Қаржы нарығы - мемлекеттің бүкіл ақша қорларының жиынтығы


М А З М Ұ Н Ы
КІРІСПЕ
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
1. 2 Бағалы қағаздарды шығару механизмі
2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮРЛЕРІ
2. 1 Негізгі нарықтың түрлері мен оларды талдау
2. 2 Туынды нарықтың маңызы мен олардың жағдайы
2. 3 Қазақстан Республикасының қор биржасындағы бағалы
қағаздар бойынша жүргізілетін операциялар түрлері
және оларды талдау
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
К І Р І С П Е
Қазақстанның орталықтанған - жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар-меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10-13 жылда болған өзгерістер - еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің дипломдық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған. Дегенмен нарық қатынастары өркениеттері елдерде ежелден дамып, соңғы 70 жылдан «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдейді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылықты құруда.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі - акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш тараудан қарастырылып жазылған.
Бірінші тарауда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы, құқылық нормативтер қарастырылған.
Екінші тарауда негізігі және туынды нарық мәні мен олардың қызметтері, операция жүргізу тәсілдері, яғни акция мен облигация бағалы қағаздарының есептеу әдістері ұсынылған. Сонымен қатар Қазақстан қор биржасының мақсаттары мен мәмілелер түрлерінің ерекшелігі мен брокер, дилерлердің келісім жасау шарттары мен олардың жұмысының қаржылық нәтижесі салыстырылып талдау жасалған.
Ал, үшінші тарауда ұзақ мерзімді ішкі қарыз алу стратегиясын дайындаудың әдістемелік проблемалары зерттеліп ұсынылған.
Дипломдық жұмысты орындау барысында статистикалық және бухгалтерлік кезеңді басылымдар қолданылды.
Дегенмен бағалы қағаздар нарығы туралы заңға өзгерістер енгізілгенімен білікті мамандар даярлау, бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндетті пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақталған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау - уақыт талабы. Әрине бұндай істе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуге болады, сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу - алға басудың кепілі. Революцияға дейінгі Ресейде бағалы қағаздар, қор биржалары және коммерциялық банктер туралы ғылым кең тараған. Демек, өткен тәжірбиені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы негіздей отырып осы дипломдық жұмысымды зерттеп орындадым.
Менің, жазып отырған дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - бағалы қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағздардың биржада сатылуы мен олардың үстінен қосымша үлестерді есептеу. Жоғарыда көрсетілген мәселелер тақырыпты таңдаудың себеп болды.
Бұл жұмысты жазу барысында тек қана қазақстандық авторлар оқулықтары ғана емес, сонымен қатар шетел әдебиеттер авторы қолданылды. Жалпы дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалды.
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1. 1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы және оның құрылымы
Нарық - бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері - экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық - құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектәлер ғана ала алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар каржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 - шы жылдардың басында құрыла бастады.
1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері-халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
- эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын
шаруашылық субъектілері;
- инвесторлар, яғни уықытша бос ақша иелері - заңды және
жеке тұлғалар;
- бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер
дилерлер, инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер,
- инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т. б. қорлары;
- қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамудың бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды мегеру және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынын қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сонымен бірге өткен тәжірбиені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы қарастырлады. Қaзipгi кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы ic-шаралар жүргізуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрынғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздар, мысалы мемлекеттік қысқa мерзімді вексельді шығара алады. Алайда, бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметік-психологиялық мәселелер көп кездесті. Соның ішінде экономикалық мәселелерге тоқтайтын болсақ:
а) нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
ә) бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
б) заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
в) салымдарды тіркеу жуйесінің жоқтығы;
г) бағалы қағаздар нарығының материалдық техникалық негізінің аздығы;
д) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендік жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге тоқтайтын болсақ, олар бағалы қағаздар нарығында мамандандардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төменгі деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.
Дүниежүзілік нарық тарихында бағалы қағаздар нарығының негізгі үш үлrici (моделі) бар. Олар:
1. Банктік үлгi - онда бағалы қағаздар нарығы механизмі арқылы банктер қаржы қорларын бөледі (мысалы, бұл үлгі Германияда, Австрияда, Белгияда көп тараған) . Бұл үлгi бойынша экономиканы инвестициялау мен мемлекеттік бюджет кемшілгін жоюды банктер өз міндетіне алады.
2. Банктік емес үлгі немесе нарықтық үлгі - онда бағалы қағаздар нapығы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банк емес мекемелер шұғылданады (мысалы, АҚШ-та, Ұлыбританияда, Малайзияда, Пәкстанда, Сингапурда) . Бұл үлгі бойынша бағалы қағаздар нарығы демократиялық жолмен өркендейді. Қаржының негізгі бөлігі жеке тұлғалардың ақшасы. Ол банктен алған ақшаға қарағанда "арзан" ақша.
3. Аралас үлгі - онда бағалы қагаздар нарығы механизмі арқылы қаржы қорын бөлумен банктер де, банк емес мекемелер де шұғылданады (мысалы, Жапонияда) .
Еліміздің бағалы қағаздар нарығының epeкшелігi-кіші және жалпы жекеменшіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын өзгертуге жеке инвесторлар мен өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірбие дәлелдегендей банктер бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік (монополизация) роль атқарады. Дәл осы жағдай көпшілік мемлекеттерің бағалы қағаздар нарығының банктік үлгісінен бас тартуына әкеп соқтырды. Сондықтан еліміздігі экономикалық өзrеpic әлеуметтік бейімделген бағалы қағаздар нарығын құруға негізделгені дұрыс. Отандық бағалы қағаздар нарығының құрылуына әрбір азаматтың қатысуына мүмкіндік берген жөн. Дәл осы мүмкіндіктерді бағалы қағаздар нарығының банктік емес үлгісі яғни немесе нарықтық үлгісі іске асыра алады деген ойлар бар.
Бағалы қағаздар нapығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:
- нapықтa акционерлік капитал үлгісінің көптiгi;
- үлестік бағалы қағаздардардың қарыздық қағаздардан көптігі;
- өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;
- нарықтағы банк емес мекемелердің көптігі.
Бұлардан басқа мемлекетіміздің бағалы қағаздар нapығының нapықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар. Олар:
Бірінші өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылған акциядан түскен aқшa-ол "арзан" aқшa. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп кайта құру - өндіpіcті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешедi.
Екінші әлі көп yaқытқa дейін еліміздің нарығында өндіріс саласын өз активтері мен (қаржыларымен) инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруына тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік береді.
Үшінші саясат факторы - дуниежүзіндегі сияқты, елімізде бос ақша көздерінің нeгiзri иесі - халық. Жекеменшіктендіру купондары apқылы әрбір адамды акционерлік қоғамның меншік иесі болу құқын жүзеге асыру-бүгінгі кездегі ең кезекті саясат (халықтың социалистік менталитетін есептегенде) .
Сонымен Қазақстанның қалыптасып келе жатқан бағалы қағаздар нарығының үлісіне факты бірыңғай көзқарас жоқ. Сондықтан бағалы қағаздар нарығына уақыт талабына сай әлі де біраз өзгерістер енгізілуі мүмкін.
Жалған (алдамшы) капитал деген - қосымша құнның бір бөлігін дивидент немесе процент ретінде иемденуге құқық беретін бағалы қағаздар иесінің титулы/ бағалы қағаздар - акциялар, облигациялар, вексельдер және басқа да түрлерде көрінетін капитал. Бағалы қағаздады жалған капитал деп атауға себеп болғандар мыналар:
Біріншіден, табыс көзі - тауар өндірісі. Ал бағалы қағаздардың пайда болуы өндірістік капиталмен тікелей байланысты. өнім өндірістен айналымға түсіп, табыс әкеледі. Ал бағалы қағаздар өндірістен тыс тек айналымнан табыс әкеледі деген бұлдыр қиял пайда болады. Оны мысал ретінде келтірілген мына екі формулаларды аңғару қиын емес. Тауар айналымы (Т-А-Т) формуласындағы бірінші акт (Т-А) тауарды сату басқа керекті тауарда сатып алу мақсатында жүргізіледі, яғни қажеттілікті - керек тауарды сатып алу арқылы өтеу. Ал капиталдың айналымы (А-Т-А) формуласындағы мақсат-тауарды сатып алып қайта сату, яғни процесс пайда табу мақсатында жүргізіледі. А =А+ а, яғни а - қосымша құн, өсім, немесе капитал. Ал капитал өздігінен өсетін құн немесе қосымша құн беретін құн (К. Маркс) .
Екіншіден, бағалы қағаздардың капитал болып есептейтін себебі олрады сатуға болады. Бірақ олардың өз құны өте төмен, ал нарықтық бағалар ирроцианалдық сипатта (өлшеусіз сандар) блады. Жалған капиталдың бағасы капиталға сұраныс пен ұсыныстың арқасына және бағалы қағаздарды сатудан түскен табыстың мөлшеріне байланысты анықталады. Капиталға сұраныс сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса және одн түскен табыстың мөлшері де жоғары болса оның жалған капиталдың бағасы оған тура пропоцианалды кемді. Мысалы, бағалы қағаздардан түсетін жылдық табыс 50$ делік, ал қазыр проценттінің деңгейі 5% болған жағдайда бағалы қағаздардың бағасы 1000$ болады:( 50 х 100 %) *5 = 1000$. Демек, жалған капиталдың бағасы жиі өзгерістің ұшырап тұратын нарықтық құн. Жалған капитал нақты (өндірістік) және несие капиталдарымен байланысты болғанымен, олардың оқшауланып шыққан бөлігі, яғни олардың бағалы қағаздарғы мынадай ерешеліктері бар:жалған капиталдың өз ұңны (өте аз) жоқ, бірақ бағалы қағаздардың кейбір түрлері нақты капиталдың орнында жүреді;
1. бағалы қағаздардың айналысы қор биржасынан және несие жүйесінен басталады, ал нақты капитал өндіріс аясына қызмет көрскетеді;
2. жалған капиталдың мөлшері бағалы қағаздардың артылатын жиынтық бағасы, яғни бағалы қағаздардың бағалы қағаздарды сатудан түскен табысының капиталға айналуымен анықталады. Ал өндірістік нақты капиталдан түскен пайда сол нақты капиталдық өз мөлшеріне байланысты болады. Жалған капиталдың пайда болуын К. Маркс «капиталдану» деп атады. Ал капиталдану - мүліктің немесе нақты капиталдың ақша капиталына айналуы деген ұғым. (К. Маркс, Ф. Энгельс. Шығармалар, 25 том, 2 бөлім, 9 бет) жалған капиталдың мөлшерінің өзгеруі нақты капитал көлемінің өзгеруне дәл келмейді. Жалпы алғанда, қалған капитал нақты капиталға қарағанда шапшаң өседі. Бұл жағдай акционерлік кәсіпорындардың тез дамуына, бағалы қағаздардан түсетін дивиденд пен процент мөлшерінің айырмашылығына және де бағалы қағаздардың кездері тез ұлғаюына байланысты болады.
Сонымен бірге жалған капиталдың қарыз капиталынан айырмашылығы бар. Олар:
Біріншіден, бағалы қағаздар қарыз капиталының қозғанынан пайда болып отырып, одан бөлініп бағалы қағаздар капиталыныңң қорында дербес қозғалыс жасайды. Өйткені бағалы қағаздарды сатып алу деген ақша капиталының бір бөлігін қарывзға берумен бірдей. Ал қарыз - несиелік құжат, немесе құнды қағаздар түрінде айналыста болады.
Екіншіден, қарыз капиталынан түсетін табыс оның өзінің мөлшерімен анықталса, ал жалған капиталдың мөлшері оның айналысынан түсетін табысына байланысты болады. Ол табыс дивиденд немесе процент түрінде түседі. Бағалы қағаздар өз қозғалыс заңдарына ие болып, нақты капиталды қозғалысына көбіне тәуелді болмайды.
Сонымен, бағалы қағаздар қарыз капиталына орналастыратын ортаныңтек біреуі ғана. Жалған капитал жағынан қарыз капиталынан көп және айналыста бір-біріне дәл келмейді. Нақты капитал мен жалған капиталдың мөлшері жағынан да біріне-бірі дәл келмеуі бағалы қағаздар нарығына тән ерекшелі. Жалған капиталдың пайда болуы меноның өсуі байлықтың бір жерге шоғырлануына әсер етеді.
Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-жылдары KСPO-да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазipri егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 10-жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Бағалы қағаздар нарығы тек әдеттеп тауар-ақша қатыстары және меншік қатынастары жағдайында дамуы мүмкін. Мемлекеттік меншікті жаңа нарықтық қатынастарға сай өзгерту тек оны жекеменшіктендіру арқылы ғана icкe асады. Соңғы 10 жылдықта дуниежүзінің көптеген елдерінде жекеменшіктендіру жүрді. Әcipece, Англияда ол шапшаң қарқынымен өтті. Бірақ Батыс Еуропа елдерінде жекеменшіктендіру өркендеген нарық экономикасы жағдайында жүрді. Сондықтан жекеменшіктендірілген кәсіпорындардың акция саны қанша көп болса да өркендеген нарық жағдайында оларды орналастыру өте оңай болды. Ал тәуелсіз мемлекеттер достастығындағы (ТМД) елдердің жайы өзгеше. Бұл елдерде бағалы қағаздар нарығы жаңадан қалыптасып келе жатқан жағдайда мемлекеттік кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акцияландыру арқылы жүргізіледі. Себебі, көптеген кәсіпорындар да, халықта осындай жаңа құбылыстар арқылы нарыққа кең көлемде қатынасуға мүмкіндік алады. Жекеменшіктендіру бағалы қағаздардың жаңа түрі- жекеменшіктендіру чектерін (купондарын) өмipre келтірді. Бұл мемлекеттік бағалы қағаздардың бipтүрi, олар, өз иесінен мемлекеттің иелігінен алып, жекеменшіктендірілген меншіктің бір бөлігін қайтарымсыз пайдалануына құқық береді.
Іpi және орта кәсіпорындарды жекеменшіктендіру оларды акционерлік қоғам ретінде қайта құрудан басталып. Акционерлік қоғамның иесі-акционерлер, олардың меншік құқы акция берумен куәландырылады.
Қорыта айтқанда, жекеменшіктендіру бір жағынан бағалы қағаздардың жаңа түрі-жекеменшіктендіру чегінен нарыққа әкелсе, екінші жағынан кәсіпорынның жаңа ұйымдық-құқықтық формасы акционерлік қоғамдардың көптеген құрылуына және олардың қалыптасуына жол ашты. Бұл жағдай жаңа акциялар мен облигацияларды эмиссиялаумен қатар, бағалы қағаздардың басқа түрлерін шығаруға да себепші болады. Сонымен, кәсіпорындарды жекеменшік
тендіру бағалы қағаздар нарығының қалыптасуындағы алғашқы кезең. Еліміздің жоспарлы экономикада жаңа, нарықтық мемлекет реттейтiн экономикаға өтуі елімізде қаржы нарығын және оның қызметің қамтамассыз ететін институттардың құрылуын талап етеді. Бұл өте күрделi және ауқымды мақсат. Көптеген жылдар бойы елімізде шын мәнінде ия қаржы нарығы, ия оның инфрақұрылымы, яғни жеке коммерциялық және инвестициялық банктер, биржалар, сақтандыру қоғамдары болған жоқ. Қаржы саласының барлығын мемлекет айырықша құқықпен өзіне қаратып, барлық кipic кездерін халықтың қажетін өтемейтін міндеттерге жұмсап отырды.
Нарықтық экономика-адамзат өркениеттілігінің ең жоғарғы жетістігі және өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді екендігін дүниежүзі мемлекеттерінің көпшілігінің өркендету тәжірбиесі дәлелдеген ақиқат шындық. Еліміз үшін шаруашылықты жүргізудің жаңа өндірісіне өту-тек ашық нарыққа өту ғана емес, сонымен мемлекеттік экономикалық саясаттағы әділетсіздіктен бас тарту.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz