Тұтыну несиесінің түрлері шарттары
Жоспар:
Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..3-4
I. Бөлім. Несиенің мәні және функциялары
1.1. Несиенің формалары, оның құрылымы мен несиелік қатынастары

... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5-10
1.2. Несиенің негізгі функциялары және
принциптері ... ... ... ... ... ... 11-16
II. Бөлім. Несие жүйесі және оның алатын орны
2.1. Несие жүйесінің ұғымы және құру
принциптері ... ... ... ... ... ... ..17-25
2.2. Қазақстандағы банк жүйесінің даму тарихы және несие жүйесін
жетілдіру ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 31-32
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 33
Кіріспе.
Қазіргі Қазақстан экономикасы, соның ішінде несие-ақша және
қаржы шаруашылығы: ақша-несие жүесін реформалау; қатаң инфляция жағдайында
бізде бұрын-соңды болмаған жаңа ақша-несие қатынастары; несие қаржы
институттарының жаңа түрлерінің пайда болуы; нарық экономикасымен және
меншіктің көп түрлі формасына бейімделген екі буынды банктік жүйенің
қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттік банктік
құрылымдардың әкімшілік-әміршілік басқару жүйесінен-пайда табуға,
коммерциялық жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған жеке және ұжымдық
меншікке негізделген несиелік мекемелерге өту тәрізді бірқатар маңызды
өзгерістерді жүзеге асыруда.
Бұл жағдайда отандық және шетелдік банктік тәжірибені салыстырудың
өзіндік мәні бар. Қазақстан Республикасында экономикалық реформаларды іске
асыру үшін нарық экономикасы дамыған елдерде жинақталған ақша-несие
қатынастары мен банк ісінің даму нәтижелерін қолдану қажет.
Жаңа банктік механизмді құру өркениетті елдерде қолданған нарықтық
қаржылық құрылымдардың көп жылдық тәжірибелеріне сүйенетін коммерциялық
банктердің қызметтерін қалпына келтіруді талап етеді. Сондықтан да
шаруашылықтың әр түрлі жағдайында бейімділігі мен тиімділігін әлдеқашан
байқаған әрі қатаң бәсекелік күресте ұзақ тарихи таңдаудың жемісі болып
табылатын: ақша қаражаттарын жұмылдыру, несиелеу және есеп айырысу
түрлеріне қатысты шетелдік тәжірибелерді зерттеудің маңызы аса зор.
Менің ойымша, банктердің экономиканың нақты секторымен өзара қарым-
қатынасқа түсуіндегі факторлардың бірі – бұл клиент туралы, оның несиелік
тарихи жайлы толық ақпараттың болмауы.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Несиелендіру, банктер көрсететін
негізгі қызметтердің бірі әрі ол әлі күнге дейін көптеген банктер үшін ірі
табыс көзі болып табылады. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық
деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты. Олар арқылы ұдайы өндіріс
үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге
асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал ретінде шаруашылық органдардың
капиталдарын, халықтық жинақтарын және басқа да қаражаттарын тарта
отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп
айырылысу жүргізеді және экономика үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді,
соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналысына
тікелей ықпал етеді. Сонымен қатар несие беру – банктің тиімділігі мен
тұрақтылығы үшін де үлкен қауіп туғызады. Олай дейтінім, коммерциялық банк
мол пайда табуға ұмтыла отырып берген қаржысын қайтара алмай, банкрот болу
қаупінің алдында тұрады. Міне, сондықтан да ондай қауіптерді төмендетіп,
несие операцияларының ұтымдылығын қамтамасыз ететін тұрақты әрі тиімді
басқарылатын банк портфелін қалыптастыру несиелендіру процесінің басты
міндеті болуға тиіс.
Курстық жұмыстың мақсаты: Көптеген экономикалық әдебиеттерді
қолдана отырып, несие жүйесі, несиелік қатынастар мен несиелік мекемелер
туралы анық ашып, зерттеу, әрі қарай дамыту, қауіпті несие саясаты
мәселелерін қарастыру, оның шешу жолын табу, Коммерциялық банктер өздерінің
клиенттеріне әр түрлі несиелер беруіне байланысты жіктелуін қарастыру,
несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз етуі.
Осы мақсатқа сәйкес келесі міндеттер қойылады:
o Несие жүйесі туралы жалпы мәлімет
o Несие жүйесінің мәні, экономикалық әдебиеттердегі және
жарияланымдарғағы формасын анықтау
o Клиенттеріне қарай әр түрлі несиенің жіктелуі
o Қазақстанда несие жүйесінің алатын орны, дамуы.
II. Бөлім. Несиенің мәні және функциялары
1. Несиенің формалары, оның құрылымы мен несиелік қатынастары
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде
несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы – бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың
негізгі қызметтерінің, яғни әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында
толық сақталатын көрінісін білдіреді.
Экономикалық әдебиеттерде, әдетте несиенің негізгі екі формасы
қарастырылады: коммерциялық және банктік. Сонымен қатар көптеген
жарияланымдарда несие формаларына: тұтыну, мемлекеттік, халықаралық,
үкіметаралық, фирмалық және басқаларды жатқызыды.
Коммерциялық несие – бұл жеткізушінің сатып алушыға ұсынған тауары
немесе көрсетілген қызметі үшін төлемді кейінге қалдыруы. Несиенің осы
формасының обьектісі ретінде тауарлық капитал қызмет атқарады. Коммерциялық
несиенің ерекшелігі мынада: қарыз капиталы өнеркәсіптік капиталмен
біріккен, ал оның мақсаты – тауарларды өткізуді жылдамдату.
Әр түрлі тауарларды өндіру және өткізу бірдей емес уақыт кезеңін және
көбінесе белгілі бір маусымға сәйкестендіруді талап етеді. Қандай да бір
тауар өндіруші өз тауарларын нарыққа ұсынған кезде осы тауарды қажет етіп
тұрған басқа тауар өндірушінің қолма-қол ақшалай қаражаты болмауы мүмкін.
Нәтижесінде тауарларды несиеге сату қажеттілігі туындайды. Коммерциялық
несиенің құрлымы вексель – жазбаша қарыздық міндеттеме болып табылады. Ол
оның иесіне белгілі бір уақыт өткеннен кейін, борышқордан вексельде
көрсетілген ақшалай соманы талап етуге құқық береді. Коммерциялық несиенің
шектелген деңгейі бар. Біріншіден, ол жұмыс істеп тұрған капиталистердің
резервтік капиталдарының мөлшерімен шектелген, яғни олардың әрқайсысы
коммерциялық несиені тек өзіне, сол кезде айналым үшін қажет емес
капиталдың шегінде ғана бере алады. Екіншіден, коммерциялық несие өзінің
бағыты бойынша шектелген: оны өндіріс құралдарын шығаратын салалар осы
құрал-жабдықтарды тұтынатын салаларға береді, бірақ керісінше емес. Мысалы,
машина құрылыс кәсіпорынның иесі тоқыма станоктарын несиеге тоқыма
фабрикасына сата алады, ал тоқыма фабрикасы машина құрылыс кәсіпорнына
коммерциялық несие бере алмайды.
Қазіргі уақытта фирмалар өз өнімдерін өткізудің бұл формасын – төлемді
кейінге қалдыра отырып сатуды белсенді қолданады. Бұл ұсақ және орта
фирмалардың төлем қабілеттілігінің шамалығымен, тауарлар құнының өсуімен
банктік қарыз алуды қиындататын несиелік шектеулермен түсіндіріледі.
Коммерциялық несие Жапонияда және Францияда кең таралған. Жапондық
кәсіпорындар балансының жалпы сомасында коммерциялық талаптар мен
міндеттемелердің үлесі орта есеппен 30%- ға жетеді, француз фирмалары – 20-
25%. Олардан кейінгі орында ағылшындық, американдық және германиялық
компаниялар кіреді. Төлеуді кейінге қалдыруды тек қаржылық мүмкіндігі
шектеулі ұсақ фирмалар ғана пайдаланбайды, сонымен қатар кредитор және
қарыз алушы ретінде бола отырып, едәуір қаражаттарды және банктік несие ала
алатын ірі компаниялар да пайдаланады.
Несиенің бұл формасын таңдаудың факторы бәсекелестік кезінде мәнді
роль атқаратын оның құны болып табылады. Коммерциялық несие бойынша
мөлшерлеме ақша нарығының мөлшерлемелеріне ілесіп отырады, бірақ, әдетте
анағұрлым жоғары деңгейде белгіленеді. Тауар өткізуді мақсат еткен алғашқы
мәміле вексель арқылы банкте басқа сападағы несиелік мәмілеге айналады,
оның негізінде қарыз капиталының қозғалысы жатыр. Банкте вексельдерді
есептеу мүмкіндігі коммерциялық несиенің көмегімен ұлғайтылады,
жабдықтауыштар банкте вексельді оның төлем мерзімі жеткенге дейін
қиындықсыз есептетеғ алатының біле отырып, өз клиенттеріне ынталы түрде
төлемді кейін жүргізуді ұсынады, яғни вексельді есептеу механизмі
кәсіпорындардың сатып алушыларға төлемді кейінге қалдыруды ұсынуда
шектелген мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Коммерциялық несиенің артықшылықтарымен қатар, кемшіліктерні де бар.
Уақыт шектеулігі, өлшемдері, қозғалыс бағыты тәрізді белгілі кемшіліктерден
басқа төлемді белгілі бір дәрежеде кейінге қалдыру мәжбүрлік сипатына ие
болады; тауарларды төлеу мерзімі жиі бұзылады; жабдықтаушылар сатып
алушылардың қаржылық жағдайы туралы әр уақытта жақсы хабардар болмайды, ал
бұл олардың шаруашылық қызметі үшін белгілі бір тәуекел туғызады. Төлеуді
кейінге қалдыру – банктік сфераның ықпалынан күшті әсер көреді.
Коммерциялық банктер өздерінің клиенттеріне әр түрлі несиелер береді.
Олар мынадай белгілеріне байланысты жіктеледі:
I. Қарыз алушылар категорияларына қарай:
1) Қаржылық институттарға берілетін несиелер:
➢ Мақсатты қорларға;
➢ Банктерге;
➢ Қаржы-несиелік мекемелеріне.
2) Қаржылық емес агенттерге берілетін несиелер:
➢ өнеркәсіп салаларына;
➢ ауыл шаруашылығына;
➢ саудаға;
➢ дайындау ұйымдарына;
➢ жабдықтау-сату ұйымдарына;
➢ кооперативтерге;
➢ жеке кәсіпкерлерге.
3) Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
a) Мерзіміне қарай:
➢ Қысқа мерзімді (1 жылға дейін);
➢ Ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары)
ә) Берілу шартына қарай:
1. Тұтыну несиесі – бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу
үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несие,
2. Ипотекалық несие – бұл қозғалмайтын мүліктерді (трұрғын үйді,
өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып,
ұзақ мерзімге берілетін несие.
3. Овердравт несиесі – клиенттің шотынан қаражатты шегеру, дебеттік
қалдық бойынша берілетін қысқа мерзімді несиенің формасы.
4. Овернайт несиесі - өтімділікті қолдау мақсатында бір түнге
берілетін банкаралық несиенің түрі.
5. Онкольдық несие – кредитордың алғашқы талабы бойынша өтелетін
қысқа мерзімді несие.
6. Банкаралық несие – банктердің бір-біріне беретін несиесі.
7. Ломбардтық несие – тез іске асатын бағалы заттарды немесе бағалы
қағаздарды кепілге алып, берілетін несие.
8. Лизингтік несие – құрал-жабдықтарды жалға алумен байланысты
берілетін несие.
9. Рамбурстық несие – шикізаттарды ішке алып кіру және жартылай
фабрикат пен дайын өнімдерді сыртқа шығару тәжірибесінде
пайдаланылатын несие.
10. Сенім несиесі – банктің сенімге кірген, төлем қабілеті жоғары
клиенттерге берілетін несие.
11. Маусымдық несие – жабдықтаушының қаржыландыру уақыты мен түсімді
алу мерзімі арасындағы уақыт бойынша алшақтықты жабуға арналған
несие.
Тұтыну несиесінің басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды
ынталандыруды бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты:
бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен
қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халыққа
несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай
тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда
болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде
қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол
елдің жалпы жиынтық өнімнің 10%-ын, Германия мен Францияда - 30%-ын, ал
Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен. Бұл елдердің тәжірибелерінде
тұтыну несиесін ең қымбат тауарды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды,
жихаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің
тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тұтыну
несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобилдерді сату үлесіне тиеді.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі
ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып
келеді. Сондықтан да, несиенің бьұл формасының экономикасы дамыған елдерде
кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар:
1) Субьективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материялдық
игіліктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса;
2) Обьективті, яғни кез келген қоғамның дамуының басты бір
экрономикалық мәселесі – бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше
тұтыну несиесін қолдану аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді.
Тұтыну несиесі көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл
атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде
реттеп отыру қажет.
Қазақстан,да тұтыну несиесі кеңінен дамып отырған несиеге жатады.
Екінші деңгейдегі банктер тәжірибесінде тұтыну несиесінің мынадай түрлері
қолданылуда:
• Автомобилдік несие;
• Ұзақ мерзімге пайдаланылатын сатып алуға берілетін несие;
• Тұрғын үйді жөндеу жұмыстарына берілетін несие;
• Кейінге қалдырылмайтын қажеттіліктерге (оқу, емдеу және т.с.с.)
берілетін несие.
Банктік несие қоғамның барлық топтарының ақшалай табыстарынан және
жинақтарын капиталға айналдыра отырып, капиталдың қорлануына қызмет етеді.
Банктік несие әмбебап болып келеді, өйткені банк арқылы қайта бөлінген
қарыз капиталы экономиканың барлықсалаларында қолданыс табады. Бұл
ерекшелік оның жедел даму себебі қызметін атқарады. Қарыз мәмілесінің
дербес сипаты бар, онда ақшалай капитал өнеркәсіптік капиталдан
бөлектенген. Кредитордық мақсаты – пайыз түрінде табыс алу. Қарыз алушыға
қайтарымдылық, мерзімділік және пайыз төлеу жағдайларында қарыз капиталын
ұсынушы банктік мекеме кредитор ретінде көрінеді.
Банктің белгілі бір шетке капитал шығару және оны қарыз алушыларға
беру мүмкіндігі бар. Қазіргі жағдайда депозиттер банктік ресурстардың
бірден-бір көзі болып табылмайды. Несиелік мекемелер ақшалай қаражаттарды
банк аралық нарықтан қарызға алады, сонымен қатар көрсетілген мақсатқа
облигациялық қарыздарды да белсенді пайдаланады.
Банктік несиенің шамасына ақшалай - чектік эмиссиямен толтырылған
нақтылы ресурстардың көлемі ғана емес, оған өнеркәсіптік компаниялар, жеке
тұлғалар және тұлғалар және мемлекеттік мекемелер тарапынан қарыз
қаражаттарына деген сұраныс та әсер етеді. Осылайша экономикалық төмендеу
кезінде қарыз капиталы нарығының коньюнктурасын айқындаушы негізгі фактор
болып, банктердің ресурстары емес, несиеге деген әлсіз сұраныс болып
табылады.
Несиелік жүйе мемлекет тарапынан болатын ықпалға ұшырайды. Мемлекеттік
органдар және орталық банктер ұдайы қолданылатын несиелік шектеулер,
активтік операциялардың жасанды түрде қысқарылуын тудырады. Осылайша,
несиенің экономикалық ғана емес, әкімшіліктік те шектері бар.
Кредитор ретінде банктердің ролі біршама төмендегеніне қарамастан, ол
едәуір шамада қысқаруы мүмкін деп есептеуге негіз жоқ. Өйткені көптеген
кәсіпорынның қосымша қаражаттарға деген қажеттіліктері, бірінші кезекте,
банктік несие есебінен қанағаттандырылуы мүмкін, ол өнеркәсіптік
компаниялар үшін, жеке тұлғалар үшін де қарыз қаражаттарын алудың анағұрлым
ыңғайлы формасы болып келеді. Осылайша, несиелік жүйенің негізін ірі
банктер құрайды, ал банктік несие өзінің басымдық жағдайында қалады.
1.2. Несиенің негізгі функциялары және принциптері
Несиенің функцияларын қарастыру үшін келесідей ғылыми амалдар
орындалады. Біріншіден, бәрінен бұрын функцияда несиенің мәні сияқты
обьективті сипатта. Функция кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік
қатынасқа түсе отырып орындайтын белгілі бір жұмыстық көрінісін
сипаттайды. Екіншіден, несиенің функциясын талдау кезінде тағы да бір
жағдайды ескеру керек: несие өзінің қозғалыс процесінің әрбір кезеңінде
барлық функцияларымен емес, олардың біреуімен немесе бірнешеуімен өз мәнін
көрсетеді. Демек, әрбір кезеңде несие өзінің қозғалысының белгілі бір
сатысында болады, сондықтан өзінің мәнді көріністерінің барлық жиынтығын
бірден көрсете алмайды. Үшіншіден, функция – бұл қатып қалған емес,
өзгермелі. Төртіншіден, функция несиенің біртұтас процесс ретіндегі ерекше
көрінісін білдіреді.
Кредитор мен қарыз алушы арасында несиелік қатынас айырбас процесінде
уақытша босаған құнның қарыз алушыға берілуі жолымен қайта бөлу сатысында
пайда болады, сонан соң бұл құн өзінің алғашқы иесіне қайта оралады. Осыған
байланысты несиенің қайта бөлу функциясын көрсету керек. Қайта бөлу қандай
белгілер бойынша жүретініне байланысты мынандай түрлерге бөлінеді: аумақ
аралық, сала аралық, сала ішілік және шаруашылық аралық. Қайта бөлудің
барлық түрлерінде берілген құнға меншік иесі өзгермейтінін ескерте кету
керек. Берілген құнға меншік иесі кредиторда сақталады.
Несиенің қайта бөлу функциясының ерекшеліктері:
❖ Несиенің көмегімен тек материялдық игіліктердің, өндіріс құрал
жабдықтарының және тұтыну затының, яғни бір жыл ішінде өндірілген
жалпы ұлттық өнімнің құны ғана бөлініп қоймайды, сонымен қатар елдің
экономикасының дамуының алдыңғы кезеңдерінде жасалған құн да қайта
бөлінеді;
❖ Несиенің қайта бөлу функциясы құнның жалпы қайта бөлінуін
қозғамайды, уақытша босаған құнның қайта бөлінуін сөз етеді;
❖ Қайта бөлу функциясының мәнділігі уақытша босаған құнды уақытша
пайдалануға беру процесі болып табылады;
❖ Несиенің көмегімен уақытша босаған құнның берілуі нарықтық
экономикаға тән делдал банктердің және басқа несиелік мекемелердің
қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің тағы бір функциясы ретінде нақты ақшалардың орнын
несиелікоперациялардың басуы болып табылады. Тауар шаруашылығында нақты
ақшалардың орнын несиелік операциялардың басуы үшін қажетті жағдайлар
жасалған. Қарызға берілген құнды тауарлы-материялдық құндылықтар,
қызметтер, өзара талаптарды есептеуді аяқтау, аккредитивтер ашу,
тұрғындардың тұтыну тауарларын алуы үшін шоттарды төлеуге пайдалану, қалма-
қол ақшалай төлемдерді қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға
мүмкіндік береді, осылайша айналым шығындарын азайтады. Қазіргі тауар
шаруашылығында қарызға берілген құнның шаруашылық айналымына енуі ақшаның
жалпылама орнын басу функциясын орындамайды, ал экономикалық айналымда
олардың уақытша орнын басу фукнциясын орындайды. Қарыз алушының алған және
шаруашылық айналымына енген қарызға берілген құн ақшаға тән жұмысты
орындай бастайды.
Нақты ақшалардың орнын несиелік операциялар басуының келесідей
алғышарттары бар:
1) Банктік жүйенің дамуы және төлем айналымын ұйымдастыруда оның
ролінің жоғарылауы;
2) Экономикада төлем міндеттемесі немесе талабы бар төлем
құжаттарының дернбес айналысы;
3) Орталық банктердің несиелік ақшаларды эмиссиялауы.
№ Несиелеу Тұтыну несиесінің түрлері
шарттары
Автомобиль несиесі Ұзақ мерзімді
тауарлар сатып алу
несиесі
Жаңа Ескі (пайдаланылған)
1 2 3 4 5
1 Несие мөлшеріАвтомобиль Автомобильді бағалау 10000 АҚШ долларына
құнының 80% құнының 80%-на дейін дейін (немесе
дейін эквивалент)
500000 АҚШ
долларына дейін
(егер қамтамасыз
ету заңы –
жылжымайтын мүлік
болса)
2 Бастапқы Автомобиль 2 жылға дейін жүрген
жарна құнынан - 20% шетел көлігін сатып
алуда 20%;
3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
30%;
5 жылдан 10 жылға
дейін жүрілген шетел
көлігін сатып алуда
50%
3 жылға дейін
жүрілген ТМД
елдерінің автокөлігін
сатып алуда - 30%
3 жылдан 5 жылға
дейін жүрілген ТМД
елдерінің автокөлігін
сатып алуда - 50%
3 Несие мерзіміШетелдік 3 жылға дейін 2 жылға дейін
автокөлік үшін
5 жылға дейін;
ТМД Елдерінің
автокөлігі
үшін 3 жылға
дейін
4 Несие АҚШ доллары АҚШ доллары немесе АҚШ доллары немесе
Валютасы немесе теңге теңге теңге
5 Несие үшін Айына: 1,5% Айына: 1,5% (АҚШ Айына: 1,5% (АҚШ
төлем (АҚШ доллары) доллары) 1,7% доллары) 1,7%
1,7% (теңгемен) (теңгемен)
(теңгемен)
6 Қамтамасыз Сатып алатын Егер шетел Сатып алатын тауар
ету түрі автомобиль автокөлігінің немесе тұрғын үй
жүрілген уақыты 10
жылдан, ТМД-кі 5
жылдан аспаса, сол
автомобильді
Несиелік жүйенің ұйымдастырулуын мен жұмыс істеу негізінде белгілі бір
принциптер жатыр. Эономиканың жаңа жағдайында, оның нарықтың қатынастарға
өту кезеңінде оларды былай тұжырымдауға болады: елдегі банк ісін
ұйымдастыруға мемлекеттік монополия, басқа банктік емес институттарымен
үйлестіре отыра екі деңгейлі банк жүйесін құру, елдегі ақша-несие
саясатының бірлігі, несиелік мекемелер тарабын барынша дамыту, оларды
қызмет көрсету орындарына жақындату, мемлекеттік валуталық монополия,
Орталық банктің автономиясы .
Ірі әмбебап банк өз клиенттері үшін депозиттік шоттарды жүргізу,
қолма-қолсыз есеп айырысу, жинақтарды қабылдау, әр түрлі несиелер беру,
бағалы қағаздарды сатып алу, мүлікті сенімхат бойынша басқару және басқа
да көптеген банктік және банк төңірегінде қызметтер көрсету бойынша
операциялардың көптеген түрлерін (200 шамасында) жүзеге асырады.
Несиелік мекемелердің әмбебаптануы екі бағыт бойынша көрінеді. Бірінші
– дәстүрлі емес банктік операциялардың кеңеюі арқылы. Екіншісі – банктік
нарықтарда банктік емес мекемелердің (сақтандыру, жинақ, зейнетақы қорлары
және т.б.) енуі арқылы.
Ірі банктік мекемелерге ортақ әмбебаптану тенденциясы олардың
мамандануын сақтап қалумен үйлесім табады. Әмбебаптанудың өзі мекемелердің
жеке түрлеріне қатысты алғанда өзіндік ерекшеліктерімен біркелкі емес
дамуда. Мұнда әмбебап типі мекемелердің мамандануының жойылуы туралы сөз
қозғалып отыр. Сонымен бірге бұл тенденция қызмет көрлету сапасының артуына
ықпал жасап, бірінші кезекте нарықтық аялардың, яғни әмбебап немесе ірі
банктер назарын аудармаған қызмет түрлерін табуға ұмтылатын шағын және
орта банктерге әсер етеді. Маманданудың жайылу тенденциясын банктік
бизнестегі бәсекелестіктің күшеюі қолдап отыр.
Өзгерген экономика жағдайларына сәйкес банктік қызметтің өзінің,
дәстүрлі банктік операциялардың қайта құрылуы жүзеге асқанын айта кету
қажет. Бұған банктік қызметті реттейтін әкімшілікке ережелер күшінің
жойылуы, яғни бейреттеу ықпал жасады. Банктердің мақсаты – банктерді
бәсекелестік құралдарының кең ауқымын пайдалануға, банктік қызметтер
нарығын белсендірек әрекет етуге итермелеу болып табылады.
Банктік қызметті бейреттеу активтік те, пасивтік те операцияларға
ықпалын тигізеді. Коммерциялық банктердің активтік операциялары біршама
өзгерістерге ұшырайды. Бүгінгі таңда олар жанама несиелеуден (кепілге беру
және вексельдердің есепке алу) фирмалар мен кәсіпорындардың тікелей
несиелеуге толығымен көшті. Мұнда бағалы қағаздарды пайдалануарқылы
рәсімделетін несиелік мәмілелер кең тараған, осының арқасында несиелік
міндеттемелер нарыққа сатылуы мүмкен, ал несиелік мекемелер тәуекелдерді
белсендірек бөлшектеу мүмкіндігіне ие болады. Бұл тенденция банктердің өз
несиелерін нарықтық бағалы қағаздарға конвертациялау талпынысында нақтылай
көрініс табуда.
Несиелеу обьектілерін ірілендіру жүзеге асады. Коммерциялық банктер өз
активтерінің сапасына мұқият қарай бастады, өйткені активтер сапасын дәл
және уақтылы бағалау – банктер сенімділігінің кепілі.
Ұзақ мерзімді несиелеу де даму үстінде. Коммерциялық банктердің
қаражаттарды тарту бойынша пассивтік операциялары да өзгеріске ұшырайды.
Оларды үкімет белсенді қолдауда. Бұл банктердің депозиттік базасының
нығайтылуына мүмкіндік береді, себебі олар талап етуге дейінгі салымдар
бойынша да пайыздары белгілей алатын болды, ал бұл жаңа клиенттерді тартуға
жағдай жасады.
Банктік операциялардың дамуында ерекше рольді ақпарат пен
коммуникацияның қазіргі техникалық құралдары атқарады. Банк ісі бұрын-
соңды болмаған ақпаратты дер кезінде беру, оның тез өңделуі мен
мәліметтердің растылығына, экономикалық жағдайды талдау мен ақша
нарығының даму перспективаларын дұрыс бағалауға байланысты болып отыр.
Қаржылық нарықтық қатысушылары өз істерін жүргізу үшін барынша көп ақпарат
қажет етуде. Сондықтан банк ісіне ғылыми-техникалық революцияның соңғы
жетістіктерін енгізусіз, компьютерлік техниканы игерусіз банктік қызметі
тиісінше модернизациялау мүмкін емес.
Біз тек дамыған нарықты экономикалы елдердегі қазіргі несие жүйесін
сипаттайтын кейбір маңызды жағдайларға ғана тоқталып өттім. Өз
экономикасын нарықтық жолға қайта құрушы Қазақстан үшін әлемдік банк
жүйесі дамуының мұндай тенденциялары ерекше қызығушылық тудырады, себебі
нарықтық экономикаға өту өзіндік нарықтық несие жүйесін құруды талап етеді.

1. . Несие жүйесінің ұғымы және құру принциптері
Несие жүйесі - нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономикалық
дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субьектілерімен
қатар, мемлекет те, үкімет те сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несие айырбас сатысында пайда бола отырып, қарыз мәмілесінің формасы
ретінде құн қозғалысының үздіксіздігін қамтамасыз ету тиіс. Құн қозғалысы
несие қозғалысының ядросы болып табылады. Айырбас процесінде мәміленің екі
түрі ажыратылады: қарыз мәмілесі және сатып алу-сату мәмілесі. Несие қарыз
мәмілесі ретінде тауарлар айналысы процесіне себепші болады. Қарыз мәмілесі
тауар айналысының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмілесіне қарсы қойып
салыстыру арқылы сипатталуы мүмкін. Олардың арасындағы негізгі айырмашылық
мынада: сатып алу – сату кезінде тауарларды өзара ұсыну бір мезгілде
жүреді, қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге
қалдырылады. Сатушы тұтыну құны ретіндегі тауарды шеттете отырып, оның
өзіндік айырбас құнымен және ақшаның тұтыну құнын жүзеге асырады. Бұған
керісінше, сатып алушы айырбас құны ретінде ақшаны иелігінен шығара отырып
ақшаның тұтыну құнын және тауардың бағасын өткізеді. Осыған сәйкес тауар
мен ақша орындарының ауысуы жүреді.
Осылайша екі жақты полярлы қарама-қайшылықтың жанды процесі енді
қайтадан өз барысында тағы да екіге бөлінеді. Сатушы шын мәнінде тауарды
өзінен шеттетеді, бірақ оның бағасын бастапқыда тек идеалды түрде ғана
белгілейді. Ол тауарды өз бағасы бойынша сатты. Алайда ол баға тек
кейінірек, белгіленген мерзімде өткізіледі. Несие ақшаның төлем құралы
функциясындағы ақшаның дамуы болып табылады. Ал эквивалент қайтарылуының
кейінге қалдыруы құн қозғалысының сатып алу-сатудан дербес, сапалық жағынан
ерекше қозғалыс формасын жасайды. Сондықтан қарыз мәмілесін сатып алу-сату
мәмілесінің бір түрі деп ойлауға болмайды.
Айырбастың екі контрагентінің бірегей келісімі ретінде алынған сатып
алу-сату мәмілесі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz