Экономиканы дамыған мемлекеттерде бюджеттік реттеудің қалыптасу ерекшеліктері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Аннотация ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... .. 4 Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 5
Қысқартулар мен
белгілеулер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
.. 6
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 7

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... 8
1 ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 4
... ... ... ..
1.1 Білім және денсаулық сауқтауды мемлекеттік реттеуде бюджет
тетіктерін қалыптастырудың экономикалық маңызы ... ... 4
1.2 Бюджеттік реттеудің қажеттілігі мен оның жалпы принциптері...18
1.3 Экономиканы дамыған мемлекеттерде бюджеттік реттеудің
қалыптасу 25
ерекшеліктері ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
2 БІЛІМ және ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАЛАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ
БЮДЖЕТТІК ТЕТІКТЕРІН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
2.1 Әлеуметтік салаларды дамытуға жұмсалатын бюджеттік шығындардың
қалыптасқан құрылымын талдау ... ... ... ... ... ... ... . . 32
2.2 Мемлекеттік қарызды қысқарту әлеуметтік салаларды
бюджеттік реттеудің жанама факторы
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ БЮДЖЕТТІК
ТЕТІКТЕРІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ
БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .. .
3.1 Бюджеттік реттеудің тиімділігін арттырудың
жолдары ... ... ... ... ...
3.2 Әлеуметтік салаларда мемлекеттік меншікті басқару және
оны пайдалану тиімділігін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... .
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ...



Аннотация

Дипломдық жұмыстың тақырыбы Әлеуметтік салаларды мемлекеттік реттеудің
бюджеттік үрдістерін жетілдіру жолдары (білім, денсаулық сақтау саласында)
.
Орындаған: Жаңабаев С.Е.
Дипломдық жұмыс кіріспе, 3 бөлімнен, қорытындыдан тұрады:
1. Әлеуметтік салаларды мемлекеттік реттеудің теориялық негіздері
2. Білім, ғылым және денсаулық сақтау салаларын мемлекеттік реттеудің
бюджеттік тетіктерін талдау
3. Әлеуметтік салаларды мемлекеттік реттеудің бюджеттік тетіктерін
жетілдірудің негізгі бағыттары
Осы 3 бөлім 19 кестенің және 12 суреттің көмегімен қарастырылады.
Зерттеу пәні болып Қазақстанда әлеуметтік салаларды мемлекеттік реттеудің
бюджеттік тетіктері табылады.
Зерттеу нысаны болып мемлекеттің әлеуметтік салаларының субъектілер мен
қаржылық қатынасы есептеледі.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мемлекетте нарықтық қатынастар жағдайында
экономика салаларының (білім, ғылым және денсаулық сақтау) тұрақты өсуін
қамтамасыз ету бағытында мемлекеттік реттеу құралы ретінде бюджет
тетіктерін реттеу нәтижелілігін арттыру жолдарын жетілдіру бойынша
теориялық, тәжірибелік және әдістемелік ұсыныстарды жасау болып табылады.

Нормативтік сілтемелер

1. Закон Республики Казахстан “О системе здравоохранния” от 4 июня 2003 г.-
N430-ІІ ЗРК.
2. "Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесiн қаржыландыруды
жетiлдiру жөнiндегi Тұжырымдамасы" туралы Қазақстан Республикасының
Үкiметiнiң 2002 ж. 13 шiлдеде № 773 Қаулысы
3. Назарбаев Н.А. Послание Президента народу Казахстана “К
Конкурентоспособному Казахстану, конкурентноспособной экономике,
конкурентноспособной нации”Казахстанская правда.-2004.-20 марта.
4. “Білім” мемлекеттік бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Президентінің
2000 жылғы 30 қыркүйектегі N448 Жарлығымен бекітілген.
5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің “Қазақстан Республикасындағы
мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында студенттік контингенттің
қалыптасуының жаңа моделі туралы” және “Жоғарғы орындарының 1999-2000
жылдарға мамандарды дайындауға мемлекеттік білім тапсырысын бекіту
туралы” N 698 1999 жылы 2 маусымда қабылданған Қаулылары
6. О здравоохранении в Республике Казахстан: Основные законодательные акты.-
Алматы:Юрист, 2000.-164 с.
7. Қазақстан Республикасының ауылдық аумақтарын дамытудың 2004-2010
жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.-Астана,2003.-464 с.
8. “Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы” Заңына
сәйкес Үкіметтің 2000 ж. 27 қаңтардағы N 135 Қаулысы
9. “Стратегия развития здравоохранения Республики Казазстан до 2010
года”Под ред.проф.Доскалиева Ж.А.Центрально-Азиатский научно-
практический журнал по общественному здравоохранению.-Гл.редактор
Кульжанов М.К., со-редактор Оскан Я.-2001. N1.
10. Закон Республики Казахстан “О государственных закупках”.-Астана, 2002.-
16 мая.
11. Государственная программа реформирования и развития здравоохранения
Республики Казахстан на 2005-2010 годыКазахстанская правда.-2004.-21
сентября.
12. Проект Концепции развития образования Республики Казхастан до 2015
годаКазахстанская правда.-2003-26 декабря.

Қысқартулар

ЖҰӨ – Жалпы ұлттық өнім
ТМД – Тәуелсіз мемлекеттер достығы
АҚШ – Америка құрама штаттары
ЖІӨ – Жалпы ішкі өнім
БҰҰ – Біріккен Ұлттар Ұйымы
АПДП – Адам потенциалының даму индексі
КСРО – Қазақстан Социалистік Республикалар Одағы
ОШЕ – Орталық шығыс Еуропа
РФ – Ресей Федерациясы
ДДҰ – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
ДДИ – Денсаулық сақтау саласының даму индексі
ЖОО – Жоғарғы оқу орны
ММС – Міндетті медициналық сақтандыру
ЖДА – Жанұялық-дәрігерлік амбулатория
ФАП – Фельдшерлік-акушерлік пункт
АМСК – Алғашқы медициналық санитарлық көмек
ТҰК - трансұлттық компания
Анықтамалар

Бюджет - бұл процесінде бюджеттік қор қалыптасатын және пайдаланылатын
императивті ақша қатынастарының жүйесі
Мемлекеттік бюджет – экономикалық қатынастар субъектісі ретінде
объективті сипатта болады.
Республикалық бюджет -экономикаға мемлекеттiң араласуының маңызды
құралы болып табылады.
Бiлiм деңгейi - бiлiмi бар халық санының: жоғары бiлiмдi, бiтiрмеген
жоғары бiлiм, орта арнайы, жалпы орта бiлiм, толық емес орта бiлiмi бар
азаматтардың 15 жастан жоғары халық санына қатынас мөлшерiмен есептелiнедi.
Әлеуметтiк индикатор - бұл әлеуметтiк проблеманы шешу құралы ретiнде
пайдаланбайды, ол әлеуметтiк проблемаларды зерттеу құралы болып, соған
сәйкес алдын-алу және реттеу, басқару саясаттарын пайдалануға қажеттi құрал
болып табылады.
Білім беру – экономиканың барлық салалары үшін кәсіби маманданған
мамандарды даярлайтын жалғыз сала.
Денсаулық сақтау - өмір сүруді қамтамасыз ету жүйесі және ұлт
қауіпсіздігінің маңызды институты болып табылады.
Сақтанушы- Қазақстан Республикасының азаматтары және резиденттерi.
Сақтандырушы - жекеменшiк түрiне байланыссыз жұмыс берушiлер, жеке
және заңды тұлғалар, сонымен қатар жұмыс iстемейтiн халық өкiлдерiне
сақтандыру жарнасын төлейтiн жергiлiктi басқару органдары.
Сақтандыру қызметiн жүргiзушi- жеке меншiк түрiне тәуелсiз медициналық
сақтандыру қызметiмен айналысуға құқық беретiн мемлекеттiк лицензиясы бар,
сақтандыруға сәйкес жарғылық қоры бар Қазақстанда тiркелген сақтандыру
компаниясы, олар бәсекелес жағдайында жұмыс берушiлермен мiндеттi
сақтандыру төлемдерiн жұмсауға байланысты келiсiмшартқа отыруға құқылы
болады.
Бiлiм сапасы - өндiрiс салалары арасындағы қатынас технологиялық
парктердiң дамуымен сабақтастық болған жағдайда үзiлiссiз бiлiм беру мен
өндiрiс саласына қажеттi мамандардың сұранысы анықталынып тиiмдi түрде
маман дайындау және болжау.
Мемлекеттік қарыз - бұл мемлекеттің несие операциялары бойынша
қарыздарының сомасы”
Сыртқы мемлекеттік қарыз-бұл елдің басқа елдердің азаматтарына немесе
мекемелеріне қарызы.
Меншік-бұл тек қана адамдадың заттарға деген қатынасы ғана емес,
меншік-бұл адамдардың заттар жөніндегі қатынасы.
Реттеу - әлеуметтік –шаруашылық үрдісті тиімді тепе-теңдігін және
макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің сол
процеске әкімшілік-экономикалық және үйымдастырушылық құқықтық араласуының
негізгі формасы.

КІРІСПЕ

Әлеуметтік салаларды мемлекеттік реттеу мәселесі Қазақстанда нарықтың
өзін-өзі реттеу үйлесімділігінен шығып, тиімді қызмет атқаратын
экономикалық механизмді қалыптастыруға негізделген қайта құруларды жүзеге
асыру жағдайында маңызды мәнге ие болып отыр. Осы кезге дейін мемлекетте
нарықтық қатынастардың дамуы отандық компаниялардың сыртқы және ішкі
нарықта бәсекелестік қабілетінің төменгі дәрежеде, экономикалық
механизмдердің институционалды тұрғыдан жеткіліксіз дамуы, нарықтық
ифнрақұрылымның әлсіздігі, үкіметтің өзіне жүктелген міндеттерін жеткілікті
дәрежеде орындамауы, мемлекеттік қаржының тұрақсыз болуы жағдайында жүзеге
асырылды. Осы жоғарыда аталған жағдайларды сапалы түрде өзгерту жолдарын
іздеудің күрделілігі олардың мемлекет тарапынан жүргізетін бюджеттік реттеу
шеңберінде өзара байланысты сипатта болуында. Осы мәселені шешуге кешенді
тәсіл талап етіледі.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына
кіру стратегиясында білім беру жүйесіне байланысты Н.Ә.Назарбаев: “Білім
беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз
етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі [1]. Бізге
экономикалық және қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы
білім беру жүйесі қажет. Ғылым потенциалы қолданбалы ғылымның өндіріске,
кәсіпкерлікке барынша жақындауға бағытталуы қажет”,-деп атап көрсетті.
Осы Жолдауда денсаулық сақтау саласын ұйымдастыруда қазіргі заманғы
қағидаттар мен стандарттарға көшу барысында “Қазақстанда ең жоғары деңгейде
осы заманғы клиникалар құру мен оларды басқару үшін шетелдік жетекші
компанияларды тарту қажеттілігін” басып айтты.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдаударында
елдегі салық ауыртпашылығын төмендету және экономикалық өсуді ынталандыру
мақсатында индустриалды-инновациялық даму стратегиясына сәйкес азаматтардың
белгілі категориясының кірістерін заңдастыру мен жалақыны ұлғайтуды
ынталандыру үшін, 2004 жылдан бастап жеке кіріс салығының мөлшері
төмендетілді, әлеуметтік салық бойынша салық салудың регрессивті шкаласы
енгізілді, қосылған күн салығының мөлшері тмендетілді, арнайы салық
тәртіптерін қолдану саласы кеңейтілді.
Елде жүргізіліп отырға әкімшілік реформалармен қатар, бюджет жүйесін
жетілдіру жөнінде де жұмыстар белсенді түрде атқарылып жатыр.
Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 2004 жылдың сәуірінде
қабылданды. Онда орнықтылық пен тұрақтылыққа, мемлекеттік басқарудың барлық
деңгейін оларға жүктелген функцияларды толық жүзеге асыру үшін жеткілікті
қаржы ресурстарымен қамтамасыз етуге, басқарудың әрбір деңгейінің
дербестігін, сондай-ақ тиімді бюджет саясатын жүргізуді ынталандыруға
бағытталған бюджет жүйесінің жаңа қағидаттары айқындалды.
Әлеуметтік салаларды мемлекет тарапынан реттеуге байланысты шаралардың
өтпелі кезеңде нақтылы орындалмай, керісінше материалды өндіріске көп көңіл
бөлініп, ал әлеуметтік сфераның назардан тыс қалығанды. Бірақ экономикалық
заңдылықтың орын алуын ескерсек, көптеген дамыған мемлекеттірдің басқару
саясатының негізгі бағыттарының бірі әлеуметтік сфера болғандықтан, оның
алтын орны елдің экономикалық-әлеуметтік саясатында басымды болуы шарт. Бұл
жөнінде өзекті мәселе ретінде және мемлекетіміздің стратегиялық ұзақ
мерзімді дамып өркендеуі мақсатында білім мен денсаулық сақтау салаларының
басымдылығын Елбасы Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан-2030” Стратегиясында басты
көңіл бөлген болатын.
Білім беру саласының жалпы экономикалық дамуға адамның білімділік,
біліктілік қасиеттерін арттыру жағынан әсері байқалады және қоғамды алға
жылжытады. Елімізді кәсіби білікті, бәсекелестік қабілеттілігі жоғары адами
капиталдың әлемдік рынокқа тынылуына жол ашады. Сонымен қатар, білім саласы
экономикаға қажетті мамандарды дайындайтын қоғамдық институт болып
табылады.
Білім саласының нарықтық қатынастардың қалыптасу барысында оның
экономикалық реформалар шеңберінде дағдарысқа қарсы әкерет жағдайымен
дамығанды. Яғни, көптеген мемлекеттік емес институттардың нарық талабына
сәйкессіз мамандарды дайындады, мемлекеттің бюджеттік шектеулі қаражаты
ауылдық жерлерде жалпы орта білім беретін мекемелердің және орта кәсіптік
білім мекемелерінің қысқаруына әкеліп соқты.
Аталмыш мәселенің төңірегінен ой өрбітсек әлеуметтік салалардың, оның
құрамындағы маңызды салалары білім мен денсаулық сақтау салаларының
нарықтық қатынас жағдайында мемлекет тарапынан бюджеттік реттеуді
жетілдіру өзекті болып отыр.

1 ӘЛЕУМЕТТІК САЛАЛАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Білім және денсаулық сауқтауды мемлекеттік реттеуде
бюджет тетіктерін қалыптастырудың экономикалық маңызы
Экономикада мемлекеттік реттеудің тапсырмалары мен тәсілдерінің
өзгеруі әртүрлі факторлардың әсерінен болады, олардың ішінде ерекше орынды
қаржылық жаһандану, инновациялық дамудың ерекшелігі, сонымен қатар
әлеуметтік-саяси факторлар алады. Үнемі өзгеріп отыратын жайғдада өзінің
қызметін тиімді атқаруға қабілетті мемлекеттің сапасы жайлы мәселе
туындайды. Батыс елдерде осы мәселеге көп көңіл бөлінеді.
Мемлекеттің экономикалық рөлі туралы мәселені мемлекеттік реттеуді
“ұлғайту-азайту” терминінде шешуге бел буудың соңы мемлекет институттарының
сапасы туралы маңызды мәселені екінші кезекке қоюға әкеледі. Тұрақты
экономиканы құруға бағытталған бюджеттік реттеу мемлекеттің ықпалын
қысқартуға немесе ұлғайтуға әкелуі әбден мүмкін.
Шаруашылық жағдайды реттеу саясатын инновациялық процестер мен
жаһандануды есепке ала отырып жүргізу, мемлекеттік бюджеттік реттеуде
алдыңғы орынды алады. Ұлттық экономиканың бәсекелестік қабілетін көтеру
мәселесі ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Оны шешу үшін экономикадағы
мемлекеттің жаңа басымдықтарын іздеу жағдайы көтеріледі. Тәжірибе жүзінде
мемлекет өзінің қатысуын бір салаларда күшейтуі мүмкін және бір мезгілде
оны басқа салаларда әлсіретуі немесе жоюы мүмкін. Нарықтық экономикасы
дамыған елдерде мемлекеттің реттеуші рөлінің күшеюін немесе әлсіреуін
сипаттай алмайтын процестер де жүреді, себебі мемлекеттің ұлттық
экономиканың бәсекелестік қабілетін қамтамасыз етуге көзделген сапалы
қызметі туралы әңгіме болады.
Бірақ экономикаға мемлекеттік реттеудің нақты шешімдердің қабылдауды
кемшіліктерге жол бермеу арқылы жүзеге асыру керек екендігін ешкім де жоққа
шығармайды. Осы мәселе экономика ғылымындағы ең күрделі мәселелердің
қатарына жатып, көп жағдайларда оның шеңберінен шығып та кетеді.
Экономиканы реттеу қызметі мен тәсілдері нақты тарихи жағдайларға
байланысты өзгереді, бірақ мемлекеттің нарықтық жүйедегі негізін қалаушы
қызметтері өзгеріссіз қалады. Олар қазіргі заманғы экономиканың дамуы
мүмкін болмайтын, алайда нарықтық жүйенің қажетті конструктивті элементтері
болып саналады.
Дж.Тобин экономикаға мемлекеттік реттеудің қажеттілігін төмендегіше
негіздеді: “Көрінбейтін қол” теоремасын жеке және қоғам мүдделерінің
қайшылықтарға тірелетін экстерналийлер мен қоғамдық игіліктердің бар болуын
есепке ала отырып жетілдірілуі керек [2]. Осыдан ұжымдық мүддені қорғауға
негізделген мемлекеттік қызметтің қажеттілігі туады... Смиттің жүйесі
эгоистік энергияны конструктивті бағытқа бағыттайтын институттар болған
жағдайда ғана жұмыс істей алады”.
Экономикалық тиімділікті арттырып, инновациялық белсенділікті
ынталандыру нарықтық бәсекелестіктің басты артықшылығы екендігі жалпыға
мойындалған жағдай және мемлекет өзінің дамуында ең жоғары нәтижеге қол
жеткізуде экономикалық өсуді қамтамасыз етуді қанағаттандыру барысында осы
жағдайға сүйенеді. Сонымен қатар, олардың жемісті қызмет жасау үшін дұрыс
инфрақұрылымдар мен институттар қажет. Нарықтарға тиімді қызмет етуге
мүмкіндік беретін жағдай жасау, мемлекеттің құзырындағы іс-әрекет. Осы
жағдайлардың ішінде ең алдымен меншіктің нақты құқықтарын айту қажет, ал ол
дәйекті жасалынған заң процедуралары негізінде қызмет ететін сол билігінің
болуын қарастырады.
Инновациялық қызетті қоғамда, ғылымда, әлеуметтік өмірде, саяси
жүйеде, өмірдің тағы да басқа салаларында да кеңінен қолдануға болады. Жаңа
жетістіктерге қол жеткізу жолындағы ізденіс және оларды дамыту барысында
жаңа әдіс тәсілдерді қолдану заман талабынан туындап отыр. Инновациялық
процестерге бет бұру дегеніміз-бұрынғы даму жолдарын өзгерту, қоғамның
барлық саласының даму динамикасын жаңарту, ғылыми-техникалық дамуға жаңа
стимул беру мақсатында жұмыс істеу.
Тәжірибе көрсеткендей нарық экономикалық субъектілердің барлық
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. Қазіргі заманғы нарықтық
экономикада мемлекетке жүктелген базалық қызметтер ең алдымен экономикалық
процестерге “нарықтың жетіспеушілігін” түзеу мақсатында араласуымен
байланысты болып отыр. Осындай қызметтердің қатарына қоғамдық игіліктердің
өндірісі, монополияға қарсы мемлекеттік реттеу, “сыртқы әсерлерді” реттеу
және нақты ақапарттарға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету жатады. Сондықтан,
мемлекеттің бюджет жүйесінің қызмет нәтижесі ең алдымен мемлекеттің
нарықтық “жетіспеушілігін” қаншалықты тиімді түзететіндігінен көрінеді.
П.Самуэльсон сыртқы әсерлер, яғни экстерналийлер, экономикалық
субъектілер өзінің қызметімен байланысты шығындарды басқаларға “таңдағанда”
немесе олармен пайда арқылы қамтамасыз етілетін жағадйда пайда болады деп
атап көрсетеді [3].
Басқа экономикалық субъектілерге әсер ету нәтижесі бойынша
экстерналийді оң және теріс деп бөлуге болады: сыртқы әсерлер, егер де олар
сыртқы субъект үшін өнімділік пен пайдалылықты ұлғайтса, оң деп
есептелінеді және керісінше теріс сыртқы әсерлер оны төмендетеді. Теріс
сыртқы әсерлерді төменгі дәрежеге, ал оң сыртқы әсерлерді ең жоғары
дәрежеге жеткізетін сыртқы әсерлердің болуы, экономиканы мемлекеттік
реттеудің қажеттілігінің негізі болып саналады. Көптеген жағдайларда теріс
сыртқы әсерлер қоғам үшін қауіпті қорқыныш тудыратын экология мәселелерімен
байланыстырылады. Мемлекет саясатының стратегиялық негізі ұлттық
экономиканың бәсекелестік қабілетін ең жоғары дәрежеге жеткізу қажеттілігі
мен қоршаған ортаны қорғау тапсырмалары арасында қайшылықтарды реттеу болып
саналады. Ал осы мәселелер білім беру, ғылым және денсаулық салаларын
жеткілікті дәрежеде қаржыландырумен тікелей байланысты. Экономикалық
жаһанданудың күшеюі жағдайында оның толығымен жойылуы мүмкін емес. Сонда да
осы жағдайға әсерін бюджет-салық механизмдерін белсенді қолдану арқылы
азайтуға болады.
Әлемнің дамыған елдеріндегі инновациялық саясаттың қазіргі заманғы
түрі салыстырмалы аз ғана уақытта қалыптасты және ғылым технологиялық және
индустриялық саясаттың негізгі жағдайларын қамтиды. Бұл “білімнің” өзінің
барлық формасында экономикалық прогресте шешуші роль алатындығын,
инновацияның “білімге негізделген экономиканың” ортасында болатындығын
түсінуді дәлелдейді.
Өнеркәсібі дамыған елдердің тәжірибесі инновациялық экономиканың
негізін инженерлік қызмет құрайтындығын дәлелдеп отыр. Сондықтан да
Қазақстанда инженерлік мамандықтардың мәртебесін көтеру керек. Жоғары оқу
орындарында инновациялық қызметтің мамандарын даярлау қажет.
Н.Кахарман өзінің мақаласында: “Білім экономикасына өту жаңа білімді
ұлттық және әлемдік нарықта өзінің нақты тұтынушыларын (сатып алушыларын)
табатын жаңа технологияларға, өнімдер мен қызметтерге орай тиімді түрде
өзгеретін тұтас жүйені қалыптастыруды талап етеді” деп атап көрсетеді [4].
Мемлекет тарапынан денсаулық сақтау саласын да қаржыландырудың мәні
зор. Денсаулық сақтауды дамыту оң экстерналийді екі бағыттан тұрады.
Біріншіден, денсаулық сақтауға мемлекеттік қолдау жасау, адам капиталын
экономикалық өсудің маңызды факторы ретінде ұлғайтуды қамтамасыз етеді.
Екіншіден, денсаулық сақтау өнеркәсіптің көптеген секторлары мен қызмет
салаларына байланысты күрделі жоғары технологиялық кешен бола отырып,
көптеген жоғары технологиялық салалар үшін оң экстерналийді құрайды.
Мемлекет өндіретін сыртқы әсерлерді талдаумен байланысты мәселелердің
крделілігі сыртқы әсерлер мен қоғамдық игіліктер түсінігінің өзара тығыз
байланыста болуымен түсіндіріледі. Қоғамдық игіліктерге деген
қажеттіліктерді нақты анықтау мүмкін емес.
Нақты экономикалық жағдайларда барлық теріс әсерлерді
интернализациялайтын идеалды нарық та және тек қана оң сыртқы әсерлерді
өндіретін мемлекеттік саясат та болмайды. Экономиканы мемлекеттік қаржылық
реттеудің тапсырмасы әрбір жағдайда нарықтық күштер мен мемлекеттік әсер
етудің пара-пар жағдайын таба отырып, теріс сыртқы әсерлерді ең төменгі
деңгейге және оң әсерлерді ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады.
Бәрімізге белгілі жағдай нарықтық экономикада мемлекеттік реттеу
тікелей әрі жанама тәсілдер арқылы жүзеге асырылады. Әсер етудің тікелей
тәсілдеріне әкімшілік-құқықтық реттеушілер, жанама тәсілдерге қаржылық
тәсілдер жатады. Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізуде тікелей тәсілдер
институционалды іргетас ролін атқарады.
Мемлекет алдында нарықтың “кемшіліктерін” реттейтін және осылайша
экономикалық дамуға ықпал ететін бюджеттік реттеуді жүргізу тапсырмасы
тұрады. Сонымен қатар мемлекеттің әсер етуі қалаған нәтижеге жетуге
әкелмейді, ол мемлекеттің өзінің “кемшіліктері” әсерінен болуы мүмкін. Бұл
кемшіліктер ақпараттарды біркелкі бөлмеуден, саяси процестің жетілмеуінен,
бюрократияның әсерінен және уақытша уақыт кесіндісімен байланысты болуы
мүмкін. Сондықтан да қаржы саясаты шеңберінде бюджеттік реттеуді жүргізу,
оның тиімділігінің мониторингі мен мүмкін теріс жағдайларды жою жөніндегі
шараларды мерзімінде жүргізуді қарастырады.
ХХ ғасырдың екінші жартысында экономикасы дамыған елдерде жүргізілген
экономикалық саясат мемлекет ролінің күшеюін объективті де және субъективті
де факторлармен негіздеді. Бір жағынан, экономикаға мемлекеттік әсердің
күшеюі мемлекеттің бұрын оның көңіл аудару саласынан тыс қалған жаңа
мәселелерді шешуді мемлекеттің өзіне алуымен түсіндіріледі. Мемлекет
қызметінің келесі аспектілері-экспортты мемлекеттік қоладудың институттарын
құру және дамыту, жоғары білімді еңбек ресурстарын қалыптастыру,
экономикалық субъектілер үшін ақпаратқа теңдей қол жеткізу мүмкіндігі мен
анықтығын қамтамасыз ету-экономикалық субъектілер үшін күннен күнге маңызды
болуда. Келесі жағынан, көптеген жағдайларда бюджеттік қаржыландырудың
ұлғаюы бюрократия үшін “тегін” бюджеттік қаражаттарды алу мүмкіндігіне ие
болуды қалаумен байланысты, ал ол ЖІӨ құрамындағы мемлекеттік шығындардың
үлесінің өсуіне және экономикалық өсуге маңызды кедергі келтіретін салық
ауыртпашылығының ұлғаюына әкеледі [5].
Экономикаға мемлекеттің шектен тыс араласуы көптеген жағдайларда өзін
өзі реттеудің нарықтық механизмінің әлсіреуіне және шектен тыс
бюрократиямен байланысты кері әсерлерге соқтырады, бірақ экономиканы
мемлекеттік реттеудің қажеттілікті күмән келтірмейді. Мемлекетті нығайту
және мемлекеттің қаржы жүйесінің тиімділігін көтеру Қазақстан үшін де өте
өзекті мәселелердің бірі болып саналады. Ол нарықтық институттарды
қалыптастырудың қажеттілігімен, әлеуметтік тұрақтылықты ұстап тұрумен, жеке
кәсіпкерліктің дамуына кедергі болатын шектен тыс әкімшілік кедергілерді
жеңілдетумен, сонымен қатар мемлекеттік бюджеттің қаржы ресурстарын ұтымды
пайдалануды қамтамасыз етумен байланысты.
Қазақстанда мемлекетті нығайту тапсырмасы әр түрлі шаралар кешені мен
оларды жүзеге асырудың ұқсас механизмдерін қарастырады. Сонымен қатар
дамыған нарықтық экономиканы құруға қажетті институционалды қайта
құрылымдар реформалардың шешуші элементі болып саналады. Қазақстанда
нарықтық құрылымдардың тиімділігіне негізгі шектеуші болып қоғамдық
игіліктерді өндіру мен экономикалық дамудағы қолайлы жағдайларды
қалыптастыру арқылы сипатталатын, нарықтық экономикадағы мемлекеттің
базалық қызметтеріне қаржылық реттеу институттарының сәйкес келмеуі жатады.
Сондықтан бюджеттік реттеуді жүргізуде оның тиімділігінің мониторингі мен
пайда болуы мүмкін келеңсіз салдарларды дер кезінде жою шараларын
қарастырады.
Мемлекеттік қаржыны реформалау процесі Қазақстанда қарқынды жүргенімен
көптеген қайшылықтар да бар. Қазақстанда қалыптасқан мемлекеттік қаржы
жүйесінің ерекшеліктерін анықтау үшін 1-ші кестеде келтірілген жіктеуді
қарастырған жөн. Келтірілген екі типтік біреуі де таза күінде кездеспейді,
бірақ біріншісі әлсіз дамыған елдерге тән, екіншісі-нарықтық экономикасы
дамыған елдерге тән.

Кесте 1 - Бюджеттік реттеудегі мемлекеттік қаржылардың типтері

Мемлекеттік және жеке Мемлекеттік қаржы Мемлекеттік
қаржыларды шектеу жйүесіндегі аппараттың
мақсатты негіз қызметі
“бос” Меншік пен мүдделерінің Көп жағдайларда Мемлекеттің
тип мемлекеттік органлар мен дәстүр мен жеке игілігі мен
шенеуніктердің кәсіпкердік қарау бойынша тиімділігі
қызметке кеңінен араласуы жүзеге асырылады; туралы жеке
арқылы айқасуы, ал кәсіпкерлербасты рольді көзқарасқа
мемлекеттік меншікті атқарушы билік бағыт, ол
басқаруда; жекелеген жеке құрылымдары алады. соңында жеке
кәсіпорындарға артықшылықты мүддеге бағыт
құру алады.
“тығыз”Мемлекеттік және жеке Заңмен белгіленген Ресми келісілген
тип мекемелер арасындағы нақты бөлшекті детальдар мақсаттарға
шекра; қаржы ағынының арқылы жүзеге бағыттылық және
реттілігі мен анықтығы; асырылады; басты маңызды көлемде
мемлекеттік қаржыны бақылаушы рольді үкіметтік тиімділіктің
тұлғаларды кәсіпкерлік органдар алады қалыптасқан
қызметтен аластау, ал критерийлері
қызметтегі
кәсіпкерлерді-мемлекеттік
қаржлық ресурстарын
аллокациялауда шешуші рольден
аластату.

Қазіргі заманғы Қазақстанның мемлекеттік қаржысы “бос” типке қатысты
көптеген белгілерге ие. Мемлекеттік қаржылардың “бостығы” мемлекеттің
өзінің тәртіп кепілі, экономикалық және әлеуметтік тұрақтылығы жөніндегі
қызметін тиімді атқаруымен сай келмейді және ұлттық экономиканың
бәсекелестік қабілетін арттыруға негіз бола алмайды. Сонымен қатар,
мемлекет осы қызметтерді атқармаған жағдайда нарықтық экономика да тиімді
дами алмайды. Қазақстанда нарықтың дамуы елдің алдында тұрған тапсырмаларды
шешуге бағытталған мемлекеттік қаржының “тығыз” секторын құру қабілетіне
тәуелді болады.
Экономикада мемлекеттік реттеудің қаржылық механизмі әлеуметтік-
экономкиалық дамудың маңызды тапсырмаларын шешуге арналғандықтан, бұл жерде
алдыңғы орынға мемлекеттік бюджеттің қаржылық ресурстарын тиімді пайдалану
жолын іздеу мәселесі шығады. Осы жағдайларды толығымен түсіну үшін біз ең
алдымен мемлекеттік бюджеттің ролін түсінуіміз қажет. Мемлекеттік бюджет –
экономикалық қатынастар субъектісі ретінде объективті сипатта болады [6].
Оның жеке сала ретінде қызмет атқаруы мен дамуы сәйкес оратлықтандырылған
қаражаттарды талап ететін қоғамдық өндірістің қажеттілігімен айқындалды.
Ақшалай қаражаттарды орталықтандыруға ұлттық шаруашылықтың барлық көлемінде
тұтас экономиканың үздіксіз қызметін қамтамасыз етудің қажеттілігі болып
табылады. Ерекше бюджет саласының болуы мемлекеттің табиғаты мен қызметі
арқылы да анықталады. Мемлекет орталықтандырылған ақшалай қаражаттарды,
қоғамның барлық аумағында әлеуметтік-мәдени шараларды жүргізу, қорғаныс
сипатындағы тапсырмаларды шешу, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын
жабу үшін қажет етеді.
Г.Б.Журавлев: “Бюджет-бұл қаржы жүйесінің орталық тізбегі, сондықтан
ол қаржының барлық сапалық белгілерін сипаттайды. Бюджет - бұл процесінде
бюджеттік қор қалыптасатын және пайдаланылатын императивті ақша
қатынастарының жүйесі”,-дейді. Бюджет кез келген елде экономикалық,
әлеуметтік және саяси функцияларды атқару жолында қажетті ақшалай қорларға
деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін қажет. Кез келген елдің бюджеті
бірдей категорияларды қамтиды: салықтар, алымдар, шығындар және т.б. Ал
олардың мазмұны бір қоғамдық экономикалық формациядан келесісіне өткен
кезде де өзгермейді. Осы жағдай бюджетті экономикалық категория ретінде
анықтауға мүмкіндік береді. Кез келген экономикалық категорияның мәні оның
қызметтері арқылы анықталады. Қаржының қызметі-оның қоғамдық
тағайындалуының формасы деп түсініледі. Бюджет ауқымды қаржылық категория
болғандықтан, оған қаржыға тән:
-бюджеттік қорды құрі;
-бюджеттік қорды пайдалану;
-бақылау қызметі сияқты қасиетке ие деген сипаттама берді.
“Қазіргі таңда бюджет-бұл тек қана социалистік жалған айқындауларға
сәйкес қатаң бекітілген қаржы ғана емес, бұл түбегейлі өзгерістерге
әкелетін экономикалық саясаттың икемді құралы, ал онсыз мемлекеттің өмірі
мәнінен айырылады”,-деп Е.Дербісов өз еңбегінде атап көрсетті [7] .
Экономиканың қазіргі заманғы даму сатысында орталықтандырылған қаржы
қорлары мемлекетке қоғамдық өндірістің қажетті қарқыны мен тепе-теңдігін
қамтамасыз етуге, оның салалық және аймақтық құрылымдарын жетілдіруге қол
жеткізуге, экономиканың салаларын дамытудың ең қажетті бағдарламаларына
тиісті ақшалай қаражаттарды қалыптастыруға, әлеуметтік ірі қайта
құрылымдарды жүргізуге мүмкіндік береді.
Қаржылық орталықтандырудың арқасында ақшалай қаражаттар экономикалық
және әлеуметтік дамудың шешуші бөлімдеріне шоғырландырыла отырып,
мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік саясатын табысты жүргізуге жағдай
жасайды. Осылайша құндық қайта бөлудің ерекше бөлігі ретінде мемлекеттік
бюджет айрықша қоғамдық қызметті атқарып, жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді
қанағаттандыруға қызмет етеді.
Қаржылық қатынастардың белгілі жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетке
келесі белгілер тән: бюджеттік қатынас бөлу сипатында болады, үнемі ақшалай
түрде жүзеге асырылады, мақсатты ақшалай қорларды қалыптастырумен және
пайдаланумен ұштасады.
Сонымен қатар, бюджеттік қатынастарға белгілі ерекшеліктер де тән.
Мемлекеттік бюджет құндық бөлудің ерекше саласы ретінде келесі белгілер
арқылы сипатталады:
-мемлекеттегі жалпы қоғамдық өнімнің құндық бөлігін шарттаумен және
оны қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін пайдаланумен байланысты
бөлу қатынасының ерекше экономикалық формасын көрсетеді;
-ұлттық шаруашылықтың көптеген салалары, аймақтар, экономиканың
секторлары, қоғамдық қызмет салалары арасында құнды бөлуге арналған;
-қоғамдық өнімнің, оның тауар түріндегі қозғалысымен тікелей
байланыссыз құндық бөлудің сатысын сипаттайды.
Кез келген экономикалық категория сияқты, мемлекеттік бюджет
өндірістік қатынасты сипаттайды және осыған сәйкес материалдық-заттай
сипатқа ие. Бюджеттік қатынастар мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандрылған қорларында, яғни бюджеттік қорда материалдық түрге енеді.
Осының нәтижесінде қоғамда болып жатқан нақты экономикалық процестер өзінің
сипатын мемлекет шоғырландыратын және пайдаланатын ақшалай қаражаттар
ағынынан табады.
Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджет қоғамдық өнімнің
құнын, мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорларын құру
жолымен бөлу және қайта бөлу процесіндегі мемлекет пен қоғамдық өндіріске
басқалай қатысушылар арасында пайда болған ақшалай қаражаттарды және оны
кеңейтілген қайта өндіріс пен қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға
пайдалануды сипаттайды [8].
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде бөлу және бақылау,
сонымен қатар мемлекеттік бюджетті бөлу қызметінің шеңберінде орналастыру,
қайта бөлу, тұрақтандыру қызметтерін де атқарады.
Бюджет экономикаға бюджеттік механизм арқылы әсер етеді. Осыдан тұтас
экономикаға әсер ету құралы ретіндегі мемлекеттік бюджеттің ролі
анықталады. Бюджеттік механизм-мемлекеттің ақшалай қаражаттарының
орталықтандырылған қорларының құралуы мен пайдалану формалары және
тәсілдерінің жиынтығы болып табылады. Экономиканы реттеуде ақшалай
қаражаттардың орталықтандырылған қорының сандық көлемін анықтау, бюджеттің
қалыптасуы мен атқарылуы процесінде қаржылық ресурстардың құралуы және
пайдаланылуы, қайта бөлiнуiнiң формалары мен тәсiлдерiн регламенттеу арқылы
жүргiзiледi.
С.В.Галицская бюджеттiң толық анықтамасын былайша бердi: "Мемлекеттiк
бюджет, мемлекетте ұлттық кiрiстi қайту бөлу жөнiнде жеке және заңды
тұлғалармен қалыптасқан және бөлшектi түрде экономиканы, әлеуметтiк-мәдени
шараларды, қорғаныс пен мемлекеттiк басқаруды қаржыландыруға арналған,
елдiң орталықтандырылған басты бюджеттiк қорын пайдаланумен байланысты
ұлттық байлық жөнiндегi ерекше ақша қатынасы ретiнде түсiнiледi" [9].
Осылайша "мемлекеттiк бюджет" деген атаудың түсiнiгi келесi
құраушыларды талқылауға теңестiрiледi:
-салыстырмалы жеке экономикалық категория ретiнде;
-мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қоры ретiнде;
-экономикаға бюджеттiк механизм арқылы әсер ету құралы ретiнде;
-мемлекеттiң негiзгi қаржы жоспары ретiнде;
-құқықтық заң ретiнде.
Мемлекет бюджеттiң сапалық сипаттамасын келесi 1-шi сурет түрiнде
көрсетуге болады.
Қоғамдық қайта өндiрiстегi мемлекеттiк бюджеттiң ролi ең алдымен
мемлекеттiк бюджеттiң көмегiмен ұлттық кiрiстiң 30%-ға, жалпы iшкi өнiмнiң
20%-ға, жалпы қоғамдық өнiмнiң 10%-ға жуық көлемiнiң бөлiнетiндiгi және
қайта бөлiнетiндiгiмен анықталады. Ол ақшалай қаражаттарды ұлттық
шаруашылықтың әр түрлi салаларының, өндiрiс секторларының, қоғамдық қызмет
салаларының, елдiң аймақтары арасында бөлудi қамтамасыз етедi,

Сурет 1- Мемлекеттiк бюджеттiң сапалық сипаттамасы.

Мемлекеттiк бюджет экономикаға белсендi әсер етедi, өйткенi ол барлық
ұлттық шаруашылықтың бюджетi бола отырып, материалдық өндiрiс саласында
оның өсуiн ынталандырушы ретiнде мемлекеттiк бюджет үлкен рольдi атқарады
[10]. Бюджеттiң қаражаттары жеке және қоғамдық қорлардағы қаражаттардың
айналымын қамтамасыз ету үшiн қолданылады. Күрделi салымдар мен айналым
қаражаттарын әрекеттегi және қайтадан құрылған кәсiпорындар үшiн бюджеттiк
қаржыландыру, басқа шығындарды қамтамасыз ету бюджетке жекелеген кәсiпорын
қорларының жеке айналымына қосылуға мүмкiндiк бередi. Осылайша оның
үздiксiз қызмет атқаруына жағдай жасалады.
Экономиканы мемлекеттiк реттеудiң қаржылық механизмi әлеуметтiк-
экономикалық дамудың маңызды тапсырмаларын шешудi қамтамасыз етуге
арналған, сонымен қатар мұнда бiрiншi орынға мемлекеттiң қаржы ресурстарын
тиiмдi пайдаланудың жолдарын iздеу мәселесi шығады. Мемлекеттiң қаржы
ресурстарын тиiмдi пайдалану мәселесi көп жағдайда оларды жинақтауға
ынталандырудың әлсiздiгiнен пайда болады. Олардың әрекеттерiне бiрқатар
факторлар арқылы кедергi қойылады, олар, бәсекелестiктiң жоқтығына
байланысты және қоғамдық игiлiктердi өндiрудегi бақылау мен бағалау
процедураларының күрделiлiгiмен байланысты факторлар. Мемлекеттiң қаржы
ресурстарын тиiмдi пайдаланудың төменгi дәрежесiн көтеру әкiмшiлiк және
нарықтық сипаттағы шаралардың үйлесiмдiлiгiмен жүзеге асады. Әлеуметтiк-
экономикалық процестерге қаржылық реттеу, қоғамдық қажеттiлiктердi нақты
және толық анықтауға, осы қажеттiлiктерге байланысты ресурстардың
аллокациясына және оған сәйкес жобалардың әлеуметтiк-экономикалық
нәтижелiлiгiне баға жүйесiн қолдану арқылы бағытталуы керек.
Нарықтық экономикасы дамыған көптеген елдердiң тәжiрибесi экономиканың
мемлекеттiк қаржылық реттеудiң тиiмдiлiгiнiң артуына, нарық механизмдерiн
қолданып, қоғамдық игiлiктердi өндiру процесiне жеке кәсiпкерлiктi тартуына
байланысты екендiгiн көрсетедi. Мемлекеттiк қаржыларды реформалау кезiнде
олардың көлемi ғана емес, сонымен қатар, мемлекеттiң өзiнiң қызметiн тиiмдi
атқарумен байланысты сапа аспектiлерi болуы керек. Осылайша, елде
мемлекеттiк қаржылар жүйесiн реформалау процесi қоғамның қажеттiлiктерiнiң
ауқымына, құрылымына және тиiмдiлiгiне жетуге бағытталуы керек.
Бюджеттiң атқарылуы туралы сөз бастар алдында бiз бюджеттiң кiрiс және
шығыс бөлiктерi туралы тоқталып кеткендi жөн көрiп отырмыз.
С.В.Галицская "Бюджеттiң кiрiсi мемлекеттiң бюджет қорын
қалыптастыруға байланысты мемлекеттiң шаруашылық субъектiлерiмен, жеке
тұлғалармен қалыптасқан экономикалық қатынасы ретiнде түсiнiледi. Бюджеттiң
шығысы ретiнде мемлекеттiң ақшалай қаражаттар қорын бөлу мен оны салалық,
мақсатты және аймақтық тағайындалуы бойынша пайдалану процесiнде
қалыптасқан экономикалық қатынас түсiнiледi",-деп сипаттаса, В.Д.Ли:
"Мемлекеттiк кiрiс пен мемлекеттiк бюджет кiрiсi әр түрлi түсiнiкте болады.
Соңғысы мемлекеттiң кiрiсiнiң құрамдас бөлiгi болып табылады, сонымен қатар
мемлекеттiк кiрiске барлық мемлекеттiк кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы
кiрiстерi енедi, ал мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсi-бұл тек қана бюджетке
шоғырландырылатын таза бөлiгi ғана",-дейдi [11].
Мемлекет бұл бұқаралық билiктiң пайда болуы мен оның қызметiнiң
нәтижесiнде қалыптасатын қоғам өмiрiн ұйымдастырудың саяси формасы.
Мемлекеттiң белгiлерiн төмендегiше сипаттауға болады:
-жиынтығында мәжбүрлеудiң ерекше аппараты бар мемлекеттiк механизмдi
құрайтын органдар мен мекемелердiң ерекше жүйесiнiң болуы;
-құқықтың болуы, яғни мемлекетпен белгiленген және санкцияланатын
мемлекеттiк механизмiнiң құрылымы мен қызмет тәртiбiн анықтайтын әрекеттiң
мiндеттi тәртiбi;
-шегiнде мемлекеттiк билiк шектелетiн белгiлi аймақтың болуы.
Мемлекетке билiктiң жоғарылығы тән, олар:
-билiктiң әмбебаптығында;
-билiктiң ерекше құқығында;
-заң шығару, әдiлеттiк пен тәуелсiздiктегi монополиясы.
Қазiргi заманғы экономиканы ұйымдастыруда мемлекеттiң қызметiне аса
көп көңiл бөлiнедi. Тәжiрибе көрсеткендей, нары экономикалық субъектiлердiң
барлық қажеттiлiктерiн қанағаттандыра алмайды. Қазiргi заманғы нарықтық
экономикада мемлекетке жүктелген базалық қызметтер ең алдымен экономикалық
процестерге "нарықтың жетiспеушiлiгiн" түзету мақсатында араласуымен
байланысты. Осындай қызметтердiң қатарына қоғамдық игiлiктер өндiрiс,
монополияға қарсы мемлекеттiк реттеу, "сыртқы әсерлердi" реттеу, нақты
ақпараттарға тең қол жеткiзудi қамтамасыз ету және т.б. жатады. Сондықтан
мемлекеттiк қаржы жүйесi қызметiнiң нәтижесi ең алдымен мемлекеттiң
нарықтық "жетiспеушiлiгiн" қаншалықты тиiмдi түзететiндiгiнен көрiнедi.
Республикалық бюджет -экономикаға мемлекеттiң араласуының маңызды
құралы болып табылады [12]. Дүрыс таңдалынып алынған бюджеттiк реттеу
экономикадағы теңсiздiктi жоюға мүмкiндiк берсе, керiсiнше дұрыс
таңдалмаған бюджеттiк реттеу республикалық бюджеттi жаңа экономикалық
қайшылықтардың көзiне айналдырады.
Бюджеттi пайдалана отырып, мемлекет өндiрiс кезеңiнде де және ұлттық
кiрiстi алғашқы бөлу кезеңiнде де қалыптасқан тепе-теңдiкке терең
өзгерiстер енгiздi. Мемлекеттiк бюджет арқылы қазiргi заманғы дамыған
елдерде ұлттық кiрiстiң 40 пайызына дерлi бөлiгi қайта бөлiнедi.
Қазақстанда мемлекеттiк бюджеттiң әлеуметтiк функциясына аса көп көңiл
бөлiнуде. Оның мысалы ретiнде төмендегi жағдайларды айта кету керек: жұмыс
күшiнiң қайта өндiрiске байланысты шығындардың айтарлықтай өсуi, бiлiм
беру, денсаулық сақтау, әлеуметтiк сақтандыру және т.б. шығындарының өсуi.
С.В.Большаков бюджеттiк саясатты екi аспектiде түсiндiредi. Бiрiншiсi-
экономикалық және қаржылық саясаттың құрамдас бөлiгi ретiнде бюджеттiк
саясаттың мемлекеттегi ролi мен орны. Екiншiсi-бюджеттiк саясат мазмұнының
мақсаттары, негiзгi бағыттары және оны жүргiзу тапсырмаларын тәжiрибе жасау
арқылы түсiндiру [13]. Бюджеттiк реттеу мемлекеттiң бюджеттiк саясатымен
тығыз байланысты.
Бюджеттiк саясаттың басты бағыты және осыған байланысты бюджеттiң
қызметi болып бюджеттiк қаражаттарды экономикалық және әлеуметтiк
тұрақтылық, экономикалық өсуге жағдай жасау, экономикалық және қаржылық
дағдарыстарды жою үшiн пайдалану табылады.
Шаруашылық қатынасында тиiмдi бюджеттiк реттеудi жүргiзудi қамтамасыз
ету үшiн басты үш мәселенi шешу қажет, олар:
-жүргiзiлiп отырған салық саясатының тиiмдiлiгiн арттыру, мемлекет
деңгейiнде салықтарды оңтайландыру;
-шаруашылық қажеттiлiктерiне бюджеттiк қаржыландырудың тиiмдi
жүйесiнiң болуы;
-бюджеттiк реттеудi бюджет деңгейлерi арасында келiсiп жүргiзу.
Бюджеттiк реттеудiң негiзiн нарықтың әр түрлi агенттерi арасындағы
мемлекеттiң әлеуметтiк және экономикалық тапсырмаларын қаржылықпен реттеу
құралдары арқылы шешуде, экономикалық қатынастарын ұйымдастыру мәселелерi
құрайды.
Бюджеттiк реттеудiң негiзгi бағыттары төмендегiлердi қамтиды: кiрiс
немесе салық саясаты; бюджеттiк шығындар саясаты; әр түрлi деңгейдегi
бюджеттердiң өзара қарым-қатынасы; бюджеттiк және ақша-несие саясаттарының
өзара байланысы, бюджеттiң жетiспеушiлiгiн басқару.
Бюджеттiк реттеу кез келген мемлекет үкiметiнiң жұмысында басты орынды
алып, транзиттi экономикасы бар елдер үшiн өте маңызды, өйткенi бұл жерде
бұрынғы жинақталған тәжiрибенiң пайдасы болмайды. Нарықтық экономикасы бар
елдерде бюджеттiк реттеу негiзгi үш функцияға негiзделiп құралады: олар
фискалды; кiрiстердi экономикалық реттеу; кiрiстердi теңестiру.
Бюджеттiк стратегия мен тактикасы мемлекеттiң экономикалық дамуының
әрбiр сатысында, бюджеттiк механизмдi мейлiнше пайдалана отырып, белгiлi
мақсаттарға жетудi көздейдi.
Фискалды бюджеттiк саясат мемлекеттiң кiрiсiн, экономика секторларын
ыңғайлы шығын көлемiнде қанағаттандыруды қамтамасыз етуге бағытталған.
Бюджет реттеу арқылы мемлекеттiң экономикалық реттеу саясаты салықтар
мен шығындарды, экономиканы тұрақтандыру, экономиканың өсуiн ынталандыру,
дағдарысты жағдайдан шығу, құрылымдық қайта құрулар және т.б. ретiнде
пайдалануды қарастырады.
Кiрiстердi теңестiру бюджеттiк реттеудiң қоғамның кiрiсi бойынша
азаматтардың әр түрлi категорияларына бөлiнуiн түсiнуге негiзделген. Осыған
байланысты бюджетте таза кiрiстi әлеуметтiк аз қамтамасыздандырылғандар, аз
қамтылған азаматтар, жұмыссыздар және т.б. пайдасына прогрессивтi салық
салу мен дифференциацияланған трансферттер жолымен қайта бөлу
қарастырылған.
Үкiмет өзiнiң бюджет саясатында бюджеттiң кiрiсiн одан әрi қарай
өсiру, жинақтауға ынтаны көтеру, ұзақ мерзiмдi кезеңде кәсiпкерлiк қызметке
инвестициялауды арттыру үшiн бюджеттiң негiзгi үш тетiгiн қолданады. Қысқа
мерзiмдi кезеңде бюджеттiк реттеудiң ең үлкен тиiмдiлiгi тауарлар мен
қызметтердiң жиынтық сұранысына әсер ету арқылы алынады. Бюджеттiк реттеу,
сонымен қатар, мемлекеттiң меншiк формасын өзгертуi бойынша ұлтық кiрiстiң
жинақтау қорлары мен тұтыну қорларының арасындағы қатынасына да әсер етедi.
Бюджеттiк реттеу көмегiмен сұраныс пен ұсынысты теңестiруге, қаржы ағынын
тиiмдi орталықтандыру мен бөлшектеуге болады.
Бюджеттiк саясат ақша-несие, сыртқы экономикалық сауда, өнеркәсiптiк,
кедендiк, әлеуметтiк және экономикалық саясаттардың квинтэссенциясы болып
табылады. Соңғылары өзара шартталған және өзара байланысты. Осылардың
әрқайсысы белгiлi мүдделерге жетудi мақсат ететiн болса да, бұл өзара
байланыс олардың қиылысу шегiнiң болуын қамтамасыз етедi. Бұл бюджеттiк
стратегияның қалыптасуы мен жүзеге асуының негiзi [14].
Бюджеттiк реттеудi жүзеге асыру-күрделi процесс, онда қарама-қайшы
экономикалық мүдделер қақтығысады. Жекелеген саясаткерлердiң мүдделерiндегi
қайшылықтарды болдырмау және балансты (тепе-теңдiк) қамтамасыз ету үшiн
маңызды шараларды шешудi қажет етедi. Бұл жердегi ең қиын шешiлетiн
тапсырма-бюджеттiк реттеудiң басымдықтарын анықтау болып табылады. Олардың
қатарында келесi мақсаттар болуы мүмкiн: экономиканың өсуiн қамтамасыз ету,
әлеуметтiк қорғау мен әлеуметтiк әдiлдiк, мемлекеттiң кепiлi, жинақтарды
қорландыру мен экономиканы инвестициялау және т.б. Бюджеттiк реттеу
инфляция мен дағдарысқа қарсы тапсырмаларды шешу үшiн кеңiнен қолданылады.
Бюджеттiк реттеудiң ерекшелiктерi барлық елдерде бiрдей емес, олар елде
қалыптасқан жағдайға байланысты өзгередi. Мысалы, олар жеке кәсiпкерлiк пен
нарықтық қатынас әлсiз дамыған елдерде ендi ғана басталуда. Бұл елдерде
үкiмет бюджет арқылы қоғамның алдына қойған мақсаттарға жауап беретiн
қоғамдық қажеттiлiктердi қаржыландырады. Мысалы, үкiметтiң мемлекеттiк
сатып алу көлемiн ұлғайту немесе төмендетуi арқылы жүргiзiлетiн бюджеттiк
реттеуiнiң қысқа мерзiмдi кезеңде тауарлар мен қызметтерге деген жиынтық
сұранысқа әсер етедi. Жиынтық сұранысқа әсер ету механизмiнiң мәнi мынада:
мемлекеттiк сатып алулар белгiлi ассортименттегi тауарлар мен қызметтердiң
сұранысын көтередi, ал ол өз кезегiнде өндiрiс көлемi мен жұмысшылар
санының өсуiне әкелiп соқтырады. Осылайша, мемлекеттiк сатып алулар жиынтық
сұраныстың мультипликаторы әсерiн иеленедi. Жиынтық сұраныстың өсуi
тұрғындардың кiрiс көлемiне тiкелей әсер етедi. Сонымен қатар керi байланыс
та болады-мемлекеттiк сатып алу көлемiнiң ұлғаюы пайыздық мөлшердi
көтередi, ол тауарлар мен қызметтерге деген сұранысты төмендетедi.
Бюджеттiк ынталандыру механизмiнiң осы керi байланысын "ығыстыру әсерi" деп
атайды [15].
Қазақстан Республикасында бюджеттiк реттеу: макроэкономикалық
тұрақтылыққа, инфляцияны төмендетуге, резервтердi құруға, теңгенiң айырбас
құнын нығайтуға, жинақтарды ынталандыруға, тұрақты өсу үшiн негiздi
қалыптастыруға бағытталған. 1997 жылы алғашқы рет республикалық бюджет жаңа
бюджеттiк классификатор негiзiнде жасалынды. Бюджет жүйесiн рефомалау
шеңберiнде Қазынашылық құрылды, бухгалтерлiк есептiң жаңа стандарттары
енгiзiлдi.
Бюджеттiк дағдарыстың негiзгi себептерi ретiнде төмендегiлердi атауға
болады: көптеген бюджеттiк жеңiлдiктердi беру; салық заңдылығында көптеген
жеке өзгертулердi енгiзу; сыртқы экономикалық қызметтi кеңiнен
либерализациялау; салықтардың нашар жиналуы және т.б.
Бюджеттiк реттеудi жүргiзу кезiнде ең алдымен мемлекеттiк мақсаттар
мен басымдықтарды және бюджеттiк шығындардың нәтижелiлiгiнiң нақты
көрсеткiштерi арқылы сипаттау қажет. Осыдан кейiн, мемлекеттiк шығындар
шамасындағы мемлекеттiк инвестициялардың ролiн анықтап, салық
ауыртпашылығын көтеру немесе төмендету туралы шешiм қабылдау керек.
Бюджеттiк реттеу мемлекеттiң экономикаға мемлекеттiк шығындардың,
салық салу және мемлекеттiк меншiктiң көлемдеiр мен құрылымын өзгерту
арқылы әсерiн сипаттайды, олар жиынтығында бюджеттiк реттеудi жүргiзудiң
құралы болып саналады. Ал, өзiнiң сипатын бюджеттен табатын бюджеттiк
реттеу өзi мемлекеттiк қаржыны басқару құралы ретiнде болады.
Бюджеттiк реттеудiң институционалды негiзiн анықтау кезiнде ең алдымен
мемлекетке жүктелген мiндеттемелер туралы түсiнiк қалдыптасуы керек, осы
мiндеттемелерден шығындар қалыптасады, ал қажеттi шығындар сомасы қажеттi
кiрiстердi анықтауға мүмкiндiк бередi. Мемлекет функцияларын нақты
құрылымдандырылып, заңмен бекiту қажет. Сонымен қатар, бюджеттiк реттеудi
жүргiзуде макроэкономикалық бағыты ретiнде салық ауыртпашылығы шамасын
анықату қазiргi заманғы жалғыз салық теориясымен шектелмей, мемлекеттiң өз
қызметiн тиiстi атқару сапасымен де сипатталуы керек. Мемлекетке жүктелген
қызметтер мәселесiнiң анық болмауы салдарынан мемлекеттiң қаржылық
потенциалының азаюына, бюрократтық аппараттың өсуiне, қаражаттарды жоқ
қажеттiлiктердi қанағаттандыруға жұмсауға жағдай жасалынады, сонымен қатар,
нақты қажеттiлiктерге көңiл аударылмайды.
Бюджеттiк реттеудiң негiзiг стратегиялық бағыттар құрайды. Олар қаржы
ресурстарын экономиканың қызмет етуiнiң ерекшелiктерiне байланысты
болашақта пайда болатын басты тапсырмаларды шешу мақсатында қалыптастыру
мен пайдалануды анықтайды. Сондықтан, мемлекеттi қаржы қатынасының
субъектiсi ретiнде қарастыру кезiнде, басты назарды ең алдымен мемлекет
өзiне жүктелген қызметiнде қаржы ресурстарын қолдануды қарастырады.
Р.Масгрейв "Теория государственных финансов" атты кiтабында бюджет саясатын
құрайтын негiзгi үш құраманы қарастырды [16].
1.Аллокациялық құраушы экономикада қаржы ресурстарын орналастыру
"нарықтың кемшiлiктерiне" байланысты тиiмсiз болған жағдайда нарық
механизмiн түзету қажеттiлiгiмен түсiнiрiледi. Мысал ретiнде мемлекет
терiс сыртқы әсерлi тауарларды шығаруды салықтар көмегiмен өндiрiсiн шектеп
не болмаса, мемлекеттiк шығындар көмегiмен ерекше қасиетi бар тауарларды
шығаруға ықпал етедi.
2.Бөлу-кiрiс нәтижелiлiгiн нарықтық бөлу. Мысалы, жұмыс iстеушiлерден
салық жинай отырып, мемлекет еңбекке жарамсыздар мен жұмыссыздарға
зейнетақы мен жәрдемақы төлейдi.
3.Тұрақтандырушылық-жалпы макроэкономикалық тепе-теңдiкке әсер етумен
анықталады. Ол салықтардың сипаты мен көлемiне, мемлекеттiк шығындар
шамасына, мемлекеттiк қарыздың көлемiне, несие жүйесiнiң жағдайына
байланысты анықталады.
Осылардың әрқайсысы нары арқылы қалыптасатын қаржы ресурстарының
шамасы мен бағыттылығына әсер етедi. Бюджеттiк реттеудiң аллокациялық, бөлу
және тұрақтандыру аспектiлерi өзара тыңыз байланысты болып, бiртұтас жүйенi
құрайды. Тұрақтандыру шараларын қолдану қаржы ресурстарын аллокациясы мен
бөлуге әкеледi, ал қаржы саясатының бөлу құрамдасы макроэкономикалық
тұрақтылыққа елеулi әсер тигiзуi мүмкiн. Олдардың әрқайсысын шектеу арқылы
нақты мақсаттарын анықату және талдау үшiн қажет, бұл бюджеттiк реттеудi
жүргiзу арқылы жүзеге асады.
Ұлттық экономиканы басқару құралы ретiнде бюджеттiк реттеу
басымдықтары тұрақты болып қалмайды. Олар бюджет жүйесiнiң дамуымен, сыртқы
экономикалық жағдайлардың өзгеруiмен және экономикаға мемлекеттiң шектен
тыс араласу дәрежесiнiң өсуiнiң терiс әсерлерiмен бiрге өзгерiп отырды.
Мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң дамуынан және мемлекеттiң қаржы ресурстарының
ұлғайған көлемiнiң шоғырлануынан мемлекеттiң экономикалық тиiмдiлiгi
мәселелерi-мемлекеттiк қаржыны шығындаудың теориялық өңдеулерiнен жекелеген
бағыттарын бағалауға дейiн өзектi болып отырғандығын көрсетедi.
Қазiргi таңда Қазақстан экономикасында мемлекеттiң бизнеспен тиiмдi
қатынасын қалыптастыру тапсырмасы шешушi рольдi иелендi және ол бюджеттiк
саясат шеңберiнен шығып та кетедi. Сондықтан мемлекет пен бизнестiң
қатынасының барлық кешенiн оңтайландыру тек қаржылық бағытты ғана емес,
сонымен қатар, әлеуметтiк-саяси саланы да реформалауды қарастырады. Егер де
бюджеттiк саясат келiсiмпаздықты iздеу бағытында емес, тек қана мемлекеттiң
фискалды мүддесiн жүзеге асыру құралы ретiнде жүзеге асырылатын болса, онда
бұл жағдай қоғам мен мемлекет мүдделерiнiң арасындағы қайшылыққа әкелу
мүмкiн. Бюджеттiк реттеудiң нақты мақсаты ұлттық экономиканың бәсекелестiк
қабiлетiн арттыру, ол өз кезегiнде экономикалық өсудi ынталандыруды, тиiмдi
нарықтық институттарды қалыптастыруды, еңбекпен қамту мен тұрғындардың әл-
ауақытының жоғары деңгейiне жетуiн, инфляцияға қарсы реттеу iс-шараларын
қарастырады.

1.2 Бюджеттік реттеудің қажеттілігі мен оның жалпы принциптері
Бюджеттiк реттеудiң әлеуметтiк-экономикалық нәтижелiлiгi әлеуметтiк-
экономикалық процестердi реттей отырып, мемлекет көздеген мақсаттардағы
қоғамдық шығындар мен нәтижелердiң сәйкестiгiн сипаттайды. Осы мақсаттар
бiр-бiрiмен үнемi сай келмейдi және кейде қарама-қарсы сипатта болады. Бұл
жағдай көбiнесе "Филипс қисығымен" сипатталады, ол жұмыссыздықтың азаюы мен
инфляцияның өсуiн, ал соңғының төмендеуi жұмыссыздықтың өсуiне
әкелетiндiгiн сипаттайды.
Мемлекет өзiнiң алдына қойған мақсаттарының iшiнде мемлекеттiк
бюджеттiк реттеудiң негiзгi ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық саясатты жүргізуде қолданылатын механизмдер
Макроэкономикалық саясат түсінігі және оның мақсаттары
Қазақстан жағдайында экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибесін пайдаланудың қажеттілігі: мүмкіндіктері мен тиімділігі
Стратегиялық басқарудағы аймақтық мәселелерді болжау жолдары
Экономиканы мемлекеттIк реттеудIң шетелдIк тәжIрибесI
Экономиканы мемлекеттік реттеу жолдары
Экономика пәнінен дәрістер
Экономиканы мемлекеттік реттеудің шетелдік тәжірибелері
Қазақстан жағдайына шетелдік тәжірибені пайдаланудың мүмкіндіктері
Экономиканы мемлекеттік реттеудің теориялық аспектілері. ҚР мемлекеттiк реттеудiң жетілдіру жолдары
Пәндер