Бюджет жүйесінің құрылымы


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 1. ЖАЛПЫ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ
:
КІРІСПЕ: 1. 1. Бюджет жүйесінің мәні мен мазмұны
:
КІРІСПЕ: 1. 2. Бюджет жүйесінің құрылымы
:
КІРІСПЕ: 1. 3. Бюджетті жоспарлау мен болжаудың механизмі
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 2. ҚАЗАҚСТАН РЕПУБЛИКАСЫНЫҢ 2004-2005 ЖЫЛДАРДАҒЫ БЮДЖЕТІНІҢ ОРЫНДАЛУЫНА ТАЛДАУ ЖӘНЕ 2006-шы ЖЫЛҒА БЮДЖЕТТІК БОЛЖАМЫ
:
КІРІСПЕ: 2. 1. Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдардағы бюджетінің орындалуына талдау
:
КІРІСПЕ: 2. 2. Қазақстан Республикасының 2006-шы жылға бюджеттік болжамы.
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: 3. НАРЫҚ ЭКОНОМИКАСЫНДА БЮДЖЕТТІ ЖОСПАРЛАУ МЕН БОЛЖАУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ.
:
КІРІСПЕ: 3. 1. Бюджетті жоспарлау мен болжаудың негізгі проблемалары
:
КІРІСПЕ: 3. 2. Бюджетті жоспарлау мен болжауды жетілдірудің жолдары
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
:
КІРІСПЕ:
:
КІРІСПЕ: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
:
КІРІСПЕ:
:

КІРІСПЕ.

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда көптеген дамыған мемлекеттерде бюджет жүйесі ең маңызды мәселе. Бюджет жүйесінің экономикада алатын орны, өндірістік қатынасқа әсері негізгі, өзекті, мәселелердің бірі болып табылады. Кез-келген елдің мемлекеттік бюджетінің қаржылық көрсеткіштеріне қарап, сол мемлекеттің экономикалық, қаржылық жағдайын байқауға болады. Бюджет жүйесі - бұл қаржы жүйесінің маңызды бір бөлігі.

Бюджет - бұл жалпы категория. Қаржыға қатысты жеке экономикалық категория. Ол қаржыдан, тек қаржылық байланыстардың көрінісінің әртүрлі дәрежесімен ерекшеленеді. Осы мемлекеттік бюджет арқылы мемлекеттің әртүрлі салалары қаржымен қамтамассыз етіліп отырады. Мемлекеттік бюджеттің қызмет етуіне кедергі болатын негізгі проблема - бұл инфляция дейтін тажал. Яғни ұлттық валютаның құнының төмендеуі бюджеттік шығыстардың көбеюіне әкеліп соғады.

Қазақстан Республикасының бюджетін толықтырып отыру мемлекетіміздің салық саясатымен тығыз байланысты. Яғни бюджетке түсетін түсімдерді құраушы көздер - бұл салық және басқа да бюджетке төленетін міндетті төлемдер. Соның ішінде, яғни салық түсімдерінің жоғарғы пайызын көрсететін бұл қосылған құн салығы және корпоративтік табыс салығы. Бұл тек қана Қазақстан Республикасында ғана емес, сонымен қатар, көптеген дамыған мемлекеттерде де осылай. Жалпы айтсақ, экономика мен мемлекеттік бюджет екеуі тығыз байланысты. Екеуі де маңызды. Мемлекеттің экономикасын бюджет жүйесінсіз басқару - бұл менің ойымша бір қолмен шапалақтағанмен тең.

Менің диплом жұмысым үш тарау, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және тағы да басқа қосымша беттерден тұрады.

Диплом жұмысымның мақсаты бюджет жүйесінің қаржылық көрсеткіштеріне сүйене отырып, нарықтық жағдайларда олардың оңтайлы шешімін қалыптастыру және орналастыру мәселелерін зерттеу болып табылады.

1-тарауда мен жалпы бюджет жүйесінің мәнін ашуға тырыстым, “жүйе” деп аталғандықтан оның әрине бірнеше құрылымы болады, осы құрылымдарына да жеке-жеке түсінік беріп өттім. Яғни оларды атап айтатын болсақ, олар - мемлекеттік бюджет, жергілікті бюджет және арнайы аймақтардың бюджеті. Сонымен қатар, осы құрылымдардың экономикада атқаратын қызметіне тоқталдым. Мысалы, мемлекеттік бюджеттің қаржысы көбіне республикалық маңызы бар мәселелерді шешуге жұмсалады, мәселен, жалпымемлекеттік маңызды салаларға қаржы бөлу, соның ішінде әлеуметтік сала, құрылыс, жалпымемлекеттік қызмет көрсету және т. б. Әлеуметтік салаға жұмылдырылған қаржы әрине халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін, ал құрылыс - бұл экономикалық дамудың негізгі локомотиві.

2-тарау аналитикалық тарау болғандықтан мен Қазақстан Республикасының 2004-2005 жылдардағы республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуына талдау жасап өттім, яғни 2004 жылға республикалық және жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарын, оның кірістерінің қандай қызметтерден келіп түскенін және осы түсімдердің маңызды бөліктерін қай қызмет құрайтынын қарастырдым. Бұл талдау бойынша менің түйіндегенім бюджеттік түсімдердің маңызды бөлігін құрайтын бұл - салық. Яғни соның ішінде корпоративтік табыс салығы мен қосылған құн салығы. Сонымен қатар, мен 2005 жылғы республикалық бюджеттің шығыстарының маңызды бөлігін - әлеуметтік сала, жалпымемлекеттік қызмет көрсету және қорғаныс, ал жергілікті бюджет шығыстарының елеулі бөлігін ресми трансферттер, өндірістік сала және әлеуметтік сала құрайтынын көрсетіп өттім және де осы 2005 жылғы республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуын 2004 жылмен салыстыра отырып тапшылығымен немесе артықшылығымен орындалғанын көрсеттім. Содан соң осы 2005 жылдағы Қазақстан Республикасының инвестициялық саясатына тоқталдым. Яғни републикалық бюджеттің еліміздің барлық облыстарына жұмылдырылған инвестиция көлемін қарастырдым. Бұл жөнінде түйіндегенім инвестициялар Республикамыздың негізгі капиталдарына жұмсалғандықтан инвестицияның маңызды бөлігі Атырау облысына жұмылдырылғанын көрсетіп өттім. Өйткені бүгінгі күні Қазақстан шикізат өндіруші мемлекет болғандықтан негізгі байлығымыз бұл - мұнай. Сонымен қатар осы 2005 жылдың негізгі капиталға салынған инвестициялардың көрсеткіштерін 2004 жылдың көрсеткіштерімен салыстырып талдау жасадым.

3-тарауда мен ең алдымен Қазақстан Республикасының бүгінгі таңдағы бюджетті жоспарлау мен болжаудағы негізгі проблемаларына тоқталдым. Және осы проблемаларды шешу арқылы жаңа жетістіктерге қол жеткізуді қарастырдам. Яғни Қазақстан Республикасында бюджетті жоспарлау мен болжаудың жетілдіру жолдарына шолу жасап өттім.

Жұмыстың ақпараттық негізі ретінде Қазақстан Республикасының ресми нормативтік құқықтық және заңнамалық актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің қаулылары, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің жылдық басылымдары қолданылды.

1. ЖАЛПЫ БЮДЖЕТ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК, ОНЫҢ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСІНДЕГІ АЛАТЫН ОРНЫ.

1. 1. Бюджет жүйесінің мәні мен мазмұны.

Бюджет жүйесі дегеніміз - мемлекеттің заңды ұйымдармен, азаматтармен және аймақтрмен бюджеттерді орталықтандырылған ақшалай қорды құру және пайдалану, оларды жасау және іске асыру әдістері мен тәсілдерінің қаржылық қатынастарының жиынтығы. Сонымен бірге осы қатынастарды басқару органдарының жиынтығын айтамыз.

Бюджет жүйесінің негізі болып мына аталған қаржылық қатынастар есептелінеді:

  1. Орталықтандырылған ақшалай қорды құру және шығындарды бюджеттен қаржыландыру процесіндегі мемлекетт пен кісіпорын арасындағы қатынас;
  2. Бюджеттік қаржыландырудағы өндірістік емес саладағы ұйымдар, мекемелер мен мемлекет арасындағы қатынас;
  3. Мемлекет пен халық арасындағы бюджет табыстарын құру және әртүрлі өтемдерді төлеу, және жағдайы төмен азаматтарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қатынас;
  4. Қаржылық банк жүйелері институттары арасындағы (Қаржы министрлігі, Ұлттық банк, Тұранәлембанк және т. б. ) қатынас;
  5. Мемлекеттің шет елдермен орталықтандырылған ақшалай қорлар құру процесіндегі қатынастар және т. б.

Қаржылық қатынастардың осы түрлерінің бәрі мемлекет дайындаған принциптері мен құқықтық нормалары негізінде басқарылып реттеледі және жақсартылады.

Бюджет жүйесі экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді. Әртүрлі елдердің бюджет жүйелері өзінің құрылымы, бюджеттердің жекелеген түрлерінің саны жағынан түрліше болып келеді, өйткені олардың аумақтық құрылысы мен аумақтық бөлінісіне байланысты болады.

Бюджет жүйесінің құрамы елдің ұлттық-мемлекеттік құрылымымен анықталады. Мемлекеттің федеративтік және унитарлық құрылымы болуы мүмкін.

Федеративтік мемлекеттерде бюджет жүйесі үш буыннан тұрады:

- мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті;

- федерация мүшелерінің бюджеттері (АҚШ-та - штаттардың, ГФР-да - жерлердің, Канадада - провинциялардың, Ресейде - федерация субъектілерінің бюджеттері) ;

- жергілікті бюджеттер.

Унитарлық мемлекеттерде екі буынды бюджет жүйесі қолданылады: орталық (республикалық) бюджет және толып жатқан жергілікті бюджеттер. Екі жағдайда да бюджеттердің оқшаулану мен дербестігінің түрлі дәрежесі болуы мүмкін, бірақ, әдеттегідей, әлеуметтік-экономикалық процестерді басқаруды орталықтандыру деңгейіне байланысты төменгі бюджеттерге қатынасы бойынша белгілі бір реттеуші рөл орталық бюджетте сақталады.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі бюджет құрылымының унитарлық типімен анықталады, өйткені Қазақстан - федералдық емес, басқарудың Президенттік нысаны және сайланатын Парламенті бар унитарлық мемлекет.

Бюджет жүйесі мемлекеттің қаржы жүйесінің құрамдас бөлігі ретінде мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін шешуде маңызды рөл атқарады. Сондықтан бюджет жүйесінің салық жүйесімен және қаржы жүйесінің басқа да компоненттерімен өзара байланыста қызмет етуі механизмін теориялық және практикалық жағынан зерттеп білу нарық жағдайында көкейкесті проблемаға айналады. Елімізде бюджет жүйесін реформалау және жаңа бюджет жүйесін құру 1993 жылдан басталды. Бір айта кетерлігі, әзірге бюджет жүйесін құру мен жетілдіру салық жүйесін және қаржы жүйесінің басқа да элементтерін реформалаудан артта қалып келеді. Мұның өзі белгілі бір дәрежеде республикадағы біртұтас қаржы жүйесінің қызмет етуі механизміндегі жүйелікті бұзады.

Мемлекеттік органдардың өздерінің функцияларын орындауы үшін басқарудың барлық деңгейлерінде тиісті қаржы базасы болуы тиіс. Осы мақсатпен әр елде аймақтардың шаруашылығын, әлеуметтік сферасын, әрбір әкімшілік-аумақтық бірліктерді абаттандыруды, заң шығарушы билікті, басқару аппаратын ұстауды және басқа шараларды қаржыландыру үшін олардың ақша ресурстарын жұмылдыруды қамтамассыз ететін бюджеттер тармақтарының желісі құрылады. Бюджеттердің жекелеген түрлерінің кірістері мен шығыстарын қалыптастыру, оларды теңдестіру процесінде заңмен реттеліп отыратын белгілі бір қаржылық өзара қарым-қатынастар пайда болады. Осы элементтердің барлығы - бюджет жүйесін ұйымдастыру мен құрудың қағйдаттары, оның буындарының өзара қатынастары мен байланысының ұйымдық нысандары, бюджет құқықтарының жйынтығы - бюджет құрылысын құрайды.

Дүние жүзінің әртүрлі елдерінде бюджет құрылысы мемлекеттің құрылысына, аумақтық-әкімшілік бөлінісіне, экономиканың даму деңгейіне және нақтылы мемлекеттің басқа айрықша белгілеріне байланысты өзгешеліктермен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасында жиынтығында мемлекеттік бюджетті құрайтын бекітілетін, атқарылатын және дербес болып табылатын мынадай бюджеттер жұмыс істейді (1-ші суретті қараңыз) :

- республикалық бюджет;

- облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті;

- аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Сурет 1 - Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі.

Қазақстанда төтенше немесе соғыс жағдайында төтенше мемлекеттік бюджеттің әзірленуі, бекітілуі және атқарылуы мүмкін.

Бюджет кодексіне сәйкес, мемлекеттік бюджет араларындағы өзара өтелетін операцияларды есепке алмағанда, республикалық және жергілікті бюджеттерді біріктіретін, талдамалық ақпарат ретінде пайдаланылатын және бекітуге жатпайтын жиынтық бюджет.

Мемлекеттік (республикалық) және жергілікті (муниципалдық) бюджеттер кез-келген басқа мемлекеттердегідей Қазақстан Республикасы қаржы жүйесінің орталық буыны болып табылады. Бюджет - мемлекеттің қажетті атрибуты және оның егемендігінің негізі. Бюджеттің көмегімен тиісті мемлекеттік және муниципалдық құрылымдарының ақша қорлары құрылады, бұл қорлар олардың жалпы маңызды міндеттерін орындауды қамтамассыз етеді, мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының функцияларын жүзеге асырудың қаржылық негізін жасайды. Бюджеттерде мемлекеттің қаржы ресурстарының аса ірі бөлігі шоғырландырылады. Бюджетте қаржы ресурстарын шоғырландыру мемлекеттің қаржы саясатын ойдағыдай жүзеге асыру үшін қажет.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік бюджетінің басты бөлігі республикалық бюджетте шоғырланған.

Республикалық бюджет - бұл салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және орталық мемлекеттік органдардың, оларға ведмостволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамассыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы республикалық бағыттарын жүзеге асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры.

Жергілікті бюджет (әкімшілік-аймақтық бірліктердің бюджеттері) - облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті, аудандардың (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті.

Бюджет кодексімен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың оларға ведмостволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамассыз етуге және тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры облыс бюджеті, республикалық маңызы бар қала астана бюджеті болып табылады.

Бюджет заңнамасымен айқындалған салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті мемлекеттік органдарының, оларға ведмостволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамассыз етуге және тиісті аудандағы (облыстық маңызы бар қаладағы) мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры (облыстық маңызы бар қала) бюджеті болып табылады.

Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет Қазақстан Республикасының заңымен жергілікті бюджеттер маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі.

Төтенше мемлекеттік бюджетті бюджеттік жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді және ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітіледі.

Қазақстан Республикасының бүкіл аймағында төтенше немесе соғыс жағдайын енгізу және оның күшін жою туралы Президенттің Жарлығы төтенше мемлекеттік бюджетті енгізуге және оның қолданылуын тоқтатуға негіз болып табылады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қабылданғаны туралы Қазақстан Республикасының Парламенті дереу хабардар етеді. Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылу уақытына тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңның және тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы маслихаттар шешімдерінің қолданылуы тоқтатыла тұрады. Төтенше мемлекеттік бюджет төтенше немесе соғыс жағдайы енгізілген мерзім ішінде қолданыста болады.

Төтенше мемлекеттік бюджеттің қолданылуы тоқтатылғаннан бастап республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы тиісті қаржы жылына арналған барлық деңгейлердің жергілікті бюджеттері туралы маслихаттардың шешімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының жекелеген жерлерінде төтенше жағдай енгізілген ретте төтенше мемлекеттік бюджет енгізілмейді.

Қазақстан Республикасының бірнеше аймақтарының аумақтарында бір мезгілде төтенше жағдай енгізуге төтенше жағдайдың зардабы ұлттық мүдделерге және республиканың экономикалық қауіпсіздігіне нақты қатер төндіруі мүмкін болатын ретте ғана төтенше мемлекеттік бюджет енгізуге негіз бола алады.

Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің өзара байланысына негізделеді және оларды жоспарлау, әзірлеу, қарау, бекіту, атқару, бақылау тәртібімен, сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуы туралы есеппен қамтамассыз етіледі.

Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі мемлекеттік бюджет жүйесіне кіретін барлық бюджеттердің бірлігі, дербестігі, толықтығы, реалистігі, дәйектілігі, жариялылығы және тағы басқа қағидаттарына негізделеді.

Бюджеттің бірлігі қағидаты - бюджет жүйесін ұйымдық-экономикалық орталықтандырудың дәрежесін білдіреді. Қазіргі кезде биліктің жергілікті органдарының дербестік алуымен және оларға қаржы ресурстарын иелену жөніндегі құқықтардың берілуімен байланысты бұл қағидат біршама әлсіреді. Бюджет жүйесінің бірлігі бірыңғай қаржы саясатын қамтамассыз етуге бағытталған және ең алдымен Қазақстан Республикасы егеменді мемлекетінің жалпы экономикалық және саяси негізін тірек етеді. Ол реттеуші кіріс көздерін пайдалану арқылы барлық деңгейдегі бюджеттердің өзара іс-қимылына, төменгі деңгей бюджеттерінің теңгерімділігі үшін оларды қаржылық қолдауға, сондай-ақ ішінара қайта бөлудің мақсатты және аумақтық бюджет қорларын жасауға да негізделген.

Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджет заңнамасын қолданумен, соның ішінде Үкімет бекіткен бірыңғай бюджеттік сыныптамасын, бюджет процесін жүзеге асырудың бюджет рәсімдерін пайдаланумен қамтамассыз етіледі. Бюджет жүйесінің бірлігі салық саясатын қоса бірыңғай әлеуметтік-экономикалық саясат арқылы іске асырылады.

Алайда бюджеттердің бірлігі бюджет жүйесін құрудың маңызды қағидаты болып отырған оның жеке буындарының дербестігін жоққа шығармайды. Бюджеттердің дербестігі қағидаты түрлі деңгейдегі бюджеттердің арасындағы түсімдерді тұрақты бөлуді белгілейді және оларды жұмсаудың бағыттарын анықтайды.

Биліктің әрбір органы өз бюджетін жасайды, бекітеді және оны атқарады. Бюджеттердің жеке түрлерінің арасындағы кіріс көздері мен шығыстарды бөлуді шектейтін айқын құқықтар белгіленген. Жергілікті бюджеттердің атқарылуы барысында қосымша алым-кірістерді, жергілікті бюджеттер қаражаттарының бос қалдықтарын жоғарғы бюджетке алып қоюға, тиісті өтемсіз жергілікті бюджеттерге қасымша шығыстарды жүктеуге жол берілмейді. Сонымен бірге бюджеттердің барлық түрлерінің шығыстары осы аумақтың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен және биліктің тиісті органдарының нақты функцияларымен, құзырымен анықталады. Бюджет қаражаттарын пайдалана отырып, өзара талаптарды есепке сияқты бюджет қаражаттары бойынша талаптардан да шегінуге жол берілмейді.

Бюджеттің толықтығы бюджетке үкіметтің барлық қаржы операцияларының, оның жинайтын барлық түсімдерінің және жасайтын шығыстарының, Қазақстан Республикасының салық және бюджет заңнамаларында белгіленетін барлық түсімдердің толық тізбесінің бюджеттерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорында міндетті және толық көрсетілуімен қамтамассыз етіледі. Сөйтіп, ол мемлекеттік билік пен басқару органдарының барлық кірістері мен шығыстарын бюджетке жинақтап, жұмылдырудың объективтік қажеттігін қамтып көрсетеді. Осыған байланысты барлық ақша түсімдерін, сондай-ақ бюджет шығыстарының көлемі мен нақтылы бағыттарын айқындау қажет.

Бюджет іске асатындай болуы тиіс, нақты экономикалық және саяси ахуалды, өндірістің даму тенденциясын, жалпы мемлекеттік қажеттілікті есепке алу қажет. Дүние жүзілік практикада бұл қағидат қазіргі кезде оны дәл қолдану бюджетке кірістерінің дербес көздері бар автономды түрде бөліп көрсетуге болатын аса көп шығыстарды жүктейтіндіктен орынды деп есептелмейді. Қазақстанда мемлекеттік қаражаттарды қалыптастырудың орталықтандырылған әдісі қабылданған, сондықтан 1998 жылдан бастап мемлекеттік бюджетке бюджеттен тыс қорлардың - зейнетақы, әлеуметтік сақтандыру және тағы басқа қорлардың қаражаттары енгізілген.

Реалистік қағидаты - параметрлердің экономиканың ағымдағы жай-күйінің көрсеткіштеріне, сондай-ақ Қазақстанның және аймақтардың параметрлеріне және әлеуметтік-экономикалық дамуының бағыттарына сәйкестігі. Бюджеттің реалистігіне ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары туралы Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауына сәйкес оларды Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының индикативтік жоспарының, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Сондықтан оның көрсеткіштері көп нұсқалық есеп-қисаптармен негізделуі тиіс, бюджеттердің атқарылуына, ведмостволардың өткен кезеңдегі қаржы жоспарларына жасалған терең талдаудың нәтижесі, болжамдық бағалау есепке алынуы қажет. Дүниежүзілік практика бюджет ресурстарының қозғалысын ағымдағы жылға, анағұрлым ұзақ мерзімге үлгілеуді, сондай-ақ оларды нақтылы жағдайлардың өзгеруіне байланысты қаржы жылы ішінде түзетуді пайдаланады. Реалистік қағидатына ең алдымен жеке қаржы жоспарын, сметаларды және жалпы тиісті деңгейдің бюджет жобасын жасау процесінде қол жетеді.

Реалистік қағидаты бюджет тізімдемесін бұрмалауды болдырмау және бұзылуын жою үшін қажет. Ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының шынайы көрсетілуін, бекітілген сомалардың бюджеттік арналымдардың атқарылуына сәйкестігін алдын-ала қарастырады. Нақтылы дамудың болжамдары мен бағдарламаларының көрсеткіштеріне негізделетін және бюджеттік резервтердің болуымен нығайтылған кірістердің барлық көздері мен шығыстар бағыттарының есеп-қисаптарының негізділігімен анықталады.

Транспоренттілік қағидаты - бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептемелерді, мемлекеттің фискалдық саясатына қатысты басқа ақпаратты міндетті түрде жариялау, бюджет процесінің ашықтығы, мемлекеттік қаржылық бақылауды жүргізу.

Дәйектілік қағидаты - бұл мемлекеттік басқару органдарының бюджет қатынастары сферасында бұрын қабылдаған шешімдерінің сақталуы.

Тиімділік пен нәтижелілік қағидаты - бұл бюджеттік бағдарламалардың паспорты қарастырған нәтижеге жету үшін қажетті бюджет қаражаттарының оңтайлы көлемін пайдалана отырып белгілі бір нәтижелерге жетудің қажеттігіне қарай бюджеттерді әзірлеу және атқару.

Басымдық қағидаты - бюджеттік процесті республиканың немесе аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуының басты бағыттарына сәйкес жүзеге асыру.

Жауапкершілік қағидаты - бюджеттік процеске қатысушыларды бюджет заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тарту.

Бюджеттердің жариялылығы қағидаты бекітілген бюджеттер мен алдағы қаржы жылына арналған бюджет туралы есептердің жариялануы арқылы қамтамассыз етіледі.

Бюджет кірістерінің қалыптасуы (ең алдымен салықтар, алымдар арқылы) бюджет ресурстарының бағытталуы сияқты шаруашылық жүргізуші субъектілердің және қоғамның барлық мүшелерінің мүдделерін шалады. Сондықтан олар бюджеттің мазмұны, оны қалыптастырудың көздері, салық төлемдерін алудың тәртібі, сондай-ақ бюджет қаражаттарының бағыттары туралы хабардар болуы тиіс. Президент қол қойған Қазақстан Республикасының бюджеті заң мәртебесін қабылдайды және оның атқарылуы бюджет рәсімінің қатысушылары үшін міндетті болады. Заң өткен кезеңдегі бюджеттің атқарылуы туралы есеп баспасөз бетінде жарияланады. Осылайша бюджеттің кірістері мен шығыстарының көлемі, оның негізгі түсім көздері, шығыстарының бағыттары, тапшылық көлемі және оны жабудыңәдістері (шығындарды қысқарту, кірістерді көбейту, қарыздар, ақша эмиссиясы) жария етіледі.

Бюджет жүйесін құрудың барлық қағидаттары өзара үйлестірілген және бірін-бірі толықтырып отырады, олар егеменді еліміздің Конституциясында және Бюджет кодексінде, “Жергілікті өкілді және атқарушы органдар туралы”, “Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару туралы” арнайы заңдарда және басқа да заңнамалық актілерінде қамтып көрсетілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Мемлекттік бюджет
Бюджет жүйесінің экономикалық мәні мен құрылымы
Бюджет жүйесінің мәні және оның құрылымы
Қаржы жүйесі жайлы
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарын құқықтық реттеу
Бюджет жүйесі туралы ақпарат
Қазақстан Республикасының 2004-2006 жылдардағы бюджеттік жүйесін талдау
Қазақстан Республикасындағы бюджет саясаты және оның қызметтері
Мемлекеттің орталықтандырылған қаражат қоры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz