Халықаралық валюта және қаржы қатынастарын реттеу


ЖОСПАР
КIРIСПЕ . . . 3
I ҚАРЖЫ-ВАЛЮТА МЕХАНИЗМІНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ . . . 4
- Сыртқы экономикалық қызметтің дамуындағы валюта-қаржы қатынастарының маңызы мен рөлі . . . 4
- Әлемдік валюта және қаржы жүйесі сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің негізі ретінде . . . 8
- ҚР-СЫ ЖӘНЕ ҰЛТТЫҚ ЬАНКТІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ РЕТТЕУ БОЙЫНША ӨТКІЗЕТІН САЯСАТТАРЫ . 12Валюталық бағам және төлем баланстары . . . 12Халықаралық валюта және қаржы қатынастарын реттеу. Валюталық саясат . . . 17
III ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӘЛЕМДІК ВАЛЮТА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ ЖҮЙЕСIНДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 23
Қорытынды . . . 29
Қолданылған әдебиеттер . . . 31
КIРIСПЕ
Бүгiнгi әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуi өндiргiш күштердiң қарқынды өсуiмен, дүниежүзiлiк рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлiнiсiнiң тереңдеуiмен, шаруашылық байланыстарының интеннационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Нарыққа көшу өзара байланыста және дүниежүзілік экономикамен бәсекелестікте дамитын ашық тұрпаттағы экономикамен бірге дүниежүзінің көптеген елдерімен халықаралық экономикалық байланысты кеңейтуді, әсіресе валюта және қаржылық байланыстарға мұқтаж болып табылады.
Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзiлiк шарушылықтың шеңберiндегi сатып алу және сату айналымын тудыратын әдiстер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрi даму экономикасы халықаралық ақша кеңiстiгiндегi адекватты шарттарды талап ететiн ұлтаралық капитал үрдiсiнiң объективтi дамуын бейнелейдi. Халықаралық валюталық жүйенiң негiзгi құраушы элементтерi ретiнде әлемдiк ақшалай тауар және халықаралық өтiмдiлiк, валюталық курс, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келiсiм шарттарды атауға болады.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiндегi өзектi мәселелердiң бiрi “Сыртқы экономикалық қатынастағы валюта және қаржы механизмі” деп алдым. Курстық жұмыстың өзектiлiгi елiмiздiң әлемдiк рынокта алдынғы қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн iшкi экономикалық өсумен қатар, халықаралық экономикалық қатынастарымыз дамып, соның iшiнде өзектi саласы халықаралық валюталық қатынастардың дамуы елiмiз үшiн маңызды. Өйткенi бiздiң экономикамызда теңгемiз еркiн айналысқа шыққандықтан, әлемдегi валюта өзгерiстерi бiзге де әсер етедi.
Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым бiрiншiден, жалпы әлемдік валюта және қаржы жүйесінің, қаржы механизмінің түсiнiгiне және құрылымына, оның оның пайда болу себептерi мен негiзiн құраушы элементтерiне, валюталық бағам және оған әсер етушi факторларға тоқталып, екiншiден Қазақстан Республикасының халықаралық валюта және қаржы жүйесiндегi орнын, елiмiздегi валюталық операциялар мен валюта бағамының жағдайын қарастырып өту және оларды ұлттық экономика дамуына қосар үлесiн қарастыру.
Жұмысты орындау барысындағы міндеттеріме :
- Әлемдік валюта жәе қаржы жүйесінің дамуын, олардың әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын атап өту;
- Әлемдік валюта рыноктарының элементтеріне сипаттама беру;
- Валюталық реттеу және валюталық саясат туралы қарастыру;
- Валюталық бағам және төлем баланстарының әлемдік рыноктағы қызмет етуі мен сыртқы байланыстағы маңыздылығы;
I ҚАРЖЫ-ВАЛЮТА МЕХАНИЗМІНІҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ РӨЛІ
1. 1 Сыртқы экономикалық қызметтің дамуындағы валюта-қаржы қатынастарының маңызы мен рөлі
Қызметтің сыртқы экономикалық сферасы мемлекеттің, оның жеке және заңды тұлғаларының ұқсас шетелдік қатысушылармен және халықаралық қаржы-несие институттарымен сауда, несие, инвестициялық, борыштар, есеп-қисап, трансферт және өзге де операциялар кезінде қатысуымен байланысты қатынастардың кең шеңберін қамтиды. Басқаша айтқанда, бұл - валюталық есеп-қисап жүйесі ортақтастыратын резиденттердің бейрезиденттермен, елдің экономикалық агенттерінің сыртқы қатынастарға түсуін сипаттайды. Бұл қатынастарда және сыртқы экономикалық байланыстар жүйесінде қаржы үлкен рөл атқарады. Ол шаруашылық жүргізудің экономикалық құралы ретінде Қазақстанды дүниежүзілік экономикаға ықпалдасуды жүзеге асыру үшін пайдаланылады. Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастықтағы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретінде сыртық экономикалық қызметтің қаржысы өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валютада ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарды нақты түрде көрсетеді. Бөлгіштік қатынастардың міндетті субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, кәсіпоырн және басқалары арқылы шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процестің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Елдердiң әлемдiк шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бiр бөлiгiнiң ұлттық ақшадан шетел валютасына және керiсiнше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие - қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Халықаралық валюталар қатынастар - ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерiнiң нәтижесiнен өзара қызмет ететiн және әлемдiк шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуi барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығы бiлдiредi .
Валюталық қатынастардың жекеленген елементтерi ерте Грецияда және ертедегi Римдегi вексель түрiнде пайда болған. келесi даму кезеңiне Лиондағы және батыс европа елдерiнiң басқада сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкерлерi жатады. Мұнда аудармалы вексел бойынша есеп айырусылар жүргiзiлген. Феодолизм қарсаңында және өндiрiстiң капиталистiк тәсiлiнiң құрылуымен байланыста банктер арқылы халық аралық есеп айырысулар жүйелерi дами түстi.
Халықаралық валюталық қатынастар халықаралық экономикалық қатынастарды жалғастырады. Валюталық қатынастардың ұлттық және әлемдiк экономиксының дамуына, саяси тұрақтылыққа, елдер арсындағы күштердiң шектi қатынастарына тәуелдi болып келедi. Сыртқы экономикалық байланыстарда, оның iшiнде валюталық байланыстарда саясат пен экономика, дипломация мен коммерция, өнеркәсiптiк сауда мен өндiрiс бiр - бiрiмен өзара байланысуы валюталық қарым - қатынастардың ұлттық және әлемдiк шаруашылықтағы орны ерекшелiгiн көрсетедi.
Капиталдың шеңбер айналысы процесiнде ұлттық нарықтан әсемдiк нарыққа қосылуы нәтижесiнде ұлттық ақшалардың iшiндегi ақшалай капиталының бiр бөлiгi шетел валютасына айналады немесе керiсiнше . Ол көрiнiстi халықаралық есеп айырысуларда, валюталық, несиелiк және қаржылық операциялардың барысында байқауға болады.
Шаруашылықтың жағдайында ұдайы өндiрiстiң сыртқы факторларға: әлемдiк өндiрiс динамикасы; шетелдiк ғылым деңгейiне, халық аралық сауданың дамуына, шетел капиталы ағымына арта түседi. Сондықтан да бұл валюталық қатынастар мен ұдайы өндiрiстiң арасында тiкелей және керi байланыстың болатынын көрсетедi. Халықаралық сауданың дамуына, валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы өндiрiс процентiне керi әсерiн тигiзедi.
Рыноктық қатынастар құрылымында да мемлекет тарапынан оларды реттеу механизмiнде қаржы зор рөл атқарады. Қаржы - нарықтық қатынастардың құрамды бөлiгi және мемлекеттiк саясатты жүзеге асырудың құралы.
Халықаралық экономикалық байланыстар сферасында қалыптасып отырған қаржы механизмі Қазақстан Республикасының халықаралық ынтымақтастығы саласында мемлекеттік қаржы саясатын іске асырудың құралы болып табылады.
Іс-әрекет етудің айрықша нысаны ретінде сыртқы экономикалық қызметтің қаржылары өзгеше белгілерге ие. Ол тек ұлттық валюта ғана емес, сондай-ақ шетелдік валютада да қалыптасатын ресурстарда көрініс табады. Мұндағы бөлгіштік қатынастағы субъектілері шетел мемлекеті, халықаралық ұйым, фирма және басқалары шетелдік әріптестер болып табылады. Қаржы қатынастары ұлттық экономикалардың шекарасынан шығып кетеді және халықаралық ықпалдастық процесінің дамуы мен тереңдей түсуіне жәрдемдесе отырып, оны жүзеге асырады.
Әлемдік байланыстарды дамытудағы қаржының рөлі үш бағыт бойынша көрінеді:
- қаржы көздерін іздестіру және халықаралық ынтымақтастықтың әр түрлі бағыттарын қаржыландыру үшін қажетті қажетті қаржы ресурстарын жұмылдыру;
- халықаралық ықпалдастық процестерді реттеу;
- халықаралық қатынастардың әрбір түрін және бұл қатынастардың тікелей қатысушыларын ынталандыру.
Дамудың және жаһанданудың қазіргі кезеңінде сыртқы экономикалық байланыстарға мыналар жатады:
- Сыртқы сауда;
- Шетелдік инвестициялау: бірлескен кәсіпкерлік, соның ішінде заңды тұлғалардың мүлкіне акциялар және басқа да бағалы қағаздар арқылы үлестік қатысу;
Тікелей шетел инвестициялары қазіргі уақытта жаһанданып жатқан экономиканың өндірістік негізі - халықаралық өндіріс жүйесін дамыту. Халықаралық инвестициялаудың әлемнің жалпы дамуындағы маңыздылығы оның капиталдардың жинақталған елдерден осы капиталға мұқтаж болып елдерге ағылуы болып табылады. Ал осының нәтижесінде әлемдік қоғамның тұрақты әрі біркелкі дамуы қамтамасыз етіледі.
Әлемде салымдарының көлемі бойынша ең ірі 100 трансұлттық компаниялар өндірісі дамыған елдерде орналасып, олардың шетелдерге инвестиция салымдарының көлемі 1, 4 трлн доллардай бағаланып отыр. Осы аталған компаниялар негізінен АҚШ, Жапония, Германия және Оңтүстік Корея елдері жатады. Осы компаниялардың стратегиясы тікелей шетел инвестицияларының өсе түсуін мақсат етеді. Әлемдегі осы алашқы 100 компанияның үлесі 42%-ды құрайды. Бұл трансұлттық компаниялардың негізгі бөлігі экономикасы дамыған елдерге тәуелді, ал дамушы елден шыққан трансұлттық компаниялар Оңтүстік Кореяның «Дэу», Сингапурдың «Крейтив технолджи» (компютерлік мультимедиялық рыноктың 60%-ын құрайды) компаниялары жатады.
Соңғы 10-20 жылда шетелдік инвестициялардың басым бөлігі қазіргі жаңа индустриялы елдер аталып кеткен Оңтүстік Шығыс Азия елдеріне бағытталды. Осындай шетелдік инвестицияларды тиімді пайдалану және оларға қолайлы орта қалыптастыруда шетелдік инвестициялардың алатын орны ерекше болды. Жоғарыда атап өткен қазіргі шетелге инвестиция шығарушы елдер қатарына кіріп отырған Оңтүстік Корея Республикасының өзі кезінде ұлттық экономикасын шетелдік инвестициялар арқылы дамытқан болатын. 1992 жылы осы аталған елдер қатарына кіретін Қытай ең көп шетел инвестицияларын қабылдаушы ел болды. Осының негізінде Азиялық инвестициялық бумға Қытай экономикасы үлкен әсер етті.
- Елдің халықаралық қаржы-несие ұйымдарына қатысуы; сыртқы экономикалық қызметтің бұл нысанымен шетелдік кредиттер мен қарыздарды беруге байланысты және халықаралық қаржы және басқа ұйымдарға жарналар төленеді;
- Ғылым, техника, мәдениет, туризм салаларындағы ынтымақтастық;
- Шет елдерде елшіліктерді, консулдықтарды және басқа қызметкерлерді ұстау жөніндегіесеп-қисаптарды жүргізу.
Аталған сыртқы экономикалық байланыстарды тиімді дамыту республиканың шетелдермен валюта-қаржы, есеп-қисап және несие қатынастарының негізінде орын алады.
Сыртқы сауда экспорт пен импортты қамтиды. Өндірістің қазіргі қалыптасып отырған құрылыма байланысты Қазақстан экспортының едәуір үлесі шикізатқа, түсті металдарға, отынға, астыққа және мұнай өнімдеріне байланысты болып отыр. Бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың тиімді және тұрақты экономикалық дамуына кері әсер етеді. Бұл жағдайды келесі 1-ші кестеден көре аламыз.
Қаржы практикасында экспорттың бюджеттік тиімділігі - валюталық түсім-ақша мен шығындардың ара салмағы ұғымы қолданылады. Валюталық түсім ақша Ұлттық банктің бағамымен теңгеге қайта саналады. Экспорттың тиімділігі оның құрылымын жетілдіруді арттыру, яғни машина жасау өнімін, қызметтің еңбекті және ғылымды көп қажет ететін түрлерін көбейту жолымен мүмкін болады.
Макроэкономикалық теорияда экспорттың импорттан асып түсуі ұлттық экономиканы дамытудың қолайлы факторы болып табылады. Сонымен қатар экспорттың жоғары болуы елдің төлем балансының оң айырмасын тудырады. Жалпы валюталық қаражаттардың экспорттық түсімдері есебінен елдің импорты қаржыландырылады.
Кесте 1
Өнеркәсiп өнiмдерiнiн экспорттау және импорттау құрылымы (%)
Минералды өнiмдер
экспорт
Қымбат емес металдар
экспорт
Өңдеушi өнеркәсiп өнiмдерi, машина жасау және т. б.
экспорт
Ендi келесi 2-шi кестеден тiкелей шетел инвестицияларының өнеркәсiп саласындағы үлесiн көре аламыз. Кестеден көретiнiмiз шетел инвесторларының тiкелей инвестиция тартудағы мақсаты бiздiң елдiң экономикасының тұрақты дамуы емес, қайта бiздiң елдiң қойнауындағы шикiзат қорының молдығы болып отыр. Олар өз инвестицияларын шикiзат саласына құю арқылы тез арада пайда тауып, елiмiздiң шикiзат бағытындағы тұрақсыз экономикалы ел бола беруiне ықыласты. Өйткенi, олар өңдеушi салаға инвестиция салса, ол салалар кейiн дамып, сол елдердiң өздерiне бәсекелес болып табылады. Сондықтан, елiмiз ұлттық экономиканың тұрақты дамуын қамтамасыз етуi үшiн отандық инвесторларды осы салаға тарту, отандық өнеркәсiп салаларын басты орынға қойып, оларға қолдау көрсетуi керек.
1. 2 Әлемдік валюта және қаржы жүйесі сыртқы экономикалық қызметті жүргізудің негізі ретінде
Валюта ( италиян сөзi, сөзбе - сөз - құн ) - елдiң ақша бiрлiгi, оның шартты түрi, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдiк еңбек бөлiнiсiн интенсивтендiру халықаралық нарықтың құрылуына себепшi болды. Өндiрiс күштерiнiң дамуымен iшкi рыноктағы өркендеген салалардың өнiмiн сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетiлдiру - мiне осылардың бәрi әлемдiк сауда саттық байланыстардың кеңесiне әсер еттi.
Әлемдiк шаруашылықтағы қаржы және валюта байланысы өнеркәсiбi дамыған мемлекеттердiң өзара қарым қатынастардың тереңдеуi және осы елдердiң экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндiрiс пен әлемдiк айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер еттi. Әлемдегi елдердiң қарым - қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие иегi жылдан - жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндiрiс процесiнде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдiк нарыққа ұласады және де әрбiр егемен мемлекеттiң заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Валюталық жүйелердiң даму заңдылықтары ұдайы өндiрiс белгiлерiне байланысты анықталып отырып, ұлттық және әлемдiк шаруашылықтың негiзгi даму кезеңдерiн көрсетедi.
Дүниежүзлiк валюталық жүйелердiң арсындағы дағдарыс тұсында оның құрылымдық қағидаларының әрекетi бұзылып, аяқ асты валюталық қайшылықтар орын алды. Дүниежүзлiк валюталық жүйедегi дағдарыс ескi жүйенiң бұзылып және оның орнына валюталық тұрақтылықты қамтамасыз ететiн жаңа жүйемен ауысуына әкеледi.
Жаңа дүниежүзлiк валюталық жүйенi құру үш басты кезеңнен жүргiзiледi:
1-шi кезең , жаңа жүйенiң қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзiлуiн, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.
2-шi кезең , жаңа жүйенiң қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, бiртiндеп iске қосылады.
3-шi кезең , толық қызмет ететiн жаңа дүниежүзлiк жүйе құрылады.
1929-1936 жылдарда дүниежүзлiк валюталық дағдарыстың басты ерекшелiктерi келесiдей:
- циклдiк сипат: валюталық дағдарыс дүниежүзлiк экономикалық және ақша несиесiмен байланысты болды;
- құрылымдық сипат: дүниежүзлiк валюталық жүйенiң алтын девиздiк стандарт қағидасы құлдырауға ұшырады;
- ұзаққа созылуы: 1929 жылдан 1936 жылдың күзiне дейiн болуы.
БҰҰ-ның Бреттон-Вудстағы 1944 жылы болған валюталық қаржылық конференциясында дүниежүзлiк сауданың ұйымдастырудың, валюталық, несиелiк және қаржылық қатынастарды ұйымдастырудың ережелерi бекiтiлiп үшiншi валюталық жұйе дүниеге келдi.
60 жылдардың аяғынан бастап, Бреттон - Вудс валюталық жүйенiң дағдарысқа ұшырауы орын алды. 1976 жылғы қаңтардағы ХВҚ - ға мүше елдердiң Кингстондағы келiсiмi ХВҚ-дың жарғысына өзгерiстер енгiзе отырып, төртiншi валюталық жүйенiң келесiдей бағыттарын бекiттi:
- Алтын - девиз стандартты орнына СДР (арнайы қарыз алу құқы) стандарты енгiзiлдi;
- Алтынды демонизациялау заңды түрде аяқталды, яғни оның арнайы бағасы, алтындық құрамы алынып тасталынып, долларды алтынға ауыстыру аяқталды. Сонымен, Ямайка келісімі бойынша алтын құн өдшемі қызметін атқармайтын болды.
- Елдерге кез-келген валюталық бағам режимiнiң таңдауға құқық берiлдi.
- ХВҚ Бреттон-Вудс жүйесінің сақталған мемлекетаралық валюталық реттеуді күшейтуге шақырды.
СДР-дiң қызмет етуiнiң мынандай басты мәселесi болды:
- эмиссиялау және басу;
- қамтамасыз ету;
- бағамды анықтау әдiсi;
- СДР-дiң пайдалану ауқымы;
1 СДР бірлігі 1970 жылдары 0, 888671 г алтынға тен болды, яғни оны ол кезде қағаз алтын деп атаған. СДР-дің бағамы валюталар қоржынының орташа бағамы негізінде анықталды. Валюталар қоржынының басты валюталардың құнсыздануына әсіресе доллардың тұрақсыөдығына сәйкес, Ямайка валюталық реформасы жүргізіліп, доллар тек қана халықаралық төлем және резервтік құрал ретінде қалдырылды.
Еуропалық валюталық жүйе , экономикалық интеграциялану процесiн ынталандыру мақсатында құрылды. Интеграцияналдану процесiнiң даму себептерiне: шаруашылықтың интеграциялануы, өндiрiстiң қарсылас орталықтардың дүниежүзлiк нарықтағы өзара қарсы күресi және валюталық тұрақсыздағы жатады .
Еуропалық экономикалық қоғамдастық (ЕҚ) - бұл батыс Европа елдерiнiң бiршама дамыған аумақты интеграцияналдыру тобын бiлдiредi, ол 1957 жылы наурызда алты елдiң: ФРГ, Франция, Италия, Бельгия, Нидерландия, Люксембург, Рим елдерiнiң арасыында жасалған келiсiм шартында қабылданып, 1958 жылдың 1 каңтарында басты қызмет етедi.
Батыс Еуропалық интеграция өзiнiң iрi ерекшелiктерiмен ажыратылады:
Бiрiншiден, ЕҚ құрылуы көмiрдiң ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интегралданғанға дейiн 6 ел және 12 саяси одақ болса, бiрiншi уақытта 15-16 мемлекетке жеттi.
Екiншiден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттiң құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:
- Еуропалық кеңес;
- Министiрлер кеңесi - заң шығарушы орган;
- ЕҚ комисиясы - атқарушы орган
- Еуропалық парламент - кеңес берушi орган. Бұл орган ЕҚ және министiрлер кеңесiнiң қызметiн бақылайды, ЕҚ бюджетiн бекiтедi.
ЕҚ соты - құқықтық нормаларын сақтамаудың қадағалау ұйымы.
Үшiншiден, интеграцйиялық процестiң материялдық негiзi болып, ЕҚ - тың бюджетiнiң бiр бөлiгiнен құралған көп бiрлескен қорлар қызмет етедi.
1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап, Еуро қолма - қолсыз төлемдер үшiн мемлекеттердiң жаңа қағаздарын орналастыру енгiзiлiп, эволюциялық одаққа мүше елдердiң ұмтық ақша бiрлiктерi 2002 жылы 1 шiлдесiнен бастап өз қызметтерiн жойды делiнген.
Еуропалық валюталық жүйеде алтындынақты резервтiк активтер пайдаланды:
Бiрiншiден, Еуро - алтынмен жартылай қамтамасыз етiлген;
Екiншiден, ЕҚ - қа бiрлестiгi үшiн 207 кг мөлшерiнде бiрлескен алтын қоры құралған.
ЕВЖ-дегi мемлекет аралық аймақтықты реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықты жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшiн несие беру жолымен жүзеге асырылады.
Ваюталық жүйе ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келiсiм шарттарымен бекiтiлетiн валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын бiлдiредi .
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлiнедi:
- ұлттық валюталық жүйе;
- дүниежүзлiк валюталық жүйе;
- аймақтық немесе мемлекет аралық валюталық жүйе тарихта, ұлттық валюталық жүйе ең бiрiншi қалыптасқан. / (1) /
Ұлттық валюталық жүйе - халықаралық төлем айналымын жүзеге асыратын, ұдайы өндiрiс процесiне қажеттi валюталық ресурсты сұрайтын және оны пайдалануға қөмектесетiн экономикалық қатынастар жиынтық бiлдiредi . Ұлттық валюта дүниежүзлiк валюталық жүйемен тығыз байланысты . Дүниежүзлiк валюталық жүйе 19-ғасырдың ортасына қарай құрылған .
Дүниежүзлк валюталық жүйе - бұл халықаралық несие қаржы институттары мен валюталық құралдардың қызмет етуiн қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiм шарттары мен мемлекет аралық құқұқтардың нормалар кешенiн құрайды .
Ұлттық және дүниежүхлiк валюталық жүйенiң
негiзгi элементтерi
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz