Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе 3

1 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың теориялық негіздері мен рөлі

1. 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың объектісі, принципі, мақсаты мен міндеттері 5

1. 2 Кәсіпорынның инвестициялық қызметінің рөлі ерекшеліктері 18

1. 3 Қазақстанда инвестициялық жобаларды бағалаудағы әлемдік тәжірибені қолдану ерекшеліктері 29

2 UHY «Сапа-Экспертиз» мысалында «Атамекен» АҚ-ның қаржылық және инвестициялық әлеуетін талдау мен бағалау

2. 1 «Атамекен» АҚ-ның экономикалық қызметін талдау 34

2. 2 «Атамекен» АҚ-ның қаржы экономикалық тұрғыдан талдау және

бағалау 40

2. 3 Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын бағалау 49

3 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалауды жетілдіру жолдары

3. 1 Кәсіпорынның инвестициялық қызметін бағалауды жетілдіру

жолдары 58

3. 2 Кәсіпорынның қаржылық қызметін жетілдіру 61

Қорытынды 74

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 77

КІРІСПЕ

Кәсіпорын экономикалық көрсеткіштерінің жақсы жетістіктерге жету мақсатында, тәжірибелік және ізденіс жүйесі меншікті басқару факторының негізі ретінде бағалау қызметі қолданылады.

«ҚР бағалау қызметі туралы» заңына сәйкес мемлекеттік меншікті жекелендіру кезінде, басқаруды сенімділікке беру немесе жалға беру, сату, сатып алу, жарғылық қордың салымы ретінде ипотекалық несиенің жүргізілуі кезінде қоғамдық бағалау үлкен роль атқарады. Сонымен қатар мүлік туралы мәмле кезінде міндеттелген бағалау жүргізіледі. /1/

Бағалау қызметі ғылыми негізде, оның кез келген тапсырманы орындау үрдісін қадағалайтын, бірқатар кағидалар мен жылжымайтын мүлік кұнына әсер ететін ортаның факторларын қарастырады.

Бүгінгі таңдағы түсінік бойынша, бизнес-жұмыспен қамту және қызмет көрсетуде өнім өндіріп, өткізуде табиғи игілікті өндіруші кәсіпорындар мен ұйымдардың, сондай-ақ пысық адамдардың коммерциялық ісі болып табылады. Басқаша айтсақ, бизнес пайда келтіру немесе қайсыбір материалдық пайда табу мақсатындағы шаруашылық жүргізуші субъектінің кәсібі, жұмыстың нәтижесі немесе іс-әрекеттің басқадай түрлері.

Нарықтық қатынастар кезінде кәсіпорындар өз-өзімен шаруашылық субъект болып, мәселелерін өзі шешуге мүмкіншілігі бар. Бұл мәселелердің ішінде сыртқы және ішкі нарықта өздеріне жақсы әріптестерді таңдау. Нарықтық экономикада кәсіпорын өз (жұмыстарын) қызметтерін дұрыс және қатесіз жүргізсе, оның қызметіның нәтижесінде тиімді болуы тиіс. Басқа сөзбен айтқанда, шаруашылық субъектісінің қызметінің тиімділігі, басқарушылардың объективтілігі оперативтілігімен, мәселелерді шешуінің дұрыстылығымен көрсетіледі.

Нарықтық жағдайда кәсіпорынның өмір сүруі және нарықта тұрақтылығы қаржы тұрақтылығына тәуелді. Қаржылық тұрақтылық кәсіпорынның қаржы қорларының жағдайын көрсетіп, ақша қаражаттарын маневрлендіріп және тиімді қолданып өнім сату және өндіріс процесстің үзіліссіздігін қамтамасыздандырады.

Тақырыптың өзектілігі нарықтық қатынастардың дамуына байланысты еліміздің экономикасының қаржылық қатынастарының жан-жақты дамуын, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету негізінде жалпы ұлттық экономикалық белсенді қызметті қалыптастырудың бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға бет алған Қазақстан Республикасы үшін маңызы зор болып табылады. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру саясаты қаржылары стратегиялық және тактикалық мiндеттердi мақсатты түрде iске асыруға бағытталады. Мысалы, рыноктағы корпорация тауарының өтiмдiлiгiн көбейту немесе сұранысты өсiру активтер мен меншiк капиталдарының пайдалылығы мен рентабельдiлiгiн арттыру, баланстық төлем қабiлетiн және өнiмдiлiгін сақтау, акционерлер жағдайын жақсарту және инвестициялық климатты жақсарту болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - инвестициялық мақсаттағы кәсіпорындардың қаржылық қызметін бағалау және талдау негіздеріне сүйене отырып, инвестициялық сипаттағы тиімді шешімдер қабылдаулың бастапқы негіздерін игеру болып табылады.

Осы мақсатқа жету барысында келесідей міндеттер қарастырылады:

  • Инвестицияның жалпы сипаты мен кәсіпорынның инвестициялық қызметінің негіздеріне тоқталу;
  • Инвестициялық мақсаттағы кәсіпорындардың қаржылық қызметін талдау мен бағалаудың теориялық негіздеріне тоқталу;
  • Кәсіпорынның инвестициялық саясатының жүргізілу барысын талдау;
  • Кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдау мен бағалаудың объектісі, принциптері мен мақсаттарына тоқталу;
  • Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың шетелдік тәжірибелеріне тоқталу және оларды отандық экономикаға енгізу мәселелерін қарастыру;
  • «Атамекен» АҚ-ың инвестициялық инвестициялық қызметін жетілдіру мен бағалау әдістерін қарастыру;
  • Қазақстандық кәсіпорындардың инвестициялық саясатын жетілдіру мен инвестициялық қызметті басқару мен бағалау туралы мағлұматтар беріп кету болып табылады.

Дипломдық қызметтің зерттеу объектісі ретінде «Атамекен» АҚ алынды. Осы қызметтің бірінші бөлімінде кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың мәні, мақсаты, әдістері және басқару жүйесі қарастырылса, екінші бөлімде «Атамекен» АҚ-ның қаржы - шаруашылық қызметі талданды.

Зерттеу пәні. Инвестициялық мақсаттардағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен бағалаудың теориялық, практикалық және ғылыми негіде зерттеудің жиынтығы.

Ғылыми жаңалығы. Инвестициялық мақсаттардағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау мен бағалау бойынша жетілдіру ұсыныстары берілді.

Жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда кәсіпорындардың инвестициялық қызметін басқарудың негіздері, инвестициялық саясатты қалыптастырудың және жүзеге асырудың принциптері қарастырылады.

Екінші тарауда инвестициялар бойынша шешімдер қабылдаудың әдістері қарастырылып, оларды нақты тәжірибе жүзінде қолдану жағдайлары қарастырылады. Әлемдік тәжирибеде кеңінен қолданылатын инвестициялық жобаларды талдау әдістері мысалдармен өрнектеле отырып қарастырылды және «Атамекен» АҚ мысалында кәсіпорынның нақты инвестициялық жобасы талданды.

Үшінші бөлімде Қазақстан Республикасының инвестициялық тартымдылығын жетілдіру және кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалауды жетілдіру жолдары ұсынылған.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ МЕН РӨЛІ

1. 1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың объектісі, принципі, мақсаты мен міндеттері

Кәсіпорынның қаржысы − бірыңғай қаржы жүйесінің құрамды бөлігі және айырықша сферасы болып табылады, оның орталықтандырылмаған бөлігін құрайды, материалдық және материалдық емес игіліктер жасалатын және елдің қаржы ресурстарының негізгі бөлігі қалыптасатын қоғамдық өндірістің басты буынына қызмет көрсетеді. Елдегі ақша қтынастарының аса маңызды сферасын, атап айтқанда, жасалатын қоғамдық өнімді, ұлттық табысты және ұлттық байлықты − халықтың қажеттіліктерін, өндірістік емес сфераның материалдық шығындарын қамтамасыз етудің көздерін алғашқы бөлуді қамтитындықтан бұл буынның қаржысы қаржылардың негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады.

Кәсіпорынның қаржысы қаржы жүйесінің сферасы ретінде қоғам экономикасының іргетасын қалыптастырады, өйткені мұнда материалдық және материалдық емес игіліктер жасалады. Шаруашылық жүргізуші субъектілер қаржысының сферасы шеңберінде материал, еңбек және қаржы ресурстарын көпшілік бөлігі шоғырландырылады, бұл қоғамда ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін қамтамасыз етеді.

Кәсіпорын қаржысының болуы, жалпы мемлекеттің қаржысы сияқты, тауар-ақша қатынастарының өмір сүруімен және экономикалық заңдардың іс-әрекетімен байланысты. /9, 265 б/

Кәсіпорын қаржысы ақша нысанында ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесінің негізгі жақтарын білдіреді және экономикалық заңдардың талаптарына сәйкес оны жүзеге асыруға септігін тигізеді. Ол ұлттық шаруашылықты одан әрі дамытуға қажетті ақшалай табыстар мен қорланымдарды бөлу және пайдалану үшін қолданылады. Даму ұлттық шаруашылықты басқару жүйесінің маңызды экономикалық инструменті, экономиканы қайта құрудың қуатты құралы болып табылатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің берік әрі жақсы қалыптасқан қаржыларсыз мүмкін емес. Өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретінде олар басқа өндірістік қатынастардың жиынтығында басқарудың төменгі буындары шаруашылық қызметінің тиімділігне тікелей әсер етеді.

Кәсіпорын қаржысы өзіне қоғамдық − пайдалы қызметтің сан алуан сфераларындағы өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, көлік, жабдықтау-өткізу (делдалдық), сауда, дайындау, геологиялық барлау, жобалау қызметін, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетуді, байланысты, тұрғын үй-коммуналдық қызметтерін, түрлі қаржы, кредит, сақтық, ғылыми, білім, медицина, ақпарат, меркетинг және басқа қызметті жүзеге асыратын кәсіпорындардың, фирмалардың, қоғамдардың, крнцерндердің, ассоциациялардың, салалық министрліктер мен басқа шаруашылық органдардың, шаруашылықаралық, салааралық, кооперативтік ұйымдардың, мекемелердің қаржыларын кіріктіреді.

Ұлттық шаруашылықтың әрбір саласы қаржысының бұл саланың техникалық-экономикалық ерекшеліктерінен туындайтын елеулі айырмашылықтары бар. Бірақ сонымен бірге барлық салалардың қаржысының мәні мен оны ұйымдастырудың негізгі қағидаттары бірдей, бұл шаруашылық жүргізудің орта қағидаттарына және бірыңғай экономикалық заңдарға байланысты. Мұның бәрі олардың барлығын қосалқы категорияға − жалпы «қаржы» категориясы сияқты оның функцияларын орындайтын шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысына біріктірудің мүмкіндігі мен қажеттігін алдын ала анықтайды. /10, 137-146 б/

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың маңызы өте зор. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау жөніндегі сұрақтарды қарастырмас бұрын, «қаржылық жағдай» дегеніміз не екенін анықтап көрейік.

Профессор А. Д. Шеремет «Кәсіпорынның қаржы жағдайы қаржыны тарату, пайдалану және оны қалыптастыру көздерімен сипатталады» деп жазса, профессор Н. А. Русактың айтуы бойынша: «Кәсіпорыннның қаржылық жағдайы қаржы ресурстарын жасау, тарату және пайдаланумен сипатталады.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарту және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілермен қаржылық қарым қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.

Кәсіпорынның уақытылы төлеу мүмкіндігі оның қаржылық жағдайының жақсылығын көрсетеді». Ал, профессор И. Т. Балабанов анықтамасы мынадай: «Шаруашылық субъектісінің қаржылық жағдайы - бұл оның қаржы бәсекелестік қабілетінің сипаттамасын қаржы ресурстары мен капиталды пайдалану, мемлекет алдында және басқа да шаруашылық субъектілердің алдында өз міндеттемелерін орындау»

Жоғарыда берілген анықтамалар қарастырылып отырған ұғым мәнін жеткілікті дәрежеде ашпайды, бірақ олардың әрқайсысында бұл ұғымды дәлірек анықтауға мүмкіндік беретін ұтымды тұжырымдар бар. Бұл ұғымды біріңғай көрсеткіштерге қарағанда қаржылық жағдайды түрлі көрсеткіштерді есептеу әдісін қолдану арқылы анықтаған жөн.

Қорыта келе, кәсіпорынның қаржы жағдайы әлсіз және өмір сүру қабілеті жоқ кәсіпорындарға аяусыз қарайтын бәсекелі нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сенімді болуын, тұрақтылығын және келешегі барлығын куәландыруы тиіс.

Менің ойымша, сенімділік кәсіпорын жұмысының үздіксіздігін және оның төлеу қабілеттілігін көрсетеді.

Жоғарыда берілген анықтамаларға сүйене отырып, біз бұл ұғымды былай анықтауды ұсынамыз:

Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы - бұл тәуекелділіктің мүмкін болатын деңгейінде төлем қабілеттілігі мен несие қабілеттілігін сақтай отырып, табысты өсіру негізінде қаржыны тарату мен пайдалану арқылы кәсіпорынның дамуын көрсететін қаржы ресурсының жағдайы. /11, 167 б/

Сондықтан да қаржылық тұрақтылық барлық өндіріс шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады. Ал, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы, ол ең алдымен әрдайым табыстың шығыннан артуын қамтамасыз ететін ақша ағымының қозғалысын көрсетеді.

Нарық жағдайында ол ең бірінші өнімді өткізуден түсетін табыстың тұрақтылығын талап етеді және оның мөлшері мемлекетпен, жабдықтаушылармен, несие берушілермен, жұмысшылармен және тағы басқалармен есеп айырысулар үшін жеткілікті дәрежеде болуы керек. Сонымен қатар кәсіпорынның одан әрі дамуы үшін барлық есеп айырысулар мен барлық міндеттемелерді орындағаннан кейін, осы кәсіпорында өндірісті дамытуға, оның материалдық - техникалық базасын жаңартуға және де әлеуметтік климатты жақсартуға және басқаларға мүмкіндік беретіндей дәрежеде табыс болуы қажет.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді. Оларды келесідей түрде жіктеуге болады:

  1. пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
  2. нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
  3. құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі.
  4. әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша .

Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты келесілер болып табылады:

  • қаржылық жағдайға баға беру және оның есеп беру мерзіміндегі өзгерісі;
  • активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
  • айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
  • қаржы - есептік және несие ережесін сақтау;
  • кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
  • ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
  • баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалық көрсеткіштерін анықтау;
  • кәсіпорынның табыстылығын бағалау;
  • кәсіпорын табысының салыстырмалы көрсеткіштерін, сондай ақ олардың деңгейінің өзгеруіне әсер етуші факторларды есептеп шығару;
  • кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
  • кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.

Талдаудың негізгі мақсаты - қаражаттың қызметтегі кемшіліктерді дер мезгілінде анықтап, оларды жою, кәсіпорын қаражатының жағдайын және төлеу қабілеттілігін жақсарту резервтерін табу. Бұл кезде келесі міндеттерді орындау керек:

1) Өндірістік, саудалық және қаражаттық қызметтердің әр түрлі көрсеткіштерінің арасындағы өзара себепті - салдарлы байланысты зерттеудің негізінде қаржылық қорлардың кірісі бойынша жоспарды орындау мен оларды кәсіпорын қаржылық жағдайын жақсарту үшін пайдалануды бағалау;

2) Шаруашылық қызметінің нақтылы жағдайлары мен меншікті және қарызға алынған қорлардың бар болуынан, мүмкіндік қаражаттың нәтижелерді және экономикалық рентабельділікті болжау. Қорларды пайдаланудың әртүрлі варианттарында қаржылық жағдайдың моделдерін жасау.

3) Қаржылық қорларды тиімдірек қолдану және кәсіпорын қаржылық жағдайын бекітуге бағытталған нақты шараларды қолдану. /12, 80 б/

Қаржылық жағдайды талдау, кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау 3 сатыны құрайды: жабдықтау, өндіріс және өткізу. Бұлардың жиынтығы коммерциялық және өндірістік және қаржылық қызметті құрайды.

Менің ойымша, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдауды оның қаржылық тұрақтылығынан бастаған жөн және оған мынадай көрсеткіштерді талдау жатады:

  • кәсіпорын активтерінің құрылымдық және құрамдық динамикасын талдау;
  • кәсіпорын активтерінің қалыптастыру көздерінің құрамдық және құрылымдық динамикасын талдау;
  • кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін талдау;
  • баланс өтімділігін талдау;
  • кәсіпорынның төлем қабілеттілігін және іскерлік белсенділігін талдау;

Нарықтық қатынастың қалыптасуы шаруашылық қызметін біртұтас кешенді талдауды, ішкі (басқару) және сыртқы (қаржылық) талдау деп бөлуді қажет етіп отыр. Талдаудың бұл түрлерінің әрқайсысының өзінің негізгі ақпараттық көздері бар.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, есеп берудің екі түрі бар: акционерлерді, қалың жұртшылықты, банктерді, сондай ақ сақтандыру ұйымдары мен үкімет органдарын кәсіпорынның жұмыс жағдайы мен оның қаржылық жағдайы және есепті кезеңдегі шаруашылық қызметінің нәтижесімен таныстыру үшін қаржылық газеттер мен бюллетендерде, арнайы анықтамаларда басылып шығатын қаржылық есеп беру.

Сонымен қатар көбіне, есепте субъектінің шаруашылық қызметін динамикада бейнелеп көрсетуге, даму бағыты мен оның алдыңғы кезеңдегі жағдайын болжауға мүмкіндік беретін бірқатар жылдардың мәліметтерін жариялайды.

Есеп берудің екінші түрі - басқару талдауы, бұл кәсіпорын шығаратын өнімдердің жеке түрлерінің өзіндік құнының нормативтері туралы, сондай-ақ сапасының төмендігіне немесе тауардың мөлшерден тыс шығарылып, өтпей қалуына байланысты мәліметтерден тұратын қатаң құпияландырылған, басқа тұлғалар үшін жабық есеп болып табылады.

Ішкі есеп берудің ішіндегі жауапкершілік орталықтары мен пайда болу орындары бойынша шығындар сияқты жеке бөлімшелердің жұмыс нәтижелерін сипаттайтын маңызды есеп түрлері болады.

Кәсіпорынның жеке бөлімшелеріндегі шаруашылық жүргізу деңгейін анықтау шығындар мен нәтижелерді салыстыру, кім қалай жұмыс істейтінін көруге мүмкіндік береді және еңбекке ақы төлеуде қандай да бір иесіздікті жояды. Ішкі талдау басқару есебі, ал сыртқы талдау қаржылық есеп негізінде жүргізіледі. /13, 241 б/

Қаржылық талдаудың тәжірибесі қаржылық есепті оқудың негізгі ережелерін қалыптастырды. Олардың ішінен алты негізгі әдісті бөліп қарастыруға болады:

  1. Көлденең талдау;
  2. Тікелей талдау;
  3. Трендтік талдау;
  4. Салыстырмалы талдау;
  5. Факторлық талдау;
  6. Қаржылық коэффициенттерді талдау;

Көлденең (уақытша) талдау - есеп берудің әрбір позициясын өткен кезеңмен салыстыру. Ол өткен кезеңдегімен салыстырғандағы бухгалтерлік есептің түрлі баптарындағы абсолюттік және салыстырмалы ауытқуларын анықтауға мүмкіндік береді.

Тікелей (құрылымдық) талдау - әрбір есеп позициясының жалпы нәтижеге тигізетін әсерін айқындай отырып, қорытынды қаржылық көрсеткіштердің құрылымын анықтау. Ол жалпы баланс немес оның өнімдері бойынша қорытынды көрсеткіштердегі жеке баптардың үлес салмағын анықтауға мүмкіндік береді. Мысалы, ұзақ және ағымдағы активтердің кәсіпорын мүлкінің жалпы құнындағы, яғни баланс валютасындағы үлес салмағы және тағы басқалар.

Тікелей және көлденең тауарлар бірін-бірі толықтырып отырады. Сондықтан да есептік бухгалтерлік үлгі құрылымы секілді оның жеке көрсеткіштерінің динамикасын да сипаттайтын кестелерді жиі жасайды.

Трендтік талдау - барлық көрсеткіштер 100% деп алынатын базистік жыл деңгейінен, бірқатар жылдар көрсеткіштерінің салыстырмалы ауытқуларын есептеуге негізделеді. Басқаша айтқанда, трендтік талдау әрбір есеп позициясын бірқатар өткен кезеңдермен салыстыруды және трендті, яғни жеке кезеңдердің дербес ерекшеліктері мен кездейсоқ әсерлерінен тазартылған көрсеткіш динамикасының негізгі тенденциясын анықтауды көрсетеді. Трендтің көмегімен болашақтағы көрсеткіштердің мүмкін болатын маңызы қалыптасады, ал одан кейін перспективті, болжамдық талдау жүргізіледі.

Салыстырмалы (кеңістіктік) талдау - бұл фирмалардың, еншілес фирмалардың, бөлімшелердің және цехтардың жекелеген көрсеткіштері бойынша есебінің құрама көрсеткіштерін шаруашылық ішіндегі талдау, сондай-ақ берілген фирманың көрсеткіштерін орташа салалық және орташа жалпы экономикалық мәліметтері бар бәсекелес фирмалардың көрсеткіштерімен салыстырғандағы шаруашылық аралық талдау болып табылады. /14, 274 б/

Факторлық талдау - бұл жекелеген факторлардың қорытынды көрсеткішке тигізетін әсерін зерттеудің реттелмеген тәсілі көмегімен талдау.

Сонымен қатар факторлық талдау қорытынды көрсеткіштерді оның құрамдас бөліктеріне жіктегенде - тура, ал оның жеке элементтерін жалпы қорытынды көрсеткішке біріктіргенде ол - кері (синтез) болуы мүмкін.

Қаржылық талдаудың нарықтық экономика жағдайындағы көбірек таралған талдаудың түрі - қаржылық коэффициенттерді талдау болып табылады.

Коэффициенттер салыстырмалы шамалар болып табылады, оларды есептеу кезінде шамалардың біреуін бірлік ретінде алып, ал екіншісін бірлікке қатынасы ретінде көрсетеді. Қаржылық коэффициенттерді есептеу баланстың жеке баптарының арасында болатын өзара байланыстарға негізделген.

Олар кәсіпорынның қаржылық жағдайын кезекті факторлық талдау үшін алғашқы база болып табылады және де олар талдау нәтижесінде талдау жүргізушіге жасырын құбылыстарды ашуға мүмкіндік беретін екі шаманың арасындағы өзара математикалық қатынастарды көрсетеді.

Шешімдер қабылдау үшін сәйкес коэффициенттерді талдаудың пайдалылығы оларды дұрыс түсіндіруге байланысты болады.

Бұл - қатынастарды талдаудың ең қиын аспектісі, себебі ол осы қатынастардың қалыптасуының ішкі және сыртқы факторларын білуді талап етеді, мысалы, саладағы жалпы экономикалық жағдайлар, кәсіпорын басшылығының саясаты және басқалар.

Қатынастарды үлкен байыптылықпен талдау қажет, өйткені, тек бір ғана фактор үлкен әсер етуі мүмкін. Негізінен қатынас деңгейі өткен кезеңдегі, теориялық дәлелденген салалық қатынаспен салыстырылады.

Коэффициенттер (салыстырмалы көрсеткіштердің) талдауы дегеніміз - есеп берудің жеке деректерінің арасындағы немесе әр түрлі есеп берудің деректері арасындағы қатынастарды есептеу және көрсеткіштердің өзара байланыстарын айқындау.

Баланстанудың негізгі қалаушыларының бірі - Н. А. Блатованың топтастыруына сәйкес, қаржылық көрсеткіштердің салыстырмалы көрсеткіштері бөлу және үйлестіру коэффициентіне бөлінеді. Бөлу коэффициенті қаржылық жағдайдың абсолюттік көрсеткіші, қорытындының (абсолют көрсеткіштерінің топтарын кіргізетін) қай бөлігін құрайтынын айқындау үшін пайдаланылады. Бөлу коэффициенті және оның есеп беру жылындағы өзгерістері субъектінің қаржылық жағдайымен алдын ала таныстыру жолында үлкен роль атқарады. Үйлестіру коэффициенті қаржылық жағдайдың мәні бойынша әр түрлі абсолюттік көрсеткіштерінің немесе олардың әр түрлі экономикалық маңызы бар үйлесімдерінің арақатынастарын көрсету үшін пайдаланылады. Қаржылық коэффициенттерді талдау - есеп беру жағына және бірнеше жылғы олардың мәндерін базалық мөлшерлермен салыстыру және олардың динамикасын зерттеу. Салыстыру базасы ретінде, теоретикалық негізделген немесе тәжірибелік сұрау нәтижесінде алынған олардың оптималдық немесе престикалық мәндерін сипаттайтын мөлшерлер бола алады. /15, 108 б/

Жоғарыда көрсетілген әдістермен қатар, қаржылық талдауда экономикалық, сондай-ақ экономикалық және математикалық статистиканың түрлі тәсілдері қолданылады.

Кәсіпорындар ресурстарының нарықты құрылу үрдісі (материалдық және материалдық емес), олардың нарықтык айналымға кіруі, Қазақстандағы меншіктік қайта құрылымның жаңа кезеңімен тікелей байланысты. Бұл үрдістің тежелуіне әлде де түрлі операциялар жасағанда ресурстарды құндылық бағалаудың жоқгығы себеп болып отыр.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компанияның инвестициялық тартымдылығын сараптау
Инвестициялық тартымдылықты талдау әдістері
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығының көрсеткіштері
Кәсіпорында инвестициялық жобаларды ұйымдастыру
Өндірісті кеңейтуге инвестициялар
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын арттыру жолдары
Инвистиция тарту жолдарын арттыру
Кәсіпорынның инвестициялық тартымдылығын талдау
Инвестициялық жобалардың түрлері
Қаржылық инвестицияның маңызы және жіктелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz