Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің моделі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

:
КIРIСПЕ. .: КIРIСПЕ. .
:
: І.
КIРIСПЕ. .: ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТIК ҮРДІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI . . .
:
: 1. 1
КIРIСПЕ. .: Бюджеттiк үрдістiң қалыптасуы және атқарылуын құқықтық-нормативтiк негiздерi . . .
:
: 1. 2
КIРIСПЕ. .: Бюджеттiк үрдістiң атқарылуын бақылаудың үлгiлерi, принциптерi мен стандарттары.
:
: ІІ.
КIРIСПЕ. .: АЙМАҚТЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ . . .
:
: 2. 1
КIРIСПЕ. .: Аймақтың дамуының көрсеткiшi ретiндегi бюджеттiң қалыптасуын талдау. .
:
: 2. 2
КIРIСПЕ. .: Аймақтың бюджеттiк шығыстарын бақылаудың экономикалық маңыздылығын талдау.
:
: ІІІ.
КIРIСПЕ. .: АЙМАҚТЫҢ ТИIМДI БЮДЖЕТАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫН ЖЕТIЛДIРУ ЖОЛДАРЫ . . .
:
: 3. 1
КIРIСПЕ. .: Аймақ бюджетiнiң кiрiс бөлiгiне болжамы және оны iске асырудың негiзгi бағыттары . . .
:
: 3. 2
КIРIСПЕ. .: Аймақ бюджетiнiң шығыс бөлiгiне болжамы және оны бақылауды жетiлдiру . . .
:
:
КIРIСПЕ. .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
:
:
КIРIСПЕ. .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI.
:

КIРIСПЕ

Қазақстан Республикасының егемендi мемлекет болып қалыптасып, нарықтық экономиканың даму мен құрылу жолын қабылдауы оның әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы жаңа деңгейiн анықтайды. Ондағы басты орын мемлекеттiк бюджетке тиiстi.

Кез - келген елде мемлекеттік бюджет - жалпы мемлекеттік қаржылардың, сондай-ақ жалпы қаржы жүйесінің басты буыны болып табылады. Ол мемлекеттің басты кірістері мен шығыстарын біріктіреді. Бюджет арқылы барлық меншік нысандарының шаруашылық жүргізуші субъектілерінің қаражаттары және ішінара халықтың табысы жұмылдырылады.

Мемлекеттiк бюджет экономиканы реттеудiң ең маңызды құралы деген, артық айтқандық емес. Бюджет қандай құрылымның да болмасын iргетасы және халық дәулетiнiң қайнар көзi. Оны тиiмдi де, икемдi жұмсай бiлу көптеген қиын түйiндердi шешедi. Ол арқылы халық шаруашылығы, әлеуметтiк сақтандыру, бiлiм беру, денсаулық сақтау, ғылым, мәдениет, өнер, қорғаныс пен басқару шығындары қаржыландырылады.

Аталған мәселелердi шешуде елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың "Қазақстан-2030" Жолдауының негiзiнде ұстанған бағыты тура екендiгiне ешкiм де күмәнданбас. Онда Қазақстан 2030 жылға қарай "Азия барысына" айналуы мақсат етiлген. Ал, 19 наурыз 2004 жылғы кезектi жолдауы жүрiп өтiлген жолға баға болып, стратегиялық мақсаттарға жетуге деген аралық тапсырма болды. Онда Қазақстан өзiнiң нысаналы дамуын "Қазақстан-2030" ұзақ мерзiмдiк Стратегиясына толық сәйкес жалғастырып келетiндiгi айтылып, ендiгi жерде күн тәртiбiндегi мәселе әлемдiк қоғамдастықта Қазақстан экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгi туралы болып отырғандығы айтылды. Сондықтан бұл мiндеттердi шешу үшiн бiздiң экономикалық, әлеуметтiк салаларда еуропалық стандарттарға жету стратегиясын әзiрлеуге кiрiсуiмiз керек екендiгi айқын көрсетiлдi. /1/.

Жалпы экономикалық жағдай тұрақтану кезеңiнде болғанымен, қарама-қайшылықтары мол күрделi мәселелердiң азаймағандығы көзге түседi. Солардың iшiнде облыстық бюджеттi құрудағы жағдай.

Бюджеттердiң әр түрлi деңгейдегi қызметтерiн және оның қоғамның әлеуметтiк-экономикалық дамуындағы ролiн көптеген экономистердiң зерттеулерiнен көруге болады. Олар: А. М. Бирман, Д. П. Боголеров, Б. Г. Болдырев, Д. А. Аллахвердян, М. В. Васильева, В. П. Дьяченко, М. В. Романовский және басқалар.

Қазақстанда осы мәселенi зерттеуде төмендегi ғалымдар елеулi үлестерiн қосқан: А. Б. Зейнелғабдин, К. К. Ильясов, Т. С. Сәтбаев және басқалар.

Қазiр республикадағы саяси және экономикалық салалар мен әлеуметтiк қатынастардағы жүргiзiлiп жатқан қайта қалыптасулар бюджеттiк саланы реформалау, облыстық бюджеттiң қызметiндегi жаңа заңдылықтармен тенденциялардың пайда болуын қажет етiп отыр. Бұл, өз кезегiнде қарастырылып отырған мәселенi зерттеудегi, облыстық бюджеттiң экономикалық табиғатына, бюджет механизмi, заңдық-құқықтық негiзде жергiлiктi органдардың өзiн басқару, қазiргi замандағы облыстық деңгейдегi бюджет жүйесiнiң даму тенденциясына байланысты көптеген сұрақтарды шешудегi жаңа ыңғайлы талап етедi. Осының барлығы тақырыптың өзектiлiгiне және оны зерттеу мақсаттарына және зерттеу объектiлерiне негiзделiп отыр.

Сондықтан бұл дипломдық жұмысты жазудағы мақсат, осы Оңтүстiк Қазақстан облысы бюджетiн қарастыра отырып, бюджеттiң орындалмау себептерiн анықтау, оны экономикалық талдау, заңдық - құқықтық ұйымдастыруды қарастыру. Бюджеттiң қалыптасуы немесе кiрiс бөлiгi және орындалуы немесе шығыс бөлiгiне экономикалық тұрғыдан талдау жасау. Осы экономикалық талдау арқылы бюджеттi толықтырудағы мәселелер мен оның қаржысын мақсатты - тиiмдi түрде жұмсалуын анықтауға болады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНДАҒЫ БЮДЖЕТТIК

ҮРДІСТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ

ЖӘНЕ ӘДIСТЕМЕЛIК НЕГIЗДЕРI

1. 1. Бюджеттiк үрдістiң қалыптасуы және атқарылуының құқықтық - нормативтiк негiздерi

Бюджет жүйесi экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негiзделген жеке дербес бюджеттердiң жиынтығы болып табылады. Бюджет жүйесi елдiң артықшылығын айқындайтын, оның әлеуметтiк-экономикалық құрылымын және мемлекеттiк құрылысын көрсететiн өте күрделi механизм. Бұл жүйе мемлекеттi сипаттайтын әлеуметтiк - экономикалық, құқықтық және тағы да басқа ерекшелiктер негiзiнде құрылады.

Бюджет жүйесiнiң жұмыс iстеуi бюджеттердiң әр түрлi деңгейлерiнiң өзара байланысына негiзделген және оларды әзiрлеу, қарау, бекiту, атқару, бақылау тәртiбiмен, сондай-ақ республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етiледi.

Бюджет құрылысы - бұл бюджет жүйесiнiң құрылу себептерi, оның бөлiмдерiнiң ұйымдастыру формалары.

Бюджет жүйесiнiң құрамы елдiң ұлттық - мемлекеттiк құрылысымен анықталады. Мемлекеттiң федеративтi және унитарлы құрылыс болуы мүмкiн:

Федеративтi мемлекет құрылысында үш бөлiмдiк бюджет жүйесi қолданылады:

1. Орталық бюджет

(одақтық, федералды, республикалық) .

2. Федерация мүшелерiнiң бюджеттерi

(мемлекеттердiң, штаттардың, жерлердiң және т. б. ) .

3. Жергiлiктi бюджеттер.

Унитарлы мемлекет құрылысында екi бөлiмдiк бюджет жүйесi қолданылады:

1. Орталық бюджет.

2. Жергiлiктi бюджет.

Екi жағдайда да бюджеттердiң жекеленуi мен дербестiгiнiң әр түрлi дәрежесi болуы мүмкiн, бiрақ қағида бойынша әлеуметтiк-экономикалық үрдістердi басқарудың орталықтандыру деңгейiне байланысты жергiлiктi бюджеттер жөнiнде орталық бюджеттiң реттеушi ролi сақталады. /3/.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесiнiң құрамына кiретiндер:

1. Республикалық бюджет.

2. Жергiлiктi бюджет.

Республикалық бюджет - Қазақстан Республикасының заңымен бекiтiлген түiмдер мен бюджет тапшылығын қаржыландыру (профициттi пайдалану) есебiнен қалыптастыратын және өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясы мн заң актiлерi жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлейтiн республикалық бюджет бағдарламаларын қаржыландыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры. Ал республикалық бюджеттiк бағдарламалар - бұл жалпы мемлекеттiк маңызы бар бағдарламалар.

Сызба 1. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк бюджет жүйесi

Жергiлiктi бюджеттер - облыстық бюджеттер, арнаулы экономикалық аймақтардың қаржы қорлары (бюджеттерi), қалалардың (аудандық маңызы бар қалалардан басқа), қалалардағы аудандарды қоспағандағы аудандардың бюджеттерi.

Бюджет жүйесiнiң құрылыс негiзiне бiрлiк, дербестiк және баланстық принциптерi жатқызылған.

Сызба 2. Қазақстан Республикасындағы бюджет жүйесінің моделі.

- Бiрлiк принципi бiр құқықтық базамен, ақша жүйесiнiң тұтастығымен, бiр бюджеттiк жiктеу және құжаттаудың пайдалануымен, республиканың мемлекеттiк бюджетiнiң заңдар жинағын қарау үшiн керектi ақпараттарды бюджеттiң бiр деңгейiнен басқасына берумен қамтамасыз етiледi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi олардың iшiнара қайта бөлуiндегi табысты көздердi пайдалану арқылы, мақсатты және аймақтық бюджеттiк қорларды құру арқылы жүзеге асатын барлық деңгейдегi бюджеттер әрекеттестiгiне негiзделедi. Бюджет жүйесiнiң бiрлiгi, бiр әлеуметтiк-экономикалық, соның iшiнде салықтық саясат арқылы орындалады.

- Бюджеттердiң дербестiлiгi бюджет жүйесiнiң барлық бөлiмдерiнiң өзiне меншiктi және заңмен баянды етiлген табыстардың көздерiн қамтамасыз етедi және бюджеттiк құралдарды тиiстi билiк органының республика заңымен белгiленген өкiлдiктер шегiнде қарауы бойынша пайдалануға құқық бередi.

- Барлық деңгейдегi бюджеттердiң баланстылығы қаржылық саясаттың қажеттi шарты болып табылады. Тиiстi билiк және басқару органдарының заңмен реграментацияланған қызметi.

Бюджеттiк үрдіс - бюджеттердiң орындалуы және бекiтуi туралы есеп берулердi құрау, қарау, қабылдау, атқару, бақылау бойынша билiк және басқару органдарының заңмен регламентацияланған қызметi.

Бюджеттiк үрдістiң құрама белгiлi болып қаржылық ресурстарды түрлi деңгейдегi бюджеттер арасында iшiнара қайта бөлуi болып табылады.

Қазақстан Республикасының бюджеттiк үрдісi "Қазақстан Республикасында бюджеттiк жүйе туралы" Заңымен, "Республикалық бюджет туралы" Заңымен және республиканың басқа да заңдарымен, сонымен қатар атқарушы билiк органдарының шешiмдерiмен анықталады, функциялары болып табылады; қарау, бекiту және бюджеттердiң орындалуын бақылау-Парламенттiң және жергiлiктi мәслихаттардың функциялары. Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң құрау және орындау ережелерi қаржы министрлiгiмен белгiленедi.

Атқарушы билiк органдары тиiстi өкiлдiк органдарына бюджеттiк шығындардың статьялық белгiлеуi туралы ұсiнiс енгiзедi. Мемлекеттiк салық қызметi органдарының табыстарды анықтау бойынша есептерi бiр мезгiлде қалыптасады. Алдағы қаржылық жылға мемлекеттiк бюджеттiң жобасын өңдеу және жергiлiктi бюджеттердiң параметрлерiн анықтау үшiн мемлекет балансының нығантылған қаржылық жобасы пайдаланылады. Ол өзiне мемлекеттiк бюджеттi және бюджеттен тыс қорларды енгiзедi. Онда бюджеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын алдағы жылда iске асыру үшiн мемлекеттiң қаржылық ресурстары көрсетiледi және бюджет жүйесi мен экономиканың басқа секторлары көрсеткiштерiнiң өзара байланысы бейнеленедi. Бұл жұмысты қаржы министрлiгi жүргiзедi, содан соң республикалық бюджет туралы заңның жобасында түсiмдерiнiң барлық түрлерiнiң сомалары, реттеушi жалпы мемлекеттiк салықтардың қайта бөлу нормативтерi, сондай-ақ бюджеттiк жiктеуге сәйкес функционалды топтар бойынша шығындардың шектi мөлшерi дефицит көлемi және оны жабудың өздерiмен бiрге көрсетiледi. /4/.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет жобасын жасау үшiн, Қазақстан Республикасының Президентi бюджет комиссиясын құрады, ол Қазақстан Республикасының әлеуметтiк - экономикалық дамуының индикативтiк жоспарының өлшемдерi негiзiнде мынадай бюджеттiк көрсеткiштердi:

- республикалық бюджетке, облыстар мен Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiне түсетiн түсiмдердiң көлемiн, арнайы экономикалық аймақтардың қаржылық қорларын (бюджеттерiн) ;

- бюджеттiк бағдарламалардың функционалдық топтары мен әкiмшiлерi бойынша республикалық бюджеттiң шығыстары мен несиелендiрудiң лимиттерi;

- республикалық бюджет тапшылығының (профицитiнiң) мөлшерiн;

- облыстар бөлiгiндегi жергiлiктi атқарушы органдардың несие алу лимитiн қалыптастырады және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне жiбередi.

Республикалық бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi лимиттердiң шегiнде Қаржы министрлiгi бекiткен нысан бойынша өздерiнiң бюджеттiк бағдарламаларын Қаржы министрлiгiне жiбередi.

Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi түсiмдердiң, несие алу лимиттерiнiң және ерекше маңызды жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалар бойынша шығыстардың ең аз сомасын Қаржы министрлiгiмен келiсiлген көлемдерi негiзiнде жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi мен лимиттерiн анықтайды.

Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасы Үкiметi бекiткен бюджеттiк көрсеткiштерге сәйкес тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңның жобасын әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.

Тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң мыналарды:

-Кiрiстердiң, алынған ресми трансферттердiң, республикалық бюджеттен бұрын берiлген кредит бойынша негiзгi борышты өтеудiң, шығыстардың, несие берудiң және бюджет тапшылығының көлемдерiн;

-Айлық жалақының, зейнетақы мен айлық есептiк көрсеткiштiң ең төмен мөлшерiн:

-Қазақстан Республикасы Үкiмет резервтерiнiң мөлшерiн;

-Жергiлiктi атқарушы органдарға тиiстi қаржы жылына арналған несие берудiң лимитiн;

-Бұрын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен алынған қарыздарды өтеудiң және соған қызмет көрсетудiң сомаларын;

-Үкiметтiк борыштың лимитiн;

-Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған жиынтық несие алу лимитiн;

-Жергiлiктi атқарушы органдардың тиiстi қаржы жылына арналған борышының жиынтық лимитiн;

-Қазақстан Республикасының тиiстi қаржы жылына арналған Үкiметтiк кепiлдiктерiн беру лимитiн;

-Республикалық бюджеттiк бағдарламалардың функционалдық топтары, әкiмшiлерi бойынша және iшкi бағдарламалары бойынша шектi шығыстардың тiзбесiн;

-Шығыстардың ең аз сомасын анықтай отырып, облыстар мен Астана және Алматы қалалары бөлiгiнде жергiлiктi бюджеттерде қаржыландырылатын ерекше маңызды бюджеттiк бағдарламаларды қамтуы тиiс.

Тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның жобасын Қазақстан Республикасының Үкiметi жоспарланып отырған жылдың қыркүйектiң 15-iнен кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Парламентiне табыс етедi.

Республикалық бюджеттi бекiту және оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу олар алдымен мәжiлiсте, одан кйеiн Сенатта қаралған соң Палаталардың бiрлескен отырысында жасалады.

Талқылау: қаралып отырған мәселе бойынша қорытындыны қоса, Қазақстан Республикасының әлеуметтiк-экономикалық дамуының индикативтiк жоспары бойынша Үкiмет уәкiлдiк берген тұлғаның, қаржы министрiнiң, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi төрағасының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламентi Палаталары уәкiлдiк берген тұлғалардың баяндамаларын қамтиды.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасы Парламентi палаталарының бiрлескен отырысында кемiнде екi оқылымда және ағымдағы жылдың 15 желтоқсанынан кешiктiрмей республикалық бюджеттiк бағдарламалар деңгейiнде бекiтiледi.

Алдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджеттi талқылау барысында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасының Парламентiне кiшi бағдарламалар деңгейiнде қаражаттың бағытталуы есебiн тапсырады.

Қазақстан Республикасының Парламентi 15 желтоқсанға дейiнгi мерзiмде кезектi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңды қабылдамаған жағдайда, Қазақстан Республикасының Президентi, "Алдағы қаржы жылының 1-тоқсанына арналған республикалық қаржылық жоспар туралы" Жарлық шығаруға құқылы, ол республикалық бюджеттi Парламент бекiткенге дейiн қолданылады.

Қаржылық жоспардың атқарылуы осы Заңда белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.

Республикалық бюджеттi оны атқару барысында нақтылау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң ұсыныстары немесе басқа да заң шығарушылық бастамалар негiзiнде заң актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.

Жергiлiктi бюджеттердi жасау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен бюджеттiк сыныптамаға сәйкес бюджеттiк жоспарлаудың бiрлiгi негiзiнде жүзеге асырылады.

Жергілікті бюджеттердің құрылуының қазіргі механизмі Қазақстан Республикасының Конституциясымен, арнайы бюджеттік және салықтық заңнамалардың нормативтік актілерімен, бюджет аясындағы мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару арасындағы өкілеттіліктер мен жауапкершіліктерді бөлуді анықтайтын басқа да заңдармен қамтамасыз етіледі. Жергілікті бюджеттердің табыстары мен шығыстарын қалыптастыру қағидалары жалпы бюджет жүйесін құру қағидаларына негізделген.

Жергілікті атқарушы органдарға жүктелген міндеттерге сәйкес жергілікті бюджеттер арқылы жергілікті бағдарламалар, сонымен қатар онымен байланысты басқа да бағдарламалардың қаржыландырылуы жүзеге асырылады. Олардың қатарына келесілерді жатқызуға болады: қоғакмдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі жергілікті мемлекеттік басқару органдарын ұстау ; білім беру мен денсаулық сақтауды; халықтың жекелеген санаттарын әлеуметтік қамсыздандыруды және заңды түрде бекітілген жеңілдіктердіжүзеге асыруды; тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, сумен қамтамасыз ету және инженерлік инфрақұрылымды; мәдениетті, спортты, туризмді және басқа да бағдарламаларды қамтамасыз ету.

Әр жыл сайын заңды түрде Қазақстанның республикалық бюджеті бекітіледі. Осы бюджет арқылы республика аумақтарында бюджеттік үрдіс және бюджеттік реттеу жүзеге асырылады. Жергілікті бюджеттер республикалық бюджет бектілгеннен кейін, субвенциялар мен бюджеттік алып алулардың шамасы белгілі болғаннан соң барып бекітіледі.

Жергілікті бюджеттің кіріс көзін жергілікті салықтар, алымдар мен айып пұлдар, мемлекеттік салықтан, ұзақ мерзімге белгіленген, заңды нормаға сай, бөлінетін қаржылар, мемлекеттік басқару органдарының жергілікті өзін--өзі басқару органдарына берген жеке мемлекеттік өкілдіктерден түскен қаржы, муниципалитет мүлкін жалға бергеннен түскен ақы, жергілікті заемдар мен лотереялар, дотациялар, сувенциялар, трансферттік төлемдер және ЖӨӨБ органдарының шешімі мен заңға сәйкес басқа да түсімдер, сонымен қатар, ЖӨӨБ органдарының қызметі нәтижесінде түсетін басқа да қаржылардан тұрады.

Қазіргі кезде Қазақстанда жергілікті органдардың өз деңгейінде салық салу бойынша өкілеттіліктері жоқ және бюджет табыстарына әсер етуі шектеулі, демек, олар жергілікті салықтардың көмегімен қарыздар бойынша төлемдерін өтеуге «қауқарсыз».

Жергілікті бюджеттерге жергілікті үстемелерді енгізу, салықтық қойылымдарды өзгерту жолымен бюджеттердің табыс бөлімін құруға нақты мүмкіндіктер беру жергілікті бюджеттердің дербестігіне ықпал етеді.

Аймақтық экономиканың қазіргі кездегі негізгі қайшылықтарының бірі әлеуметтік- экономикалық аядағы жергілікті басқару органдарына жүктелген міндеттердің өсуі мен оларды жүзеге асырудың қаржылық мүмкіндіктері арасындағы айырмашылықтардың артуы болып отыр.

Аумақтық бірліктердің жергілікті бюджетінің табыс бөлігіндегі салықтық түсімдердің үлес салмағы да бір- бірінен айтарлықтай ерекшеленеді (Қосымша А. )

Жергiлiктi өкілдi және атқарушы органдар тиiстi жергiлiктi бюджеттердiң теңдестiгi үшiн жауап бередi.

Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары:

-1 қыркүйекке дейiнгi мерзiмде Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiлген негiзде түсетiн түсiмдердiң көлемдерiн және несие алудың лимиттерiн, жергiлiктi бюджеттердiң жобаларын қарастырады;

-облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң және арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларының (бюджеттерiнiң) болжамын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне табыс етедi.

Мәслихаттың тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджет туралы шешiмiнде:

-кiрiстердiң, алынған ресми трансферттердiң, жергiлiктi бюджеттерден бұрын берiлген негiзгi борышты өтеудiң, шығыстардың, несиелендiрудiң және бюджет тапшылығының (профицитiнiң) көлемi;

-облыстық бюджеттен төмен тұрған бюджеттердiң теңдестiрiлуiн қамтамасыз ету үшiн кiрiстердi бөлу нормативтерi;

-жергiлiктi атқарушы органдар резервтерiнiң мөлшерi;

-жергiлiктi атқарушы орган борышының лимитi;

-қоршаған ортаны қорғаудың жергiлiктi мемлекеттiк қорының мөлшерi;

-арнайы экономикалық аймақты дамытуға арналған шығыстар көлемi;

-жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың функционалдық топтары, әкiмшiліктерi бойынша және кiшi бағдарламалар бойынша шектi шығыстардың тiзбесi;

-тиiстi қаржы жылына арналған жергiлiктi бюджеттi атқару үрдісiне секвестрлеуге жатпайтын жергiлiктi бюджеттiк бағдарламалардың тiзбесi қамтылуға тиiс.

Осы заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың және жергiлiктi атқарушы органдардың төменгi бюджеттердiң қалыптастырылуы мен атқарылуы үрдісiне араласуына жол берiлмейдi.

Жергiлiктi атқарушы органдардың үшiншi тұлғалар үшін кепiлдiк беруiне, сенiм бiлдiруiне, өзiне мiндеттемелер қабылдауына тыйым салынады.

Облыстар мен Астана және Алматы қалаларының әкiмдерi тиiстi қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заң күшiне енгеннен кейiн екi апта мерзiмнен кешiктiрмей, бюджеттiң бұрын жасалған болжамды көлемiн нақтылайды және облыстық бюджеттiң, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң, арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорларының (бюджеттерiнiң) жобасын тиiстi мәслихаттың қарауына бередi, ол екi апта iшiнде мұны бекiту жөнiнде шешiм қабылдайды.

Аудандардың (қалалардың) әкiмдерi облыстық бюджет бекiтiлгеннен кейiн 1-тоқсан бюджетiнiң атқарылуы тиiстi қаржы жылына арналған жылдық бюджет жобасының 1/4 бөлiгi мөлшерiнде жүзеге асырылады.

Республикалық бюджеттiң атқарылуын Қазақстан Республикасының Үкiметi қамтамасыз етедi.

Мемлекеттiк мекемелер Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Қазынашылығы берген рұқсат негiзiнде шығыстарды бюджеттiк мақсаттарға сәйкес жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң бөлiнген қаражаттар мақсатсыз пайдаланылған жағдайда бюджеттiк қаражаттарды белмеуге, қайтып алуға және оларға тыйым салуға құқығы бар.

Барлық мемлекеттiк мекемелер:

-тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк заңдарда белгiленген бюджеттiк мақсаттардың сомаларынан артық қаржылық мiндеттемелердi өздерiне алуға құқығы жоқ;

-республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептi дайындауға қажеттi ақпаратты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне және Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне белгiленген мерзiмде беруге мiндеттi.

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бюджеттiң атқарылуы барысында бағдарламаларды iске асыратын мемлекеттiк органдардың тiзбесiне, ағымдағы қаржы жылына арналған Республикалық бюджет туралы заңда бекiтiлген бағдарламалр бойынша сомалардың шегiнде мемлекеттiк мекемелердiң құрылымы мен мiндеттерiн жетiлдiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыруға байланысты өзгерiстер енгiзуге және республикалық бюджеттiң тапшылығын жабу көздерiн өзгертуге құқығы бар.

Жергiлiктi бюджеттердiң есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекемелердi республикалық бюджеттен ұстауға жол берiлмейдi.

Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi әкiмшiлiк территориялық бiрлiктердiң бюджетiнiң орындалуын ұйымдастырады, барлық бюджет бойынша қарастырылған табыстардың түсуiн, бюджеттiк құралдарының тиiмдi және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз етедi.

Жергiлiктi бюджеттi қорындалуы облыстық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының жазылған тiзiмi бойынша тоқсандық топтастырудың негiзнде қала және аудан бюджеттерiмен жүзеге асырылады. Жергiлiктi қаржылық органдар қаржыландыруды тоқтатуға немесе бөлiнген бюджеттiк құралдарды олардың мақсатсыз және тиiмсiз пайдалануы жағдайында қайтарып алуға құқы бар.

Бюджеттiң орындалуы туралы есеп беру, яғни республикалық бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстары бойынша айлық, тоқсандық және жылдық есеп беруiн жасау, Қазақстан Республикасының Қаржы қамтамасыз етедi.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Жергілікті өзін-өзі басқару және оны жетілдіру жолдары»
Қаржы және бюджет комитеті
Мемлекеттің ақша несие саясаты. ҚР бюджет-салық саясаты
Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі
Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік қолдау жүйесі
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі жайлы
Қазақстан Республикасындағы бюждет жүйесінің қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту тұжырымдамасы
Халықты әлеуметтік қорғау жүйесі туралы
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі және оны жетілдіру жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz