Шаруашылық қызметінің аудиті


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖәНЕ ҒЫЛЫММИНИСТРЛІГІ

Х. ДОСМҰХАМЕДОВ атындағы АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ

«ҚАРЖЫ, НЕСИЕ ЖәНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

«Қаржы, несие және бухгалтерлік

есеп» кафедрасының меңгерушісі м. а

«» 2006 ж.

Дипломдық жұмыс

Тақырыбы: «Мемлекеттік мекемелерде қаржылық бақылауды ұйымдастыру»

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

Атырау, 2006

ЖОСПАР

Кіріспе . . . 3

1 ТАРАУ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕРІ

1. 1 Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

1. 2 Аудиторлық бақылау . . . 12

1. 3 Қаржылық бақылаудың әдістері . . . 15

2 ТАРАУ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН СТАНДАРТТАРЫ

2. 1 Қаржылық бақылау қызметі . . . 21

2. 2 Қаржылық бақылаудың принциптері мен стандарттары . . . 25

2. 3 Қаржылық бақылаудың атқарымдық жүйесі . . . 31

2. 4 Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары . . . 35

3 ТАРАУ МЕМЛЕКЕТТIК ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУ

3. 1. Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері

3. 2. Iшкі бақылауды ұйымдастыру негіздері

Қорытынды . . . 38

Пайдаланған әдебиеттер . . . 54

Қосымшалар

Кіріспе.

Қаржылық бақылау-белгілі бір сферада қолданылатын және мақсатты бағыттағы қызметі болады да белгіленген түрмен әдіс қодану арқылы экономикалық субъектілердің іс қимылдары мен қаржысын тексеретін шаралар жиынтығы болып табылады. Қаржылық бақылаудың ерекшелігі оның ақша формасында жүзеге асатындығынан тұрады. Қаржы министрлігінде қаржылық бақылау комитеті қызмет етеді. Бұл комитет министрліктерге, ведомстваларға, басқару органдарына, тәртіп сақтау органдарына, қорғаныс кәсіпорындарына және т. б. ревизиялауды жүргізеді. Қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға жағдай жасайтын, күнделікті жағдайда қаржы бақылауды қолдану арқылы ерекше оның орны білінеді. Осыдан қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттік қаржы саясатын табысты іске асуына ықпалсыз болады. Қаржылық бақылаудың сипаттамасы субъектілер түріне әдістерінің өткізілу уақытына, бақылауды жүргізу амалдарына немесе тәсілдеріне негізделген

Диплом жұмысын жазудағы негізгі міндетім

Мемлекеттің, ұйымдардың және халықтың алдындағы қаржы міндеттерінің орындалуын тексеру.

  1. Шаруашылық субъектілердің иелігіндегі ақша ресурстарының дұрыс пайдалануын тексеру.
  2. Қаржылық операцияларының есеп айырысулардың жүзеге асыру тәртіптерінің сақталуын тексеру.
  3. Өндірістің ішкі резервтерін айқындау.
  4. Қаржы тәртіптің бұзылуын болдырмау және алдын алу.

Диплом жұмысын жазудағы негізгі мақсатым

Қаржылық бақылаудың негізгі атқарымы-оның бақылау тексеру

атқарымымен сипатталады, қаржы ресурстарын қолдануға және мемлекеттік меншікті пайдалануға заңдылықтардың орындалмауын бұзушылықтың себемтерін талдау және жаңа құқық бұзу істерін болдырмау үшін ұсыныстарын даярлайды.

Диплом жұмысының өзектілігі Аудиторлық бақылау келісім-шарттың негізінде кәсіпорынның, компанияның, банктің және т. б. қаржылық шаруашылық қызметінің жағдайын тәуелсіз аудиторлық фирманың тексеруі. Аудиторлық фирмалар жалғыз тексеру ғана емес кеңес беру қызметін орындайды. Аудиторлық фирмалар аудиторлық қызметті жүргізуге мемлекеттік органдардан арнайы рұқсат алады. Қаржылық бақылаудың негізгі әдісі ревизия болып табылады. Ревизияны жүргізу үшін бағдарлама жасалады. Онда ревизияның объектісі мен мақсаты көрсетіледі. Сондай-ақ тақырып пен негізгі мәселелері қарастырылады.

Диплом жұмысынцың маңыздылығы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің отырысында Ақтөбе облысының 15 ұйымында жүргізілген кешенді бақылау іс-шараларының қорытындылары жасалды. Есеп комитеті бақылау барысында бюджетке тиесілі қаржылардың толық және уақытылы түсуін, бюджет қаржысының тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуде заң талаптарының бұрмаланып, бақылау нысандары қызметін ұйымдастыруда елеулі кемшіліктерге жол берілгенін анықтады.

Қаржылық бақылаудың ұйымдастыру-құрылымдық жүйесінде ең басты ұстамы, оның дұрыс жұмыс істеу принйиптерін қалыптастыру, міндеттерін анықтау зат пен әдістерін таңдау, іс шара мен істеу мүмкіндіктерін бекіту болып табылады. Бюджеттерді қарастыру мен бекіту парламент пен маслихаттардың қызметтері. Бюджеттің орындалуын бақылауды жоғарыда аталған екеуі де жүргізіледі.

Диплом жұмысының зерттеу пәні, қаржылық бақылаудың мәні, мазмұны және оның әдістері, аудиторлық бақылау, қаржылық бақылаудың әдістері, қаржылық бақылаудың қызметі және принциптері мен стандарттары, қаржылық бақылау қызметі принциптері мен стандарттары қаржылық бақылаудың атқарымдық жүйесі мемлекеттік қаржылық бақылау органдары, мемлекеттiк қаржылық бақылау, Сыртқы бақылауды ұйымдастыру негіздері, Iшкі бақылауды ұйымдастыру негіздері

Диплом жұмысының зерттеу объектісі, қаржылық бақылау және мемлекеттік бақылау органдары болып келеді.

Диплом жұмысының жұмыстың құрылымы кіріспе, үш тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

Диплом жұмысынның көлемі 52 беттен тұрады.

1 ТАРАУ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ МӘНІ, МАЗМҰНЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ӘДІСТЕРІ

  1. Қаржылық бақылаудың мәні мен маңызы

Мемлекеттік қаржылық бақылау-әкімшілік аппараттың бөліп алынған іс-қимылын бақылау емес, мемлекеттік басқару органдары мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының барлық қаржы шаруашылық іс-қимылдарын және мемлекет және өзін өзі басқару органдарындағы қаражат қозғалысының уақытылығы мен заңдылығы, мемлекеттік және жергілікті жердегі өзін-өзі басқару органдарының меншікті қолдануын бақылайды.

Қаржылық бақылаудың объектісі болып мемлекеттік қаржылық ресурстарының құрылу және пайдалану процестері есептеледі.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың негізгі міндеттері-мемлекеттің қаржылық ресурстарын және мемлекеттің меншігінің мақсатты және тиімді пайдалану болады. [5]

1. Қаржылық бақылау мемлекеттік өкілеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының бір түрі ретінде көрінеді.

2. Қаржылық бақылау жүргізу қаржылық-өндірістік қатынастарды мемлекттік реттеудің түрі болып табылады.

3. Қаржылық бақылау барлық қаржы функцияларымен басқару жүйесімен байланысты болған жағдайды іскер болады.

4. Қаржылық бақылау-экономикалық субъектілердің нормативтік-құқықтық нормаларды сақтаудың әдісі.

Қаржылық бақылаудың мәні мен мағынасын дұрыс түсіну көптеген себептер бойынша маңызды.

Жақсы ұйымдастырылған және басқарылған, халықтың тұмыс деңгейін көтеруге және экономиканы дамытуда нақты мақсаттарға жетуге бағытталған жағдайда ғана қаржылар табысты қызмет жасайды. Қатал, әрі тиімді қаржылық бақылаусыз қаржылық тәртіпті нығайтуға қол жеткізу мүмкін емес. Қаржылық бақылаудың барлық құралдарын қолданып жоятын, нарықтық экономикаға көшер кезде пайда болатын, қаржылық бұзушылықтың бұрын белгісіз небір қитұрғы әдістері шыққан уақытта аса маңызға ие болады.

Осы уақытта мемлекетке қалыпты жұмыс істеп және дамуына мүмкіндік беретін, қаржылық бақылаудың жаңа әрі икемді түрлері пайдаланылады.

Осы мақсаттар орындалу үшін қаржылық бақылаудың мәнін нақты дәл білу керек, алайда біздің елімізде мемлекеттік қаржылық бақылаудың заңды бекітілген мәнінің түсінігі жоқ.

Ресей Федерациясының мемлекеттік қаржылық бақылауын ұйымдастырудағы және түсінігін анықтауда бірінші нормативтік құқықтық акт болып, Президенттің 25 шілде 1996 жылғы №1095 «Ресей Федерациясында мемлекеттік қаржылық бақылауды қамтамасыз ету шаралары туралы» жарлығы кірді.

Ресей Федерациясындағы мемлекеттік қаржылық бақылау федералдық бюджеттің және федералдық бюджеттік емес қорлардың орындалуын, ақша айналымының ұймдасуын, несие ресурстарының пайдалануын, ішкі және сыртқы қарыздардың, мемлекеттік резервтер жәйін, қаржылық жеңілдіктер мен артықшылықтар болуын қадағалайды.

2000 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енген Ресей Федерациясының, Бюджет кодексінің XI бөлімі «Мемлекеттік және муниципальдық қаржылық бақылау» деп аталады.

Бюджет кодексін қабылдаумен мемлекеттің қаржылық іс-қимылының және оның ішінде мемлекеттік қаржының бақылаудың құқықтық базасын жасауда алға қарай қадам жасайды.

Ресей Федерациясындағы мемлекеттік қаржылық бақылау қаржылық ресурстардың құрылуын, бөлінуі және мақсатты, әрі тиімді қолданылуын және мемлекеттік және муниципальды меншіктің заңды әрі орынды пайдаланылуын құқықтық нормалармен реттейтін қызмет деп қарастыру керек. Мұндай қызметтің мақсаты бұзу фактілерін табу ғана емес, бақылау арқылы мекемелерде оларды болдырмау болып табылады.

Басқару жүйесіндегі кез келген бақылау жұмысы мақсат қоюдан басталады.

Қаржылық бақылаудың мақсаты болып:

Қаржы ресурстары мен меншіктіктің тиімді әрі мақсатқа сай құқық аясында, бірегей қаржылық және ақша саясатын жүргізуін қамтамасыз ету және тиімсіз пайдалануын, талам-таражға салынуына жол бермеу.

Нарықтық экономика кезеңінде қаржылық бақылаудың ролінің артуы қаржы ағымдарының көбеюінен болады. Қаржының өзі тауар-ақша айналымын құру және қозғалысын бақылайтын құрал ретінде өз алдына мағынағы ие болады.

Күнделікті қолданыста заттық және қаржылық қатынастар астасып жатады. . [2]

Қаржы ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға жағдай жасайтын, күнделікті жағдайда қаржылық бақылауды қолдану арқылы ерекше оның орны білінеді. Осыдан қаржылық бақылаудың мақсаты мемлекеттік қаржы саясатын табысты іске асуына ықпал ету болады.

Мемлекеттік қаржылық бақылаудың міндеттері болып:

-бюджеттің және бюджеттік емес қорлардың құрылуы мен қолданылуының дұрыстығы;

-мемлекеттік және жергілікті өзін-өзі басқару органдардың қаржылық ресурстарын мақсатқа сай әрі тиімді пайдалануын, мемлекеттік және муниципальдық меншіктің құқық аясында әрі орынды пайдалану жәйін тексеру;

-бухгалтерлік есеп жүргізудің дұрыстығы және есеп қисаптардың шынайылығы;

-салық салу, валюталық, кедендік, банктік қызмет төңірегіндегі заңдылықтардың орындалуын қадағалау:

Бұл айтылған тізбе мемлекеттік қаржылық бақылаудың барлық міндеттерін қамтымайды, өйткені қаржылық заңдылықтардың өзгеруіне байланысты бұл міндеттер нақтыланады және өзгеріп отырады.

  1. Аудиторлық бақылау

Қаржылық бақылаудың сипаттамасы субъектілер түріне бақылау әрекеттерінің өткізілу уақытына, бақылауды жүргізу амалдарына немесе тәсілдеріне негізделген. Осы белгілерінен шыға отырып, қаржылық бақылауды үш бағыт бойынша бөлуге болады:

1) Түрлері;

2) Формалы;

3) Жүзеге асыру әдістері.

Субъектілеріне байланысты қаржылық бақылаудың төмендегідей түрлері болады:

-Мемлекеттік қаржылық бақылау;

-Ведомствалық қаржылық бақылау;

-Шаруашылық ішіндегі бақылау.

Уақытына байланысты қаржылық бақылаудың келесі түрлері болады:

-Алдын ала

-Ағымдағы

-Кезекті.

Алдын ала қаржылық бақылау ақша қорларын құру, бөлу және пайдалану операциялары жүзеге асқанға дейін жүргізіледі. Бұл жағдайда бектілуге және орныдалуға жататын құжаттар тексеріледі.

Ағымдағы қаржылық бақылау ақша операцияларын жүзеге асыру процесіндегі бақылауларын жүзеге асыру процесіндегі бақылау.

Кезектегі қаржылық бақылау-қаржылық операцияларды жүзеге асырғаннан кейін жүргізілетін бақылау. Бұл жағдайда қаржылық тәртіп жағдайлары анықталады және оны бұзу жағдайлары айқындалады.

Мемлекеттік қаржылық бақылау -заңдылықпен анықталған билікке сәйкес мемлекетті өкімет және жергілікті өзін-өзі басқару органдары атқаратын бақылау.

Ведомствалық қаржылық бақылау -министрліктер мен ведомствалардың бақылау, тексеру басқармалары жүргізетін қаржылық бақылау. . [5]

Шаруашылық ішіндегі бақылау -мекемелер мен кәсіпорынның қаржы-экономикалық қызметімен жүргізілетін қаржылық бақылау. Бұл жағдай бақылау объектісі болып экономикалық субъектінің қаржы іс қимылы алынады.

Бағынышсыз қаржылық бақылау -аудитпен жүргізетін бақылау. Мұндай бақылауды жүргізудің мақсаты экономикалық субъектілердің бухгальтерлік есеп жобасын шынайылығын анықтау және жүргізген қаржылық және шаруашылық операцияларының заңдылық және нормативті-құқықтық актілермен сәйкестігі болып табылады.

Аудиторлық бақылау келісім-шарттың негізінде кәсіпорынның, компанияның, банктің және т. б. қаржылық шаруашылық қызметінің жағдайын тәуелсіз аудиторлық фирманың тексеруі.

Аудитор мен аудиторлық фирмалар өз қызметтерін жүзеге асырғанда заңдық нормативтік актілер талабын басшылыққа алады.

Аудит келесі сабақтаса жүргізілетін атылармен жүргізіледі:

1. Жоспарлау;

2. Аудит объектісі жөнінде ақпаратты алу және оны бағалау;

3. Аудит процедурасына белгілі бір қадамдар жасау және бағдарламаны дайнындау;

4. Тексеру және бақылау жүйесінің сауалнамасы;

5. Аудит процедурасын жүргізу;

6. Аудиторлық түйін жасау:

Аудиторлық қызметтің нәтижесі аудиторлық түйін болып табылады. Аудиторлық түйін дегеніміз-шаруашылық субъектінің бухгалтерлерінің есептерінің баланстарының және басқа да құжаттарының қойылатын талаптарға сәйкес келуі туралы толық ақпаратты мазмұндайтын аудитормен куәландырған ресми құжат.

Аудиторлық фирмалар жалғыз тексеру ғана емес кеңес беру қызметін орындайды. Аудиторлық фирмалар аудиторының қызметті жүргізуге мемлекеттік органдардан арнайы рұқсат алады.

Ақпараттарды қолдануға қатысы бойынша аудиттің екі түрі бар:

1) ішкі аудит;

2) сыртқы аудит:

Ішкі аудит дегеніміз-мекеменің меншік иелерінің қызығушылығы бойынша ұйымдастырылған ішкі құжаттардың бухгалтерлік есептің бекітілген ереже талаптарына сәйкестігін бақылау үшін жүргізілетін аудит.

Сыртқы аудит дегеніміз-тәуелсіз аудиторлық фирма немесе аудитормен жүргізетін қызмет.

Заң талабына қытысы бойынша аудит міндетті және бастамашылық болып бөлінеді. Міндетті аудит дегеніміз-мемлекетпен реттеледі. Қазақстан Республикасында міндетті аудитке жататындар: банктер, несиелік серіктестіктер, банкпен операцияның жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар, бағалы қағаздар нарығындпа қызмет ететін ұйымдар, сақтандыру ұйымдары, жинақтаулы зейнетақы қоры, зейнетақы активтерін басқарушы компаниялар, инвестициялық қорлар, шетелге қатысты мекемелер. Бастамашылық аудит дегеніміз-кәсіпорынның бастамашылдығымен жүргізіледі.

Объектісі бойынша аудит төмендегідей бөлінеді:

-банктік;

-Сақтандыру ұйымдардың аудиті;

-Биржа инвестициялық аудит;

-Жалпы аудит;

-Мемлекеттік аудит.

Белгілеуі бойынша аудит жеті түрге бөлінеді:

  1. Қаржылық есеп аудару;
  2. Салықтық аудиті;
  3. Талапқа сай аудиті,
  4. Бағалық аудиті;
  5. Басқару аудиті;
  6. Шаруашылық қызметінің аудиті;
  7. Арнаулы аудит.

1. 3 Қаржылық бақылаудың әдістері

Қаржылық бақылау алуан түрлі әдістермен жүргізіледі. Нақты әдісті қолдану бірқатар факторларға байланысты. Мысалы: Шаруашылық орган қызметінің формасына, бақылау объектісі мен мақсаттарға және т. б.

Қаржылық бақылаудың төмендегідей әдістері қолданылады:

  • Ревизиялар;
  • Тексерулер;
  • Қаржылық жоспарлар жобасы;
  • Арыздар;
  • Қаржылық шаруашылық қызмет туралы есептерді қарастыру:
  • Лауазымды тұлғалардың баяндамаларын, ақпараттарын таңдау.

Құжаттың ревизия жүргізуде қарама-қарсы тексеріс ақша құжаттары

мен материалдық құндылықтарды түгендеу, сандық есепті қалпына келтіру және т. б. қаржылық бақылаудың негізгі әдісі ревизия болып табылады. . [3]

Кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің өткен белгілі бір кезеңге қаржылық шаруашылық қызметті толықтай зерттеу болып табылады.

Тексеру объектісіне байланысты ревизияның келесі түрлері болады:

  1. Құжаттық;
  2. Факторлық;
  3. Толық;
  4. Іріктеме;

Ұйымдастыру белгісі бойынша 3 түрі бар:

  1. Жоспарлы;
  2. Жоспардан тыс;
  3. Кешенді:

Құжаттық ревизияны-жүргізуде құжаттар және бастапқы ақша құжаттары тексеріледі.

Факторлық ревизия-тек құжаттарды ғана емес сонымен бірге ақшалар мен материалдық құндылықтардың бар болуын тексереді.

Толық ревизия-кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, белгілі бір кезеңге барлық қызметін тексеру.

Іріктеме ревизия қаржы шаруашылық қызметтің қандайда бір жеке тұсын тексеруге бағытталған. Тақырыптың ревизия бірнеше біртектес кәсіпорындарда жүргізіледі.

Ревизия амалдары төмендегідей:

  • Материалдық құндылықтарын түгендеу,
  • Кассадағы ақша қаражаттарының болуын тексеру;
  • Тексеріліп отырған объекті қызметінің есепті көрсеткіштерін жоспарлы және нормативті көрсеткіштермен салыстыру.

Ревизияны жүргізу үшін бағдарлама жасалады. Онда ревизияның объектісі мен мақсаты көрсетіледі. Сондай-ақ тақырып пен негізгі мәселелері қарастырылады.

Қаржылық бақылау тиімді жүргізілу үшін оны ұтымды ұйымдастыра білу керек. Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік және басқару органдары жүзеге асырады. Қазақстан Республикас Парламентінің 2 палатасында да арнайы мамандандырылған жұмысшы органдар бар. Осы органдар қаржы бюджет қызметі өрісіндегі мемлекеттік бюджеттің құжаттарының жұмсалуына бақылау жүргізіледі. Қазақстан Республикасының елбасы шығарған жарлықтары, қаулылары және өкімдерінің орындалуына бақылауды ұйымдастыру үшін Президент ақпаратында бақылау бөлімі болады. Елбасыға тікелей бағынатын және есеп беретін Республика бюджетінің орындалуына бақылау бойынша есептік комитет құрылады. Ол мемлекеттік орган болып табылады. Ол комитеттің міндеттері мен қызметтері мыналар:

  • Республика бюджетінің орындалуы бойынша заңдар мен нормативтік актілердің орындалуына бақылау;
  • Мемлекет басшысының Республикалық бюджетті орындалуымен байланысты мәселелері бойынша тапсырмаларды орныдау;
  • Республика бюджетіне қаражаттардың түсуін және олардың пайдалану заңдылығын бақылау;
  • Республика парламентіне қарауға Республика бюджетінің орындалуы туралы есепті ұсыну.

Қаржы министрлігінде қаржылық бақылау комитеті қызмет етеді. Бұл комитет министрліктерге, ведомсталарға, басқару органдарына, тәртіп сақтау органдарына, қорғаныс кәсіпорындарына және т. б. ревизиялауды жүргізеді. 2001 жылдың басында құрылған қаржы позициясы келесі қызметтер мен операцияларды орындайды.

Қаржы операцияларымен байланысты қылмыс пен құқық бұзушылықты айқындайды. Сонымен бірге мемлекеттік қаржылық бақылауды қазынашылық органдар да жүзеге асырады. Салық және қаржы органдары мемлекет кірістері мен шығындарына бақылау жүргізеді. Салық органдары бақылауды жүргізу барысында құқық бұзушылықты байқаған жағдайда экономикалық санкциялар қолдана алады. Жоғарыда аталғандардан басқа қоғамдық бақылау жүргізу орындары болады. Олар: кәсіподақтар, саяси партиялар, жастар ұйымдары т. б. Шаруашылық ішіндегі бақылауды шаруашылық субъектілердің құрылымдық бөлімшелері жүзеге асырады.

Қаржылық бақылау әдістері--әр түрлі болады, негізінен тексеру, жай тексеріс, зерттеу, талдау. . [7]

Тексеру-тексеріс кезіндегі шаруашылық және қаржылық операциялардың қажеттілігі мен тиімділігін және оны жүзеге асыру кезіндегі заңдылықты жауапты адамдардың істерінің негізділігі мен заңға сәкестігін анықтайтын құжаттық және нақтылық тексерудің міндетті бақылау істерінің жүйесі болып табылады.

Жай тексеріс-бірен-саран бақылау немесе тексерген адамның белгілі бір бөлігін зерттеу.

Талдау-нәтижелілігіне және тиімділігіне жалпы баға беру мақсатында құжаттарды егжей-тегжейлі зерттеу арқылы жүзеге асатын қаржылық бақылаудың бір түрі болып табылады.

Зерттеу-тексеру объектісінің шаруашылық қызметінің белгілі бір бағыттары мен сұрақтарын бақылау органдарының жанасуы. Бақылау процесі-тиісті принциптерді, түрлерді, бақылау әдістері мен техникасын пайдалана отырып, белгілі бақылауды жүзеге асыру арқылы ең тиімді әдістермен кепілді түрде жету жолындағы бақылау субъектісінің іс-қимылы болады.

Бақылау шараларын ұйымдастыру процестерін төмендегідей бір-бірімен байланысты кезеңдерге бөлуге болады:

  • Бақылау шараларын жоспарлау;
  • Тексерістің тақырыбын сәйкес құқықтық-нормативтік базасын білу керектігін бақылау шараларын өткізуге дайындық;
  • Бағдарлама жасақтау; бақылау объектісіндегі бақылау жұмыстарының бағдары;
  • Сұрастырылған материалдарды құжаттармен және нақты тексеріс;
  • Бақылау шараларының материалдарын жүйеге келтіру;
  • Ант жасау;
  • Бақылау шараларының материалдарынжәне ұсыныстарыншешісу және талқылау;

Бақылау шаралаының материалдарына байланысты ұсыныстардың орындалуына мемлекеттік қаржылық бақылау орнату.

Бақылаудың нәтижесіне әсер ететін бақылау жүйесінің маңызды элементі болып-бақылау шараларына мемлекеттік қаржылық бақылауға техника мен қазіргі технологияны қолдану аталады. Бұл жерде техникалық әдістерді және бақылау іс-қимылындағы тактиканы қолдану болып отыр.

Бақылау шараларын өткізу, оны құжаттау арнайы инструкцияларда, ережелерде, жазылған олардың құжаттау тәртібі мен әдісін сақтандыру арқылы белгілі талаптарға сай жүргізіледі.

Қаржылық бақылау жүйесінің негізгі элементі болып-бақылау жүргізудің керекті деректерін жинау және өңдеу болып табылады. Бақылау-тексеру жұмысын жүргізудің маңызды ережесі--өткізілген шаралар мен шығындалған заттардың нәтижесін егжей-тегжейлі құжатқа түсіруге болады. Бақылау нәтижесі тек тексерушілердің кәсіби деңгейіне ғана байланысты емес, сонымен бірге бақылау шараларын жүргізу күн тәртібіне де байланысты болады.

Бақылау нәтижесіне айрықша әсер ететін факторлар болып:

  1. Бақылау жүргізуші мамандардың білім деңгейі;
  2. Бақылау жүргізуге негіз болатын, бақылау объектісі жөніндегі деректердің толықтығы мен шынайылығы;
  3. Бақылау іс-шараларын орындауға құқық беретін нормативті құқықтық және ғылыми-әдістемелік камтамасысыз ету

2 ТАРАУ ҚАРЖЫЛЫҚ БАҚЫЛАУДЫҢ ҚЫЗМЕТІ ЖӘНЕ ПРИНЦИПТЕРІ МЕН СТАНДАРТТАРЫ

2. 1 Қаржылық бақылау қызметі

Қаржылық бақылаудың мақсаттары мен міндеттері жалпы мемлекеттік бақылаудың бөлігі ретінде, тексеру объектісінң қаржы-шаруашылық қызметтерінің жәйін зерттеу, оның қызметінің кемшілік тұстарын, оның себептерін анықтау, тиісті түзетулер енгізу, сүйтіп тиімділігін арттыру болып табылады.

Қаржылық бақылаудың күнделікті қолданыстағы мәні қаржылық бақылаудың қызметі болып табылады.

Қаржылық бақылау органдарының бақылау қызметін жүзеге асыруы қаржылық бақылау мен қаржының бақылау қызметін қатар қойып салыстыруға негіз бола алмайды. . [5]

Қаржылық бақылау экономиканы өз алдына басқаратын қызмет болады, басқа қызметтерді жоққа шығармайды, олардың тиімді пайдалануына ықпал етеді.

Қаржылық бақылаудың негізгі атқарымы, оның бақылау-тексеру атқарымымен сипатталады, қаржы ресурстарын қолдануда және мемлекеттік меншікті пайдалануда заңдылықтардың орындалмауын бұзушылықтың себептерін талдау жаңа құқық бұзу істерін болдырмау үшін ұсыныстарын даярлайды.

Дүниежүзілік күнделікті қолданылымда қабылданған мемлекеттік қаржы бақылауының қызметі болып:

  • Бюджеттік қаражаттардың түсу көздерін бақылау;
  • Бюджеттік қаражаттың шығындарын бақылау;
  • Мемлекеттік және муниципалдық меншіктің қолданылуының тиімділігін, оны жекешелендіруді, ұлт меншігіне айналдыруды бақылау;
  • Мемлекеттік және муниципалдық бюджеттен тыс қорлардың қолданылуын бақылау;
  • Бюджеттік қаражаттардың, банктердегі және басқа несие-қаржы мекемелерінде, мемлекеттік және муниципалдық бюджеттен тыс қорлардың айналымын бақылау;
  • Дотация алудың және салық төлемдеріндегі жеңілдіктердің қолданылуының заңдылығы мен тиімділігін бақылау;
  • Қаржыны артық пайдаланудың жолын кесу.

Қаржылық бақылаудың қызметі қолданудың мөлшері тиісті бақылау органдарының заңдылық және нормативті-құқықты актілерінде келтірілген болады.

Қаржының екі қызметі бар:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есептілік сапасын бақылаудың негізгі аспектісі ретінде аудиторлық қызметті дамыту
Оперциондық аудиттің мәні мен қажеттілігі
Бухгалтерлік есеп пен аудиттің жалпы құрастырылу принципі
Қаржылық аудиттің әдістемесі
Халықаралық аудит стандарттарының сипаттамасы
Негізгі құралдардың аудиті
«Практикалық аудит» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешені
Аудиттің мәні мен мағынасы
Ұйымдағы ішкі бақылауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Аудиторлық қызметті басқарудың парадигмалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz