Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы


Мазмұны
Кіріспе
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Банк жүйесі - нарықтық экономиканың ең маңызды бөлінбейтін құрамдас құрылымдарының бірі. Банктердің, тауарлық өндірістің және ақша айналымының дамуы - тарихи бірге жүретін және тығыз байланыста болатын көрініс. Сондықтан, банктегі қаржылық менджменттің тиімділігі ел экономикасының дамуын қамтамасыз ететін маңыздылығында болып табылады.
Банктың басты қызметі - елдегі ақша құралдарын жиыстыру және оларды тиімді түрде қайта бөлу, яғни салымшылар мен қарызшылар арасындағы делдалдық. Сонымен бірге банктер ел экономикасындағы ақша айналымының барлық құралдарының негізгі бөлігін қамтамасыз етеді, яғни қаржыларды игеру арқылы елдің қаржылық жағдайына ықпал жасайды. Банктер елдегі ақша ағымын тікелей өздері құрамдамағанмен, өз функцияларының көмегімен өнеркәсіпке, саудаға, банктік емес қаржылық салаға, мемлекеттік және халықтық, солардың ақша ағымдары арқылы нарықтық экономика мен әлемдік шарушылық байланыстар жүйесіне араласуға ат салысады.
Банктің қаржылық менеджменті банктің белсенділігін қамтамасыз етуге бағытталады және банктік жұмыстағы ең бастысы. Себебі, банктің қайта бөлуге бағытталатын ақша ресурстарының басым бөлігі (орташа 80-85℅) - қоғамдыкі, яғни банктен тыс субъектілерден тартылған қаржылар. Сондықтан, қоғам ақша қаржысын сеніп тапсырған коммерциялық банктердің қаржылық белсенді болуын сәйкес заңдар мен нормативті актілер арқылы қамтамасыз ететін - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі. Болашақ маман ретінде осы көзқарас бойынша мәселенің маңыздылығының деңгейі дипломдық жұмысымның тақырыбына бірден-бір арқау болды.
Сонымен қатар, соңғы 12 жылда елдегі коммерциялық банктердің саны 237-ден (1995 ж. шырқау шегі) қазір 33 банк қалды. Бұның себебі еліміздегі нарықтық экономиканың дамуына сәйкес банктік қаржылық менджментте позитивті өзгерістердің болуы, яғни ішкі қаржылық басқару мен сыртқы қадағалау тетіктерінің күшеюі.
Осы орайда, дәл осы процестерді ашу, қаржыны басқаруды түсіну, оң және теріс жағына көз жеткізу, сәйкесінше, туындайтын мәселелердің себептерін және оларды шешу жолдарын іздеу дипломдық жұмысымның тақырыбына қызығушылық танытты және мақсатына айналды.
Банктің қызметі ұдайы өзгеріп отыратын жалпы экономикалық және әлеуметтік-саяси жайлардың, қаржылық нарықтағы жағдайлардың өзгерістерінің барысында жүргізіледі. Сәйкесінше, бұл құбылыстар банктың жалпы экономикалық белсенділігіне әр түрлі әсер етуі мүмкін.
Сол себепті, банктегі қаржылық менджменттің негізгі бағыты банктің қаржылық тұрақтылығы мен дамыту шараларына жұмылдырылуы керек.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстан Республикасында коммерциялық банктердегі қаржылық менеджменттің мәні мен маңызын анықтау, банктің қызмет көрсету жағдайын талдау, банктегі қаржылық менеджменттің стратегиялық бағыттарын анықтау болып табылады.
Жұмыстың негізгі міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына сәйкес келесі міндеттер қойылған:
- Банктің қаржылық менеджментінің теориялық негіздерін қарастыру;
- Банктің қаржылық менеджментінің құрылымын анықтау
- Банктің қаржылық жағдайын талдау;
- Банктегі қаржылық менеджмент стратегиясын анықтау.
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде банк қызметін реттейтін Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің заң және нормативтік-құқықтық актілері алынды. Зерттеу жұмысында қазақстандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері пайдаланылды. Жұмыс кезінде жалпы және салыстырмалы статистикалық зерттеу тәсілдері қолданылды.
Жұмыстың практикалық негізі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің нормативтік және қаржылық құжаттары, Қазақстан Республикасы статистикасы бойынша Агенттіктің статистикалық материалдары, қаржы ұйымдары мен қаржы нарықтарын бақылау мен реттеу жөніндегі Қазақстан Республикасының Агенттігінің статистикалық мәліметтері, «Темірбанк» акционерлік қоғамының қаржылық құжаттары болып табылады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады. Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютерде терілген 78 бетті қамтыған.
І. Бөлім. Коммерциялық банкті басқару жүйесіндегі қаржылық менеджменттің теориялық негіздері
1. 1. Коммерциялық банктегі қаржы менеджменттің экономикалық маңызы және ролі
Банктер нарықтық экономикада ең маңызды қаржы институттары болып табылады. Банктің жүйе уақытша бос ақша құралдарын жұмылдыра отырып, оларды еліміздің байлығын арттыратын, табы алып келетін капиталдың жұмыс жасауына айналдырады.
Сондықтан банк капиталының жұмыс жасау тиімділігі экономикалық өсу мен өмір сүру деңгейінде шешуші фактор болып табылады.
Қазіргі кездегі қазақстандық банк капиталы өзінің даму сатысына көтерілді.
Ақша-несие саясатынының қатаңдығы, тұрғындардың нақты табыстараның даму деңгейі қарқындарының түсуі коммерциялық банктердің жұмыс жасауына жаңа орта құрды, бірақ көптеген банктер оған дайын емес еді.
Сондықтан қазіргі менеджменттің сапасы - фирманың, еліміздің, саланың бәсекеге қабілеттелігін анықтайтын басты фактор.
Басқарудың тиімділігі экономиканың кез келген субъектісі үшін фундаментальды маңызға ие, әсіресе оның ролі коммерциялық банктердің жұмыс жасау механизмінде ерекше. Банк бизнесінің маңызды ерекшелігі мынада, бұл жерде тәуекелдің дәрежесі өте жоғары, сондықтан кез келген басқарушылық қате өтімділіктің жоғалуына, төлем қабілеттіліке және банкротқа ұшырауға алып келеді.
Соңғы жылдары «басқару» деген түсінікпен салыстырғанда, «менджмент» түсінігі сәнді болды. Осы екеунің арасында қандай өзгешелік бар және ол принципиалды ма?
Қазақстанның банктік энциклопедиясында бұл түсінікке мынадай түсіндірмелер келтірілді: менеджмент (басқару, ұйымдастыру, меңгеру) жоғары экономикалық нәтиже алудағы оптималды тәсілдерді таңдауға бағытталған нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынды (фирма) басқару арқылы анықталады.
Осылайша, менеджмент мәнінің келесідей принциптері мен элементтері ұсынылады (кесте 1) :
Кесте 1
Менеджменттің қағидалары мен мәні
6. Кадрларды оқыту мен дайындау.
Мұндай жағдайда банктер қызметіне келтірілген пункттердің толықтығы мен олардың пайдаланушылығы маңызды емес, тек қана жоғарыда қойылған сұраққа жауап беруге көмектесетін менеджмент туралы нақты көрсетілім береді.
Банктік менеджмент - жалпы стратегиялық және тактикалық жоспарлаумен, реттеумен, банктік іс-әрекетті қадағалаумен, қызметкерлерді басқарумен байланысты қарым-қатынастарды басқару. Басқаша айтқанда банктік менеджмент - бұл ақша ресурстарын пайдалану және құрумен байланысты қарым-қатынасты басқару, яғни банктік саладағы қаржы менеджменті және қызметшілерді басқару жиынтығы.
Банктік менеджментті қаржы менеджментіне және қызметкерлерді басқаруға бөлу коммерциялық банктегі объект құрылымына байланысты. Сондықтан оны банктің іс-әрекеті ретінде қарауға болады (2 кесте) .
Кесте 2
Банктік менеджменттің қызметі
1. Активтерді және пассивтерді басқару
2. Өтімділікті басқару
3. Меншікті капиталды басқару
4. Қарыз капиталын басқару
5. Банктік тәуелділікті басқару
6. Несие қоржынын басқару
7. Банк ішіндегі бақылауды ұйымдастыру
1. Әкімшілік ұйымдастыру жүйесі және еңбек ақы
2. Қызметшілерді таңдауды ұйымдастыру
3. Қызметшілерді дайындауды ұйымдастыру
Банк - жеке және қарыз капиталдарын басқаратын ұйым. Бірақ “капиталды” әлеуметтік-экономикалық процестердің дамуының негізі ретінде қарауға болады. Капиталға берілген осы түсініктеме адамдар арасындағы қарым-қатынастарды анықтайды. Сондықтан адам капиталын басқару - бұл несиелік ұйымды басқару процесінде адамға деген қатынас. Банк үшін бұл пайда, өтімділік, тұрақтылық т. б. болуы мүмкін. Банктік менджменттің үлгісі келесі кестеде көрсетілген (3 кесте) .
Қаржылық менеджменттің өзіндік ерекшелігіне несие банктік жүйенің экономикалық процестердегі біркелкі технологияларды қамтымауында деп білуге болады. Коммерциялық банктегі қаржыңың, менеджменттің басты ерекшелігі де - нарықтық экономикасының алғашқы тобындағы барлық ақша функциясын жүйелі түрде басқару, яғни ерекше экономикалық субъект болуында. Қаржылық менеджменттің негізгі банктегі қаржылық операцияларды зерттеу және банк клиентінің ақшасын басқару процестері болып табылады.
Кесте 3
Банктік менеджменттің міндеті
Банктік саясат
Банктік маркетинг
Банктік өнімдерді құру
Клиенттерге қызмет көрсету, қызметтерді сату, банктің клиенттік базасының құрылуы
1. Негізгі міндеттердің қойылымы.
2. Кешенді бағдарлама мен жобаны өңдеу.
3. Банк іс-әрекетін басқару әдістемесін өңдеу.
4. Банкті дамыту саясатын таңдаумен байланысты банктің ұйымдық құрылымын өңдеу.
5. Банктің қызметшілерін басқару стратегиясы
қызметші жұмысын ұйымдастыру;
hқызметшіні ынталандыру.
1. Нақты нарықты таңдау.
2. Банктік қызметті дамыту үшін ұзақ және қысқа мерзімді мақсаттарды орнату.
1. Клиенттерге қызмет көрсету үшін жаңа банктік технологияларды енгізу.
2. Банк клиенттерінің қажеттілігін қанағаттан-дыру үшін банк іс-әрекеті процесінде ақша қорларының нысанын өңдеу.
1. Банктік қызметтің жаңа нарығын жаулап алу. Бәсекелестікті нығайту, банктің ресурстық базасын кеңейту, қосымша пайда әкелетін ақша ағымдарын құру.
2. Пайда табу
Экономика және қаржы
Ақпараттық қамтамасыз ету
Әкімшілдік
1. Капитал өсімі.
2. Өтімділікті және пайданы басқару.
3. Банк дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету.
4. Банк шығындарын басқару.
1. Қаржы операциясын жоспарлау жүйесі.
1. Банктің даму стратегиясын таңдаумен байланысты қызметшінің мамандығы.
Коммерциялық банктегі қаржылық менеджмент - бұл ақша ресурсын пайдалану мен құрылымдық процестерді басқару. Ол ұйымдастырушы - технологиялық менеджмент банк бөлімшелерін басқарумен және банк қызметін әртүрлі процестердегі олардың өзара қатынастары. Сонымен бірге банк қызметтеріне басқарумен бірге тығыз байланыста. Қаржылық несиелермен қатар, коммерциялық банктің ұйымдастырушы - технологиялық сипатында маңызды мәселелер болып, коммерциялық банктің менеджментін сәйкес - аналитикалық қамтамасыз ету.
Коммерциялық банктің пайдалы қызметін субъектік түрде қарастыру және технологиялық процестердің өндірістілігі мен ұйымдастырушылық құрылымдары болады.
Банктер әрқашанда нарықтың жаңа қажеттіліктерін қанағаттандыруы
керек, банктік емес қаржылық ұйымдармен бәсекелесуге даяр болуы керек.
Банктік менеджменттің негізгі міндеті болып қатынастар жүйесін құру табылады. Осыған байланысты банктік менеджмент қатынастар жүйесі ретінде қаржы-экономикалық, құрылымды-функционалдық және функционалды-технологиялық параметрлер байланысын көрсетеді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда коммерциялық банктердегі қаржы менеджментіндегі ерекшелік - ол банк-несие жүйесі шеңберінде несиелік ұйымдағы экономикалық процестерді басқару технологиясының біркелкі болмауы. Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің негізгі ерекшелігі - бұл ақшаның барлық қызметін жүйелі басқаратын экономикалық субъект.
Коммерциялық банктегі қаржы менджментінің іс-қимыл объектісі - банктің қаржы операциясын басқару процесі.
Коммерциялық банктегі қаржы менеджментінің мақсаты - банктің қаржы операциясын жоспарлауды қамтамасыз ететін функціионалды-технология жүйесінің қызметінің тәртібін талап етуді анықтауҚаржы менеджментінің жүйесінде басқарудың қолданбалы тәсілдері ерекше орын алады. Әртүрлі иерерархиялық деңгейдегі нақты басқарушылық міндеттерді шеше отырып олар үш базалық топқа жіктеледі - қаржылық жоспарлау, қаржыны оперативті түрде жоспарлау, қаржылық бақылау мен талдау. Олар өзара әрекет ету механизмдері келесі кесте түрінде ұсынылады.
Тұрақсыз макро-микро ортадағы жағдайда несие ұйымдарының жұмыс жасауында қаржылық жоспарлау ерекше роль ойнайды (Сурет 1) .
Көбінесе банктің ақырғы қаржы тиімділігін анықтай отырып, ол қаржы менеджерлерін дайындауда зерттеудің өзіндік пәні ретінде қатысады. Қаржы менеджментінің мақсаттарын іске асыру үшін коммерциялық банктің негізгі қызметтерін анықтау керек (Қосымша 1. ) .
1. Стратегиялық жоспарлау - болашақтағы қаржылық міндеттерді анықтау және іс-шаралар бағдарламасын өңдеу.
ә. Оперативті жоспарлау ағымдағы қаржылық міндеттерді тиімді анықтау тәсілі болып табылады.
Сурет 1
Қаржылық жоспарлау
2 - суреттен қаржыны жоспарлаудың бағыттары мен қолданылатын параметрлерінің іріленуі бойынша ұйымдастырудың тек қана принципиалды функционалдық моделдері келтірілген.
Банктегі қаржылық басқару мемлекеттік саясатпен және экономиканы дамыту мәселелерін шешумен тікелей байланысты. Ол банктің қаржылық тұрақтылығын сақтауға бағытталады.
Басқару үрдісінің кез-келген қоғамға тән екені белгілі, бірақ оны тек экономикалық мәселелерді өндіріс тиімділігінің өсуін қамтамасыз ететін саясаттың экономикалық дәлелденген бағыттарьш белгілеу арқылы шешкенде ғана табысты деп айтуға болады.
Басқару - бұл қоғамның экономикалық заңдарын үйымдастыратын, өзгертетін және жүзеге асыратын топ, мүнда үйымдық-экономикалық катынастардың түрлері, халық шаруашылығы салаларының даму пропорциялары және оның аймақтық аспектілері анықталады, кәсіпорындар мен мекемелер іс-әрекетінің жұмыс істеу әдістері мен түрлері өңделеді.
Басқару әділ де шынайы экономикалық заңдарға сүйеніп қана қоймай, олардың негізінде қалыптасатын барлық өндіріске қатысушы субъектілер мүдделерінің бірыңғай жүйесін де негізге алады.
Банктегі менеджмент жүйесі мынадай нақты бөліктерден қүралады: басқару механизмі, басқару құрылымы, басқару үрдісі және басқару жүйесін дамыту механизмі.
Басқару механизміне басқару жүйесінің басты, іргелі бөліктері - жалпы ережелері, мақсаттары, әдістері және қызметтері жатады.
Басқару құрылымы басқарушы органдар жүйесін, басқарушы мамандарды және басқаруда қолданылатын техникалық қүралдарды қамтиды.
Басқару үрдісі - барлық басқарушы топтардың таңдап алынған басқару әдістерінің жүйесі арқылы басқару мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған іс-әрекеті болып табылады. Басқару үрдісінің басты қүрамдас бөліктерін шешім қабылдау және шешімдерді жүзеге асыру үрдісі қүрайды. Басқару жүмысшылардың еңбектену іс-әрекетін шығындар, оларды жабу көздері, нәтижелер және экономикалық сипаттарға ие болады.
Сурет 2
Банктің қаржы қызметін жоспарлау бағыттары
Басқару жүйесін жетілдіру механизміне басқару нэтижесінде басқаруға өзгерістер енгізуді үйымдастыру жатады.
Міне, басқару жүйесінің жалпы сипаттамасы осындай. Басқару жүйесін қүру белгілі бір мөлшерде шығын кажет етеді. Алайда, істі дүрыс үйымдастырғанда тиімді басқарудың өндірістік тиімділігінің өсуі бұл шығындарды жабуға толык мүмкіндік береді.
Басқару тиімділігі оның басқару үрдісіндегі жаратушылык рөлін айқындай түседі. Өндірістік үйымдар неғүрлым ірі болған сайын, оларды басқару мәселесінің маңыздылығы да соғүрлым артады. Себебі, ортақ іс-әрекеттерден алынатын тиімділік мөлшері басқару деңгейіне тәуелді болады.
1. 2. Банк қаржысын басқару жүйесінің құрылымы
Басқару жүйесінің принципі қазіргі методологиялық негізде қалыптасқан және өзіне барлық қажетті элементтерді қосатын, сондай-ақ басқару объектісіне кешенді әсер етуді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін банктегі қаржы менеджменті жүйесінің толық болуын ұйғарады. Қалыптастырудың жалпы методологиясы мен басқарылатын жүйелердің іске асуы «Менеджмент» шеңберінде зерттеледі. Мұнда үш іріленген блок-банктің қаржылық стратегиясын, қамтамасыз ету блогы мен операциялық жүйелер блогын қоса алғанда қаржы менеджментінің жүйесі қарастырылады.
Банктік істің даму шегі бойынша стратегиялық жоспарлау жетістіктердің негізгі факторларынын бірі болып табылады.
Кейде стратегиялық жоспарлау жылдық бюджеттің құрастырылуы және мақсат емес, оған жету құралы болып табылады. Негізінен бұл жаңа заңдалақ және құқықтық актілерінің пайда болу жағдайында менеджмент қиын және жаңа міндеттерді шешу қажеттілігімен жүйеседі. Бұндай жағдайда банк басқарудың тиімділігін арттыруға қажетті құқықтар алуға бағытталады. Бұл шаралар қажет етілетін нәтижелерге қол жеткізбейді, бірінші бұл тәжірбие қателіктер әдісіне негізделеді. Керсінше іс-әрекеттер бағдарламасы және банк стартегиясы белгіленген мерзім уақытында қабылданатын өзара байланысқан шешімдерді өңдеіуденкейін ғана анықталуы тиіс. Мұндай жағдай және бәсекелес ортада өмір сүру ынтасы банк қызметінің процесінде жаңа бағытты қалыптастырады. Сондықтан қазіргі уақытта банк дамудың ішкі мүмкіндік тиімділігін ашатын жаңа механизмдер іздейді. Себебі банктің бәсекелс қабілеттілік факторлар жүйесіне оның ішкі бәсекелестік ерекшелігі жатады, бұл бәсекелстік банкіге нарықтағы тұрақтылық жағдайын қамтамасыз ете алады.
Коммерциялық банк несиелік ұйымды дамыту стартегиясы сапасында өзінің мәселерін шешуді іске асырады. Ең алдымен банк стратегиясы жүйесін құру процесін түсінуге қажетті білім қажет.
Банк стратегиясын қалыптастыру жүйесі келесілер болып табылады:
- қалыптастырудың сыртқы жағдайын талдау
- мақсаттар мен міндеттерді талдау
- ішкі талдау
- альтернативті стратегияларды қалыптастыру және бағалау
- стратегияны таңдау
- іс-әрекеттер жоспарын өңдеужәне оларды өткізу
- нәтижелерді бағалау
Банктің даму стратегиясының мақсаттары мен сипатын одан әрі көрсету үшін белгіленген анықтмалар өзінің мазмұны бойынша бұл баптың мақсаттары мен міндеттеріне жауап беруі тиіс.
Жоспарлау - кім және қашан істейтініні алдын-ала қабылданған шешім, яғни банкті басқарудың барлық деғгейіндегі қызметтері. Бірақ жоспарлау көлемі және сипаты билік деңгейіне байланысты болады. Сонымен қатар жоғары тұрған басшылардың болжаған жоспарлары мен әрекеттерімен сипатталады.
Жоспар - болашақтағы жағдайлар кез-келген түрінде іс-әрекеттердің кезектілігі, сондықтан топтастыру келесідей бөлінеді: мақсат немесе негізгі стратегия; іс-әрекеттер курсы немесе саясат; міндеттер; даму стратегиясы; тәртіптер бағдарламалар.
Негізгі стратегия - негізгі мақсаттарға жетуге ресурстарды және қызметтерді бөлу бағдарламасының жоспары.
Банктің қызметтерінің курсы - шешім қабылдау кезінде іс-әрекеттерді және ойлауды көмегімен немесе басқаратын түсініктер мен жалпы жағдайды көрсетін жоспар. қызметтер курсы банктегі деңгей көлеміне сәйкес болады. қабылданған курс қабылдануды және олардың мақсаттарға сәйкестігін қарастырады.
Банк саясаты - банк критерилері деңгейіне сапалық негіз алған шешім қабылдау кезіндегі жоспар.
Міндет - банк қызметіне бағытталган рубеждеоді анықтайды/
Банктің даму стратегиясы - берілген ресустарды пайдалану, бөлу, алу іске асырылатын мақсаттар мен шаралар, несиелік ұйымдардың мақсаттары бойынша шешімдерді өңдеу нәтижесінің жоспары болып табылады. Даму стратегиясы - стандартты емес жағдайда мәселелерді шешідегі жүйелік бағыттарды қабылдау.
Жоспар тиімділігі мақсаттарды іске асыруы енгізетін салымдардың мөлшерімен анықталады.
Процедуралар - болашақ қызметтердегі әдістерді анықтаудағы жоспарлау. Процедурадағы негізгі - талап етілетін қызметтердің жүйелік кезектілігі тәржіліктер - басқа жоспарларға сәйкес бірнеше бпғыттардан қажетті іс-әрекет таңдалып алынады. Тәртіп белгіленген жағдайда нақты іс-әрекетті талап етеді. Тәртіп белгілі бір уақыт кезңтілігін қалыптастырмайды, себебі тек қана іс-әрекетті бағыттайды. Егер курс мақсаты жеке ісөәрекеттер мүмкін сапасында сәйкес бағыттарды берсе, оларды қолдануда еркін іс-әрекеттерден тұрады. Бағдарлама мақсаттар тәртіптер жиынтығын көрсетеді, сонымен қатар болжаған шараларды орындауда қажетті элеметтерден тұрады.
Бюджет - сандық сипата нәтижесінде күтілетін жоспар.
Тәртіп - құжаттардың жағдайлары, формалар, іс-әрекеттер кезектілігін жалпы сипаттайтын жоспар болып табылады, сонымен қатар банк қызметкерлеріне технологиялық процестерді орныдауға жәрдемдеседі.
Нұсқау - функционалды - технологиялық құжат ретінде, реттеші ұйымдық технологиялық қаржылық бөлімшелер қызметтерінің арнайы бағыттары және өндірістік қызмет саласында банк қызметкерлерінің қызметінің кезектілігін анықтайды.
Банктің дамуының кез-келген стратегиясы кешенді және жоспарлар жүйесімен сипатталады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz