Экономикалық қатынастардағы мемлекеттік бюджет



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

I – тарау. Бюджеттің құрылымы және бюджет жүйесі

1.1 Бюджет түсінігі және оның қаржы жүйесіндегі орны

1.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет жүйесінің құрылымы

1.3 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттіқ бюджеттің кірістері мен
шығыстары

II – тарау. Экономикалық қатынастардағы мемлекеттік бюджет
1. Бюджет тапшылығын жабу шаралары

2. Мемлекеттік борышты атқарудағы болатын мәселелер
3. Баланстанған бюджет

III – тарау. Бюджеттің экономикалық ролі мен маңызы

Қорытынды
Қосымша

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бюджет жүйесі - бұл қаржылық қатынастардағы үлкен маңызы бар
эканомикалық механизм. Бюджет жүйесін қалыптастыру және оны дұрыс бағытта
дамыту әр-бір мемілекеттің проблемасы болып табылады. Бұл курстық жұмыста
бюджет жүйесінің құрылымын, жұмыс істеу тәсілдерін, болатын
ауыртпалықтарын қарыстырамыз.
I - тарауда жалпы бюджеттің түсінігін, қызыметін, мемлекеттің
қаржылар жүйесіндегі рөлін анықтаймыз. Қазақстан Республикасы бюджетінің
жүйесі, оның принциптері, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер мен сол
мемлекеттік бюджет қаражатының жұмсалуы туралы айтамыз.
II - тарауда мемлекеттік бюджеттің шығыстарының табыстардан асып
кетуін яғни бюджет тапшылығын, оның болу себептерін, болатын
ауыртпалықтарын және бюджет тапшылығын табудың тәсілдерін қарастырып
өтеміз. Тапшылықтан туындайтын мемлекттік борыш дегеніміз не, оның
мемлекетпен оның халықының тұрмысына тигізетін кері әсерлерін, шығындарды
қаржыландыру баланстанған бюджет туралы айтылады.
Ал III – тарауда мемлекеттік бюджеттің экономикалық
қатынастардың жиынтығы ретіндегі объективті сипатын ашуға тырыстым. Бөлудің
дербес сферасы ретіндегі оның өмір сүруінің объективті қажеттігі ұлғаймалы
ұдайы өндірістің қажеттіліктері мен, мемлекеттің табиғаты мен және
функциясы мен байланысы. Бұл тиісті орталықтандырылған ресурстарды қажет
етеді. Ақша қаражаттарын орталықтандыру бүкіл ұлттық шаруашылық ауқымында
үздіксіз ауыспалы айналымды ұйымдастыру үшін, жалпы экономиканың жұмыс
істеуін қамтамасыз ету үшін қажеттілігін ашып көрсетілді.

I – тарау. Бюджеттің құрылымы және бюджет жүйесі.
1.1. Бюджет түсінігі және оның қаржы жүйесіндегі орны.
Мемлекеттік бюджет дегеніміз- бұл кіріс пен шығысты салыстыратын финанстық
жоспар. Бюджетте жалпы ұлттық өнімнің елеулі бөлігі шоғырланған. Бюджет
әрбір елде мемлекеттік қаржының негізін құрайды, ал дәлірек айтатын
болсақ, мемлекеттік бюджетті және әкімшілікті бірліктірдің бюджеттерін
кірістіретін бюджет жүйесі құрайды.
Ең алдымен бюджеттік жүйе әрекет етуші мемлекеттік құрылыспен
анықталады. Біртұтас мемлекеттерде (Қазақстан солардың қатарына жатады)
бюджеттік жүйе екі звенодан құралады: мемлекеттік және көптеген жергілікті
бюджеттер. Ресей сияқты федеративті мемлекеттерде бюджеттік жүйе уш
звенодан тұрады: мемлекеттік бюджет (федерациялық бюджет), федерация
мүшелерінің бюджеттері және жергілікті бюджеттер.
Қоғамдық өнімді құндық бөлу процесінде мемлекеттің кәсіпорындармен
ұйымдармен, мекемелермен және халықпен қалыптасатын қаржы қатынастарының
айрықша саласы құрылады. Бұл қатынастарға бөлу процесінде туындайтын ортақ
белгілер тән және олар қоғамдық қажеттерді өтеуге арналған,
орталықтандырылған қаражат қорын құрып, пайдалануға байланысты. Бұл
процесс мемлекеттің тікелей қатысуымен жүзеге асырылып отырады. Қаржы
катынастрының бұл жиынтығы мемлекеттік бюджет деп аталған ұғымның
экономикалық мазмұнын құрайды. Мемлекеттік бюджет экономикалық
қатынастардың жиынтығы ретінде объективті сипатқа ие. Қоғамдық өндірісті
жоспарлы дамыту орталықтандырылған ресурстарды қажет етеді. Қаражаттарды
орталықтандыру бүкіл халық шаруашылығы ауқымында қорлардың үздіксіз
айналымын ұйымдастыру үшін және жалпы экономиканың тұрақты жұмыс істеуін
қамтамасыз ету үшін қажет. Бүкіл қоғам ауқымында әлеуметтік-мәдени
шараларды өткізуге қорғаныс міндеттерін шешуге, мемлекеттік басқарудың
жалпы шағындарын жабуға орталықтандырылған қаржылар қажет.
Сондықтан мемлекеттік бюджеттің объективті қажеттілі ұдайы
өндірістің қажеттерінен, мемлекеттің табиғатынан туындайды. Мемлекеттің
орталықтандырылған қаржы ресурстары мемлекетке қоғамдық өндіріс қарқынын
қамтамасыз ететін салалық және аумақтық құрылымдар құрып, ірі әлеуметтік
өзгерістер жүргізуге мүмкіндік береді. Орталықтан бөлінетін қаржының
көмегімен қаражат, экономиканың басты секторларында шоғырландырылып,
мемлекттің экономикалық және әлеуметтік саясатын жүзеге асыруға жағдай
жасайды. Сөйтіп, құндық бөліністің айрықша бөлігі ретінде мемлекеттік
бюджет айрықша қоғамдық арналымды жалпы мемлекеттік қажеттерді
қанағаттандыруға
қызмет етеді.
Қаржы қатынастарының жиынтығы ретінде мемлекеттік бюджеттің қаржы
категориясына тән сипаты бар: бюджет қатынасы бар бөліністік сипатта
мақсатты ақша қорларын құрап, пайдалану арқылы жүреді. Кез келген басқа
экономикалық категория сияқты мемлекеттік бюджет өндірістік қатынастарды
бейнелеп, соған лайықты материялдық-заттық көрініс табады. Бюджет
қатынастары мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорында
- бюджет қорында заттанады.
Бюджет қаржылық катынастардың күрделі кешені болып табылады,
сондыктан оны шешу әдістері де кешенді болуы керек. Тек ол жағдайда ғана
мемлекеттік бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің тиімді құралы
ретінде өз қызметін толығымен атқара алады. Бюджеттік саясат дегеніміз
мемлекеттік шығындар, салық ставкалары мен мемлекеттік қарыз саясаты,
экономикалық белсенділіктің жалпы деңгейіне әсер ету максатындағы
мемлекеттік табыстар мен шығыстар деңгейін реттеу тәсілі, нарықтық тепе-
теңдікті ұстап тұру мен ұлттық экономиканың бөлек салаларын дамытуды
ынталандыру.
Бюджеттік саясат мемлекеттік бюджетті өңдеу мен іске асыру арқылы
жұзеге асырылады. Мемлекеттік бюджет елдегі белсенді экономикалық саясатты
жүзеге асыру жөніндегі мемлекеттік органдардың маңызды құралы.
Мемлекеттік қаржы жалпы ішкі өнімді кайта бөлудің басты құралы болып
табылады. Мысалы: Швецияда мемлекеттік қаржы арқылы өндірілген өнімнің
үштен екісі қайта бөлінеді. Жапонияда үштен бірі, ал Францияда,
Норвегияда, Нидерландыда жартысындайы. Бюджеттік шығындар саяси әлеуметтік
және шаруашылық сипаттағы көптеген қызметтер атқарады. Бюджет шығындарының
құрылымын өзгерте отырып мемлекеттік органдар сұраныс пен капитал салым
көлеміне, экономиқалық салалық және аймактық құрылымындарына, элемдік
нарықтағы бәсекелістікке реттеуші әсерін тигізіп отырады және кандайда
болмасын экономикалық саясаттың практика жүзінде іске асырылуына қол
жеткізе алады.
Мемлекеттік бюджетті өңдеу мен қабылдау тәртібі – мемлекет кірісі мен
шығыстарын қалыптастырудың заңды түрде бекітілген процедурасы. Бюджетті
бекіту кезінде өкілетті және орындаушы органдардың мүдделері қайшылыққа
түсуі мүмкін. Кейде мұндай қайшылықтар Парламент немесе үкімет
таратылуымен аяқталуы ықтымал. Бюджеттік жүйе туралы заңда келесі жылдың
басына дейн республикалық және жергілікті бюджеттерді қабылдамаған
жағдайдағы Президент, Парламент, Үкімет, Маслихат және әкімшіліктердің
жауапкершілігі анық көрсетілген. Бюджетті қарастырушылар белгілі бір
берілген жағдайларға сәйкес оны өңдейді. Дәлірек айтқанда:
1.Әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары;
• Халықтың бөлек топтарына көмек көрсету;
• Әлеуметтік саланы қаржыландыру
• Өндірушілерге селективті түрде қолдау көрсету;
• Ғылым және қорғаныс потенциялына қолдау корсету;
• Ұлттық экономиканың дамуына әсер етуші сыртқы экономикалык шектеулер:

• Экспорттық мүмкіншіліктер;
• Импорттық мүмкіншіліктер;
• Төлем балансы.
• Мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлігін қалыптастыруға әсер ететін ішкі

шектеулер:
өндірістің дамуы;
кірістің ұлғаюы;
мүлік жағдайының өзгеруі;
акциз, тарифтер стафкалар деңгейі.
Егер XX – ғасырдың басында жалпы ұлттық өнім құрамында мемлекттік
бюджеттің ара салмағы 5-10 % болса, қазіргі жағдайда дамыған елдерде 35-
40% - ін құрайды, яғни ұлттық табыстың едәуір бөлігі мемлекеттік бюджет
арқылы кайта бөлінеді. Мемлекеттік бюджеттегі ірі сомалар мемлекетке
бесенді түрде экономикалық-әлеуметтік саясатты жүргізуге мүмкіндік береді.
Өкімет биілігіне бизнесті реттеу де, ағарту жүйесін жақсарту да,
экономикалық дамуды ынталандыруда болуы тиіс.

2. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджет жүйесінің құрылымы.
Қазақстан Республикасының бюджет жуйесі экономикалық қатынастарға және
тиісті құқықтық нормаларға негізделген әртүрлі деңгейдегі бюджеттерді
қамтиды. Қазақстан Республикасында жиынтығында мемкеттік бюджетті құрайтын
республикалық бюджет пен жергілікті бюджеттер дербес жұмыс істейді.
Бюджет жүйесінің жұмыс істеуі бюджеттердің әртүрлі деңгейлерінің
өзара байланысына негізделген және оларды әзірлеу, қарау бекіту, атқару,
бақылау тәртібімен сондай-ақ республикалық және жергілікті бюджеттердің
атқарылуы туралы есеппен қамтамасыз етіледі. Қаржы жылына раналған
республикалық бюджет Қазақстан Респуликасың заңымен, жергілікті бюджеттер
– маслихаттардың шешімдерімен бекітіледі. Барлық деңгейдегі бюджеттерді
қалыптастыру, бекіту және олардың атқарылуынесепке алу ұлттық валютамен
жүзеге асыралады.
Бюджет жүйесі экономикалық қатынастармен заң нормаларына негізделегн
өз алдына жеке бюджеттердің жиынтығы. Бюджет құрылысы дегеніміз – бюджет
жуйесін құрудың принциптері, оның буындарын өзара байланыстудың ұйымдық
формалары. Қазақастан Республикасының бюджет жуйесі түрлі деңгейдегі
бюджеттердің экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген
жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу, қарау, бекіту, атқару және атқарылуын
бақылау процессі болып табылады. Бюджет жүйесінің құрылымы елдің ұлттық-
мемлекеттік құрылымы мен анықталады. Қазақстан Республикасының Ата
заңында республикамыздың бюджет жүйесу республикалық және жергілікті
бюджеттерден құралатыны анықталған. Сондай-ақ республика аумағында қаржы,
салық, ақша-несие, валюта және баға саясаты жүргізіледі, біріңғай салық
қызметі жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының бюджет жуйесінің
мыналар кіреді:
- республикалық бюджет;
- жергілікті бюджеттер, соның ішінде;
- облыстық, қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар);

қалалар бюджеттері және арнайы экономикалық аймақтардың бюджеттері.
Қаржы жылына арналған республикалық бюджет – Қазақстан Республикасының
заңымен, жергілікті бюджеттер тиісті жергілікті өкілді органдардың
шешімдерімен бекітіледі. Қаржы жылына арналған бюджеттен тыс қорлар мен
арнайы экономикалық аймақтардың экономикалық және әлеуметтік даму
қорларының бюджеттері осы қорлар туралы заңдарға сәйкес бекітіледі. Бюджет
жүйесі оның экономикалық саясатымен шарттастырылатын мемлекеттің қаржы
саясатын таратуда үлкен рөл атқарады. Бұл кезде мемлекеттік қаржылық
реттеу маңызы бюджет жүйесі арқылы қаржы ресурстарын қайта бөлу
практикасындағы қазіргі уақытта жүретін уақытты ескермей бағалау қиын. Бұл
қайта бөлулер қаржы рыногы арқылы олардың сұранысымен, ұсынысымен сәйкес
жоғары деңгейде жүзеге асады. Сондықтан рыноктық қатынастарды мемлекеттік
реттеудің ролі салық, қаржы және жеңілдік жүйелер арқылы күшейуі тиіс.
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі барлық бюджеттердің бірлігі
толықтығы, нақтылығы, жариялылығы жеке дербестігі принциптеріне
негізделеді. Бюджеттердің бірлігі бірыңғай бюджеттік сыныптаманы
пайдаланумен, бюджеттің бір деңгейінен басқа деңгейіне беріліп отыратын
мемлекеттік қаржы статистикасы нысанының білігімен бюджет рәсімінің
принциптерімен ақша жүйесінің бірлігі мен қамтамасыз етіледі. Ол
бюджеттердің түсімдерін қайта бөлу арқылы өзара іс-қимыл жасауға
негізделген. Бюджеттердің толымдылығы Қазақстан Республикасы салық және
бюджет заңдарында белгінетін барлық түсімдердің, соның ішінде ұлттық
компаниялар түсімдерінің және шығыстардың бюджеттерде міндетті және толық
көрсетілуімен қамтамасыз етіледі. Бюджеттердің нақтылығына Қазақстан
Респуубликасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауына сәйкес
оларды Қазастан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуы индикативтік
жоспарының өлшемдеріне сәйкес келтіру арқылы қол жеткізіледі. Бюджеттерің
жариялылығы олардың атқарылуы туралы есептердің жариялануы арқылы
қамтамасыз етіледі. Бюджеттердің арасында кірістерді бөлудің тұрақты
нормативтерін орнықтыру және бюджет қаражатының жұмсалу бағыттарын
белгілеу құқығы арқылы қамтамасыз етіледі. Бюджетті жоспарлау бірлігі:
1. Мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын бюджетттік
бағдарламалардың тізбесін қалыптастыруда.
2. Мемлекеттік бюджеттің облыстардың бюджеттеріне берілетін
субвенциялардың және облыстар бюджеттерінен мемлекеттік бюджетке
бюджеттік алулардың ұзақ мерзімді мөлшерлерін Қазақстан Республикасын
заң актілерінде белгілеуде.
3. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қаржыларды басқаруға жауап беретін
уәкілетті мемлекеттік органымен келісе отырып, облыстар мен Астана
және Алматы қалаларының бюджеттеріне түсетін түсімдер сомасы
анықтауда.
4. Тиісті қаржы жылына арналған мемлекеттік бюджет туралы заңда
областармен Астана және Алматы қалалары бюджеттінің ерекше маңызды
бюджеттік бағдарламалары бойынша шығыстардың ең аз мөлшерін бекітуде;
5. Мемлекеттік бюджет туралы заңмен бекітілген жергілікті атқаруші
органдар бойынша қарыз алудың жиынтық лимиті шегінде облыстар мен
Астана және Алматы қалаларынң тиісті қаржы жылына арналған
бюджеттірінің қарыз алу лимиті белгіленуде;
6. Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілейтін тәртіппен жергілікті
атқарушы органдардың қарыз алуы жөніндегі сый ақының шекті мөлшерін
белгілеуге негізделеді.
Бюджеттің құрылымы мыналардан тұрады:
1. Түсімдер: кірістер, алынған ресми трансферттер (грандттар) бұрын
бюджеттен берілген кредиттер бойынша негізгі борышты өтеу;
2. Шығыстар және кредит берулер;
3. Бюджет тапшылығы (профициті);
4. Бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру;

1.3. Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары.
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстары.
Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер мыналарды қамтиды:
1. Мемлекеттік бюджеттің кірістері (арнайы экономикалық аймақтардың қаржы
қорларына бюджеттеріне есептелетін сомалардан басқа), олар мыналардан
тұрады:
• салықтардан, алымдардан және басқа да міндетті төлемдерден алынатын
табыс салығы – 50 процент;
• қосылған құнға салынатын салық, акциздер;
• спирттің барлық түріне 50 процент;
• темекі бұйымдарына;
• хрустальді жарық беру аспаптарына;
• импортталатын тауарларға;
• жасалған зергерлік бұйымдарға;
• газ конденсатын қоса алғанда, өңделмеген мұнайға;
Жасалған келісім шарттарға орай мемлекеттік бюджетке түсетін бөлігінде
өнім бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының үлесі;
• бағалы қағаздар эмиссиясын тіркеу ушін алым;
• Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп
өткені үшін алымдар;
• Жеке адамдардың шетел валютасымен нақтылай сатып алғаны үшін алым;
• Бонустар, кедендік бақылауды және кедендік рәсімдерді жүзеге асырудан
түсетін түсімдер;
• Қазақстан Республикасының радиожиілік ресурстарын пайдаланған үшін
төлемдер;
• Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемдер;
2. Салықтық емес түсімдер: мемлекеттік кәсіпорындар пайдасының үлесі;
• Орталық артарушы органдарга бағынысты мемлекеттік мекемелерге тиеісілі
мүліктерді сатудан түсетін түсімдер;
• Мемлекеттік меншік болып табылатын акциялар пакеттерінен түсетін
девиденттер;
• Орталық атқарушы органдарга бағынысты мемлекеттік мекемелердің
көрсеткен қызметтерін сатудан алынатын түсімдер;
• Мемлекеттік меншіктегі мүлікті жалғы беруден алынатын түсімдер;
• Орталық атқарушы органдарга бағыныста мемлекеттік мекемелер заңға
сәйкес ұйымдастыралатын мемлекеттік сатып алуды жүргізуден түсетін
ақша;
• Консулдық алымдардан түсетін түсімдер;
• екінші деңгейдегі банктерде қолданылатын санкциялар сомаларының түсімі;
• Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген, орталық атқарушы
органдарға бағынысты мемлекеттік мекемелер өндірул\ден алатын әкімшілік
айыппұлдар мен санкциялар;
• Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген өзге де салыққа
жатпайтын және басқа түсімдер;
• Арнайы экономикалық аймақтардың қаржы қорлары (бюджеттері) кірістерінің
жалпы салысынан қаржы бөлу;
3. Капиталмен жүргізілетін операциялардан алынатын кірістерден,
мемлекеттік меншікті жекешелендіруден алынатын түсімдер;
• Мемлекеттің резервтерден алынған тауарлар үшін берешекті өтеуден және
мемлекеттік қордан астық сатудан алынатын түсімдер;
• Жерді және тұрақты жер пайдалану құқығын сатудан алынатын түсімдер;
• Алынған ресми трансферттер (гранттар);
Мемлекеттің ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын жасаумен және
пайдаланумен байланысты бюджеттің қызметі айырықша эканомикалық формалары
– бюджеттің кірістері мен шығыстары арқылы атқарылады. Олар құндық
бөліністің жеке кезеңдерін көрсетеді. Екі категория да объективті және
бюджет секілді өздерінің арнайы қоғамдық міндеттері бар,кірістер
мемлекетке қажетті қаражатпен қамтамасыз етсе, шығыстар орталықтандырылған
ресурстарды тиісті жалпы мемлекеттік қажеттерге бөледі.
Кірістер мен шығыстардың құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты
әлеуметтік- эканомикалық, тарихи жағдайда жүзеге асыратын бюджет пен салық
саясатын іске асыру бағыттарына байланысты. Соның өзінде мемлекет
кірістерді қалыптастырып, шығындарды жұмсаудың нақты жағдайға сәйкес
формалары мен әдістерін пайдаланады.
Республикалық бюджет негізінен жалпы мемлекеттік салықтар есебінен
қалыптастыратын және Қазақстан Республикасының Үкіметі өзіне
Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің
актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін белгілейтін жалпы
мемлекеттік бағдарламалар мен шараларды қаржыландыруға арналған
орталықтандырылған ақша қаражатының қоры болып табылады. Бюджет кірістерін
жоспарлау – қаржы механизмінің шағын жүйесі әрі экономикалық және
әлеуметтік жоспарлаудың аса маңызды құрамдас бөлігі. Бюджет кірістерін
жоспарлаудың тікелей объектісі – бюджет кірістері, бюджет қаржы қоры болып
табылады. Бюджет кірістерін жоспарлаудың мақсаты мыналар: бюджет
ресурстарының қалыптасу көздерін және олардың жалпы көлемін анықтау;
орталықтандырылған қорлардың, экономика салалары мен әкімшілік-аумақтық
бөліктерінің арасында қаражатты бөлудің барынша қонымды пропорцияларын
белгілеу, ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтап, қажетті
резервтер құру. Бюджетті жоспарлаудың негізіне мынадай принциптер алынған,
олар: орталықтандыру мен орталықтандырмауды үйлестіру, біртұтастық,
үздіксіздік принциптері.
Ішкі ресми трансферттер мыналардан тұрады:

1. Ішкі ресми трансферттер,соның ішінде атқарушы органдардан алынатын
трансферттер;
2. Халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерден алынатын сыртқы ресми
трансферттер;
- Республикалық бюджеттің тапшылығын жабуға қажетті ішкі және сыртқы

көздерден бюджетке түметін түсімдерден тұратын Үкімет қарыздары;
- Бұрын республикалық бюджеттің берілген несиелерді (қарыздарды) өтеуден
түскен түсімдер, сондай-ақ міндеттемелерді өтеу үшін мемлекеттік несиелік
акциялардың мемлекеттік бумасын сатцдан түскен түсімдердің бөліктері.
Бюджеттің түсім көздерінің материалдық негізі – ұлттық табыс болып
табылады. мемлекеттік табыстар мен мемлекеттік бюджеттің кірістері
ұғымдарының түрлі мағынасы болады. Мемлекеттік табыстарға мемлекеттік
кәсіпорындар мен ұйымдардың бүкіл таза табысы кіреді, ал мемлекеттік
бюджеттің кірістеріне тек оның бюджетке жұмылдарыатын бөлігі ғана кіреді.
Облыстар мен Астана және Алматы қалалары бюджеттірінің кіріс бөлігі
орындалмаған жағдайда мемлекеттік бюджетке алу Қазақстан Республикасының
Қаржы министірлігі мен келісілген облыстар мен Астана және Алматы қалалары
бюджеттері кіріс бөлігімен атқарылу процентіне теңбе-тең ай сайын
жүргізіледі. Облыста мен Астана және Алматы қалалары бюджеттерінен
мемлекеттік бюджетке бюджеттік алу бойынша түсетін түсімдердің жалпы
көлемі азайған жағдайда мемлекеттік бюджеттен облыстар бюджеттеріне
субвенциялардың жалпы көлемі облыстар бойынша сол сомаға теңбе-тең
азайтылады. Мемлекеттік бюджеттің қаражаты:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің Парламентінің, Конституциялық
кеңестік, есеп комитетінің орталық сайлау комиссиясының жалпы мемлекеттік
басқару міндеттерін атқаратын атқарушы және басқа да органдардың сот
жүйесінің қызметін;
- сыртқы саяси қызметті;
- қаржы және салық қызметі;
- іргелі және қолданбалы ғылыми қызметті;
- қорғанысты және қауіпсіздікті;
- республикалық деңгейдегі төтенше оқиғалар жөніндегі жұмыстарды
ұйымдастыруды;
- республикалық деңгейдегі құқық қорғау қызметті;
- әділет саласындағы қызметті;
- жоғарғы білімді;
- республикалық деңгейдегі білім беру саласындағы;
- республикалық деңгейдегі денсаулық сақтау саласындағы арнаулы
бағдарламаларды;
- орталық атқарушы органдардың мамандырылған ауруханаларын;
- мемлекеттік клиникалар мен ғылыми зерттеулер институттарында
мамандырылған медициналық көмек көрсетуді;
- заң актілерінде белгіленген зейнетақы төлемдерін;
- мемлекеттік әулеметтік жәрдем ақыларды;
- республикалық деңгейдегі мәдениет, спорт және ақпарат саласындағы
қызметтерді;
- көші-қон саласындағы қызметті;
- ауыл, орман, су және балық шаруашылығының басым бағдарламаларын
жерге орналыстыруды қоршаған табиғи отраны қоғау жөнінде
республикалық деңгейде жүргізілетін шараларды;
- республикалық деңгейдегі өнеркәсіп пен құрылыс объектілері
саласындағы орнаулы бағдарламаларда үкіметтік кепілдіктер бойынша

міндеттемелерді орындауда;
- жергілікті бюджеттерге мемлекеттік бюджеттен берілетін ресми
трансферттерді қаржыландыруға жұмсалады.
2. Мемлекеттік бюджеттік бағадарламалардың әкімшілерін, олардың аумақтық
бөлімшелерін және мемлекеттік бағыныстағы мекемелерді ұстауға арналған
шығыстар да мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.Өндірістен тыс
салалардағы бюджет қаржысы олардың қызметінің одан әрі дамуының басты
көзі. Білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік
қамсыздандыру, ғылым, мәдениет, әдебиет және өнер салаларындағы
мемлекеттің шығындары – жалпы мемлекеттік ауқымдағы әлеуметтік – мәдени
шараларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қаржы база болып табылады.
Қазақстан Республикасының саяси және экономикалық тәуелсіздігін
қалыптастыру кезеңінде білімнің атқарар рөлі мен маңызы ерекше. Қазіргі
кезеңде республикада іске асырылып отырған жаңадан білім реформасы оның
ұйымдық – экономикалық, құқықтық, құрылымдық және мазмұндық компаненттерін
түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тікелей
байланысты. Үкімет халықтың аз қамтамасыз етілген деңгейі үшін мектепке
дейінгі білім беруге қол жеткізуді дәйектілікпен жақсартпақ ниетте.
Арнаулы орта және жоғары білім беру саласында мемлекеттік оқу орындарының
студенттеріне стипендиялар тағайындаудың және жеке білім несиелері
жүйесінің жаңа тетіктері енгізіледі.
Жоғары білім беруді қаржыландыруға арналған шығыстарды оңтайландыру,
білім берудің жеке секторын дамыту үшін жағдай жасау көзделуде: оларды
біріктірудің есебінен мемлекеттік жоғары оқу орындарының желісі
қысқартылатын болады.
Мемлекеттік бюджеттік бағдарлмалардың әкімшілерін ұстауға арналған
шығыстар Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен
бекітілген сипат саны лимиттер мен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің
актілерімен бекітілген мемлекеттік органдардың топтары бойынша бір
қызметтерге жұмсалатын ағындағы шығыстардың нормативтері негізге алынып
отырып белгіленеді.
3. Мемлекеттік бюджеттің сырқы экономикалық қызмет пен байланыста және
Ұлттық валютаның айырбас бағаманы жоспарланған өзгерісіне сәйкес
белгіленген қаражаты ұлттық валютаның бөлінген кезіндегі ресми айырбас
бағасы бойынша жұмсалады. Бюджет шығыстарының көлеміне мынадай факторлар
әсер етеді: мемлекеттің атқаратын қызметі, жүргізіп отырған эканомикалық
саясатының мазмұны, мемлекеттің әлеуметтік - эканомикалық даму деңгейі,
әкімшілік территориялық құрылым, бюджет шығындарының түрлері,
қаржыландыру әдістері. Бюджет шығындары ұлғаймалы ұдайы өндіріс процесіне
ықпал етуіне қарай 2 топқа бөлінеді: ағымдық шығындар және күрделі
шығындар. Ағымдық шығындарға – айлыққа, жылу шығындарын қаржыландыруға ,
күнделікті тұтынушыға арналған шығындар жатады. Күрделі шығындарға –
негізгі капитал мен қорларды қаржыландыруға арналған бюджеттік қаржылар
жатады. Бюджеттік жоспарлауына қарай екі топқа бөлуге болады:
- бюджет нетто-ең аз, негізгі шығындарды жоспарлап, қаржыландыру үшін
құрылады. Бұған ағымдық шығындар кіреді.
- бюджет брутто – толығымен бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдардың
шығындары көрсетіледі. Бұл бюджет бойынша тек қана ағымдық шығындар емес
күрделі шығындар да қаржыландырылады.
Республикалық бюджеттен мыналарды қамтитын мемлекеттік
бағадарламалармен шараларды қаржыландыру қамтамасыз етіледі: халықты
әлеуметтік қорғауға арналған жалпы мемлекеттік шығыстар, мемлекеттік,
мемлекетаралық және өкілді органдарды үстауға жұмсалатын шығыстар, жалпы
сиппатағы мемлекеттік қызмет және бағдарламалармен кіші бағдарламаларды
қаржы ресурстармен қамтамасыз ету жөніндегі басқа да шығыстар а) білім
беру және денсаулық сақтау саласындағы;
ә) іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулер саласындағы;
б) мемлекеттік борыштар бойынша проценттер төлеуге және оларды
орналастыруға байланысты мемлекеттік міндеттемелерді орындау
жөніндегі;
в) қысқа мерзімді, орташа мерзімді және ұзақ мерзімді мемлекеттік
бағдарламаларды орындау үшін әдетте мемлекеттік банкілер арқылы
қайтарымды негізде бюджеттен бөлінетін бюджет қаражаты.
II – тарау. Экономикалық қатынастардағы мемлекеттік бюджет.
2.1 Бюджет тапшылығын жабу шаралары.
Мемлекеттік бюджеттің орындалуының ең тамаша үлгісі мемлекеттік шығыстарды
кірістермен жабу болып табылады, ең жақсысы қалдықтың профициттің болуы.
Бюджеттің орындалуында профицит өте сирек кездеседі. Көбінесе мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы, яғни шығыстардын табыстардан асып кетуі жиі
кездеседі. Тапшылықтың ұйғарымды деңгейі деп елдің жалпы ішкі өнімге
қатысты 2-3 пайыз мөлшері саналады. Мұндай жағдайда тапшылық мемлекеттік
қарыздар шығарудың немесе қағаз ақшалар эмиссиясының көмегімен біршама
жеңіл жабылуы мүмкін. Бюджеттің едәуір және созылмалы тапшылығы кезінде
қарыздар мемлекеттің қажеттіліктерін жаппайды, олар ақшаның қосымша
эмиссиясымен қамтамасыз етіледі, бұл инфляцияның дамуына, ақша айналысы
заңының бұзылуына, ақшаның құнсыздануына, нақтылы табыстардың және
халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуіне апарып соғады.
Мемлекеттік бюджет тапшылығы ел эканомикасының тұрақтылығын
сипаттайтын маңызды эканомикалық көрсеткіштер санатына кіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтағы әлеуметтану
Халықтың төлемдік қабілетін реттеу
Борышкерден алименттерді өндіріп алу тәртібі
Нарық жағдайындағы қаржының экономикалық рөлін жетілдіру жолдары
Лизинг және әлемдік лизингтік нарықтың қалыптасуы
Мемлекеттік меншік құқығының мәні мен мазмұны
Қоғамдық ұдайы өндіріс
Бюджетаралық қатынас- бюджет процесін дамытудың бірден-бір қайнар көзі
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Жергілікті бюджет
Пәндер