Шағын бизнесті қолдау тәжірибесі
ЖОСПАР
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ...
1. Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің даму сатысы ... ... ..
1.1. Қазақстандағы шағын бизнеске мінездеме ... ... ... ... ... ..
1.2. Шағын бизнестің құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ...
2. Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселелері..
2.1.Шағын бизнесті қолдау
тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ... ... ..
2.2.Қазақстандағы шағын кәсіпкерлікті қаржы-несиелік және
инвестициялық
қолдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Салық салу және кеден
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық
экономикадағы негізгі буыны –бұл кәсіпорын және шағын бизнес. Міне,
сондықтан да, бұл деңгейде қоғамға қажетті өндіріліп, қызмет
көрсетілуі тиіс. Бұған жағдайлар да бар.Өйткені кәсіпорында ең білікті
кадрлар жинақталады.Мұнда ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді
техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері кең түрде шешіледі.
Кәсіпорындарда өндірісті және өнімдерді сатуға кететін шығындарды
мейлінше азайтуға қол жетеді. Сол сияқты бизнес жоспарлар әзірленеді,
маркетинг қолданылады, тиімді басқару жүйесі- менеджмент іске
асырылады.Мұның барлығы терең экономикалық білімді қажет етеді.
Қазіргі нарықтық жағдайда тек мынадай ғана кәсіпорын өміршеңбола
алады, егер де ол нарық талабын аса сауаттылықпен және компоненттілікпен
анықтайтын, сұраныс талабын қанағаттандыратын өнімдерді өндіруді
ұйымдастыратын және білікті қызметкерлерге жоғары табыспен, ең соңында
көп пайданы табуды қамтамасыз ете алатын болса.
Нарықтық экономика жағдайында шағын бизнес және кәсіпорын
шаруашылықты жүргізудегі негізгі объективті буынға айналады. Мәселе
мынада, рыноктық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп
қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс
орындарын ашу ,еңбекақыларын есептеу т.б. жұмыстарды іске асырған жөн.
1.Қазақстандағы шағын бизнестің даму сатысы
Кәсіпкерлік, шағын кәсіпкерлік , кәсіпорынның экономикалық дамуының
маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі
дамытуға да аса басты ықпал етеді.Соңғысын мына жағдаймен
түсіндіруге болады: шағын кәсіпкерлік өзінің мәнін жете түсіну
негізінде әрбір азаматтың өзінің материалдық жағдайын одан әрі
жақсартуға талаптануы, шағын және орта бизнесті дамыту формасы
арқылы жалпы жағдайды тудырады.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің
республикада шағын кәсіпкерліктің үлесі қазіргі кезде 90 пайызға
жетеді.
2000 жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша 372 мыңнан астам
шағын кәсіпкерлік субъектісі тіркеліп, олардың ішіндегі жұмыс
істейтіндері- 329,1 мың болады. Шағын кәсіпкерлік саласында жұмыспен
қамтылғандардың саны -1,4 млн адамды құрады.
Шағын бизнес өкілдері 2000 жыл ішінде 532,6 млрд. теңгенің өнімін
өндірді және қызмет көрсетті.1999 жылы олар бюджетке төленетін төлем
33,7 млрд.теңге құраса 2000 жылы -45,9 млрд. теңгеге жетті.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 мамырдағы
Жарлығымен Қазақстан Республикасында Шағын кәсіпкерлікті дамыту мен
қолдаудың 2001-2002 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
бекітілді. Оның басты мақсаты шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласының
серпінді дамуын қамтамасыз ететін мемлекеттік қолдау саясатын
жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның міндеттері оның мақсатымен айқындалған және олар
мыналар.
• Халықтың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету;
• Қоғамдық бірлестіктердің шағын кәсіпкерлікті қолдау мен
қорғау мәселелеріндегі рөлін күшейту;
• Шағын кәсіпкерліктің өндірістік саласын басымдылықты
дамыту;
• Шағын кәсіпкерлікті ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін
жетілдіру және дамыту арқылы шағын кәсіпкерлік субъектілерінің
тұрақты қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасау болып
тұжырымдалады.
Шағын кәсіпорындардың ең басты маңыздылығы - бұл әлеуметтік
аспектілігінде.Өзінің құрылуымен шағын кәсіпорындар жұмыс орындарын
көбейтуге жағдай жасайды, сөйтіп, жұмыссыздықты азайтады. Бұдан басқа
халықтың жалпы білімділігінің артуы барысында азаматтар арасында
жаппай өздерінің жеке қабілеттіліктерін көрсетулері үдей
түседі. Ең алдымен бұған қол жеткізуде өз істерін ұнататындықтары
және бұған бейімділіктерінің сай болуына қарай өздерінің жеке ісін
ашу, өзінің бизнеспен айналасуын жалғастыру болып табылады. Мұның өзі
сондай-ақ, шағын кәсіпорындардың дамуына қажеттілігін тудырады.
Сонымен, жоғарыда баяндалғандай экономиканың жаңа жағдайындағы
рынокқа өтуінде шағын кәсіпорындар жанама өнім ретінде
болмайды.Олар еліміздің ажырамайтын саяси-экономикалық жүйенің бөлігі
болып табылады. Біріншіден, нарықтық қатынастардың тұрақтылығы, солай
болғандықтан, халықтың көптеген бөлігі осы қатынастар жүйесінде
тартылады; екіншіден, рыноктық жағдайда олар қажетті икемділікті
қамтамасыз етеді, терең мамандандыруда іске асыруды және өндірісті
тармақтанған кооперацияға айналдырады. Онсыз оның экономикалық
тиімділігінің болуы мүмкін емес. Нәтижесінде, бұл шаруашылық дамуының
және ұлттық экономиканың серпінді өсуіне үлкен ықпал етеді; үшіншіден,
шағын кәсіпорындар рөлінің өзгеруі орта және ірі кәсіпорындардың
қызмет етуіне тиек болады.
Кәсіпкерлік- кәсіпорынның басшылары мен мамандарының шаруашылық
қызметінің біртұтас бөлігі. Ол экономиканың қызметінде ең белсенді
нысанының бірі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметінің көптеген
түрлерінің ішінен төртке топтастыруға болады: өндірістік, коммерциялық,
қаржылық, консультативтік. Өндірістік кәсіпкерлік өнімді өндіруге, жұмыс
істеуге және қызмет көрсетуге, жинауға , өңдеуге және ақпарат беруге,
рухани байлықты жасауға бағытталған қызмет. Қызметтің коммерциялық
түрінің мазмұны тауар-ақша қатынасы, сауда айырбас операциясынан
тұрады. Оны өндірістік кәсіпкерлік қызметтен айырмашылығы сол, мұнда
өнімді шығаруға байланысты едәуір өндірістік ресурстарды қажет
етпейді.Кәсіпкерлікті қалыптастыру үшін белгілі экономикалық, әлеуметтік,
құқықтық жағдайлар жасалу қажет.
1.1. Қазақстандағы шағын бизнеске мінездеме
Экономиканың тұрақты болуы және оның бәсекелік сипатын
қалыптастырудың сипатынбасты күштерінің бірі кәсіпкерлікті жетілдіру болып
табылады. Жалпы кәсіпкерлікті дамыту үшін бірнеше белгілі шарттар орындалуы
қажет:
-кәсіпкерлік субъектінің белгілі бір дәрежеде еркіндігі мен құқығы
болуы қажет. Ол – шаруашылық қызметінің бағытын таңдау, өндірістік, сауда
бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өндірістік, сауда
бағдарламаларын анықтау, қаржы көзін таңдау, өнімдерін тасымалдау, өнімге
баға белгілеу, табысты өз мұқтажына жұмсау;
-кәсіпкерлік қабылданатын шешімдерге одан туындайтын нәтижеге
тәуекелдікті қажет етеді. Қабылдаған шешімдерге деген жауапкершілік
болмайтын болса ол кәсіпкерліктің де болмағаны;
-кәсіпкерлік қызметтің белгілі коммерциялық табысқа жетуге бағдар
ұстауы, экономикада қажетті нарықтық базасы , әлеуметтік-экономикалық
шарттары қалануы керек.
Төртінші шарт жоғарыда аталған шарттардан туындайды. Еркін
кәсіпкерлік меншіктің әр түрлі формада, түрде , типте болуын қалайды.
Кәсіпкерлік - қызметтің ерекше бір түрі ғана емес. Бұл тағыда
бір белгілі стиль және тәртіптің типі, жинақтап айтсақ; үлкен
бастама, дәстүрден тыс шешімдерді іздестіру, тәуекелге бару, ісерлік
қызметтің орын алар жері ең алдымен кәсіпорын. Кәсіпкерлікті
ұйымдастырудың ең қарапайым формасы- ол жеке іскерлік. Бұл жағдайда
кәсіпкер жеке тұлға ретінде өздігінен іс-қимыл жасайды. Жеке
кәсіпкерліктің тағы бір түрі- жеке кәсіпорын, фирма. Бизнестің мұндай
формасында мекеме құру құқы кез-келген азаматта бар. Бұл үшін ол
жеке кәсіпорынды тіркеуден өткізіп заңды тұлға мәртебесін алуы
керек.
Монополизм нарықтағы еркін бәсекелестіктің мүмкіндігін жоя
отырып, экономикалық өрлеуге кері әсерін тигізетіні белгілі, яғни
капиталмен өндірістің жиынтығын құрайтын монополизмнің бойында қай
кезде де тоқырау қауіпі бар. Оған қарсы тұра алатын бірден-бір фактор –
ол әлемдік тәжірибиеде кең етек алған, біздің елімізде де енді дамып
келе жатқан шағын бизнес. Жалпы өркениетті елдердің қай-қайсысын алсақ
та өздерінің экономикалық және әлеуметтік мәселелерін шешуде шағын
кәсіпкерлікке арқа сүйейді.Себебі шағын бизнес халықтың әл-ауқатын
арттырумен қатар, қосымша жұмыс орындарының ашылуына да себебін
тигізеді. Бұл жағдайды төмендегі кестенің көрсеткіштерінен айқын
байқауға болады.
Шағын бизнеске қатысушылардың жалпы жұмысқа қамтылғандар
санындағы әр елдегі үлесі
Ел аты Үлесі Ел аты Үлесі
Италия 80% Румыния 27%
Ұлыбритания 76% Венгрия 24%
Жапония 73% Словакия 23%
Бельгия 72% Польша 23%
Франция 69% Ресей 10%
Германия 64% Беларусь 6%
АҚШ 53% Хорватия 22%
Кәсіпкерлік сектор нарықтық бәсекелестіктің өзгеруіне өте
сезімтал. Сонымен қатар экономикадағы бәсекелік сипатты қолдай отырып ,
орта топтың қалыптасуының негізін қалайды. Осындай әлеуметтік базаның
дамытпастан нарықтық реформаларға жоғары баға беру мүмкін емес. Бұл
сипаттаманың әділдігін экономиканың қолдаушы күші болған шағын бизнесті
кең бағытта қолдаған шет елдердің тәжірибиесі айғақтайды. Мысалы, АҚШ-
та жалпы өнімнің қырық пайызы және еңбекке қабілетті халықтың елу үш
пайызы оның үлесіне тиеді. Ірі корпорацияларға қарағанда шағын
кәсіпорындар технологиялық жаңалықтарды анағұрлым көп игереді. Мұндай
кәсіпорындар тауарларды экспортқа шығаруға мүмкіншілік мол. Олардың
үлесіне: Германия, Италия, Жапония сияқты елдерде тауар экспортының
қырық пайызына жуығы тиесілі екен.
Кесте деректерді дәлелдеп отырғандай , шағын бизнес өркениетті
елдерде әлеуметтік мәселелерді шешудің басты күші бола отырып
тұрақтылықтың кепіліне айналуда. Экономикалық және статистикалық
мәліметтер бойынша шағын бизнес субъектілерінің рөлі тіпті дамыған
елдерде артқаны байқалады. Шағын бизнес субъектілерінің санын арттырып,
оларға көмек көрсете отырып , мемлекет экономикалық, әлеуметтік, әсіресе
жұмыспен қамту мәселесін шешеді. Әдетте шағын бизнесте дамуынан келесі
мәселелер шешімін табады:
- қоғамдық қажеттіліктерді толық қанағаттандыратын
бәсекелестік және нарықтық қатынастардың қалыптасуы;
- тауар ассортименттер кеңейуі , қызмет көрсетуді жетілдіру ,
оның сапасының жоғарылауы:
- экономиканы құрылымдық қайта құруға ықпалы ;
- өндіріс пен қызмет көрсетудің нақты тұтынушыларға
бейімделуі;
- жеке қаражаттың өндірісті дамытуға жұмсалуы;
- қосымша жұмыс орындарының пайда болуы, жұмыссыздық деңгейінің
төмендеуі;
- адамның шығармашылық мүмкіндіктерін тиімді пайдалану;
- еңбекке қоғамның жекелеген кейбір топтарын тарту;
- жерді, шикізат қорын және ірі өндіріс қалдықтарын пайдалану;
- мемлекеттен тиімділігі және табысы аз кәсіпорындарды сатып
алуы немесе қолға алуы.
Шағын бизнестің осындай, басқа да экономикалық және әлеуметтік
функциялары шағын бизнесті дамыту мәселесін маңызды мемлекеттік
міндеттер қатарына жатқызуға және экономиканы реформалаудың ажырамас
бөлігі деп қарастыруға негіз береді.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі ұйымдармен тиімді
ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми
техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нгарықтағы
сұраныс өзгерісіне оңай бейімделеді. Содай-ақ ірі кәсіпорындардағы
тауарлар жеткізу мен қызмет көрсету құқығы үшін өзара бәскекге барады,
мұның өзі олардың тұрақты табыстарына кепілдік береді. Олар ірі
кәсіпорындардың орнықтылығын және өндірістік әртараптанддырылуын
қамтамасыз етіп, монополистік бағытқа қарсы әрекет ереді. Шағын бизне
нарықта консалтингтік , брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама,
қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп,
белсенді рөл атқарады.
Соңғы уақытта дамыған нарықтық экономикасы бар мемлекттерде шағын
бизнестің дамуы үлкен орын алып отыр. Егер 1950 жылдары АҚШ-та орташа
шамамен жыл сайын 130 мың фирма тіркелсе , 60 жылдары - 220 мың , ал
70 жылдары – 350 мың ,ал 90 жылдары жыл сайын 600 мың фирмаға дейін
орташа шамамен тіркелген. Бұл құбылыстың себебі шағын бизнестің дамып
отырған қоғамдық тұтынушылықты дер кезінде қанағаттандыра алу
қабілетімен, ғылыми техникалық прогресс барысында өндірістік құрал-
жабдықтардың жетілділігімен және аралас экономикадағы әртүрлі меншік
формаларының біркелкі мүмкіндігімен түсіндіріледі. Шағын бизнес - шешім
қабылдау мен оны жүзеге асырудағы еркіндік , іскерлік , нәтижелерге
толық экономикалық және құқықтық жауапкершілік, сондай-ақ шығармашылық
ынта және жігермен сипатталады.
Нарықты экономиканың субъектісі ретінде шағын бизнестің
артықшылықтары мен кемшіліктері де бар. Шетелдік және отандық шағын
бизнестің сипатын зерттей келе, келесі артықшылықтарды атап өткен жөн:
-жергілікті жерде шаруашылықты жүргізу жағдайында тез
бейімделу;
-шағын бизнес субъектілерінің іс-әрекет жасаудағы
тәуелсіздігі ;
-шешімдер қабылдауда және оны іске асыруда бейімділік пен
оперативтілік;
-салыстырмалы түрдегі аз шығындар, әсіресе басқаруға жұмсалатын;
-жеке тұлғаның өз идеяларын іске асырудағы зор мүмкіндіктері ,
кәсіпкерліктің дамуы;
-қорға деген аз сұраныс, өнімге және өндіріске өзгерістерді тез
енгізу мүмкіндігі;
-капитал айналымының жоғары болуы.
Халықаралық еңбек бюросының баяндамасында шағын және орта
кәсіпорындардың бірқатар бәсекелестік артықшылықтары аталған. Бір
қызметкерге шаққандағы қажетті қор мөлшерінің аз болуы ,шағын
кәсіпорындар жергілікті еңбек және материалдық ресурстарды ірі
кәсіпорындарға қарағанда кеңінен қолданады. Табысқа жету жолында жеке
ынтаның басым болуы, кәсіпорын жұмысына да үлкен әсер етеді. Шағын
бизнес субъектілері жергілікті нарықтағы сұранысты өте жақсы біледі,
кей кезде нақты тұтынушының тапсырысы бойынша тауар шығарады,
кәсіпқой мамандарды даярлайды. Кейбір мемлекеттерде тауар өндірісі,
қызмет көрсету деңгейі бойынша шағын бизнес алдыңғы орында
тұрады.Шағын бизнес субъектілерінің бірқатар кемшіліктері де бар.Негізгі
кемшіліктері:
-тәуекелдің жоғары болуы;
-нарықтағы тұрақсыздықтың жоғары деңгейі;
-ірі кәсіпорындарға тәуелді болуы;
-басшылықтың біліктілігінің төменгі деңгейі;
-қаржы ресурстарын тартудағы қиындықтары;
-істі басқарудағы жетіспеушіліктер.
Әрине, шағын бизнес субъектілерінің сәтсіздіктері ішкі және сыртқы
факторларға байланысты болады.
Тәжірибе көрсеткендей, шағын кәсіпорындардың сәтсіздікке ұшырауы
басқарушылық білімнің төмен болуына байланысты. Жұмыстың сәтсіз
аяқталуының басты себептері:
-біліктіліктің төмен болуы;
-тәжірибенің жоқтығы;
-коммерцияда, қаржы мәселесін шешудегі тәжірибенің
аздығы;
-бизнеске салқын қарау;
-кәсіпке денсаулығының нашар болуы немесе ерсі әдет
қылықтары;
-алаяқтық;
-табиғи апаттар, өрт және тағы басқалар.
Сонымен қатар өндірістік және сауда кәсіпорындары дебиторлық
қарызды өтеудегі қиындықтарды көрсетеді.Сауда саласына жоғарыда
аталғандармен бірге дұрыс орынның болмауы және қойма шаруашылығын
басқарудағы қиыншылықтар жатады.
Қазіргі уақытта шағын бизнесті жүргізу үшін арнайы білім
қажет.Кей кезде шағын бизнестің басшысы жақсы коммерсант болғанымен,
өндірістік мәселелерде ешқандай тәжірибесі жоқ болады және керісінше
жағдай да болуы мүмкін.
1.2.Шағын бизнестің құқықтық негіздері
Республикамызда нарықтық қатынастарды қалыптастырудағы маңызды
міндеттердің бірі – шағын кәсіпкерлікті дамыту. Шағын кәсіпорындар
экономиканың құрылымдық қайта құруын жеделдетеді, тұтынушылардың
сұранысына жедел әрекет етеді. Республикада шағын бизнестің дамуы мен
қызмет жасауына қажетті ұйымдастырушылық, экономикалық және құқықтық
шарттарды қалыптастырудың алғашқы қадамдары жасалуда. Оған келесі
жағдайлар бекітілген:
-шағын кәсіпорындар кез келген халық шаруашылығының
саласында,кез келген меншік формасы негізінде құрыла
алады.
-өнеркәсіп пен құрылыста жұмыскерлер саны 200-ге дейін;
-ғылым мен ғылыми қызмет көрсету саласында:
жұмыскерлер саны 100 адамға дейін;
-өндірістік сфераның басқа салаларында: жұмыс істейтіндер
саны 25адамға дейін;
-бөлшек саудада: жұмыс істейтіндер саны 15 адамға дейін.
Шағын кәсіпорындарды азаматтар, мемлекеттік ұжымдар, біріккен
кәсіпорындар, шаруашылық ассоциациялары, мемлекеттік органдар
құрады. Шағын кәсіпорын мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап
заңды тұлға статусына ие болады.Кәсіпорын шаруашылық қызметін
жүргізуде, шығарған өнімге, міндетті төлемдерді төленгеннен кейінгі
қалған пайдаға тәуелсіз иелік етеді. Қазақстанда жүргізіліп жатқан
реформалардың түпкі мақсаты әлеуметтік проблема, ол халықтың өмірін
жақсарту проблемасын шешуге бағытталған.Ол үшін экономиканы тұтынушыға
қызмет ету режиміне ауыстыру қажет. Әлемдік тәжірибе көрсетіп
отырғандай, бұл мақсатқа экономикалық қатынастардың кәсіпкерлік типі
сәйкес келеді.Оның негізгі белгілері: батыл инициатива, толық
еркіндік пен жауапкершілік , нарық коньюнктурасын бақылау мен
қажеттілікті іздеу, бәсекелік күрес тактикасы мен инвестициялау
мәселелерін талдау.
Республикамыздағы шағын бизнестің экономикалық мәнін тереңнен
түсінуге Қазақ КСР-індегі шаруашылық қызмет еркіндігі мен
кәсіпкерліктің дамуы туралы заңның қабылдануы жол ашты. Бұл заң
азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік қызметінің еркіндігін
қамтамасыз ететін негізгі құқықтық, экономикалық, әлеуметтік шаралар
мен кепілдіктерді анықтап берді.Қазақстанда шағын кәсіпорындар Одағы
құрылды. Бұл орган шағын кәсіпкерлікті қоғау, қолдау қызметін
атқарады, олардың қызметін жүйелейді.
Ол мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:
-Қазақстанда шағын кәсіпорындарды қолдау қорын құру;
-жеңілдік жағдаймен несиелеу;
-Шағын кәсіпкерлікті қаржыландыратын инвесторлорға
төмендетілген салық мөлшерлемесін қолдану;
-шағын кәсіпорындарды несиелеу және сақтандыру
бойынша кепілдіктер беру;
-шағын кәсіпорындар мемлекеттік тұрақты бағалар мен тарифтерді
қолданған кезде, олардың орнын толтыру үшін қаржыландыру;
-шағын кәсіпорындарға сыртқы экономикалық қызметпен
айналасуға көмек көрсету.
Кәсіпкерлікті қолдаудың , дамытудың жоғарыда аталған бағыттардан
басқа шағын кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған аймақтық
құрылымдар құрылған. Ол құрылымдарға кәсіпкерлікті қолдаудың
территориялық орталықтары мен инновациялық орталықтарды жатқызуға
болады.
Республика Президенті Н.Ә.Назарбаев кәсіпкерлікке барынша қолдау
көрсету мәселелеріне айрықша көңіл бөлуде. Оның Шағын кәсіпкерлікті
дамытуға мемлекеттік қолдауды күшейту және оны жандандыру жөніндегі
шаралар туралы Жарлығы осы мәселеге арналған. Мемлекет басшысы
құқықтық және қаржы –материалдық базаны одан әрі жетілдіріп, жер-
жерде азаматтарды шағын бизнеске тарту үшін қолайлы жағдай
жасалуына жоғары талап қойып, бұл мәселені ұлттық экономиканың
стратегиялық аса маңызды секторы ретінде қарастырып отыр. Алайда,
қабылданған шаралардың іс жүзінде нақты жүзеге асуы жеткіліксіз
болып отыр. Шағын бизнеске қолдау көрсетуге бөлінетін қаржы мардымсыз
болып тұр. Шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың ықтимал көздерін
іздестіру жұмысының жолға қойылуы да қанағаттанғысыз. Екінші
деңгейдегі банктердің шағын және орта кәсіпорындарға бірінші кезекте
несие беру тәртібі баяу енгізілуде.Шағын бизнесті дамыту мемлекеттік
маңызы бар, күрделі іс болып саналады. Бұл арада халықпен тығыз
байланыс жасамай, оның қолдануына сүйенбей ілгері басу мүмкін емес.
Жеке және шағын бизнестің дамуына заңдық база жасау және оған
мемлекеттік қолдау көрсету шағын бизнеске үлкен серпін береді.
2.Шағын және орта бизнесті қаржыландыру мәселелері.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау бағыттарының бірі- ол
мемлекеттің қаржы-несиелік және инвестициялық саясаты. Қолайлы
инвестициялық климат жасау және несиелеу жүйесін жетілдіру басты
мәселелер болып саналады. Республикамызда шағын кәсіпкерлікті тиімді
қаржыландыру үшін қажетті ресурстарға деген үлкен тапшылық орын
алып отыр. Қаржы бойынша бірқатар мәселелер шешімін таппай тұ:
-несие алудың шектеулігі;
-коммерциялық банктердің кепілдік міндеттемені жоғары
деңгейде ұстауы;
-берілетін несиенің пайыздық мөлшерлемесінің жоғары
болуы және қысқа мерзімділігі;
-шағын кәсіпкерлікке микро несие берудің заңдылық
негізінің жоқтығы;
-банктердің шағын кәсіпкерлікті несиелеу саясатының
анықсыздығы;
Осыған байланысты шағын кәсіпкерлікті қаржылай қолдаудың басты
бағыты осы секторға несие мен инвестицияны кеңінен тарту. Сонымен
бірге шағын кәсіпкерлікке қатысты қаржылық-несиелік саясат салалық,
аймақтық басымдылықтарға және төмен пайыздық, ұзақ мерзімдік несиелеу
жүйесіне негізделуі қажет.
Нарықтық экономикаға көшу кәсіпкерлікті ұйымдастыру және,
тиісінше, кәсіпкерлер мен менеджерлердің іс-қимылы бойынша арнаулы
әдебиет пен жетекші бағыт беретін материалдар басып шығаруды шұғыл
қажет етті. Осыған байланысты шаруашылық жүргізудің шетелдік
тәжірибесі өте пайдалы. Алайда шетелдік тәжірибенің, кәсіпкерлік
қызметтің сырттай қызықты болып көрінетін оқиғаларының және
шаруашылық жүргізудің бірегей модельдерінің әр жерден суыртпақтап
алынған жүйесіз сипаттамаларының іске жаңадан кіріскен кәсіпкерге
берері аз, өйткені оның неден бастау, іске қалай кірісу керек
екенін білуі керек. Жаңадан бастайтын кәсіпкерге фирманы басқару
жүйесінің қаңқасын қалай да қалайтын құрылымдық схемалардың
белгілі бір жиынтығын ескеру өте пайдалы.
Біз оларды басқару бағдарлары деп атаймыз.Бастапқы позиция
мынадай : кәсіпкер, өз қызмет орнына және және функциялық
міндеттеріне қарамастан, нарықтық макро- және микроэкономиканың жалпы
негіздерін білуге міндетті. Бастапқы міндетті ұғымдар қатарына мына
элементтер қосылады. Нарықтық экономика - экономикалық өмірді
демейтін жүйе, оның нақ жүйе ретінде жұмыс істей алуы үшін еңбек
бөлісіне сүйенетін, кейінгі процестердің - айырбастың , бөлудің және
тұтынудың негізгі пункті болатын өнеркәсіп өндірісі қажет. Осы
кезеңдердің жиынтығы экономикалық айналым құрайды. Экономикалық
айналымның басты субъектілерінің- фирманың , өз бюджетімен және
мемлекет бюджетімен отбасының іс-қимылдары сайып келгенде жүйедегі
тепе-теңдікті ,балансты қамтамасыз етуге тиіс. Заңдар жүйесінің
құрамдас бөліктерінің үйлесімді дамуы үшін жағдайлар жасалуына
кепілдік береді. Экономикалық айналымның басты шарты- неше түрлі
құбылыстар болатын, тауар ақшаға және ақша тауарға айналатын
рыноктың болуы.
Кейінгі онжылдықтарда экономикасы дамыған Батыс елдерінде
бәсекенің дамуы әсерінен шағын және орта бизнес рөлі арта түсті.
Мұның басты себебі – экономикалық сектордың кәсіпорындарына тән
артықшылықтар.
Тұрақты экономикалық жүйеде шағын кәсіпкерлік : динамикалық түрде
дамуы мүмкін, тұтынушылардың сұранысының өзгеруіне тез бейімделе
алады, бәсекелес нарықтық қатынастарға ықпал етеді, экономиканың
құрылымдық қайта құрылуына әсер етеді, жаңа жұмыс орындарын
ашады, жаңа кәсіпкерлік топ пен меншік иелерінің құрылуына жағдай
жасайды, елдің жалпы ұлттық өнімінде үлкен үлеске ие бола алады,
мемлекеттік бюджетке үлкен қаржы сомаларын береді.
Дамыған елдерде шағын кәсіпорындар мынадай салаларда басым рөл
атқарады: сауда, автосервис, құрылыс, қызмет көрсету салалары. Қазір
шағын кәсіпорындар жоғары технологиялық сфераларға: машина құрылысы,
энергетика , электротехника, химиялық өнеркәсіп, транспорттық қызмет,
информатика, микроэлектротехника, телекоммунмкация салаларына
әртараптандырылып жатыр.
Шағын және орта кәсіпорындардың ірі кәсіпорындармен қатар
қызмет етуі дамыған елдер экономикасына тән белгі. АҚШ-та өз ісімен
айналасушы азаматтар, яғни кәсіпкерлер үлкен құрметке ие. Нарықты
экономикаға бет бұрған елдер үшін АҚШ-тағы шағын бизнесті дамыту
тәжірибесі үлкен маңызы бар.
АҚШ шағын бизнес басқармасының классификациясы бойынша шағын
бизнес субъектілеріне: жұмыскерлер саны 500-ге дейін болатын
өндірістік және сауда кәсіпорындары, ал басқа салалар үшін-жылдық
табысы 2 миллион долларға дейін болатын кәсіпорындар жатады.
АҚШ-та тіркелген кәсіпорындардың 97 пайызына жуығы шағын
кәсіпорындар. Бұл шағын кәсіпорындар жалпы ұлттық өнімнің 53 пайызына,
көтерме сауданың 64 пайызына, бөлшек сауданың 72 пайызына, қызмет
саласының 57 пайызына ие болып тұр.
Экономикалық өсу және құлдырау кезінде, жаңа жұмыс орындарын
ашу мен қысқарту кезінде шағын кәсіпкерлік жұмыссыздық проблемасын
бәсеңдетеді. АҚШ-тық шағын бизнес даму мысалы көрсеткендей, шағын
бизнес сыртқы ортаның өзгеруіне тез бейімделеді. АҚШ Сауда
министрлігінің мәліметтері бойынша шағын кәсіпкерліктің инновациялық
сипаты елдің экономикалық өсуіне 20-25 пайызға дейін үлес қосады.
АҚШ-та шағын бизнес тұрақты түрде мемлекеттік қолдауға ие. әр
түрлі мемлекеттік реттеулер мен қолдау шаралары құқықтық базаға
негізделеді.Солардың бірі Шағын бизнес туралы заң. АҚШ
конгрессінде шағын бизнес проблемаларымен екі комитет айналысады.
Федералдық деңгейде шағын бизнес әкімшілігі қызмет
атқарады.Әкімшіліктің басты функциясы- шағын бизнесті жан-жақты қолдау.
әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық
бөлімшелер шағын бизнес субъектілеріне нарық туралы ақпарат береді,
оның мәселелерін шешуге көмектеседі.
АҚШ-та шағын бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік
атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын
шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді.Сондықтан да АҚШ конгресі
шағын бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгресс шағын бизнесті
қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасады.
АҚШ шағын бизнесті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:
-бюджеттен тікелей дотациялау;
-мемлекеттік тапсырыстардың бір үлесін шағын
кәсіпорындарда орналастыру;
-шағын бизнеске несие беру кезінде мемлекеттік кепілді
қолдану;
-шағын бизнеске салықтық жеңілдіктер беру.
Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар –ол
университтеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық басқармалар
жанында құрылатын ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі мақсаты жаңа
кәсіпкерлерге жан жақты көмек көрсету болып табылады. Себебі көптеген
кәсіпкерлер өз ісін бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай
кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа , қаржыландыру
көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік жекеше болуы
мүмкін. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар:
-инкубатор клиентердің табысына ортақтасу;
-жеке тұлғалардан арендалық төлемдер алу;
-жаңа жұмыс орындарын ашу.
Сауда палаталарда инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та
шағын кәсіпорындар экономикада жетекші роль атқарады, сондықтанда
федералдық, штаттық басқару органдары шағын және орта бизнестің дамуына
үлкен мән беріп отыр, оның дамуына барлық жакғдай жасап жатыр.
Жапониялық шағын және орта бизнес
Шағын және орта бизнесті дамыту жөнінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz