Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
ЖОСПАР
Кіріспе 2
1-бөлім. Тәуекелдердің теориялық негіздері 3
1.1. Тәуекелдердің мәні мен түсінігі 3
1.2. Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы 6
2-бөлім. Тәуекелдерді басқару – табыстылық алғышарты 14
2.1. Тәуекелдердің деңгейін бағалау әдістері 14
2.2 Тәуекелдерді басқару 17
2.3. Тәуекелдерді бейтараптандыру тетіктері 21
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 27
Кіріспе
Нарықтық экономиканың маңызды элементтерінің бірі болып қаржы нарығы
табылады. Оның қазіргі кездегі Қазақстандағы қалыптасуы мен қарқынды түрде
дамуы экономикалық қатынастарды қайта құрудың күрделі, әрі көп қырлы
процесінің ажырамас және құрамдас бөлігіне айналуда. Сонымен бірге
экономикалық процестердің тұрақсыздық сипаты, қаржы нарығын басқару
жүйесінің және оның нормативтік-құқықтық базасының жеткілікті дәрежеде
жетілдірілмеуі, ел экономикасының әлемдік конъюнктураның ауытқуына
тәуелділігінің күшеюі және тағы басқа да бірқатар факторлар Қазақстандық
қаржы нарығында операцияларды жүзеге асыратын субъектілер үшін жоғары
тәуекелдердің болуын білдіреді. Осындай жағдайда қаржылық тәуекелдердің
деңгейін бағалаудың және оларды Қазақстанның нақты жағдайына бейімделген
әдістерді қолдану арқылы басқару тәсілдерінің ғылыми негізділігін
жоғарылату қажеттілігі туындайды.
Қазақстандық нарықтың қаржылық тәуекелдерін бағалау және басқаруды
жетілдіру проблемасын шешудің практикалық маңызы және өзектілігі осы
негізде нарық қатысушыларының қаржылық тұрақтылығын жоғарылату
мүмкіндігімен анықталады. Қаржы нарығының қатысушыларының қаржылық
тұрақтылығын жоғарылату осы нарықтың тұрақтануына әкеледі, ал бұл өз
кезегінде бүкіл елдің экономикасының тұрақтануына себебін тигізеді.
Менің курстық жұмысымның мақсаты болып қаржылық тәуекелдерді бағалау,
басқарудың Қазақстан нарығының дамуы жағдайларына бейімделген әдістері мен
моделдерін ашып көрсету табылады.
Таңдалған мақсатыма сәйкес курстық жұмысымның жазылуы барысында
келесідей міндеттер қойылып, шешілуі тиіс:
1. Тәуекелдер туралы жалпы мағлұмат ұсыну;
2. Тәуекелдердің, соның ішінде қаржылық тәуекелдердің классификациясын
ашып көрсету;
2. Тәуекелдерді бағалау, басқару әдістеріне тоқталып өту;
1-бөлім. Тәуекелдердің теориялық негіздері
1.1. Тәуекелдердің мәні мен түсінігі
Кез келген кәсіпорынның қаржылық әрекеттерінің барлық түрлері көптеген
тәуекелмен тығыз байланысты болады. Оның ықпал ету дәрежесі нарықтық
экономикаға байланысты біршама артуда.
Тәуекел шаруашылық қызметті жүзеге асырумен байланысты категориялардың
ішінде ең күрделілерінің бірі болып табылады. Әдебиеттерде бұл категорияға
әртүрлі түсінік береді. Мысалы, отандық әдебиетіміз – Р.Ә.Әмірқанов және
А.Қ.Тұрғұлованың “Қаржы менеджменті” атты еңбегінде “Тәуекел – бұл бір
жағынан, барынша мүмкінді қауіптілік, ресурстардан айырылу мүмкіндігі
немесе ресурстарды ұтымды пайдаланудан алынатын табысты толық алмау, басқа
жағынан, тәуекелдің арқасында қосымша пайда табу мүмкіндігі” делінген.[1]
Шынында да тәуекелдің салдарын біз алдын-ала нақты айта алмаймыз. Тәуекелге
бару арқылы кәсіпорын табыс табуы да мүмкін, сонымен қатар оның шығынға
ұшырамайтынына да ешкім кепілдік бермейді. Сондықтан да қаржы менеджменті
табыс алу мүмкіндігін ылғи да тәуекелмен байланыстырады. Тәуекел және табыс
- өзара байланысты қаржылық категориялар.
Ресейдің профессоры Е.С.Стоянованың “Финансовый менеджмент” оқулығында
тәуекелге келесідей анықтама берілген: “Тәуекел деп қандай да бір табиғат
құбылысы немесе адамның қандай да бір қызмет түрінің ерекшелігінен
туындайтын шығындалу қауіптілігі түсіндіріледі”.[2] Осы орайда қаржы
менеджері үшін тәуекел – бұл жағымсыз нәтиже ықтималдылығы. Әртүрлі
инвестициялық жобалардың тәуекелдік деңгейі әртүрлі болады, салымдар
салудың ең жоғары табысты вариантының тәуекелі тым жоғары болуы мүмкін.
Тәуекел – бұл экономикалық категория. Экономикалық категория ретінде ол
болуы да мүмкін, болмауы да мүмкін оқиғаны білдіреді. Сондай-ақ,
тәуекелге экономикалық категория ретінде келесідей негізгі белгілер тән:
1. Экономикалық табиғаты. Тәуекел кәсіпорынның экономикалық қызметінің
сферасында көрініс табады, оның табыстарын қалыптастырумен тікелей
байланысты және қаржылық қызметті жүзеге асыру процесінде кәсіпорынның
экономикалық залалдарға ұшырау мүмкіндігімен сипатталады. өзінің көрініс
табуының аталған экономикалық формаларын ескере отырып, тәуекел
экономикалық категория ретінде сипатталады, шаруашылық процесті жүзеге
асырумен байланысты экономикалық категориялар жүйесінде белгілі бір орын
алады.
2. Көрініс табу объективтілігі. Тәуекел кез келген кәсіпорынның қызмет
етуіндегі объективті құбылыс болып табылады, ол кәсіпорынның қаржылық
қызметінің барлық дерлік бағыттарымен және қаржылық операциялардың барлық
түрлерімен бірге қабаттаса жүреді. Тәуекелдердің параметрлерінің бірқатары
субъективті басқарушылық шешімдерге байланысты болғанменен, оның көрініс
табуының объективті табиғаты өзгермей қала береді.
3. Жүзеге асыру ықтималдылығы. Тәуекел категориясының ықтималдылығы
кәсіпорынның қаржылық қызметін жүзеге асыру процесінде тәуекелді жағдай
болу мүмкіндігімен де, болмау мүмкіндігімен де айқындалады. Бұл
ықтималдылықтың дәрежесі объективті де, субъективті де факторлармен
анықталады, бірақ тәуекелдің ықтималдылық табиғаты оның тұрақты белгісі
болып табылады.
4. Салдарлардың белгісіздігі. Тәуекелдің бұл белгісі оның қаржылық
нәтижелерінің, бірінші кезекте жүзеге асырылатын қаржылық операциялардың
табыстылық деңгейінің толық айқындылықпен шешілмеуімен анықталады. Қаржылық
операциялардың нәтижелілігінің күтілетін деңгейі тәуекелдің түрі мен
деңгейіне байланысты айтарлықтай кең диапазонда ауытқуы мүмкін. Басқа
сөзбен айтқанда, тәуекел кәсіпорын үшін айтарлықтай қаржылық залалдар да
әкелуі мүмкін, сондай-ақ кәсіпорын үшін қосымша табыстар да қалыптастыруы
мүмкін.
5. Салдарлардың күтілетін қолайсыздығы. Жоғарыда тәуекелдердің көрініс
табуының салдарлары қаржылық қызметтің негативті де, позитивті де
нәтижелілігімен сипатталуы мүмкін деп айтылғанмен, бұл тәуекел шаруашылық
тәжірибеде мүмкін болатын қолайсыз салдарлардың деңгейімен сипатталады және
өлшенеді. Бұл тәуекелдің тым негативті салдарлары тек ғана табыстардың ғана
емес, сондай-ақ кәсіпорынның капиталының да жоғалуына әкелу мүмкіндігімен
анықталады, ал бұл кәсіпорынның банкроттыққа ұшырауына (яғни кәсіпорынның
қызметінің қайтып оралмас негативті салдарларына) әкеледі.
6. Тәуекел деңгейінің өзгергіштігі. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің
белгілі бір түріне немесе қандай да бір қаржылық операцияға тән тәуекелдің
деңгейі тұрақты болып табылмайды. Ең алдымен, ол уақыт бойынша айтарлықтай
өзгеріп отырады, яғни қаржылық операцияны жүзеге асыру ұзақтылығына
байланысты болады, өйткені уақыт факторы тәуекел деңгейіне өзіндік ықпал
етеді (бұл салынатын қаржылық қаражаттардың өтімділік деңгейі арқылы, қаржы
нарығындағы қарыздар бойынша пайыздық ставкалардың өзгерісінің белгісіздігі
және тағы басқалар арқылы көрініс табады). Сонымен қатар, тәуекел
деңгейінің көрсеткіші үнемі динамикалық өзгерісте болып отыратын көптеген
объективті және субъективті факторлардың ықпалынан да айтарлықтай ауытқып
отырады.
7. Бағалау субъективтігі. Экономикалық құбылыс ретіндегі тәуекелдің
объективті табиғатына қарамастан, оның негізгі бағалану көрсеткіші –
тәуекел деңгейі – субъективті сипатқа ие. Бұл субъективтілік, яғни осы
объективті құбылыстың бағалануының бір мәнді болмауы ақпараттық базаның
толықтылығы мен ақиқаттылық деңгейінің әртүрлілігімен, қаржы
менеджерлерінің мамандану дәрежесімен, олардың тәуекелдерді басқару
сферасындағы тәжірибесімен және тағы басқа да факторлармен анықталады.
Тәуекел категориясының қарастырылып өткен белгілері оны келесідей етіп
түсіндіруге мүмкіндік береді: Кәсіпорынның тәуекелі деп оның қаржылық
қызметінің жүзеге асырылуының шарттарының белгісіздігі жағдайында табыстар
жоғалту немесе капитал жоғалту формасында жағымсыз қаржылық салдарлардың
пайда болу ықтималдылығы түсіндіріледі.[3]
Әрине, тәуекелден қашуға, яғни тәуекелмен байланысты шаралардан бас
тартуға болады. Бірақ кәсіпкер үшін тәуекелден қашу көбінесе мүмкін
пайдадан бас тартуды білдіреді.
Тәуекелді басқаруға болады, яғни тәуекелді оқиғаның пайда болуын қандай
да бір дәрежеде болжауға мүмкіндік беретін әртүрлі шараларды қолдануға және
тәуекел дәрежесін төмендетуге шаралар қабылдауға болады. Тәуекелді
басқаруды ұйымдастыру тиімділігі көпшілік жағдайда тәуекелдің сыныпталуымен
анықталады.
Тәуекелдердің сыныпталуы деп белгілі бір мақсатқа жету үшін қандай да
бір белгілер бойынша тәуекелдерді жеке топтарға бөлуді түсінуге болады.
Тәуекелдердің ғылыми негізделген сыныпталуы әрбір тәуекел түрінің олардың
жалпы жүйесіндегі нақты орнын анықтауға мүмкіндік береді. Тәуекелдердің
сыныпталуы тәуекелдерді басқарудың сәйкес тәсілдері мен әдістерін тиімді
пайдалануға мүмкіндік тудырады. Тәуекелдің әрбір түріне тәуекелді
басқарудың өз тәсілі сәйкес келеді.
Тәуекелдерді сыныптау жүйесі өзіне тәуекелдердің категорияларын,
топтарын және түрлерін қамтиды.
Мүмкін болатын нәтижеге байланысты тәуекелдерді екі үлкен топқа бөлуге
болады: таза және спекулятивті тәуекелдер.
Таза тәуекелдер теріс немесе нөлдік нәтиже алу мүмкіндігін білдіреді.
Мұндай тәуекелдерге табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және
коммерциялық тәуекелдердің кейбір түрлері (мүліктік, өндірістік және сауда
тәуекелі) жатады.
Спекулятивті тәуекелдер оң нәтиже де, сондай-ақ теріс нәтиже де алу
мүмкіндігімен айқындалады. Оларға коммерциялық тәуекелдердің бір бөлігі
болып табылатын қаржылық тәуекелдер жатады.
Пайда болуының негізгі себебіне байланысты тәуекелдер келесідей
категорияларға бөлінеді: табиғи, экологиялық, саяси, транспорттық және
коммерциялық тәуекелдер.
Табиғи тәуекелдерге табиғаттың апатты күштерінің көрініс табуымен, яғни
жер сілкінісімен, су тасқынымен, боранмен, өртпен, эпидемиямен және тағы
басқалармен байланысты тәуекелдер жатады.
Экологиялық тәуекелдер – бұл қоршаған ортаны ластаумен байланысты
тәуекелдер.
Саяси тәуекелдер - елдегі саяси жағдаймен және мемлекеттің қызметімен
байланысты тәуекелдер. Саяси тәуекелдер өндірістік-сауда процесінің
шаруашылық субъектіге байланыссыз себептер бойынша бұзылуынан пайда болады.
Транспорттық тәуекелдер – бұл жүктерді автомобильмен, су көлігімен,
өзен көлігімен, теміржол көлігімен, самолеттермен және тағы басқа да көлік
түрлерімен тасумен байланысты тәуекелдер.
Коммерциялық тәукелдер – қаржылық-шаруашылық қызмет процесінде
залалдарға ұшырау қауіптілігі. Олар коммерциялық мәміле нәтижесінің
белгісіздігін білдіреді.
Құрылымдық белгілері бойынша коммерциялық тәуекелдер мүліктік,
өндірістік, сауда, қаржылық тәуекелдерге бөлінеді.
Мүліктік тәуекелдер – бұл кәсіпкер-азаматтың ұрлық, диверсия,
техникалық және технологиялық жүйелердің бұзылуы нәтижесінде мүлкін жоғалту
ықтималдылығымен байланысты тәуекелдер.
Өндірістік тәуекелдер – бұл әртүрлі факторлардың ықпалы нәтижесінде
өндірістің тоқтап қалуынан болатын шығындармен байланысты және өндіріске
жаңа техника мен технологияны ендірумен байланысты тәуекелдер.
Сауда тәуекелі – бұл төлемдерді кешіктіру, тауарларды жөнелту кезінде
төлемдерді жүргізуден бас тарту, тауарды уақытында жеткізбеу себептері
бойынша шығындармен байланысты тәуекел.
Қаржылық тәуекелдер қаржы ресурстарын жоғалту ықтималдылығымен
байланысты болады. [4]
1.2. Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуы
Кәсіпорындардың тәуекелдерінің ішінде ең көп кездесетіні және ең
негізгісі болып қаржылық тәуекелдер табылады. Кәсіпорынның қаржылық
тәуекелдері көп түрімен сипатталады және оларды тиімді басқару мақсатында
келесідей негізгі белгілер бойынша сыныптайды (1-сурет).
1-сурет. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің негізгі белгілері бойынша
сыныпталуы.
1. Түрлері бойынша. Қаржылық тәуекелдердің сыныпталуының бұл белгісі
басқару процесінде оларды дифференциациялаудың негізгі параметрі болып
табылады.
Қазіргі кезде кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің негізгі түрлеріне
келесілерді жатқызады (2-сурет).
2-сурет. Кәсіпорынның қаржылық тәуекелдерінің негізгі түрлерінің
сипаттамасы.[5]
• Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының төмендеу тәуекелі (немесе
қаржылық даму тұрақтылығының бұзылу тәуекелі). Бұл тәуекел капитал
құрылымының жетілдірілмеуімен (қолданылатын қарыз қаражаттарының жоғары
үлесімен) түсіндіріледі. Капитал құрылымының жетілдірілмеуі
кәсіпорынның көлемдері бойынша ақша ағындарының теріс немесе оң тепе-
теңсіздігін тудырады. Бұл тәуекел қаржылық тәуекелдердің қауіптілік
дәрежесі бойынша құрамында маңызды орын алады.
• Кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелі (немесе тепе-теңсіздік
өтімділік тәуекелі). Бұл тәуекел айналым активтерінің өтімділік
деңгейінің төмендеуінен туындайды, бұл кәсіпорынның уақыт бойынша ақша
ағындарының теріс немесе оң тепе-теңсіздігін тудырады. Өзінің қаржылық
салдарлары бойынша тәуекелдің бұл түрі аса қауіпті тәуекелдердің
қатарына жатады.
• Инвестициялық тәуекел. Ол кәсіпорынның инвестициялық қызметін жүзеге
асыру процесінде қаржылық залалдардың пайда болу мүмкіндігін
сипаттайды. Осы қызметтің түрлеріне қарай инвестициялық тәуекелдің де
түрлері бөлінеді – нақтылы инвестициялау тәуекелі және қаржылық
инвестициялау тәуекелі. Инвестициялық қызметті жүзеге асырумен
байланысты барлық қаржылық тәуекелдер “күрделі тәуекелдерге” жатады.
Осылайша, мысалға, нақтылы инвестициялау тәуекелінің құрамында
инвестициялық жобаны уақытында дайындамау тәуекелін; жоба-
конструкторлық жұмыстарды уақытында аяқтамау тәуекелін; құрылыс-
монтаждық жұмыстарды дер кезінде аяқтамау тәуекелін; инвестициялық жоба
бойынша қаржыландыруды уақытында бастамау тәуекелін; жобаның
тиімділігінің төмендеуімен байланысты инвестицияның тартымдылығын
жоғалту тәуекелін және тағы басқа да тәуекелдерді бөліп көрсетуге
болады. Инвестициялық тәуекелдердің барлық түрлері кәсіпорынның
капиталын жоғалту мүмкіндігімен байланысты болғандықтан, олар да аса
қауіпті қаржылық тәуекелдер тобына жатады.
• Инфляциялық тәуекел. Инфляциялық экономика жағдайында бұл тәуекел
қаржылық тәуекелдердің жеке түрі болып бөлінеді. Тәуекелдің бұл түрі
инфляция жағдайында капиталдың нақты құнының, сондай-ақ қаржылық
операцияларды жүзеге асырудан күтілетін табыстардың құнсыздану
мүмкіндігімен сипатталады.
• Пайыздық тәуекел. Ол қаржы нарығында пайыздық ставкалардың (депозиттік
те, несиелік те ставкалардың) күтілмеген өзгерісін сипаттайды. Бұл
қаржылық тәуекелдің пайда болуының негізгі себептері: мемлекеттік
реттеу ықпалынан қаржы нарығының конъюнктурасының өзгеруі, бос ақша
ресурстарын ұсынудың төмендеуі немесе өсуі және басқа да факторлар. Бұл
тәуекелдің теріс қаржылық салдарлары кәсіпорынның эмиссиялық
қызметінде, оның дивидендтік саясатында, қысқа мерзімді қаржылық
салымдарда және басқа да кейбір қаржылық операцияларда көрініс табуы
мүмкін.
• Валюталық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі сыртқы экономикалық қызмет
жүргізетін (шикізат, материалдар және жартылай фабрикаттар импорттайтын
немесе дайын өнімді экспорттайтын) кәсіпорындарға тән. Ол кәсіпорынның
сыртқы экономикалық операцияларында қолданатын шетел валютасы курсының
өзгеруінің операциялардан күтілетін ақша ағындарына тікелей әсер етуі
нәтижесінде алдын-ала көзделген табыстарды толығымен ала алмауын
түсіндіреді. Осылайша, шикізат пен материалдарды импорттай отырып,
кәсіпорын сәйкес шетел валютасының ұлттық валютаға қатысты айырбас
курсының жоғарылауынан ұтылады. Сондай-ақ, бұл курстың төмендеуі
кәсіпорынның дайын өнімді экспорттау кезіндегі қаржылық залалын
анықтайды.
• Депозиттік тәуекел. Бұл тәуекел депозиттік салымдардың қайтпау
(депозиттік сертификаттардың өтелмеу) мүмкіндігін сипаттайды. Бұл
тәуекел сирек кездеседі және кәсіпорынның депозиттік операцияларын
жүзеге асыру үшін коммерциялық банкті дұрыс бағаламау немесе дұрыс
таңдамауымен байланысты болады.
• Несиелік тәуекел. Бұл тәуекел кәсіпорынның өз қаржылық қызметі
барысында сатып алушыларына тауарлай (коммерциялық) немесе тұтыну
несиесін ұсыну кезінде орын алады. Оның көрініс табу формасы болып
кәсіпорынның несиеге берген дайын өнімі үшін төлемдерді өтемеу немесе
уақытында есеп айырыспау табылады.
• Салықтық тәуекел. Қаржылық тәуекелдің бұл түрі бірнеше түрде көрініс
табады: шаруашылық қызметтің жеке аспектілерін жүзеге асыруға жаңа
салықтар мен алымдардың түрлерін енгізу ықтималдылығы; салықтар мен
алымдардың ставкаларының деңгейінің жоғарылау мүмкіндігі; жеке салықтық
төлемдерді жүзеге асырудың шарттары мен мерзімдерінің өзгеруі;
кәсіпорынның шаруашылық қызметінің сферасындағы салықтық жеңілдіктерді
алып тастау ықтималдылығы. Кәсіпорын үшін алдын-ала болжанылмайтын бұл
тәуекел оның қаржылық қызметінің нәтижелеріне айтарлықтай ықпалын
тигізеді.
• Құрылымдық тәуекел. Тәуекелдің бұл түрі кәсіпорынның ағымдағы
шығындарының тиімді қаржыландырылмауымен байланыстырылады. Тауар нарығы
конъюнктурасының жағымсыз өзгеруі кезіндегі операциялық леверидждің
жоғары коэффициенті және операциялық қызмет бойынша оң мәнді ақша
ағындарының жиынтық көлемінің төмендеуі қызметтің осы түрі бойынша таза
ақша ағындары сомасының төмендеуінің одан да жоғары қарқынымен
ұштасады.
• Криминогендік тәуекел. Кәсіпорынның қаржылық қызметі сферасында бұл
тәуекел оның серіктестерінің өзін жалған банкрот деп тану формасында,
басқа бір үшінші тұлғаның осы кәсіпорынның ақшалай және басқа да
активтерін заңсыз иемденуді қамтамасыз ететін құжаттарды жалған
рәсімдеу; кәсіпорынның жеке персоналының активтердің жекелеген түрлерін
ұрлауы және тағы да басқа формаларда көрініс табады.
• Тәуекелдердің басқа да түрлері. Басқа да қаржылық тәуекелдердің тобы
айтарлықтай үлкен, бірақ пайда болу ықтималдылығына қарай немесе
қаржылық залалдар деңгейі бойынша бұл тәуекелдер жоғарыда атап өтілген
тәуекел түрлерімен салыстырғанда, кәсіпорын үшін аса маңызды емес.
Мұндай тәуекелдерге тек ғана күтілген табыстардың ғана емес, сондай-ақ
кәсіпорынның активтерінің бір бөлігінің (негізгі қорлардың, тауарлы-
материалдық құндылықтар қорларының) жоғалуына әкелуі мүмкін стихиялық
апаттар тәуекелі және басқа да “форс-мажорлық тәуекелдер”; есептік-
кассалық операциялардың уақытында орындалмау тәуекелі; эмиссиялық
тәуекел жатады.
2. Сипатталатын объекті бойынша қаржылық тәуекелдердің келесі топтарын
бөледі:
• жеке қаржылық операция тәуекелі. Ол қандай да бір қаржылық
операцияға тән барлық қаржылық тәуекел түрлерінің бүкіл спектрін
кешенді түрде сипаттайды (мысалы, қандай да бір акцияны сатып алуға
тән тәуекел);
• әртүрлі қаржылық қызмет түрлері тәуекелі (мысалы, кәсіпорынның
инвестициялық немесе несиелік қызметінің тәуекелі);
• кәсіпорынынң жалпы қаржылық қызметі тәуекелі. Кәсіпорынның қаржылық
қызметіне тән қаржылық тәуекел түрлерінің кешені оның қызметінің
ұйымдастырушылық-құқықтық формасының ерекшелігімен, капиталының
құрылымымен, активтер құрамымен, тұрақты және өзгермелі шығындарының
ара қатынасымен және тағы басқалармен анықталады.
3. Зерттелетін инструменттер жиынтығы бойынша қаржылық тәуекелдер
келесідей топтарға бөлінеді:
• жеке қаржылық тәуекел. Ол жеке қаржылық инструменттерге тән жиынтық
тәуекелді сипаттайды.
• портфелді қаржылық тәуекел. Ол портфелге біріктірілген бір
функционалды қаржылық инструменттердің кешеніне тән жиынтық тәуекелді
(мысалы, кәсіпорынның несиелік портфелінің тәуекелі, оның инвестициялық
портфелінің тәуекелі және тағы басқа да тәуекелдер) сипаттайды.
4. Зерттеу кешенділігі бойынша тәуекелдердің келесідей түрлерін бөледі:
• қарапайым қаржылық тәуекел Ол әрі қарай жеке түрлерге жіктелмейтін
тәуекелді сипаттайды. Қарапайым қаржылық тәуекелге инфляциялық тәуекел
мысал бола алады;
• күрделі қаржылық тәуекел. Ол түрлерінің кешенінен тұратын қаржылық
тәуекел түрін сипаттайды. Инвестициялық тәуекел күрделі қаржылық
тәуекелдің мысалы бола алады (инвестициялық жоба тәуекелі).
5. Пайда болу көздері бойынша қаржылық тәуекелдердің келесідей топтарын
бөліп көрсетеді:
• сыртқы, жүйелік немесе нарықтық тәуекел (барлық терминдер бұл
тәуекелді кәсіпорын қызметіне тәуелді емес тәуекел ретінде анықтайды).
Тәуекелдің бұл түрі қаржылық қызметтің барлық қатысушыларына және
қаржылық операциялардың барлық түрлеріне тән. Ол экономикалық циклдың
жеке стадияларының ауысуы кезінде, қаржы нарығының конъюнктурасының
өзгеруі кезінде және кәсіпорын өз қызметі барысында әсер ете алмайтын
басқа да жағдайлар туындаған кезде пайда болады. Тәуекелдердің бұл
тобына инфляциялық тәуекел, пайыздық тәуекел, валюталық тәуекел,
салықтық тәуекел және бөлшектей инвестициялық тәуекел (инвестициялаудың
макроэкономикалық шарттарының өзгерісі кезінде) жатқызылады.
• ішкі, жүйелік емес немесе айрықшалықты тәуекел (барлық терминдер бұл
тәуекелді нақты бір кәсіпорынның қызметіне тәуелді тәуекел ретінде
анықтайды). Ол мамандану дәрежесі төмен қаржы менеджерімен, активтер
мен капиталдың тиімсіз құрылымымен, шаруашылық серіктестердің дұрыс
бағаланбауымен және қаржылық тәуекелдерді тиімді басқару есебінен теріс
салдарларды қандай да бір дәрежеде болдырмауға мүмкін болатын басқа да
факторлармен байланысты болуы мүмкін.
6. Қаржылық салдарлары бойынша барлық тәуекелдер мынадай топтарға
бөлінеді:
• тек экономикалық залалдарға әкелетін тәуекел. Тәуекелдің бұл түрінде
қаржылық салдарлар тек теріс мәнді болуы мүмкін (табысты немесе
капиталды жоғалту).
• пайданы жіберіп алу тәуекелі. Ол кәсіпорынның қалыптасқан белгілі бір
объективті және субъективті себептерге байланысты өзінің жоспарланған
қаржылық операциясын жүзеге асыра алмауы жағдайын сипаттайды (мысалы:
кәсіпорынның несиелік рейтингісінің төмендеуі салдарынан қажет несиені
ала алмауы).
• экономикалық залалдар да, қосымша табыстар да әкелетін тәуекел.
Әдебиеттерде қаржылық тәуекелдің бұл түрін көпшілік жағдайда
“спекулятивті қаржылық тәуекел” деп атайды, себебі ол спекулятивті
(агрессивті) қаржылық операцияларды жүзеге асырумен байланысты. Бірақ
бұл термин (мұндай мағынада) бұл тәуекелдің табиғатын нақты ашпайды,
себебі тәуекелдің бұл түрі тек спекулятивті қаржылық операцияларға ғана
тән емес.
7. Әсер ету уақыты бойынша қаржылық тәуекелдердің екі тобын бөледі:
• тұрақты қаржылық тәуекел. Ол қаржылық операцияның бүкіл жүзеге асырылу
кезеңі үшін сипатты және ол тұрақты факторлардың қызмет етуімен
байланысты. Мұндай қаржылық тәуекелге пайыздық тәуекел, валюталық
тәуекел және тағы басқа тәуекелдер мысал бола алады.
• уақытша қаржылық тәуекел. Ол қаржылық операцияның жүзеге асырылуының
жеке этаптарында ғана пайда болатын өзгергіштік сипаттағы тәуекелді
сипаттайды. Мұндай қаржылық тәуекелге мысал: тиімді жұмыс істеп тұрған
кәсіпорынның төлем қабілетсіздігі тәуекелі.
8. Қаржылық залалдар деңгейі бойынша тәуекелдерді келесідей түрлерге
бөледі:
• мүмкін қаржылық тәуекел. Ол қаржылық залалы жүзеге асырылатын қаржылық
операция бойынша есептелген пайда сомасынан аспайтын тәуекелді
сипаттайды.
• сыни қаржылық тәуекел. Ол қаржылық залалы жүзеге асырылатын қаржылық
операция бойынша есептелген жиынтық табыс сомасынан асатын тәуекелді
сипаттайды.
• апатты қаржылық тәуекел. Ол қаржылық залалы меншікті капиталдың
бөлшектей немесе толығымен жоғалуын анықтайтын тәуекелді сипаттайды
(тәуекелдің бұл түрі қарыз капиталының да жоғалуын сипаттауы мүмкін).
9. Болжай алу мүмкіндігі бойынша қаржылық тәуекелдер келесідей екі
топқа бөлінеді:
• болжанатын қаржылық тәуекел. Ол экономиканың циклды дамуымен, қаржы
нарығы конъюнктурасы стадияларының ауысуымен, бәсекелестіктің болжамды
дамуымен және тағы басқалармен байланысты тәуекел түрлерін сипаттайды.
Қаржылық тәуекелдердің болжана алуы салыстырмалы сипатқа ие, себебі
нәтижені 100%-дық сеніммен болжау бұл құбылыстың тәуекелдер
категориясына жатпайтындығын білдіреді. Болжанатын қаржылық
тәуекелдерге мысал: инфляциялық тәуекел, пайыздық тәуекел және басқа да
тәуекел түрлері (әрине, оларды тек қысқа мерзімге ғана болжауға
болады).
• болжанбайтын қаржылық тәуекел. Ол пайда болуын алдын-ала мүлдем
болжауға келмейтін тәуекелдерді сипаттайды. Мұндай тәуекелдерге форс-
мажорлық топтың тәуекелдері, салықтық тәуекел, тағы басқа да тәуекел
түрлері мысал бола алады.
Осы сыныпталу белгісіне қарай қаржылық тәуекелдерді кәсіпорын
шеңберінде басқарылатын және басқарылмайтын тәуекелдер деп те бөледі.
10. Сақтандыру мүмкіндігі бойынша да қаржылық тәуекелдер екі топқа
бөлінеді:
• сақтандырылатын қаржылық тәуекел. Оларға сыртқы сақтандыру тәртібімен
сәйкес сақтандыру ұйымдарына беріле алатын тәуекелдер жатады.
• сақтандырылмайтын қаржылық тәуекел. Оларға қаржы нарығында сәйкес
сақтандыру өнімдерінің ұсынысы жоқ тәуекелдер жатады.
Осы қарастырылған екі топтың тәуекелдерінің құрамы өте өзгермелі және
ол тек оларды болжау мүмкіндігімен ғана емес, сондай-ақ нақты экономикалық
жағдайларда сақтандыру операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыру
тиімділігімен де байланысты болады.
Қазіргі кезде көптеген жаңадан құрылған кәсіпорындардың өмірлік
циклының ерте стадиясын, сәйкесінше олардың басшылары мен қаржы
менеджерлерінің агрессивті менталитетін ескере отырып, олардың қызметінде
кездесетін тәуекелдердің түрлері өте көп екенін айта кету жөн.
2-бөлім. Тәуекелдерді басқару – табыстылық алғышарты
2.1. Тәуекелдердің деңгейін бағалау әдістері
Көптеген қаржылық операциялар (венчурлық инвестициялау, акциялар сатып
алу, несиелік операциялар және тағы басқалар) айтарлықтай тәуекелмен
байланысты. Олар тәуекел дәрежесін бағалауды және оның мөлшерін анықтауды
қажет етеді.
Тәуекел дәрежесі – бұл залалдарға ұшырау ықтималдылығы, сондай-ақ одан
келетін шығынның мүмкін мөлшері.
Кәсіпкер тәуекелі капиталдың осы салымынан күтілетін максималды және
минималды табыстар (шығындар) мөлшерін субъективті бағалаумен сандық
сипатталады. Мұнда максималды және минималды табыс (шығын) арасындағы
диапазон неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым тәуекел дәрежесі де жоғары.
Кәсіпкерге өзіне тәуекел алуға ең алдымен шаруашылық жағдайдың
белгісіздігі, яғни қандай да бір қызметті қоршаған ортаның саяси және
экономикалық жағдайларының белгісіздігі және осы жағдайлардың өзгеру
перспективаларының белгісіздігі итермелейді. Шешімдер қабылдау кезінде
шаруашылық жағдайдың белгісіздігі неғұрлым үлкен болған сайын, соғұрлым
тәуекел дәрежесі де жоғары болады.
Енді тәуекел дәрежесін бағалау әдістеріне қысқаша тоқталып кетейін.
Сандық талдау – қаржылық тәуекелдердің жекелеген түрлерінің және
жиынтық қаржылық тәуекелдердің қаржылық залалының нақты мөлшерін анықтау.
Кейде сандық және сапалық талдау ішкі және сыртқы факторлардың әсер
етуін бағалау негізінде жүргізіледі: осы факторлардың берілген кәсіпорынның
жұмысына әсер етуінің үлес салмағын және оның ақшалай мәнін бағалау жүзеге
асырылады. Талдаудың мұндай әдісі сандық талдау тұрғысынан алғанда
айтарлықтай қиынға түседі, бірақ өз жемісін әкелетіні сөзсіз. Осыған
байланысты қаржылық тәуекелдерді сандық талдаудың тәсілдеріне үлкен көңіл
бөлу керек, себебі олар аз емес және оларды дұрыс тиімді қолдану үшін
қандай да бір біліктілік қажет.
Абсолютті мәнде тәуекел мүмкін болатын залалдардың материалдық-заттай
(физикалық) немесе құн (ақшалай) мәніндегі мөлшерімен анықталады. Ал
салыстырмалы мәнде тәуекел қандай да бір базаға жатқызылған мүмкін
залалдардың мөлшерімен анықталады. Мұндай база ретінде не кәсіпорынның
мүліктік жағдайы, не кәсіпкерліктің осы түріне жұмсалған ресурстар
шығындары, не күтілетін пайда алынады. Осындай жағдайда залал болып
күтілетін өлшемдермен салыстырғанда пайданың немесе табыстың төмендеу
жағдайына ауытқуы саналады. Кәсіпкерлік залал – бұл ең алдымен кәсіпкерлік
табыстың кездейсоқ төмендеуі. Дәл осы залалдардың мөлшері тәуекел дәрежесін
көрсетеді. Осыдан шығатыны: тәуекелді талдау ең бірінші кезекте залалдарды
зерттеумен байланысты.
Мүмкін болатын залалдардың мөлшеріне қарай оларды ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz