Мемлекет кірістерінің сыныптамасы
Реферат.
ЖОСПАР
Кіріспе 3
I Бөлім. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру 6
1.1 Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері 7
1.2 Экономиканы қаржыландыру 9
1.3 Мемлекет кірістерінің мәні 10
1.4 Мемлекет кірістерінің сыныптамасы 15
II Бөлім. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік шығыстар өкілеттігін бөлу
саясаты 17
2.1 Салықты-бюджеттік орталықсыздандырудың қағидалары 18
2.2 Қазақстан Республикасында бюджетаралық қатынастарда субвенция мен
бюджеттік алымдар қағидасының қолданылуы 21
III Бөлім. Шығыстар құрылымын әзірлеудегі кезеңдер 23
Қорытынды 25
Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты
ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті
дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру
мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты
экономикалық қатынастарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы,
оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға
байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының
өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін
қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты
мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.т.
функциялармен тікелей байланысты.
Шығыстардың диалектикасы өзгерістер ұғымында қаралғанға ұқсас болып
келеді. Бұдан басқа, шығыстар ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың, мақсатты арналымы бойынша пайдалану,
яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда
шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын
өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының,
халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру
қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
2. Айырбас процесінде қаражаттарды нақтылы жұмсаудан бөлгіштік
сипаттағы шығыстарды ажырата білген жөн, бұл шығыстар қаржы арқылы
қалыптасады: жалпымемлекеттік қорларды пайдаланған және кәсіпорындардың
қорларын мақсатты арналым бойынша бөлген кезде ақша шығыстары барлық
шаруашылық жүргізуші субъектілердің түпкілікті табыстарын қалыптастырудың
негізі болып табылады.
Бұл екі аспект шығыстар ұғымының оның шығындар ұғымына түрленген
кездегі қарама-қайшылық пен күрделілікті қамтып көрсетеді: егер шығыстар
түпкілікті рәсуаны, тұтынуды (табыстарға қарама-қарсы) қажет ететін
болса, шығындар есепке жатқызылатын алдымен, келешектегі табысты немесе
пайданы күтудегі шығындарды білдіреді.
Мемлекеттің шығыстары мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын
мемлекеттің тікелей шығындары мен өндірістік және өндірістік емес
салалардың мемлекеттік кәсіпорындарының, ұйымдарының, мекемелерінің
шығындарынан тұрады.
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі жүйесінде (нарықтық және әкімшіл-
әміршіл) және тіпті экономика дамуының түрлі кезеңдерінде мемлекеттің рөлі,
оның функциялары мен қызмет саласы өзгеріп отыратындықтан, бұған сәйкес
мемлекеттің жасайтын шығыстарының құрамы мен көлемі тиісінше өзгеріп
отырады.
Мемлекет шығыстарының құрамына мемлекеттік бюджеттің, мемлекеттік
бюджеттен тыс қорлардың, мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың,
өндірістік және өндірістік емес сфералар мекемелерінің шығыстары кіреді.
Мемлекеттік сектордың кәсіпорындары шығыстарының құрамына мыналар
кіреді:
өндірістік, шаруашылық - пайдалану қызметімен байланысты шығындар;
ұлғаймалы ұдайы өндіріске (негізгі құрал - жабдықтарға және айналым
капиталдарына) жұмсалатын шығындар;
бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер;
көтермелеу және ынталандыру қорларына аударылатын аударымдар.
Шығындардың бірінші тобы қорлардың (капиталдардың) ауыспалы
айналымымен байланысты және өндіріс шығындарының орнын толтыру (өтеу) болып
табылады және шартты түрде шығыстарға жатады (шығындар терминінің
мағынасын қараңыз). Сондықтан кәсіпорындар бойынша мемлекеттің шығыстары
шығыстардың екінші және үшінші топтарын қамтиды.
Басқа категориялардың арасында мемлекет шығыстарының жайы мемлекеттік
меншіктің маңызымен және мемлекеттің қазіргі жағдайындағы рөлімен
анықталады. Мемлекет өндіріс құралдарының иесі болып табылады, өндірістік
процестердің ұйымдастырушысы болады, жалпы қоғамдық өнімді жасауға және
бөлуге қатысады және өзінің функциялары мен міндеттеріне сәйкес мемлекет
шығыстарының жүйесі арқылы қоғамдық қажеттіліктердің едәуір бөлігін
қанағаттандырады. Реформалау кезеңінде республика экономикасында
мемлекеттік сектордың үлесі шұғыл төмендегенімен, бірақ тіпті мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасының орындалып отырғанымен, бұл
үлес 30-40% (табиғи ресурстарды есепке алумен) шегінде қалады, мұның өзі
дамыған нарықтық қатынастарға сай келеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстары
категориясы тұрақты экономикалық қатынастарды қамтып көрсетеді және
келешекте өзінің маңызын сақтайды.
Мемлекет шығыстарының басым бөлігі қоғамдық тауарды, игіліктерді және
қызметтер көрсетуді өндіруге немесе олармен халықты қамтамасыз етуге
бағытталады, бұл мемлекет шығыстарының рөлін айқындайды. Әлеуметтік-мәдени
мақсаттарға, қорғанысқа, құқық тәртібін қорғауға, басқаруға, мемлекеттің
инфрақұрылымдық кәсіпорындары мен ұйымдарының өнімі мен қызмет
көрсетулеріне жұмсалатын шығыстар мемлекет, сонымен бірге экономиканың
нарықтық сектор тарапынан рыноктік тауарлармен және қызметтер көрсетумен
қамтамасыз етуге қосымша ретінде халықтың жалпы қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс.
Мемлекеттiк кiрiстер терминi - әдебиеттерде және құқықтық актiлерде
екi түрлi мағынада қолданылады. Бiржағынан, бұл терминмен экономикалық бөлу
қатынастарының белгiлi бiр тобы анықталады, екiншi жағынан – мемлекеттiң
қаржысы анықталады. Мысалы, Цыпкиннiң ойынша, мемлекеттiк кiрiстер ретiнде
ұлттық кiрiстi бөлу процессiнде мемлекетке келiп түсетiн ақша ресурстары
болып табылады. Бұл кiрiстердiң пайда болу көзi ұлттық табыс.
Барлық мемлекеттiк кiрiстердiң жүйесi орталықтандырылған және
орталықтандырылмаған кiрiстерден тұрады, яғни мемлекеттiк бюджеттiң
кiрiстерiнен және мемлекеттiк кәсiпорын, бiрлестiктердiң және ұйымдардың
кiрiстерiн тұрады.
Мемлекеттiк кiрiстердiң бөлiктерiн орталықтандыру бюджеттiң мақсатымен
- халық шаруашылығының бүкiл салаларын жоспарлы дамытуды қамтамасыз ету,
халықтың материалдық қажеттiлiгiн көтеру, мәдени дамуын жоғарылату,
мемлекеттiң органдарын қамтамасыз етумен шартталады.
Кiрiстердiң екiншi бөлiгi кәсiпорындардың шаруашылық ұйымдардың
тiкелей өз қарауында қалдырылып, өндiрiстi кеңейтуге, мадақтау қорларын
құруға және басқа да мақсатты – жоспарлы қажеттiлiктерге жұмсалады.
Сонымен, мемлекеттiк кiрiстердiң түсiнiгi кең түсiнiк болып табылады.
Ақша ресурстарының кейбiр бөлiгi мемлекеттiң қарауына мемлекеттiк мүлiктiк
және жеке сақтандыру, жинақтама кассаларындағы халықтың салымдары сияқты
басқа да қаржылық институттардың көмегiмен түседi[1].
Қаржы теориясында критерийлерге бөлiнетiн мемлекеттiк кiрiстердiң
бiрнеше түрлерiн атауға болады, бiрiншiден, қайтарылатын, қайтарылмайтын
кiрiстер. Қайтарылмайтын кiрiстерге салықтарды, ақша ұтыс лотореяларын
жүргiзуден түскен кiрiстер, мемлекеттiң пайдасына берiлген ерiктi
қайырымдылық қорлар жатады, ал қайтарылатындарға мемлекеттiк қарыз алуларды
жатқызамыз. Екiншiден, ақылы және ақысыз кiрiстер деп бөлемiз. Ақысыз
кiрiстерге – салықтарды және ерiктi қайырымдылық қорларға сыйға тартуларды
жатқызамыз, ал ақылы кiрiстерге басқа салықтық емес мiндеттi төлемдердi
жатқызамыз, оларды салыстырмалы ақылы төлемдер деп атайды. Бұл заңдық
критерий эквиваленттiлiктiң экономикалық категориясын көрсетедi.
Кейде кiрiстердi орталықтандырылған және орталықтандырылмаған деп
бөледi.
Бюджет аралық қатынастарда салықтарды – тұрақты бекiтiлген деп және
реттеушi кiрiстер деп бөледi. Гуревичтiң ойы бойынша – тұрақты бекiтiлген
кiрiстер белгiлi бiр бюджеттерге бекiтiлiнедi, олардың ролi негiзiнен
бюджеттi тұрақты түрде кiрiстермен қамтамасыз етiп отыру. Тұрақты
кiрiстердiң артықшылықтары – олар бюджеттiң жасалуын және орындалуын
жеңiлдетедi, бiрақ кемшiлiктерi де бар, негiзiнен ереже бойынша олар ақша
қорларындағы ақша қаражаттарының пай да болуы және бөлiнуiн бiрiңғай
жасамайды.
Ал реттеушi кiрiстер республикалық және жергiлiктi бюджеттерге жалпы
мемлекеттiк салықтардан және кiрiстерден түскен жалпы көздерден бөлiнедi.
Мемлекеттiк кредиттiң мемлекеттiк бюджетке ақша қаражаттарын жинаудың
негiзгi тәсiлдерiнiң бiрi болып табылатындығы белгiлi.
I Бөлім. Мемлекет шығыстарын ұйымдастыру
Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыруға оларды болжау, сондай-ақ оларды
қаржыландыру мен қаражаттарды пайдаланудың қатаң тәртібін белгілеу арқылы
қол жетеді. Сондықтан мемлекеттің шығыстарын ұйымдастыру қағидаттарының
бірі жоспарлық болып табылады. Ұлттық шаруашылықты баланстандырылмалы
дамыту және халықтың әлеуметтік тұрмыс деңгейін арттыру мақсатында мемлекет
жалпы қоғамдық өнім мен ұлттық табысты өндірістік және өндірістік емес
сфералар, экономикалық аудандар арасында бөлуге және қайта бөлуге қатысады.
Мемлекеттің шығыстарын жоспарлаудың басты әдісі баланстық әдіс болып
табылады.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің
қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның
негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда
үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті
айқындайтын неғұрлым перспективті және прогрессивті салаларға бөлу және аса
маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген
ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап
етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта
мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістермен қатар
қолданылады (мысалы Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры)
- бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
Дамуды жоспарлар мен болжамдардың орындалуына қарай қаржыландыру қаржы
ресурстарын тек өндірістік көрсеткіштер орындалғанда және шараларды
экономикалық-әлеуметтік дамудың болжамдарына сәйкес жүзеге асырған кезде
бөлуді қажет етеді.
Ресурстарды пайдалануда үнем режимін сақтау - мемлекеттің шығыстарын
ұйымдастырудың маңызды қағидаты, ол ішкі резервтерді жұмылдыруға,
өндірістік және өндірістік емес сфералардың барлық бөлімдерінде мемлекет
қаражаттарына бақылауды күшейтуге, оларды ұтымды әрі құнтты пайдалануға
бағытталған. Мемлекеттің шығыстарын ұйымдастырудың қажетті қағидаты оларды
жабудың бюджет, кредит және меншікті көздерінің оңтайлы үйлесуі болып
табылады. Бұл қағидат мемлекет шығыстарын ортақ қаржыландыру процесін
білдіреді.
Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны
жағынан бірыңғай (бір текті) емес. Шығындарды қаржыландырудың көздеріндегі,
нысандарындағы және әдістеріндегі айырмашылықтар осыпан байланысты болады.
1.1 Мемлекет шығындарын шектеудің аса маңызды критерийлері
Мемлекеттің шығыстарын шектеудің (айырудың) аса маңызды критерийі
материалдық өндіріс пен ұлттық табысты жасаудың процесінде олардың қатысы
болып табылады. Осыған сәйкес мемлекеттің шығыстары экономикалық мазмұны
бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:
1) материалдық өндіріспен тікелей байланысты және өндірістік сфераға
жататын шығыстар;
2) қызметтің өндірістік емес сферасындағы шығыстар;
3) мемлекеттің резервтерді жасау шығыстары;
Шығыстардың бірінші тобы мемлекеттің шаруашылық қызметімен шартталған
және ұлттық табысты жасаумен байланысты.
Мемлекет шығыстарының екінші тобы қоғамдық қажеттіліктерді
қанағаттандыру үшін ұлттық табысты тұтынумен байланысты. Өндірістік емес
сфераға жұмсалатын қаражаттар ең алдымен оқу - ағарту мен денсаулық сақтау
мекемелерін ұстауға, ғылым және мәдениетті дамытуға, тұрғын үй және мәдени-
тұрмыстық құрылысқа, қызметкерлерді әлеуметтік сақтандыруға, сонымен бірге
қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтік қаржыландыруға бағытталады. Мемлекет
сондай-ақ қаражаттарды қорғанысқа, мемлекеттік аппаратты ұстауға және
мемлекеттік органдардың қызметімен байланысты басқа шараларға жұмсайды.
Өндірістік емес сфераның қажеттеріне жұмсалатын шығыстар тұтыну қорына
түсетін ұлттық табысты бөлігі болып табылады. Алайда өндірістік емес
сферадағы шығындардың өсуі ақырында қоғамдық өндірістің өсу және оның
тиімділігін арттыру қарқынында білініп, көрінеді. Бұған білікті кадрларды
даярлау, ғылым жетістіктерін өндіріске енгізу, материалдық өндіріс
сферасының қызметкерлеріне медициналық қызмет көрсетуді қамтамасыз ету
есебінен қол жетеді. Мемлекеттің шығыстарын қорлану қоры мен тұтыну қоры
арасында оңтайлы болу мемлекеттің экономикалық саясатының аса маңызды
міндеті болып табылады. Қорлану қоры мен тұтыну қорының арасалмағы өзгерді:
соңғы жылдары тұтыну қорының өсу қарқыны қорлану қорының өсу қарқынынан
асып түсті. Тұтыну мен қорлануға пайдаланатын ұлттық табыстағы тұтыну
қорының үлес салмағы қазақстанда 83 пайызға жуығын құрайды.
Үшінші топтың мемлекет шығыстары - мемлекеттік резервтерді жасау мен
молықтыруға жұмсалатын шығындар өндірістік, сондай-ақ өндірістік емес
сфераларды төтенше жағдайлар кезіндегі қажеттіліктерін қанағаттандыруға
арналған. Мұндай резервтерді орталықтандырылмаған тәртіппен (жеке әрбір
кәсіпорын мен ұйымда) жасау ұтымды болмас еді. Олардың жасаудың
орталықтандырылған тәртібі олардың қажетті мөлшерін салыстырылмалы
төмендетуге және бұл резервтерді неғұрлым тиімді пайдалануға мүмкіндік
береді.
Предметтік (мақсатты) белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары
экономикаға, әлеуметтік – мәдени шараларға, ғылымға, қорғаныс пен басқаруға
жұмсалатын шығыстарға бөлінеді.
Аумақтық белгісі бойынша мемлекеттің шығыстары
экономикалық аймақтар бойынша бөлінеді. Мұндай сыныптау өндіргіш күштерді
орналастыруға және ұлттық шаруашылықтағы үйлесімдіктерді жетілдіруге
белсенді ықпал жасауға мүмкіндік, береді.
Салалық белгісі бойынша материалдық өндіріс сферасында мемлекеттің
шығыстары өнеркәсіпке, құрылысқа, ауыл шаруашылығына, көлік пен байланысқа,
саудаға, жабдықтау мен дайындауға жұмсалатын шығындарға бөлінеді;
өндірістік емес сферада білім беру, ғылым, денсаулық сақтау мен дене
шынықтыру; әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру, қорғаныс,
басқару шығындары болып бөлінеді.
Мемлекеттің шығыстары қаражаттарды ең жоғарғы тиімділікпен пайдаланған
жағдайда мемлекеттік қажеттіліктерді неғұрлым толық қамтамасыз етуі тиіс.
Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің ерекшеліктерімен анықталатын
мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың екі әдісі болады:
І. Шаруашылық есептегі кәсіпорындар мен ұйымдарды қаржыландыру
меншікті ресурстар, банк кредиттері есебінен және жетіспеген бөлігі -
бюджет қаражаттары есебінен жасалынады; 2. Сметалық-бюджеттік қаржыландыру.
Сметалық тәртіппен ерекше құжаттардың - сметалардың негізінде әлеуметтік-
мәдени шаралар, мемлекеттік билік пен басқару органдарын ұстау, қорғаныс
шығындары қаржыландырылады. Сметалық тәртіппен қаржыланатын мекемелер мен
ұйымдар бюджеттік деп аталады.
Ерекше жағдайларда әдіс ретінде айналысқан қолма-қол ақша шығару және
кредиттік эмиссия есебінен (қолма-қол ақшасыз) эмиссиялық қаржыландыру
қолданылады.
Бюджеттік қаржыландырудың мынадай нысандары қолданылады: демеуқаржы,
субвенциялар, субсидиялар.
Демеуқаржылар кезінде ақша қаражаттары қайтарусыз тәртіппен бюджет пен
бюджет қорларынан кәсіпорындар мен ұйымдардың зияндарын жабу үшін, сондай-
ақ төменгі бюджеттерді баланстау үшін бөлінеді. Бұл нысан ауыл шаруашылығы
өнімнің бағаларындағы айырманы өтеу, жеке өнімдер мен тауарлардың
әлеуметтік-қолайлы бағаларын қолдау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықтың
зияндарын жабу, театр, ойын-сауық және басқадай ұйымдардың шығындарын
ішінара өтеу түрінде тараған болатын.
Субвенциялар - халықты әлеуметтік қолдауы қамтамасыз ету жөніндегі
бағдарламалар мен шараларға және басқа мақсаттарға нысаналы мемлекеттік
қаржы көмегінің нысаны; мақсаты пайдалану бұзылған жағдайда қаражаттар
қайтарылуға жатады.
- Субсидиялар - үлестік негізде белгілі бір шараларды қаржыландыруға
бюджет, бюджеттен тыс және арнаулы қорлардың қаражаттары есебінен ақша және
заттай нысандағы жәрдемақылар.
Аталған нысандар (оларды қалыпты жүзеге асырған жағдайларда)
трансферттік қаржыландырудың түрін қабылдайды. Трансферттер деп кең
мағынада бюджеттен және бюджеттен тыс қорларды белгілі бір қажеттіліктерді
қаржыландыру үшін қаражаттарды қайта бөлу кезінде оларды өтеусіз және
қайтарусыз беруді айтады. Әдеттегідей, бұл әлеуметтік сақтандыру мен
қамсыздандыру бойынша төлеулер, жұмыссыздық бойынша, білім беру, денсаулық
сақтау, мәдениет және т.т жүйесін ұстауға берілетін жәрдемақылар.
1.2 Экономиканы қаржыландыру
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар - бұл өндіріс көлемінде
тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға
бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар;
негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық
резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың
салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі
жұмсалымдар - материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады.
Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1) құрылыс-монтаж жұмыстарының шығындары;
2) жабдық, сайман, аспап сатып алу шығындары;
3) өзге күрделі жұмыстар мен шығындар (жобалау-іздестіру, геологиялық-
барлау және бұрғылау жұмыстары, жер учаскелерін кесіп беру және қоныс
аудару бойынша және т.т)
4) жаңа салынып жатқан кәсіпорындар үшін кадрларды даярлауға
жұмсалатын шығындар кіреді.
Күрделі жұмсалымдар мыналардың есебінен қаржыландырылады:
1) шаруашылық жүргізуші субъектілердің меншікті қаражаттары;
2) банктердің ұзақ мерзімді кредиттері;
3) халықтың жинақ ақшасы (тұрған үй құрылысына);
4) бюджеттен қаржы бөлу,
Кәсіпорындардың меншікті қаражаттарының үлесі өсіп келеді, бұл
шаруашылық есеп қаражаттары техникамен қайта жарақтандыру және қайта құруға
арналған және кәсіпорын ұлғаймалы жаңғырту үшін толық жауап береді.
Инвестициялық саясатты қайта құрудың басты мағынасы осында. Ал бюджет
қаражаттары негізінен басым мемлекеттік маңызы бар ірі өндірістік
құрылысты, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің құрылысын
қаржыландыру үшін пайдаланылады.
Жөндеуге жұмсалатын шығыстар табиғи тозған және сапалық ескірген
(негізгі капиталдарды ішінара қалпына келтіру және олардың жұмыс
қабілеттілігі жағдайында болуын қолдап отыру үшін) негізгі капиталдарды
жөндеудің арнаулы қоры есебінен жүргізіледі[2].
1.3 Мемлекет кірістерінің мәні
Мемлекет қаржысының іс-әрекеті кезінде өзара тығыз байланысты екі
процесс пайда болады: мемлекеттік құрылымдардың қарамағына қаржы
ресурстарын жұмылдыру және қаражаттарды мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне
пайдалану. Бұл процестердің алғашқысы өзінің көрінісін мемлекеттің
кірістері ұғымында, екіншісі мемлекеттің шығыстарында табады.
Мемлекеттің кірістері деп экономикалық қатынастардың жүйесін айтады,
бұл қатынастардың процесінде мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық
базасын жасау үшін мемлекеттің меншігіне түсетін қаражаттардың жиынтығы
құрылады.
Жиынтық қоғамдық өнімді бөлудің нәтижесінде мемлекеттің, жеке
кәсіпорындардың, шаруашылық ұйымдардың және халықтың бастапқы табыстары
жасалынады. Бастапқы табыстар бөлу мен қайта бөлудің күрделі процестеріне
ұшырайды, мұнда маңызды рөлді қаржы орындайды. Бұл процестердің нәтижесінде
ақша қорлары, ең алдымен бюджет қоры жасалынады.
Жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін қаржы арқылы
халықтың табысының бір бөлігі алынады; кәсіпорындардың табысы (пайдасы)
бөлініске ұшырайды — оның бір бөлігі бюджетке түседі, басқа бөлігі
кәсіпорындарда қалады және ішкі шаруашылық қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Сонымен бірге халықтың бастапқы табыстары да қызметтің өндірістік емес
сферасының мекемелері көрсететін қызметтерді төлеу арқылы қайта бөлінеді.
Бұл түсімдер өндірістік емес сфера кәсіпорындарының (мысалы, халыққа
тұрмыстық қызмет көрсету, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және т.б.)
табыстарын құрайды. Сөйтіп, табыстар қоғамдық өнімнің құнын шаруашылық
жүргізуші субъектілер бойынша бөлуге байланысты адамдардың қарым-
қатынастарын білдіретін дербес экономикалық категория ретінде болады.
Мемлекеттің кірістері мемлекеттік кәсіпорындардың қарамағына қаржы
ресурстарын қалыптастырумен байланысты болатын қаржы қатынастарының бөлігі
ретінде көрінеді. Сонымен бірге жұмылдырылатын мемлекеттің қаржы ресурстары
орталықтандырылған кірістер қатарына, мемлекеттік кәсіпорындардың
қарамағында қалғандары орталықтандырылмаған кірістерге жатады.
Орталықтандырылған қаржы кірістері негізінен салық түсімдері, сыртқы
экономикалық қызметтен алынатын кірістер, халық төлемдері есебінен
қалыптасады. Орталықтандырылмаған кірістер кәсіпорындардың өздерінің
ақшалай табыстары мен қорланымдарынан құрылады.
Мемлекеттің орталықтандырылған кірістерінің құрамыңда басты орынды
бюджеттің кірістері алады, оның ссебінен қоғамды дамытудың экономикалық
және әлеуметтік міндеттерін шешу қамтамасыз етіледі.
Мемлекет кірістерінің басым бөлігін түрлі деңгейдегі бюджеттерге
орталықтандыру біртұтас қаржы саясатын жүргізуге, қаражаттарды ұлттық
шаруашылықтың басым салаларының пайдасына қайта бөлуді қамтамасыз етуге,
өндірістік емес сфера қажеттіліктерін қанағаттандырып отыруға мүмкіндік
береді. Бюджет қаражаттарынан басқа мемлекеттің орталықтандырылған
кірістеріне бірқатар мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар жатады.
Табыстар ұғымының материалдық-заттай жағы мемлекетте, шаруашылық
жүргізуші субъектілерде, халықта жинақталатын ақша қаражаттарының
анықтамасы болып табылады.
Мемлекет кірістерінің экономикалық мағынасы және оларды ұйымдастыру
мемлекеттік шаруашылық жүргізудің саяси және экономикалық рөліне байланысты
болып келеді. Әрбір қоғамдық экономикалық формация үшін тауар-ақша
қатынастарының даму дәрежесімен, өндіріс әдісімен, мемлекеттің табиғатымен
және функцияларымен байланысты болатын оған тән мемлекет табыстарының
жүйесі сипатты болады.
Мемлекет табыстарының қалыптасуы мемлекеттің тікелей белсенді
қатысуымен жүзеге асырылады: ол бюджетке орталықтандырылатын және
шаруашылық жүргізуші субъектілерге қалдырылатын қоғамның таза табысының
үлесін белгілейді, сондай-ақ халықтың жеке табыстарының бір бөлігін және
қоғамның басқа қаражаттарын шоғырландырады.
Мемлекет өндіріс құралдарының және тиісінше, қосымша өнімнің иесі
болып отырған жағдайда мемлекет меншігінен алынатын табыстар мемлекет
кірістерінің айтарлықтай көзі болып табылады. Мемлекет кірістерінің бір
бөлігі жалпымемлекеттік қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін мемлекеттің
салық жүйесі жұмылдыратын кәсіпкерлік сектордың, кооперативтік ұйымдардың
және халықтың табысының бір бөлігі есебінен құралады. Табыстардың белгілі
бір бөлігін мемлекет өзіне қарасты қаржы активтерін (акцияларды және
т.с.с.), жылжымайтын мүлікті сатудан алуы мүмкін.
Мемлекеттік меншіктен алынатын табыстарға мыналар жатады:
1) мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы табысы (пайдасы),
қосылған құнға салынатын сапық, акциздер, кеден табыстары түріндегі табысы;
2) мемлекеттік мүліктен алынатын табыс (мемлекеттік тұрғын үй қорынан,
жерден, ормандардан, жер-судан, басқа табиғи ресурстардан, мемлекеттік
меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіруден түсетін қаражаттар);
3) мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар көрсететін ақылы қызметтерден
алынатын табыстар (тіркеу алымдары, мемлекеттік сараптау үшін төлем) мен
шаруашылық емес қызметтер үшін төлем (мемлекеттік баж, жол полициясының
алымы, тауар белгілері үшін өтінім алымы);
4) бюджеттік мекемелердің үй-жай үшін жалгерлік төлемді, қосалқы
шаруашылық табыстарын және басқаларды қамтитын арнаулы қаражаттары.
"Мемлекеттің кірістері" мен "Мемлекеттің қаржы ресурстары" ұғымдарын
ажырата білген жөн. Қаржы ресурстары — уақыттың бір мезетіндегі
мемлекеттің, кәсіпорындар немссе шаруашылық ұйымдардың меншігіндегі ақша
қорларының жиынтығы.
"Қаржы ресурстары" ұғымы мазмұны жағынан "мемлекеттің кірістері"
ұғымынан кең. Мемлекеттің кірістерінен басқа қаржы ресурстарының құрамына
кірістерге жатпайтын, бірақ қоғамдық қажеттіліктерге пайдаланылуы мүмкін
қаражаттар кіреді. Мысалы, негізгі құрал-жабдықтарды (капиталдарды) қалпына
келтірудің амортизациялық аударымдары, айналымдағы қаражаттардың артығы,
құрылым мерзімі өткен кредиттік және депоненттік берешектің сомалары, істен
шыққан, иесіз мүлікті (өлген адамнан қалған мүлікті), тәркіленген,
мұрагерлік құқық бойынша мемлекетке өткен, талап стілмеген (көліктегі талап
етілмеген жүк, талап етілмеген депозит сомалары, таратылмаған пошталық
жөнелтім) мүлікті өткізуден түскен түсімдер. Бұл ақша қаражаттары (сондай-
ақ мүлікті өткізуден түскен түсімдер де) тура мағынада табыс, яғни
қаражаттарды жұмсаумен байланысты белгілі бір қызметтің нәтижесі болып
табылмайды. Осындай себептерге байланысты әр түрлі айыппұлдар, бересілер,
өсім (өсімпұл) кіріс болып есептелмейді. Мемлекеттік қарыздардан түсетін
түсімдер де мемлекеттің қаржы ресурстары (қарыздарды өтегенге дейін)
болғанымен мемлекеттің кірістері болып саналынбайды, өйткені бұлар — қарыз
қаражаттары. Қаржы ресурстарына сондай-ақ мемлекеттік сақтық органдардың
қарамағындағы қаражаттардың барлық сомалары жатады. Мемлекеттік
кәсіпорындардың түрақты пассивтері өсімінің сомалары ретіндегі
ішкішаруашылық ресурстар да мемлекеттің кірістері болып саналмайды. Сөйтіп,
мемлекеттің қаржы ресурстары негізінен мемлекеттің кірістері мен басқа
көздер есебінен құралады.
Мемлекет кірістерінің көзі ұлттық табыс болып табылады, ал қаржы
ресурстары жалпы қоғамдық барлық сомасын бөлу және қайта болу кезінде
жұмылдырылады. Мемлекеттің шығыстарын жабу бүкіл қаржы ресурстарының
жиынтығымен қамтамасыз етіледі.
"Мемлекеттің кірістері" және "мемлекеттік бюджеттің кірістері"
ұғымдары да бір-біріне тең әрі ұқсас ұғымдар емес. Бірінші жағдайда
қатынастардың неғұрлым кең топтары туралы әңгіме болып отыр, өйткені
мемлекеттің кірістері құрамына, жоғарыда атап өтілгендей, мемлекеттік
бюджеттің кірістерінен басқа мемлекеттік кәсіпорындардың, ұйымдардың,
бірлестіктердің таза табыстары, мемлекеттік мүліктен алынған табыс,
мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, салық түсімдері және т.т. қамтылады, ал
мемлекеттік бюджеттік кірістеріне олардың жұмылдырылған бөлігі ғана кіреді.
Мемлекет кірістерінің сипаты айтарлықтай дәрежеде мемлекеттің өзіне
қажет ақшаны жұмылдыратын әдістеріне байланысты болып келеді. Нарықтық
экономика жағдайында мемлекеттің кірістерін жұмылдырудың негізгі әдістері
салықтар (оның түрлі нысандары), қарыздар және эмиссия болып табылады.
Түрлі тарихи кезеңцегі бұл әдістердің арасалмағы әр түрлі болады және қаржы
саясатының мазмұнымен, шаруашылық жағдаятпен, нақты экономикалық және
әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісу дәрежесімен және тағы басқа көптеген
факторлармен айқындалады.
Мемлекет кірістерінің жүйесінде орталық орынды салықтар алады. Олар
нарықтық тұрпаттағы дамыған экономикалық жүйеде әрекет ететін қаржының
негізгі қасиеттерін білдіретін әмбебаптық және сонымен қатар басты
категория болып табылады. Нарықтық экономика жағдайында салық нысаны
қаржылық өзара байланыстардың бүкіл жүйесінде басымырақ болады.
Салықтар барлық елдерде олардың қоғамдық-экономикалық құрылысы мен
саяси іс-бағытына қарамастан мемлекет кірістерінің негізгі көзі — ұлттық
табысты қайта болудің басты қаржылық тетігі, мемлекет кірістерін, тиісінше,
бюджеттік қордың кірістерін де қалыптастырудың шешуші көзі болып табылады.
Фискалдық маңызы бойынша екінші әдіс мемлекеттік қарыздар болып
табылады. Олар тек бюджет тапшылығын жабуға емес, сонымен бірге әр түрлі
күрделі шығындарды, әсіресе экономиканың мемлекеттік секторындағы
қаражаттарды инвестициялауды қамтамасыз етуге пайдаланылады. Қаржы
жүйесінің әр түрлі буындарының шиеленісуі күшейе түсіп отырған экономикалық
дағдарыс кезінде қарыздардың маңызы айтарлықтай артады. Қарыздар мемлекет
қаржыларының түрлі буындарында, республикалық және жергілікті бюджеттерде,
мемлекеттің тартылған қаражаттары құрамында қолданыс тауып отыр. Соңғы
жылдары әсіресе бюджет түсімдерінің көздеріндегі қарыздардың үлесі артып
отыр. Олар түрлі деңгейдегі бюджет тапшылығын жабуда кеңінен қолдануда.
Сонымен қатар қаржы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz