Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
ЖОСПАР
Кіріспе 3
I Бөлім. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру 7
1.1 Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері 8
1.2 Экономиканы қаржыландыру 11
II Бөлім. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу
саясаты 13
2.1 Салықты-бюджеттік орталықсыздандырудың қағидалары 17
2.2 Қазақстан Республикасында бюджетаралық қатынастарда субвенция мен
бюджеттік алымдар қағидасының қолданылуы 20
III Бөлім. Шығыстар құрылымын әзірлеудегі кезеңдер 24
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 28
Кіріспе
Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты
ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті
дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы,
оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарыньщ бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының
өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т.
функциялармен тікелей байланысты.
Шығыстардың диалектикасы өзгерістер ұғымында қаралғанға ұқсас болып
келеді. Бұдан басқа, шығыстар ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың, мақсатты арналымы бойынша пайдалану,
яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда
шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын
өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының,
халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру
қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік
сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы
қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың
қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде ақша шығыстары барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Бұл екі аспект шығыстар ұғымының оның шығындар ұғымына түрленген
кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер шығыстар
түпкілікті рәсуаны, тұтынуды (табыстарға қарама-қарсы) қажет ететін
болса, шығындар есепке жатқызылатын алдымен, келешектегі табысты немесе
пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын
мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік және өндірістік емес
салалардың мемлекеттік кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің
шығындарынан тұрады.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-
әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі,
оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес
мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп
отырады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың,
өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар
кіреді:
өндірістік, шаруашылық - пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал - жабдықтарға және айналым
капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) ауыспалы
айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып
табылады және шартты түрде шығыстарға жатады (шығындар терминінің
мағынасын қараңыз). Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары
шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік
меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен
анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік
процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және
бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет
шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін
қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында
мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл
үлес 30-40% (табиғи ресурстарды есепке алумен) шегінде қалады, мұның өзі
дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстары
категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және
келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және
қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің
инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет
көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың
нарықтық сектор тарапынан рыноктік тауарлармен және қызметтер көрсетумен
қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс.
Бағыттары мен мақсатты арналымы бойынша шығыстардың барлық түрлерінің
жиынтығы мемлекет шығыстарының жүйесін құрайды, Мемлекет шығыстарының басым
бөлігі мемлекеттің бюджетіне орталықтандырылған немесе мемлекеттік,
кәсіпорындардың қарамағында болатын қоғамның таза табысы есебінен
жүргізіледі. Олар сондай-ақ өнімнің өзіндік құнына кіріктірілетін
амортизация сомасымен өтелуі мүмкін, бұл сома мемлекеттік шаруашылықтың
өндірістік капиталдарын көбейту үшін қарастырылған күрделі жұмсалымдарға
бағытталады. Мемлекет шығыстарының бір бөлігі салық төлемдері, қарыздардан
түсетін түсімдер түріндегі халықтың қаражаттары есебінен жабылады. Мемлекет
шығыстарын қаржыландыру үшін негізгі өндірістік негізгі капиталдарды
көбейту және жетілдіру мақсатында және кейін кәсіпорындардың табыстарынан
өтелетін банктердің ұзақ мерзімді кредиттері тартылады.
I Бөлім. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды
қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының
бірі жоспарлық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы
дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет
жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес
сфералар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады.
Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып
табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің
қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның
негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда
үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті
айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса
маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген
ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап
етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістермен қатар
қолданылады (мысалы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры)
- бұл пайдалайылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Дамуды жоспарлар мен болжамдардың орындалуына қарай қаржыландыру қаржы
ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды
экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде
бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау - мемлекеттің шығыстарын
ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға,
өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет
қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға
бағытталған. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды
жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып
табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру процесін
білдіреді.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны
жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі,
нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыпан байланысты болады.
1.1 Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі
материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы
болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны
бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға
жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттің резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартталған
және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес
сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу - ағарту мен денсаулық сақтау
мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-
тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге
қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет
сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және
мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына
түсетін ұлттық табысты бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес
сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның
тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды
даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс
сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
есебінен қол жетеді. Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры
арасында оңтайлы болу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды
міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді:
соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан
асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланатын ұлттық табыстағы тұтыну
қорының үлес салмағы қазақстанда 83 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары - мемлекеттік резервтерді жасау мен
молықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес
сфераларды төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға
арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір
кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Олардың жасаудың
орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы
төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары
экономикаға, әлеуметтік – мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға
жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары
экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді
орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге
белсенді ықпал жасауға мүмкіндік, береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің
шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа,
саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді;
өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене
шынықтыру; әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс,
басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғарғы тиімділікпен пайдаланған
жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын
мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
І. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру
меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі -
бюджет қаражаттары есебінен жасалынады; 2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру.
Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың - сметалардың негізінде әлеуметтік-
мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс
шығындары қаржыландырылады. Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен
ұйымдар бюджеттік деп аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқан қолма-қол ақша шығару және
кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру
қолданылады.
Бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы,
субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен
бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-
ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы
өнімнің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың
әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналық шаруашылықтың
зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын
ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауы қамтамасыз ету жөніндегі
бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік
қаржы көмегінің нысаны; мақсаты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар
қайтарылуға жатады.
~ Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға
бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және
заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда)
трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең
мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және
қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен
қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық
сақтау, мәдениет және т.т жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
1.2 Экономиканы қаржыландыру
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар - бұл өндіріс көлемінде
тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға
бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар;
негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық
резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың
салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі
жұмсалымдар - материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады.
Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-
барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс
аудару бойынша және т.т)
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға
жұмсалатын шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрған үй құрылысына);
4) бюджеттен қаржы бөлу,
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл
шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға
арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді.
Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет
қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік
құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын
қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген
(негізгі капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс
қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды
жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі[1].

саясаты
Бірнеше жыл бойғы мемлекеттің қаржылық дамуы үшін экономикалық дамуын
жоспарлаудың көмекші бөлігі ретінде мемлекеттік шығыстарды басқару
түсінігін енгізу қажет. Халықаралық Банк және Азия Даму Банкінде
халықаралық ұйымдар дамушы мемлекеттермен саяси сұхбаттың негізгі
тармақтарын дайындады, мұнда мемлекеттік шығыстар менеджментінің сипатын
ашатын техникалық көмектер мен басқа да шаралар қарастырылған.
Өз кезегінде мемлекеттік шығыстар мемлекеттің қызметтеріне байланысты
ақшалай шығындары көрсетеді. Экономикалық категория ретінде, қоғамдық
өндірісті дамыту мен жетілдіру қоғамның әртүрлі қажеттіліктерін
қанағаттандыру мақсатында қоғамдық өнімнің бөлігін бөлу, қайта бөлу және
тұтынуға байланысты мемлекеттік шығыстар экономикалық қатынастарды
көрсетеді.
Мәселен, Азия Даму Банкі мемлекеттік шығыстар менеджменті
концепциясына сай басқарудың келесі шараларын анықтады:
- мемлекеттік инвестициялар бағдарламаларын қайта қарау;
- орта мерзімді үш жылдық шығыстар бағдарламасының шеңберін дайындау
және құру;
- мемлекеттік қарыз үлесін бақылаудың жүйесін қалыптастыру;
- қаржы және қаржыға қатысты заңдарды дайындау және олардың
орындалуын бақылау;
- ішкі аудит жүйесін жетілдіру;
- мемлекеттік қаржы есебі жүйесіне мәлімет базасын құруда алдыңғы
қатарлы техниканы (соның ішінде компьютерлерді енгізу және пайдалануды
кеңейту.
Жобалы цикл идеясы Батыc және Шығыс Еуропа мемлекеттерінің қарқынды
экономикалық дамуы басталған 1970 жылдардан бастап әлемдік экономикалық
ойда дайындалған. Жоспар-әрекет-қадағалау циклы жаңа емес, алайда бұл ұғым
дамушы мемлекеттердің мемлекеттік сектор экономикасына таралуда.
Мемлекеттік секторды реформалауда басқару процесіне және басқа да
әрекеттер мемлекеттік шығыстар менеджментін қандай басқару элементтері
құрайтынын түсінуге бағытталған.
Мемлекеттік сектор қорларын пайдалану тиімділігі мен олардың
нәтижелерін өткізуде келесі қаржылық және бюджеттік мақсаттарды бөлуге
болады.
1. қаржылық тәртіп;
2. экономиканың басым салаларына ресурстарды бөлу (пайдалы
жер коэффициентін талдау);
3. ресурстарды тиімді пайдалану (операциялық тиімділік).
Мемлекеттік шығыстар менеджменті жоғарыда аталған мақсаттар мен
міндеттерге жетудің негізгі, спецификалық әдісі болып саналады. Олардың
концепцияларын төмендегідей етіп сипаттауға болады:
1. Мемлекеттік шығыстар жүйесін дауыс арқылы құру. Бұл әдісті
пайдалану ресурстарды болу мен қолдану тиімділігін жақсартумен байланысты.
Мәселен, бюджеттік қаржыларды: пайдалану аясында, соның ішінде қоғамдық
қызметтерге (медициналық қызметтер, экология және т.б.) жергілікті
басшылықтың саясатына қанағаттанбаған кезде сол аумақтың кейбір тұрғындары
(дауыс берумен) сүйенуіне болады. Аймақтағы тұрғындардың миграциялық тиімді
саясат жүргізуіне түрткі болуы мүмкін (Тибу гипотезасы).
2. Кепілді ережелер мен талаптарды қатаң сақтау саясатына нәтиже мен
табысқа икемделу. Мамандандырылған білімді реформалаудың жалпы бағдарламасы
аясында жергілікті басқару органдары аймақтың қажеттілігін сай мамандарды
болжау саясатына өз бетінше дайындауларына болады, ол, бітірушілердің
жұмысқа орналасу деңгейін талдау түрінде әртүрлі нәтижелерді салыстыруға
мүмкіндік береді.
Ақпараттық жариялық және мемлекеттік қаржыларды жұмсау аясындағы
саясатты түсіндіру жұмыстары.
Өз кезегінде, жариялық мағынасы:
а) бекітілген бюджеттер мен олардың орындалу есептерін ашық баспа
беттерінде жариялау;
б) бюджет жобалары соның ішінде мемлекеттік биліктің заң шығарушы
немесе өкілеттік органдарының ішінде мемлекеттік -биліктің заң шығарушы
өкілеттік және атқарушы органдарының арасында қарама-қайшылық тудыратын
сұрақтар бойынша шешім шығару мен талқылау процедураларының ашықтығын
білдіреді. Бюджеттің нақтылығы: типті аймақтың әлеуметтік-экономикалық
дамуының болжамды көрсеткіштерінің сенімділігі және бюджет кірістері мен
шығыстары есептерінің айқындылығы.
Дамыған елдер тәжірибесі көрсетіп отырғандай, мұндай саясат
сайлаушылардың мемлекеттік шығыстардың ағымды (орта немесе ұзақ мерзімді)
саясатында анықталған мақсаттарға жетудегі жауапкершіліктерін бақылауға
мүмкіндік береді.
4. Системалық жүйе, классификациялық жүйенің бөлімдерінде
жүргізілетін саясатты, мемлекеттік органдар қосқанда. Мемлекеттік шығыстар
менеджменті концепциясының схемалық келбеті келесідей бейнеленеді.
Кесте 1
Мемлекеттік шығыстар менеджментінің элементтері,
мақсаттары мен әдістері
Элементтер Мақсаттары Шаралар
Қаржылық тәртіп Бюджеттік қаржыларды Бюджет есебінің нақтылық
пайдалану қатаң бақылау.қауіпсіздігі мен
Бюджеттік емес қорларды оның жариялық саясаты
бақылау. Орта мерзімдік
бағдарламаның
негізгі баптарын
қолдану.
Бөлу тиімділігі Дамудың Жүргізілетін саясаттың
басым бағыттары объективті себептері
шеңберінде бюджетті мен алынған нәтижелерін
бөлу. Қаржылық шешімдер жіктеуі және жетілдіру.
шығару шеңберінде бөлу ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz