе де, олардың да қателесуі бек мүмкін» - деп Б. Рассел айтқандай, ірбір жүргізілген іс бақылануы, тексерілуді қажет етеді.
Аудит - ведомоствадан тәуелсіз, қаржылық бақылау, мемлекеттік қаржылық бақылауды ауыстыра алмайтын тәсіл болып табылады. Аудиттің мемлекеттік бақылаудан айырмашылығы ол бухгалтерлік ақпаратты пайдаланып, талдаумен айналысатын мамандарға кеңесші, консультант, көмекші ретінде болады.
Аудит мақсаты - заңдар мен аудиторлық қызметті басқаратын нормативтік жүйелер және клиент пен аудитордың келісім шарт міндеттемелері арқылы нақты мәселені шешу. Аудит мақсатына мыналар жатады: бухглтерлік есеп жағдайын бағалау, бухгалтерлік (қаржылық) есептілігінің шынайылығын тексеру, құнды қағаздар эмиссиясын нақтылау, Қаржы-шаруашылық қызметіне талдау жүргізу, клиеттің қаржылық жағдайын тұрақтандыруға ұсыныстар дайындау, шығындарды оптималдау, бухгалтерлік есеп, салық салу шаруашылық құқық бойынша кеңес беру.
Дипломдық жұмысты орындау үшін менімен “Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен тиімділігіннің талдауы және аудиті” тақырыбы таңдалды. Таңдалған тақырыптың маңыздылығы мен таңдауға негіздеме болғаны - ол банктердің өз активтерінің айтарлықтай бөлігін коммерциялық клиенттерге қарыз ретінде инвестициялауы.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - кәсіпорынның қаржылық тиімділігін арттыру және жағдайды тұрақтандыру бойынша әрекеттер жасау құралы болып саналатын, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау және аудитінің тәжірибелік әдістерін алу. Көздеген мақсатқа жету үшін, берілген дипломдық жұмыста қаржылық талдауы мен аудитін жүргізудегі маңызды кездер мен бағыттар теориялық сияқты, тәжірибе жүзінде де қарастырылған.
Жұмысты орындау процессі экономикалық процессте маңызын түсіну, олардың өзара байланысы мен өзара тәуекелділігі, экономикалық жағдайларды бағалау мен қойылған мақсатқа жету үшін шешімді таңдау қажеттілігін білдіреді.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсарту бойынша негізгі бағыттар теориялық қорытындылар мен тәжірибелік есептер арқылы бекітіліп, дәлелденген.
Осылайша, бүгінгі күнде қаржылық талдау кәсіпорынның дұрыс қызмет ету және оның әрі қарайғы әрекеттерін жоспарлауының құралының бірі болып табылады. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы экономиканың қазіргі кездегі даму кезеңінде актуалды болып саналады.
Дипломдық жұмыстағы зерттеу объектісі болып “ӨзенМұнайГаз” өндірістік филиялы табылады. Сондықтан “ӨзенМұнайГаз” ашық акционерлік қоғамы кәсіпорындарындағы қаржылық талдау және аудитін жүргізу қарастырылады. Дипломдық жұмыстың мақсаттарына жету үшін бізге келесідей міндеттерді шешу керек.
1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығын бағалау
1. 1 Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен қаржылық тұрақтылығының мазмұны
Кәсіпорын қызметі тиімділігі және нәтижелілігі - өндірістік процестерден, жобалардан басқа да операциялардан алынған нәтиженің оған жұмсалған шығысқа қатынасымен анықталатын салыстырмалы тиімділік.
Рентабельділік немесе тиімділік неміс тілінен алынған «пайдалы» немесе «кірісті» деген ұғымды білдіреді. Бұл - кәсіпорын жұмысы тиімділігінің көрсеткіші. Ол пайданың негізгі өндірістік қорлар мен мөлшерленетін айналым қаржысының орташа жылдық құнына қатысы арқылы айқындалады.
Рентабельділік көрсеткіштері:
- Өнім рентабельділігі - өткізілген барлық өнімдермен және олардың жекелеген түрлерімен есептеледі.
Бірінші жағдайда, бұл өнімдерді шығарудан және оларды сату шығындарынан кейінгі пайда қатынасы. Барлық сатылған өнім рентабельділігі: өнімдерді сатудан түскен түсімдеріне қарай, тауар өнімдерінен түскен пайда қатынасы ретінде; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, баланстық пайда қатынастары бойынша; өнімдерді өткізуден түскен түсімдеріне қарай, таза пайда қатынастары бойынша есептелінеді. Барлық өткізілген өнім рентабельділік көрсеткіштері кәсіпорынның ағымдағы шығындарының тиімділігі және өткізілген өнімдердің табыстылығы.
Екінші жағдайда рентабельділік өнімнің жекелеген түрлері бойынша анықталады. Бұл мәлімет бойынша, өнім түрлерінің өзіндік құны тұтынушыларға өткізілетін өнімдердің бағасына байланысты болады.
2. Өндірістік қор рентабельділігі негізгі өндірістік қордың (баланстық пайданың) және материалдық айналым қаржысының орташа жылдық құнына қарай қатынасы ретінде есептелінеді. Бұл көрсеткіш пен таза пайданы есептеуге болады.
3. Кәсіпорындағы салымдар рентабельділігі - оның өнімділігінің қатысты мүлік құны бойынша есептелінеді. Есеп айырысуда баланс және таза пайда көрсеткіштерін қолданады. Мүліктің құны бухгалтерлік баланс бойынша анықталады.
Жалпы экономикалық тиімділік деп - экономикалық қызметтің, экономикалық бағдарламалар мен шаралардың нәтижелілігі. Бұл ресурстардың белгілі бір құнын өндірістің ең жоғарғы көлеміне (деңгейіне) жетуіне пайдалана отырып, алынған экономикалық эффекттің (нәтиже) осы нәтижені алуға себепші болған факторлар мен ресурстарға қатынасымен бейнеленеді.
Экономикалық тиімділік - әдетте іс-әрекеттің ақшалай табысының, оны орындауға жұмсалған ақша қаражатының айырмасы мен есептелінетін экономикалық іс-әрекеттің тиімді нәтижесі.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қарыздық капиталдар нарығындағы қосымша жұмылдырушы (мобилизацияланушы) қаражаттар үлкен әсерін тигізеді. Кәсіпорын ақша қаражаттарын қаншалықты көп тартатын болса, оның қаржылық мүмкіндіктері де соншалықты жоғары болады, алайда, сонымен бірге қаржылық тәуекелділік те өседі - яғни кәсіпорын өз кредиторларымен уақытында есептесе ала ма, жоқ па? - деген қауіп туады.
Және де бұл жерде кәсіпорынның төлеу қабілеттілігінің қаржылық кепілінің бір түрі ретінде резервтерге үлкен рөл береді.
Жоғарыда аталғандарды қорыта келе, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
- кәсіпорынның салалық топқа жатуы;
- шығарылатын өнімнің (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- төленген жарғылық капиталдың мөлшері;
- шығындардың көлемі, олардың ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- қорлар мен резервтерді, олардың құрамы мен құрылымын қоса алғандағы мүлік пен қаржы ресурстарының жағдайы;
- кәсіпорындарды басқару тиімділігі.
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлеу қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, Қазақстан Республикасы үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және тағы басқалар жатады.
Кәсіпорынның тұрақты қаржылық жағдайын қалыптастыруда оның өз контрагенттерімен (салық органдары, банктер, жабдықтаушылар, сатып алушылар, акционерлер және тағы басқалар) өзара қарым - қатынасы үлкен әсер етеді.
Сондықтан да серіктестермен реттелген іскерлік қатынаста болу - жақсы қаржылық жағдайдың бірден - бір шарты болып табылады. Әрине, акционерлер өз жинақ қорларын тұрақты тиімділікке ие және дивиденттерді ұқыпты төлейтін қаржылық тұрақты кәсіпорындарға салады. Инвестициялық тартымдылығы болуы үшін, тек бүгінгі күні ғана емес, болашақта да кәсіпорынның қаржылық жағдайы көршісіне қарағанда жақсы болуы тиіс.
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірісітік және қаржылық қызметті құрайды.
Кәсіпорынның қаржылық қызметі - бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетін қызметі болып табылады. Ол қаржы ресурстарының жүйелі түрде түсуі мен тиімді пайдаланылуына, есеп және несие тәртібін сақтауға, меншікті және қарыз қаражаттарының арасындағы арақатынастың рационалдылығына, сондай - ақ кәсіпорынның тиімді қызмет ету мақсатында қаржылық тұрақтылыққа қол жеткізуге бағыттауы тиіс.
Кәсіпорын қызметінің қаржылық, өндірістік және коммерциялық жақтары арасында тығыз байланыспен өзара тәуелділік бар. Осылайша қаржылық қызметінің жетістігі, көбінесе оның өндірістік - сату көрсеткіштерімен анықталады. Кәсіпорынның өзі алатын төлемдері және ақша қаражаттарын алуы оның өнімді сатуына, алдын ала қарастырылған сұрыпталымды ұстап тұруына, өнім сапасының қажетті деңгейге сәйкестігіне және оны бір қалыпты өндіруге және төлеуге байланысты болады.
Шығындар көлемі өндіріс процесінің тиімділік деңгейімен анықталады. Олардың тиімділігі қаншалықты көп болса, кәсірорын өнімді өткізу көлемін сақтай отырып ресурстарды, соның ішінде қаржылық ресурстарды соншалықты аз жұмсайды. Және керісінше, шикізат пен материалдар шығындарының нормасының өсуі, еңбек өнімділігі деңгейінің төмендеуі, басқа да ресурстардың мөлшерден тыс жұмсалуы және өндірістік емесшығындар қосымша қаржы қаражаттарының қажеттілігіне себепші болады.
Еңбек және материалдық ресурстар шығыны ең алдымен өнімнің өзіндік құнында, содан соң табыста талдап қорытылады. Соңғы айтылған көрсеткіштің көлемі кәсіпорынның өзіндік қаражаттарының көлемін өзгерте отырып, оның жалпы қаржылық жағдайында елеулі көрініс табады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кезеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
1. 2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау
Нарықтық қатынастары жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Бұл кәсіпорындардың тәуелсіздікке ие болуымен, сондай-ақ олардың меншік иелері, жұмысшылар, коммерциялық серіктестіктер және де басқа контрагенттер алдында өзінің өндірістік-кәсіпкерлік қызметінің нәтижелері үшін толық жауапкершілікте болуымен байланысты.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жай-күй» дегеніміз не, соны анықтап алған жөн. Соңғы жылдары шығарылған арнайы әдебиеттерде бұл ұғым әр түрлі түсіндіріледі. Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады» деп жазған. Профессор Н. А. Русак бұл ұғымды былайша анықтайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Кәсіпорынның уақтылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді». В. М. Радионова мен М. А. Федотова «кәсіпорынның қаржылық жағдайы - қаржы ресурстарының қалыптасуымен, таратылуы және пайдалануымен көрсетіледі» деп жазады. Профессор И. Т. Балабанов «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы-бұл оның қаржы бәсекелестік қабілеттілігінің сипаттамасын (яғни төлем қабілеттілігі, несие қабілеттілігі) қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілерінің алдында өз міндеттемелерін орындау. Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайын талдаудың келесі түрлерін жүргізеді: табыстылық пен рентабельділік; қаржылық тұрақтылық; несие қабілеттілігі; капиталды пайдалану; валюталық өзін-өзі өтеу»-деп жазады. С. А. Стуков осы ұғым бойынша өзінің қөзқарасын келесі сөздермен баяндайды: «Кәсіпорынның қаржылық жағдайы - бұл бірқатар көрсеткіштермен сипатталатын оның саулығы мен өмір сүру қабілеттілігін кешенді түрде бағалау». /1, 8 бет/
Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бірқатар түрлі әдістермен есептелетін біріңғай көрсеткіштерге қарағанда (мысалы, еңбек өнімділігі, қор қайтарымдылығы, өзіндік құн, жалпы табыс, тиімділік) қаржылық жағдай түрлі көрсеткіштерді есептеу нәтижесінде және олардың жалпы бағалауға тигізетін әсерін зерттеу негізінде анықталатыны анық.
Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорынға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақтылы өтуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Қаржылық тұрақты кәсіпорын дегеніміз - өз қаражаттары есебінен активтерге жіберілген қаражаттарды жабатын, сондай-ақ өтелмеген дебиторлық және кредиторлық қарыздарға жол бермейтін және де өз міндеттемелерін уақтысында қайтаратын шаруашылық субъектілері қаржылық тұрақты болып табылады. Бұл ұғымды А. Д. Шеремет пен Р. С. Сайфуллин өте ықшам түрде анықтайды. Олардың ойынша «Қаржылық тұрақтылық - бұл әрдайым төлем қабілеттілігін кепілдендіретін кәсіпорынның белгілі бір шоттар жағдайы». В. М. Родионова мен М. А. Федотова бұл ұғымды келесідей түсідіреді: «Кәсіпорында тұрақты қалыптасқан табыстың шығыннан артуының өзіне тән айнасы-қаржылық тұрақтылық болып табылады.
Ол ақша қаражаттарын еркін пайдаланып, оларды тиімді қолдану арқылы өндіру мен өнімді өткізу процесінің үздіксіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ кәсіпорынды кеңейтуге және жаңартуға қажетті шығындарын қаржыландыратын кәсіпорынның қаржы ресурстық жағдайын сипаттайды. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Осы еңбегінде бұл авторлар одан әрі мына анықтаманы келтіреді. "Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін: сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорьнның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы».
В. Г. Артеменко мен М. В. Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: Қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді және оларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс-шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады". Ал кәсіпорынның жалпы қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.
Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді (жұмыс, қызмет) өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысу үшін жеткілікті дәрежеде болуы тиіс. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында_өндірісті дамытуға, оның материалдық-техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс қалуы қажет. /2, 45бет/
Айта кету керек, біз қаржылық тұрақтылық ұғымын қарастырғанда соңғы айтылған авторлардың көзқарастарын бөлек қарастырдық, әйткенмен біз олардың кейінгі шешімдерімен келісе алмаймыз. "Қаржылық тұрақтылықтың мәні - қаржы ресурстарын тиімді қалыптастыру, тарату және пайдаланумен анықталады" - деп жазады В. Т. Артеменко мен М. В. Беллендир.
Біздің ойымызша бұл ұғымды А. Д. Шеремет мен В. С. Сайфуллин дәлірек және анығырақ түсіндіреді. Олар «қаржылық тұрақтылықтың мәні - бұл қорлар мен шығындардың қалыптасу көздерінен қамтамасыз етілуі» - деп тұсіндіреді. Э. А. Маркарьян мен Г. П. Герасименко да дәл осындай көзқараста. "Кәсіпорынның өз міндеттемелері бойынша есептесу мүмкіндігі" немесе "Сауда, несие және басқа да төлем сипатындағы операциялардың нәтижесінде пайда болатын кәсіпорынның төлем міндеттемелерін уақтылы және толық орындау мұмкіндігін көрсететін төлем кабілеттілігі, қаржылық тұрақтылықтың сыртқы көрінісі болып табылады". Кәсіпорынның жұмысы нарық жағдайына өтумен бірге оның қаржылық жағдайы және оны сауықтыру жолдарын іздеу жөніндегі сұрақтар да шиелінісе түсті.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова және М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
- пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
- нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
- құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
- әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдастыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес. Кәсіпорынның тұрақтылығы ең бірінші өндіріс шығындарымен үздіксіз байланысқан өндірілген өнім мен көрсетілген қызметтің құрамы мен құрылымына тәуелді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz