Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін бағалау


Негізгі капиталдың пайдалану тиімділігін бағалау
КІРІСПЕ
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыра отырып, ел экономикасының шикізаттық даму бағытынан арылып, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту жолымен экономика саласын диверсификациялау жолымен тұрақты даму жолына қол жеткізуді көздейді. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге жарамды және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру экономика құрылымына сапалы өзгерістер әкелетіндігімен, соның ішінде адамзат, өндіріс және табиғи капиталдарды тиімді пайдалана отырып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететіндігімен сипатталады.
Елімізде өтіп жатқан нарықтық қатынастар тек экономиканы дамыту үшін ғана емес, бүкіл қоғамдық өмір үшін де орасан зор маңызы бар.
Ел Президентінің халыққа жолдауында “Жаңа экономика кең тұрғыда - бұл жоғарғы технологиялар ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегментерде инновациялармен қаныққан экономика. Шикізаттық және индустриялдық экономикадан санаткерлік ресурстаға, ғылымды көп қажетсінетін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылық барынша маңызды үрдістердің біріне айналды” деп атап өтудің маңызы зор. [1]
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны - бұл кәсіпорын. Міне, сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар. Мұнда жоғарғы өнімді техникалар қолдану мәселелері кең тұрғыда шешілуі керек. Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді. Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршең бола алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді уйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғарғы табыспен, ең соңында, көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса. Сонымен қатар қазіргі жағдайда кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай - күйінің орнығуында негізгі капиталдың атқаратын рөлі аз емес. Отандық есептік аналитикалық тәжірибеде өндірістік қорлар, дайын өнім және тауарларды қайта бағалауда жүргізілмейді. Сондықтан да олардың құнының өсуі, инфляциялық фактор әсерінен болатыны күмәнсіз. Нарықтық экономика жағдайында әрбір кәсіпорынның қызмет етуінің экономикалық пайдалылығы табыс табумен анықталады. Міне, осы табыс табуда кәсіпорынның негізгі капиталы басты орын алады. [2]
Қазіргі таңда негізгі өндірістік қорлардың жағдайы мен оларды тиімді пайдалану кәсіпорынның шаруашылық қызметінің соңғы нәтижесіне тікелей әсер етеді. Кәсіпорында негізгі құралдар мен өндірістік қуатын ұтымды пайдалануды ұйымдастыру барлық техника-экономикалық көрсеткіштердің оң нәтижесін көрсетеді. Соның ішінде өнім көлемінің өсуіне, өзіндік құнның төмендеуіне, дайындаудың еңбек сыйымдылығына, табыстау және өндіріс рентабельділігінің өсуіне ықпал жасайды.
Кәсіпорында негізгі капиталды қалыптастыруда ұтымды саясат жүргізудің маңызы зор. Ол ең алдымен кәсіпорында шығарылатын тауарларға нарықтық талаптарды және негізгі өндірістік қолардың салалық ерекшеліктерін ескеру негізінде жүргізілуі тиіс. Кейінгі кезде еліміздегі өнеркәсіптегі негізгі капиталдардың жағдайына ерекше мән берілуде. Өйткені, оларды пайдалану деңгейі өнеркәсіптің және жалпы халық шаруашылығының даму жағдайына айтарлықтай әсер етеді. Мұнымен қай кезде де кәсіпорындарда негізгі өндірістік қорларды тиімді пайдалану мәселесіне үнемі назар аударылатыны түсіндіріледі.
Демек, негізгі капиталды жаңарту бүгінгі күннің өзекті мәселесі болып отыр. Оларды өз уақытысында ауыстыру, техникамен жарақтандыру, модернизациялау, реконструкциялау үрдістерін жеделдету үшін инвестициялық және инновациялық ресурстардың қажеттілігі туындайды. Өнеркәсіп кәсіпорындарында жаңа техникаға қажеттіліктің өсуі, әсіресе аграрлық өнеркәсібі өнімдерін сатып алуға инвестицияның жеткіліксіздігі, кәсіпорынның техникалық базасының төмендігінен және инвестицияның тартымды болмауынан соңғы жылдары өнеркәсіптің өңдеу секторында инвестиция белсенділігі бәсең болып келеді. [3]
Кәсіпорындағы негізгі құралдарды талдаудағы негізгі мақсат - кәсіпорындағы және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдармен жеткілікті дәрежеде қамтамасыздығын және оларды пайдаланудың жалпылама және жекеше көрсеткіштерінің деңгейін анықтау, олардың деңгейінің өзгеру себептерін талдау, негізгі құралдарды пайдаланудың өнім көлеміне және басқа да көрсеткіштерге әсерін есептеу, негізгі құралдарды пайдаланудың интенсивтілігі мен тиімділігін резервтерді ашу. Сонымен қатар негізгі құралдарды пайдаланудың тиімділік көрсеткіштері арқылы кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын пайдалану дәрежесін сипаттап көрсету маңызды болып табылады.
Негізгі өндірістік капиталдың нәтижелілігі арттырудың аса маңызды факторларының бірі - жабдықтардың пайдалануын жақсарту - деп санайды ғылыми мамандар. Ол үшін осы негізгі капиталдардың жұмыссыз тұрып қалуын азайту ауыстыру коэффициентін көбейту жолымен қол жеткізу керектігін ұмытпауымыз керек деп ойлаймын. Қазақстан Республикасы Салық кодексіне сәйкес негізгі капитал элементтері бір жылдан аса қызмет етеді және оларды алған сәттегі құны республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген тиісті қаржы жылына елуден аса айлық есептік көрсеткішті құрайды.
Жазылып отырған дипломдық жұмыстың тақырыбы - ‘Өндірістік кәсіпорынның негізгі капиталын тиімді пайдалану және арттыру”.
Зерттеу объектісі - Ұн және макарон өнімдерін өндіруші кәсіпорын “Байсерке Агро” Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігі. “Байсерке Агро” ЖШС-і Алматы облысының алдыңғы қатарлы ұн және макарон өнімдерін өндіруші кәсіпорын болып табылады. Негізгі қызметі - ауыл шаруашылық шикізаттарын қабылдау, тазалау, кептіру қайта өңдеу, сақтау және қайта
қорытып олардан халық тұтынатын тағам түрлерін шығару болып табылады.
Байсерке Агро” ЖШС - нің басты тапсырмасы - қоғамдық тұтынушыларды өз өнімдерімен қанағаттандыру, түскен пайданы еңбек ұжымының мүшелері мен кәсіпорын меншігінің экономикалық - әлеуеттік жақсартуға пайдалану болып табылады.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытынды бөлімнен тұрады.
Бірінші тарауда - кәсіпорында негізгі капиталды пайдаланудың
теориялық негіздеріне тоқтала келе, оларды бағалау әдістері мен амортизациялық аударым жарнасы және негізгі капиталдың тиімділігін арттыру факторлары қарастырылады.
Екінші тарауда “Байсерке Агро” ЖШС-нің экономикалық белсенділігі мен кәсіпорында негізгі капиталдың пайдалану дәрежесіне талдау жүргізіледі.
Үшінші тарауда негізгі капиталды пайдаланудың тиімділігін арттыру мен оның жолдары және кәсіпорын экономикалық әлеуетін көтеру, сонымен қатар “Байсерке Агро” ЖШС-де негізгі капиталды пайдалануды арттыру жолдары қарастырылып отыр.
Қорытынды бөлім зерттелу тақырыбының мазмұнына сәйкес оның негізгі бөлімдері бойынша қорытындыла мен ұсыныстардан тұрады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты - бүгінгі күнде бәсеке қабілеттілікті көтеруде басты міндет ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту, Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі капиталдардың үнемі жаңартып отыру саясатының маңызын ашу.
Ал, оның басты міндеті - осы мәселелердің артықшылықтарын айқындап көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында кәсіпорында негізгі капиталды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілеріне терең зерттеу жүргізіле отырып, негізгі капиталдың экономикалық мәні, кәсіпорында тиімді пайдаланудың ерекшеліктері, кәспорында ұйымдастырылу саясаты, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардағы негізгі капиталды жаңарту құралы, өндіріске иновациялық жаңалық енгізу құралы және тағы да басқа тақырыптар төңірегіндегі мәселелер қарастырылады. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттары, ғылыми мақалалар мен оқулықтар интернет сайттарының және кәсіпорынның нақты мәліметтері, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары, отандық және шетелдік ғалым экономистерінің еңбектері, үкімет бекіткен бағдарламалар мен қаулылар, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттары қолданылды.
1 КӘСІПОРЫНДАҒЫ НЕГІЗГІ КАПИТАЛДЫ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Кәсiпорын өндiрiсiнде негiзгi капиталдың мазмұны және оның құрылымы.
Кез-келген кәсiпкер өз бизнесiн тиiмдi жүргiзу үшiн ең алдымен табыс әкелетiн активтерi болуы шарт, яғни негiзгi капиталсыз мақсатын жүзеге асыра алмайды. Негізгі капитал - бұл материалдық құндылықтың ұзақ кезеңдегі жұмыс істеп тұруы ретіндегі негізгі қорлардың ақшалай бағалануы. Осыған байланысты қорлар өзінің құндылығын өндіретін өнімге жартылай апарады. Қолданылып жүрген топтастыруға сай негізгі қорлардың құрамына өндірістік және өндірістік емес объектілер кіреді. Біріншіге жататындар - өндірістің, құрылыстың, ауыл шаруашылығының, автомобиль көлігінің, байланыстың, сауданың және басқа да материалдың - өндіріс түрлерінің негізгі қорлары. Натуралды - заттық құрамы принципінде негізгі қорлар мыналардан тұрады - ғимараттар, құрылыстар, табыстау қондырғылары, жұмыс және күш машиналары мен жабдықтар, өндірістік - шаруашылық құрал - саймандар, жұмыс және өнімді мал, көпжылдық егістер, шаруашылықтың ішкі жолдары, сол сияқты кәсіпорындардың, мекемелердің, меншігіндегі жер төлемдері. Нықтық экономиканың маңыздылығын еңбек өнiмдiлiгiнiң, өндiрiс тиiмдiлiгiнiң өсуiн ынталандырушы құрал ретiнде қарастырсақ, осы жағдайлардың iшiнде өндiрiс тиiмдiлiгiнiң негiзгi бағыттары мен олардың өсуiне әсер ететiн факторлар және оларды анықтау әдiстерiне басты назар аударылуы тиiс. Өндiрiс тиiмдiлiгiн анықтайтын маңызды критерийлер мен тиiмдiлiк көрсеткiштерiн дәл анықтай бiлу керек. Кәсiпорындағы өндiрiс тиiмдiлiгiн бағалауда ең алдымен оның негiзгi өндiрiстiк қорының көрсеткiштерiнiң алатын орны ерекше. Жалпы кәсiпорында өнiм өндiру процесi үш фактор арқылы жүзеге асырылады: еңбек, еңбек құралы және еңбек пәнi. Еңбек құралы (машина, құрал-жабдық, инструменттер және т. б. ) және еңбек пәнi (шикiзат, материал) - өндiрiстiк капиталдың заттық мазмұнын бiрiктiретiн өндiрiс құралдарын құрайды. Өiрiстiк капиталдың эономикалық мазмұны - бұл өнімнің құнының
қалыптасуына қатысатын, өндіріс процесiндегi алатын орнына байланысты негiзгi және айналым болып бөлінеді. [4]
Кез-келген кәсіпорын материалдық - техникалық базасының сипаты ондағы еңбек құралдарымен анықталады. Еңбек құралдары және ғимараттар мен құрылыстар кәсіпорынның материалды - техникалық базасының маңызды элементі болып табылады.
Экономика ғылымы барлық әртүрлi машина, ғимараттар, құрылыс, құрал-жабдықтарды «негiзгi капитал» деген экономикалық категорияға бiрiктiредi. Бұны адам еңбек құралы ретiнде пайдалана отырып өз қажеттiлiгiн толығымен қанағаттандырады.
«Капитал» терминiнiң түсiнiгi мен мағынасын экономика ғылымдарының барлық iрi мектептер мен бағыттарының өкiлдерi түсiндiруге тырысты. Капитал теориясының қалыптасуының ұзақ тарихы бар. А. Смит капиталды зат немесе ақшаның жинақталған қоры деп сипаттайды. Ал Д. Рикардо оны өндiрiс құралы ретiнде қарастырады: «ертедегi адамның қолындағы таяғы, тасы оған қазiргi машина мен зауыт сияқты капитал элементi болып көрiнедi» дейдi. К. Маркс өзiнiң алдындағыларына қарағанда капиталды әлеуметтiк сипаттағы категория ретiнде түсiндiредi. Ол «капитал - бұл қосымша құнды тудыратын, өз-өзiнен «өсетiн құн»» дейдi. Өсу құны ол тек ғана жалдамалы жұмысшылар деп есептеледi. Сондықтан Маркс капиталды - бұл ең алдымен қоғамның әр түрлi қабаттары арасындағы белгiлi қарым-қатынас, соның iшiнде жалдамалы жұмысшылар мен капиталистер арасындағы деп қарастырады. Америкалық экономист Ирвинг Фишердiң (1867-1947) пiкiрi бойынша, капитал табыс ағымына айналатын қызмет ағымын тудырады. Қандай да бiр капиталдың қызметi қаншалықты жоғары бағаланған сайын, ол соншалықты табыс әқеледi. Сондықтан капитал деңгейiн одан алынған табыс деңгейi негiзiнде бағалау керек.
Жалпы, капиптал - бұл өндiрiске ресурс ретiнде пайдаланылатын материалдық және ақшалай түрдегi интелектуалдық құралдар. Капитал ағымына қазiргi таңда экономистер бiрнеше анықтама бередi. Кәсiпорында бухгалтерлер капиталды фирмадағы барлық активтер (құралдар) десе, кейбiр экономистер капиталды нақты (физикалық, өндiрiстiк), яғни өндiрiс құралдары түрiнде және ақшалай, яғни қаржылық формада, ал кейде тауарлық капитал, яғни тауар түрiндегi капитал деп қарастырады. Нақты капитал негізгі және айналым капиталы деп бөлiнедi.
Қазiргi таңда экономикалық әдебиеттерде «негiзгi капитал» ұғымы көп кездеседi: экономистер бұл терминдi «негiзгi қор» деп қарастырса, ендi бiрi «негiзгi капитал» деп қарастырады. Бiздiң пiкiрiмiзше екiншi көзқарас дұрыс секiлдi. Өйткенi жоғарғы табыс алуға ұмтылатын және өндiрiстiң капиталистiк әдiсi үшiн де сипаты нарықтық экономиканың талаптары мен мақсаттарына сәйкес келедi. Бұған дәлел ретiнде мынаны айтуға болады: жоспарлы экономикада негiзгi қорлар мемлекет иелiгiнде болып, қоғам үшiн жұмыс атқарады, ал қазiргi кезде барлық компаниялар негiзгi қорларды тиiмдi пайдалану арқылы жоғары табыс алуға ұмтылады, сондықтан өндiрiс құралдарын пайдалану кәсiпорын иесiне табыс әкелетiндiктен осы жерден «негiзгi қор» ұғымы «негiзгi капитал» ұғымына айналады. Қазақстандағы бухгалтерлiк стандартта негiзгi құралдарды материалдық өндiрiс саласында да, өндiрiстiк емес салада да еңбек құралы ретiнде ұзақ мерзiм бойы қолданылатын материалдық активтер деп қарастырады. [5]
Кәсiпорынның негiзгi өндiрiстiк қоры - кез-келген өндiрiстiк кәсiпорынның материалдық техникалық базасын сипаттайды. Кәсiпорынның өндiрiстiк қуаты, еңбектiк техникалық жарақаттану деңгейi олардың көлемiне байланысты. Негiзгi құралдардың жиынтығы және еңбектiң жоғарғы техникалық жарақаттану деңгейi олардың көлемiне байланысты. Негiзгi құралдардың жиынтығы және еңбектiң жоғарғы техникалық жарақаттану еңбек процесiн байытады, еңбекке шығармашылық сипат бере отырып, қоғамның мәдени-техникалық деңгейiн көтередi.
Сонымен, негiзгi құралдар - өндiрiс процесiнде жасалған, тауар өндiру, нарықтық және нарықтық емес қызметтер көрсету үшiн өзгермейтiн табиғи заттай нысанда уақыттық ұзақ кезеңi iшiнде бiрнеше рет немесе үнемi қолданылып, бiртiндеп өз құнын жасалынатын өнiмдер мен қызметтерге көшiретiн кәсiпорын байлығының аса маңызды бөлiгi.
Негiзгi қорларды есептеу, бағалау және талдау үшiн оларды әртүрлi белгiлерiне байланысты жiктеп қарастырады.
Заттық-натуралдық құрамы принципі бойынша үйлер мен ғимараттар, табыстау қондырғылары, жұмыс пен күш машиналары мен жабдықтар, өлшеуiш және реттеуiш құралдар мен құрылғылар, зертханалық жабдықтар, есептеу техникасы, көлiк құрал-жабдығы, өндiрiстiк және шаруашылық
инвентар, ересек жұмысшы және өнiм беретiн мал, арнаулы құралдар және де кәсiпорын меншiгiндегi жер учаскелерi деп жiктейдi.
1 сурет - Кәсiпорындағы негiзгi капитал түсiнiгi
Атқаратын қызметіне байланысты өндiрiстiк және өндiрiстiк емес болып бөлiнедi. Өндiрiстiк негiзгi капиталдар өндiрiстiк процеске үнемi қатысады және оған тiкелей қызмет көрсетедi. Өндiрiстiк емес негiзгi капиталдар - бұлар өнiмнiң қалыптасуына қатыспайды, өндiрiстiк процестiң жүруiне тек ғана жанама түрде әсер ететiн, ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын қорлар. Олар тұрғын пәтерлер, коммуналдық - тұрмыстық мақсаттағы ғимараттар, құрылыстар, балабақшалар, мектептер және т. б.
Негiзгi өндiрiстiк қорларды еңбек пәнiне әсер ету дәрежесiне байланысты актив және пассив деп бөлудiң маңызы зор. Өндiрiстiк процесте негiзгi қорлар тобы әр түрлi рольдер атқарады. Жұмыс машиналары мен құрал-жабдықтар, өлшеуiш приборлар мен қондырғылар техникалық ғимараттар. Өндiрiс процесiне үнемi қатысып отырады, өнiм көлемiнiң өсуiне тiкелей әсер ететiндiктен бұлар негiзгi қордың актив бөлiгiне жатады. Негiзгi қорлардың басқа элементтерi (өндiрiстiк үйлер, инвентар және т. б. ) өнiм өндiруге тек қана жанама әсер ететiндiктен олар негiзгi қордың пассив бөлiгi деп аталады. [8]
Негiзгi өндiрiстiк қордағы актив бөлiгiнiң үлесi кәсiпорынның өндiрiстiк мүмкiндiгiн, техникалық жарақаттану дәрежесiн және өндiрiстiк қуат деңейiн көрсетедi. Негiзгi қорлардың өндiрiстiк құрылымы олардың жалпы құнындағы негiзгi қорлардың әрбiр тобының үлесiмен сипатталады. Негiзгi өндiрiстiк қор құрамындағы машина, құрал-жабдықтар және актив бөлiгiнiң басқа да элементтнрiнiң үлесi жоғары болған сайын, сонша өнiм негiзгi қордың 1 теңгесiне шығарылады деп есептеледi. Негiзгi қордың актив бөлiгiнiң үлесi көбiнесе жоғарғы деңгейлi техникамен жарақаттанған кәсiпорында, өндiрiс процессi механикаландырылған және автоматтандырылған, өңдеудiң химиялық әдiстерi кең қолданылатын және еңбектiң электрқарулануы жоғарғы деңгейдегi кәсiпорында жоғарғы көрсеткiштерге ие. Негізгі өндірістік қордың пассивті бөлігі негізгі кордың ғимарат, құрылыс және өндірістік қажетті жақтарын құрайды. Кәсіпорын негізгі өндірістік қорлар бойынша шаруашылық айналымын жүргізу үшін мынадай сатылардан тұрады : негізгі қордың тозуы, амортизация, негізгі қорды толық қалпына келтіру үшін жинақталған қаражаттар, капитал салымдарын жузеге асыру жолдары.
Кәсіпорын және басқа да әр турлі салалардың негізгі қор құрылымы мынадай факторлармен анықталады:
- өндірілген өнімнің көлемі мен сипаты,
- өндірістің техникалық деңгейі және т. б.
Негiзгi капиталдың барлық түрiне келесi экономикалық белгiлер тән: негiзгi капиталдың барлық түрi өндiрiске қатыса отырып, құнын еңбек өнiмiне өзiнiң натуралды түрiнде бермейдi, негiзгi капиталдың барлық түрi ұзақ уақыт кезеңiнде көптеген өндiрiстiк циклға қатысады, негiзгi
капиталдың барлық түрi өндiрiс процесiнде бiртiндеп тозып отырады және оның құны бөлшектеп, тозу шегiнде байланысты дайын өнiмге құнын бередi.
2 сурет - Негiзгi қорлардың жiктелімі
1. 2 Негiзгi капиталды пайдалану көрсеткiштерi, оларды бағалау жолдары
мен амортизациялық аударым жарнасы.
Қазiргi уақытта жүзеге асырылатын техникалық саясат негiзгi қорлардың әрбiр теңгесiне шығарылатын өнiмдi көбейтуге жағдай жасайды. Бұл өндiрiс тиiмдiлiгiн көтеруге септiгiн тигiзедi. Негiзгi қорларды тиiмдi пайдалану, бiрiншiден өндiрiс көлемi ешқандай қосымша салымдарсыз ұлғаяды, екiншiден, еңбек өнiмдiлiгi өседi, өнiмнiң өзiндiк құны азаяды.
Кәсiпорында және өнеркәсiпте негiзгi құралдар қаншалықты тиiмдi пайдаланылатындығын анықтау үшiн келесiдей көрсеткiштер жүйесi қолданылады:
1. Негiзгi қорлар құрылымының қозғалысын сипаттайтын көрсеткiштер;
2. Негiзгi қорларды пайдаланудың жалпылама көрсеткiштерi;
3. Негiзгi қорларды интенсивтi және экстенсивтi көрсеткiштерi;
Бiрiншi топ көрсеткiштерi: жаңарту коэффициентi, негiзгi қорлардың шығу коэффициентi, негiзгi қорлардың өсу коэффициентi және негiзгi өндiрiстiк қордағы актив бөлiгiнiң үлес мөлшерi.
Негiзгi қорлардың жаңару коэффициентi - белгiлi кезең аралығында жаңадан түскен негiзгi құралдарды және олардың интенсивтiлiгiн сипаттайды. Ол келесiдей формуламен анықталады:
Кжаңарту=Н қ. е. /Нқ с. (1)
Мұндағы: Н қ. е. - белгiлi бiр кезеңдегi негiзгi қордың қайта енгiзiлген құны.
Нқ С- сол кезеңдегi негiзгi қордың соңғы құны.
Негiзгi қорлардың шығу коэффициентi - негiзгi құралдардың берiлген кезеңдегi жойылу және шығу процесiн сипаттайды. Ол келесiдей формуламен анықталады.
Кшығу=Қш. қ/Қ. қ. (2)
Мұндағы: Қш. қ. - негiзгi құралдардың берiлген кезiндегi шыққан құны
Қ. қ. - берiлген период басындағы негiзгi құралдар құны.
Негiзгi өндiрiстiк қордағы актив бөлiгiнiң үлес салмағы негiзгi өндiрiстiк қор құрылымының прогрессивтiлiгiн сипаттайды, негiзгi өндiрiстiк қордың жалпы соммадағы олардың актив бөлiгiнiң үлесi (машина, құрал-жабдықтар, скважина, технологиялық қондырғылар) процент түрiнде берiледi. Көрсеткiштердiң екiншi тобына қор қайтарымдылығы, қор сиымдылығы және қор қарулануы жатады.
Қор қайтарымдылығы - негiзгi өндiрiстiк қордың мың теңге құнына қанша өнiм келетiндiгiн сипаттайды. Ол мына формула бойынша анықталады:
Ққ = Тө/Қо (3)
Мұндағы: Тө - таза өнiмнiң тауарлы және атаулы құны, бiр жыл iшiнде өндiрiлген, тг;
Қо - Негiзгi өндiрiстiк қордың орташа жылдық құны;
Қор сиымдылығы - бұл тауарлы немесе құндық түрдегi шығарылған тауарлық өнiмнiң бiр теңгесiне немесе шығарылған өнiмнiң бiр данасына келетiн негiзгi қорлардың құны.
Қс = Қө/Тө (4)
Қор қарулануы - негiзгi қорларды пайдаланудың тиiмдiлiгiн бейнелейдi және негiзгi қорлардың орташа жылдық құнының өнеркќсiптiк персоналдардық орташа тiзiмдiк санына қатынасымен табылады.
Ққ = Қожқ/Жтізімі (5)
Бұл топтағы көрсеткiштер динамикасы кәсiпорында жүргiзiлген ұдайы өндiрiс процесi жағдайын көрсетедi.
Ендi негiзгi қорды бағалау әдiсiне тоқтала кететiн болсақ, оның мынадай түрлерi бар:
1. Қолда бар құрал-жабдықтарды бастапқы толық құны бойынша бағалау, оларды тасымалдаудағы көлiк шығындарды және пайдалану кезiндегi құрастыру жұмыстарының құны. Негiзгi қор бастапқы құны бойынша кәсiпорынның баланысында есепке алынады, сондықтан оны баланстың құн деп атайды.
2. Қорды толық қалпына келтiру құны және оны дамыған жағдайға келтiру құны бойынша бағалау. Бұл ұқсас материалдарды дамыған жағдайға сәйкес, пайдаланудың тиiстi параметрлерiн сақтауды көздейдi.
3. Қордың тозуын есепке ала отырып бастапқы және қалпына келтiру құны бойынша бағалау.
Негiзгi қордың құрамы мен құрылымын бағалайтын көрсеткiштер.
1. Негiзгi қорды жаңарту коэффициентi:
Кжаңарту=Ққ. е. /Қ е. қ (6)
Мұндағы: Ққе. - белгiлi бiр кезеңдегi негізгі қордың қайта енгізілген құны.
Қеқ. - Сол кезеңдегi негiзгi қордың соңғы құны.
2. Негiзгi қорды қирату коэффициентi:
Кқирату=Ққир/Қбаст (7)
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz