Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқару саясаты


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҚАРЖЫЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІШағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны . . . 7Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқару саясаты . . . 15Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқарудағы шетел

тәжірибесі . . . 22

2. ЖШС «МҰРАГЕРДІҢ» ҚАРЖЫЛЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ТАЛДАУ

2. 1 ЖШС «Мұрагердің» техникалық-экономикалық сипаттамасы . . . 27

2. 2 Өнімді шығаруға және өткізуге кеткен шығындарды талдау . . . 34

2. 3 ЖШС «Мұрагердің» қаржылық көрсеткіштерін талдау . . . 43

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҚАРЖЫЛАРЫН БАСҚАРУЫН ДАМЫТУДАҒЫ МӘСЕЛЕЛЕР МЕН ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ. Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқарудағы мәселелері . . . 58Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқаруды

дамыту жолдары . . . 60

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 64

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 66

ҚОСЫМШАЛАР . . . 68

КІРІСПЕ

Елімізде шағын және орта бизнес белсенді дамып келеді. Жас тәуелсіз Қазақстанның өмірге қадам басқан алғашқы күндерінен бастап, оның нарықтық экономикасын қалыптастыруда шағын және орта бизнеске бірден-бір басты мен берілуде, ал шағын және орта бизнесті қолдау мен дамыту мемлекеттік экономикалық саясаттың басын саласы ретінде Зау жүзінде танылған.

Қазақстан Республикасының нарықтық-экономика жағдайындағы шағын және орта бизнес бірқатар экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешуде маңызды ролін атқарады.

Сондықтан да жоғарыда айтылғандар негізінде, дипломдық жұмыстың жазысуы барысында, тақырыптың мазмұнын ашуда келесідей міндеттер алға қойылған . :

- Шағын және орта бизнестің экономикалық мазмұнын аша отырып, дамуына талдау жасау;

- Шағын және орта кәсіпкерлікке қаржылық - несиелік қолдау көрсету бағыттарын анықтау.

- Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқарудағы мәселелерді зерттей отырып тиімді жоспарлау мен басқару стратегияларын жан - жақты қарастыру болып отыр. Менің дипломдық жұмысымда ЖШС «Мұрагердің» қаржылық жағдайына шолу жасалды

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Мұрагер» кәсіпкерлік формасында коммерциялық ұйым болып құрылған. Оның құрылу мақсаты және жұмыс істеуі бизнес жоспарда толығымен қарастырылған. Оның негізгі мақсаты - пайда табу.

ЖШС «Мұрагер» киім жөндеу жұмыстарымен, киім заттарын, шаруашылық заттарын таратушы болып қалада және жақын аудандарда өз тұтынушыларын тапты.

  1. ШАҒЫН ЖӘНЕ ОРТА БИЗНЕСТІҢ ҚАРЖЫЛАРЫН БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІШағын және орта бизнестің экономикалық мазмұны

Кәсіпорын экономиканың негізгі буыны ретінде меншік нысандары мен шаруашылық жүргізудің әр алуандығы, тауар- ақша қатынастары мен рыноктың дамуы кезінде жұмыс істейді. Шағын және орта бизнестің қалыптасуы мен дамуы барысында мемлекеттік қолдауды талап етеді. Мемлекет бизнестің алдында тұрған кедергілерді жоюға, құқықтық жағынан көмек көрсетуге, қаржылық қолдау көрсетуге тиіс.

Қазіргі уақытта шағын және орта кәсіпорындар жұмыс істеп тұрған барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің 80 пайызын құрайды. Шағын және орта бизнесті қаржылай қолдау едәуір шығындарды талап етеді, ал мемлекеттік бюджеттің мүмкіндік шектеулі. Мұндай жағдайда қаржыны пайдаланудың коммерциялық механизмдеріне көшу қажет. Қазір банктер сату - сатып алуды несиелейді немесе ірі тауар өндірушілерді несиелеуді қолайлы көреді. Шағын бизнес өтімді кепілдік базаның жоқтығынан несиелік ресурстарға қолы жете алмай тұр. Осыған байланысты шағын және орта бизнеске лизингтік, франчайзингтік, фонтарингтік несиелерді дамыту ерекше маңызға ие болып отыр.

Шағын және орта бизнесті қаржыландыру бағыттары, екінші деңгейлі банктер мен басқа қаржы институттары тарапынан жүргізілуде. Коммерциялық банктердің шағын және орта бизнесті несиелеудегі қолдау корсетулері, субъектілеріне ақысыз шоттарды ашу, төменделген пайыздық несие, құжаттар пакетінің аздығымен ерекшеленеді.

Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқару бизнестің немесе кәсіпкерліктің тактикалық және стратегиялық тұрғыдан қаржылық қамтанасыз ету үшін тиімді қызмет ету мақсатында қаржының ағымдарды басқару болып табылады. Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқару келесі әлементерінен турады; ақпарат, жоспарлау үйымдастыру, реттеу, бақылау.

Шағын және орта бизнестің қаржылық стратегиясын жоспарлау және басқару бизнестің бәсекелестіріне қатынасында өмір сүру қабылеттігі мен күш - қуатын күшейтуге арналған барлық өзара байланысты кешенді қызметі яғни узақ мерзімді артықшылықтарға қол жеткізу болып табылады.

Кәсіпорындарды ұйымдық-құқықтық нысандары бойынша межелеу олардың қаржысын ұйымдастырудағы айырмашылықтарға: капиталдың қалыптасуына, өндірістік-шаруашылық қызметін қаржыландаруға, шаруашылықты жүргізудің нәтижелеріне әкеп соғады.

Меншік нысандарына қарай шаруашылық жүргізуші субьектілердің қорларын қалыптастырудың ерекшеліктері болады. Мысалы, өндірістік кәсіпорындардың қаржы қорлары мына көздер есебінен құрылады: меншікті көздер (амортизациялық аударымдар, табыс (пайда), басқалары) ; банк несиелері; бағалы қағаздар шығарудан түсетін қаражаттар; мемлекеттік кәсіпорындарды қаражаттардың бұл көздері қажет жағдайларда бюджеттен және бюджеттен тыс қорлардын қаржы бөлумен толықтырылады; кооперативтерде -кооператив мүшелерінің үлестік жарналарының қаражаттары. Практикада көбінесе меншіктің аралас нысандарымен шарттасылған қорлардың көздері бойынша оларды құрудың аралас нысандары кездеседі. Мысалы, негізгі құралдар мен айналымдағы активтердің үлкен бөлігі мемлекетке жататын мемлекеттік кооперативтерде қызметкерлердің үлестік жарналары болымсыз рөл атқарады. Мемлекеттік акционерлік қоғамдарда да осылай. Кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін жалға бергенде айрықшалықты төлем- жалға берілген мүлік құнының амортизациялық аударымдарын, жалға беру мерзімінің өтуіне қарай обьектілерді жөндеу үшін жалдаушының жалға берушіге беретін қаражаттарын, жалға алынған мүлікті қоғамдық қажетті пайдаланудан түсетін пайданың бір бөлігін кіріктіретін жалгерлік ақы қолданылады. Өндірістің бастапқы қорларының қалыптасуына сәйкес шаруашылық қызметтік мынадай қаржылық нәтижелері бөлінеді және пайдаланылады: жалпы табыс, пайыздық табыс, дивиденттер, үлестік табыстар, бюджеттің және бюджеттен тыс қорлардың шығыстарын өтеу.

Үлестік жарна негізінде жұмыс істейтін кәсіпорындардың- шаруашылық серіктестіктерінің, кооперативтердің, бірлескен кәсіпорындлардың қаржысын ұйымдастыру мұндай кәсіпорындар қаржысының қалыптасу және алынған табыстарды әрбір қатысушының мүліктегі үлесіне сәйкес кейінгі бөлудің ерекшеліктерімен анықталады. Мұндай кәсіпорындардың құрылтайшылары мен қатысушылары өздерінің салымдарын ақша қаражаттары, мүліктің әр түрлі түрлері (ғимараттың, жабдықтың және басқаларының), мүлікті құқықтар (жерді, табиғи ресурстарды, мүлікті, зияткерлік меншікті пайдалану құқықтары) түрінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Президентінің «Шаруашылық серіктестіктері туралы» заң күші бар жарлығына сәйкес шаруашылық серіктестігі- ажрғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген, өз қызметінің негізгі мақсаты пайда түсіру деп есептелетін және заңды тұлға борлып табылатын коммерциялық ұйым. Шаруашылық серіктестіктің мынадай нысандары белгіленген:

  1. толық серіктестік;
  2. сенім серіктестігі;
  3. жауапкеі шектеулі серіктестік;
  4. қосымша жауапкершілігі бар серіктестік;
  5. акционерлік қоғам.

Толық серіктестіктің пайдасы мен матрацалдары қатысушылар арасында, егер құрылтайшылардың шартында немесе қатысушылардың келісіміне өзгеше белгіленбесе, олардың серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесінің мөлшеріне бара- бар бөлінеді; сенім серіктестігі мен жауапкершілігі шектеулі серіктестікте де осылай бөлінеді.

Акционерлік қоғамдар туралы қазақстан Республикасының заңына сәйкес өзінің қызметін жүзеге асыру қаражаттарды тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңи тұлға акционерлік қоғам деп танылады.

Нарық жағдайында шағын және орта кәсіпкерліктің алатын орны орасан зор. Кәсіпорындарда және ұлттық шаруашылық саласында қаржыны басқаруды кәсіпорындардың, ұйымдардың және мекемелердің қаржы бөлімдері мен службалары, сондай- ақ сақталып отырған министрліктер мен ведомоствалардың қаржы бөлімдері мен басқармалары жүзеге асырып отыр.

Шағын және орта бизнестің қаржы бөлімдері кредит және есеп айырысу операцияларының жаңа нысандарын пайдалана отырып, оперативті қаржылық жоспарлауды, қаржы ресурсттарымен оңтайландыруды жүзеге асырады.

Шаруашылық серіктестіктерінде қаржыны басқаруда басқа функциялармен қатар, жоғарғы органдар- олардың қатысушыларының жалпы жиналысы, акционерлік қоғамдарда - акционерлердің жалпы жиналысы үйлестіріп отырады. Атқарушы орган - басқарма өзінің лауазымды адамдарының, соның ішінде қаржыны басқару жөніндегі вице -президенті; ол серіктестіктің тиісті бөлімшесіне -қаржы бөліміне, топқа, секторға жетекшілік етеді немесе оның бағынышындағы жеке қызметкерлер- шаруашылық жүргізуші субьектісінің қаржылық қызметінің бағыттары жөніндегі қаржы менеджерлері жұмыс істейді.

Шағын және орта бизнес құрамына материалдық өндірістің барлық кәсіпорындары және нарықтық экономика жағдайында өзінің қызметін коммерциялық есеп негіздерінде жүзеге асыратын өндірістік емес сфераның бір бөлігі кіреді.

Шағын және орта бизнес субьектілер - кәсіпорындар мен ұйымдар (фирмалар, компаниялар, фермер шаруашылығы, шаруашылық серіктестіктері, мекемелер әр түрлі белгілері бойынша сыныпталады және оларды не ол, не бұл түрі бойынша айырудың негіздемелері қаржыны ұйымдастырудың сипатына елеулі әсер етуі мүмкін.

Межелеудің ең жалпы белгісі кәсіпорындар мен ұйымдарды қызмет сфераларының біріне- материалдық немесе материалдық емес (өндірістік емес) сфераға жатқызу болып табылады. Қызметтің материалдық сферасының кәсіпорындары бүкіл қоғамнның тіршілік әрекетінің негізі болып табылатын материалдық өнімдер мен игіліктерді жасайды. Өндірістік емес сфера қызметінің нәтижелері қызметтердің нысанын қабылдайды, қызметтерді жасаудың процесі, әдеттегідей, оларды тұтыну процесімен тоқайласады, яғни олар қордалауға, сақтауға жатпайды.

Қоғамдық өндірістің екі сферасының аталған қағидалы айырмашылықтары бұл сфералардың қаржысын ұйымдастыруға -қаржыландару, өнімдер мен қызметтер құнының жасалу процестеріндегі қаржы қорларының қозғалысы кезінде де, сондай-ақ қызметтің қаржы нәтижелерін қалыптастыру- қорланымдарды, табыстарды немесе пайданы бөлу және пайдалану кезінде де әсерін тигізеді.

Мысалы, материалдық сфера қорларының қозғалысында өндірістік босалқы қорларды, аяқталмаған өндірісті жасаумен, дайын өнім және өндірістік емес сфераға сипатты емес бірқатар басқа процесстердің қозғалысымен байланыстылары елеулі орын алады.

Сыныптаманың басқа белгісі шаруашылық жүргізуші субьектілердің қаржылық қызметінің сипаты -коммерциялық және коммерциялық емес қызметі болып табылады.

Коммерциялық және коммерциялық емес қызмет болып межелену Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде бекітіліп берілген, онда заңи тұлға ұғымы анқталады. Заңи тұлға деп меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүокі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін ұйымды айтады.

Өз қызметінің негігі мақсаты ретінде пайда келтіруді көздейтін (коммерциялық ұйым( не мұндай мақсат ретінде пайда келтіре алмайтын және алынған пайдасын қатысушыларына үлестірмейтін (коммерциялық емес ұйым ) ұйым заңи тұлға бола алады.

Коммерциялық ұйым болып табылатын заңи тұлға мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестігі, өндірістік кооператив нысандарында құрылуы мүмкін.

Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңи тұлға мекеме, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни берлестік нысанында және заң құжаттарында көзделген өзге де нысанда құрылуы мүмкін және ол кәсіпкерлік қызметпен өзінің жарғылық мақсаттарына сай келуіне қарай ғана айналыса алады.

Коммерциялық қызметтің мақсаты табыс алу болып табылады. Коммерциялық негізде материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді.

Өндірістік емес сфера мекемелерінің едәуір бөлігі. Мемлекеттік басқару, қорғаныс, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру және қамсыздандыру, құқық тәртібін қорғау, айналадағы ортаны қорғау, денсаулық сақтау менг білім берудің, мәдениеттің және шығармашылықтың үлкен тобы, іргелі ғылым коммерциялық емес секторда қалып отыр. Коммерциялық емес қызмет табыс (пайда( алуға емес, бүкіл қоғам үшін, соның ішінде халықты әлеуметтік қорғауды қамтамасыз етуге қажет функциялар мен іс-қимылдарды орындауға бағытталған.

Шағын және орта бизнестің сыныптаудың маңызды белгісі меншіктің белгілі бір нысанына тиістілігі болып табылады. Заңнамаға сәйкес Қазақстан Республикасында меншіктің екі нысаны қабылданған: жеке меншік және мемлекеттік меншік. Жеке меншік азаматтардың және (немесе) мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың бірлестіктері ретінде болады, жеке меншіктің айырықша түрі қоғамдық ұйымдардың меншігі болады.

Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналдық меншік болып ажыратылады.

Меншіктің аталған нысандарының ішінде шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық нысандарының көптеген түрлерін туғызатын әр түрлі шаруашылық құрылымдары қалыптасуы мүмкін:

  1. мемлекеттік меншікке негізделген мемлекеттік кәсіпорындар, соның ішінде:

республикалық Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуының жалпы мемлекеттік міндеттерін шешу үшін;

коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар- тиісті аумақтың халқының әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі міндеттерді шешу үшін, жергілікті бағынышта болады.

  1. Заңи тұлғалардың жеке меншігіне негізделген кәсіпорындар. әр түрлі тұрпаттағы шаруашылық серіктестіктері, соның ішінде акционерлік қоғамдар, кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдар.
  2. Қоғамдық бірлестіктердің меншігіне негізделген кәсіпорындар.
  3. Құрылтайшылардың, соның ішінде шетелдік заңды тұлғалар мен азаматтардың мүлкін біріктіру негізіндегі бірлескен кәсіпорындар.
  4. Азаматтардың меншігіне негізделген жеке меншікті кәсіпорындар.
  5. Меншіктің жоғарыда келтірілген әр түрлі нысандарының қатысуындағы аралас кәсіпорындар.
  6. Меншіктің барлық нысандарының теңдігі мен меншік субьектілерінің құқығын теңдей қорғау Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілденілген.

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық- құқықтық нысаны Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен анықталған, ол шаруашылық жүргізуші субьектілердің құқықтық тәртібіне айтарлықтай өзгерістер енгізді.

Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары мен олардың мөлшерін ажырата білген жөн.

Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары меншік нысанымен- мемлекеттік, жеке меншікпен анықталады. Мөлшері бойынша кәсіпорындар және кез келген нысан шағын, орта және үлкен болуы мүмкін.

Заңнамалық тәртіппен қызметтің әр түрлі сфералары шағын кәсіпорындарының өндірістік және ұйымдық міндеттерді жедел шешуге мүмкіндік беретін тиімді құрылымдар ретінде олардың дамуын ынталандыру мақсатында парабірліклері анықталуы мүмкін.

Жалпы меншіктің әр түрлі нысандары кәсіпорындарының қаржысы ортақ қағидаттарға негізделген. Алайда бұл кәсіпорындардың ұйымдық- құқықтық мәртебесіндегі айырмашылықтар кәсіпорындарды басқару механизмінің кейбір ерекшеліктерін сипатын және осымен байланысты болатын қаржы ресурстарын қалыптастырып, бөлудің нысандарын анықтайды.

Бұл ең алдымен жарғылық капиталды қалыптастыру көздеріне, табысты бөлуге және бюджетпен өзара қатынастарды ұйымдастыруға қатысты болып отыр.

Шаруашылық жүргізудің ұйымдық- құқықтық нысаны жарғылық капиталды жасаудың процесіндегі қаржы қатынастарының мазмұнын анықтайды.

  1. Шағын және орта бизнестің қаржыларын басқару саясаты

Шағын және орта бизнес қаржыларын басқару қоғамның экономикалық және әлеуметтік прогресінің маңызді факторы болып табылады. Шағын және орта кәсіпорындар бастапқы ірі инвестицияны талап етпейді және ресурстардың айналымының жоғары жылдамдығына кепіл береді, экономиканың құрылымының өзгерту мәселелерін тез және тесімді шешуге қабілетті. Нарық конъюнктурасының өзгерісіне оперативті жауап беріп, шағын және орта бизнес экономикаға қажетті икемділік береді. Ол экономикадағы бәсекелестік ортасын қалыптастыруға елеулі үлес енгізуге қарағанда, сұраным мен ұсынымның өзгересіне тез үн қосуға және осы есептен нарыққа қажет тепетеңдікті қамтамасыз етуге қабілетті.

Шағын және орта бизнесті дамыту аралас экономикаға икемділік беріп, әр түрлі нысандағы меншікті және оларға тән шаруашылықтың боламалық үлгелерін үйлестіріп, жалпы әлемдік үрдіске жауап береді, онда бәсекелес нарық механизмін күрделі синтезі және ірі, орта және ұсақ өндірісті мемлекеттік реттеу жүзеге асады.

Шағын және орта бизнес саласы - бұл көбіне экономикалық өсу қарқынын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымын және сапасын анықтайтын ұлттық экономиканың жетекші салаларының бірі. Ол елеуметтік құбылыс белгілерін иеленеді, өйткені халықты жұмыс орындарымыс қамтамасыз етеді және жұмыссыздық пен кедейлікті азайтады.

Нарық конъюнктурасы - нарықта қалыптасқан экономикалық жағдай: сұраным мен ұсыным, баға, сату көлемі, пайыз валюта курсының деңгейі. Шағын және орта бизнсті дамыту қаржы, материал қуралдарына және табиғи ресурстарға ұқыпты қатынасты, шаруашылық істегі жаңа ойлады қалыптастыруға қабілетті.

Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті дамытуға объективті қажеттілікке үлкен назар аударылады. Қазақстан Республикасындағы 2001 -2002 жылдарда шағын және орта бизнесті дамыту мен қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы осы бағыттағы елеулі қадам болып табылады. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау мемлекеттік тапсырыс беру, кепіл зат ұсыну жолдарымен жүзен асады.

Шағын және орта бизнесті қаржы - несиелік ынталандыруды, оның субъектілерін несиелеудің бағдарламасын жасайтын және қолданатын коммерциялық банктер жүзеге асырады. Шағын және орта бизнестің дамуын қолдау мен ынталандыру шаралары қызметін лизинг пен франчайзинг атқарады. Лизингтін дамуын рухани және табиғи тозған негізгі қорларды ауыстыру қажеттілігіне және шағын кәсіпорындарда жаңа техника мен технологияны сатып алу үшін жеткілікті қаржылардың шектеулігіне байланысты.

Франчайзинг - шағын және орта бизнеске белгілі уақыт ішінде және белгілі орында кәсіпкерлік қызметті жүргізуге берілген бас компанияның шағын және орта бизнес субъектілерінің қызметін қаржыландыру құралы ретіндегі құқығы.

Шағын және орта кәсіпорының ұзақ мерзімді болашағын, көптеген шешімдердің жүзеге асуын болжау қиын, әрекет бағытын бірнеше мүмкін нұсқадан таңдау қажет болған белгісіздік жағдайда қабылдауға тура келеді. Осыған байланысты кәсіпкерлік тәуекелді басқарудағы қажеттілік пайда болады. Мұнда шиеленіскен жағдайлардың ықтималдағы есепке алынуы тиіс. Шағын және орта бизнес теориясы мен практикасының мәні, тәуекелдің зардабын мүмкіндігінше төмендету, тәуекелді алдын - ала есептегі білу, болжанбаған шараларды азайту бойынша шараларды белгілу. Тек табиғи ресурстаға сүйеніп, экономикалық өсуді қамтамасыз ету, өте үнемсіз.

Қазақстанда елеулі ғылым және білімділік әлеует сияқты өсудің стратегиялық факторы бар. Бәсекелестік қабілеттің бұл факторы көптеген дамушы елдерде жоқ. Оны нарықты экономикада тек инновация арқылы толық қолдануға болады. Жаналықтар енгізуге бейімділік және оларды жүзеге асыруға қабілеттілік - қоғамның өмір сүру қабілетінің қажетті белгісі. Инновациялық қызмет экономикалық, әлеуметтік дамудың, экономиканың ішінде туған шаруашылық мәдениет элементінің құрылымдық өзгерісінің маңызды факторы болып табылады. Болашақтағы бағдар дамудың инновациялық түрі болады. Оның негізінде жаналықтар енгізуді үздіксіз және мақсатты іздеу, дайындау және жүзеге асыру процесі жатыр.

Қазақстан Республикасында тұрақты экономикалық өсудің күрделі факторына инновацияны айналдырудағы маңызды рольді шағын және орта бизнес атқарады. Әлемдік экономикалық серпіннің заңдылықтары бойынша әдетте инновациялық сілкіністі шағын және орта кәсіпкерлік бастайды, одан кейін оның табыстарын ірі кәсіпорын жүзеге асырады. Шағын және орта кәсіпорын инновацияға тез жауап береді, тәуекелге жаңа нарыққа бұзып кіруге бейне болып саналады.

Экономикалық өсу курсы шағын және орта бизнесті дамытуды белсендіруді, оның ұлттық экономикадағы ролін арттыруды ұйғарады. Шағын және орта бизнес шаруашылық қызметтің ерекше әдісі ретінде шаруашылықтың көп түрлі нысандарын ынталандыруға, ішкі шаруашылықты дамытуды елеулі мамада күнейтуге, халықтың еңбекпен қамтылуын кеңейтуге және Қазақстанның халықаралық еңбек болінісі мен айырбаста салыстырмассы артықшылығын іске асыруға болады және осы бағытқа арналған. Кәсіпкерлік қызмет шығармашылық сипатта болады, ол үшін кәсіпкерге жекелей сипаттағы қасиеттер болуы қажеті

  • Бастамашылдық;
  • Тәуекелге бару қабілетті;
  • Өзіне жауапкершілік алу;
  • Бірегей шешім іздеу;
  • Экономикалық білімді және бизнес принциптерін игеру.

Қазақстан Республикасының «Шаруашылық қызмет еркіндігі және

кәсіпкерлікті дамыту туралы» заңында кәсіпкерлік қызмет дегеніміз заңға қайшы келмейтін және табыс алуға бағытталған кез келген шаруашылық немесе басқа қызмет, ал кәсіпкерлер меншікті иелену нысанына байланыссыз заңды және жеке тұлға болып табылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлыбританиядағы шағын бизнес
Қазақстан Республикасындағы кіші бизнес
Шағын бизнесті дамытудың теориялық негіздері
Шағын бизнестің мәні мен ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында халықты әлеуметтік қорғау жүйесін қаржымен қамтамасыз ету
Нарықтық экономиканы құрудағы ұсақ бизнестiң ролi
Кәсіпорынның қаржы ресурстары
Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнестің дамуы
Шағын және орта бизнесті мемелекеттік қолдау және дамыту бағдарламаларын жүзеге асыру
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz