Мемлекеттік бюджеттің құрамы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе 2
I тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні 4
1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы 4
1.2 Бюджетті құру принциптері 7
1.3 Бюджеттің балансы 9
II тарау. Мемлекеттік бюджеттің құрамы 12
2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары 12
2.2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы. 15
2.3 Бюджет тапшылығы 19
III тарау. Бюджетті құрудың өзекті мәселелері және бюджетті жоспарлауды
жетілдірудің жолдары. 25
3.1. Бюджетті құрудың проблемалары 25
3.2. Қазіргі кездегі бюджетті жоспарлауды жетілдіру жолдары 27
Қорытынды 30
Әдебиеттер 31

Кіріспе

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Мемлекеттік бюджеттің экономикалық
мәні деп аталады. Мемлекеттік бюджет ол үкіметтің басқармасындағы, ірі
орталық ақша қоры болып табылады.
Осы тақырыпта жазылған курстық жұмыс ол кіріспеден, 3-тараудан және
қорытындыдан тұрады. Осы негізгі 3-тарауда қарастырылатын мәселелерге
тоқталатын болсақ. 1-тарауда біз мемлекеттік бюджеттің түсінігі, оның
экономикалық мәні мен рөлін, бюджетті құрудың қандай принциптерінің барын
және бюджет балансына толықтай тоқталамыз,
Курстық жұмыстың 2-тарауда мемлекеттік бюджеттің кірістері мен
шығыстарының құрамы, құрылымы, ондағы республиканың және жергілікті
бюджеттің орындалуын, және бюджет тапшылығы дегеніміз не? Оның пайда
болатын себептерін осы курстық жұмысты жазу барысында толықтай түрде ашып
көрсетіп жазамыз.
Мемлекеттік бюджет - ол өте күрделі механизм болып саналады. Бюджет
деп мемлекеттің өз міндеттерін жүзеге асыруға арналған және тиісті заңдарға
сәйкес белгіленген салықтар мен өзге де кіріс көздерінің және түсімдерінің
есебінен құрылатын орталықтандырылған қаржы бөлігін айтады. Қысқаша
айтқанда мемлекеттік бюджет деп - қаржылау жоспары бойынша құрылған және
мемлекет тарапынан жұмсауға, пайдалануға арналған ақша қоры. Жалпы алғанда
мемлекеттік бюджет бұл ақша түрінде қоғамдық өнімнің бөлінуін және оның
экономика салаларымен халықты қамтамасыз ету үшін қолданылатын ақша бөлігі.
Қоғамымызда мемлекет бюджет республикалық және жергілікті бюджет болып
бөлінеді. Жергілікті бюджет - облыстық, қалалық әкімшіліктен тұрады. Ал
республикалық бюджет мұнда негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен
қалыптастырылады және Қазақстан Республика Үкіметінің, парламенттің
актілерінен жүктелген міндеттерді атқаруға бөлінген және жалпы бағдарды,
шараларды қамтамасыз ету үшін арнайы орталықтандырылған түрде ақша қорының
бөлінуі жатады. Бұл жалпы ішкі өнімнің өзгеруіне байланысты өзгеретіндігі.
Яғни мемлекетіміз бойынша жалпы ішкі өнім өскен сайын мемлекеттік бюджеттің
де артатындығы.
Қазіргі кезде мемлекеттік бюджеттің керектігін мынадан көруге болады.
Өнім өндіру үшін орталықтандырылған ресурстарының құрылуы тиіс және сол
арқылы экономика салалары тоқтаусыз жұмыс атқарулары керек. Мемлекетке
орталықтандырылған түрде қаржының керектігі және сол арқылы халыққа қызмет
көрсету, әлеуметтік мәдени жұмыстарды жүргізу, қорғанысты күшейту білім
саласын көтеру, халықтың денсаулығын сақтау мәдениет пен өнерді дамыту,
ақпарат көздерін және оның сапалылығын арттыру болып табылады. Яғни
халықтың тұрмыстық әл-ауқатының артқы мемлекеттік бюджетке тікелей
байланысты, яғни оның атқаратын рөлі өте жоғары.

I тарау. Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні

1.1 Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен маңызы

Сан алуан қаржы байланыстарында, жекелеген ерекшеліктері бедерленетін
айрықша салалар бар. Мәселен, мемлекеттің кәсіпорындармен, ұйымдармен,
мекемелермен және халық пен қалыптасатын қаржы қатынастары қоғамдық өнімді
құндық бөлудің айрықша саласын құрайды. Бұл қатынастарға бөлу процесінде
туындайтын ортақ белгілерге тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге
арналған, орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты.
Бұл процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы
қатынастарының бұл жиынтығы "Мемлекеттік бюджет" деп аталған ұғымның
экономикалық мазмұнын құрайды.
Мемлекеттік бюджет экономикалық қатынастарының жиынтығы ретінде
объективтік сипатқа ие. Оны бөлудің дербес саласы ретінде өмір сүруінің
қоғамдық өндірістің өзі айқындайды. Оны жоспарлы дамыту орталықтандырылған
ресурстарды қажет етеді. Қаражатты орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы
ауқымында қорлардың үздіксіз айналымын ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың
жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін қажет. Арнайы бюджет саласының құндық
бөлінісі мемлекеттің табиғаты мен қызметінен туындайды. Мемлекет
қаржыландыруға; бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік мәдени шаралар өткізуге;
қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабуға
орталықтандырылған қаржыны қажет етеді. Сөйтіп мемлекеттік бюджет ұдайы
өндірістің қажеттіліктерін мемлекеттің табиғатынан объективті қажеттілік
туындайтын болып табылады.
Экономика қазіргі жағдайда орталықтандырыған қаржы ресурстары
мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынымен қамтамасыз ететін салалық және
аумақтық құрылымдар құрылып, ірі әлеуметтік өзгepicтep жүргізуге мүмкіндік
береді. Орталықтан бөлінетін қаржының көмегімен қаражат экономиканың басты
учаскелерінде шоғырландырылып, мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік
саясатын жүзеге асыруға жағдай жасайды.
Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік бюджет
айрықша қоғамдық арналымда жалпы мемлекеттік қажеттерді қанағаттандыруға
қызмет етеді. Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджетте
қаржы категориясына тән сипаттар бар; бюджет қатынастары бөлістік сипатта
мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді. Сонымен қатар
бюджеттік қатынастардың бөлігі бір ерекшелігі болады. Бірақ ол ерекшелік
қаржыға тән сипат шегінен шықпайды. Мемлекеттік бюджет құн бөлінісінің
айрықша саласы ретінде мыналармен сипатталады;
Жиынтық қоғамдық өнімінің мемлекеттің қолында жинақталып, қоғамдық
қажеттерді өтеуінен байланысты бөліс қатынастарының айрықша экономикалық
формасы болып табылады.
- Құнды жасап, оны тұтыну процесін бедерлейтін материалдық өндіріс
қаржысы мен құнды тұтынуға қажет ететін өндірістен тыс сала қаржысынан
айырмашылығы бюджет халық шаруашылығы салалары аумақтар, экономика
секторлары, қоғамдық қызмет саласы арасында құнды қайта бөліске салуға
арналған.
- Қоғамдық өнімнің тауар формадағы қозғалысымен тікелей байланысы жоқ
құнды бөлісін, одан алшақтау жүзеге асырылады, ал материалдық, өндіріс пен
өндірістен тыс салаларды қаржы қатынастары тауар-ақша қатынастарымен астамы
жатады.
Кез келген басқа экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет
өндірістік қатынастарды бейнелеп, соған лайықты материалдық заттық көрініс
табады. Бюджет қатынастары мемлекеттің ақшалай қapaжаттapының
орталықтандырылған қорында бюджет қорында заттанады. Нәтижесінде қоғамда
жүріп жатқан нақты экономикалық процестерді мемлекет жұмылдырылып,
пайдаланып қаражат тасқынынан көрінеді.
Бюджет қоры қоғамдық өнім ҰТ-ң құндық бөлінісінің тиісті кезеңдерінен
өтіп, ұдайы өндірісті ұлғайту, халыққа әлеуметтік-мәдени қажет көрсету,
қорғаныс, басқару жөнінде қажеттерді қанағаттандыру үшін мeмлeкeт
қарамағына түскен бөлігінің объективті алғышарты бар экономикалық формасы.
Бюджет қорын қалыптастыру мен пайдалану бөлу және қайта бөлуге байланысты
болатын құн қозғалысының процесін білдіреді. Экономикалық категория ретінде
мемлекеттік бюджет қоғамдық өнім құнының мемлекеттің орталықтандырылған
қаражат қорын құру жолымен жоспарлы түрде бөлу, қайта бөлу процесінде және
оны ұдайы өндірісті ұлғайту, қоғамдық қажеттерді қанағаттандыруға пайдалану
барысында мемлекет пен қоғамдық өндіріске басқа да қатысушылардың
қалыптасқан ақша қатынастарын бейнелейді. Бюджет экономикаға бюджет
механизм арқылы ықпал етеді. Мұнда бюджеттің бүкіл экономика ықпал құралы
ретіндегі рөлі көрінеді. Бюджет механизмі мемлекеттің ақшалай қаражатының
орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдістерінің
жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемін
белгілеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдістерін реттеу, бюджетті құру
және орындау процесінде қаржы ресурстарын қайта бөліске салу жолымен жүзеге
асырылады. Өндіріс құрал-жабдықтаушыларына мемлекеттік меншіктің әсіресе
басым болуы шаруашылықты үйлестіре жүргізуді қажет етеді. Мұның өзі бюджет
қатынастарының жұмыс істеуінің жоспарлы мақсатын алдын ала айқындайды.
Бюджет байланысының мақсаты сипаты, мемлекеттің ақшалай қаражатының
орталықтандырылған қоры қозғалысының осыған ұқсас формасы бюджет
байланыстарын тиісті қаржы құжаты елдің негізгі қаржы жоспарында
бейнелейтіндігіне жеткізеді. Онда бюджеттің экономикалық мазмұнын құрайтын
бөліс процестері қарастырылады; кірістер және шығыстардың баптары
мемлекеттік ақшалай қаражатының орталықтандырылған қорын қалыптастыру
көздері мен жұмсалу бағыттарын көрсетеді. Негізгі қаржы жоспары мемлекеттің
жоспары қызметінің нәтижесі, онда қоғамдық барлық мүшелерінің мүдделерін
бейнелейтін мемлекет еркі көрінеді.
Қоғамдық ұдайы өндірістегі мемлекеттік бюджеттің рөлі, ең алдымен
өндірілген ҰТ-ң 39%-нің жалпы қоғамдық өнімнің 18%-ң бөлуге және қайта
бөлуге түсуінен көрінеді. Ол жағдайда атап өтелгендей қаражатты елдің халық
шаруашылығы салалары, қоғамдық қызмет саласы, өндіріс секторлары,
экономикалық аудандары мен аймақтары арасында бөледі.
Бүкіл халық шаруашылығының бюджеті болғанда мемлекеттік бюджет
экономикаға тұтас ықпал жасайды. Мемлекеттік бюджет материалдық өндіріс
саласында оның өсуінің стимуляторы ретінде зор рөл атқарады. Бюджет қаржысы
жеке және қоғамдық қорлар қозғалысының қамтамасыз ету үшін пайдаланды.
Кәсіпорындардағы күрделі жұмсалымдары мен айналым қаржысын бюджеттен
қаржыландыру, операциялық және басқа шығындарын жабу бюджетке жеке
кәсіпорындардың өзіндік айналым қорларына қосылып, оның іркіліссіз
бірқалыпты жүруіне мемлекеттік көмек береді. Өндірістен тыс саладағы бюджет
қаржысы олардың қызметінің одан әрі дамуының басты көзі. Бұл салалардағы
мекемелер мен ұйымдардың басым көпшілігі өздерінің табыс көздері жоқ
болғандықтан мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады. Білім беру; денсаулық
сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, ғылым, мәдениет,
әдебиет және өнер саласындағы мемлекеттің шығындары жалпы мемлекеттік
ауқымындағы әлеуметтік мәдени шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін
қаржы базасы. Өндірістік емес салалар құрылымын ұтымды құруда бюджеттің
маңызы орасан зор. Өндірістік емес салалардың қызметін қаржы ресурстарымен
қамтамасыз ете отырып, мемлекет бюджет арқылы тұтыну қорының нақты көлемін
қалыптастыруға, оны пайдалану да аумақтың пропорцияға әсер ету мүмкін.

1.2 Бюджетті құру принциптері

Мемлекеттік бюджет біртұтастық толықтық, нақтылық, жариялылық
принциптеріне негізделеді.
Біртұтастық принципі бюджет жүйесінің ұйымдық, экономикалық
орталықтандыру дәрежесін білдіреді. Бұл принцип бұрынғы КСРО бюджет
жүйесінде неғұрлым айқын аңғарылатын. Қазіргі уақытта жергілікті
органдардың дербестік алып, оларға қаржы ресурстарын пайдалану жөнінде
біршама құқықтар берілуіне байланысты әлсіреп отыр.
Біртұтастық мемлекетте бірыңғай бюджет жүйесінің, елдің аумағында
әрекет ететін мемлекеттік табыстардың жалпы жүйесінің өмір сүруіне,
мемлекеттік шығындардың біркелкілігінде қаржы құжаттың, бюджет жіктемесінің
бірлігінде көрінеді. Бұл принцип бюджетті жоспарлаудың әдістері мен
ұйымдастыруының бірыңғайлылығын, оның әлеуметтік экономикалық болжаммен
өзара байланысын қамтамасыз етеді. бюджеттің біртұтастығы принципінің
міндеті парламент тарапынан бюджет қаржысы қозғалысына бақылау орнату.
Толықтық принципі үкіметті барлық қаржы операцияның барлық жиналатын
кірістер мен жұмсалатын шығындардың бюджетте шоғырландырып, мемлекеттің
барлық түсімдері мен шығындары әрбір бапта ескерілетінін білдіреді. Қазір
толықтай бұл принцип іс жүзінде қолданбайды. Өйткені бюджетті арнайы
шығыстармен былықтыру жөнсіз деп саналады. Сондықтан соңғы кезде
мемлекеттік бюджеттен мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың дербес бюджеті
бөліп шығарылды. Қаржының едәуір бөлігі арнайы бюджеттен тыс қорлар бойынша
жүреді. (зейнетақы, жұмыспен қамту, жәрдемдесу, жол, әлеуметтік сақтандыру
және т.б.). бұдан басқа "Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі туралы"
заңға сәйкес бюджетте қарастырылмаған аса маңызды шараларды қаржыландыру
үшін немесе белгілі бір мақсаттарға қаржы жетпесе, ағымдағы бюджеттің
орындалуы ескеріліп, қосымша бюджет құрылады. Оны мемлекеттік өкімет пен
басқарудың жоғарғы органдарына қарап бекітіледі.
Нақтылық принцип бюджет жазбаларының жалғандығын болдырмау үшін қажет,
ол бюджетте мемлекеттің қаржы операцияларының нақты көрінуі, бекітілген
солардың сәйкес келуін қарастырылады. Мұнда нақтылық даму болжамдары,
бағдарламаларды көрсетуіне негізделіп, бюджет резервтерімен нығайтылған
барлық кірістер көздері мен шығыстар бағыттары есептеулерінің
негіздемелеріне қарай анықталады.
Жариялық принципі бюджеттің кірістері мен шығыстары туралы
мәліметтерді жұртшылықты бюджеттің құрамы және құрылымымен, тапшылық
көлемімен және оны жабудың әдістерімен (шығындарын қысқарту кірістерді
көбейту, заемдар және басқалар) таныстыру үшін баспасөзде жариялау талабын
білдіреді.
Мемлекеттік бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің аса маңызды
құралы болып табылады. Өйткені, бюджеттің теңестірілгендігі халық
шаруашылығы тепе-теңдігі мен пропорцияны дамуының ең басты және айқындаушы
өлшемі болады. Мемлекеттік бюджет елдің негізгі қаржы жоспары, қаржы
жүйесінің орталық буыны. Оның басты мақсаты қаржы құралдарының көмегімен
экомиканың тиімді дамуы және жалпы мемлекеттік міндеттерді шешу үшін жағдай
жасау.

1.3 Бюджеттің балансы

Әрбір бюджетте кіріс және шығыс бөліктерінің теңестірілуі, яғни тепе-
теңдікке келтірілуі тиіс болады. Бюджетті жасаған кезде ақшалай түсімдер
мен мемлекет шығындарының тепе-теңдігіне жету негізгі мәселе болып
табылады. Ол мемлекеттік борышты қайтаруға жұмсалуы немесе бюджет
қаражатының бос қалдығын құрауы мүмкін Бұл қаржы бюджет кезеңі аяқталған
соң министрлер кабинетінің және жергілікті өкілетті, атқарушы органдарының
банктердегі арнайы шот есебіне аударылады да, кассадағы қолма-қол ақша
айналымын өсіруге пайдаланады. Сонан кейін мемлекеттік борыштарды өтеуге
жұмсалады. Мұндай қажеттілік тумаса, шешімді тиісті билік жүргізуші
органдар жүргізеді. Шығыстардың кірістерден асып кетуі мемлекеттік
бюджеттің тапшылығын тудырады. Зор көлемде ұдайы тапшылық орын алса,
қаржының дағдарысы ұшырағаны. Елдегі ЖҰӨ-нің 2-3% көлемінде бюджет
тапшылығы қалыпты деңгей деп саналады. Мұндайда тапшылық мемлекеттік
заемдар немесе қағаз ақша шығарту арқылы жойылады. Бұл шаралар тапшылық тым
өсіп кеткен жағдайда тиімсіз. Мұның өзі инфляцияның шамадан тыс қарқын
алып, ақша айналымы заңдарының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына апарып
соғады.
Сонда бюджет саясатының халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне аса
маңызды міндеті бюджет тепе-теңдігіне жету болып табылады немее бір жағынан
салықтың экономика жағынан негізделген деңгейін белгілеу, экономика
дамуының нақты жағдайына сай келетін салықтардың ұтымды құрамы есебінен
бюджеттің тапшылығын барынша азайту екінші жағынан кіріс көздерінің мүмкін
болатын көлемі шегінде шығыстарды анықтау немесе қалыптасқан дәстүрлі
бағыттар мен шығындарды шектеу. Бюджеттің табысы кәсіпорын табысына салып
сатудан түскен табысқа салық жергілікті салық сыртқы экономикалық қызметін
табыс, рента төлемдері, салықсыз табыс, табыс салығы, ссуда қорының құрамы
және т.б.
Бюджеттің шығысы экономиканы, қоғамдық мәдени бағдарламаны,
қорғанысты басқаруды, мақсатты бағдарламаны қаржыландыру, несие және баса
мемлекеттерге көмек. Мемлекеттік бюджеттің 2 жағдайы:
1. Әдеттегі қарапайым, eгеp шығыс табысқа тең болса,
2. Тапшылықты, егер шығыс табьютан жоғары болса. Біз бүгінгі таңда
еңбекшілердің мүдделерін қорғамай, мемлекеттік бюджетті теңестіруге
қаншама әрекет жасасақ та, оны істеу мүмкін емес. Ал мұның өзі болашақта
нақты көп шығындардың жасалуына жол бермеу үшін бюджет тапшылығын едәуір
қысқартуды нақты қамтамасыз ете алатын, көп тарамаған парасатты шаралардың
(әлеуметтік шараларға қарсы) бәрін қолдану керек.
Мемлекеттік бюджеттің теңгерілімділігі проблемасы бұрынғы КСРО-дан
тараған тәуелсіз мемлекеттер үшін бәрінен де актуальды болып отыр. Ең
алдымен тәуелсіз республикамыздағы өндірістің салааралық құрылымын әртүрлі,
мұның өзі мүмкіндік бюджеттерге түсетін түсім баптарына ықпал етеді. оның
үстіне тәуелсіз мемлекеттердің бұрынғы КСРО қарыздарын төлеуіне тура
келеді. Тәуелсіз мемлекеттердің мемлекеттік бюджет тұңғыш рет дербес
қалыптастыруы керек болып отыр. Мәселе мынада: 1981 жылға дейін одақтас
республикалардың мемлекеттік бюджеттері КСРО мемлекеттік бюджетінің
құрамына еніп келді. Мұндай жүйе бұрынғы елімізде ол КСРО конституциясында
заң жүзінде баянды етілген 1924 жылдан бастап өмір сүрген еді. Одақтас
республикалар мен жергілікті кеңестердің бюджеттік құқықтары. КСРО
конститутциясының және одақтас республикалар конститутцияларымен, КСР
одағының және одақтас республикалардың бюджеттік құқықтары туралы КСРО
заңымен және одақтас және автономиялы республикалардың, сондай-ақ халық
депутаттары жергілікті кеңестерінің бюджеттік құқықтары туралы әрбір
одақтас республикада қабылданған заңдар мен реттеледі. Бұл заң актілерімен
мыналар белгіленді: одақтас республикалар бюджеті, республикалық және
жергілікті бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы; жергілікті
бюджеттің түрлері арасындағы кірістер мен шығыстардың ара жігін ажырату
тәртібі; бұл бюджеттің жасалу; қаралу, бекітілу және олардың атқарылуы
туралы негізгі ережелер; кәсіпорындардың ұйымдар мен мекемелердің бюджет
пен өзара қатынастары, сондай-ақ Одақ, республикалар және басқа да,
әкімшілік шаруашылық өлшемдер арасындағы бюджеттік өзара қатынастар.
Одақтас республикалар өз бюджеттерін бекіткен кезде кірістерін
жекелеген көздері (бойынша түсімдердің мөлшерін және шығыстардың халық
шаруашылығы, әлеуметтік мәдени шараларды басқаруды және т.б. қаржыландыруға
бағытталуын белгілейтін қажет болған жағдайда олар кірістер мен шығыстардың
жалпы сомасын көбейте алатын, бірақ ел бюджетінде жалпы одақтық кірістер
мен салықтардан бөлінетін қаржының республикалар үшін белгіленген мөлшерін
өзгеріссіз қалдыратын. Одақтас республикалардың мемлекеттік бюджеттеріне
мынадай кірістер республикалардың және жергілікті бағыныстағы кәсіпорындар
мен шаруашылық ұйымдардан пайдадан төлейтін төлемдер және басқа да
түсімдер, ал 1998 жылдан бастап одақтың бағыныстағы кәсіпорындар
төлемдерінің бір бөлігі, орман кірісі, колхоздардан, кооперативтік және
басқа да қоғамдық ұйымдардан табыс, ауыл шаруашылығының салығы, жұмысшылар
мен қызметкерлердің табыс салығынан төленетін қаржылар және т.б. түсіп
отырады.
Республикалардың ең басты мәселелері ретінде жарияланған экономикалық
тәуелсіздігі дегеніміз - әрбір республиканың қаржы дербестілігі мен беріп
қаржы базасын нығайту. Бұл түсінікті де, өйткені қаржы жағынан тәуелді
болып отырғанда, шын мәнінде егеменді болу мүмкін емес. Сонда экономикалық
егемендіктің қаржы жағы түпті және айқындаушы нәрсе деп те айтуға болады.
Әрине, өзінің қаржы ресурсы болмайынша (немесе оларды басқа жақтан алып
отырғанда), республиканы дербес экономикалық шешімдер қабылдайды деп шын
мәнінде сөз етуге де болмайды. Қазіргі толықтай республикада қаржы
бюджеттерін қалыптастыру көздерін айқындап, олардың тапшылығын жою
жөніндегі шаралар белгіленген салық салу туралы заңдар қабылдап, мұның өзі
олардың егемендігін нығайтудағы маңызды қадам болып табылады.

II тарау. Мемлекеттік бюджеттің құрамы

2.1 Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары

Мемлекеттік бюджет кірістерінің көздері әдетте, салықтар немесе
төлемдер болып табылады. Мысалы: бұрынғы КСРО-да мемлекеттік бюджетте қаржы
түсімдерінің басты көзі кәсіпорындармен ұйымдар пайдаланғаннан алынатын
төлемдер мен айналым салығының түсімдері болып келеді. Бұл төлемдер
экономикалық мәні жағынан салықтық түсімдер болып табылғанымен ресми түрде
олай саналмайтын еді. Сол сияқты 1991 жылға дейін формальды түрде салықтар
қатарына жатпағанымен, іс жүзінде өнім мен оны өткізу бағасының құрамына
енетін, жанама түрде халық төлейтін әлеуметтік сақтандыруға (10% дейін)
бөлінген қаражаттар бюджетке түсетін. Халық шаруашылығы дамуының қазіргі
кезінде республиканың бюджеттің кipici мыналардың есебінен қалыптасып отыр:

• қосылған құнға салынатын салық
• акциздер
• меншік формасына қарамастан кәсіпорындардың бірлестіктер мен
ұйымдардың, салық ішінде шетелдік және біріккен кәсіпорындардың
пайдалануына салынатын салық
• жер салығы
• тіркелген төлемдер
• құнды қағаздармен жасалатын операцияларға салынатын салық
• ҚР 1992 ж. мемлекеттік ішкі ұтыс заемный, қазыналық бондарын
өткізуден түскен табыстар
• қысқа мерзімді қазыналық вексельдерді аукционда сатудан алынатын
табыстар
• мемлекеттік мүлікті өткізуден түскен түсімдер
• басқа да жалпы республиканың салықтар, алымдар мен салық алынбайтын
әртүрлі төлемдер
• сыртқы экономикалық қызметтен түсетін табыстар
• ҚР- сы аумағында орталықтандырылған барлық меншік формасындағы
кәсіпорындар, бірлестіктер мен шаруашылық жүргізуші субъектілер
республикалық бюджетке кезең тарифтеріне сәйкес ұлттық валютамен экспорттық
және импорттық баж салығын төлейді.
Мына қорларға түсетін және олардан аударылатын қаражат республикалық
бюджеттің кіріс құрамына ескеріледі.
Жер қойнауын қорғау және минералдық шикізат базасын ұдайы толықтыру
қоры;
• экономиканы өзгерту қоры;
• жол қоры;
• жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қоры;
• керекті қолдану және бәсекелестікті дамыту қоры;
• әлеуметтік сақтандыру қоры және зейнетақы қоры;
• табиғатты қорғау қоры;
1994 жылға арналған республикалық бюджетке келіп түсетін табыстар
көздері бойынша салықтар алымдар мен басқа түсімдер оның кірісінің 40%-тен
астамы мақсатты қаржыландыру қорлары 50 және сыртқы экономикалық қызметінің
кірісі 6,3% құрады. Жергілікті бюджеттің кірістері ҚР-ң заңдарында
бекітілген көздер және жалпы ақша есебінен құралады.
ҚР азаматынан, шетел азаматынан және азаматтығы жоқ адамдардан
алынатын табыс салығы, мемлекеттік баж салығы, су үшін төлем және табиғи
ресурстарға салынатын салық, орман табысы, жалпыға бірдей міндетті
жергілікті салықтар мен алымдар ставкаларын жергілікті әкімдер айқындайтын
жергілікті салықтар мен алымдар, ҚР-ң 1992ж. мемлекеттік ішкі заемын
орналастырудан түсетін түсімдер, алымдар мен салық салынбайтын әртүрлі
төлемдер толығымен жергілікті бюджеттердің есебінен есептеледі.
Республикалық бюджетті есептейтін жекелеген табыс түрлері бұған қосылмайды.
Жалпы мемлекеттік салықтар, алымдар мен төлемдер бөлігінің мөлшерін ҚР-ң
жоғарғы кеңесі белгілейді.
Мемлекеттік бюджеттің шығыс бөлігі көптеген бағыттарды қамтиды. Олар
ірілендіріліп, былай біріктіріледі: халық шаруашылығын қаржыландыруға
бөлінетін қаржы бүкіл шығыстардың 15% құрайды, әлеуметтік мәдени шараларды
қаржыландыруға бөлінетін қаржы 6%-тен астамын құрайды. Қалған қаржы
мемлекеттік өкімет, мемлекеттік басқару, сот, органдарымен
прокуратуратураны, құқық қорғау органдарын ұстауға қорғанысқа жұмсалады.
Қаржының бір бөлігі Министрлер Кабинетінің резерв қорын және құрауға,
мемлекеттік борышты ақтауға және басқаларға жұмсалады.
Республика бюджетінің шығыс бөлігінің құрамы мен құрылымы әлеуметтік
экономикалық бағыты бөлекше: әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға
6,4% мемлекеттік өкімет органдарының, сот органдарын және прокуратураны
ұстауға 0,8%. Қаржы резервтерін құру және мемлекеттік борышты ақтауға
шығындар қарастырылады.
Халық қаржыландыру шығындарының едәуір бөлігі субвенция формасында
төлемі бюджеттерге жіберіледі.
Шаруашылығын және әлеуметтік-мәдени шараларды бюджет жіктемесі - бұл
мемлекеттің қаржы органдарының бүкіл қаржыландыру шығындарының едәуір
бөлігі субвенция формасында төлемі бюджеттерге жіберіледі. Бюджеттік
қызметінің негізін қалайтын бюджеттің кірістері мен шығыстарының жүйеленген
экономикалық топтамасы.
Бюджет жіктемесі мемлекеттің экономикалық және әлеуметтік дамуының
жоспарлы болжамдары және бағдарлары мен ведомстволар, ұйымдар мен
мекемелердің қаржы жоспарларының байланысын қамтамасыз етеді. Кәсіпорындар,
мекемелер мен ұйымдарды қаржыландыру шығындардың жеке түрлерін анықтайтын
баптар бойынша жүргізіледі: еңбек ақы қоры, жалақы есебі, кеңсе және
шаруашылық шығындары, құрал-жабдықтар сатып алу, күрделі жұмсалым, күрделі
ғимараттарды жөндеу және т.б.
Елдің қаржы жоспары болып табылатын мемлекеттік бюджеттің кіріс және
шығыс баптары болады. "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" заң
қабылданғанға дейін бюджеттің кіріс бөлігінің негізгі бабы айналым салығы,
ал содан соң пайдадан төленетін төлем болып келеді.
Салық салу жүйесіндегі өзгерістерге байланысты мемлекеттік бюджеттің
кіріс бөлігі мына бағыттар бойынша: қосылған құнға салынған салықтан;
пайдадан салынатын салықтан; әлеуметтік сақтандыруға төленетін жарнадан;
халықтан алынатын салықтар мен басқа да төлемдер сыртқы сауда мен сыртқы
экономикалық қызметтен келтірілетін кірістен және басқаларынан
қалыптастыруға тиіс.
Бюджеттік шығыс бөлігі былайша бөлінеді: әлеуметтік саланы дамытуға
әлеуметтік-мәдени шараларды қаржыландыруға мұқтаждарға берілетін нысаналы
бюджеттік дотация тұрғын үйлер, денсаулық сақтау, ағарту, мәдениет
объектілерін және т.б. салу; халық тұтынатын тауарлар өндіру мен халыққа
қызмет көрсетуі жөніндегі кәсіпорындар құрылысына қаржы жұмсау; халықтың
тұрмыс деңгейін арттыру жөніндегі орталықтандырылған шаралар және заемдарды
өтеу; әскери шығындар; құқық қорғау органдарын ұстау; басқару шығындары;
ғылымды қаржыландыру; сыртқы экономикалық қызметке байланысты және басқа
шығындар. Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сай түрлі қызметін көрсететін
күрделі де көп қырлы құжат.
Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының құрылымы
бейнеленеді. Шығыста бюджеттік шығысы қаржылардың бағыттары мен қызметтері
көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден
тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындары, әлеуметтік
экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шығындар, мемлекеттік
шаруашылық жұмысшының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің
шығындары.

2.2. Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы.

ҚР қаржы министрлігінің деректері бойынша 2005 жылдың желтоқсанына
республиканың бюджет 32,2 млрд.тг. профицитпен орындалды. Барлық түсімдер
457,9 млрд. тг. Соның ішінде салықтан 288,8 млрд, тг.(63%), салықтан басқа
53,8 млрд. тг. (11,7%), алынған ресми трансферттер 84,2 млрд. тг. (18,4%),
түсімдер көлемі 2006 жылға тиісті кезеңдегі деңгейден 29,6% асып түсті,
олардың 15,3% салық түсімдері бойынша. Салық емес түсімдер көлемі 94,8%
өсті. Соның ішінде кәсіпкерлік қызмет пен меншіктен түскен табыс 33,5 млрд.
тг. 4,1 есе артты. Келіп түскен ресми трансферттер деңгейі 49,3% жоғары.
Кредиттеуді есепке алғаңда шығыс 425,7 млрд, теңгені құрады. Бұл
көрсеткіш өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 28,5% артты. Соның
ішінде экономикалық өндірістік саласына шығыстар 8,4%, одан көлік пен
байланыс салалары бойынша 83%, мемлекеттік қызметтерге 48,1% артты. Осы-
кезең ішінде ҚР-ң жергілікті бюджетіне түсімдер 357,4 млрд. тг. шығыстар
кредиттеудің есепке алғанда 348,6 млрд. тг. болды. Бұл 2005 жылы тиісті
кезеңдегідей тиісінше 24,4% және 35,5% көп. 2006 жылдың 1 желтоқсанында ҚР-
ң жергілікті бюджетті 8,8 млрд. тг. (профицитпен орындалды. 2006 ж. 1
желтоқсанда ағымдағы бағалармен республикалық және жергілікті бюджеттердің
орындалуын төменде келтірілген кестеде сипаттайды.
Есепті кезеңде республикалық бюджеттің 79,1% табыстар (соның ішінде
салықтар 74,8%), ресми трансферттер 18,4%. Шығыс бөлігінде негізгі үлес
43,3% әлеуметтік саланың меншігінде одан 80,9% әлеуметтік қамтамасыз етудің
және 21,1% жалпы мемлекеттік қызметтер үлесіне тиеді.

Республикалық және жергілікті бюджеттердің орындалуы. 1- кесте.
Түсімдердің Республикалық бюджет Жергілікті бюджет
аталуы
2005 ж. ҚорытындыЕсепті 2006 ж. ҚорытындыЕсепті
1 пайыз кезеңге 1 желто пайыз кезеңге
желтоқсаесебімен нақтыланғқсанға есебімен нақтыланға
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бюджеттің балансы
Бюджетті құру принциптері
Мемлекеттік бюджеттің мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі жайлы
Бюджет жүйесінің мәні және оның құрылымы
Қазақстан Республикасынының бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджет немесе федералдық бюджет немесе орталық мемлекеттің бюджеті
Қазақстанның бюджет жүйесі
Мемлекеттік бюджет кірістері
Мемлекеттік бюджет экономикалық категория ретінде
Пәндер