Мемлекет және рынок



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1-Тарау. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы 5
1.1 Қаржы жүйесі туралы түсінік 5
1.2 Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы 7
2-Тарау. Мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығының проблемалары 14
2.1 Мемлекеттік бюджет туралы түсінік 14
2.2 Бюджет тапшылығының проблемалары 17
Қорытынды 27
Қолданылған әдебиеттер тізімі 28

Кіріспе

Мемлекеттік реттеу қажеттілігінің объективті негіздерін қарастыруға
кіріспестен бұрын, ең алдымен осы түсініктің өзіне ғылыми анықтама беру
қажет. Себебі білімнің кез келген саласы "оның тәжірибемен дәлелденген
бастапқы аксиомалары жасалып, құрастырылғаннан кейін ғана ғылым саласына
айналады". Біздің ойымызша, экономиканы мемлекеттік реттеу әлеуметтік-
шаруашылық процестеріне олардың тиімді теңгермешілігі мен макроэкономикалық
тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттің әкімшілік-экономикалық
және ұйымдық-құқықтық негізде араласуын білдіреді.
Адамзат тарихы мемлекеттердің пайда болуы мен даму барысы, сондай-ақ,
олардың арақатынасы бейбіт іс-әрекеттермен қатар, күштеу жолымен де
анықталатындығын айқын көрсетіп отыр. Соңғы жағдай, яғни күштеу іс-
әрекеттері объективті түрде белгілі бір материалдық-техникалық жоне
интеллектуалдық қорларды елдің қорғаныс қабілетін қажетті деңгейде
қамтамасыз ету үшін бөлуіне мемлекетті мәжбүр етті. Оған қоғамның барлық
мүшесі де мүдделі. Сондықтан олар мемлекет тарапынан шетелдік қол
сұғушылықтан қорғау жөніндегі шараларға бірыңғай ие бола отырып, жоғарыда
аталған қорларды жасауға (пайдалануға) арналған мәжбүрлі салықты төлеуге
түсіністікпен қарайды. Өйткені бұл қорларды тұтыну, жекелеген сұраныс
жиынтығын анықтау арқылы емес, ұжымдық түрде жүзеге асырылады, ал бұл
нарықтық механизмді шектейді жоне қоғамдық тауар (қызмет) көрсеткіштерін
қалыптастырады. Мұндай тауарлар қатарына мемлекетті басқару ісін,
азаматтардың занды құқын қорғау мен қоғамдық тәртіпті сақтауды, күрделі
ғылыми зерттеулер жүргізу мен нәтижелерін қолдануды ұйымдастыруды, тұтастай
энергетикалық жүйені құру мен пайдалануды, экономикалық жүйені құру мен
пайдалануды, жалпы-мемлекеттік табиғатты қорғау шараларының әсерін, төтенше
жағдайларды алдын ала ескертуді және т.б. жатқызуға болады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған
қоры. Бұл қаражат мемлекеттік аппаратты, қарулы күштерді қаржыландыруға
және әлеуметтік-экономикалық қызметтерді атқаруға жұмсалады. Қазіргі
жагдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық коньюнктураға
ықпал етудің, дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы.
Қазіргі мемлекеттік бюджет оның сан түрлі қызметін көрсететін күрделі де
көп қырлы құжат. Ең алдымен бюджетте мемлекеттің кірісі мен шығысының
құрылымы бейнеленеді. Шығыста бюджеттік ассигнациялардың, қаржылардың
бағыттары мен қызметтері көрінеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы
мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар,
әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық
жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.

1-тарау. Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы

1.1 Қаржы жүйесі туралы түсінік

Қаржы - бұл қоғамда қалыптасқан экономикалық қатынастар жүйесіндегі
ақша құрылысы қорының қалыптасуы, бөлінуі, қолдануы.
Ақша құралдарын сәйкес мекемелер арқылы пайдалануға байланысты
қатынастар жиынтығы қаржылық жүйені құрайды.
Қаржылық жүйе жүргізетін саясат қаржылық саясат деп аталады.
Қаржы бірнеше қызмет атқарады:
1. Топтастыру - құралдарды үйлестіру және материалды негіз құру;
2. Реттеуші - шаруашылық субъектілерді ынталандыру;
3. Бөлу - ақша құрамының қалыптасуы және оларды бюджет, әлеуметтік
сақтандыру арқылы пайдалану;
4. Бақылау - салық жинаудың дұрыстығын жөне оларды дұрыс пайдалануды
қамтамасыз ету.
Қаржы қатынасының тұлғалары: мемлекет, фирма, түрліше бірлестіктер,
ұйымдар және жеке азаматтар. Осылардың арасындағы байланыс ақша қорын
пайдалануда келесі топтарға тіркеледі:
1. Мемлекет пен кәсіпорын арасында: мемлекеттік бюджет төлемдер
жүйесін және әр алуан мемлекеттік қор ұйымдарын қамтиды. Олардың негізінде
мемлекеттің орталықтандырылған табысы қалыптасады.
2. Фирмалар арасында: келісімшарт негізінде құрылады, бұл міндетгі
төлемдерден тұрады.
3. Фирма мен банк арасында: несиені алу және пайдалану.
4. Фирма және өңдірістік құрылым арасында.
5. Мемлекет және қоғамдық ұйымдар арасында.
6. Мемлекет және халық арасында, халықтың әр түрлі трансферт алуы:
зейнетақы, жәрдемақы, стипендия т.б. Сонымен қатар бұған займ шығару,
лоторея ұйымдастыру және т.с.с. жатады.
Қаржының 3 құрамдас бөліктері:
1. Халық қаржысы;
2. Бірлестіктер, фирма, сала кешенінің қаржылары, яғни орталықтанбаған
каржы;
3. Мемлекеттік, яғни орталықтанған қаржы.
Халық қаржысы табысты бөлімнен тұрады, жанұялардың алғашқы
табыстарынан, шығыс бөлімінен және халық қор жинауынан тұрады.
Орталықтанбаған (мемлекеттік емес) қаржы - фирма, бірлестік жөне
ұйымдар иелігіндегі қаржылар (шаруашылық тұлғаларының қаржысы).
Орталықтанған (мемлекеттік) қаржы - қаржы жүйесінің басты бөлігі.
Мұнда мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, мемлекеттік және жеке мүліктік
сақтандыру, мемлекеттік несие, мемлекеттік бюджет кіреді.
Мемлекеттік қаржының құрамдас бөлігі - мемлекеттік бюджет. Оның
көмегімен сала арасында ЖҮӨ бөледі және қайта бөледі.
Бюджет - табыс пен шығыстың тепе-теңдігі (смета, баланс).
Бюджеттің табысы: кәсіпорын табысына салық, сатудан түскен табысқа
салық, жергілікті салық, сыртқы экономикалық қызметтен табыс, рента
төлемдері, салықсыз табыс, табыс салығы, ссуда қорының құралы және т.б.
Бюджеттің шығысы: экономиканы, қоғамдық-мәдени бағдарламаны, F3Y және
FT бағдарламасын, қорғанысты, басқаруды, мақсатты бағдарламаны
қаржыландыру, несие және басқа мемлекеттерге көмек.
Қаржы жүйесін ұйымдастыруда екі принцип бар:
1) Демократиялық орталықтандыру әкімшілдік-әміршілдік жүйеге тән
(КСРО және Шығыс Европа елдері). Ол төменгі сатыдағы қаржы мекемелеріне
қаржы органдарының директивті нұсқауларын орындауға міндеттеген.
2) Қазыналық (фискаль - қазына) федерализм. Бұл рыноктық экономикасы
дамыған елдерде бекітілген. Осы принцип мәні: жергілікті бюджет өзінің
табысы мен шығысымен мемлекеттік бюджетке кірмейді. Жергілікті орган өзінің
бюджетінен қоғам тәртібін сақтауды, мектептерді, емханаларды және т.б.
қаржыландыруы тиіс. Мемлекеттік бюджеттің екі жағдайы:
- әдеттегі қарапайым: егер шығыс табысқа тең болса;
- тапшылықты: егер шығыс табыстан жоғары болса. Мемлекеттік бюджеттің
тапшылығының себептері:
1. Экономикалық дағдарыс жағдайында табыстың төмендеуі және ұлттық
табыстың өсуінің азаюы.
2. Мемлекеттік бюджетке түсетін акциз салығының азаюы.
3. Бюджет шығысының өсуі.
4. Қаржы-экономикалық саясаттың тұрақсыздығы. Бюджет тапшылығын
төмендету шаралары:
1. Конверсия.
2. Қаржыландырудан несие беруге өту.
3. Зиянды кәсіпорындарға дотация беруді жою.
4. Мемлекетті басқару шығынын азайту.
5. Салық салу жүйесін өзгерту.
6. Жергілікті бюджеттің ролін арттыру.
Бюджет тапшылығын жабатын 3 дәстүрлі амал бар:
1) Мемлекеттік займ шығару;
2) Салық салудың қатаңдығы;
3) Ақша өндірісі немесе "сеньораж", яғни ақша басу. Қазіргі уақытта
"сеньораж" тиімсіз, ол инфляцияға әкеледі. Казіргі заманғы "сеньораж"
коммерциялық банктің резервін құрады, ол ОБ үйлестіріледі және бюджет
тапшылығын жабуға қолданылады. Бірақ ОБ саясаты ақша резервінің өсу
шамасына бағытталған, бұл ақша оған коммерциялық банктен түседі, осы салдар
олардың қаржылық жағдайын төмендетіп, мемлекет ішіндегі қаржы жүйесінің
қайшылықтары пайда болады.

1.2 Мемлекет пен экономиканың өзара қатынасы

Кез келген әлеуметтік ұйымның түбірлі мәселесі адамдардың басым
көпшілігінің экономикалық қызметін үйлестіру арқылы адамға қажетті
материалдық игіліктерді өндіру, тұрмыстық қызмет түрлерін көрсету. Ең
тиімді әлеуметтік ұйымға адамдардың мұқтаждықтарын барынша жоғары деңгейде
қанағаттандыруды ұйымдастыратын ұйып жатады. Әлеуметтік ұйымның субъектісі
— мемлекет, объектісі — халық. Осыдан туындайтын сұрақ ұлттық гүлденуін
қамтамасыз етуде мемлекеттің рөлі қандай болмақ?
Классикалық үлгі. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де тұтынушылар да
рыноктың ережелеріне сай қызмет атқарады. Белгілі бір себептермен осы
қызмет жеткіліксіз болса, онда мемлекет тарапынан жалпы мүддеге сай
келетіндей түзетулер, толықтырулар енгізіп, реттеу қажеттігі туындайды.
Мұндай үлгіні тұңғыш peт A. Смит "Халықтар байлығының табиғаты мен
себептерін зерттеу" деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын.
Автордың өзін-өзі реттеу позициясының жанашыры екені көрініп тұр. А. Смит
пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан түгелдей
босауы керек. Міне осы жағдайда тұтынушылар рыноктан өзіне не қажет, соны
сатып алады. А. Смит сөзімен дәлірек айтқанда рынокты өздігінен реттейтін
"көрінбейтін қол" ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз
өндірушілерді бүкіл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады.
Классикалық үлгі, мемлекеттің экономикадағы рөлін анықтай келе,
экономикалық міндеттердің басым көпшілігі рыноктық механизм талабына сай
шешілуі тиіс деп көрсетті. Мемлекет қосымша рөл атқарады, мемлекетті
араласуды жақтаушылар өз көзқарастарын дәлелді пікірлер арқылы ғана қорғауы
керек. Мемлекеттін атқаратын қызметі, оның рөлі рынок жагдайында істейтін
жеке фирмалар үшін қосымша, жанама. Классикалық мектептің экономистері әр
түрлі тарифтер жасауды баға деңгейін тұрақтандырды, техникалық жаңалықтарды
енгізуді үкімет тарапынан реттеуге ұмтылыстардың бәріне қарсы. Сонымен
классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып,
мемлекеттің рыноктық механизмге араласуына қарсы күресті және жеке
мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді. Алайда,
адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей, жеке мүдде тұтас алғанда
қоғамдық мүдделерге әрдайым сай келе бермейді. Мысалы, жекелеген
коммерциялық фирмалар мен бірқатар сатып алушылар рынокта жоғары сұраныс
туғызатын наркотиктер, арақ-шарап, темекі, кару-жарақ т.б. ерекше тауарлар
мен қызмет түрлеріне тез көңіл аударады. Әрине, әлеуметтік мораль мен адам
өмірін қорғау тұрғысынан бұл әрекеттерге мемлекет бейтарап қала алмайды.
Сөз жоқ, мемлекет мұндай жағдайда рынокты қадағалап, реттеу жұмысына
араласуы керек. Сонымен қатар өндірістік емес салалар бойынша, атап
айтқанда, ұлттық қауіпсіздік, қоғамдық тәртіп, білім беру, денсаулық
сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттеуге де мемлекет араласуы
керек. Бұлардан басқа да рыноктық механизм әрекеттерінен туындайтын қоғамға
жағымсыз сыртқы эффектілерді (экстерналий) азайтуда да мемлекеттің ролі
зор.
Жаңа классикалық үлгі. Үстіміздегі ғасырдың соңғы 60—70-жылдары ішінде
қоғамдық қажеттіліктерді анықтау мен экономикаға ықпал етудегі мемлекет
рөліне байланысты көптеген жаңа сипаттар орын алды. Мұның өзі 30-жылдарды
АҚШ-та орын алған Ұлы тоқырау жылдарына байланысты. Оған дейін жаңа
классиктер экономикалық жүйені өздігінен реттелетін, дәлірек айтқанда өзіне-
өзі түзету енгізетін жүйе ретінде карастырды. Әрине, шаруашылық жүргізу
процесінің уақытша бұзылуы мүмкін, алайда жүйенің негізгі тенденциясы қолда
бар қорларды және ерікті еңбек ететін қызметкерлерді дұрыс пайдаланып,
өндірістің қажетті көлемін қамтамасыз ету болды. Соның нәтижесінде түскен
табыс бүкіл жаңа жасалған құнды сатып алуға жұмсалды.
Ал жинақ мүмкіндіктеріне тоқталсақ оның өзі түптеп келгенде инвестиция
түрінде жұмсалады. Егер жинақ өте көп мөлшерде болса, ол процент ставкасын
төмендетеді де инвестициялық процестерді жандандырады. Сұраныстың азаюына
байланысты баға темендейді, ал төлем қабілеті бар сұраныстың
жеткіліксіздігі рыноктың тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Сонымен жинақ пен
инвестиция тепе-теңдігі жаңа классикалық үлгідегі өздігінен реттелетін
экономиканың басты шарты. Өндіріс өздігінен қажетті дәрежеде сұраныс
туғызады деген идея, соңғы 100 жылдан бері экономикалық теорияда берік орын
алып келді. Оның формалды көрінісіне Ж. Б. Сэйдің (1767—1832 ж.) өткізу
теориясы жатады. Ж. Б. Сэйдің артық өндіріс, артық рынокты қалыптастырады
деген пікірі, сұраныс пен ұсыныстың арақатынасын өте қарапайым
түсінгендіктен туындаған. Өнім әрдайым өнімге айырбасталмайды, сондықтан ол
сатылады, ақшаға айналады, ал бұл айналыс өте күрделі процесс. Барлық
өндірушілер мен тұтынушылардың қажеттіліктері Сэй ойлағандай өзара ұқсас
емес, олай болатыны олардың мақсаттары, мүдделері, ұмтылыстары сәйкес келе
бермейді. Шын мәнінде жұмысшы тауар өндіреді, ал қатардағы сатып алушы
ретінде оның жеке тұтынуына қажет тауарларға ғана қатысы бар.
Кәсіпкерлердің де кәсіпкер ретінде сатып алғандары, олардың жеке тұтыну
мақсаттары үшін сатып алғандарынан мүлдем өзгеше.
Үстіміздегі жүз жылдықтың 20-жылдарының соңы мен 30-жылдардың басында
Сэй идеясының негізсіздігі дәлелденді, сөйтіп өздігінен реттелетін
экономика дейтін сағым біржола жерленді. Дж. Кейнстің жұмысы жарық
көргеннен кейін, экономикада төлем қабілеті бар сұраныстың жеткіліксіздігі
тұрақты құбылысқа айналатындығы және номиналды жалақының да, процент
ставкасының да төмендеуі оны жоюға ешбір дәрменсіз екені мойындалды.
Жалақыны қысқарту төлем қабілеті бар сұранысты (тиімді сүранысты)
төмендетеді де жағдайды одан әрі қиындатады. Ұлы тоқырау тәжірибесі
көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі процент
ставкасының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды,
олай болса сұраныс та ұлғаймайды. Стагнация процесі жалғаса береді. Бұған
қарсы бірден бір қолданатын шара — мемлекеттің араласуы. Экономикалық
стагнация жағдайында мемлекет шаруашылық жүйесі қызметінің жалпы жағдайын
сақтаушы және қорғаушы "түнгі күзетші" рөлінен алшақтауы қажет. Ол белсенді
түрде бюджет, қаржы-несие, әлеуметтік саясатты жүргізуі керек. Сонымен
өмірдің өзі экономикада тұрақты түрде рынок басым рөл атқарады деген
көзқарастарға пайдалы түзетулер енгізді. "Рыноктың қуатты қолына" (М.
Фридмен) жаңа серпін беретін қосымша бір күрделі құрылымның қажеттігін
уақыт дәлелдеді. Мұндай құрылымның рөлін мемлекет атқара алады. Қазіргі
экономистерге мемлекеттің экономикалық рөлінің маңызын дәлелдеудің
қажеттігі бола қоймас. Мәселе мынада болса керек: мемлекеттік араласудың
оптималды шекарасын анықтау, мұның өзі рынок заңдарын толығымен және тиімді
пайдалануға жол ашады. Осы жағдайда қоғам ұлттың дамуы мен гүлденуіне
қажетті экономикалық базаға ие болады. Мемлекет пен экономиканың үйлесімді
әрекеті шаруашылығы тиімді қоғам құру мүмкіндігін береді, сол кезде
"мемлекет басқару еркіндігін сақтайды, әрі ұлғайтады, сонымен қатар
үкіметтің халық күзетшісі болуын, оның қожайынына айналмауын қадағалайды"
(М. Фридмен).
Мемлекет пен рынок өз мәнінде экономиканың "екі қолы" іспеттес, осы
мағынада олар бір-бірімен тығыз байланысты. Адамның сол қолы мен оң қолы
өздігінен, еркін бірігіп қызмет атқаратыны сияқты, мемлекет пен рынок та
салыстырмалы бір бірінен тәуелсіз, бірақ ортақ мақсаттар үшін қызмет етеді.
Тарихи тұрғыдан алғанда мемлекет қоғамның белгілі бір даму сатысында
оның өнімі ретінде дүниеге келді. Қоғамда өздігінен шешілмейтін
қайшылықтардың пайда болуы және одан құтылу жолдары тар кезенде мемлекет
орасан зор рөл атқарады. Шиеленіскен қайшылықтар қоғамды жойып жібермес
үшін, күресуші жақтарды ымыраға келтіріп, тәртіпке шақыру мақсатында
қоғамның жоғары деңгейінде бір үлкен күшке қажеттілік туындайды. Мемлекет
жеке кәсіпкерлікті қорғап, оның жалпы дамуына жағдай туғыза отырып, қажет
болған сәттерде "капиталистер" табы өкілдерінің өздеріне де қатаң шаралар
қолданады. Мемлекет қоғамның өндіруші топтарын, олардың ауыр индустрияны,
әскери өнеркәсіпті, темір жол құрылысын және басқа да капиталды көп қажет
ететін салаларды жандандыру жұмыстары үшін қаражат бөліп, көмектеседі. Тағы
бір айтуға тұрарлық жай, халық пен меншікті қорғау жүйесін жетілдіру саяси-
құқылық және әлеуметтік жәрдем мәселелерінде батыс мемлекеттерінің
тәжірибесі белгілі дәрежеде тартымды болып отыр.
Мемлекет және рынок. Мемлекет пен рыноктың әрдайым тепе-теңдік
жағдайда болуы қоғам үшін қолайлы. Алайда, рынок та, мемлекет те өзіндік
ерекше проблемалары бар жеке дара құрылымдар. Мемлекеттің мақсаты рынокты
тұншықтыру емес, керісінше оның барлық элементтерінің үйлесімді қызметін
қамтамасыз етуге мемлекет мүдделі. Ең алдымен мемлекет өндірістің
бәсекелігін қолдауы керек. Бәсеке дегеніміз — рыноктың тынысы. Бұрынғы
социалистік елдердің тәжірибелері дәлелдегендей, бәсекесіз толыққанды рынок
жасау мүмкін емес.
Мемлекеттің бәсекеге көзқарасының қайшылықтары да бар. Бір жағынан,
мемлекет саналы түрде монополистік құрылымдарды жасауға ұмтылады, ал
монополиялар болса бәсекені жоюға әрекет етеді. Осы жағдай көптеген
мәселелерді кетереді. Бәсеке сақталар ма еді, егер мемлекет оның жойылуына
кедергі жасамаса? Әлде мемлекеттік шектеулерге сүйенбей-ақ бәсеке өздігінен
сақтала ма? Қуатты, тиімді кәсіпорындар мен салалар әлсіздерді ығыстыруға
әрекет жасап отырганда, бәсекені қолдау мүмкін бе? Бір бәсекелесті қолдап,
оның басқаларды жаншуына жол беру бәсекені басып тастамай ма? Бұл
сұрақтардың жауабын бүрынғы социалистік елдер тәжірибесі көрсетті, яғни
идеялогияға негізделген монополиялық құрылымдар кез келген бәсекені
тұншықтырып тастайды. Шын мәнінде экономикаға идеологиялық көзқарастан гөрі
практикалық көзқарас басым болуы керек. Ескі идеялогиялық тұрғыдан
экономикаға басшылық етуді жойып, практикаға, озық тәжірибелерге
негізделген принциптерді басшылыққа алу керек. Осы мақсатпен
ұйымдастырылған адамдардың нақты қажеттіліктерін жүзеге асыруға қызмет
ететін мемлекеттік құрылымдар, ұйымдар, мекемелер тиімді болмақ. Оларсыз
қоғамның саяси, әлеуметтік және рухани өмірі, тауарлар мен қызмет өндірісі,
бөлу, айырбас және тұтынуы, ғылым мен техника жетістіктерін рационалды және
қауіпсіз пайдалану мүмкін емес.
Мемлекет және бюрократия. Мұндай құрылымдар белгілі бір мемлекеттік
міндеттерді шешу мақсатында құрылады. Олар өзінің жеке мүддесін күйттейтін
атқарушылармен толықса алдын ала белгіленген жұмыс тәртібінен ауытқулар
басталады. Үлкенді, кішілі бастықтар саны көбейеді. Өздерінің қажеттілігі
мен жұмыс бастылығын көрсетуге тырысқан олар сансыз және мағынасыз
инструкциялар мен іс қағаздарын ойдан шығара бастайды. Бюрократияның қас
жауы, ағылшын жазушысы Сирил Н. Паркинсон былай деп жазған: "Түгелдей қағаз
басты адам, сөзсіз өз еркіндігін жояды. Ол көңіліне келгенді (іліккенді)
ғана істейді, ал өздігінен ешкімге ештеңе ұсына алмайды. Оны қағаз тасқыны
алқымынан алады".
Бюрократиялық көріністер кез келген ұйымда, мекемеде, кәсіпорында,
басқару орындарында кездеседі. Алайда, қажетті еңбек бөлінісі мен
міндеттері оның шешім қабылдау тәртібі мен жауапкершілікті күн ілгері
белгілі ұйымдарда бюрократияның таралу мүмкіндігі төмен болады. Мұндайда
чиновниктер бюрократтық жолға түспей, өз қызметтерін тікелей хабарламаларды
таддау, басқару шешімдерін дайындау мен қабылдау арқылы атқарады.
Бюрократия өзін-өзі реттейтін рыноктық, құндық тетіктерге түбегейлі
экономикалық реформаларға әрдайым қарсы. Ал реформа болса жұмыс істеудің
принципті жаңа әдістерін, кәсіптік білгірлікпен қазіргі есептеу техникасын
пайдалана білуді, үнемі оқып, оны қайта пысықтауды ұсынады. Реформа баскару
жүйесіндегі артық буындар мен баспалдақтарды анықтап, олардың халық
шаруашылығына қаншалықты зиянды екенін көрсетеді. Алайда, осы буындар мен
баспалдақтардың жан-жағында мыңдаған адамдар бар, олар өздері үшін
басқарудың экономикалық әдістерін енгізудің қаншалықты қауіпті екенін жақсы
түсінеді, бірақ, жылы орындарынан кеткісі келмейді. Мұның соңы биліктен,
үйреншікті тұрмыс-салт артықшылығынан айырылу екендігін олар жақсы
түсінеді. Сондықтан, бюрократ реформаларға берілгендігін айтып ант-су ішуге
даяр және сөйте тұра оны жүзеге асыру мәселелеріне қолдан келгенше бөгет
жасайды.
Бюрократтық бұрмалау әкімшілдік-әміршілдік жүйенің рынокқа қарсы
күресін көрсетеді. Рыноктық қатынастардың қарқынды дамуы бюрократизмді
жоюдың ең тиімді жолы. Дегенмен бұл мәселені түбегейлі шешуге мемлекеттің
реттеуші қызметінің де қажеттігі даусыз.

2-тарау. Мемлекеттік бюджет және бюджет тапшылығының проблемалары

2.1 Мемлекеттік бюджет туралы түсінік

Мемлекеттік қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады.
Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшелігін, оның
әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді.
Ел бюджетінің құрылымы сол елдің мемлекеттік құрылымымен байланысты.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден — мемлекеттік және
жергілікті бюджеттерден тұрады. Федеративтік мемлекеттерде штаттардың,
(АҚШ) жерлердің (ФРГ) өз бюджеттері болады, соған сәйкес әкімшілік ұйымдары
қызмет етеді.
Мемлекет қызметтерінің ұлғаюы мемлекеттік шығындардың қарқынын ЖҮӨ
өсуі қарқынан едәуір асырып жібереді. Мысалы АҚШ-та XX ғасырда мемлекеттік
шығындар 350 есе артты. Тек 1980—1989 жылдар арасында федералдық бюджет
шығындары 2 еседен астам өсті (433,5 млрд. долл. 872 млрд. долл. жетті).
Мемлекет шығындарының басты тармағына экономиканың өндірістік
секторының қызмет істеуін қамтамасыз етуге байланысты шығындар жатады.
Әлеуметтік инфрақұрылымдарға білім беру мен денсаулық сақтауға бөлінетін
шығындардың да үлесі айтарлықтай.
Әскери шығындардың да үлесі қомақты. Әскери шығындарды айтқанда тек
тікелей шығындарды ғана көрсетіп қоймай, жанама шығындарды да ескеру керек.
Оларға әскери қарыздар бойышна проценттік төлемдер, зейнетақы, соғыс
мүгедектеріне, ардагерлерге және т.б. көмек түрлері жатады. Мемлекет
бюджетінің басты құрамды бөлігі жергілікті бюджеттер. Олар арқылы ең
алдымен коммуналдық меншік объектілері, жол, мектеп, байланыс құралдарын
дамыту және тұрғын үй құрылысы қаржыландырылады. Жергілікті бюджетті
жергілікті әкімшілік, полиция, сот пен прокуратура пайдаланады. Жергілікті
бюджеттің үлкен бөлігі әлеуметтік-мәдени қажеттілікті өтеу, денсаулық
объектілерін, экологиялық тепе-теңдікті сақтауға кеткен шығындардан тұрады.
Мемлекеттік бюджеттің кірістері біріншіден орталық және жергілікті
органдар жинайтын салықтардан, мемлекеттік заемдардан, бюджеттен тыс немесе
мақсатты қорлардың төлемдерінен құралады. Мұндай қорлардың құрылуы ірі
қаржы ресурстарын нақты мақсаттарға, ең алдымен әлеуметтік-экономикалық
сипаттағы мақсаттарға шоғырлаңдыру қызметінен туады. Бұлардың қатарына
әлеуметтік қамсыздандыру, жол құрылысы, қоршаған ортаны қорғау, жұмыс күшін
даярлау, қайта даярлау және т.б. жатады.
Мемлекеттік табыстың жалпы материалдық негізін ұлттық табыс құрайды,
мұны бөлу және қайта бөлу негізінде бірқатар шаралар жүзеге асырылады.
Мұндай қайта бөлу механизмінің негізгі және тұрақты буындары — салықтар,
мемлекеттік заем, бюджеттен тыс қорлардан алынған төлемдер.
Мемлекеттік бюджет түсімдерінің ең басты көзі — салықтар. Өнеркәсібі
дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 процент. Салықтың
негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің
табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік
бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері
бойьшша салық төлейді.
Салық мәлімдемесі салық төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы
хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық
табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық
төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-
қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы — салық ставкасы объектінің бір
өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер
табыстың көлеміне байланыссыз салық төлеудің бірыңғай проценті.
тағайындалса, олар пропорциялы ставкалар болады. Егер ставкалар табыстың
өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық
салудың тәжірибесінде бір объектіге (мысалы, автомашинаға) оның құнына
қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі. Салық салу жүйесінің басты
буыны — бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде пайда болған корпорациядан
алынатын салық. Салық акционерлік қоғамның таза пайдасынан алынады, яғни
жалпы пайдадан басқаларды шегергеннен кейін мысалы, жедел амортизация,
табиғи кендердің азаюы, қайырымдылық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рыноктық қатынастар
Рыноктық экономиканы реттеу әдістері
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары жайлы
Рынок экономикасының қазіргі көріністері
РЫНОК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ РЫНОК
Нарықтың мәні, атқаратын қызметі, түрлері мен құрылымдары
Рынок шаруашылықты ұйымдастырудың тиIмдI жүйесI ретIнде
Рынок құрылымы және рыноктағы монополия табиғаты
Монополияның экономикалық және әлеуметтік салдары
ТАРАУ РЫНОКТЫҚ ЭКОНОМИКАҒА КӨШУ КЕЗІНДЕ МЕМЛЕКЕТТІҢ АТҚАРАТЫН РОЛІ
Пәндер