Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

ЖОСПАР

Кіріспе3

1-тарау. Қаржының мәні, функциялары және рөлі4

1. 1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі4

1. 2. Қаржының функциялары және рөлі14

1. 3. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары23

1. 4. Қаржы жүйесі және оны ұйымдастырудың қағидаттары28

Қорытынды36

Қолданған әдебиеттер37

Кіріспе

Нарықтық қатынастардың құрылымында да, мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмінде де қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлігі және мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың құралы. Бұл орайда қаржының әлеуметтік-экономикалық мәнін түсіне білудің, оның іс-әрекет етуінің ерекшеліктерін терең ұғынудың, Қазақстан экономикасын ойдағыдай дамыту мақсатымен қаржы ресурстарын неғұрлым толық және ұтымды пайдаланудың әдістері мен амалдарын көре білудің маңызы зор.

Қоғамдық өнімді бөлумен және осының негізінде ақшалай қорланымдарды, табыстарды және қорларды жасаумен, оларды ұлғаймалы ұдайы өндірістің мақсаттарына және қоғамдық дамудың кажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдаланумен байланысты болатын экономикалық қатынастар қаржы туралы ғылымның жәй мағынасы болып табылады. Қаржы ресурстары мен мақсатты ақша қорлары, олардың қалыптасуы, қозғалысы және пайдаланылуы қаржының объектісі, ал қоғамдық өмірдің ұйымдастырушысы ретіндегі мемлекетті қоса алғанда қызметтін өндірістік және өндірістік емес сфераларының сан алуан шаруашылық, қоғамдық және басқа ұйымдары оның субьектілері болып табылады.

Қаржы туралы ғылымда және қаржыны зерделеу кезінде танып білудің негізгі әдісі - материалистік диалектикалық-тарихи әдіс қолданылады, ол нақты тарихи жағдайларды ескере отырып, қаржы қатынастары мен құбылыстарын олардың дамуы мен өзара байланыстылығы негізінде зерттеуді болжайды.

1-тарау. Қаржының мәні, функциялары және рөлі

1. 1 Қаржы ұғымы, оның мәні мен қажеттігі

Қаржы («қолма-қол ақша», «табыс» ұғымын білдіретін орта ғасырдағы латын тілінің fіnancіa сөзінен пайда болған француздың fіnance сөзінен шыққан) қоғамда нақты өмір сүретін, объективті сипаты мен айрықша қоғамдық арналымы бар өндірістік қатынастарды білдіре отырып, тарихи қалыптасқан экономикалық категория ретінде көрінеді. Құн категорияларының жүйесінде (ақша, баға, кредит, пайда, жалақы және т. т. ) қаржы белгілі орын алады және өзінің ішкі ерекшеліктерімен, сондай-ақ ұдайы өндірістегі өзгешілік рөлімен айшықталады.

«Қаржы» ұғымы мемлекетпен бірге бір уақытта қоғамның таптарға жіктелуі кезінде, мемлекеттің дамуы мен оның ресурстарға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты жүйелі тауар-ақша айырбасы жағдайында пайда болып, дамыды және ол ақша нысанындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең аукымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайындағы қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын - ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.

Қаржы ғылыми ұғым ретінде, әдетте, қоғамдық өмірде сан алуан нысандарда пайда болатын қызметтермен ассоцияланады және міндетті түрде ақша қатынастарының қозғалысымен қосарлана жүреді.

Бүгінде қаржы терминін күнделікті қолданысқа енгізген авторды атау қиын. Бұл терминнің авторлығын 1577 жылы «Республика туралы алты кітап» деген жұмысын бастырып шығарған француз ғалымы Ж. Боденге қалдыруға болады.

Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен және функцияларымен айқындалады.

Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы мына себептерге байланысты:

әр түрлі қоғамдық формацияға қоғамның өзіне меншікті таптық құрылымы сай келеді. Сонымен бірге қаржы ұлттық табысты мемлекеттің пайдасына қайта бөлуді ұйымдастыра отырып, оны бөлудің қатынастарын есепке алады;

кез келген қоғамдық-экономикалық формацияларда қаржы билеуші таптың мүлделерін қорғайтын мемлекеттің мақсаттары мен міндеттеріне бағынады;

өндірістің жаңа әдісі шаруашылық қатынастардың жаңа жүйесін тудырады. Мәселен, құл иеленуші және феодалдық формацияларға натуралдық қатынастар сәйкес келсе, мемлекет табысының қалыптасуы да көбінесе натуралдық сипатта болды. Капиталистік шаруашылық тауар-ақша шаруашылығы болып табылады. Тиісінше мемлекеттің табысы да ақша нысанында қалыптасады;

егер мемлекет басқару органы ретінде қалыптасқан өндірістік қатынастардың ұдайы өндірісі мен таптық құрылыстың міндеттеріне қызмет ететін болса, онда бұл міндеттерге қаржы да қызмет етеді.

Экономикалық өмірде қаржының сыртқы көрінісі қоғамдық өндірістегі әр түрлі қатысушылар қаражаттарының қозғалысы түрінде болып жатады. Құбылыстар бетінде бұл қозғалыс ақшалай соманы қолма-қолсыз немесе қолма-қол ақшамен есеп айырысу түрінде бір иеленушіден басқа иеленушіге беруі болып табылады. Алайда, кез-келген ақша операциясы, мәміле қаржы операциясына жата бермейді, өйткені ақша түрлі құндық экономикалық категориялардың - бағаның, еңбекке ақы төлеудің, қаржының, кредиттің көмегімен болатын қоғамдық өнімнің барлық құнының қозғалысын ортақтастырып, жүзеге асырады. Тікелей қаржы операцияларына мыналарды жатқызуға болады: шаруашылық жүргізуші субъектілердің бір-бірімен қолма-қол ақшасыз жасасатын есеп айырысулары; негізгі капиталға жұмсалатын амортизациялық соманы есептеу; табысты (пайданы) бөлу және кәсіпорындарда, фирмаларда ішкішаруашылық арналымының қорларын қалыптастыру; мемлекеттік бюджеттің кірістеріне салық төлемдерін аудару; қайырымдылық қорларына қаражат төлеу; экспортталатын тауарлар үшін кеден баждарын төлеу және тағы басқа операциялар.

Қаржы - ақша қатынастарының ажырағысыз бөлігі, ол әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субъектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айырықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындағына байланысты.

Жалпықоғамдық өнім мен ұлттық табысты жасау, бөлу және қайта бөлу процесінде қалыптаса отырып, қаржы қоғамның түпкілікті пайдалануға жіберілетін материалдық ресурстар бөлігінің ақшалай көрінісі болып табылады.

Алайда қаржы ақша қатынастарының бүкіл сферасын қамтиды деп санау дұрыс болмас еді. Ақша қатынастары ішінен тек олар арқылы мемлекеттің, оның аумақтық бөлімшелерінің, сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілердің жасалынатын ақша қорлары бұл қатынастардың мазмұны болып табылады. Ақша қатынастары жалпы алғанда қаржыдан кең. Қаржы тек ақша қорларының, атап айтқанда табыстар мен қорланымдардың қозғалысымен байланысты болатын ақша қатынастарын ғана қамтиды. Басқа ақша қатынастары қаржы шеңберінен шығып кетеді. Қаржы қатынастарының жиынтығына, мысалы, шығындардың барлық түрлерін ақшалай есепке алу мен бақылау жасау, өндірілген өнімді ақша нысанында өлшеу, өзіндік құнды калькуляциялау және өнімнің бағасын анықтау, ақшалай түсімді есепке алу мен сақтау, ақша айналысын реттеу және басқалары кірмейді. Сауда жүйесі арқылы тауарларды сатып алу және сату (тіпті мемлекет бөлшек сауда бағаларын реттеп отырған жағдайда да) кезінде пайда болатын ақша қатынастарын да қаржыға жатқызуға болмайды. Себебі мемлекет бұл жерде ақша қатынастарын азаматтық-құқықтық әдіспен реттеп отырады. Ақша қатынастарымен бірігіп кеткен субъектілердің теңдігі (олардың құқықтары мен міндеттеріндегі тепе-теңдік) бұл әдіске тән өзгеше нышан болып табылады. Сонымен бірге қалыптасатын ақша қатынастарының өзіндік қаржылық емес өзгешелігі болады.

Қаржының ақшадан мазмұны жағынан да, функциялары жағынан да айырмашылығы бар. Ақша - бұл ең алдымен ассоциацияландырылған өндірушілердің еңбек шығындары өлшенетін жалпыға ортақ балама, ал қаржы - жалпы ішкі өнім мен ұлттық табысты бөлудің және қайта бөлудің экономикалық тетігі, ақша қорларын жасау мен пайдалануға бақылау жасаудың құралы. Ол өндіруге, бөлуге және тұтынуға ықпал жасайды және объективті сипатта болады. Қаржы өндірістік қатынастардың белгілі бір сферасын білдіреді және базистік категорияға жатады.

Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қарастырудан оның мәнін - зат болмысының барлық әр алуан нысандарының бірлігін білдіретін оның ішкі мазмұнын зерттеуге көшу қажет.

Қоғамдық қатынастардың иерархиясында ақша қатынастары экономикалық қатынастарға жатады, ал экономикалық қатынастар өз кезегінде қоғамдық қатынастар жүйесінің айқындаушы бөлігі - өндірістік қатынастарға кіреді (1-сызбаны қараңыз) . Бұдан қаржы қатынастарын өндірістік қатынастардың бір бөлігі деуге болады, яғни олар базистік әрі негізгі қатынастар болып табылады.

1-сызба. Қоғамдық жүйедегі қатынастардың дәйектілігі (бағыныңқылығы)

Ж а л п ы қ о ғ а м д ы қ қ а т ы н а с т а р

Ө н д і р і с т і к қ а т ы н а с т а р

А қ ш а қ а т ы н а с т а р ы

Қ а р ж ы қ а т ы н а с т а р ы

Қатынастардың иерархиялық субординациясын ескере отырып, «жалпыдан - жекеге» қағидаты бойынша олардың мынадай дәйекті қатарын жасауға болады: жалпықоғамдық қатынастар, өндірістік қатынастар, ақша қатынастары және қаржы қатынастары (салық, бюджет, мемлекеттік несие, сыртқы экономикалық қатынастар және т. т. )

Ұдайы өндіріс процесі үздіксіз жалғасып жататын өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну стадияларының өзара байланысты және өзара тәуелді үйлесуі түрінде жүзеге асып жатады. Ұдайы өндірістің бұл төрт стадиясы қоғамдық өндіріс процесінің қатысушылары арасында тауар қатынастарының болуын айқындайды, өйткені өндірілген өнімдер сатып алу-сатуға жататын тауарлар ретінде болады; өнім оны тұтынудан бұрын айырбастау және бөлу стадияларынан өтеді. Сонымен бірге материалдық өндіріс қатысушыларының ғана емес, қоғамдық қатынастардың барлық қатысушыларының қажеттіліктері мен мүлделері қанағаттандырылуы тиіс. Өз кезегінде тауар қатынастарының болуына экономикалық агенттердің еңбек бөлінісінің қажеттігі қозғау салады, осыған орай олар мамандырылған еңбектің, орындалатын қызметтердің нәтижелерімен, әр түрлі өндірілетін игіліктермен олардың саны мен сапасына сәйкес айырбасталуы тиіс. Жасалынған игіліктер мен құндылықтарды өлшеу құн өлшемі мен жалпыға ортақ балама ретіндегі ақшаның көмегімен жүзеге асады. Сондықтан материалдық және материалдық емес игіліктер, қызметтердің өндірілген массасы - қоғамдық өнімнің -- натуралды -заттық көрінісімен бірге оның ақшалай көрінісі де болады. Қозғалыстың құндық нысаны натуралды-заттық нысандағы өнімнің қозғалысын ортақтастыратын белгілі бір ақша қорларын тудырады. Басқаша айтқанда, өнімнің өндірістен тұтынуға өтуі тек тиісті ақша қорларын жасау, бөлу және пайдалану арқылы болады. Осы кезде пайда болатын ақша, экономикалық қатынастар қаржының мәнін құрады. Бұдан қаржыны ұдайы өндірістің объективті қажетті категориясы деп айтуға болады. Ақша қорларын қалыптастыру, оларды тауар қатынастарына пайдалану қаржы көмегімен болып жатады.

Қаржы қатынастарының пайда болуы өзі жайында әрқашан ақшаның нақты қозғалысымен аңғартып отырады. Ұдайы өндіріс процесінің өндіру мен тұтыну стадияларында мұндай қозғалыстың болмауы олардың қаржының пайда болуының орны еместігін дәлелдейді. Бөлінген құн (ақшалай нысанда) тауар нысанымен айырбасталатын, яғни сатып алу-сату актілері жасалатын айырбаста да қаржыға орын жоқ. Сонымен қаржы мен қаржы қатынастарының пайда болып, іс-әрекет ететін орны ақшаның нақтылы қозғалысы болатын ұдайы өндіріс процесінің бөлу стадиясы болып табылады. Мұнда жалпы қоғамдық өнімнің құны және оның маңызды бөлігі - ұлттық табыс алғашқы бөлу 1 процесіне ұшырап, мақсатты арналым мен субъектілер бойынша бөлінеді. Бұл процестің нәтижесінде құн оны құрайтын микроэлементтерге - с, v, және m *2* ыдырайды: өндіріске жұмсалынған өндіріс құралдары құнының (с) орны толтырылады, қызметкерлердің жалақысы (v) төленеді және қосымша өнім (m) алынады. Тап осы қосымша өнім немесе қоғамның таза табысын (табыстарды, қорланымдарды, ақша қорларын) құрайтын қайта жасалынған қоғамдық өнімнің бұл бөлігі қаржы қатынастарының мәнін және қаржы функцияларының бастауын құрайды. Қосымша өнім мемлекеттің қатысуынсыз болатын қаржы қатынастарының ежелгі объектісі болып табылады, ол ақша қорларын жасау арқылы ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесін және мемлекеттің орталықтандырылған ақша қорларының қалыптасуын қамтамасыз етеді. Сөйтіп, өндірістің алдын ала шарттасылған сипаты кезінде сатылатын өнімді «сң, «vң және «m-гең сәйкес элементтерге бөлудің үйлесімдері қалыптасады және оларға сәйкес ақша қорлары немесе ақша қорланымдары жасалынады.

Сонымен бірге айналым қаражаттарының қорлары, амортизациялық және басқа аударымдар (мысалы, әлеуметтік мұқтаждарға арналған), еңбекақы қоры, табыс (пайда) 3 бөліп шығарылады. Бұдан әрі бөлу нормативтерімен анықталатын белгіленген үйлесімдерге сәйкес құнның жоғарыда аталған элементтерін қайта бөлу процесі болады. Алынған табыстың (пайданың) бір бөлігі мемлекеттің қарамағына оның орталықтандырылған қорларын қалыптастыру үшін аударылады, басқа бөлігі өндірушінің қарамағында қалады және оның қарап шешуі бойынша пайдаланылады.

Кірістер бойынша ЖҰӨ мына элементтерді жинақтаумен жасалынады: тұтынылған капиталдың көлемі (амортизациялық аударымдар) ; бизнеске салынатын жанама салықтар; жалдамалы қызметкердің жалақысы; ренталық төлемдер; пайыздар; меншіктен түсетін табыстар; корпоррациялардың пайдасы. Шығыстар бойынша (яғни өнімнің бүкіл жиынтығы бойынша) ЖҰӨ мыналарды қамтиды: үй шаруашылығының, яғни елдің бүкіл халқының тұтыну шығыстарының көлемі - С; жалпы жекеше ішкі инвестициялар - Іg; тауарлар мен қызметтер көрсетуді үкіметтің сатып алуы - G; Xn - таза экспорт (экспорт көлемінің импорттан асып түсуі немесе керісінше минус белгісімен) . ЖҰӨ (GNP) сомасы = C+Іg+G+Xn. Бұл көрсеткіш қоғамдық өндірістің ақырғы нәтижесін сипаттайды, ол айналым қорларының (капиталының) (бұл қорлардың қалыптасуы мен қозғалысында қаржы зор рөл атқарады) елеулі бөлігі болып келетін аралық өнімнің құнын қамтымайды. Сондықтан бұл оқулықта жалпықоғамдық өнімнің P=c+v+m дәстүрлі формуласы алынды.

«m» элементінен, бұдан басқа, қорланымға бағытталатын, яғни өндірістің негізгі факторларын, сондай-ақ осы үздіксіздікті қамтамасыз ететін еңбек құралдарын - негізгі капиталды сатып алуға бір бөлігі бөлінуі мүмкін.

Одан кейін қалыптастырылған ақша қорлары қайта бөлуге -- қаражаттардың мақсатты арналымына қарай ұсақтандыруға немесе керісінше, ірілендіруге, өндірістік және өндірістік емес құрал-жабдықтардың ауыспалы айналымы процесінде олар атаулы бағыттауға немесе пайдалануға жұмсалады. Сөйтіп, шаруашылық жүргізуші субъектіде жасалынған құнның бір бөлігі осы субъектінің ауыспалы айналымында қалады, бір бөлігі еңбекақы, әлеуметтік шығындар нысанында жұмыс күшінің ұдайы толықтырылуына жұмсалады, материалдық және материалдық емес игіліктер мен қызметтер көрсетуге айырбасталады және тұтынылады, одан арғы қозғалыстан шығып қалады.

Материалдық өндірісте жасалынған құнның едәуір бөлігі жалпымемлекеттік мұқтаждарға беріледі, ақша нысанында өздігінше қозғалыс алып мемлекеттің кірістері түрінде мемлекеттің қаржы қатынастарының сферасына қосылады. Экономиканың бастапқы буындарының табыстарынан, аударымдардан басқа, мемлекет халықтың салықтар, ерікті төлемдер - заемдар, лотереялар, мемлекеттің қатысуымен банктерде сақталынатын жинақ ақшалар нысанындағы қаражаттың бір бөлігін жұмылдырады. Қаражаттардың бір бөлігі қор және қор емес нысандарда әр түрлі төлемдер, аударымдар, алымдар түрінде мемлекеттік, жекеше, қоғамдық кәсіпорындар мен халықтан түседі. Орталықтандырылған ақша қорларын - мемлекеттік бюджетті, әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) қорларын, әр түрлі бюджеттен тыс қорларды (ресурстарды) қалыптастыру арқылы мемлекет деңгейіндегі қаржы қатынастарының нысандары осылай пайда болады. Қаржы қатынастарының бұл сферасы өте әртүрлі болып келеді және мемлекеттік басқарудың түрлі деңгейлерінде - жалпыұлттық, жергілікті деңгейлерде аталған қорларды жасаумен де, сол сияқты аталған деңгейлерде, салалық, ведомстволық, аймақтық, әлеуметтік қағидаттар бойынша қайта бөлумен және пайдаланумен де байланысты. Бұдан басқа ақша қаражаттары мен қорларының қозғалысы мемлекеттік ұзақ мерзімді мақсатты бағдарламаларды - өндіргіш күштерді дамыту, әлеуметтік, экологиялық, ғылыми, аумақтық және басқа бағдарламаларды жүзеге асырады.

Ақырында, ұдайы өндірістік процестің барлық стадияларынан өте отырып, қоғамдық өнім қайта жаңғыртылып, үш дербес қорда іске асады: орынды толтыру қоры (өтеу қоры), тұтыну қоры және қорлану қоры (1. 2 сызбаны қараңыз) .

1. 2 сызба. Қоғамдық өнімнің құнын бөлу және қайта бөлу

Ш Ы Ғ Ы Н Д А Р: Ш Ы Ғ Ы Н Д А Р
m: m
Ш Ы Ғ Ы Н Д А Р: c
m: v
Ш Ы Ғ Ы Н Д А Р: Материалдық шығындар
m: Еңбекке ақы төлеу
Қосымша өнім
Ш Ы Ғ Ы Н Д А Р: Ұлттық табыс
Қ А Й Т А Б Ө Л У: Қ А Й Т А Б Ө Л У
Қ А Й Т А Б Ө Л У: Орынды толтыру қоры
Тұтыну қоры
Қорлану қоры

Нәтижесінде өнімнің бір бөлігі жаңа ауыспалы айналымға түседі, ал бір бөлігі тұтынылады. Сөйтіп, жалпы қоғамдық өнімнің құны мақсатты арналымдар мен субъектілер бойынша бөлініп, олардың әрқайсысы өндірілген өнімдегі өзінің үлесін алуы тиіс. Қаржының қатысуынсыз қоғамдық өнімнің жеке бөліктерге бөлінуі мүмкін емес. Қаржы - қоғамдық өнімді жасау мен пайдалану арасындағы байланыстырушы буын .

Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын, олардың басқа экономикалық қатынастармен өзара іс-әрекетін шарттастырады және олардың экономиканың тиімділігіне, оның үдемелі дамуына, қоғамдық әлеуметтік процестерге әсерін зерделеуге ғылыми көзқарасты талап етеді.

Әр түрлі қоғамдық-саяси құрылымы бар осы заманғы мемлекеттерде қаржымен қатар басқа экономикалық категориялар да - ақша, табыс /пайда/, өзіндік құн және басқалары пайдаланылады. Олардың әрқайсысы өзінің функцияларын (тауардың құнын немесе бағасын білдіру, айналыс құралы, еңбек өлшемі мен тұтыну өлшемін анықтау, өндірісті ынталандыру, кәсіпорындар қызметінің нәтижелерін бағалау) орындайды, оларда қоғам дамуындағы бұл категориялардың мәні мен маңызы көрінеді. Қаржының олардың барлығынан өзінің айрықшалықты белгілері бойынша айырмашылығы бар.

Қаржыны құндық экономикалық категориялардың бүкіл жалпы жиынтығынан бөліп алу үшін бұл экономикалық категорияға тән өзгеше белгілерді біліп алған жөн. Сонымен бірге, құбылыстың мәнін, өзгешелігін бір ғана белгімен, тіпті ол елеулі болғанның өзінде де сипаттау мүмкін емес. Құндық категориялардың барлығының да толып жатқан ортақ белгілері болады. Сондықтан қайсы бір құндық категориялардың, соның ішінде қаржының да өзгешелігін тек бірнеше сипатты белгілердің жиынтығы ғана кез келген құндық экономикалық категорияның, соның ішінде қаржының да мағынасы мен өзгешеліктерін ашып бере алады.

Экономикалық категория ретіндегі қаржының мазмұнын құрайтын қатынастардың өзгешелігі олардың көрінісінің әрқашан ақшалай нысаны болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің әр түрлі субъектілері арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана білдіреді. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты --қаржының маңызды белгісі . Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың нысанын және қаржының құндық экономикалық категорияларға тиіcтілігін (жататынын) баса көрсетеді. Ақша қаржының іс-әрекет етуінің міндетті шарты болып табылады. Ақша болмаса қаржының болуы мүмкін емес, өйткені қаржы ақшаға байланысты болатын жалпы нышан. Ақша айналыс құралының функциясын орындай отырып, капитал, яғни үдемелі құн немесе табыс (пайда) әкелетін құн бола бастайды. Сөйтіп, ол ақшалай қаражаттардың дербес аясы ретіндегі, өндірістік қатынастардың бір бөлігі ретіндегі қаржының пайда болуына жағдайлар жасайды.

Қаржы қатынастары өзінің негізінде бөлгіштік қатынастар болып табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөліктерінде (материалдық өндіріс пен өндірістік емес салаларда) және шаруашылық жүргізудің түрлі деңгейлерінде қоғамдық өнім құнын қайта бөлудің сан алуан процестері жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгіштік сипаты экономикалық категория ретінде олардын айрықша белгісі болып табылады.

Қаржы қатынастарының ақшалай сипаты мен бөлгіштік сипаты қаржының аса маңызды белгілері болып табылады, бірақ оның ақтық белгілері емес, өйткені бұл белгілер бағаға да, еңбекке ақы төлеуге де, кредитке де ортақ.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржының мәні мен қызметі. Қаржылық жүйе
ҚР-ның қаржы жүйесі және дүниежүзілік практика
Қаржы жүйесі туралы ақпарат
Қаржы қатынастары және қаржы жүйесінің қалыптасуы
Қаржының мәні, функциялары және рөлі туралы ақпарат
Қаржының мәні, функциялары және рөлі. Қаржы қатынастарының объектісі ретіндегі қаржы ресурстары мен қорлары
Қазақстанда қалыптасқан қаржылық қатынастардың ерекшеліктерін ашып көрсету
Қарастырылған процестер қаржы қатынастарының күрделі тоқайласуын
Нарықтық экономикадағы қаржы жүйесі
Тауар-ақша қатынасы және қаржы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz