Варранттар мен конвертацияланатын бағалы қағаздары бар акционерлер осы бағалы қағаздарды қарапайым акцияларға айырбастауына құқылы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кiрiспе 2
1. Бағалы қағаздар нарығындағы негiзгi түсiнiктер 4
2. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының қазiргi жағдайы
19
3. Бағалы қағаздармен келiсiмдердi тiркеу және бағалы қағаздар нарығына
қатысушылар. 25
Қорытынды 29
Пайдаланған әдебиеттер тiзiмi. 31

Кiрiспе

Бағалы қағаздар нарығы дегенiмiз қаржы қорларындағы сатушылар мен
алушылар арасындағы келiсiмдердi реттейтiн механизм. Жай ғана келiсiмдердi
реттейтiн механизм ғана емес, пайдалы келiсiмдердi жасауға мүмкiндiк
беретiн келiсiмдер болып табылады.
Республикада бағалы қағаздар нарығының қалыптаса бастағанына 10 жылдан
астам уақыт болды. Осы уақыт аралығында 8191 акционерлiк қоғамдар құрылып,
оның 4605-i өз бағалы қағаздарын нарыққа шығарды. Алайда бағалы қағаздар
нарығы қазіргі заманымыздың талаптарына сай дамып отыр деп айтуға болмайды.

Экономиканы тек өзінің қаражаты бар тұлғалар басқара алатындығын
ескерер болсақ, онда бағалы қағаздардың экономикалық және тарихи
маңыздылығына байыптап ұғынар едік.
Қандай нарық болмасын онда ұсыныс пен сұраныс болатыны белгілі.
Қазақстан бағалы қағаздарының нарығы осы нарықта сұраныс пен ұсыныс
таразысын теңдестіретін нарық болып табылады. Бизнес және Үкімет мұнда
заемшы ретінде көп көзге түсіп, ал халық көбінесе таза кредитор болып
табылады.
Республика тұрғындары өз қаржыларын бағалы қағаз сатып алу орнына
ортақ қаржыларын депозиттiк салымдарға салғанды дұрыс көредi. 2001 жылдың
аяғында барлық депозиттiк салымдар көлемi 147 млн. теңгеге жеткен, 115
млрд. теңге тұрақты валюталарға айналдырылған. Тұтас алғанда 142 млрд.
теңге бағалы қағаздар нарығына араласпайды десек қателесе қоймаймыз. Оның
басты себептерiнiң бiрi бағалы қағаздарға төленетiн дивиденд көлемiнiң өте
төмен дәрежеде болуы және халықтың акционерлiк қоғамдарға сенiмсiздiк
танытуынан туындап отыр. Акцияларға төленетiн дивидендтер көлемi акция
құнының 1,1%-ті құрайды. Бағалы қағаздар нарығы дамыған елдерде бұл
көрсеткiш 25%-ке дейiн жетедi.
Бағалы қағаздар нарығының негізгі міндеті кәсіпорындарға инвестициялар
тарту болып табылады және осы капитал көзі банктік кредитке қарағанда
анағұрлым арзанға түседі.
Мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы ұлғайған сайын вексельдермен
жасалатын операциялар өсе түседі. Өйткені таза ақшаның жетіспеушілігін
әзірге осындай бағалы қағаздар шығарумен де біршама жеңіп отыр.
Курстық жұмыс Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының
қазiргi жағдайына шолу жасауға арналған. Мұнда бағалы қағаздар нарығындағы
ұғымдар мен түсiнiктер қарастырылады.

1. Бағалы қағаздар нарығындағы негiзгi түсiнiктер

Бағалы қағаз дегеніміз белгілі нысанды сақтай отырып жасалған мүліктік
құқықты куәландыратын құжат. Бағалы қағазды басқа тұлғаға тапсыру кезінде
барлық мүліктік құқық сол тұлғаға ауысады. Бағалы қағаздар, басқаша сөзбен
айтар болсақ, ақшалай капиталдың бір түрі болып табылады.
Бағалы қағаздар нарығы – қаржы қорларын тұтынушылар мен ұсынушылар
арасындағы келiсiмдердi iске асыруға мүмкiндiк беретiн механизмдер
жиынтығы. Қор нарығындағы сату-сатып алу процестерiнiң объектiсi болып
бағалы қағаздар алынады. Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Бағалы қағаздар туралы Заңмен реттеледi.
Бағалы қағаздарға мыналар жатады: мемлекеттік облигациялар,
вексельдер, чектер, депозиттік және жинақтық сертификаттар, акциялар,
жекешелендіру купондары және Бағалы қағаздар туралы Заңда көрсетілген
бағалы қағаздар қатарына кіретін құжаттар.
Қаржыны қайтару немесе процент төлеу формасына қарай бағалы қағаздар
қарызға алынған немесе үлестi болып екіге бөлiнедi. Қарызға алынған бағалы
қағаздар алынған қарыз көлеміне орай процент төлеудi немесе белгiленген
мерзiмнен кейiн қарызды өзiн қайтаруды мiндеттейдi. Ал үлестi бағалы
қағаздар алынған пайдадағы үлесiн көрсетедi. Ол тек өз үлесiндегi процент
мөлшерiнде ғана пайдалана алады. Бағалы қағаздардың классификациялары
келесi схемаларда көрсетiлген.

Бағалы қағаздар әрқайсысы өзiнiң ерекшелiктерiне қарай және елдегi
заңдардың талаптарына қарай әртүрлi деңгейдегi табыстар алып келедi.
Акциялар - айналу мерзiмiне шек қойылмайтын акционерлiк қоғамдар шығарған
бағалы қағаздардың көп таралуы жағынан үшiншi орынға не болатын бағалы
қағаздар тобы болып табылады. Акция оның иегерінiң акционерлiк қоғам қорына
белгiлi мөлшерде қосқан үлесiн көрсетедi. Акция өзiнiң иегерiне келесi
түрдегі құқықтар бередi:

- дивиденд түрiнде төленетiн табыс бөлiгiн алуға;

- бағалы қағаздар нарығында акцияларды сатуға;

- акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға;

- мүлiктiк құқық.

Акция қарапайым немесе артықшылығы бар акция болып екi түрге
бөлiнедi. Қарапайым акция акционерлiк қоғамды басқаруға құқық бередi,
немесе одан алынатын пайда АҚ-ң жұмыс нәтижесiне тiкелей байланысты болады.
Артықшылығы бар акция қоғам жұмысының нәтижесiз тұрақты дивиденд алып
отыруға құқылы. Қарапайым акцияның негiзгi сипаттарының бiрi, ол инвесторға
акционерлiк қоғамды басқаруға қатысуға құқық бередi. Қарапайым акциясы бар
адам сол компанияның иегерi болып табылады немесе сол компания табысынан өз
үлесiн алуға құқылы. Сонымен қатар қарапайым акция иегерi бiр шама
шектеулерге мүдделi. Оның себебi акция иегерi компания иегерi болып
саналады, сондықтан ол пайданы немесе дивидендтi ең соңғы кезекте алады.
Тiкелей айтқанда қарапайым акция иегерлерi компания барлық мiндеттемелерiн
орындағаннан кейiн барып өз үлестерiн алады. Сонымен қатар қарапайым акция
иегерлерi меншiк иесi де болып саналғандықтан, олар пайдадан дивиденд ала
алмай қалуы да ықтимал. Ол акционерлiк қоғам жұмысына тiкелей байланысты.
Бағалы қағаздар iшiнде қарапайым акция өте кең таралғаны болып табылады. Ол
қысқа мерзiмдi салымдардан және тұрғын үйге салынған қаржыдан кейiнгi
үшiншi орынды иемденедi. Оның себебi қарапайым акцияларды алып-сату,
табысын есептеу, әлдеқайда түсiнiктi немесе жеңiл.

Сонымен қатар ол меншiк иесi құқығын да бередi. Егер акционерлiк қоғам
жұмысы ойдағыдай жүргiзiлсе қарапайым акция иегерлерi басқа бағалы қағаздар
иегерлерiне әлдеқайда көп табыс алады. Ал қарапайым акцияның кемшiлiгi
болып оның үлкен тәуекелдi қажет ететiндiгiн атауға болады. Бұл тәуекелдер
қатарына iскерлiк, қаржылық, сатып алу тәуекелі, кездейсоқтық тәуекелін
жатқызуға болады. Кез келген тәуекел ету түрi акция табыстылығын азайтуға
әсерiн тигiзедi. Осы себептен қарапайым акция сатып алушылар бос қалған
акцияны сатып алуға ұмтылады. Қарапайым акциялар акционерлiк қоғам
капиталының жеке түрi болып табылады. Кейбiр акционерлiк қоғам акцияларын
сыртқы нарыққа шығармайды, олар тек қоғам iшiнде ғана айналымға түседi.
Көпшiлiкке таралған ұғым бойынша қарапайым акцияларға тек ашық айналымға
шығарылатын акциялар ғана жатады деп түсiнiледi. Қарапайым акция шығарудың
көп таралған түрiнiң бiрi ашық орналастыру деп аталады. Ашық орналастыру
әдiсi бойынша акционерлiк қоғам өз гаранты көлемiнде акция шығарып, оны
ашық нарықта сатады. Қарапайым акцияларды таратудың тағы бiр түрi акцияға
құқықты ұсыну деп аталады.

Бұл тәсiл бойынша кез-келген акциялар компанияның жаңа акцияларын
бұрынғы ескi акциялар көлемiнде ғана сатып ала-алады. Егер бұрын сол
компанияның 1% акциясы болса жаңа шыққан акциядан да 1% көлемiнде акция
сатып ала алады. Акция таратудың үшiншi тәсiлi мерзiмi өткен қарапайым
акцияларды пайдалану. Варранттар мен конвертацияланатын бағалы қағаздары
бар акционерлер осы бағалы қағаздарды қарапайым акцияларға айырбастауына
құқылы. Бағалы қағаздар таратуы тәсiлiне байланысты алғашқы рет түрде
таратылса, соңынан конвертациялана алады. Акционерлiк компаниялар өз
акцияларының санын көбейтуге акцияларды бөлшектеу тәсiлi арқылы да жетуiне
де болады. Бұл акциялар жай хабарландыру жiберу арқылы ғана жүргiзе алады.
Акцияны бөлшектеуге компаниялар таратылған акциялар курсы өте жоғары деп
санаған жағдайда барады. Кейбiр жағдайларда акционерлiк компаниялар өз
акцияларын айналымнан қайтарып та алады. Бұл акциялар айналымнан
қайтарылған акциялар деп аталады. Бұл операциялар компанияларды бiрiктiру
немесе жұтып қою мақсатында жүргiзiледi. Әдетте акционерлiк компаниялар
нарыққа әр түрлi деңгейде пайда беретiн акцияларды да шығарып отырады.
Мұндай акциялар классификацияланған акция деп аталады. Бұл акциялар кейбiр
акционерлердiң мүлiктiк құқылығын шектеу үшiн, дауыс беру күнiн шектеу үшiн
пайдаланады. Қарапайым акциялар сатуды немесе сатып алуда биржалардағы
информациялық деректер пайдаланылады. Бұл деректер акция курсының қалай
өзгерiп отырғандығын көрсетедi. Акция курсының өзгеруi котировка деп
аталады. Котировкалар бағалы қағаздар нарығына қатысты барлық деректердi
көрсетедi.
Акциялар сатып алу немесе сату лоттар бойынша жүргiзiледi.
Қарапайым акциялар құны бiрнеше тұрғыда анықталады.
1. Қарапайым акцияның номинальды құны акцияның жарияланған құнын
немесе атаулы құнын бiлдiредi. Бухгалтерлiк есеп құжаттарында акциялар осы
құнымен көрсетiледi. Бұл баға инвесторлар үшiн көп өзгерiс алып
келмегендiктен акциялардың бұл бағасы көрсетiлместен шығарыла бередi.
2. Акционерлiк компанияның капиталын өлшеуге қажеттi алынған құн
баланстық құн деп аталады. Бұл баға акционерлiк компанияның қаржылық
тұрақтылығын, өтiмдiлiгiн анықтау үшiн пайдалана алады. Акциялардың
баланстық құны компания активiнен компания мiндеттемелерiн шегеру арқылы
анықталады. Алынған шама акционерлердiң компанияға қосқан қорларының
деңгейiн көрсетедi.
3. Ликвидациялық құн компанияны жабуға тура келген жағдайда аукционға
қоюға болатын құн шамасын көрсетедi. Ликвидациялық құн аукционда сатылған
барлық активтер көлемiнен барлық мiндеттемелерi көлемiн шегеру арқылы
анықталады.
4. Нарықтық құн акцияның нарықтағы курсын көрсететiн бағасы. Ол
компанияның акцияларын сатып алушылардың қалай бағалайтынын көрсететiн
шама. Акциялар санын акцияның нарықтың құнына көбейту арқылы компанияның
нарықтық құны шығады.
5. Инвестициялық құн акция бағаларының iшiндегi ең бiр қажеттi шамасы
болып табылады. Ол акцияның нақты құнын көрсетедi. Осы бағасы бойынша
бағалы қағаздар қор биржаларында сатылады.
Акцияның екiншi түрi артықшылықтары бар акциялар. Артықшылығы бар
акциялар дегенiмiз пайда бөлiсiне алғашқы кезекте қол жеткiзетiн акциялар.
Артықшылығы бар акция иегерлерi компания пайдасынан алғашқы кезекте
мiндеттемелер орындалмастан бұрын дивиденд алады. Мұндай акция иегерi өз
қаржыларымен тәуекел етуге бармайды. Егер акционерлiк компания банкротқа
ұшырайтын болса онда артықшылығы бар иегерi өз үлесiн алып қалады.
Акцияның бұл түрiнде ағымдағы табыс үлкен болып келедi. Алынатын
дивиденд тұрақты түрде төленедi. Табыс көлемi кей жылдары қарапайым
акциялардан аз болғанымен кей жылдары көп болуы да мүмкiн. Тұрақты түрде
төленетiн дивидендтер бұл акцияларды сенiмдiлiк жағынан төртiншi орынға
шығарған.
Артықшылығы бар акциялардың құнын анықтау келесi тәсiлдермен
жүргiзгiледi.
1. Ағымдар табыстылығы акциялардың жылдық табыстылығын акция курсына
бөлу арқылы анықталады.
2. Баланстық құны барлық төлемдер төленгеннен кейiн қалатын активтер
көлемiнiң көрсеткiші. Конвертацияланатын бағалы қағаздар дегенiмiз нақты
табысы белгiленген бағалы қағаздар түрi. Бұлар нарыққа корпоративтi
облигациялар ретiнде шығарылды. Конвертацияланатын бағалы қағаздардың
ерекшiлiгi оларға төленетiн дивиденд көлемi де және курсы да өсiп отыруы
ықтимал, сонымен қатар конвертацияланған бағалы қағаздар акция түрлерiне де
айырбасталады. Конвертацияланатын бағалы қағаздардың басты артықшылығы курс
құлдырауына тәуекел етудiң төменгi деңгейлілігі болып табылады. Бұл
бағалы қағаздар курсы басқа бағалы қағаздарға қарағанда өз курсын
төмендетпейдi.
Облигация дегеніміз эмитенттiң мiндеттемесiн растайтын бағалы қағаздың
бiр түрi. Облигацияда көрсетiлген қаржы мерзiмi өткен кезде түгелiмен
қайтарылады. Оған дейiн белгiленген кезеңдерде өсiм процентi төленiп
отырады. Облигациялар ашық саудада сатылуы қажет. Облигацияларды негiзiнде
белгiленген табысты бағалы қағаз деп атайды. Облигациялардан табыс көздерi
екi түрлi болады, бiрi ағымдағы проценттен түскен табыс та, екiншiсi
облигацияның сатылар кездегi құны. Акциядан айырмашылығы облигация
иелерiнiң акционерлiк қоғамдағыдай капиталдану үлесi болмайды және олар
компанияны басқаруға араласпайды. Қаржыландыру табиғи шығыннан облигациялар
тек қарызға қаржы беру процедурасы секiлдi. Қарапайым акциядан тағы бiр
айырмашылығы облигациялардың нақты аяқталу мерзiмi болады. Мерзiмi бiткен
кезде облигациялар қайтарылуы қажет. Қайтарылған мерзiмi көбейген сайын
облигациялардың табыстылығы да арта түседi. Бағалы қағаздардың бiр түрi
болып табылатын опцион-право дегенiмiз опционның бiрнеше аптаға ғана
берiлген түрi. Бұл акционерлiк қоғамдар өз қаржыларын жинақтау үшiн қажет.
Қаржы жинақтау әдетте қарапайым акциялар шығару алдында жасалады. опцион-
право механизмi былай жүзеге асады. Егер акционерлiк компания қосымша
акция шығарғысы келсе оны бiрден шығара қоймайды, алдымен өзiнiң бұрынғы
акционерлерiне акция сатып алу құқығын бередi. Осындай құқығы барлар ғана
акция шыққан кезде право алған кездегi бағамен акция сатып алу.
Варрант дегенiмiз – ұзақ мерзiмдi опцион. Олар 20 немесе одан да көп
жылға сатылуы мүмкiн. Варрантта мүлiк үлесiне құқық бермейдi. Варрант акция
сатып алуға ұзақ мерзiм бойында құқылы. Варранттың артықшылығы сатып
алынғысы келген акцияларды бағасы арзандаған кезiнде сатып алуға құқық
бередi, яғни акция орынына варрант сатып алуға да болады. Пут және колл
варрант пен право арасындағы туынды бағалы қағаздар болып табылады.
Пут және колл өз иегерлерiне бекiтiлген мерзiмде өз акцияларын сатуға
және сатып алуға құқық беретiн туынды бағалы қағаздар.
Бағалы қағаздар нарығындағы көлемдi қаржы құралдары болып фъючерстiк
нарық саналады. Фъючерстiк нарық саудасының ерекшелiктерi мыналар:
1. Спецификалық ерекшелiктерiнен айырылған қатал бiрыңғайландырылған
биржалық тауарлар маңыздылығы.
2. Тауардың жеткiзуге рұқсат етiлген санының қатал ережеленуi .
3. Нақты тауар нарығымен жанама байланыс .
4. Фъючерстiк операциялар контрдинттерiнiң ауысуы, клиринг палатасы
арқылы келiсiм бойынша есеп айырысу.
Фъючерстiк сауда тауарды тез сатуға ғана емес, сонымен қатар ақшалай
түрде аванстық капиталды қайтару. Осы кезде биржа мен банк арасында
қызматтердi өзара бөлу болады: банк конъюктуралық ауытқуларға байланысты
емес қайтарылатын тауарлық құнының бөлшегiне ғана кредит береді, өйткенi
фьючерстiк биржа банктiк кредит және тауар сату бағасы арасындағы
айырмашылықты жабады.
Фъючерстiк сауда резервтiк қаржыларды үнемдеудi қамтамасыз етедi.
Фъючерстiк сауда артықшылығы :
• өзгеру қатерiнен қамсыздандыру;
• бағамен легалды саудаға мүмкiндiк жасау ;
• пайдалы жағдайда несие алу;
• келiсiм бойынша есеп айырысу уақытын қысқарту;
Фъючерстiк биржалық сауда – бұл әлем шаруашылығының динамикалық
секторларының бiрi .
Биржалық сауда соғыстан кейiнгi кезеңде өте үлкен қарқынмен дамыды.
Бұл биржалық тауарлар санының пайда болуына әкеледi. Фъючерстiк биржалық
сауда механизмiнiң негiзгi кезеңдерi:
1. Брокерлiк фирма фъючерстiк келiсiм-шартты сату және сатып алуға өз
клиентiнiң бұйрығын алады және оны өзiнiң өкiлi арқылы операциялық залда
орындайды .
2. Келiсiмдер брокерлiк фирмасы атына тiркеледi – клиринг палатасының
бағасы.
3. Биржалық күн аяғына жабылған келiсiм—шарт есебiне брокерлiк фирма
клиринг палатасындағы кепiлдiк жарнасына (бастапқы маржаға) аударады.
4. Фъючерстiк келiсiм–шарт қайта келiсiм жасау жолымен кез—келген күнi
жабылуы мүмкiн.
Биржалық фъючерстiк саудаға көптеген факторлар әсер етедi. Бұл
экономиканың дамуында жеке тауарларды халықаралық сатудың дамуы жағдайында
және биржалық сауданың өзiн iске асыруда болатын өзгерiс.
Осыған сәйкес фъючерстiк биржалар сатуға қызмет ететiн өзiндiк
қаржылық институт болып табылады. Валюта-қаржы жүйесiнiң күйiн, сонымен
қатар қаржы ресурстары жетiстiгiнiң барлығы осылардың даму жағдайын
анықтаушы болып табылады. Белсендi фъючерстiк сауда кезiнде кепiлдiк
операцияларының ыңғайлы объектiсi болып табылатын биржалық тауарларды алып
сату және сауданы қаржыландыру үшiн кең ауқымды мүмкiндiктерi бар жетекшi
қаржы орталықтарында фъючерстiк биржалар құрылады. Фьючерстiк сауданың өзi,
оның ұйымдық түрлерi және операцияларды жүргiзу техникалық жағдайы әрдайым
жетiлдiрiлiп отырылады. Фьючерстiк келiсiм-шарттар өз тауарын белгiленген
уақытта, оны жеткiзуге және сатуға мiндеттеңген өндiрушi мен тауарды сатып
алуға және төлеуге мiндеттенген сатып алушы арасындағы стандартты екi жақты
келiсiм. Сату, сатып алу құралы фьючерстiк келiсiм-шарттың өзi де бола
алады. Фьючерстiк келiсiм-шарттар бағалы қағаздар болып саналады. Осы
келiсiм–шарттар тауарлық биржаларда сатылатын тауарларға шығарылады,
сонымен бiрге мемлекеттiң вексел немесе казначейлiк мiндеттемелер түрiндегi
бағалы қағаздарында шығарылады, осылар проценттiк фьючерс деп аталады.
Бағалық анықталуы, орындалу мiндеттiлiгi фьючерстiң басты мiнездемесi
болады. Олар келiсiм-шарт бойынша алынатын бағалылықтың жеке меншiк құқының
бiр қолдан екiншi қолға ауысуын қарастырмайды. Фьючерстiк нарықта заңмен
кепiлденген мiндеттеме алынады, ол жеке меншiк құқықты есепке алатын
келiсiм күйiнде жасалуы мүмкiн. Фьючерстiң тағы бiр өзгешiлiгi, бұл
бағалылықтардың берiлген уақытта бар жоқтығына қарамастан сату мүмкiндiгi.
Осы бағалы қағаздың пайда болуы, нарыққа қатысушылардың нарық пен
бағалардың болашақ дамуына өз болжауы бойынша күмәндануына байланысты.
Берiлген бағалы қағаз осы қатердi төмендетуге мүмкiндiк бередi. Фьючерстiк
келiсiм-шарттарды сату арнайы белгiленген биржа орындарында брокерлiк
компаниялар арқылы жүзеге асырылды. Өз мағынасы бойынша фьючерстер
опциондармен ұқсас, екеуi де болашақта анықталған қор бағалылықтарына алуға
мүмкiндiк бередi .
Алайда, фьючерстiң опционнан айырмашылығы, ең алдымен, сату-алу актiсi
болып табылмайды, бұл бағалылықты жеткiзудiң нақты мiндеттемесi. Екiншiден,
фьючерстiк келiсiм-шарт мерзiмi бiткен соң, мiндеттi түрде есеп айырысуды
талап етедi. Келiсiм-шарт орындалмауы компенсация немесе қайтаруды
болжайды. Үшiншiден, келiсiмнiң мiндеттi түрде орындалуына қарағанда,
фьючерстiк келiсiммен байланысты тәуекел өте жоғары болып келеді. Егер қор
бағалылығының бағасы төмендесе, онда фьючерстi сатып алушы опцион бойынша
премия көлемiне қарағанда, өте көп жоғалту мүмкiн. Осы жағдай баға өскен
кезде фьючерс сатушысына байланысты. Фьючерстiк келiсiм-шарт шарттары
стандартты. Онда жеткiзу көлемi, орны мен уақыты көрсетiледi.
Фьючерстiк келiсiм-шарт бағасы биржалық аукциондағы сұраныс пен ұсыныс
қатынастарының нәтижесi ретiнде анықталады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бағалы қағаздарды инвестициялау
Бағалы қағазды инвестициялау
Құрылыстағы құнды қағаздар нарығын басқару
Бағалы қағаз және оның түрлеріне сипаттама
Қаржы нарығы және қор биржасы
Бағалы қағаздардың эмиссиясы және айналысқа шығарылуы. Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Бағалы қағаздар рыногының қатысушылары
Акцияға пайда стандартына сипаттама
Қаржы рыногы және қор биржасы туралы
Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы даму серпіні
Пәндер