Халықаралық мемлекеттік несие



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДОВ АТЫНДАҒЫ АТЫРАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА, ҚАРЖЫ ЖӘНЕ БАСҚАРУ ФАКУЛЬТЕТІ
ҚАРЖЫ, НЕСИЕ ЖӘНЕ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕП КАФЕДРАСЫ

“Қорғауға жіберілді”
__________________
кафедра меңгерушісі,
м.а. Мусаева А. А.
“____”_________2007 ж.

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ

Орындаған: Қаржы мамандығының
2 курс, Э-215 топ студенті
Сапи Дәуірбек

Ғылыми жетекші: аға оқытушы
Дәрісқалиева Майра

Атырау, 2007 жыл.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І тарау. МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ – ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ БАСТЫ БУЫНДАРЫНЫҢ
БІРІ
1. Мемлекеттік несиенің мәні, нысандары мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2. Халықаралық мемлекеттік
несие ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
3
ІІ тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ
МАҚСАТЫНДАҒЫ АҚША РЕСУРСТАРЫН ТАРТУ НЫСАНДАРЫНЫҢ БІРІ
2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік
борышы ... ... ... ... ... ... ... . ... ...18
2.2 Мемлекеттік борышты
басқару ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.26
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .35
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...38

КІРІСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Курстық жұмыстың негізгі алған
тақырыбы мемлекеттің қарыз алу арқылы экономикасын көтеруі және оны жөндеуі
жөнінде сөз етіледі. Мемлекеттік несие көбінесе экономиканы қаржыландыруға
бағытталады. Сол себептен оның өндірістік сипаты бар. Бұл жұмыста қаржыны
алу және оны қайтару жолдары көрсетілген. Мемлекеттің ішкі және сыртқы
кредиттері қажетке жаратылу түрі мен объектісі, қайтару мақсатындағы
жеңілдіктер талданып және сызба арқылы ұсынылған (1.1-ші сызба). Бұған
мысал ретінде 1992 жылғы 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының
меншікті ішкі қарыздарды қолданылуы сипатталды және мемлекеттік несиенің
нысанындағы әдістер кәдімгі банк несиесінің әдістеріне ұқсас болып
келетіндігі талданып көрсетілді. Экономикада айрықша орын алатын
Халықаралық мемлекеттік несие – Халықаралық экономикалық қатынастар
сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет
дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын
қатынастардың жиынтығы. Бүгінде халықаралық несие сферасында қаржылық
қызмет етіп келе жатқан валюта-кредит ұйымдары бар. Олар елдердің
экономикалық дамуына, оларға техникалық көмек көрсетуі мен елдердің
экономикалық әлуетін іске асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы
қолдап отырады. Бұған мысал ретінде Қазақстан Республикасының шетелдерден
алған валюта қаражаттарын тиімді және ұтымды пайдалана білуі үшін керекті
алғышарттар сөз етілді.
Мемлекеттік несие нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі. Ол несиенің
түрі тәрізді ішкі, сыртқы, күрделі мемлекеттік борыш болып бөлінеді.
Курстық жұмыста борыштың өсуі кезеңіндегі экономикаға тигізетін ықтимал
жағдайлары және борыштан сақтану жолдары талданды. Бұған мысал ретінде
Республикамыздың қазіргі кезеңдегі борыш көлемі көрсетілді. Мемлекеттік
несиедегі себеп-салдарлық өзара байланыстар сызба арқылы көрсетілді. Сондай-
ақ мемлекеттік емес қарыз алу, мемлекеттік кепілдіктер, мемлекеттік борышқа
қызмет көрсету, борышты өтеу, қайта қаржыландыру, жаңғырту, мерзімді
ұзарту, сәйкестендіру мәселелері жеке-жеке талданды.
Курстық жұмыстың мақсаты. Кредит алу жүйесіндегі заңдылық пен
жауапкершілік және сауаттылықты көрсету, және түсіндіру. Халықаралық
несиенің маңызын айқындау. Оның экономикадағы орны мен қажеттілігі,
қайтарудағы жауапкершілік, жабудағы ықтимал жағдайларды таныту. Жалпы қаржы
жүйесіндегі заңдылықтарды ұғындыру болып табылады.
Мақсатқа сәйкес қойылатын міндеттер:
- несие алу және борышты өтеу жүйесі заңдылықтарын таныту.
- жүйенің жүргізілу баланстарын дәлелдеп көрсету.
- жүйедегі зардап шекпеу жолдары.
- борыш өтеудегі барлық мүмкіндіктердің ықтимал жағдайларын таныстыру.
- несие алу арқылы экономиканы көтеру.
- валюта айналымын дұрыс қалыптастыру.
- несиенің дұрыс бағытқа жұмсалынып, борыш өтеуді жеңілдету тәсілдері.
- борыш өтеудің мерзімін сақтау және ұзарту жолдарын тиімді пайдалана
білуді талдап көрсету.
- Бүгінгі күндегі Қазақстанның кредит алу және борышты өтеу қазынасының
көрсеткішімен таныстыру.
Курстық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан,
пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І тарау. МЕМЛЕКЕТТІК НЕСИЕ – ЖАЛПЫМЕМЛЕКЕТТІК ҚАРЖЫНЫҢ БАСТЫ БУЫНДАРЫНЫҢ
БІРІ

1.1 Мемлекеттік несиенің мәні, нысандары мен әдістері

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың (жергілікті атқарушы
органдардың) қарамағына елдің заңды және жеке тұлғаларының бос ақша
қаражаттары да, сонымен бірге, басқа елдердің (үкіметтердің, қаржы-несие
мекемелерінің) және халықаралық қаржы-несие институттарының ресурстары да
несие капиталы ретінде уақытша пайдалануға жұмылдыру үшін және бюджет
тапшылығы проблемаларын шешу үшін таралуы мүмкін. Оларды алудың басты әдісі
мемлекеттік несие болып табылады.
Мемлекеттік несие – жалпымемлекеттік қаржының басты буындарының бірі
және несие қатынастарының жиынтығы, бұл қатынастарда мемлекет несиегердің
де, қарыз алушының да, гаранттың да (қарыз алу үшін мемлекеттің
кепілгерлігін білдіреді) рөлінде болуы мүмкін.
Мемлекеттік несиенің ерекшелігі қарызға берілген қаражаттардың
қайтарымдылығында, мерзімділігінде және ақылығында. Алайда, бұл
қатынастарды банк несиесімен шатастыруға болмайды.
Мемлекеттік несиенің жекеше несиеден айырмашылығы:

Жекеше несие Мемлекеттік несие
өндірістік мұқтаждар үшін өндірістік және өндірістік емес
жұмылдырылады; мұқтаждар үшін жұмылдырылады;
несие капиталы жұмылдырылады; төлем және сатып алу қаражаттары
өтеу қосымша өнім немесе өндіріс жұмылдырылады;
процесінде пайда болатын құннан өтеу бюджет кірістерінен (негізінен
жүргізіледі; салықтық түсімдердің есебінен)
капиталдың қолдану сферасын жүргізіледі;
(өндірістік сфераны) кеңейтеді. капиталды қолдану сферасын
тарылтады.

Мемлекеттік несиенің көмегімен жұмылдырылған қаражаттар көбінесе
экономиканы қаржыландыруға бағытталатындықтан оның өндірістік сипаты болуы
тиіс. Мемлекеттік несие жөніндегі қатынастар мына негіздерде қаржы
қатынастарына кіреді:
1) мемлекеттік несие жолымен жұмылдырылатын қаражаттар әр түрлі
қажеттіліктерді - өндірістік, өндірістік емес, сол сияқты стратегиялық,
оперативтік қажеттіліктерді қаржыландыруға бағытталатын мемлекеттің қаржы
ресурстары ретінде қаралады;
2) алынған және берілген несиелер үшін есеп айырысулар, олар үшін пайыздар
төлеу бюджеттердің – үкіметтің қарыз алулары кезінде орталық
(республикалық) немесе биліктің жергілікті органдарының қарыз алулары
кезінде жергілікті бюджеттердің қаражаттары есебінен жүргізіледі. Бюджет
кірістерінің негізгі және тұрақты бөлігін салықтық түсімдер құрайтындықтан
қарыздар арқылы жұмылдырылатын қаражаттар “антиципацияландырылған
салықтар”, яғни мерзімінен бұрын өндіріп алынған салықтар деп саналады.
Мемлекеттік несие ақша қаражаттарын (оларды кейін қайтару шартында)
қайта бөлу функциясын орындайды. Бұл халықтың, шаруашылық жүргізуші
субъектілердің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырумен байланысты.
Бұл функцияда мемлекеттік несие жинақ ақшаны ұйымдастыру нысандарының бірі
болып табылады. Несиенің көмегімен біршама азғантай, орташа жинақ ақша
мемлекетте шоғырландырылады және оның қажеттіліктерін қаржыландыруға
бағытталады. Бұған халықтың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасында
орналастырылатын мемлекеттік қарыздардың облигацияларын шығару, мемлекеттің
бағалы қағаздарының басқа түрлерін (қазынашылық міндеттемелерді,
қазынашылық бондарды, сертификаттарды) шығару арқылы қол жетеді. Бұл
функция іс-әрекетінің объективті нәтижелері ұлғаймалы ұдайы өндірістің
ауқымын арттыру және оның қарқынын тездету болып табылады.
Ағымдағы кезеңде пайдаланылатын қаражаттар несиегерге ондаған
жылдардан кейін, яғни келешектегі ұрпақтардан өндіріп алынатын салықтар
есебінен қайтарылуы мүмкін болғанда мемлекеттік несиенің қайта бөлгіштік
функциясы сондай-ақ оның мерзімінен бұрын төлену қасиетінде көрінеді.
Сөйтіп, келешектегі ұрпақтардың қаражаттарын бүгінгілердің пайдасына қайта
бөлуге қол жетеді (“уақытқа қарай қайта бөлу”).
Мемлекеттік несиенің екінші функциясы – реттеуші функциясы. Бірінші
кезекте мемлекет несиелік пайыздың мөлшеріне ықпал жасай отырып, ақша
ағындарын реттейді: несие капиталының рыногында қаржыгер бола отырып, ол
бұл капиталға деген сұранымды арттырады, мұның нәтижесінде несие
капиталының нормасы артады. Сөйтіп, мемлекет бұл рыноктағы бәсекеге
араласады, одан жеке инвесторларды ығыстырады (“ығыстыру әсері”). Бұл
олардың бизнестің белгілі бір түрлерін инвестициялауын шектеуді тудырады.
Бір мезгілде мемлекеттің бағалы қағаздарын сатып алу кезінде айналыстағы
ақшаның (қолма-қол ақшаның және қолма-қолсыз ақшаның) қысқаруына жеткізеді,
мұның өзі ақша эмиссиясының зардаптарын жою үшін тиімді болуы мүмкін.
Мемлекеттік несие рөлі халықтың, кәсіпорындардың, ұйымдардың уақытша
бос қаражаттарын жұмылдырудағы мүмкіндіктеріне және олардың мемлекеттің
кезек күттірмейтін мұқтаждарын қаржыландыруға бағыттауға саяды.
Мемлекеттік несие түрлері бойынша ішкі, сыртқы, шартты болып
ажыратылады (1.1-ші сызба).
Ішкі несиеде мемлекеттік несие қатынастары жан-жақты тұрғыда:
қарызгер кезінде де, несиегер ретінде де елдегі үкіметтің, биліктің
жергілікті органдардың, кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың арасында
пайда болады.
Халықаралық несиеде қатынастарға бір жағынан, үкімет, биліктің
жергілікті органдары, екінші жағынан басқа мемлекеттердің үкіметтері,
банктері, компаниялары, сондай-ақ халықаралық қаржы-банк ұйымдары
араласады. Несие беруші тарап мемлекет-донор немесе ұйым-донор, ал несие
алушы ел реципиент-ел деп аталады.
Шартты мемлекеттік несие отандық қарызгерлер: кәсіпорындар, ұйымдар,
фирмалар, жергілікті билік органдары алған қарыздарына басқа елдердің
несиегерлеріне берілген кепілдіктер бойынша үкіметтің міндеттемелері
ретінде болады. Қарыз шарттары орындалмаған жағдайда үкімет отандық
қарызгердің уақыты келген міндеттемелері бойынша қарызгердің мүлкін немесе
басқа активтерінен бюджет қаражаттары есебінен қарыздың сомасын төлейді.
Мемлекет қарыз алушы ретінде ғана емес, сонымен бірге несиегер
ретінде де бола алады.
Мемлекеттік несиелендірудің негізгі сферасы – күрделі жұмсалымдар:
басым өндірістерді қаржыландыру; тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру;
экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым салаларын қаржыландыру.
Несие капиталдары рыногында мемлекет гарант ретінде бола алады.
Төлемдердің кідірісі бойынша тәуекелдіктер; банкроттық; саяси және басқадай
себептер жағдайында бұл мемлекеттік несиелендірудің ерекше нысаны.
Мемлекеттік несиенің көздері – кәсіпорындарда, банктерде, зейнетақы
қорларында, сақтық қорларында, халықта пайда болатын уақытша бос
қаражаттар.
Мемлекет несие ресурстарын:
1) бюджет тапшылығын қаржыландыру;
2) ұлттандырылған және аралас кәсіпорындардағы жұмсалатын күрделі
жұмсалымдарды қаржыландыру;
3) биліктің жергілікті органдарының шаруашылық органдарын қаржыландыру;
4) елдің ақша айналысын реттеу үшін пайдаланады.
Ішкі мемлекеттік несиенің нысандары:
1) мемлекеттік қарыздар шығару;
2) коммерциялық банктердегі халықтың салымдарының бір бөлігін мемлекеттік
қарыздарға айналдыру;
3) қазынашылық несиелер.
Мемлекеттік несиенің негізгі нысаны несие қатынастары болып көрінетін
мемлекеттік қарыздар болып табылады, бұл қатынастарда мемлекет негізінен
қарызгер ретінде болады.
Мемлекеттік қарыздар – нәтижесінде мемлекет белгілі бір мерзімге және
белгілі бір ақыға ақша қаражаттарының белгілі бір сомаларын алатын мемлекет
пен заңды және жеке тұлғалар арасындағы қарыз қатынастары.
Қарыздардың салықтардан айырмашылығы:
Қарыздар Салықтар
ерікті сипаты; мәжбүрлеме сипаты;
мәжбүрлеудің бүркемелі нысаны мәжбүрлеудің анық нысаны

Қарыздар өтеу мезгілі, орны, орналастыру әдістері, қарыз валютасы,
эмитенттер, табыстылық түрлері бойынша ажыратылады. Өтеу мезгілі бойынша:
қысқа мерзімді (бір жылға дейін), орта мерзімді (1 жылдан 5 жылға дейін),
ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) болып ажыратылады. Орналастыру орны бойынша
қарыздар ішкі және сыртқы қарыздар болып бөлінеді. Ішкі қарыздардың
облигацияларын шетел азаматтары мен қоғамдар сатып ала алады. Орналастыру
әдістері бойынша: еркін айналатын, жазылу бойынша орналастырылатын және
мәжбүрлеме қарыздар болып ажыратылады. Мемлекеттік қарыздар, әдеттегідей
ақша нысанында шығарылады, бірақ қажет болғанда заттай нысаны да болады.
Эмитентке қарай қарыздар үкіметтің қарыздарына және биліктің
жергілікті органдарының қарыздарына (муниципалдық қарыздарға) ажыратылады.
Табыстылық түрлері бойынша қарыздар пайыздық (қарыз иелері жыл сайын
тең үлеспен бекітілген мөлшерлеме бойынша тұрлаулы табыс алады); ұтыс
немесе лотореялық (табыс облигациялардың өтеу тиражы немесе ұтыс тиражы
шыққанда төленеді) қарыздар болуы мүмкін.
Дербестікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында меншікті
ішкі қарыздарды қолдану басталды. 1992 жылы республика үкіметі Мемлекеттік
ішкі қарыз шығарды, ол кәсіпорындар мен ұйымдар арасында таратылды. Сол
жылы айналысқа 20 жылға есептелінген Қазақстан Республикасының мемлекеттік
ішкі ұтыс қарызының бондары шығарылды. Қарыздар бойынша ұтыстар жыл сайын
25, 50, 500 мың теңге көлемінде 4 рет ойналады.
1996 жылы Қақастан Республикасында резидент және бейрезидент – заңды
және жеке тұлғалар арасында номиналы 1000 теңгеге, айналым мерзімі 364
күнге тең мемлекеттік бағалы қағаздар болып табылатын Мемлекеттік ішкі
қарызының ұлттық жинақ облигациялары таратылды. Ұлттық жинақ
облигацияларына жүзбелі табыстық пайыздары есептеліп, олар тоқсан сайын
төленіп тұрады.
“Мемлекеттік және мемлекеттік кепілдік берген қарыз алу және борыш
туралы” Қазақстан Республикасының заңына, Бюджет кодексіне сәйкес, қарыз
алудың мынандай түрлерін атауға болады: мемлекеттік қарыз алу және мемлекет
кепілдік берген қарыз алу.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қарыз алуды Қазақстан
Республикасының Үкіметі, Ұлттық банкі және жергілікті атқарушы огандары
жүзеге асырады.
Үкіметтің қарыз алуы республикалық бюджеттің тапшылығын қаржыландыру
мақсатында, Ұлттық банктің қарыз алуы төлем балансын қолдау және Ұлттық
банктің алтын-валюта активтерін толықтыру мақсатында, сондай-ақ елдегі
жүргізіліп отырған ақша-несие саясатымен айқындалатын басқа да
мақсаттарында жүзеге асырылады. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік
қарыз алуы аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыруға байланысты
жергілікті бюджеттің тапшылығын жабу мақсатында жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздардың мынандай түрлері мен нысандары болады:
1. Қарызгерге қатысы бойынша:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыздары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қарыздары;
Жергілікті атқарушы органдардың қарыздары болып бөлінеді.
2. Несие капиталының рыноктары бойынша:
Сыртқы мемлекеттік қарыздар.
Ішкі мемлекеттік қарыздар.
3. Қарыз алу нысаны бойынша:
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару;
Қарыз шарттарын (келісімдерін) жасау болып бөлінеді.
4. Қолданылу мерзімі бойынша мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар:
айналыс мерзімі 1 жылға дейін, қысқа мерзімді;
айналыс мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін, орта мерзімді;
айналыс мерзімі 5 жылдан астам, ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттық және құжатсыз нысанда
(оны ұстаушылар үшін тек қана құжаттық нысанда), номиналды және
дисконтталған құны бойынша, сыйақының бекітілген және бекітілмеген
мөлшерлемесімен шығарылуы мүмкін.
Қарыз туралы келіссөздер жүргізу, шарттарға қол қою тәртібін, оның
атынан эмиссияланатын мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару,
орналастыру, айналысқа түсіру, өтеу және оларға қызмет көрсету тәртібін
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландыру үшін халықтың банктердегі
салымдары бойынша қалдықтарының бір бөлігін мемлекеттік қарыздарға
айналдыру әдетте жинақ банклері арқылы жүргізіледі және егер, олардың
капиталы мемлекетке жататын болса, онда депозиттерді пайдалану
тәуекелдіктері бойынша мемлекет жауап береді; жинақ банкінің (акционердің)
капиталына мемлекет қатынасқан жағдайда банк мекемелерінің (акционерлердің)
пікірлеріне сәйкес тартылған қаражаттарды тиімді пайдалану нұсқаларының
проблемалары пайда болады.
Қазынашылық несиелер шаруашылық жүргізуші субъектілерге немесе бюджет
қаражаттары есебінен мемлекеттік билік пен басқару органдарының халыққа
қаржылық көмек көрсету жөніндегі ақша қатынастарын білдіреді.
Мемлекеттік несиенің әдістері әр түрлі және баяндалған нысандарға сай
келеді. Мемлекеттік қарыздарда – бұл қаражаттарды таратудың және оларды
кейін қайтарудың амалдары, тәсілдері: олар қарыздарды шығарудың шарттарымен
анықталады: табыстылықты анықтаудың және табыс алудың әдістері, іс-қимылдың
мерзімі, орналастыру амалдары (облигацияларды, бондарды еркін сатып алу
және сату, жазылу, мәжбүрлеме орналастыру), өтеу амалы (облигациялар
бойынша ұтыстар, қордаланған пайыздық кірісі бар облигацияларды төлеп
(сатып) алу, мерзімсіз қарыздарда – пайыздық кірісті дүркіндік төлеу).
Қарыздардағы әдістерге сондай-ақ мемлекеттің борышын басқару әдістері
де жатады (ары қарай қараңыз: жаңғырту, мерзімді ұзарту, сәйкестендіру,
қайта қаржыландыру).
Мемлекеттік қазынашылық міндеттемелерде (МҚМ-да) мыналар әдістер
болып табылады: дисконттың мөлшері, кесіп тастау бағасы, көрсетулі құны
бойынша МҚМ-ды өтеу, өтеу мерзімі, аукциондарды өткізудің тәртібі (реті).
Мемлекеттік несиенің нысандары кезінде – мемлекеттік банктердің
депозит ресурстарының қалдықтарын пайдалану кезінде мұндай қолданудың
шарттары әдістер болып табылады: мемлекеттің қаржы ресурстары ретінде
тартылатын ресурстардың үлесі, қайтару мерзімі, табыстылық нормасы. Елдің
орталық эмиссиялық банкісінің қаражаттарын тарту шарттары - әдістері ұқсас
болады, бұл әдістер мұндай қарыз алудың инфляциялық ықпалын азайтуы тиіс.
Мемлекеттік несиелер нысанындағы әдістер кәдімгі банк несиесінің
әдістеріне ұқсас болып келеді.

1.2 Халықаралық мемлекеттік несие

Өзінің шығындарын жабуға мемлекет шетелдік несиелерді де тартады.
Сыртқы экономикалық байланыстардың қарқындап өсуі халықаралық мемлекеттік
несиенің тез дамуына жеткізіп, соның негізінде сыртқы берешектердің шапшаң
өсуіне себепкер болып отыр. Мемлекеттер өзіне қажет қаржы ресурстарын
жұмылдыру үшін ұлттық шекарадан тысқары жерлердегі бос ақша көздерін барған
сайын белсенді пайдалануда. Компаниялар, банктер, сондай-ақ, әр түрлі
елдердің мемлекеттік органдары несие мәмілелерінің қатысушылары болып отыр.
Халықаралық мемлекеттік несие – халықаралық экономикалық қатынастар
сферасында елдердің материалдық ресурстарының қозғалысы, мемлекет
дүниежүзілік қаржы рыногында борышкер немесе несиегер ретінде болатын
қатынастардың жиынтығы. Бұл қатынастар мемлекеттік сыртқы қарыздар нысанын
қабылдайды және ішкі қарыздар секілді олар да қайтарымдылық, мерзімділік
және ақылық жағдайында беріледі. Алынған сыртқы қарыздардың сомасы
есептелген пайыздармен бірге елдің мемлекеттік борышына қосылады.
Мемлекеттік сыртқы қарыздар ақша және тауар нысанында беріледі. Несие
субъектісі мемлекеттік уәкілетті органдар арқылы елдер болып саналады.
Халықаралық несие – бірқатар елдер мемлекеттерінің, банктердің,
сондай-ақ басқа заңды және жеке тұлғаларының басқа елдердің мемлекеттеріне,
банктеріне және өзге де заңды және жеке тұлғаларына берілетін қарыздары.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына байланысты халықаралық несие
сферасында мына валюта-кредит ұйымдары барған сайын маңызды орын алып отыр:
Халықаралық Валюта Қоры, Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі және оның
ұйымдары – Дамудың Халықаралық Ассоциациясы, Инвестициялар Кепілдігінің
Көпжақты Агенттігі, Халықаралық Қаржы Корпорациясы, Европа Қайта Құру және
Даму Банкі, Азия Даму Банкі, Ислам Даму Банкі және басқалары. Халықаралық
Валюта Қоры валюта бағамдарын реттеу нормаларын белгілеу және оларды
сақтауға бақылау жасау, қатысушы-елдер арасында валюталық шектеулерді жою,
оларға төлем баланстарын реттеу үшін қаражаттар беру арқылы халықаралық
сауда мен валюталық ынтымақтастыққа жәрдемдеседі.
Дүниежүзілік банк пен оның ұйымдары елдердің экономикалық дамуын
оларға техникалық көмек көрсету мен елдердің экономикалық әлеуетін іске
асыруға қабілетті жобаларды қаржыландыру арқылы қолдап отырады.
Өзінің мәні жағынан халықаралық мемлекеттік несие ұлғаймалы ұдайы
өндірісті қамтамасыз ету құралдарының бірі болып табылады, бірқатар
жағдайда дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің құралы болып
саналады.
Халықаралық несиенің қажеттігі экономикалық заңдардың бүкіл
жиынтығымен айқындалады.
Халықаралық несиенің дамуы мына факторларға байланысты болады:
1) еңбектің халықаралық бөлінісі мен экономикалық бірігу;
2) өндірістің мамандандырылуы, қауымдасуы;
3) елдердің табиғи ресурстарымен және жұмыс күшімен әр түрлі
қамтамасыз етілуі;
4) жеке елдердің экономикалық дамуының біркелкі еместігін жеңіп
шығудың қажеттігі;
5) дамушы елдерге экономикалық көмек көрсетудің қажеттілігі;
6) дамушы елдердің дамыған елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастығы.
Халықаралық несиеге берілетін мемлекеттің несие ресурстары:
1) қорланым қорларына жататын мемлекеттік бюджеттердің қаражаттарынан;
2) ұжымдық несие қорларынан (ұлттық және халықаралық банктердің
меншікті және тартылынды (тартылған) қаражаттары);
3) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаражаттарынан тұрады.
Ақша нысанындағы халықаралық несие ұлттық валюталарда және еркін
айырбасталымды валюталарда беріледі.
Халықаралық несиенің функциясы мемлекеттердің сыртқы экономикалық
қызметі процесінде тауар және ақша ресурстарын қайта бөлу болып табылады.
Халықаралық несиені пайдалану экономиканың дамуын тездетуге,
экономикалық дамудың деңгейлерін теңестіруге, сыртқы сауданың өсуіне,
экономикалық бірігуді тездетуге жәрдемдеседі.
Халықаралық несиенің негізгі нысаны сыртқы қарыздар болып табылады.
Қарыз қаражаттары сыртқы сауда мәмілелерін жүзеге асыру немесе экспорт пен
импортқа жәрдемдесу – сыртқы сауданы несиелендіру үшін пайдаланылады.
Сыртқы сауданы несиелендіру кезінде кредиттерді беру, пайдалану және өтеу
елдердің тиісті бағдарламалары мен бюджеттерінде қарастырылады, мұның өзі
оларға өздерінің міндеттемелерін толық әрі бөгетсіз орындауына мүмкіндік
береді.
Халықаралық несие нысандарында экономикалық дамуды қолдау мақсатымен
шетел мемлекеттері мен көпжақты ұйымдар беретін дамуға ресми көмек
ерекшеленеді. Көмек беру мақсаттарының коммерциялық емес сипаты болады,
яғни көпжақты валюта-кредит ұйымдары өздерінің пайдасын барынша көбейтуге
ұмтылмайды, керісінше құрылымдық жаңғыртуды және экономикалық өсуді
қамтамасыз ететін сфераларды қаржыландырады. Мысалы, Халықаралық валюта
қорының несиелері Қазақстанға макроэкономикалық тұрақтандырудың және
құрылымдық реформалардың бағдарламаларына, теңгенің бағамын қолдауға
беріледі, мұның өзі басқа халықаралық ұйымдар қарыздарының елге түсу
шарттарының бірі болып табылады.
Халықаралық экономикалық қатынастар практикасында сондай-ақ,
экспорттық немесе “байланыстырылған несиелер” нысаны қолданылады. Мұндай
несиелерді беру қарызгер-елге нақтылы тауарларды сатып алуға берілетін
несие олардың жеткізілімімен “байланыстырылады”. Әдетте байланыстырылған
несиелер жеңілдік жағдайда беріледі, мұның өзі өз еліндегі жеткіліксіз
сұранымды тауарларды басқа елдердің рыноктарында қорғаудың қажеттілігінен
туады.
Экспорттық несиелерді пайдаланудың елдің сауда балансына ықпал
жасайтын зардабы болады. Қосымша қаржыландырудың есебінен импорт өседі, ал
бұл сауда балансының тапшылығын тудырады немесе көбейтуі мүмкін. Бұдан
басқа, экспорттық несиелер реципиент-елдегі экономикалық өсуге ықпал
жасайды, өйткені, біріншіден, тиісті қаражаттарды өндірістік сфераға салуға
мүмкін болар еді және болашақта ағымдағы қажеттіліктерді мезеттік
қанағаттандырудың орнына табыс әкелер еді, екіншіден, импортталатын
тауарлар неғұрлым сапалы және арзан тауарлар ретінде отандық тауарларды
ығыстырады немесе оларды өндіруді жаншиды.
Қазіргі жағдайда жабдықты, материалдарды, азық-түлікті сатып алу
кезінде дамыған елдерде сыртқы сауда ұйымдары мен сыртқы экономикалық банк
контракттар мен келісімдер, соның ішінде өтемдік келісімдер негізінде бұл
елдердің банктері мен фирмаларынан алатын банк және коммерциялық несиелерді
пайдаланады. Өтемдік келісімдер – бұл сыртқы сауда келісімдерінің түрі, бұл
келісімдер кезінде тауарды сатып алушы оның құнын басқа тауарлар
жеткізілімімен төлейді. Өтемдік келісімдер, әдеттегідей, шетел банктерінен
ұзақ мерзімді несиелер алуды қарастырады, бұл несиелердің есебінен шетелдік
фирмаларға белгілі бір объектіні салу үшін олардан сатып алынатын тауарлар
төленеді. Жеткізілімнің құны салынған объектілер өнімнің экспорты есебінен
өтеледі.
Кредитті өтеу қабілетін бағалау үшін рейтинг агенттіктері елдің несие
рейтингін әзірлейді, бұл орайда мына аспектілерге назар аударылады:
1. Демократиялық саяси жүйені жасаудағы прогресс; мұны демократиялық
саяси институттардың тиімділігі, шешімдер қабылдау процесінің ашықтығы,
экономикалық реформаларды жүргізуге саяси жолды ұстаушылық және оларды
практикалық жүзеге асыруға қабілеттілік деп түсінеді.
2. Қаржылық тұрақтылыққа және экономикалық өсуге жетудегі жетістіктер.
Олар өзіне мыналарды кіріктіреді: фискалдық және монетарлық саясаттың
тиімділігі, ұлттық валютаның тұрақтылығы мен айырбасталым-дығы кезінде
инфляцияның төменгі деңгейін ұстап тұру.
3. Нарықтық экономикаға көшудегі прогресс: экономикадағы жеке меншік
сектордың рөлі (мемлекеттік секторды жекешелендірудің дәрежесі, жеке меншік
компаниялардың жетістіктері, кәсіпорындардың құрылымын өзгерту,
корпорациялық басқарудың тиімділігі, қоғамның салық салуға қатысындағы
өзгерістер және төлем тәртібі), экономикалық қызметті ырықтандыру (баға
белгілеудің еркіндігі, жаңа отандық және шетелдік компаниялар үшін
рыноктардың ашықтығы, сыртқы сауда мен инвестициялық қызметтегі ашықтық),
қаржы секторының ахуалы (банк секторының дамуы және оны реттеу, қаржы
делдалдығының дамуы, қор рыногының және банктік емес қаржы мекемелерінің
дамуы), нарықтық институттардың дамулығы (тиімді инфрақұрылым мен
заңнаманың болуы).
4. Сауда ағындарын қайта бағдарлау. Экспорт пен импорттың өсу серпіні мен
құрылымы, халықаралық экономикалық сауда ұйымдарына қатысу, қаржыландырудың
көзі ретіндегі шетелдік тура инвестициялардың рөлі, менеджменттің деңгейі,
технологияларды беру арқылы бағаланады.
Соңғы жылдары Қазақстан Республикасы шетелдерден едәуір несиелер
алды. Сондықтан валюта қаражаттарын ұтымды, үнемді жұмсаудың маңызы арта
түсуде. Олар бірінші кезекте тұтынуға арналған тауарларды шығаратын
кәсіпорындарды құру және жаңғырту және басым өндірістерді, яғни экономиканы
сауықтыру үшін белгіленген құрылымдық саясатты ескере отырып дамыту үшін
пайдаланылуы тиіс.

ІІ тарау. МЕМЛЕКЕТТІК БОРЫШ - ҚОҒАМДЫҚ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРДІ ҚАНАҒАТТАНДЫРУ
МАҚСАТЫНДАҒЫ АҚША РЕСУРСТАРЫН ТАРТУ НЫСАНДАРЫНЫҢ БІРІ

2.1 Қазақстан Республикасының мемлекеттік борышы

Мемлекеттік несие қызметінің нәтижесінде мемлекеттік борыш түзіледі.
Мемлекеттік борыш – бұл алынған және белгілі бір күнге өтелмеген
мемлекеттік қарыздардың сомасы (олар бойынша есептелген пайыздарды қоса).
Мемлекеттік борыш ұлғаймалы ұдайы өндірісті және қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ақша ресурстарын тарту нысандарының бірі ретінде
мемлекеттік қарыздарды пайдаланудан туады. Мемлекеттік борышты мемлекет
мемлекеттік бюджеттің қаражаттары есебінен өтейді. Орналастыру рыногына,
қарыз валютасына және басқа сипаттамаларына қарай мемлекеттік борыш
мемлекеттік ішкі және сыртқы борыш болып бөлінеді. Сондай-ақ күрделі және
ағымдағы мемлекеттік борыш болып бөлінеді. Күрделі мемлекеттік борыш деп
мемлекеттің шығарылған және өтелмеген борышқорлық міндеттемелерінің бүкіл
сомасын (бұл міндеттемелер бойынша есептелген пайыздарды қоса) айтады.
Ағымдағы борыш – бұл мемлекеттің барлық борышқорлық міндеттемелері бойынша
несиегерлерге табыс төлеу және мерзімі келген міндеттемелерді өтеу
жөніндегі шығыстар.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік борыш өз кезегінде тікелей
Үкіметтің, Ұлттық банктің және Үкіметтің кепілдігі уәдесін алған
кәсіпорындардың борышы болып бөлінеді. Егер, борышты несиегерлердің түрлері
(типтері) бойынша өзара бөліске салсақ көбінесе Дүниежүзілік банкке,
Халықаралық валюта қорына және Қазақстандық экспортты қаржыландыратын
ұйымдарға қарыз. Қарыз алудың едәуір көлемі жеке несиелерге де тиеді. Бұлар
көбінесе Қазақстанның бағалы қағаздарын – қазынашылық міндеттемелерді,
Ұлттық банктің ноттары мен сурооблигацияларын сатып алатын шетелдік жеке
және заңды ұйымдар. Орналастырылған сурооблигацияларды өтеу мемлекеттік
борышқа қызмет көрсетуге жұмсалатын шығыстардың негізгі баптарының бірі
болып отыр.
Мемлкеттік борыштардың пайда болуы мен өсуінің себебі мемлекеттік
бюджеттің тұрақты тапшылығы болып табылады.
Экономикалық жағынан дамыған елдердің едәуір мемлекеттік ішкі борышы
болады. Алайда борыштың бұл түрінің түзілу себептеріндегі, әдістеріндегі
және жұмыс істеу ерекшеліктеріндегі айырмашылық елеулі болады. Дамыған
елдерде мемлекеттік борыш және оны тудырған бюджет тапшылықтары
экономикалық циклге экономиканы тұрақтандыру мен оны дамытудың
біріктірілген факторлары болып табылады. Халықтан, корпорациялардан,
банктерден, басқа қаржы және несие мекемелерінен қарызға алынған ақша
қаражаттары өнімді пайдаланылады және аталған қарызгерлердің активтері
ретінде қаралады. Мемлекеттік борыш ұлттың өзіне өзінің қарызы ретінде
қаралады және ұлттың жиынтық байлығының жалпы мөлшеріне әсер етпейді. Ішкі
борышты басқару жөніндегі пайыздарды төлеу қажеттігі түріндегі оның белгілі
бір теріс зардаптары инвестицияларға немесе елдің экономикасын дамытуға
қосымша қаржы ресурстарын жұмылдырудан болатын оңтайлы нәтижелермен
жабылады. Ішкі борыштың өсуі кезінде ұлттық табыс пен байлық кемімейді,
мұның өзі, әрине, табыстардың қайта бөлінісімен байланысты болатын бірқатар
келеңсіз салаларды жоққа шығармайды, олар мынаған саяды:
1. Берешекті өтеу мен пайыздарды төлеу бюджет қаражаттарының
есебінен, яғни салық төлеушілердің есебінен жүргізіледі, сөйтіп, табыстар
мемлекеттік бағалы қағаздар иелеріне, әдеттегідей, қоғамның дәулетті
жіктеріне ағылады.
2. Салықтарды көбейту жолымен мемлекеттік борышты азайту жөніндегі
мемлекеттің іс-қимылы кезінде макроэкономикалық тәуекелдіктер қосылады;
жиынтық сұранымның қысқаруы тепе-теңді таза ұлттық өнімнің азаюына
ұрындырады, кәсіпкерлер тарапынан қаражаттардың жұмсалымына деген
ынталандырмалары төмендейді, экономикаға қаражаттарды инвестициялау
қысқарады.
3. Жеке меншік кәсіпкерлердің инвестицияларын ығыстыру нәтижесі іс-
әрекет етеді. Бұл құбылыс мынадан туып отыр. Мемлекет бюджет тапшылығын
немесе борышты жабу мақсатымен несие рыногына шыға отырып, ақша рыногында
бәсекені күшейтеді, мұның нәтижесінде ақша капиталының пайыздық
мөлшерлемелері артады. Бұл жеке меншік секторды инвестициялардың бір
бөлігінен айырады, ал инвестициялық шығыстардың төмендеуі тепе-теңді таза
ұлттық өнімді азайтады.
Егер мемлекет ақша рыногының оқшауландырылған қаражаттарын тұтыну
мақсаттарына емес инвестициялық тауарларға бағыттаса, егер экономика
жұмыспен толық емес қамтылған жағдайда жұмыс істесе мұндай іс-әрекеттің
келеңсіз нәтижесі шектелуі мүмкін.
Қазақстан практикасында бюджеттердің тапшылықтары мен мемлекеттік
борыш қаржыландыру нысандары және туындайтын зардаптары бойынша айтарлықтай
ажыратылады. Мемлекеттік борыштың едәуір бөлігі үкімет тұрғызатын өзгеше
қаржы пирамидасы болып табылатын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер
бойынша берешек нысанында көрсетіледі. Мемлекеттің қолданыстағы жоғары
дисконтқа қарыз алған сомасы ішкі берешекті үнемі арттырады.
Мемлекеттік ішкі борыштың басқа нысандарына мыналар жатады:
бюджет тапшылығын жабу үшін бұрын алынған кредиттер бойынша Ұлттық
банкке берешек;
облигациялар және басқа бағалы қағаздар шығарумен ресімделген
халықтан, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік несие түсінігі, нысандары мен сыныптамасы
Әлемдегі несие жүйесінің дамуының қазіргі тенденциялары
Мемлекеттік несиенің нысандары
Мемлекеттік несие туралы
Несиенің қызметтері
Мемлекеттік несие мен мемлекеттік борыш
Қазақстандағы несие жүйесінің дамуы
Мемлекеттік несие
Мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыз
Төлем балансы және оның мәні
Пәндер