Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
І-тарау. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы 4
1.1. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні және мағынасы 4
1.2.Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысын ұйымдастырудың негіздері 8
1.3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары 12
ІІ-тарау. Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры 16
2.1. Тұтынуға жұмсалатын қаржыны реттеу 16
2.2. Кәсіпорындар мен ұйымдардың валюта қорлары 17
2.3. Кәсіпорындар мен ұйымдар меншігін өзгертудің қаржылық астары 18
ІІІ-тарау. Меншік формалары және олардың кәсіпорындар қаржысын
ұйымдастыруға ықпалы 20
3.1. Бірлескен кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысы 20
3.2. Кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы 21
3.3. Қоғамдық ұйымдар мен кәсіпорындар қаржысы 22
Қорытынды 24
Қолданған әдебиеттер тізімі 26

Кіріспе

Коммерциялық шаруашылық жүргізуші субъектілер табыс (пайда) алу
мақсатында құрылады. Олар өзінің қызметін мынадай нысандарда жүзеге асыра
алады: мемлекеттік және муниципалдық кәсіпорындар; шаруашылық қоғамдар мен
серіктестіктер; өндірістік кооперативтер. Коммерциялық негіздерде
материалдық өндіріс сферасы кәсіпорындарының басым бөлігі және материалдық
емес сфера ұйымдары мен мекемелерінің едәуір бөлігі жұмыс істейді:
коммерциялық банктер, сақтық ұйымдары, қаржы секторының басқа мекемелері
(жинақ ақша-депозит мекемелері, инвестициялық қорлар, қор биржалары, бағалы
қағаздар рыногі мен ақша-кредит рыноктеріне қызмет көрсететін әр түрлі
мекемелер), сауда-делдалдық кәсіпорындар, ерікті қоғамдық қорлар, трасттық
компаниялар және басқалары.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы қаржы жүйесінің
маңызды сфераларының бірі ретінде құн түріндегі ЖІӨ-н жасау, бөлу және
пайдалану процестерін қамтиды. Олар негізінен ЖІӨ мен ҰТ жасалатын
материалдық өндіріс сферасында іс-әрекет етеді.
Коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы деп өндірістік
капиталдарды қалыптастыру, өнім өндіріп, оны өткізу, меншікті қаржы
ресурстарын жасау, қаржыландырудың сыртқы көздерін тарту, оларды бөлу және
пайдалану процесіндегі экономикалық қатынастарды айтады.

І-тарау. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні мен маңызы

1.1. Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының мәні және мағынасы

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысының өзіндік мәні және көрінісінің
сыртқы формалары бар және олар сан алуан. Олардың беріктілігі біркелкі
емес. Қаржының сыртқы формалары жиі өзгертілуде. Мысалы, кәсіпорындардың
мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынас формасы жиі өзгертіліп, жетілдірілуде.
Көп арналы төлемдерден пайда салығына көшіріледі: қаржының бюджеттен
шаруашылық мұқтаждарын қаржыландырудың кері қозғалысы өзін-өзі
қаржыландырумен ауыстырылды: кәсіпорындардың ішкі қаржы қозғалысының
формалары өзгереді: бұл қатынастар нормативтік сипат алып, шаруашылық
коммерциялық негіз алуда. Қаржы ресурстарының құрылымы, әдістері, жұмсалу
бағыттары да өзгеруде. Қаржының мәні де өзгеруде, ол өндірістік
қатынастары, олардың даму барысы, мемлекеттің шаруашылық, мәдени,
әлеуметтік өмірдегі рөліне байланысты. Қаржы қатынастары, ең алдымен,
бөлістік қатынастар. Олардың бөліс жүйесінің өзгерістерге ұшырап,
өндірістің тиімділігін ынталандырудағы рөлі артуда. Қоғамдық өнім мен
ұлттық табысты бөлу әдістері мен формаларының өзгеруі кәсіпорындардың
мемлекеттік бюджетпен және несие жүйесімен нарыққа алу процесінде қаржы
қатынастарын өзгертіп, олардың ғылыми-техникалық прогресті жеделдету
өндірістің өнімділігін арттыруда ынталандырушы рөлін баса көрсетуде.

Кәсіпорындар қаржысының мәні жөнінде әзірге ортақ пікір жоқ.
Кәсіпорындардың қаржысын айқындайтын экономикалық қатынастар жүйесіне не
кіреді? Бірқатар ғалымдар тауарларды сатып алу, сату кезінде және
еңбекақы кезінде пайда болатын ақша қатынастарын қаржы қатынастары деп
қарауға болмайды: өйткені олар бұл қатынастардың элементтері емес деседі.
Алайда өндірістік қағиданы жақтаушылар керісінше пікірде. Өйткені
өндірістегі қаржы қатынастары ұдайы өндірістік кезеңдерін көрсететін
экономикалық категория. Мысалы, айырбас кезінде өнімді өткізуден түскен
түсімнен өнім беруші кәсіпорын тұтыну және қорлану қорларын құрайды.
Оның барысында өнім беру шартының талаптары орындалмаса, екі жақ бір-
біріне қарыз болса, тиісті қаржы айыптары қолданылады. Еңбекақы, сыйлықтар
төлеу барысында туындаған ақша қатынастары арнайы қорлар құрып, жұмсау
арқылы жүргізіледі. Өндіріс қағидасын жақтаушылар қаржы қатынастары өндіріс
процесінің барлық кезеңін қамтиды деп санайды.

Осыған байланысты кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын бөлу, бақылау
және ұдайы өндіріс қызметін орындауды деп тұжырымдауға болады. Ұдайы
өндіріс қызметінің мазмұны жай және ұлғаймалы ұдайы өндіріс кезінде
материалдық және қаржы қозғалыстары айналымын қамтамасыз ету. Бұл үшін
кәсіпорын өндіріс жоспарлары, болжамдары негізінде өнімдерді өткізу, нақты
мерзімдерге сай белгіленген экономикалық нормативтерді, кірістер мен
шығыстар көлемдерін белгілейді, шығындардың меншікті қаржы есебінен,
уақытша алынған басқа кәсіпорындар мен өз қызметкерлерінің қаржысы банк
несиелері, айрықша жағдайда бюджет есебінен ақталуын анықтайды.

Кәсіпорындар қаржысының бөлу қызметінің ерекшелігі – жиынтық қоғамдық
өнімнің құны айналым қаржысы процесінде белгіленген экономикалық
нормативтер негізде бөлінуі. Мұның өзі ұдайы өндіріс процесінде құнның
бөліске және қайта бөліске түсіуіне қаржының қатысуын анықтайды. Ақшалай
бюджеттермен қорлардың экономикалық негізінде бөлінуі қаржының ұдайы
өндірістегі қызметінің басты шарты.

Бөліс - өндіріс пен тұтынуды байланыстыратын буын. Бұл процесс
кәсіпорындармен бірлестіктердің жұмсалған өндіріс құрал-жабдықтарды
толықтыруға және пайданы құрауға пайдаланған өнімдерді өткізуден түскен
ақшалай табыстар алу жолымен жүреді. Пайданың бір бөлігі қайта бөлу
барысында орталықтандырылған қорларға – мемлекеттік бюджет, бюджеттен тыс
қорларға түсіп енді бір бөлігі шаруашылықтың қарамағында еңбекақы,
әлеуметтік мұқтаждар, өндірісті ұлғайту және дамыту жөнінде шығындарды
қаржыландыруға түседі.

Қаржы және несие органдармен іс-қимыл барысында бюджет алдындағы
міндеттемелердің орындалуы, банк несиелерінен алынуы, қайтарылуы кезінде
бақылау жүзеге асырылады.

Кейбір экономистер кәсіпорындар қаржысына үш қызмет жүктейді:

1) ақшалай ресурстары мен айналым қаражаттарына қызмет көрсету;

2) ақшалай табыстарды бөлу;

3) кәсіпорындардың өндірістік-шаруашылық қызметіне бақылау жасау.

Халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері,. Кәсіпорындарының
экономикалық қызметі саласында өндірістік қатынастардың өзіндік
ерекшеліктері, қаржы қатынастарының басқа ақша қатынастарымен астасуы,
олардың өндірістік қорлар айналымымен тығыз байланысы, кейбір ғалымдардың
пікірінше, халық шаруашылығы салалары, бірлестіктері, кәсіпорындары
қаржысының жалпы мемлекеттік қаржыдан ерекшеленуіне әкеп соғады.

Олардың пікірінше, егер буынға кәсіпорындардың ақша қатынастарының
бүкіл жиынтығын қосса, халық шаруашылығы кәсіпорындары мен ұйымдарының
ақша шаруашылығын – дербес экономикалық категория ретінде өмір сүруі туралы
мәселе қоюға болады.

Қаржы саласындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың сан қилы қатынастары
ірілендірілген топтарда жинақталады: бұл қатынастар ұлғаймалы ұдайы
өндіріс процесінде мыналардың арасында пайда болады:

Мемлекет пен өндірістік кәсіпорындар арасында мемлекеттік бюджеттен
қаржыландырғанда, сондай-ақ бюджетке төлемдер төлегенде, валюта қорларын
қалыптастырғанда;

өндірістік кәсіпорындар және олардың жоғарғы ұйымдары пайданы
табыстарды, қорларды қайта бөлгенде, жылдық төлемдер жөнінде;

шикізат, материалдар, отын, т.с.с. төлеу үшін өзара қатынастарға
түскен әртүрлі кәсіпорындар мен ұйымдар арасында;

кәсіпорындар мен ұйымдар арасында акциялар мен құнды қағаздар шығару
және өткізу кезінде бірлескен кәсіпорындар құру барысында несиелеу мен
үлестік қатыста;

кәсіпорындар мен несие жүйесі және қысқа мерзімді несиелер берілгені
үшін проценттер төлегенде және т.б.

Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысының негізгі белгілері:

1) қаржы қатынастарының көп қырлылығы, олардың формалары мен мақсатты
арналымының сан алуандылығы;

2) өндірістік қорлардың міндетті болуы, олардың құралуы, тұрақты
толықтыруы, көбеюі, бөлінуіне байланысты қатынастар туындауы. Өндірістік
қорлар - өндірістің серпінді элементтері. Олар, өндірістің өзі сияқты,
ұдайы қозғалыста болады: оның үстіне құн формалары үнемі өзгереді.
Кәсіпорынның өндірістік қорлары оның қызметі кезінде маптериалдық-заттық
және ақша формасы қалады;

3) жоғары белсенділік, кәсіпорынның шаруашылық қызметінің барлық
қырларында ықпал жасау мүмкіндігі.

Сөйтіп, кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысы – халық шаруашылығындағы
ақшалай табыстарды, жинақтарды және қорларды жасауға,ғ бөлуге және
пайдалануға байланысты туындайтын экономикалық қатынастар.

1.2.Кәсіпорындар мен ұйымдар қаржысын ұйымдастырудың негіздері

Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың принциптері ортақ. Оның
бірыңғайлылығы өндірістердің ортақ мақсат-міндеттерімен және оның дамуының
ортақ экономикалық заңдарымен анықталады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржысын ұйымдастырудың негізгі
принциптері: шаруашылық есеп, жоспарлылық, меншіктің барлық формаларының,
теңдігі, қаржы резервтері. Шаруашылық есеп – негізгі алынатын принцип
және кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық қаржы қызметін жүргізудің
басты әдісі. Мемлекеттік және ұжымдық меншіктегі кәсіпорындар мен
ұйымдарда “шаруашылық есеп” термині қолданылады, жеке аралас меншікте –
“коммерциялық есеп” термині бар. Бұл ұғымдар экономикалық мағынада мәндес.

Шаруашылық есептің мәні кәсіпорынға оның қызметіне қажетті, жарғы қорын
құрайтын негізгі және айналым қаржысы бөлінеді. Шаруашылық жүргізу әдісі
ретінде шаруашылық есеп шаруашылық қызметінің табыстары мен шығындарын
бірыңғайландыруды қарастырады.

Қазіргі уақытта шаруашылық есеп әдісі тұтынушыға қызмет етіп,
кәсіпорындар мен халықтың сұранымын қанағаттандыру, қатаң тәртіп, мемлекет
қамтамасыз еткен ресурстарды төлеу, өндірісті жаңарту және ұлғайту, бюджет
алдындағы міндеттемелерді сөзсіз орындау.

Коммерциялық есеп принципі кәсіпкерлік формасында жүзеге асырылады.
Нарықтық қатынасты дамыту барлық меншік формаларының деңгейі принципін
іске асыру негізінде азаматтардың шаруашылық инициатива мен іскерлік
көрсетуіне жағдай жасайды. Кәсіпкерлік – тәуекелге бел байлап, табыс табуға
ұмтылған азаматтардың жеке, дербес іс-қимылдары. Кәсіпкерлік өз ұжымдарын
құра алады.

Шаруашылық есептің негізгі принциптері - өзін-өзі ақтау және өзін-өзі
қаржыландыру.

Өзін-өзі ақтау – шаруашылық есептің басты принципі, яғни кәсіпорын
тиімді өткізген табысты есебінен өндірістік шығындардың ақталуы. Өзін-өзі
ақтаудың төменгі шегі шығынға батпау. Алайда нарық жағдайында кәсіпорындар
рентабельді жұмыс істеуі тиіс. Өйткені болашағы зор шаруашылықтарға ғана
көмек көрсетіледі.

Банктер бюджет, несие берушілердің алдына қойған міндеттемелері мен
талаптарын қанағаттандыра алмаған кәсіпорындар белгілі бір шаралар
қолданылған соң сауықтыру, қайта құру, жою немесе сату күйіп кетті деп
жарияланады.

Өзін-өзі қаржыландыруға өзін-өзі ақтау кіреді. Одан айрымашылығы
өндіріс шығындарын ақтаумен қатар нормативтік пайда алынуын көздейді.
Табыс көздері мен қосымша қаржы есебінен кәсіпорын техникалық қайта
жарақтану, өндірісті жаңғырту және ұлғайту, өндірістік емес құрылыс
ұжымдардың әлеуметтік мұқтаждарды, еңбекақы мен ынталандыру қорларын құру,
ғылым мен техниканы дамыту және басқа шығындарды жабуды қамтамасыз етеді.
Өзін-өзі қаржыландыру кезінде бүкіл қаржы пайда және табыс, амортизациялық
түсімдер және т.с.с. кәсіпорындардың қарамағында қалады әрі тартып
алынбайды мемлекеттік бюджеттен жіберілімдер мен басқа да міндеттемелерден
өзге. Екіншіден, орталықтандырылған көздердің қаржысы оларға бөлінбейді,
кәсіпорындар өздерінің дамуын тек меншікті және қарыз қаржы есебінен іске
асырады. Мұның өзі басшылары белгілі бір шешімдерді қабылдау үшін қолда
бар қаражаттарды тиімді пайдалану мүмкіндіктерін жан-жақты талдауға
мәжбүр етеді.

Шаруашылық есептің тағы бір қарды дербестігі, кәсіпорын негізгі және
айналым қаржысын неғұрлым мол пайда табу үшін ұтымды пайдаланып, оның бір
бөлігін материалдық пайдалануға, өндірісті ұлғайтуға және шаруашылық
қажеттерге пайдаланады.

Сонымен қатар шаруашылық есепке жоспарлар, шарттар қаржы
міндеттемелерінде қарастырылған қаржы жауапкершілдігі де кіреді: олар
орындалмаса, мерзімі бұзылса, көлемі мен апасы сәйкес келмесе, кәсіпорын
материалдық жауапкершілік артады - айыппұлдарын төлейді.

Шаруашылық есеп талаптарының бірі – қаржы мүдделігі қызметкерлерді
материалдық ынталандыру мен өндірісті дамыту үшін кәсіпорынның қаржы
ресурстарын пайдаланудан көрінеді. Мұның өзі олардың болашақ мүдделеріне
көрініс табады; кәсіпорындардың ұжымдарын қаржы жағынан ынталандырудың
қуатты тұтқасы өздері жинаған қаржы есебінен әлеуметтік-мәдени мақсаттарға
арналған шығындар.

Қаржы жауапкершілігі мен мүдделілігі – шаруашылық жүргізудің
тиімділігін арттырудың ынталандыру шараларын құру және жүзеге асыру.

Сөйтіп экономиканың негізгі буынында кәсіпорындардағы екі
экономикалық категорияның – қаржының және шаруашылық есептің өзара
байланысы көрініс табады.

Жоспарлылық принципі өндірістің мақсат-міндеттері, оларға қол жеткізу
әдістері, мерзіміне қарай алдын ала есептеу жолдарымен кәсіпорынның қаржы
қызметі жүзеге асатынын білдіреді. Есептеулердің негізінде және белгіленген
қаржы нормативтерін пайдаланып, қаржы көрсеткіштерін анықтайды. Олар
арнайы құжат – қаржы жоспарында бейнеленеді.

Кәсіпорынның алдағы қызметіндегі бағдары бұлдыр болса, жоспарлар –
қаржы көрсеткіштері тәптіштеле пысықталмай-ақ қолда бар нақты мәліметтер
жиналып, ғылыми өңделеді, яғни болжам жүргізіліп, кәсіпорынның қаржылық
даму болжамы жасалады. Болжам бағаланып, кәсіпорындардың шаруашылық
қызметі нұсқалары бойынша шешім қабылдауға негіз болады.

Нарыққа көшу, экономикалық тұрақсыздығы жағдайында қаржы жоспарлары мен
болжалдары қысқа мерзімге жасалады.

Кәсіпорын неғұрлым ірі шаруашылық құрылымына енсе кәсіпорындардың
қаржы жоспарлары көрсеткіштері бұл ұйымдардың жиынтық қаржы жоспарларына
енгізіледі.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың барлық меншік формаларының теңдігі
принципі мемлекеттің барлық меншік формаларының дамуына кепілдігі
нәтижесінде жүзеге асырылады. Меншік иесі өз мүлкін қалағанынша
пайдаланып, заңға қайшы келмейтін кез келген іс-қимыл жасайды.

Кәсіпорындардың қаржысын ұйымдастырудың тағы бір принципі қаржы
резервтерінің болуы. Ол барлық деңгейінде – бастапқы өндірістік буында да,
одан жоғарғы буындарында болады. Қаржы резервтері әртүрлі әдіспен -
өндірістік және әлеуметтік даму қорларының көлеміне қарай, табыс және
пайдадан түсімдер жіберу арқылы тұрақты нормативтер бойынша құралуы
мүмкін. Қаржы резерві уақытша қаржы қиыншылығын жойып, шаруашылықтардың
қызметіне қалыпты жағдай қамтамасыз ету және өндірістік, әлеуметтік даму
шығындарын қаржыландыруға арналған.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қатынастары сан алуан заң
актілерімен, Президенттің жарлықтарымен, Жоғары Кеңестің қаулыларымен
реттеледі. Олардың ішінде: кәсіпорындар туралы, шаруашылық қызметтің
еркіндігі мен кәсіпкерлікті дамыту туралы, меншік туралы, мемлекет
иелігінен алу және жекешелендіру туралы, банкроттық туралы, банктер мен
банк қызметі туралы, сыртқы экономикалық негізгі принциптері туралы, шет
елдік инвестициялар туралы, еркін экономикалық аймақтар туралы, шаруа
қожалықтары туралы және т.б.

Көп салалы мемлекеттік және кәсіпкерлік құрылымдарды қамтитын
өндірістік-қаржы топтары шикізат, материал жөніндегі және басқа
қажеттерін өздері қамтамасыз етіп, өздерінің және халықтың бос қаржысын
біріктіреді. Мұндай өз бетімен дамитын жүйелер мемлекеттің жүгін
жеңілдетіп, өндірістік материалдық-техникалық жабдықталуын жақсартады.
Сөйтіп, өндіріс процесі демократияландырылады, өндірушілердің қаржы
жөнінде дербестігі, кәсіпкерліктің еркін бәсекесі жағдайында шаруашылық
жүргізудің түпкі нәтижелеріне жауапкершілігі артып, халық шаруашылығында
өндірістің сан алуандылығы қамтамасыз етіледі.

1.3. Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы қорлары

Кәсіпорындар мен ұйымдардың шаруашылық қаржы қызметі барысында қаржы
қорлары – белгілі бір мақсаттарға арналған қаражат – құралып,
пайдаланылады, қорлардағы қаражат үнемі қозғалысқа түседі, жиналады,
жұмсалады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы тәжірибесінде әртүрлі қорлар
пайдаланылады. Өздерінің қызметтерінің орындалуына немесе экономикалық
жағдайдың өзгеруіне қарай кейбір қорлар жойылса кейбір өзгеріп, немесе
жеке бөлініп шығады. Ұзақ жылдар бойы кәсіпорындар мен ұйымдарда
экономикмлық ынталандыру қорлары: материалдық ынталандыру, өндірісті
дамыту, әлеуметтік даму, тұтыну қорлары жұмыс істейді. 1992 жылға дейін
ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржыландыру және негізгі қорларды жаңарту
үшін амортизациялық қор құрылғанды. Министрліктер пен ведомостволарда
жалпы салалық шығындарды қаржыландыру, ведомоствалық бағыныстағы
кәсіпорындар мен ұйымдарға қаржы көмегін көрсету үшін орталықтандырылған
ғылым мен техниканы дамыту қоры, экономикалық ынталандыру, бағаны реттеу
қорлары және т.б. құрылып келеді.

Қаржы қорларында кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкі бейнеленеді.
Жекелеген қорлардың қозғалысы қаржының көлемін, формасын, пайдалану
мөлшерін неғұрлым анық көрсетеді. Сондықтан кейбір қорлар кәсіпорынның
қаржы көрсеткіштерін де бейнелеп есептеулер үшін бастапқы мәліметтер
ретінде қызмет етеді. Мысалы, кәсіпорынның тұтыну қорының белгілі бір
мерзімде жұмсалу мөлшері; кәсіпорындарының бір қызметкеріне шаққандағы
мөлшері оның материалдық және әлеуметтік қызметтерін қанағаттандыру
деңгейін көрсетеді.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұйымның бухгалтерлік есепті ұйымдастырумен есеп саясатын қарастыру
Жарғылық капиталдың есебі
Меншікті капитал
Өндірістік емес негізгі құрал жабдықтар тұтынуға арналған құрал жабдықтар
Қосымша төленбеген капиталдың есебі
Акция - шаруашылық субъектінің бағалы қағаздары
Республикалық бюджет деңгейіндегі ақша қаражаттары
Коммерциялық банк
КӘСІПОРЫНДЫ ҚАРЖЫЛЫҚ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТАЛДАУ (ЖШС Гормолзавод мысалында)
Ақша мәні және ақшаның формасы
Пәндер